Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Мая 2015 в 22:37, курсовая работа
Қазақстан халқы егеменді мемлекеттің ұлттық өркендеу процесінің негізін 90-жылдары қалай бастады. Біздің ата-қонысымыз мыңдаған жылдар бойына талай басқыншылықты басынан кешті. Қаншама көне қалалар, мәдени орталықтар қирады, кітаптар өртеліп, жазықсыз жандар кұрбан болып, өлшеусіз қан төгілді. Бірақ қандай қырғын болса да алтын бесік ата-баба жері, атамекен дәл бүгінгідей ойрандалған емес. Жер ананың аялы алақанында аман қалған әрбір от басынан рулы ел тарап, халық қашан да еңсесін көтеріп, ел болып дамып кете беретін.
Кіріспе 3
1 Құқықтық мемлекет туралы жалпы ілім 6
1.1Құқықтық мемлекеттің түсінігі, мәні 6
1.2 Қазақстанда құқықтық мемлекет құру жолдары 8
2 Құқықтық мемлекеттің негізгі қағидалары 11
2.1 Құқықтық мемлекет құрудың бас қағидалары 11
2.2 Биліктің тармақтарға бөлінуі құқықтық мемлекеттің қағидасы 16
2.3 Мемлекет пен тұлғаның өзара жауапкершілігі 18
3 Қоғам жүйелерінің саяси, экономикалық, әлеуметтік және заңға сүйенген қатынасы 20
3.1 Қоғам жүйелерінің бір бірімен қарым-қатынасы 20
3.2 Азаматтық, қоғамдық бірлестіктері, кәсіподақтар, партиялар, жаппай қозғалыстар, шіркеу, бұқаралық ақпарат құрылдары 25
Қорытынды 28
Қолданылған әдебиеттер тізімі 31
Кіріспе |
|||
1 Құқықтық мемлекет туралы жалпы
ілім 1.1Құқықтық мемлекеттің
түсінігі, мәні |
|||
1.2 Қазақстанда құқықтық
мемлекет құру жолдары 2 Құқықтық мемлекеттің негізгі қағидалары 11 2.1 Құқықтық мемлекет құрудың
бас қағидалары 2.2 Биліктің тармақтарға бөлінуі құқықтық мемлекеттің қағидасы 16 2.3 Мемлекет пен тұлғаның өзара
жауапкершілігі 3 Қоғам жүйелерінің саяси, экономикалық,
әлеуметтік және заңға сүйенген қатынасы 3.1 Қоғам жүйелерінің бір
бірімен қарым-қатынасы 3.2 Азаматтық, қоғамдық бірлестіктері,
кәсіподақтар, партиялар,
жаппай қозғалыстар, шіркеу, бұқаралық
ақпарат құрылдары Қорытынды Қолданылған әдебиеттер тізімі
|
| ||
Кіріспе
Қазақстан халқы егеменді мемлекеттің ұлттық өркендеу процесінің негізін 90-жылдары қалай бастады. Біздің ата-қонысымыз мыңдаған жылдар бойына талай басқыншылықты басынан кешті. Қаншама көне қалалар, мәдени орталықтар қирады, кітаптар өртеліп, жазықсыз жандар кұрбан болып, өлшеусіз қан төгілді. Бірақ қандай қырғын болса да алтын бесік ата-баба жері, атамекен дәл бүгінгідей ойрандалған емес. Жер ананың аялы алақанында аман қалған әрбір от басынан рулы ел тарап, халық қашан да еңсесін көтеріп, ел болып дамып кете беретін. Халқымыздың ата-қоныс қара орманға деген ұрпақтық сүйіспеншілігінің түп-тамыры да дәл осында жатыр. Сондықтан да ата-бабамыз осындай ұлан-ғайыр жерді ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап, ұрпақтан-ұрпаққа мұра еткен.
Құқықтық мемлекет - бұл адам мен азаматтың құқықтар мен бостандықтарының толық түрде қамтамасыз етілуіне және құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында мемлекеттік билікті құқықпен мейлінше байланыстыруға жағдай жасаушы саяси билік ұйымы. Құқықтық мемлекеттің мәнін қарастыруда оның негізгі екі жағын (екі негізгі кағиданы) бөліп қарастыруға болады:
1) мазмұнды жағы - адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын мейлінше толық көлемде қамтамасыз етуден тұлға үшін құкықтық ынталандыру режимін орнықтырудан көрінеді;
2) формальды-заңды жағы - мемлекеттік билікті құқықпен байланыстырудан, мемлекеттік құрылымдар үшін құқықтық шектеу режимін орнықтырудан көрінеді.
Сонымен қатар, құқықтық мемлекеттің кағидасына мыналар да жатады:
- билікті заңсыз пайдалануды болдырмау мақсатында оны аңшығарушылық, атқарушылық және сот тармақтарына бөлу;
- заңның үстемдігі, яғни, биліктің жоғары органымен барлық конституциялық тәртіптерді сақтай отырып қабылданған заң атқарушылық билік актілерімен жоққа шығарылуы, өзгертілуі және тоқтатылуы мүмкін емес;
- мемлекет пен тұлғаның өзара жауапкершілігі;
- қоғамдағы құқықтық сана мен құқықтық мәдениеттің жоғары деңгейі;
- азаматтық қоғамның болуы
және тарапынан құқық
Биліктің тармақтарға бөлінуі құқыктық мемлекеттің қағидасы ретінде. Бұл қағиданы алғаш рет Д. Локк пен Ш. Монтескье ұсынған болатын. Қағиданың басты талабы - саяси бостандықты бекіту, заңдылықты қамтамасыз ету және белгілі бір әлеуметтік топтың, мекеменің немесе жеке тұлғаның билікті асыра пайдалануын болдырмау үшін мемлекеттік билікті заң шығарушылық (халық сайлайтын және қоғамды дамытуды заңдар қабылдау жолымен жүзеге асыруға бағытталған), атқарушылық (биліктің өкілдік органы тағайындайтын және заңдар мен оралымдық-шаруашылық қызметті жүзеге асырумен айналысатын) және сот (бұзылған құқықтарды қалпына келтірудің, кінәлілерді әділетті түрде жазалаудың кепілі болып табылатын) биліктері деп бөлу қажет. Және осы әр бір билік түрлері дербес және бір-бірін тежей отырып, өз функцияларын органдардың ерекше жүйесі арқылы және арнайы нысандарда жүзеге асыруы тиіс. Констиуцияда бекітілген «тепе-теңдік және тежемелік жүйесі» заң шығару, атқарушы, сот билігінің нақты бір билік түріне қатысты құқықтық шектеулерінің жиынтығын білдіреді. Мысалы, заң шығару билігіне қатысты тежемелік жүйесінде ерекше рөлді Президент иеленген, ол заң шығарушыға қатысты вето құқығын иеленеді: атқарушы билікке қатысты тежемелік сипатта болып президент өкілеттіктерінің мерзімі, импичмент, сенімсіздік вотумы, атқарушы органдардың жауапты қызметкерлеріне заңшығару-шылық құрылымға сайлануға тыйым салу, коммерциялық қызметпен айналысу табылады; сот билігі үшін конституцияда көрініс тапқан құқықшектеуші құралдар болып мыналар табылады: кінәсіздік презумпциясы, қорғану құқығы, азаматтардың заң мен сот алдындағы теңдігі, іс жүргізудің жариялылығы мен жарыспалылығы, соттарға отвод жариялау және т.б.
Мемлекет пен тұлғаның өзара жауапкершілігі қағидасы бойынша бұл саяси билікті шектеудің өзінше бір тәсілі, ол сасяи биліктің иесі ретіндегі мемлекет пен оны жүзеге асырудың қатысушысы ретіндегі азаматтың арасындағы қарым-қатынастардың адамгершілік-заңды бастамаларын көрсетеді. Қоғам мен тұлғаның бостандығын заңшығарушылық нысанда бекіте отырып, мемлекет өз шешімдері мен әрекеттерінде белгілі бір шектеулерді иеленеді. Заң арқылы ол өзінің азаматтармен, қоғамдық ұйымдармен, басқа мемлекеттер-мен қарым-қатынастарындағы әділеттілік пен теңдікті қамтамасыз ететін міндеттемелерді өз мойнына алуы тиіс. Құқыққа бағына отырып, мемлекеттік органдар ондағы ерсжелерді бұза алмайды және осы міндеттерді орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылады. Заңның мемлекеттік билік үшін міндеттілігі әкімшіліктік қателіктерді болдырмауға бағытталған кепілдіктер жүйесімен қамтамасыз етіледі. Оларға Үкіметтің өкілдік органдардың алдындағы жауапкершілігі, мемлекеттің кез-келген деңгейдегі лауазымды тұлғаларының нақты бір тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын бұзғандығы, билікті асыра пайдаланғаны, қызметтік жағдайын асыра пайдаланғаны үшін тәртіптік, азаматтық-құқықтық және қылмыстық жауапкершілігі, импичмент және т.б. жатады. Жалпы қауымның мемлекеттік құрылымдардың өз міндеттерін орындауды бақылауының нысандары болып референдумдар, депуттардың сайлаушылар алдында есеп беруі және т.б. табылады. Тұлғаның мемлекет алдындағы жауапкершілігі де дәл осы құқықтық бастамалармен негізделеді. Мемлекеттік мәжбүрлеуді қолдану құқықтық сипатта болуы, ол тұлғаның бостандығын бұзбауы және жасалған құқықбұзушылықтың ауырлығына сай болуы тиіс. Сонымен, мемлекет пен тұлғаның арасындагы қарым-қатынастар өзара жауапкершіліктің негізінде жүзеге асырылуы тиіс. Мемлекет пен қоғамның өзара қатынасы бойынша қоғам - бұл, кең мағынада, адамдардың бірлескен қызметінің тарихи қалыптасқан нысандарының жиынтығы немесе, тар мағынада, әлеуметтік жүйенің тарихи нақты типі, қоғамдық қатынастардың белгілі бір нысаны. Мемлекет - бұл саяси биліктің саяси-аумақтық, егеменді түрде ұйымдастырылуы. Қоғам мен мемлекет - әртүрлі түсініктер. Біріншісі екіншісіне қарағанда кең болып келеді, себебі, қоғамда мемлекетпен қатар мемлекеттік емес құрылымдар да (саяси партиялар, саяси қозғалыстар, қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер, еңбек ұжымдары және т.б.) болады. Мемлекет қоғамның саяси бөлігі, элементі болып табылады. Мемлекет қоғамда орталық орынды және басты рөлді иеленген. Мемлекеттің сипаты бойынша бүкіл қоғамға. Оның мәніне сипаттама беруге болады. Мемлекет қоғамға қатысты оның істерін шешу, басқару құралы рөлін атқарады. Қоғам мен мемлекеттің хронологиялық шектері де әртүрлі болып келеді: біріншісі екіншісіне қарағанда ерте пайда болған және бай даму тарихына ие. Дамыған қоғамның негізінде пайда болған мемлекет оған қатысты салыстырмалы түрдегі дербестікті иеленеді. Азаматтық қоғамның түсінігі жәнс құрылымы. «Азаматтық қоғам» түсінігін Аристотель, Цицерон, Гроций, Т. Гоббс, Дж. Локк, Гегель, Маркс және т.б. ойшылдар қалыптастырған. Барлық ғалымдар азаматтық қоғамдағы негізгі идея ретінде адам идеясын таниды. Азаматтық қоғам - адамгершілік, діни, ұлттық, әлеуметтік-экономикалық, отбасы инсти-туттары мен қатынастарының жиынтығы, солардың көмегімен жеке тұлғалар мен топтардың мүдделері қанағаттандырылатын қорғалуы [1, 34б].
Курстық жұмыстың негізгі мақсаты: Құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамды жан-жақты құқықтық сипаттау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- құқықтық мемлекеттің түсінігін беріп , мәнін ашу;
- Қазақстанда құқықтық мемлекет құру жолдарын көрсету;
- құқықтық мемлекеттің негізгі қағидаларына құқықтық талдау жасау;
- азаматтық қоғамға құқықтық сипаттама беру.
Курстық жұмыстың өзектілігі: құқықтық мемлекет - бұл адам мен азаматтың құқықтар мен бостандықтарының толық түрде қамтамасыз етілуіне және құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында мемлекеттік билікті құқықпен мейлінше байланыстыруға жағдай жасаушы саяси билік ұйымы сондықтан, қай уақытта болсын оның мәні күн сайын қызығушылық тудырып, зерттеуді талап етеді.
Азаматтық қоғам – саяси өкіметке тәуелсіз жұмыс істейтін және оған ықпал жасауға қабілетті әлеуметтік қатынастар мен институттар жиынтығы; дербес жеке адамдар мен әлеуметтік субъектілер қоғамдастығы. Қандай да болмасын қоғамдық мәні бар идеяларды қабылдау қашанда сұхбатты, яғни сұхбаттасушы жақтардың түрлі көзқарастарын және маңызды тепе-теңдігін білдіреді. Ешкім ешкімге өз түсінігін мойындатуды да, ешкім ешкімді дәлме-дәл қайталауды да мақсат етпейді. Идеялар белгілі қоғамның, әлеуметтік дамудың талаптарына сәйкес келетіндіктен қабыл алынады. Сондай идеялардың қатарына азаматтық қоғам идеясы жатады. Азаматтық қоғам туралы әр түрлі көзқарастар, әр түрлі бағдарлар бар.
1 Құқықтық мемлекет туралы жалпы ілім
1.1 Құқықтық мемлекеттің түсінігі, мәні
Құқықтық мемлекет - бұл адам мен азаматтың құқықтар мен бостандықтарының толық түрде қамтамасыз етілуіне және құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында мемлекеттік билікті құқықпен мейлінше байланыстыруға жағдай жасаушы саяси билік ұйымы.
Құқықтық мемлекеттің мәнін қарастыруда оның негізгі екі жағын (екі негізгі қағиданы) бөліп қарастыруға болады:
1) мазмұнды жағы - адам
мен азаматтың құқықтары мен
бостандықтарын мейлінше толық
көлемде қамтамасыз етуден, тұлға
үшін құқықтық ынталандыру
2) формальды-заңды жағы - мемлекеттік билікті құқықпен байланыстырудан, мемлекеттік құрылымдар үшін құқықтық шектеу режимін орнықтырудан көрінеді.
Сонымен қатар, құқықтық мемлекеттің қағидасына мыналар да жатады:
- билікті заңсыз пайдалануды
болдырмау мақсатында оны
- заңның үстемдігі, яғни,
биліктің жоғары органымен
- мемлекет пен тұлғаның өзара жауапкершілігі;
- қоғамдағы құқықтық сана
мен құқықтық мәдениеттің
- азаматтық қоғамның болуы
және тарапынан құқық
Адамзат тарихында мемлекет және құқық пайда болғаннан кейін ұлы ойшылдар мен ғұлама тарихи тұлғалар билік жүргізуші топтардың баскаруды іс жүзіне асыруда заңсыздык пен бассыздык, шексіз билікпен тиранияға кеүінен жол ашып, адам кұкыктарын басып-жаншыған, қырғынға ұшыраткан жантүршігерлік әрекеттерін қатаң сынға алды. Мемлекеттің шексіз билігін шектеудің тетіктерін карастырды. Атап айтканда ұлы Сократ, Платон, Аристотель, Хан Фей, Хамурапи, жана заманда Н.Ма¬киавелли, Б.Б.Спиноза, И.Кант, Т.Гобсс, Д.Локк, Г.В.Гегель, Ш.Уәлиханов, Абай, А.Байтњрсынов, Жакып Акбаев, Б.Сыртанов сиякты ойшылдар адам құқықтарының тиімді корғалып, коғамда әділеттіліктін орнауын ұсынған идеяларында басты максат етті.
Құқықтық мемлекет дегеніміз мемлекеттте гуманизм, адамгершілік, теңдік, бостандық идеяларының құқықтық қагидаларга ұласып, құқық үстемдік еткен, бассыздық пен заңсыздыққа жол бермеу ушін биліктің барлык, тармақтарын арнайы тетіктермен тежеу арқылы адам құқықтарының тиімді қорғалуы [2, 54б].
Құқықтык мемлекет - бұл адам мен азаматгың құкықтар мен бостандықтарының толық түрде қамтамасыз етілуіне және кұкық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында мемлекеттік билікті құкықпен мейлінше байланыстыруға жағдай жасаушы саяси билік ұйымы.
Құқықтық мемлекеттің мәнін қарастыруда оның негізгі екі жағын, екі негізгі қағиданы бөліп қарастыругаболады:
- мазмұнды жағы - адам
мен азаматтың құкықтары мен
бостандықтарын мейлінше толық
көлемде қамгамасыз етуден, тұлға
њшін құқықтық ынталандыру
- формальды-заңды жағы-
Сонымен қатар, құқықтық мемлекеттің қағидасына мыналар да жатады:
- билікті заңсыз пайдалануды
болдырмау мақсатында оны
- заңның үстемдігі, яғни, биліктің жогары органымен барлық конституциялык түртіптерді сақтай отырып қабылданған заң атқарушылық билік актілерімен жоққа шыгарылуы, өзгертіліуі жэне тоқтатылуы мүмкін емес;
- мемлекет пен тұлғаның өзара жауапкершілігі;
- қоғамдағы құқықтық сана мен құқықтық мәдениеттің жоғары деңгейі;
Информация о работе Қоғам жүйелерінің саяси, экономикалық, әлеуметтік және заңға сүйенген қатынасы