Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Июля 2013 в 18:42, дипломная работа
Диплом тақырыптың зерттелу деңгейі Мемлекеттік басқару теориясының пәні - қоғамды басқарудың саяси-құқықтық институты ретіндегі мемлекеттік билік органдарының қызметін және қалыптасатын саяси-құқыктық, әлеуметтік қарым-қатынастарды талдау болып табылады. Сондықтан біз оны кешенді ғылым деп қарастырамыз. Оған келесідей ұғымдарды жатқызамыз: мемлекеттің негізгі функциясы ретінде басқаруды сипаттайтын жалпы ұғымдар: мемлекеттік басқару, басқару субъектісі ретіндегі мемлекет (мемлекеттік орган, аппарат, мекеме).
КІРІСПЕ........................................................................................................................3
1 МЕМЛЕКЕТТІК БИЛІК ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК БАСКРУ ЖҮЙЕСІ
1.1 Мемлекет және мемлекеттік билік.......................................................................5
1.2 Мемлекеттік басқару мемлекеттік билікті жүзеге асыру тәсілі ретінде .........9
1.3 Әлеуметтік нормалардың мемлекеттік басқарудағы ықпалы.........................13
1.4. Мемлекеттік басқару объектілері мен субъектілерінің жүйесі......................15
2 «БАЛАПАН» МКК ҚЫЗМЕТІН ЖАЛПЫ ЖӘНЕ АРНАЙЫ ТАЛДАУ
2.1 «Балапан» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны қызметінінің жалпы сипаттамасы мен құрылымы......................19
2.2 «Балапан» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының жарғысы...................26
2.3 Мемлекеттік басқарудың әлеуметтік-экономикалық тиімділігі: түсінігі мен бағалау әдістері.................................38
- әлеуметтанушылық – неғұрлым кеңінен таралған көзқарас, оның марксистік те, марксистік емес те бағыттары бар.;
- марксистік көзқарас мемлекетті билік етуші таптың диктатурасы ретінде қарастырады. Марксистік емес әлеуметтанушылық мектептер мемлекетті қарастыру кезінде заңнамалық, экономикалық, саяси белгілерін біріктіріп қарастырады, мемлекет қоғамның ресми өкілі ретінде қарастырылады.
Мемлекеттің белгілі бір қасиеттері мен белгілері болады және оны әрбір адам ең алдымен қоғамның ұйымдасу түрі ретінде таниды. Ол белгілі бір территорияда, белгілі бір нақтылы шекара шегінде тұрақты тұратын адамдардың бір бірімен өзара арақатынасы мен байланысын қамтамасыз етеді. Мемлекет адамдардың өзара бір бірімен байланысымен байланысқан және солар арқылы қоғамдағы өндірістік, әлеуметтік және өзге де процесстерді ұйымдастырады.
Мемлекет негізінің ерекше маңызды бөлігі оның адамдардың территориялық жағынан ұйымдасу түрі екендігінде жатыр.:
- сол арқылы ру- тайпалық қарым- қатынастар еңсеріледі («қандық байланыстар») және олардың орынын қоғамдық қатынастар басады;
- адамдардың ұлттық, діни және әлеуметтік белгілеріне бейтарап құрылым құрылады.
Мемлекет ерекше заңдық әдістермен, азаматтық институты көмегі арқылы адамдарды біріктіреді. Азаматтық институты құқықтық жағынан алып қарағанда адамдарды теңестіреді және оларды мемлекетке қатысты тең құқылы етеді.
Мемлекеттің әлеуметтік институт ретіндегі ерекшелігі тек мемлекеттік құрылымдар мен тетіктер арқылы мемлекеттің белгілеулеріне міндеттілік сипат беретін жалпының еркі қалыптастырылады және бекітіледі. Мемлекетке заңды негізде заң шығару мен күштеу монополиясы беріледі.
Мемлекет өзінің мақсаттары мен міндеттерінің жүзеге асырылуын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік қызметті орындаумен кәсіпқой түрде айналысатын адамдар тобын- арнайы басқару аппаратын құрып, ұстайды. Оның бір бөлігі заң шығару ісіне қызмет етеді, заңдардың орындалуы мен сот арқылы қорғауды қамтамасыз етеді, екінші бөлігі ішкі құқықтық тәртіпті қамтамасыз етеді және мемлекеттің сыртқы қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Мемлекет қоғам түрі ретінде бір мезгілде қоғамдық өзін өзі басқарудың құрылымы мен тетігі қызметтерін атқарады. Мемлекетт тек қоғам мүддесі үшін қызмет ететін институттар ғана болуы тиіс, ал мемлекеттің міндеттерін шешу мен оларды жүзеге асыруға бүкіл қоғам мүшелері қатыстырылуы тиіс. Сол себепті мемлекеттің қоғам алдындағы ашықтығы және азаматтардың мемлекеттік істерді атқаруға тартылу деңгейі мемлекеттің демократиялық және құқықтық мемлекет ретіндегі даму деңгейінің көрсеткіші болады.
Мемлекеттің ерекше белгілерінің бірі сондай- ақ оның тұтастығы болып табылады, себебі ол өзі арқылы біріктірілген адамдар қоғамын білдіреді. Тек мемлекет арқылы ғана халқаралық қатынастар жүзеге асырылады және сол арқылы мемлекет әлемдік деңгейде дербес және тәуелсіз құрылым ретінде танылады.
Мемлекеттің қызметтері. Мемлекеттің пайда болуына адамдардың белгілі бір мақсаттарға қол жеткізу, қоғамның арнайы әлеуметтік ұйымдастырылуы арқылы өздерінің нақтылы мүдделерін жүзеге асыруға ұмтылысы ықпал етеді. Сондықтан мемлекеттің қызыметінде бірінші кезекке ең алдымен оның қоғамдық міндеттері қойылады. Функция термині латын тілінен аударғанда «қызмет шеңбері», міндеткерлік немесе орындау деген ұғымды білдіреді. Міне осы қоғамдық қызметтері арқылы мемлекеттің негізі, оның әлеуметтік бағыттылығы туралы сөз қозғауға болады. Мемлекеттің атқаратын қызметтерін екі негізгі түрге бөліп қарастыруға болады: ішкі және сыртқы, олар өз кезегінде түрлі бөлімдер мен бөлімшелерге бөлінеді.
Мемлекеттің ең басты қызметтерінің бірі саяси қызмет, қоғамның тұтастығы мен сақталуын қамтамасыз етуден тұрады, себебі мемлекеттің өзі қоғамдағы бөлінушілікті жою, оның үйлесімді және қалыпты дамуына жағдай жасау, түрлі әлеуметтік топтар арасындағы қарама- қайшылықтар мен жанжалдарды заі шеңберінде мәмілеге келтіру арқылы шешу мақсаттырымен құрылады.
Адамдар мемлекетті сондай- ақ өздерін қорғау үшін, өздерінің құқықтары мен жеке бостандықтарын қорғау үшін құрады, бұл мемлекеттің әлеуметтік қызметі болып табылады. Табиғатынан , даму деңгейі өзге де бірқатар белгілері бойынша қайталанбас, әр түрлі болып келетін адамдардың әрқайсысы өмірлік жағдайларды әр түрлі қабылдап, пайдаланады, кейде ол өзгелердің мүдделеріне қарама- қайшы келіп жатады. Тек қана мемлекеттің заңның, құқықтың күшімен қамтамасыз етілген билік күші әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтарының сақталуы мен қорғалуын қамтамасыз етуге қабілетті болады.
Мемлекеттің мақсаты қоғамның экономикалық қызметінің пәрменділігі мен реттілігі үшін қажетті ұйымдық- құқықтық жағдайлар мен алғышарттарды қамтамасыз ету болып табылады. Тек өндірістік саланың дамуы ғана қоғамның саяси, әлеуметтік проблемаларын шешу үшін де, оның экономикалық тәуелсіздігі мен дербестігін қамтамасыз ету үшін де нық негіз бола алады. Экологиялық дағдарыстар, қоршаған ортаның ластануы, табиғи қорлардың сарқылуы, адамдардың рухани жағынан азғындауы бүгінгі таңда бірінші кезекке адамдардың экономикалық іс- әрекеті мәселелерін қояды. Мемлекеттің қатысуы мен оның билік күшін пайдаланусыз адамдардың қалыпты өмір сүру ортасын сақтау мен дамыту әлемдегі күш алып келе жатқан экологиялық қозғалыстардың белсенділігіне қарамастан мүмкін емес болады.
Мемлекеттің оның сыртқы белгілері жиынтығы белгілері түріндегі түрі елдегі мемлекеттік билікті ұйымдастыру түрінде көрініс табады, ол:
- басқару түрінен – мемлекеттік билік пен басқарудың жоғары органдарын құру мен ұйымдастырудың ерекше тәртібі, олардың арасындағы құзыреттілікті бөлу (монархия немесе республика);
- мемлекеттік құрылым түрінде – территориялық құрылым түрі, орталық, территориялық және жергілікті билік тармақтарының өзара байланыстарының белгілі бір тәртібі (унитарное, федерация, конфедерация);
- саяси режим түрінде – мемлекеттік (саяси) билікті (демократиялық және демократиялық емес) жүзеге асырудың әдістері мен тәсілдері.
Кез келген мемлекет өзінің қалыптасуы мен дамуында белгілі бір кезеңдерден өтеді. Мемлекеттің дамуы да қоғамның дамуы сияқты обьективті заңдылықтарға бағынады. Қазіргі таңдағы мемлекеттің дамуы, оның ішінде Қазақстанда да төмендегі белгілері арқылы сипатталады:
- демократияландыру процесстері, жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде құқықтық және зайырлы мемлекет құру;
- технологиялық және технократиялық даму;
- мемлекет – ұйымдастырушы және мемлекет – қазылық етуші рольі артады және мемлекеттік мәжбүрлеудің түрлері өзгеріске ұшырап, рольі төмендейді.;
- мемлекеттік басқарудың дамуының толқын тәріздес болып келуі;
- мемлекеттің аралас түрінің пайдаланылу тенденциясы барынша айқын көрініс таба бастайды (ЕЭС);
- мемлекет эволюциясындағы контраст, өрлеу мен құлдырау кезеңдері айқын көріне бастайды (КСРО).
1.2 Мемлекеттік басқару мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру тәсілі ретінде
«Мемлекет» және «мемлекеттік басқару» ұғымдары бір бірінен ажырамас ұғымдар және «билік» ұғымынан туындайды. Билік өзінің негізі жағынан – бұл тіпті қарсылық көрсетілуіне қарамастан өзінің еркін жүзеге асыра білу мүмкіндігі болып табылады. Биліктің маңызды бөліктері (жақтары) мыналар болып табылады:
- психологиялық – билік субьектісінің еркі;
- жүзеге асырушылық – ерікті түрде орындау немесе психологиялық қысым көрсетуге дейінгі күштеу әдістерін қолдану;
- рецепторлық – билік, басқару обьектісінің ерікті түрде қабылдауы;
- ақпараттық – субьектінің еркін орындау немесе оны орындаудан бас тарту бойынша іс- шаралар туралы билік обьектісі мен субьектісі арасындағы кері байланыс.
Күнделікті өмірде біз түрлі билік түрлері туралы әңгімелей аламыз, олар: отбасындағы, жұмыстағы, ұжымдағы т.б. ал қоғамға қатысты биліктің төмендегідей түрлері болады:
- жеке немесе тікелей (отбасындағы немесе қожайынның қызметшісіне қатысты);
- корпоративті (қоғамдық ұйымдағы билік – ұйым мүшелері арасында ғана таралатын корпорациялар (партиялар), олар адамға ықпал етуін ол осы корпорацияға мүшеліктен шыққан кезде тоқтатады ;
- әлеуметтік – қоғамдағы халықтың билігі.
Кейбір жағдайларда әскери, технократиялық, сараптамашылдық (мамандардың билігі) сияқты билік түрлері бөліп көрсетіледі.
Мемлекеттік және муниципалдық басқару мәселелерін қарастырған кезде ең үлкен маңызға ие болатыны әлеуметтік билік болып табылады. Оның саяси сипаты болады және мемлекеттік биліктен көрініс табады. Мемлекеттік билік әлеуметтік, халық және билігінен туындайды , өзінің сипаты бойынша саяси болып келеді және белгілі бір деңгейде дербес болады. Мемлекеттік билікті ерекше құбылыс ретінде халықтың саяси билігінен төмендегідей белгілері бойынша ажыратады:
- кез келген мемлекеттік билік саяси билік болып табылады, бірақ кез келген саяси билік мемлекеттік бола алмайды;
- саяси билік халыққа қатыстылығына байланысты имманентті болып табылады (ішкі жағынан да өзіне тән белгілері бойынша да). Мемлекеттік билік – халық билігінен туындайды, бірақ ол мемлекетке тиесілі болады және мемлекеттің атынан арнайы құрылған мемлекеттік органдар арқылы жүзеге асырылады.
- мемлекеттік биліктің қоғамда заңдық жоғарылығы, басымдығы болады, ол әмбебап болып келеді, себебі қоғам өмірінің барлық реттелуі мүмкін, реттеуді қажет ететін, реттеу қоғам мүддесі үшін қажет болып табылатын жақтарын реттейді:
- мемлекеттік саяси билік биліктің өзге түрлерінен өзінің түрі мен жүзеге асырылу тетіктері арқылы ерекшелінеді: ол формалданған (заң арқылы бекітілген және оның ықпал ету аймағы заңда көрсетілген) және мамандандырылған мемлекеттік аппарат арқылы жүзеге асырылады (парламент, үкімет, сот). Халықтың саяси билігі тікелей демократияның түрлері арқылы көрініс табады (сайлау, референдум).
Мемлекеттік билікті жарияландыру – бұл оның белгіленуінің, пайда болуының, ұйымдастырылуының, аппаратының қызмет етуінің құқылылығын заң арқылы бекіту:
- оның пайда болуының заңдылығы;
- билікті ұйымдастырудың заңдылығы (мемлекеттің Конституциясы, заңдары арқылы, халықтың және оның өкілді органдарының тікелей қатысуы арқылы бекітілген);
- өкілеттік салаларының заңдылығы (қоғам өміріне және жеке адамның өміріне араласуының шектері);
- билікті жүзеге асырудың түрлері мен әдістерінің заңдылығы (аппаратының қызметінің құқық нормалары негізінде ұйымдастырылуы).
Кәдуелгі жағдайларда мемлекеттік билікті рәсімдеу Конституция арқылы, оның органдары мен басқару аппаратын - өзге құқықтық актілер арқылы жүзеге асырылады (конституциялық және федералдық заңдар арқылы), мұнда билік өкілеттілігін негіздеу, мемлекеттік істерді басқару құқығы заң актілерінен көрініс тауып отырады. Тарихи тәжірибе көрсеткендей мемлекеттік билік туралы ережелерді заң арқылы бекіту барлық жағдайларда оның демократиялығы мен заңдылығын білдіре бермейді. Бұдан шығатын қорытынды мемлекеттік биліктің жариялылығын анықтау кезінде ең алдымен мемлекеттік билікті жария ететін құқықтық актілердің жалпыадамзаттық құндылықтар мен халқаралық құқық принциптеріне қаншалықты сәйкес келетіндігі есепке алынуы тиіс.
Мемлекеттік биліктің жариялылығы принципін бұзу мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды тұлғаларының заң алдындағы жауапкершілігін қарастырады: саяси, қылмыстық, әкімшілік және азаматтық.
Мемлекеттік биліктің тағы бір сапалық белгісі оның жарамдылығы – көбінесе формалды емес (құқықтық емес) түрде болып келетін нақтылы жағдайы болып табылады. Мемлекеттік биліктің жарамдылығы- бұл процесстер менн құбылыстар, солардың көмегі арқылы ол өзінің жариялылығы, құқықтық және моральдық заңдылығы, осы биліктің белгілі бір психикалық бекітілімдерге сәйкес келуі, қоғамның көзқарастары мен күтілімдерін ақтауынан көрініс табады.
Мемлекеттік биліктің маңызды белгісі оның бірлігі болып табылады. Биліктің бөлшектенуі, оның ішіндегі қарама- қайшылықтар бүкіл қоғамның әлсіреуіне және соның нәтижесінде құлдырауына алып келеді. Осыған ұқсас жағдай Н. Крыловтың «Аққу, шаян және шортан» мысалында келтірілген, бұл мысалдың басты қорытындысы «егер бірлік болмаса тірлік те дұрыс болмайды».
Мемлекеттік билік өзінің негізі бойынша біртұтас болуы қажет, ол мына үш белгісі арқылы көрінеді:
- әлеуметтік – қоғамның әлеуметтік күштерінің бірлігі, биліктің негізі, түпқазығы ретінде;
- мемлекеттік билік қызметінің біртұтас мақсатқа жұмылдырылуы – мемлекеттік биліктің аппараты мен органдары бүкіл қоғамның дамуының жалпы мақсаттары мен бағытына сәйкес келетін міндеттерді шешуі тиіс;
- ұйымдық бірлік - мемлекеттік биліктің органдар жүйесі мен қызмет әдістері ең алдымен мемлекеттік билік тармақтарының : заң шығарушы, атқарушы, сот биліктері болып бөлінушілігінің біртұтастығы негізінде құрылуы тиіс.
Билік туралы мәселеге қазіргі көзқарастар биліктің бөлінушілігі туралы доктринаны жаңа ережелермен толықтырды:
- биліктің теңдігі, өзара тежемелік және тепе- теңдік принциптерінің орнығуы;