Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2013 в 14:54, курсовая работа
Заңгердің біліктілігінің негізі - құқықтық салаларды жақсы білу және олардың ішінде жол табу ісін меңгеру. Азаматтық іс жүргізу құқығы өзге салалардың арасында маңызды орында. Сондықтан да заң факультетінің түлектерінің болашақта судья, адвокат және басқа да құқық қолданылатын қызметтерде жоғары нәтижелерге жету шарттарының бірі болып, азаматтық іс жүргізу құқығын терең зерттеу болып табылады.
Кіріспе..............................................................................................................................3
1.Тарау Азаматтық іс жүргізу принциптері:тарих пен біздің заман..........................5
1.1 Азаматтық іс жүргізу принциптерінің Рим құқығында орнығуы және дамуы................................................................................................................................5
1.2 Азаматтық іс жүргізу принциптерінің түсінігі мен мәні.......................................7
2.Тарау Азаматтық іс жүргізу құқығының принциптер жүйесі...............................12
2.1 Ұйымдастырушы принциптер................................................................................12
2.2 Функционалды принциптер...................................................................................20
3.Тарау Азаматтық іс жүргізу принциптері:мәселелері мен болашағы...................30
3.1 Азаматтық іс жүргізу принциптерінің конституциялық негіздері.....................30
3.1 Азаматтық іс жургізу принциптерінің мәселелері мен болашағы.....................32
Қорытынды....................................................................................................................38
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі................................................................................40
в) іске қатысушылар іс жүргізуті дамыту және аяқтау үшін өздеріне тиесілі іс жүргізулік құқықтарды еркін пайдаланады8.
Бұл жерде ғалымның пікірін дұрыс деп айтуға болады. Өйткені мүдделі тұлға істі қозғау немесе қозғамау туралы мәселені өз еркімен шешеді. Мүдделі тұлға өз бастамасымен істі қозғаған кезде қойған талаптың пәнін және негізін жеке өзі анықтайды. Ал тараптар іс жүргізуді бір нәтижеге жеткізу үшін өздеріне берілген іс жүргізу құқықтарын еркін пайдаланады.
Сонымен қатар азаматтық іс жүргізудегі жеке құқықтардың диспозитивтік сипаты келесідей реттерде көрініс табады:
Біріншіден, тек құқығы иеленушінің өзі ғана бұзылған құқығын орнына келтіру үшін сотқа жолдану не жолданбауын өзі дербес шешеді. Осыған байланысты, егер мүдделі тұлға өз құқықтарын қорғауды талап етпесе, онда сот өз бастамасы бойынша азаматтық істі қозғай алмайды. Сол себептен азаматтық істі қозғау үшін арыз-талап берілуі қажет. Бүл жерде рим заңгерлерінің «талапкерсіз судья жоқ» деген сөзін айтуға болады. Сонымен қатар басқа тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін үшін прокурорға, мемлекеттік басқару орындарына және басқа да тұлғаларға сотқа жолдану құқығы берілген. Бірақ көбінесе азаматтық істер мүдделі тұлғаның өзімен қозғалады, яғни мүдделі тұлға талап қою арқылы істі қозғауға септігін тигізеді. Осы мүдделі тұлғалардың өз талабымен іс жүргізуін және прокурор мен басқа да тұлғалардың бастамасымен іс жүргізуді салыстырып қарасақ, бірінші айтылған тұлғаның әрекетінде диспозитивтік бастама, әрекет неғұрлым көп. Сонымен қатар ешкімді де өз еркіне қарсы талап қоюға мәжбүрлеуге жол берілмейді. Егер прокурор, мемлекеттік басқару органдары басқа біреудің еркінсіз оның мүддесін қорғау үшін сотта іс қозғаса, онда бұл істерді сот қысқартып, тоқтатып тастайды. Бұл жерде әрекет қабілетсіз деп тану туралы, психиатриялық мекемелерге мәжбүрлеп орналастыру туралы істерді қоспау керек.
Екіншіден, құқықты иеленуші талап негізін және пәнін, берілген талап мөлшерін өзі анықтайды. Талапкер талап негізін және пәнін өзгертуге, қойылған талап мөлшерін ұлғайтуға немесе кемітуге құқылы. Бірақ бұл жерде тараптар өз құқықтарын пайдаланған кезде екінші жақтың құқықтарына нұқсан келтірмеуі керек. Егер іс жүргізу барысында тұлғаға істің перспективасының аяқталуына байланысты талабын өзгертуге жол берілсе, онда екінші жақтың құқықтарына нұқсан келеді. Осыдан туындайтын нәтиже теңдік принципы бұзылып, талапкер басымдыққа ие болады.
Үшіншіден, егер азаматтық құқықты иеленуші іс жүргізуге дейін құқықты еркін пайдалана алса, онда бұл мүмкіндік іс жүргізу кезінде де сақталуы керек. Осыған байланысты талапкер талаптан бас тартуы, жауапкер талапты мойындауы, екі тарап істі бітімгершілік келісіммен аяқтауы мүмкін. Тағы бір айта кететін жағдай, сот іс жүргізуке қатысушылардың материалдық және іс жүргізулік құқықтарды жүзеге асырудағы әрекеттері заңға қайшы келмеуіне және басқа біреудің құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылмауына бақылауды жүзеге асырады. Жауапкердің талапты мойындауы, тараптардың бітімгершілік келісімге келуі заңға қайшы келгенде және басқа біреудің құқықтарына және заңмен қорғалатын мүдделеріне нұқсан келтірсе, онда сот тараптардың бұндай әрекеттерін қолдамайды. Яғни талапты мойындау, талаптан бас тарту немесе бітімгершілік келісімді қабылдап, бекітпейді. Бұндай жағдайда сот дәлелді ұйғарым шақырады және бас тартудың негіздері мен себептерін көрсетеді.
Азаматтық іс қозғау кезінде соттың заңда көрсетілген негіздер бойынша азаматтық істегі талапты қабылдаудан бас тарту құқығы бар. Талап-арызды қабылдаудан бас тарту негіздері АІЖК-нің 153 бабында көрсетілген. Сол негіздердің бірін алып қарастырайық. Егер іс ведомстволық бағыныштылықтағы соттың қарауына жатпаса, онда судья талап, арызды қабылдаудан бас тартады. Кейбір жағдайларда заңда істі сотта қарау үшін белгілі бір шарттар қойылған нормалар кездеседі. Мысалы, «Неке және отбасы туралың заңға сәйкес күйеуі әйелінің жүкті кезінде және туылған бала бір жасқа толмайынша ажырасу туралы істі әйелінің келісімінсіз қозғай алмайды. Бұл ережені дұрыс ереже деп санауға болады. Өйткені ана мен баланың денсаулығын, құқығын қорғау мақсатында заң осы ережені бекіткен. Бірақ заңның мақсаты мен бұл ережені тәжірибеде қолдану - әр түрлі нәрсе. Бұл жерде ана мен баланың денсаулығын сақтау мақсатында әйелдің еркіне қарсы ажырасу туралы іс қозғаудан арылту жеткіліксіз болып табылады.9 Сонымен қатар бұл жерде ең бастысы – ерінің және басқа да жақын адамдарының ана мен балаға деген отбасындағы көзқарастары, қатынастары қандай екенін білу. Егер заңда тыйым салу көрсетілмесе, онда сот аталған жағдайда отбасын бекіту және жұбайлар арасындағы конфликтіні жою үшін шаралар қолдануға тырысады.
Сот тәжірибесінде өкінішке орай заңда жоқ негіздер бойынша арызды қабылдамау жағдай сирек емес. Талап арызды заңсыз қабылдамау диспозитивтік принциптың бұзылуына алып келеді. Соттың талап, арызды АІЖК 153 бабындағы негіздер бойынша қабылдаудан бас тарта алады және бас тарту туралы дәлелді ұйғарым шығарады. Сот үйғарымына мүдделі тұлғалар жеке шағым бере алады.
Сотқа жолдана отырып мүдделі тұлға талап негізін және нысанын өзгерте алады. Сонымен қатар қойылған талап мөлшерін ұлғайтуға не кемітуге немесе талаптан бас тартуға құқылы. Жауапкер талапты мойындауға құқылы. Сондай-ақ тараптар бітімгершілік келісімге келіп, істі аяқтай алады. Осы аталған әрекеттер заңға қайшы келгенде немесе басқа тұлғаның құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін бұзған жағдайда сот бұл әрекеттерді қабылдаудан, бекітуден бас тарта алады.
Осы аталған өкілеттіктер азаматтық
істің қозғалуына, жылжуына, өзгеруіне
және аяқталуына едәуір әсер етуге
көмектесетін диспозитивтік принциптан
туындайтын билік ету сипатындағы
маңызды әрекеттер болып
Тараптардың айтысуы.
Қоғамда болып жатқан өзгерістерге сәйкес, тараптардың айтысуын тек қана демократиялық негіз емес, сонымен бірге іс бойынша шешімнің әділетті болуынын кепілі. Соттаға бүкіл дәлелдеу ісі тараптардың қатынастарын қарама-қарсылық анықтайтын, айтысу принципімен құрылады.
Соттың негізгі бастаулары Конституцияда бекітілген соң, айтысу принципі конституциялық статусқа ие болды.
Сонымен бірге осы заманның азаматтық іс жүргізу құқығы әдебиетінде айтысу принципінің мәні мен оның азаматтық іс жүргізудің және өзге принциптерімен қатынасы жайлы түрлі пікірлер бар.
Расында да, айтысу субъектері болып іске қатысатын тұлғалар немесе олардың өкілдері болады. Олардың барлығы субъективтің құқықтар мен заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау мақсатында, өздерінің құқықтық көзқарастарын негіздеу үшін іс жүргізу құралдарын қолдануға бірдей мүмкіндіктері бар. Тараптарға бірдей іс жүргізу құқықтарын беру оларға сот алдында айтысуға рұқсат береді.
Азаматтық іс жүргізудің айтысу нысаны бір-бірімен байланысты және бір-біріне тәуелді іс жүргізу өкілеттіктердің анықталған жүйесін құрайды. Олардың іске асырылуы бір жақтан мүдделі тұлғаларға өздерінің талаптары мен қарсылықтарын негіздеуге, екінші жақтан – сотқа азаматтық іс бойынша объективтік шындықты табуға мүмкіндік береді.
В.В. Комаровтың ойынша, айтысу принципі іске қатысушы тұлғалардың әрекеттерінің айтысу нысанында болуын, соттың құқықтарды жүзеге асыруы мен істі шешу үшін қажет болған жайттарды анықтау қызметін, осы жайттарды растайтын немесе растамайтын дәлелдемелерді жинау, зерттеу және бағалау қызметін білдіреді.
90-жылдардың басында
Сотта дәлелдемелерді өз бастауы бойынша жинау құқығының болмауын, оны тараптардың қолында әрекетсіз «қару» деп санау қате. Іске қатысты жайттар бойынша соңғы шешім қабылдау, шындықты орнату тек сотқа тиесілі. Штефан М.И. айтысу принципін қарастырып, «іс жүргізудің айтысу нысаны дәлелдеу пәнін анықтайтын, қажет жағдйда керек дәлелдемелерді жинауға көмектесетін соттың әрекетімен қамтамасыз етіледі» дейді.
Ол іс жүргізуде айтысу мен тергеудің бастамаларын біріктіріп, айтысу принципі бір-бірімен байланысты екі құралдан тұратындығын анықтады -
белсенді әрекет пен өзіндік әрекет тараптердың жеке-құқықтық жағы ретінде және соттық басқару жалпылық ретінде. Солай бола тұра сот іске қатысушылардың қызметін шекті түрде басқарады. Оның ойынша ең тиімді болып аралас текті іс жүргізу болып табылады – тергеу элементі бар айтысу принципі.
Сондықтан айтысу демократиялық іс жұргізулік негіз ретінде шындықты орнату үшін өте ыңғайлы. Істі қараушы сот объективтілікті және әділдікті сақтай отырып, істің мән-жайын толық және объективті зерттеуге тараптардың құқықтарын іске асыруы үшін қажетті жағдайлар жасайды, іске қатысушы адамдарға олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді, іс жүргізу әрекеттерін жасаудың немесе жасамаудың салдары туралы ескертеді және осы Кодексте көзделген жағдайларда олардың өз құқықтарын жүзеге асыруына жәрдемдеседі. Сот іс жүргізу шешімін зерттеуге қатысу тараптардың әрқайсысына бірдей негізде қамтамасыз етілген дәлелдемелерге ғана негіздейді.
Айтысуды аксиома деп санайтын принциптер, іс жүргізу құқығында дербес ережелер ретінде қарастырылған. Осындай бір аксима, қазіргі кездегі айтысу принципінің алғашарты болған «necssitas probandi incumbitu gui aget» - «дәлелдеуді талап беруші жүзеге асырады». Тарихи дамуда күрделі өзгерістерден өтіп, ол соған жақын түрде қазіргі заңнамаға түскендігін көреміз – «талап беруші, өзі сілтеме жасайтын жайттарды дәлелдеуі қажет». Қызығы жалпы іс жүргізу құқығы ғылымының дамуына байланысты, бұл институтта субъект бұрын «талап берушіден», «тарап» деп өзгерді.
Сонымен, азаматтық іс жүргізудің айтысу принципу деп, тараптадың өз талаптары мен қарсылықтарын негіздеу үшін, өздері сілтеме жасайтын жайттарды жеткізуді түсіну керек. Осы міндетті жүзеге асыруда тараптар қызметі айтусы нысанына ие болады, ал оның бастамасы бәсекелестік. Бұл принципті міндет деп қарастырсақ, әрине осы міндеттерді орындамау тараптар үшін ұнамсыз іс жүргізу санкцияларын қолдануды білдіреді.
Тараптардың тең құқықтылығы.
Азаматтық іс жүргізуде құқықты жүзеге асыру мен қорғаудың және іске қатысушы бір тараптың екінші тарап алдында, бір тұлғалардың екінші тұлғалар алдында қандай да басымдылыққа ие болмауын қаматмасыз ететін, азаматтық іс жүргізу құқығындағы басты ережелерінің бірі, тараптарға заңдылықты жүзеге асырғанда сот алдында тең іс жүргізулікті қамтамасыз ететін, нормативтік-басқарушылық бастау, тараптардың тең құқықтылығы принципі болып табылады.
Бұл принцип ең басты АІЖК-нің 15 бабында бекітілген. Оның мәні тараптардың азаматтық іс жүргізуде тең(бірақ бірдей емес) іс жүргізу құқықтары мен міндеттеріне ие. Талап беруші мен жауапкер іс құжаттарымен танысуға, қажет жерлерін жазып алуға, шешімдердің, анықтамалардың нұсқасын жасап алуға т.с.с., сот отырысына қатысуға, дәлелдемелерді ұсынуға, шешімдерге шағым жасауға с.с. құқықтары бар.
Тараптар тек тең құқықтар ғана емес, сонымен бірге тең міндеттерге ие: олар берілген іс жүргізу құқықтарын шынайы пайдаланулары керек.
Бұл принцип соттардың азаматтық істерді қарастыру мен шешулері қызметінің сипатын көрсететін, азаматтық іс жүргізудің спецификалық(функционалдық) принциптеріне жатады, және азаматтардың сот алдынағы жалпы, ұйымдастырушы-функционалды, конституциялық принциптеріне негізделеді. Сонымен бірге ол соңғы принциптің азаматтық іс жүргізуде жеке көрінетін қасиеті болады.
Барлық азаматтардың заң алдында бірдей негізінде заңдылықты жүзеге асыру сотпен барлық азаматтарға қатысты бір құқықтық жүйенің нормаларын қолдануын білдіреді. Сот ісіне қатысушы азаматтардың жеке немесе әлеуметтік айырмашылығына байланысты, сотпен заңнын қандай да ережелерін алып тастауы немесе қолданбауына жол берілмейді. Сот жеке-дара азаматтық істі осы принципқа сүйене отырып, барлық заңдар мен өзге нормативтік актілер барлық соттар үшін міндетті екендігін ескере отырып шешеді.
Сонымен іс жүргізудегі тең құқықтылық принципінің мазмұнына: заңнамада бекітілген тараптардың тең іс жүргізу құқықтары мен міндеттері; іс жүргізуде құқықтарды жүзеге асыруды және міндеттердің жүзеге асырылуын қамтамасыз етеін, іс жүргізулік кепілдігі; соттың тең іс жүргізулік көмегі. Іс жүргізудің тең құқықтылығы принципі диспозитивтік және айтысу принциптерімен тығыз байланысты, бірігіп олар азаматтық іс жүргізуде нағыз теңдікті қамтамасыз етеді. Сот пен прокурор осы принципті қамтамасыз ету үшін заңмен білгеленген барлық құралдарды қолданулары міндетті.
Сот ісін ауызша жүргізу.
Істерді қарастыру ауызша өтеді. Бұл принципті қолданбау жайлары заңмен белгіленген.
Істі ауызша жүргізу принципі –
бұл азаматтық заңнамада
Бұл принцип сот іс жүргізуінде соттың іске қатысушылармен «тығыз және тез арада» қатынасуын, сол залында отырған азаматтар мен іске қатысушаларды сот әрекеттерінің мазмұны мен мақсаттарынан хабардар етуді қамтамасыз етеді. Істің жариялылық нысаны түрінде бұл сот ісінің тәрбиелік әсері үшін маңызды. Ауызша нысан сот ісіне қатысатын тұлғалардың және соттың дәлелдемелерді тез арада қабылдауларын, істі қарастыру процесін жылдамдатады.
Істі ауызша жүргізу нысаны, кейбір іс жүргізу әрекеттерін жазбаша нысанда жүргізілу мүмкіндігін жоққа шығармайды. Одан әрі, кейбір әрекеттер, заң бойынша тек жазбаша нысанда жасалуы тиіс.
Сонымен, азаматтық іс жүргізуде ауызша және жазбаша нысандардың арақатынасы туралы айта келе, жазбаша нысан екі рөл ойнайды. Бір жағынан олар жария етіледі. Жазбаша материалдар, тек сотқа және іске қатысушы тұлғаларға ауызша түрде жеткізілсе ғана маңызды болады.