Мемлекеттік билік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Июля 2013 в 18:42, дипломная работа

Описание работы

Диплом тақырыптың зерттелу деңгейі Мемлекеттік басқару теориясының пәні - қоғамды басқарудың саяси-құқықтық институты ретіндегі мемлекеттік билік органдарының қызметін және қалыптасатын саяси-құқыктық, әлеуметтік қарым-қатынастарды талдау болып табылады. Сондықтан біз оны кешенді ғылым деп қарастырамыз. Оған келесідей ұғымдарды жатқызамыз: мемлекеттің негізгі функциясы ретінде басқаруды сипаттайтын жалпы ұғымдар: мемлекеттік басқару, басқару субъектісі ретіндегі мемлекет (мемлекеттік орган, аппарат, мекеме).

Содержание работы

КІРІСПЕ........................................................................................................................3
1 МЕМЛЕКЕТТІК БИЛІК ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК БАСКРУ ЖҮЙЕСІ
1.1 Мемлекет және мемлекеттік билік.......................................................................5
1.2 Мемлекеттік басқару мемлекеттік билікті жүзеге асыру тәсілі ретінде .........9
1.3 Әлеуметтік нормалардың мемлекеттік басқарудағы ықпалы.........................13
1.4. Мемлекеттік басқару объектілері мен субъектілерінің жүйесі......................15
2 «БАЛАПАН» МКК ҚЫЗМЕТІН ЖАЛПЫ ЖӘНЕ АРНАЙЫ ТАЛДАУ
2.1 «Балапан» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны қызметінінің жалпы сипаттамасы мен құрылымы......................19
2.2 «Балапан» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының жарғысы...................26
2.3 Мемлекеттік басқарудың әлеуметтік-экономикалық тиімділігі: түсінігі мен бағалау әдістері.................................38

Файлы: 1 файл

Мем. билік жүйесі және мем баск Бапишева.doc

— 541.50 Кб (Скачать файл)

Мазмұны

 

КІРІСПЕ........................................................................................................................3

 

1 МЕМЛЕКЕТТІК БИЛІК ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ  МЕМЛЕКЕТТІК БАСКРУ ЖҮЙЕСІ

1.1 Мемлекет және мемлекеттік  билік.......................................................................5

1.2 Мемлекеттік басқару мемлекеттік  билікті жүзеге асыру тәсілі  ретінде .........9

1.3 Әлеуметтік нормалардың мемлекеттік  басқарудағы ықпалы.........................13

1.4. Мемлекеттік басқару объектілері  мен субъектілерінің жүйесі......................15

 

2 «БАЛАПАН» МКК   ҚЫЗМЕТІН   ЖАЛПЫ ЖӘНЕ АРНАЙЫ ТАЛДАУ

2.1 «Балапан» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны қызметінінің  жалпы сипаттамасы мен құрылымы...................................................................................19 2.2  «Балапан» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының  жарғысы...................26

2.3 Мемлекеттік басқарудың әлеуметтік-экономикалық тиімділігі: түсінігі мен бағалау әдістері..........................................................................................................38

2.4 Мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруда есепке алынатын факторлар...................................................................................................................43

 

 3 ҚАЗАҚСТАН ЖАҒДАЙЫНДА    МЕМЛЕКЕТТІК   БАСҚАРУДЫ  ЖЕТІЛДІРУ    МӘСЕЛЕЛЕРІ                            

3.1 Мемлекеттік басқару қызметін  жақсартудағы адами дамудың рөлі..............48                                 

3.2 Қазақстандағы мемлекеттік басқарудың  ерекшеліктері..................................52

3.3 Еліміздегі мемлекеттік басқаруды жетілдіру бағыттары................................57

 

ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................61

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................63

 

ҚОСЫМШАЛАР.......................................................................................................65

 

 Кіріспе

 

Диплом жұмысының  жалпы сипаттамасы «Мемлекет» және «мемлекеттік басқару» ұғымдары бір бірінен ажырамас ұғымдар және «билік» ұғымынан туындайды. Билік өзінің негізі жағынан – бұл тіпті қарсылық көрсетілуіне қарамастан өзінің еркін жүзеге асыра білу мүмкіндігі болып табылады. Биліктің маңызды бөліктері (жақтары) мыналар болып табылады:

- психологиялық –  билік субьектісінің еркі;

- жүзеге асырушылық  – ерікті түрде орындау немесе  психологиялық қысым көрсетуге  дейінгі күштеу әдістерін қолдану;

- рецепторлық – билік,  басқару обьектісінің ерікті түрде қабылдауы;

- ақпараттық – субьектінің  еркін орындау немесе оны орындаудан  бас тарту бойынша іс- шаралар  туралы билік обьектісі мен  субьектісі арасындағы кері байланыс.     

  Күнделікті өмірде біз түрлі билік түрлері туралы әңгімелей аламыз, олар: отбасындағы, жұмыстағы, ұжымдағы т.б. ал қоғамға қатысты биліктің төмендегідей түрлері болады: жеке немесе тікелей (отбасындағы немесе қожайынның қызметшісіне қатысты);корпоративті (қоғамдық ұйымдағы билік – ұйым мүшелері арасында ғана таралатын корпорациялар (партиялар), олар адамға ықпал етуін ол осы корпорацияға мүшеліктен шыққан кезде тоқтатады ;

әлеуметтік – қоғамдағы  халықтың билігі.

Диплом жұмысы тақырыбының өзектілігі  Мемлекеттің әлеуметтік басқару саласындағы қызметі қоғамдық қатынастар мен адамдардың іс-әрекетін құқықтық реттеумен байланысты. Осыдан мемлекеттік басқарудың заңдық аспектісі туындайды. Бұл мағынада ол білімнің саяси-зандық саласы ретінде сипатталуы мүмкін.

Сондай-ақ жоғарыда айтылғандай  мемлекеттік басқару мемлекеттің  тұтас қоғамға жалпы ықпалы және де оның әлеуметтік жүйенің әр түрлі элементтерімен өзара әрекеті қарастырылатындықтан, бұл әлеуметтік ғылым. Осыларға орай мемлекеттік басқару теориясы - саяси-құқықтық  және  әлеуметтік ғылым.

Сонымен, мемлекеттік  басқару теориясының мазмұны — қоғамды басқару институты ретіндегі мемлекеттің маңызды функцияларын, оларды жүзеге асырудың зандылықтары мен қағидаларын оқып-үйрену, басқарудың негізі ретіндегі мемлекеттік саясатты ғылыми негіздеу.

Диплом тақырыптың зерттелу деңгейі Мемлекеттік басқару теориясының пәні - қоғамды басқарудың саяси-құқықтық институты ретіндегі мемлекеттік билік органдарының қызметін және қалыптасатын саяси-құқыктық, әлеуметтік қарым-қатынастарды талдау болып табылады. Сондықтан біз оны кешенді ғылым деп қарастырамыз. Оған келесідей ұғымдарды жатқызамыз: мемлекеттің негізгі функциясы ретінде басқаруды сипаттайтын жалпы ұғымдар: мемлекеттік басқару, басқару субъектісі ретіндегі мемлекет (мемлекеттік орган, аппарат, мекеме), мемлекеттік басқару объектісі (әлеуметтік топтар, қоғамдық процестер, әлеуметтік институттар); мемлекеттік билік ( саяси, әкімшілік, экономикалық және т.б.); басқарушылық қызмет (саяси жетекшілік, әкімшілік басқару, нормативті-құқықтық реттеу); басқарудағы қатынастар (ұйымдық-экономикалық, әлеуметтік-саяси, нормативтік-құқықтық);

- атқарымдық қызмет процесі ретінде мемлекеттік басқаруды бейнелейтін ұғымдар: мемлекеттік басқару қызметі, басқару зандылығы мен қағидалары, басқару ісінің нысаны, әдістері, құралдары, стилі;

- басқару процесінің негізгі элементтері мен кезендерін бейнелейтін ұғымдар: мақсатты тұжырымдау, саяси стратегия, мемлекеттік шешімдер мен қабылданған шешімдер;

- басқару қызметі мен қатынастардың қозғаушы күштерін және оларды шектейтін факторларды сипаттайтын ұғымдар: ұлттық-мемлекеттік мүдделер, әлеуметтік топтар, саяси мүдделер, жалпы ұлттық және топтық құндылықтар;

- тұтастай мемлекеттік басқаруды сипаттайтын ұғымдар: мемлекеттік билік (үш тармақ), басқару мен билік субъектілерінің деңгейі; билікті орталықтандыру жэне орталықсыздандыру және басқару;

- мемлекеттік басқару жүзеге асырылатын сыртқы ортаны сипаттайтын ұғымдар: әлеуметтік, саяси, құқықтық, экономикалық және басқа кеңістіктер. Мемлекеттік басқару теориясында философиялық-әлеуметтік және басқа жалпы теориялық түсініктер, ең алдымен әлеуметтік басқару ғылымының түсініктері қолданылады.

Ғылыми әдебиеттерде басқару әр түрлі белгілері бойынша бірнеше түрге бөлінеді: қоғамдық өмірдегі салаларға байланысты: тұтас қоғамды басқару, экономикалық басқару, әлеуметтік басқару, саяси басқару, рухани-идеологиялық басқару.

Қоғамдық қатынастардың құрылымына байланысты: қоғамның экономикалық (тұтынушылар мен өндірушілер арасындағы байланыс), әлеуметтік (білім беру, денсаулық сақтау салаларының қызметін пайдалану барысында туындайтын қатынастар), саяси және рухани дамуын басқару. Диплом жұмысын зертеу барысында Қазақстан Республикасының заңдары мен нормативтік актілер, оқулық, оқу құралдары, қосымша тақырып бойынша материалдар, статистикалық мәліметтер қолданылды.

 

1 Мемлекеттік билік жүйесі және мемлекеттік баскру жүйесі

 

1.1 Мемлекет және мемлекеттік билік

 

Мемлекеттік басқарудың ерекшеліктерін ұғыну үшін мемлекеттің пайда болуы мен дамуы мәселелерін білуіміз қажет. Қазіргі таңда ғалымдар арасында мемлекеттің пайда болуы теориясы мәселесі төңірегінде айтыстар әлі жүріп жатыр. Жекелеме ғалымдардың мемлекетті басып жаншу құралы, халықтың үстінен үстемдік жүргізу құралы ретінде қарастырған көзқарастары сақталуда. Көп жағдайларда мемлекетті осы тарихи кезең ішінде билікке ие болып отырған саяси күштер мен жекелеме тұлғалардың меншігі ретінде қарастырған көзқарастар да кездеседі. Ал кейбіреулер мемлекетті адамдарға жақсылық әкелетін, демек игіліктер әперуші құрылым ретінде қарастырған көзқарастарымен белгілі. Мемлекеттің пайда болуы мен маңызына деген осы және өзге де көзқарастар ғасырлар бойы қалыптасты, түрлі тарихи кезеңдер ішінде мемлекетті бағалау да әр түрлі болып келді.     

  Мемлекеттің пайда болуы туралы көптеген теориялар бар, олардың ішіндегі негізгілері мыналар болып табылады:  

-  теологиялық (діни, құдайшылдық);  

  -  патриархалдық (аталық):  

- келісімдік (табиғи- құқықтық);  

- органикалық;  

- күштеу (ішкі және сыртқы);  

- психологиялық;  

- таптық және т.б.    

  Осы теорияларды қарастыра келе шартты түрде мемлекеттің пайда болуының екі нұсқасын бөліп қарастыруға болады: бастапқы және ерікті.   

Бастапқы – бұл ру- тайпалық одақтардың, оның ажырамас құрамдас бөлігі болып табылатын адамдардың ерекше институтының біртіндеп құрылуы, және сонымен бір мезгілде өздерінің қоғамға ерекше ықпаал етуімен одан ерекшеленіп бөлініп тұратын адамдар тобының пайда болуы. Қоғамда мемлекеталды түрлер мен алғышарттар қалыптастырыла бастады, олар кейде мемлекеттің пайда болуына алып келсе, енді бірде әкелген жоқ.    

  Мемлекеттің пайда болу теориясының бұл тобына орта ғасырларда үстемдік құрған және адамдарға құдайдың ерекше силығы ретінде қарастырылған мемлекеттің құдайдың сый етуі арқылы құрылуы теориясын жатқызуға болады. (А. Августин, Ф. Аквинский).     

  Кейнірек тұлғалық сипаттағы теориялар пайда бола бастады. Бұл көзқарастың кейбір өкілдері адамды табиғатынан қатыгез,үнемі өздеріне өзгелер есебінен өмір сүру кеңістігін басып алуға дайын тұратын жандар деп есептеді және мұндай әрекеттерді шектеу үшін тежегіш күш ретінде мемлекет қажет болды делінді (Т. Гоббс). Өзге философтар (Ж.Ж. Руссо) керісінше адамды қайырымды, жалпыға бірдей теңдікке ұмтылатын және соған байланысты жалпыға бірдей пайда әкелу үшін өзара келісім шартқа отырып мемлекет құрады деп есептеді.     

Мемлекеттің пайда болуын ұжымшылдық тұрғысынан түсіндіретін теория да бар, олардың негізінде сыртқы немесе ішкі күш көрсету жатады. Ішкі күш көрсетуде – қоғамда адамдардың бір тобы адамдардың өзге барлығын өздеріне бағындырады (Л. Гумилович). Сыртқы күш көрсетуде мемлекет басып алынған тайпалар мен жерлерді басқару үшін қажеттікке айналды. (Ф.Оппенгеймер). Мемлекеттің пайда болу теориясының бұл тобына К.Маркстің таптық теориясын да жатқызуға болады. Оның негізінде қоғамның бір біріне қарсы таптарға бөліну жатыр және мемлекет үстем таптың органы мен күш көрсету құралы болып табылады.     

  Қазіргі заманғы жекелеме теоретиктердің арасында мемлекеттің пайда болуының олигархиялық теориясы тарала бастаған (аздаған адамдар тобының билігі). Оның негізінде адамдардың бір біріне ұқсас еместігі, олардың әр түрлі деңгейдегі жеке сапалары қабілеттері жатыр, мұның өзі қоғамның таңдаулыларының пайда болуына алып келеді, олар қоғамнан биік көтеріліп, өздері билікті иемденіп алады. Олигархиялық теория көзқарасында мемлекеттің пайда болуы үш түрлі әдіс арқылы жүзеге асырылады:   

  - әскери – жиі болып тұратын басқыншылықтар барысында және өзге тайпалардан қорғану үшін, әскери қимылдар барысында үлкен пайдаға кенелу мақсатымен, мысалы моңғолдар мен франктердегі сияқты.;  

- ақсүйектік – Ежелгі Римдегі ақсүйектердің билігі;   

  - плутократиялық – қоғамнан шағын топ, байлардың шағын бөлігі бөлініп шығады да барлық билікті өздері иемденіп алады (плутократия – байлықтың билігі).    

  Мемлекеттіктің қазақстандық теориясында мемлекеттің алғашқы пайда болуына көп жағдайлардың ықпал етуі көзқарасы басым болып келеді. Мемлекеттің пайда болуы барысында төмендегі жағдайлардың маңызды роль атқарулары мүмкін:

  • - адамның әлеуметтік негізі және сонымен байланысты адамдар қоғамдастығын басқару қажеттігі;
  • - «ортақ істерді» атқару;
  • - әлеуметтік асимметрия;
  • - қоғамның әртектілігі нәтижесінде пайда болатын қарама- қайшылықтар мен әлеуметтік дағдарыстарды шешу үшін ерекше мәжбүрлеу институтының қажеттігі.

 

   Ерікті – мемлекеттің пайда болуына бұрынғы қоғамдық құрылым мен мемлекеттікті түпкілікті түрде өзгертетін ерекше жағдайлардың болуы.    

  Мемлекеттің пайда болуының мұндай нұсқасына нәтижесінде бұрынғы мемлекеттік құрылыстан толықтай қол үзу жүзеге асырылатын революциялық қайта құруларды жатқызуға болады. (Франция – 1789, Россия - 1917, Китай - 1947).     

  Жаңа мемлекеттің құрылуы үйымдық өзгерістерге байланысты болуы да мүмкін: 1922 г. – КСРО және оның құлауы, Танганика мен Занзибардың Танзания болып бірігуі – 1964, Батыс және шығыс Германияның бірігуі т.б.    

  Мемлекеттің пайда болуының тағы бір әдісі бұрынғы отар жерінде пайда болуы. Екінші дүние жүзілік соғыстан кейін осындай әдіспен 100 ден астам жаңа мемлекеттік құрылым пайда болды. Мұнда мемлекеттің пайда болуы көбінесе бейбіт жолмен – референдум нәтижесінде немесе отар елдің тұрғындарының өздерінің тәуелсіздігі үшін күресі нәтижесінде жүзеге асырылд (Зимбабве, Ангола, Вьетнам және т.б.), және екеуінің бір мезгілде пайдаланылуы.    

  Қазіргі заманғы мемлекеттану мемлекет ұғымына байланысты бес көзқарасты қарастырады:

- теологиялық  - орта ғасырларда кеңінен таралған және қазіргі таңда ислам фундаментализмі жақтастары жиі қолданатын көзқарас;

- классикалық – мемлекет билік, территория және халық ұғымдарының үштік бірлігі ретінде қарастырылады. Мұндай көзқарасты көбінесе батыс елдері саясаттанушылары пайдаланады.;

- заңдылық – мұндай көзқарастың жақтастары мемлекетті құқықтық қатынастар жүйесі, нормативтік бірлік ретінде қарастырады;

Информация о работе Мемлекеттік билік