Мемлекеттік билік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Июля 2013 в 18:42, дипломная работа

Описание работы

Диплом тақырыптың зерттелу деңгейі Мемлекеттік басқару теориясының пәні - қоғамды басқарудың саяси-құқықтық институты ретіндегі мемлекеттік билік органдарының қызметін және қалыптасатын саяси-құқыктық, әлеуметтік қарым-қатынастарды талдау болып табылады. Сондықтан біз оны кешенді ғылым деп қарастырамыз. Оған келесідей ұғымдарды жатқызамыз: мемлекеттің негізгі функциясы ретінде басқаруды сипаттайтын жалпы ұғымдар: мемлекеттік басқару, басқару субъектісі ретіндегі мемлекет (мемлекеттік орган, аппарат, мекеме).

Содержание работы

КІРІСПЕ........................................................................................................................3
1 МЕМЛЕКЕТТІК БИЛІК ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК БАСКРУ ЖҮЙЕСІ
1.1 Мемлекет және мемлекеттік билік.......................................................................5
1.2 Мемлекеттік басқару мемлекеттік билікті жүзеге асыру тәсілі ретінде .........9
1.3 Әлеуметтік нормалардың мемлекеттік басқарудағы ықпалы.........................13
1.4. Мемлекеттік басқару объектілері мен субъектілерінің жүйесі......................15
2 «БАЛАПАН» МКК ҚЫЗМЕТІН ЖАЛПЫ ЖӘНЕ АРНАЙЫ ТАЛДАУ
2.1 «Балапан» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны қызметінінің жалпы сипаттамасы мен құрылымы......................19
2.2 «Балапан» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының жарғысы...................26
2.3 Мемлекеттік басқарудың әлеуметтік-экономикалық тиімділігі: түсінігі мен бағалау әдістері.................................38

Файлы: 1 файл

Мем. билік жүйесі және мем баск Бапишева.doc

— 541.50 Кб (Скачать файл)

 Лауазымды қызмет субъектісі- мемлекеттік қызметтің лауазымды тұлғалары, саяси жетекшілер, әкімшілік басқару лауазымды тұлғалары. Олар мемлекеттік шешімдерді әзірлеуге, қабылдауға және орындауға жауапты. Мемлекеттік билік органдары мен лауазымды тұлғаларын субъект ретінде бөлу ел Конституциясында көрсетілген. Лауазымды тұлғалар бір жағынан мемлекеттік басқарудың біріңғай субъектілеріне кіреді, ал екінші жағынан оның функциясы айрықша болғандықтан жеке, бөлек субъект ретінде бөлінеді. Онда билік жүргізу мен басқару өкілеттігі ұштастырылған - мемлекеттік орган өкілеттігі мен жеке кәсіпқойлық аспектісі және ұжымдық орган қызметінің нәтижесіне жеке басының жауапкершілігі.

Саясат субъектісі, мемлекеттік басқару субъектісі және лауазымды қызмет субъектілерінің сипатталған айырмашылықтары салыстырмалы. Мемлекеттік билік пен басқару жүйесінде олардың рөлдері жекелеген аспектілерде ұштасып жатады және сәйкес келеді деп айтуға болады. Мемлекеттік басқару органдары өздерінің функцияларын халық жиындарының, әлеуметтік топтардың, жалпы қоғамдастықтың атынан іс-әрекет жасайтын саясат субъектілерінің мүдделерін баламалы түрде білдірген жағдайда табысты атқара алады. Мемлекеттік аппарат қызметтерін халық жиындары қалай қабылдап жатқанын үнемі бақылап отырғанда, басқарылатындардың талап-тілектері мен үміттері басқарушылардың мақсаты мен міндеттеріне сәйкес келген жағдайда ғана тиімді жұмыс істей алады. Олар саясат субъектілерінің қолдауына сүйенсе, олардың тәжірибелері мен ой-пікірлерін қабылдап және қолданса, қалың көпшіліктің ұтымды ұсыныстарын басқару шешімдерін дайындағанда ескерсе жоспарланған нәтижелерге қол жеткізеді. Өз кезегінде кез қелген лауазымды тұлғаның бір-жағынан, мемлекеттік орган анықтап берген өкілеттік шеңберінде ғана әрекет етуі, екінші жағынан мемлекет пен қоғам мүдделеріне қызмет етуі өзінің функциясын жүзеге асыруының кепілі болып табылады. Осы талаптарды ұштастыра отырып іс жүзінде орындау әркімнің қолынан келе бермейтін жағдай.

Мемлекеттік басқару субъектілері ұжымдық немесе жеке болсын өзінің анықтамасына сәйкес келетін қасиеттерді бойына жинақтаған кезде ғана ол басқару субъектісі болып табылады. Бұл қасиеттерді келесі топтарға жіктеуге болады :дамыған саяси және құқықтық сана мен дара сана; мемлекеттік басқару және қазіргі заманғы менеджменттің теориясы мен практикасын білу; ұйымдастырушылық қабілет; әлеуметтік өмірге белсене араласу мен басқару ісін жүзеге асыра алатын тәжірибенің болуы. Осы аталғандардың бәрі кәсіптік қасиеттер болып табылады. Мемлекеттік басқару субъектісі үшін басқару процесінің бағыты мен мазмұнын, сондай-ақ оның қоғам үшін саяси және басқа салдарларын анықтайтын ұлттық-мемлекеттік мүдделер мен мақсаттарды түсіне білу үлкен мәнге ие. Субъектілердің басқару ісіндегі қызметтері ұтымды болуы үшін ол құқықтық жағынан қамтамасыз етілуі, заңмен белгіленген нормаларға сәйкес болуы керек. Бұл шенеуніктердің өздеріне талап қоя білуін — заңға жаңа көзқарас қалыптастыруын білдіреді. Мемлекеттік басқарудың ғылыми негізделуі мемлекеттік қызметкерлердің оның теориясы мен практикасын білуі мен өз білімдерін қызмет барысында колдана алуына байланысты. Эмпирикалық тәжірибе мен қисынды ой басқарудың тек дәстүрлі түріне ғана негіз болса да, ұтымды басқаруға негіз бола алмайды. Мемлекеттік басқарудың тиімді субъектісі деп басқарушыларға тек биліктің күшімен емес, өзінің беделімен, белсенділігімен, мемлекеттік орган шешетін мақсаттар мен міндеттердің маңыздылығы және тартымдылығымен әсер ететін үжымдық және жеке жетекшіні айтамыз. Егер басқарушылық іс-әрекеттің мақсаттары мен бағдарламалары басқарылатындарға түсініксіз болса, олардың мұқтаждықтары мен қажеттіліктерінен туындамаса, онда оны ұтымды басқару деп айту қиын. Жоғарыда аталған мемлекеттік басқару субъектілеріне тән қасиеттердің қалыптасуы және іскерлік белсенділігі ынталандыруларға байланысты. Осыған орай М.Вебер мемлекеттік аппаратты іс-әрекет етуге ынталандыратын материалдық мүдде мен әлеуметтік құрмет деп айтқан. Алайда, басқарушылардың қызмет аткаруына түрткі болатын негізгі себептер мұнымен шектелмейді. Оған жеке муддемен қоғамдық мүдделердің қабысуы, халықтың белсенділік танытуының көптеген саяси-әлеуметтік себептері кіреді.

Мемлекеттік басқару объектісі де терең талдауды қажет ететін проблема.Объектінің шегін анықтау- пікірталас тудыратын мәселе болып табылады. Басқаша айтқанда, мемлекеттің басқарушылық ықпалы бүкіл қоғамға тарай ма, оның белгілі бір шегі бар ма? деген сұрақ туындайды. Классикалық либерализм ұстанымы бойынша мемлекеттік басқару объектісінің шеңбері шектеулі. Ол мемлекеттік саяси сфераны әлеуметтік, экономикалық, мәдени, рухани сферадан, азаматтардың мемлекеттік емес бірлестіктерінен бөліп қарайды. Либералдар демократияның дамуына қарай қоғамның мемлекеттік емес сферасы кеңейеді және мемлекеттің адамдардың іс-әрекеттеріне тікелей әсер ету кеңістігі азаяды деп санайды.

Сонымен классикалық либерализм көзқарасы бойынша мемлекеттік басқару объектісі қоғамдық өмірдің саяси-құқықтық сферасымен шектеледі.

Мемлекеттің басқару объектісін түсінудің басқа жолы- этатизм тұжырымдамасы. Осы тұжырымдама бойынша мемлекеттік баскару барлық коғамға таралады деп қарастырылады. Ол тоталитарлық жүйеде жүзеге асты. Этатизм мәні - қоғамды мүлтіксіз бақылау, саяси және әкімшілік қызметтің қоғам өмірінің барлық сфераларынан басымдығы, мемлекет пен қоғам арақатынасы мәселелерінің жасанды түрде алынып тасталынуы мемлекет пен қоғам арасында ешқандай проблема жоқ дегенді білдіреді.

 

 

2 «Балапан» мкк   қызметін   жалпы және арнайы талдау

 

2.1 «Балапан» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны қызметінінің  жалпы сипаттамасы мен құрылымы

 

" Балапан" мемлекеттік  коммуналдық кәсіпорыны  заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген мемлекеттік және орыс тілдеріндегі белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес, банкілерде шоттары болады.

" Балапан" мемлекеттік  коммуналдық кәсіпорыны  өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түсе алады. Заңдарға сәйкес оған уәкілеттік берілсе, мемлекет атынан мемлекеттік-құқықтық қатынастардың тарабы ретінде шығуға құқығы бар болады.

Құрылтай құжаттарына  өзгерістері мен толықтыруларын, заңнамаға сәйкес, құрылтайшы еңгізеді.

" Балапан" мемлекеттік  коммуналдық кәсіпорыны  қызметін қаржыландыру аудандық бюджеттен жүзеге асырылады.

Мемлекеттік мекеменің  басқа заңды тұлғаны құруға немесе оның құрылтайшысы ( қатысушысы) болуға құқықты жоқ.

Мемлекеттік тілінде  толық атауы " Балапан" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны ." Балапан" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны заңды мекен-жайы: 491773, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Курчатов каласы." Балапан" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны мәні, міндеттері, функциялары, негізі мақсаттары мен құқықтары

" Балапан" мемлекеттік  коммуналдық кәсіпорыны ақпараттық –талдау қызметін қамтамасыз етуді жүзеге асырады:

  • ақпараттар жинауды, өндеуді жүзеге асырады және ауылдық округі әкімін әлеуметтік-экономикалық және саяси мәселелер бойынша ақпараттық – талдау материалдарымен қамтамасыз етеді;
  • Қазақстан Республикасының Президенті өткізетін ішкі және сыртқы саясатты түсіндіреді;
  • қызметін бұқаралық ақпарат құралдарына көрсетуді, нормативтік құқықтық актілердің жариялануын қамтамасыз етеді;
  • " Балапан" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны қызметтерге талдау жасайды және әкімге хабарлайды.

" Балапан" мемлекеттік  коммуналдық кәсіпорыны  ұйымдастыру-құқықтық қызметін қамтамасыз етеді:

  • аппарат жұмысын, кеңестер, семинарлар және басқа іс-шараларды өткізуді жоспарлайды, оларды даярлау мен өткізуді ұйымдастырады;
  • ауылдық округі әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын дайындайды;
  • Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің аудан және ауылдық округі әкімдері актілерінің, тапсырмаларының орындалуына бақылау жасауды жүзеге асырады;
  • лауазымға тағайындалған және лауазымнан босатқан жағдайда мәліметтерді ресімдейді, мемлекеттік қызметтен өту, кадрларды іріктеу және орналастыруға байланысты басқа мәселелерді шешеді, олардың жеке іс қағаздарын жүргізеді;
  • " Балапан" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны мемлекеттік қызметкерлерінің даярлау және қайта даярлау, құқықтық жалпы оқуын ұйымдастырады;
  • " Балапан" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны қызметкерлері аттестациядан өтуін ұйымдастырады және жүргізеді;
  • шығарған актілерді есепке алады;
  • актілерінің тиісті ресімделуін және таратылуын қамтамасыз етеді;
  • " Балапан" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны аппаратындағы іс жүргізуді жоспарларға сәйкес ұйымдастырады;
  • Қызметтік құжаттар мен азаматтардың өтініштерін қарайды;
  • Азаматтарды қабылдауды ұйымдастырады;
  • Мемлекеттік тілді кең түрде қолдануға бағытталған шараларды қабылдайды;
  • Жұмыстың тәсілі мен әдістерін жақсарту, жаңа ақпараттық технологияны ентізу жөніндегі жұмысты жүргізеді;
  • Ауылдық округі әкімі жанындағы консультациялық кенестік органдардың қызметін қамтамасыз етеді;
  • Қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес, басқа да міндеттерді жүзеге асырады.

" Балапан" мемлекеттік  коммуналдық кәсіпорыны  негізгі міндеттері болып асырады:

  1. Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекеттік егемендікті, конституциялық құрылысты, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығын, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау және нығайту жөніндегі саясатты өмірге еңгізу;
  2. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын іске асыру, мемлекеттік, әлеуметтік-экономикалық саясат пен ауылдық округінде әлеуметтік және экономикалық процестері басқарудың негізгі бағыттарын жүзеге асыру;
  3. Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылықтың конституциялық принциптерін өмірге еңгізу, мемлекеттік өмірдің ең маңызды мәселелерін демократиялық әдістерімен шешу;
  4. Заңдалық пен құқықтық тәртіпті, азаматтардың құқықтық таным деңгейін арттыру және олардың еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі белсенді азаматтық көзқарасын нығайту жөніндегі шараларды жүзеге асыру;
  5. Қоғамдық ұйымдар және бұқаралық ақпарат құралдарымен бірлесе іс-қимыл жасау.

Қаржыландыру жеке жоспарларымен, бюджеттік қаражатпен жұмысты жүзеге асыру.Экономика және қаржы бөліміне бюджетті орындау туралы есеп беруді уақытында тапсыру.Шарттарды жасау  және өтінімдерді уақытында тіркеу жөнінде қазынашылық органдарымеен өзара іс-қимыл жасау.

" Балапан" мемлекеттік  коммуналдық кәсіпорыны  таратылғанда мемлекеттік органның мүлік аудан әкімиятының меншігіне тапсырылады.

 «Балапан» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны

Тіркелу мерзімі

2009-04-17 11:43:39

Соңғы жаңартудың күні

2012-02-06 13:35:09

Қатысушының рөлі

Тапсырыс беруші 
Ұйымдастырушы 
Жабдықтаушы заңды тұлға

Мемлекеттік тапсырыс берушілер  тізімінде тұр

Мемлекеттік тапсырыс берушілер  тізілімінде бар

СТН

182500210659

БСН

060440007250

ЖСН

 

Қазақ тіліндегі атауы

" Балапан" мемлекеттік  коммуналдық кәсіпорыны

Орыс тіліндегі атауы

Государственное коммунальное предприятие " Балапан"

Резиденттік

ҚАЗАҚСТАН

ӘАОК

0

Аймақ

 

Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік нөмірі

18р

Мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің күні

2009-04-08

Есептілік әкімшілердің атауы

"Шығыс Қазақстан  облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік  мекемесі


 

Төлбелгілер

ҰҚНЖ

Жапкершілігі шектеулі серіктестік 

МНК

Мемлекеттік меншік

Кәсіпорынның өлшемділігі

Шағын кәсіпорындар

Экономика секторының коды

Мемлекеттік қаржылық емес ұйымдар

Белгілер

 

Басшы

ЖСН

 

СТН

511710825594

ТАӘ

СУЛЕЙМЕНОВ АСАН АБАЙХАНОВИЧ

Лауазым

и.о. директора

Көз

ИНИС


 

Тұрғын  үй – эксплуатациялық  қызметтер көрсету туралы.

2010 жылғы  30  желтоқсандағы  № 366-ОД  «Балапан» МКК  алдағы  уақыттағы  қызметі  туралы»  бұйрыққа  сәйкес, тұрғын  үй – эксплуатациялық  қызметтерін  көрсету орындалатын жұмыстар  тізіміне кірмейді.  2011 жылдың  1 мамырынан бастап  тұрғын үй қорына қызмет көрсету «СК –Иртыш- Астана» ЖШС  жүргізіледі.    Серіктестікпен келесідей  тұрғын  үй – эксплуатациялық  қызметтер  көрсетіледі:

Кесте 1

№ р.т.

Қызметтер  атауы

м²/т. бағасы

1

 

Жылу  энергиясын  пәтерлер мен  тұрғын үйлерге қосу  және  одан  ажырату

0,88

2

Жылу жібергенде   және  тәртібі   өзгергенде  жылу  жүйелерін  реттеу 

2,44

3

Жылу  жүйелері  уақытша  тоқтатылған  кезеңде  тексеру, реттеу, ақауларды жою,  жылу  жүйелерін  гидравликалық  сынау.

1,45

4

 Су ағатын  жерлерді  жою  және қосылған жерлерін  тығыздау, бұзылған жылу өткізгіштерді қалпына келтіру.

1,45

5

 Бірінші қабаттағы   жүйелерді , жертөле  құбырларын  шаю

1,04

6

Реттеу  арматураларын,  ағызу шүмегін,  бұрандыларды,   суық сумен  қамту  жүйелерінің  бақылау - өлшеу  құралдарын қосқанда   жертөлелердің  сантихникалық  жүйелерін жөндеу

2,21

7

Жертөлелерді  тазалау  және   дезинфекциялау  

2,04

8

Қабат  аралық  сауыттардың  «нөлдік» қалыптарын  ауыстыру,  электропроводканы  жартылай  ауыстыру, автоматтық және  пакеттік ажыратқыштарды  (пәтер  ұстаушы  материалынан) ауыстыру,  Су – бөлу қалыптарындағы (ВРЩ-0,4 кВ) изоляторларды ауыстыру, қысу  контакторларын, кабель ұштарын, сақтандырғыштарды ауыстыру.

4,7

9

Шатыр және  жертөле  орындары терезелерінің жағдайын бақылау  және ұстау

0,36

10

Үй  аумақтарын  санитарлық  тазалау

4,01

 

БАРЛЫҒЫ

20,58

Информация о работе Мемлекеттік билік