Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2013 в 14:54, курсовая работа
Заңгердің біліктілігінің негізі - құқықтық салаларды жақсы білу және олардың ішінде жол табу ісін меңгеру. Азаматтық іс жүргізу құқығы өзге салалардың арасында маңызды орында. Сондықтан да заң факультетінің түлектерінің болашақта судья, адвокат және басқа да құқық қолданылатын қызметтерде жоғары нәтижелерге жету шарттарының бірі болып, азаматтық іс жүргізу құқығын терең зерттеу болып табылады.
Кіріспе..............................................................................................................................3
1.Тарау Азаматтық іс жүргізу принциптері:тарих пен біздің заман..........................5
1.1 Азаматтық іс жүргізу принциптерінің Рим құқығында орнығуы және дамуы................................................................................................................................5
1.2 Азаматтық іс жүргізу принциптерінің түсінігі мен мәні.......................................7
2.Тарау Азаматтық іс жүргізу құқығының принциптер жүйесі...............................12
2.1 Ұйымдастырушы принциптер................................................................................12
2.2 Функционалды принциптер...................................................................................20
3.Тарау Азаматтық іс жүргізу принциптері:мәселелері мен болашағы...................30
3.1 Азаматтық іс жүргізу принциптерінің конституциялық негіздері.....................30
3.1 Азаматтық іс жургізу принциптерінің мәселелері мен болашағы.....................32
Қорытынды....................................................................................................................38
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі................................................................................40
Судьяларға (әсіресе, жергілікті соттардың),
өкілеттік беру тәртібін Конституцияның
демократиялық ұйғарымымен
Судьяларға (әсіресе, жергілікті соттардың),
өкілеттік беру тәртібін Конституцияның
демократиялық ұйғарымымен
Заңдарды ресми және сот түсіндіруі екеуінің заң шығарушы және сот билігі араларындағы тежемелік элементі ретінде көрсетілді.
Құқықтық мемлекетті орныктыруға бет алған қоғамның негізгі көздейтіні мемлекеттің құқықпен санасуын талап ету болса, соттың да тек қана заңға бағындырылуы мұндай мақсатты іске асыруға жетелейтін басқарушы норма болып саналуға тиісті екендігі көрсетілді.
Президент пен сот билігінің ара қатынасы жөніндегі мәселелерді жекелей және жинастырып қарастыратын болсақ мынадай қорытындыға келуге болады:
1. Сот билігін қалыптастырудың көптеген мәселелерін Президент ұйымдастырады. Әсіресе, судьяларға (жергілікті соттардың) өкілеттік беру, оларды материалдық-техникалық жағынан қамсыздандыру, т.б. айтуға болады. Алайда, сот әділдігін жүзеге асыру мәселелеріне ол араласпауға тиіс. Олай болмаса судьяның тәуелсіздігі принципі камтамасыз етілуі мүмкін емес. Бұл мәселені билікті қалыптастырудың демократиялық ұйғарымына сәйкестендіру қажет-ақ. Яғни, халықтың билікті тікелей республикалық референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге асыратыны жөніндегі конституциялық ережеге лайық етуді айтамыз. Сондықтан, сот жүйесіндегі барлық судьялардың, әсіресе жергілікті соттар судьяларының өкілеттіктерін оларды қызметтеріне тікелей сайлау жолымен алғаны жөн болар еді деп есептейміз.
2. Сот билігінің Президент
Соттар заң шығармайды. Мұнымен
олар биліктің заң шығарушы тармағынан
ерекшеленеді. Бірақ, олардың қызметі
заңға бағынышты. Демек, сот Конституция
мен заңдардың талаптарына
Тіпті, сот жүйесі мен сот ісін жүргізу туралы әртүрлі құқық салалары жөніндегі заң негіздерін белгілеу заң шығарушы билік - Республика Парламентінің қарауына жатады. Ол сот жүйесі туралы заңдарды, іс жүргізу кодекстері мен басқа да кодекстерді, елдің құқық қорғау органдарын ұйымдастыру мен олардың қызметі жөнінде өзге де заңдар қабылдайды.16 Ал, оларды басшылыққа алу, дәлме-дәл орындау сот үшін міндет етіп қойылады. Сот билігінің ұйымдасуы мен қызметін заң белгілейді. Конституцияның 75-бабына сәйкес, заңмен құрылған Республиканың Жоғарғы Соты және республиканың жергілікті соттары республиканың соттары болып табылады. Республиканың сот жүйесі Республика Конституциясымен және Конституциялық заңмен белгіленеді. Қандай да бір атаумен арнаулы немесе төтенше соттарды құруға жол берілмейді.
1. Сот заңдарды дәл, бұлжытпай орындап қана қоймай, олардың Конституцияға, жалпыға бірдей міндетті принциптер мен халықаралық құқықтың нормаларына сәйкестігін бағалай білуі қажет. Конституцияға сәйкес емес актіні анықтаған жағдайда, сот оны Конституцияға сәйкес емес деп тану үшін Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесіне жолдайды. Мұнымен сот заң шығару процесіне белгілі бір ықпал етеді.
Алайда, жоғарыда айтылып кеткендей, сот билігінің конституциялық бақылау функциясы өзіне лайық деңгейде жетілдірілмеген. Айтайын дегеніміз, Жоғарғы Сотқа Конституцияға қайшы немесе оған сәйкес емес заң мен нормативтік актіні конституциялық емес деп тану өкілеттігі берілсе, сот билігі тарапынан заң шығарушы және атқарушы биліктеріне бақылау жасау құзыретін қарастырған болар еді.
Ұсынысты толығырақ көрсететін болсақ, конституциялық бақылау өкілетігін тиімді атқарған (1992-1995 жж.) Конституциялық сот өндірісін қайтадан жаңғырту мүмкіндігі жасалса тіпті жақсы болар еді. Олай болмаған күнде, Конституциялық Кеңестің орнына мұндай бақылауды еліміздің Жоғарғы Сотына тапсырған жөн.
2001 ж. 6 маусым күні Астанада болып
өткен Қазақстан Республикасы
судьяларының кезекті III съезінде
Мемлекет басшысы бұдан кейін
бүкіл сот жүйесі шешуге
"Бірінші - сот сатылары арасында соттылықты шектеу процесін түбегейлі қисынына жеткізу керек. Сотта көпе-көрінеу қылмыс туралы азаматтық істерді тергеу мен қарау тәртібін бұрынғыдан да қаншалықты мүмкін болғанынша оңайлату керек.
Екінші - сот қаулыларын орындау жөніндегі жұмысты түбегейлі жақсарту қажет.
Үшінші - Конституцияда көзделген сот әділдігін алқа заседательдерінің қатысуымен атқару принципін іс жүзіне асыру.
Төртінші - мамандандырылған соттар жүйесін-бірінші кезекте экономикалық және әкімшілік соттарды кезең-кезеңмен құру жұмысы жалғастырылсын.
Бесінші - дауларды шешудің баламалы әдістерін, мәселен, төрелік соттарды ендіру мүмкіндігін зерттеу қажет.
Алтыншы - тергеу әрекеттерін сот бақылауы институтын пайдаланудың шетелдік тәжірибесін зерттеу керек. Батыста ол кең таралған. Ресейде де осы жолмен жүруге әзірленіп жатқан сыңайлы. Біз басқалардың істегендерін көзсіз көшіріп ала бермеуіміз керек. Алайда, біздің сот-құқық жүйесінің ерекшеліктерін ескере отырып, назар аударуға тұратын нәрселерді пайдаланған жөн.
Жетінші - сот кадрларын даярлау мен біліктілігін арттырудың тиімді жүйесін жасау шаралары қолданылсын. Бұл ретте сот әділдігінің біздің қоғамның ең лайықты мүшелері ғана атқаруы үшін судьялардың адамгершілік және этикалық болмысына деген талаптарды күшейту қажет.
Сегізінші - соттардың жұмысын халық үшін барынша ашық және ұғынықты ету керек. Соттардың бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмысы түбегейлі өзгертуді талап етеді"17.
Осы міндеттерді шешу азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, еркіндіктері мен заңды мүдделерін қорғау, ел Конституциясы мен заңдарының орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі өзінің конституциялық функциясын толыққанды жүзеге асыруға қажетті тәуелсіз сот жүйесін құруға мүмкіндік береді.
Осылардың қатарына, 2000 ж. 1-қыркүйек күні
қабылданған Қазақстан
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Соттың (судьяның) тәуелсіздігі және оның процессуалдық қызметке қатысушы ретіндегі алатын орнының проблемасы заңгер ғалымдардың көпшілігінің назарын аударып келген мәселе. Бұл тақырыпқа (толық, ішінара, жанама) келесіде аталатын ғалымдар өз жұмыстарында зерттеген. Мысалы, А.Бойков, В.П.Божьев, КАБегалиев, У.Жекебаев, С.З.Зиманов, З.Ж.Кенжалиев, В.А.Лиманский, М.С.Нәрікбаев, Б.М. Нұрғалиев, А.С.Нұралиева, И.И.Рогов, С.С.Сартаев, М.С.Строгович, М.С. Сапарғалиев, Г.Ж.Сүлейменова, С.А.Табанов, С.Т.Тыныбеков, К.Х.Халиқов, тағы басқалардың еңбектерінде қарастырылған.
Осы аттары аталған ғалымдардың еңбектері дипломдық жұмысқа елеулі теориялық база болды.
Қорытынды
Жүргізілген зерттеу нәтижесін былай түйіндеуге болады:
Азаматтық іс жүргізу құқығының
принциптері қоғамның дамуына байланысты,
саяси және әлеуметтік-экономикалық
өзгерістердің сұранысын
Сонымен азаматтық іс жүргізу принциптерінің
мәні болып, оларда құқықтың және оның
ең маңызды институттарының
Сонымен, азаматтық іс жүргізу құқығының
принциптері секілді үлкен
Азаматтық сот ісін жүргізу
деңгейі сотпен істе азаматтық
және материалдық нормаларды
қолдану дұрыстығына тікелей
тәуелді, ол үшін олардың
Осы жұмыста мен әрбір принциптің мазмұнын ашуға, олардың өзара байланысын және қазіргі өмірдегі рөлін көрсетуге тырыстым.
Принциптер азаматтық іс жүргізу құқығын дұрыс түсінуге және оның нормаларын дұрыс қолдануға оң әсерін тигізеді, заңнамалық практиканың, оларға мәні бойынша сәйкес келетін құқықтық нормаларды дайындаудың, жасау мен қабылдаудың және дамуының негізі болады. Азаматтық заңдылықты жүзеге асыруға мүмкін болатын, құқықтық, демократиялық мемлекет пен азаматтық қоғамды құру үшін және азаматтық іс жүргізуді әрі қарай дамыту үшін принциптерді зерттеу өте маңызды.
Прокурор немесе мемлекеттік органдар, заңды тұлғалар немесе азаматтар заңда көзделген жағдайларда өзге адамдардың немесе адамдардың белгісіз бір тобының құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау туралы сотқа арыз беріп жүгінгенде, ал сол адам әрекетке қабілетті бола тұра, бұзылған бостандықтарын немесе заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау мақсатымен сотқа жүгінгісі келмейтін кезде, қоғамның азаматтардың құқықтарын қорғауға қатысу принципі мен диспозитивтік принциптерінің арақатынасы даулы болып табылады.
Азаматтық сот ісін жүргізуінің деңгейі соттармен істе диспозитивтік принципті дұрыс қолдануына байланысты, ол үшін оның мәнін, құқық жүйесіндегі орнын және маңызын түсіну қажет.
Диспозитивтік принципті зерттеу
азаматтық іс жүргізудің алға қарай
дамуы үшін және құқықтық мемлекет
пен азаматтық қоғамды құру үшін
өте маңызды, өйткені онсыз азаматтық-
Әдебиеттер тізімі