Мемлекеттік билік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Июля 2013 в 18:42, дипломная работа

Описание работы

Диплом тақырыптың зерттелу деңгейі Мемлекеттік басқару теориясының пәні - қоғамды басқарудың саяси-құқықтық институты ретіндегі мемлекеттік билік органдарының қызметін және қалыптасатын саяси-құқыктық, әлеуметтік қарым-қатынастарды талдау болып табылады. Сондықтан біз оны кешенді ғылым деп қарастырамыз. Оған келесідей ұғымдарды жатқызамыз: мемлекеттің негізгі функциясы ретінде басқаруды сипаттайтын жалпы ұғымдар: мемлекеттік басқару, басқару субъектісі ретіндегі мемлекет (мемлекеттік орган, аппарат, мекеме).

Содержание работы

КІРІСПЕ........................................................................................................................3
1 МЕМЛЕКЕТТІК БИЛІК ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК БАСКРУ ЖҮЙЕСІ
1.1 Мемлекет және мемлекеттік билік.......................................................................5
1.2 Мемлекеттік басқару мемлекеттік билікті жүзеге асыру тәсілі ретінде .........9
1.3 Әлеуметтік нормалардың мемлекеттік басқарудағы ықпалы.........................13
1.4. Мемлекеттік басқару объектілері мен субъектілерінің жүйесі......................15
2 «БАЛАПАН» МКК ҚЫЗМЕТІН ЖАЛПЫ ЖӘНЕ АРНАЙЫ ТАЛДАУ
2.1 «Балапан» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны қызметінінің жалпы сипаттамасы мен құрылымы......................19
2.2 «Балапан» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының жарғысы...................26
2.3 Мемлекеттік басқарудың әлеуметтік-экономикалық тиімділігі: түсінігі мен бағалау әдістері.................................38

Файлы: 1 файл

Мем. билік жүйесі және мем баск Бапишева.doc

— 541.50 Кб (Скачать файл)

- принципті мәселелер бойынша билік тармақтарының ортақ мақсатқа жету үшін түрлі әдістерді пайдалана отырып (әр тармақтың өзіне тән ерекшеліктерін есепке ала отырып) өзара байланысы мен бірлігі;

- билік тармақтарының субсидиарлығы туралы, мұндай заң негізінде, келісім бойынша немесе өкілеттігі бойынша бір билік тармағының органдары өінің іс- әрекеті арқылы екінші тармақтың іс- әрекетін толықтырып отырады.    

  Кейбір мемлекеттік органдар (парламент, президент) мемлекеттік басқаруды шешім қабылдау – заңдастыруо негізінде жүзеге асырады. Олардың негізгі міндеті басқару мен бақылаудың жалпы ережелерін белгілеу, олар тікелей басқарушылық қызметпен біршама аз мөлшерде айналысады.     

Биліктің басқа бір тармағының (үкімет - министліктер, ведомстволар, мемлекеттік қызметкерлер) мемлекеттік билікті жүзеге асыруының негізгі түрі басқарушылық қызмет- атқарушылық қызмет болып табылады.   

  Басқару органдары ішінде заңның сақталуын текесеру мен бақылау мәселелерімен айналысатындары (адам құқықтары бойынша өкіл) немесе бюджет тәртібінің сақталуын қадағалаушы (Есептік палата) қызметтерін атқаратын болады. Мұндай органдар өздері белгілі бір нормативтік басқарушылық актілер қабылдамайды, олар негізінен басқаруға қатысады, мұның өзі де басқарушылық қызмет түрлерінің бірі болып табылады.     

  Біздің күнделікті өмірімізде біз құрамына өкілдері кіретін (лауазымды тұлғалар), мемлекеттік және кәсіптік органдар және кәсіпкерлер (еңбек қатынастары мәселелері бойынша үш жақты комиссия) мемлекеттік- қоғамдық органдардың қалай құрылатындығын бақылай аламыз.     

  Мемлекеттік басқарудың демократиялық негіздерінің кеңейтілуі кейбір жағдайларда мемлекеттік органдардың кейбір жекелеме міндеттерінің қоғамдық органдар мен ұйымдарға, жергілікті өзін- өзі басқару органдарына берілуіне алып келеді, соған байланысты олар мемлекеттік басқарудың белгілі бір қызмет түрлерін жүзеге асыратын болады.    

  Мемлекеттік саясат. мемлекет тәжірибеде жүзеге асыратын мақсаттар мен міндеттердің жиынтығы және сол мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыруда қолданылатын құралдардан тұрады. Мемлекеттік саясаттың бағыттылығына көп жағдайда мемлекеттік басқарудың мазмұны мен технологиясы тәуелді болады. Мемлекеттік саясаттың кейбір жекелеме саяси күштердің саясатының көрінісі болмауы қажет екендігін атап өту маңызды, себебі ол бүкіл қоғамның мүддесін білдіруі тиіс. Мемлекеттік саясат пен плюрализм (пікірдің сан алуандығы) есепке алу мен бөліп қарастыру қажет, ол түрлі саяси ағымдардың көзқарасы, қоғам жіктерінің көзқарасы, осыдан мемлекеттің демократиялық негіздері байқалатын болады.     

  Мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың құралдары көп түрлі болып келеді: меншіктің көп түрлілігінен, нарықтық экономика мен тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастыруға дейінгінің барлығын қамтиды. Демократиялық қоғамдағы шынайы мемлекеттік саясат міндетті түрде адам қажеттіктерін қанағаттандыруға бағытталады, мұнда абстрактілі « адам» ұғымы емес, ал нақтылы адамдар есепке алынады. 

 

1.3 Әлеуметтік нормалардың мемлекеттік басқарудағы ықпалы

 

 

      Мемлекеттік басқаруды реттеуде түрлі әлеуметтік нормалар мен ережелер үлкен маңызға ие болады. Бөлуші, бақылаушы, ұйымдастырушы және өзге де қызмет түрлерін атқаратын мемлекеттік басқаруға мораль нормалары елеулі ықпал етеді, әсіресе тікелей жария саясатпен жымдасатын жерлерде. Сенім мен обьективті, шынайы ақпаратмемлекеттік қызметкерлер мен басшылар тарапынан халықпен өзара байланыс жасау және басқару органының өз ішіндегі қызмет кезінде моральдық принциптерді сақтауы мемлекеттік аппараттың пәрменді жұмыс істеуінің құрамдас бөліктерінің бірі болып табылады.     

  Мемлекеттік басқаруда әдет- ғұрып, салт- дәстүұрлер жиі пайдаланылады – парламенттің төменгі палатасының төрағасын сайлау палатадағы ең ірі фракция өкілдері арасынан таңдау арқылы жүргізіледі, ал оның орынбасарлары өзге неғұрлым ірі фракция өкілдерінен сайланады. Мұндай дәстүрлер шет елдерде- Шығыста, Англияда кеңінен таралған.     

  Басқарушылық қызметте мемлекет белгілейтін, әсіресе өндірістік саладағы стандарттар, техникалық нормалар мен ережелер үлкен ықпалға ие болады.    

  Аталған нормалар өздерінің табиғаты жағынан құқықтық болып табылмайтындығына және көп жағдайларда мемлекет тарапынан белгіленбейтіндігіне қарамастан олар мемлекет үшін маңызды болып табылады. Жекелеме жағдайларда мемлекет олардың кейбіреулерінің дамуына қолдау көрсетіп, ықпал етеді, ал кейбір жағдайларда олар мемлекет пен қоғам мүдделеріне сәйкес келмейтін болса оларды қолдануға тиым салады.    

  Мемлекеттік басқарудың ең басты реттеушісі құқық болып табылады. Ол бірте бірте құқыққа дейінгі әлеуметтік нормалар мен әдет – ғұрыптардан құралады. Құқық екі бағыт бойынша қалыптасады: біріншіден, кейбір түрдегі әлеуметтік нормалар оларды заңнамалар арқылы бекіту жолымен құқық нормаларына айналады, екіншіден, құқық нормаларын қоғамның оған қажеттігі пайда болған кезде мемлекеттің өзі құрастырады.  

      Егер де құқықтық нормалардың өзіне тән белгілерін қарастыратын болсақ, оның төмендегі құрамдас бөліктеріне назар аударуға болады:  

  1. Құқықтық норма – заң арқылы көрініс табатын жалпыға бірдей міндетті іс- әрекет ережелері, мүмкін болатын және міндетті іс- әрекет үлгісі ретінде қарастырылады және оны бұзған жағдайларда мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолдану арқылы қорғалады. Құқықтық нормалар өзге әлеуметтік нормалардан бекіту әдісі, жалпыға міндеттілігі және мемлекеттік қорғауда болатындығымен ерекшеленеді. Құқықтық нормалар жазбаша түрде түрлі құқықтық актілерден көрініс табады: Конституцияда, федералдық заңдар мен федерация субьектілері заңдарында, РФ үкіметінің қаулыларында, федерация субьектілерінің атқарушы органдарының және жергілікті өзін- өзі басқару органдарының нормативтік актілерінен,  жария құқықтық келісімдерден, мемлекет бекіткен халқаралық құқықтық актілерден және т.б.     

  Құқық нормасы өзінің түрі бойынша үш бөліктен тұрады:   

 - гипотеза – норманы қолдану шарттарын белгілейді;   

  - диспозиция – әрекеттің немесе әрекетсіздіктің сипатын анықтайды   

- санкция – субьектінің іс- әрекетіне қойылатын талаптарды бұзғаны үшін жауапкершілік түрінде көрініс табады.  

  2. Құқықтың жүйелілігі қоғам өмірінің түрлі жақтары мен адамдар арасындағы қатынастардың түрлі жақтарын ықпал ету арқылы реттеумен қамтитын салалар, институттар, нормалардың келісілген бірлігі түрінде көрінеді.     

  Құқықтық нормалар өзінің мазмұны мен қызмет аясына қарай тұтас жүйе құра отырып құқық салалары мен институттарына топтастырылады.     

  Құқық институты – бұл ерекше заң нормаларының кешені, ол құқық нормасының ерекше элементі болып табылады және бір түрдегі қоғамдық қатынастардың тар шеңберін реттейді.   

  3. Құқықтың жігерлік сипаты оның екінші бір жағы болып табылады. Белгілі бір тарихи кезең ішінде құқық нормалары сол үшін арнайы құрылған мемлекеттік аппарат тарапынан жазалаушы ықпал ету қорқынышы арқылы жекелеме тұлғалар мен әлеуметтік топтардың мүдделерін қорғады. Демократияның дамуымен бірге құқық нормалары өзінің мазмұны бойынша өзгеріп қана қоймай, сонымен қатар құқық нормаларын өздері құрастыра бастаған ел халқының басым бөлігінің мүделерін білдіре бастады. Мемлекет құқық арқылы қоғамның түрлі әлеуметтік- саяси күштерінің еркі мен мүддесін білдіре бастады, ол үшін құқық бұзушыларға жария сипаттағы мәжбүрлеу мен өзінің билік күшін пайдаланады.   

  4. Жалпыадамзаттық құндылықтар (қайырымдылық, әділеттілік, жалпының игілігі, демократия ұғымдары т.б.) да РФ Конституциясынан бастап барлық түрлі заңнамалық акутілер мен өзге де құқық нормалары мазмұнында қамтылып, құқық нормаларынан көрініс табады. Олар құқықтық жүйе мен мемлекеттік басқарудың сипатын анықтауда бағыттаушы маңызға ие болады және мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды қызметкерлерінің мақсаты мен бағыттылығын анықтайды. Құқықтың қарастырылатын жағы демократиялық мемлекеттің тоталитарлық, деспотиялық мемлекеттерден айырмашылығын айқын көрсетеді.   

5. Мемлекеттік мәжбүрлеу құқықты өзге де әлеуметтік нормалармен салыстыру барысындағы оның ерекшелік белгісі болып табылады. Егер де моральдық нормаларды бұзу тек қоғам тарапынан мақұлдамауды тудыратын болса, ал құқықы нормаларының орындалуы мемлекет арқылы қамтамасыз етіледі және қорғалады. Құқықтық нормалар бұзылған жағдайда түрлі құқықтық жауапкершіліктердің болуы қарастырылады: қылмыстық, азаматтық, әкімшілік, тәртіптік т.б. Көбінесе құқықтық жауапкершілікпен қоғамдық терістеу, құқыққа қарсы әрекеттерді айыптау қатар жүргізіліп отырады.

 

1.4 Мемлекеттік басқару объектілері мен субъектілерінің жүйесі

 

Мемлекеттік басқарудың объектісі мен субъектісі жөніндегі мәселе мемлекеттік басқару теориясының негізгі әдістемелік мәселелерінің бірі болып табылады. Оны шешу - мемлекеттік басқарудағы субъект пен объект қатынастарын түсінуге және объектінің демократиялық сипатын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бұл мәселеде ешқандай проблема жоқ тәрізді: басқару субъектісі - мемлекет, ал объектісі - қоғам. Бірақ бұлай қорытынды жасау асығыстық. Осы жерде мемлекет деген түсінікті анықтап алу қажет (өйткені мемлекет үғымына әр түрлі анықтама беруге болады): субъект ретінде біз мемлекетті немесе адамдардың саяси одағын қарастырамыз ба, әлде саяси-құқықтық институт ретіндегі мемлекетті қарастырамыз ба? деген орынды сұрақ туындайды. Соңғысын, яғни саяси-құқықтық институт ретіндегі мемлекетті біз басқару субъектісі ретінде қарастырамыз.

Жалпы, «кім басқаруға тиіс» деген сұрақ ежелден келе жатыр. Бұл сұрақты ертедегі грек философы Платон қойған. Демократияны жақтаушылар халық басқаруға тиіс деп санаса, элитарлық демократияның өкілдері басқару міндетін жүзеге асыру үшін арнайы дайындықтан өткен элитаны басқару субъектісі деп білді. Авторитарлық режимді қорғаушылар мемлекет пен қоғамды тандаулы тұлғалар — көсемдер мен лидерлер басқару керек деп есептейді.

Мемлекеттік басқару теориясында субъект түсінігі біржақты емес. Сондықтан саясат субъектісі, мемлекеттік басқару субъектісі, лауазымды қызмет субъектісі түсініктерін ажыратып алу керек. Оларды ажырату шарттары мынадай: мемлекеттік билікке қатысына қарай және басқару функциясын жүзеге асыру сипатына қарай.

Саясат субъектісі деп мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы болып табылатын және тікелей немесе өкілдері (мемлекеттік биліктің заң шығарушы органдары және жергілікті өзін-өзі басқару органдары) арқылы өзінің билігін жүзеге асыра отырып, мемлекет пен қоғамды басқаруға катысатын субъектіні айтамыз. Оған халық, оны құрайтын әлеуметтік топтар (халықтың көрнекті өкілдері, еңбек үжымдары, қоғамдық-саяси ұйымдар және тағы басқа қоғамдық бірлестіктер) жатады. Олар тікелей немесе өз өкілдері арқылы маңызды саяси мәселелер бойынша шешім қабылдауға қатысады. Билік құрылымдарының өкілдерін сайлау және референдум - осындай шешім қабылдаудың негізгі процедуралары болып табылады.

   Мемлекеттік басқару субъектісі - билікті жүзеге асыруға және қоғамдық процестер мен мемлекеттің жеке қызметін тікелей басқаруға конституциялық өкілеттігі бар мемлекеттік билік органдары. Билік күші мен заңда бейнеленген қоғамның еркіне сүйене отырып, олар әр түрлі деңгейдегі мемлекеттік шешімдерді әзірлейді және қабылдайды, олардың орындалуын ұйымдастырады және бақылайды. Қоғамдық-саяси ұйымдар мен бірлестіктер мемлекеттік басқару субъектісі құрамында бола отырып, мемлекеттік институттар жүзеге асыратын болжамдар мен шешімдер жобасын, саяси бағдарламаларды әзірлеуге қатысады. Көптеген негіздемелер бойынша бөлінетін саяси басшылық пен әкімшілік басқару институттары мемлекеттік басқару субъектілері болып табылады.

Мемлекеттік басқару субъектілері: 1)мемлекеттік билік түрі бойынша, 2) билік пен басқаруды ұйымдастыру деңгейіне карай, 3)қызмет саласына қарай, 4) басқару объектісіне әсер ету сипаты мен мақсаты, 5) құрамына қарай бөлінеді.

Мемлекеттік билік түрі бойынша - бұл заң шығарушы, атқарушы және сот билігі субъектілері. Олардың әрқайсысы басқару жүйесінде белгілі бір функцияларды орындайды. Өкілетті органдардың зандарды әзірлеуі мен қабылдауы мемлекеттік басқару жүйесіндегі негізгі функциялардың бірі. Заң мемлекеттік билік құралы және қоғамдық қызмет пен қоғам мүшелерінің арасындағы, олардың мемлекетпен өзара қарым-қатынастарын формальды реттеуші. Зандардың әрекетгілігі оның орындалуында. Атқарушы билік субъектісі билік жүргізу функциясын басқарушылық іс-әрекетпен үйлестіреді. Мысалы :Үкімет зандарды орындауға, сонымен қатар накты, қоғамдық маңызды қызмет түрлерін жоспарлауға, шешімдерді жүзеге асыруға, олардың орындалуын ұйымдастыруға және бақылауға міндетті. Оның құрамына билік құрылымдарымен қатар шаруашылық қызметті, халыққа білім беруді, ғылымды, денсаулық сақтауды, мәдениетті және тағы басқа салаларға әкімшілік басқару мен саяси жетекшілік ететін органдар кіреді.

Сот билігі субъектісі басқару процесінің ажырамас элементі болып табылатын сотта іс жүргізу арқылы әділ сот функциясын жүзеге асырады.

Билік пен басқаруды ұйымдастыру деңгейіне қарай: орталық, аймақтық және жергілікті басқару органдары болып бөлінеді. Олардың өзара қарым-қатынастары қызмет саласы мен өкілеттігінің, яғни билік жүргізу мен басқару әрекеттерін жүзеге асыруға қатысты құқықтары мен қызметтеріне байланысты анықталады.

Қызмет саласына қарай — экономиканы, әлеуметтік саланы, мәдени өмірді, әскери қызметті, халықаралық істерді басқаруды жүзеге асыратын аталған үш деңгей субъектілері.

Басқару объектісіне әсер ету сипаты мен мақсаты, құралына қарай: саяси басшылық, әкімшілік-мемлекеттік, экономикалық және тағы басқа болып бөлінеді.

Мемлекеттік басқару субъектілерінің қызметі бірнеше белгілермен сипатталады: а) заңмен реттеледі,ресми рұқсат етілген әдістермен жүзеге асады; ә) атқаратын қызметтерінің сипатына сай болып табылатын белгілі қызмет түріне құқығы бар; б)субъектілер мемлекет алдында жауапты, қандай да бір күштердің әсерінен тәуелсіз.

Формальды ережелерден тыс ірі қаржы-өнеркәсіптік капиталдың, әскери-өнеркәсіп кешенінің, саяси элитаның мүдделерін білдіретін лоббистік топтар (заң шығарушы институттардың жанында) жұмыс істейді. Мысалы, АКШ-да конституциялық билік пен басқару органдарынан басқа үш негізгі конституциялық емес: саяси, экономикалық және әскери билік институттары бар. Осы институттардың жетекшілері мемлекеттік билік жүйесінде әміршілдік-стратегиялық қызмет атқарады. Сонымен бірге теледидар мен радионың, жалпы бұқаралық ақпарат құралдарының рөлін атап өткен жөн.

Информация о работе Мемлекеттік билік