Мемлекеттік билік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Июля 2013 в 18:42, дипломная работа

Описание работы

Диплом тақырыптың зерттелу деңгейі Мемлекеттік басқару теориясының пәні - қоғамды басқарудың саяси-құқықтық институты ретіндегі мемлекеттік билік органдарының қызметін және қалыптасатын саяси-құқыктық, әлеуметтік қарым-қатынастарды талдау болып табылады. Сондықтан біз оны кешенді ғылым деп қарастырамыз. Оған келесідей ұғымдарды жатқызамыз: мемлекеттің негізгі функциясы ретінде басқаруды сипаттайтын жалпы ұғымдар: мемлекеттік басқару, басқару субъектісі ретіндегі мемлекет (мемлекеттік орган, аппарат, мекеме).

Содержание работы

КІРІСПЕ........................................................................................................................3
1 МЕМЛЕКЕТТІК БИЛІК ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК БАСКРУ ЖҮЙЕСІ
1.1 Мемлекет және мемлекеттік билік.......................................................................5
1.2 Мемлекеттік басқару мемлекеттік билікті жүзеге асыру тәсілі ретінде .........9
1.3 Әлеуметтік нормалардың мемлекеттік басқарудағы ықпалы.........................13
1.4. Мемлекеттік басқару объектілері мен субъектілерінің жүйесі......................15
2 «БАЛАПАН» МКК ҚЫЗМЕТІН ЖАЛПЫ ЖӘНЕ АРНАЙЫ ТАЛДАУ
2.1 «Балапан» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны қызметінінің жалпы сипаттамасы мен құрылымы......................19
2.2 «Балапан» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының жарғысы...................26
2.3 Мемлекеттік басқарудың әлеуметтік-экономикалық тиімділігі: түсінігі мен бағалау әдістері.................................38

Файлы: 1 файл

Мем. билік жүйесі және мем баск Бапишева.doc

— 541.50 Кб (Скачать файл)

45. Металды тірек, қою  орыны және басқа да, сыртқы жарықтандыруды орнату элементі сыртқы қабатына байланысты 3 жылда бір реттен кем емес баялады.

8. Осы ережені бұзғандығы  үшін жауапкершілік

46. Осы Қағиданы бұзғаны  үшін Қазақстан Республикасының  әкімшілік заңнамасымен қарастырылған  санкциялар қолданылады.

 

  

2.3 Мемлекеттік басқарудың әлеуметтік-экономикалық тиімділігі: түсінігі мен бағалау әдістері

 

Мемлекеттік басқарудың тиімділік мәселесі қазіргі кездегі ғылым пен тәжірибенің басты назарындагы мәселелердің бірі болып табылады. Бұл мәселеге шетел және ресей ғалымдары да өздерінің ғылыми еңбектерін арнағаны белгілі.

«Қызмет тиімділігі» түсінігі кез келген қызмет түріне, оның ішінде басқарушылық қызметте де қолданылады. Экономикалық ғылымда экономикалық тиімділік категориясы және оны бағалаудың тиісті өлшемдері енгізілген. Нарыктық бәсекелестік жағдайында фирманы басқару процесінде қатысты қазіргі заманғы менеджментте де осы категория пайдаланылады. Оларды бірқатар өзгертулер енгізе отырып, мемлекеттік басқарудың тиімділігі түсінігін анықтау барысында қолдануға болады.

«Қызмет тиімділігі» түсінігі мемлекеттік басқару теориясында жеткілікті деңгейде қаралмаған және іс жүзінде толыққанды қолданылмаған ұғымдардың біріне жатады. Ал жалпы қоғамның, әрбір басқарушының, басқарылатындардың басқаруға және оның шешімдерін жүзеге асыруға жұмсалған шығындардың қандай нәтиже бергенін білуі қажет. Сондықтан басқару тиімділігі жайлы толық ақпаратқа ие болмай жэне оны өлшеуге ұмтылыс жасамай басқаруды бақылау мен оны жетілдіру жолдарын аныктау мүмкін емес. Көптеген деректер осындай жағдайдың жетілмеген, жүзеге аспаған мемлекеттік басқарудың басты себебі болып табылатындығын дәлелдейді. Саясаткерлер барлық игіліктерге қол жеткіземіз десе де, көбіне мақсаттар мен жоспарлар орындалмай қалады, күш-жігер орынсыз жұмсалып, маңызды қоғамдық және жеке құндылыктарға қол жетпей жатады. Сондықтан басқару тиімділігінің мэселесі аса маңызды, мемлекеттік басқарудьщ объективтілігімен тікелей байланысты.

Жалпы тиімділік екі жагдайда: біріншіден, қол жеткен нәтиже мен шыққан шығындар арасындағы айырмашылык «оң» сальдоны, ягни адам еңбегінің әкелген пайдасын көрсеткенде, екіншіден, осы айырмашылық қоғамның, адамдардың нақты қажеттіліктерін қанағаттандыруға қабілетті болған кезде көрініс табады. Кез келген қызметтің нәтижесінде рухани және материалдық өнімнің өсуі болмаса, әлеуметтік жағдай жақсармаса, онда ол қызмет түрі тиімді деп саналмайды. Сонымен бірге өнімнің өсуіне қол жеткізілген, бірақ ол адамдардың мұктаждықтарына, олардың мәселелерін шешуге қолданылмаган жағдайда да тиімділік жоқ есептеледі.

Әр түрлі мемлекеттік органдар және жергілікті өзін-өзі басқару органдары көптеген объект түрлерін басқарады және олардың әрқайсысының баскару тиімділігі де әрқилы болады. Мысалы, қандай  бір басқарылатын объект белгілі бір өнім өндірген немесе әлеуметтік қызмет көрсеткен кезде туындайтын өндірістік тиімділік. Басқарылатын объектілердің қызметінің нәтижесінде көрініс табатын басқарудың мұндай тиімділігі өндірілген өнім мен оны                 өндіруге кеткен шығындар арасындағы арақатынасты білдіреді. Ол басқарылатын объект шеңберінде еңбекті ұйымдастырумен байланысты, технологиялық сипатқа ие және нормативтік-құндық шығын көрсеткіштері бойынша өлшенеді.

Орталыктандырылған жоспарлы экономикада өндірістік тиімділікке қатты көңіл аударылды. Кәсіпорындар (ұйымдар) берілген номенклатуралық-натуралдық көрсеткіштерге міндетті түрде қол" жеткізуі керек еді. Өндірілген өнімнің қоғам мүшелерінің талаптарын қанағаттандыруы өндірушілер мен оларды басқаратын мемлекеттік органға да аса қажет болмады. Өндірістік тиімділікке бағытталу нәтижесінде қоғамда — инфляция, сапалы тауар тапшылығы, жартылай бос нарық орын алып, ал өндіріс саласында — ешкімге керегі жоқ өнім өндіретін кәсіпорындардың өзінде жоғары көрсеткіштер мен жақсы табысқа қол жеткізілді.

Қоғам үшін өндіріс, болу және айырбас кезеңдерімен қатар экономикалық, әлеуметтік көрсеткіштері бар тұтыну кезеңінің де маңызы зор. Өнімді алу жеткіліксіз, оны тиісті қажетгіліктерді қанағаттандыру үшін қолдану керек. Өнім кейде сапасыз болуы, істен тез шығуы, үлкен шығындарды қажет етуі мүмкін. Кейде қымбат өнімнің өзі өзіне барабар қажеттілікті қанағаттандыра алмайды. Нәтижелі тұтыну үғымы өндіріс құралдарын пайдалану деңгейін сипаттайды. Өсім беретін, еңбек өнімділігін арттыратын, ұлттық табысты құрайтын осы нәтижелі тұтыну. Сондыктан тұтыну кезеңінде өнімнің қоғамға, адамдарға қандай пайда әкелетінін білген жөн. Оны біз басқару тиімділігінің үшінші түрі - әлеуметтік тиімділікті қарастыру барысында аныктай аламыз.

Әлеуметтік тиімділік - бүл қоғамның қандай да бір өнімді қолдану немесе нақты жұмыс түрін атқару барысында, сонымен қатар тиісті материалдық, әлеуметтік және рухани құндылықтарды пайдалануда жалпы оң нәтижелерге қол жеткізуі. Егер оны «өндіріс-бөлу-айырбас-тұтыну» жүйесіне қолданатын болсақ, ол тек өндіріс кезеңінде ғана емес, басқа да кезендерде орын алып, жүйе үшін ортақ болып, жалпы оның жағдайын сипаттайды.

Әлеуметтік тиімділік кез келген еңбектің маңыздылығын, ұтымдылығын және тиімділігін көрсетеді. Егер өнімге кеткен шикізаттық, энергетикалық және басқа да материалдық шығындарды «шегеріп тастасақ», онда адамдардың еңбегі және таланты, білімі мен тәжірибесі, біліктілігі мен ар-ұяты толығымен элеуметтік тиімділікте көрініс табады. Әлеуметтік тиімділіктің көлемі қоғамдық құрылымдар мен реттеуіштердің ұтымдылыгын сипаттайды. Егер экономикалық немесе өндірістік тиімділікке табиғатқа және қоғамдық өмірдің басқа жағдайлары мен факторларына (әлеуметтік инфрақұрылымға, адамдардың денсаулығына жәе т.б) зиян келтіру есебінен қол жеткізілсе, онда мұндай жағдайларды әлеуметтік тиімділік деп айта алмаймыз. Сонымен қатар тапқан табыстарға сай келмейтін қорларды қолдану арқылы уақытша, қысқа мерзімді қол жеткізген жетістіктер әлеуметтік тиімділікті білдірмейді.

Әлеуметтік тиімділік жоғары сапа мен қазіргі заманғы технико-технологиялық көрсеткіштерге негізделген. Онда ғылыми-техникалық революцияның жетіктіктері толық көрініс табады.

Нарықтық қатынастарға өту аталған жағдайды өзгертеді, бірақ басқарылатын объектілердің барлығы үшін емес. Олардың бірқатары - өндіріс кезеңінде де, әлеуметтік қызмет көрсету саласында да өндірістік тиімділікке бағыт-бағдарын жасайды. Сондықтан оған салыстырмалы экономикалық және әлеуметтік сипат беретін белгілер мен көрсеткіштерді үнемі жетілдіріп отырған жөн.

Нарықтық экономикасы дамыған елдерде өнімді өндіру жеткіліксіз, оны айналым кезеңіне (бөлу және айырбастау) өткізіп, сатып алушыларға сату қажет. Көптеген өндірушілер үшін ұдайы өндірістік кезең сауда - саттық әрекетін жасаумен аяқталады. Осы кезде өнім тұтынушыға жетіп, басқару тиімділігінің екінші түрі — экономикалық тиімділдік туындайды. Экономикалық тиімділіктің өндірістік тиімділікке қарағанда көпқырлы және терең мағынасы бар. Ең бастысы ол қоғамдағы қандай да бір өнімге деген қажеттілікті білдіреді, сұраныс пен ұсыныс арақатынасын сипаттайды, өндірушіге ұдайы өндірістік процестің барлық кезеңдерін анықтап, белгілейді. Өндіруші өндірілген өнім үшін накты ақысын алады, ал бұл жаңа және ұлғаймалы өндірісті бастауға мүмкіндік беретін шығындалған ресурстарды қайтаруға және табыс табуға жағдай жасайды. Осындай тура және кері байланыс салдарынан экономика өзіне қажетті серпінділікке және өзін-өзі басқаруға ие болады. Нарықтық экономикадағы барлық өндірушілердің негізгі мақсаты экономикалық тиімділікке қолжеткізу және басқару субъектілерінің, оның ішінде мемлекеттік басқару субъектілерінің де күш-қайраты осыған бағытталған. Экономикалық тиімділіктің басқарылатын объектілердегі және басқарушы кіші жүйелердегі басқару тиімділігін талдау мен бағалау үшін маңызы зор. Оның шындыққа жанасуы өндіруші-монополистер, бағаны жасанды түрде көтеру, накты экономикалық процестерге тән тағы басқа құбылыстар орын алатын нарықтық экономиканың оңтайлылығымен байланысты. Сондыктан мемлекет экономикалық іс-әрекеттің ұтымды ережелерін жасап қоймай, басқарудың экономикалық тиімділігін аныктау арқылы олардың орындалуын бақылап отыруы қажет.

Ол тек басқару субъектілерін, ең алдымен мемлекеттік билік пен жергілікті басқар


Информация о работе Мемлекеттік билік