Қоғам жүйелерінің саяси, экономикалық, әлеуметтік және заңға сүйенген қатынасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Мая 2015 в 22:37, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан халқы егеменді мемлекеттің ұлттық өркендеу процесінің негізін 90-жылдары қалай бастады. Біздің ата-қонысымыз мыңдаған жылдар бойына талай басқыншылықты басынан кешті. Қаншама көне қалалар, мәдени орталықтар қирады, кітаптар өртеліп, жазықсыз жандар кұрбан болып, өлшеусіз қан төгілді. Бірақ қандай қырғын болса да алтын бесік ата-баба жері, атамекен дәл бүгінгідей ойрандалған емес. Жер ананың аялы алақанында аман қалған әрбір от басынан рулы ел тарап, халық қашан да еңсесін көтеріп, ел болып дамып кете беретін.

Содержание работы

Кіріспе 3

1 Құқықтық мемлекет туралы жалпы ілім 6
1.1Құқықтық мемлекеттің түсінігі, мәні 6

1.2 Қазақстанда құқықтық мемлекет құру жолдары 8
2 Құқықтық мемлекеттің негізгі қағидалары 11
2.1 Құқықтық мемлекет құрудың бас қағидалары 11
2.2 Биліктің тармақтарға бөлінуі құқықтық мемлекеттің қағидасы 16
2.3 Мемлекет пен тұлғаның өзара жауапкершілігі 18
3 Қоғам жүйелерінің саяси, экономикалық, әлеуметтік және заңға сүйенген қатынасы 20
3.1 Қоғам жүйелерінің бір бірімен қарым-қатынасы 20
3.2 Азаматтық, қоғамдық бірлестіктері, кәсіподақтар, партиялар, жаппай қозғалыстар, шіркеу, бұқаралық ақпарат құрылдары 25
Қорытынды 28
Қолданылған әдебиеттер тізімі 31

Файлы: 1 файл

кукыктык мемлекет жане азаматтык когам.doc

— 239.00 Кб (Скачать файл)

       Саяси  жүйе қоғамның обьективтік даму  процесінде қалыптасып, өмірге келеді. Саяси жүйесінің негізгі міндеті экономикалық, рухани, мәдени базисқа сәйкес қоғамдық биліктің мазмұнын анықтап сол билікті орнату, дамыту, нығайту. Қоғам өзгерсе саяси жүйе де өзгереді.

Саяси жүйенің төрт бағыты болады:

        - институционалдық – мемлекет, саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар бірігіп қоғамның саяси жүйксін құрайды;

- реттеуші – құқық, саяси нормалар, әдет – ғұрып, мораль т.б;

- функциональдық – саяси әрекеттің тәсілдері, саяси жүйе;

- идеологиялық – саяси сана, қоғамдағы үстемдік идеология.

Саяси жүйесінің негізгі элементтері: саяси және құқықтық нормалар, саяси құрылыс, саяси іс - әрекет, саяси сана және саяси мәдениет қорғалуы [18, 111б].

         Саяси жүйе сыртқы және ішкі  саясаттың жүзеге асуын қамтамасыз  етеді, әлеуметтік топтардың мүдделерін қалыптастырады, білдіреді және қорғайды. Оның сипаты, ең алдымен, осы саяси жүйесінің пайда болған

және қызмет ететін әлеуметтік ортасы арқылы анықталады:

- еңбек нәтижелері саналы түрде мемлекеттік ұйымдасқан адамдардың ерекше тобымен бөлінетін әлеуметтік орта. Мұндай ортада меншіктің мемлекеттік және қоғамдық түрлері орын алады, өзіндік меншікке рұқсат берілуі мүмкін, ал жеке меншік мүлдем болмайды;

- әлеуметтік ортаның екінші түрі қоғамның экономикалық өмірінің нарықтық – ақшалық негізіне, еркін кәсіпкерліктің тәжерибесі мен идеологиясына негізделеді. Мұндай саяси жүйелерде мемлекет нарықтық экономика үшін жағдайларды ұйымдастырушы ретінде көрініс табады, азаматтардың құқықтары мен бостандықтардың қамтамасыз етеді. Мұндай жүйеде партиялар билікті сайлау;

- компанияларына қатысу арқылы, құқықтық нысандар саяси          мақсаттарға жетудің негізгі құралына айналады;

- әлеуметтік ортаны ұйымдастырудың үшінші түрі – аралас түр ол конвергенция деген атқа ие болды. Конвергенциялық саяси жүйелер бір әлеуметтік ортадан екінші әлеуметтік ортаға өту кезінде пайда болады. Конвергенциялық саяси жүйелерге әртүрлі мақсаттағы және мазмұндағы көптеген саяси институттардың араласуы тән болып келеді. Билік пен азаматтық қоғамның ортақ міндеті әлеуметтік мемлекет құру, елдің экономикалық басып өзара дамуын ынталандыру және азаматтардың елауқатын артыру мақсатында әлеуметтік саясаттын артыру болып табылады. Саяси жүйелердің пайда болатын әлеуметтік ортасының сипатына қарай мынадай саяси жүйе түрлері болады: тоталатарлық, либералдық – демократиялық және аралас жүйелер; ал өзара байланысу сипатына қарай ашық және жабық саяси жүйелер болады.

          Экономикалық жүйе – қоғамдағы  меншіктің түрлері, өндіруші күш  пен өндірісті қатнастар, материалдық  кірісті әділ бөлуді қалыптастыру. Бұл жүйенің құрылым элементтері: жеке, миниципальдық, акционерлік, кооперативтік, мемлекеттік, фермерлік меншіктер мен шаруашылықтар және қоғамдық кірісті, байлықты әділ бөлу.

       Қазақстан Республикасының Конституциясында елімізде азаматтық қоғамды қалыптастырып, демократиялық зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет құру бағыттары көрсетілген. Бұл бағыт мемлекетіміздің ең күрделі, ең жауапты мүдде – мақсаты.

Әлеуметтік  жүйе – обьективтік тұрғыдан қалыптасқан адамдардың бірлестіктері, ұыйымдары, одақтары т.б., оладың өзара байланысты бұл жүйеге азаматтық қоғамның ең негізгі ұйымдастырушы жүйесі үш топқа бөлінеді:

- бірінші тобы – қоғамның үзіліссіз өмір сүру негізін жасаушы, дамытушы топ: бала тәрбиелеу, табиғи өмірді жалғастыру;

- екінші тобы – адамдардың өзара, бір – бірімен байланысы, қатынасы;

- үшінші тобы – қоғамдық ұйымдардың, таптардың, топтардың, ұлттардың ара қатнастары (19, 18б.).

Азаматтардың Конституцияда кепілдік берілген әлеуметтік – экономикалық құқықтарын іске асырауды қамтамасыз ететін мемлекеттік нормалар мен нормативтер белгілеуге бейімделген және санымен бір мезгілде мемлекеттің әлеуметтік саясатын жүзеге асыру үшін бағдарлық қызмет атқаратын өмір сүру сапасының ұлттық стандартын әзірлеу және практикаға енгізу қажет. Әлеуметтік мазмұнына қарай саяси жүйе бірнеше түрде бөлінеді: демократиялық, либерал – демократиялық, шовинистік,

ұлтшылдық, россистік, тоталитарлық, фашистік т.б. Қоғамдық ықпалына 

қарай саясат жариялы және құпиялы болып екіге бөлінеді. Саяси жүйесінің  барлық саласы өздерінің жұмысын әлеуметтік нормалар, оның ішінде басым түрде құқықтық арқыры жүргізіледі. Мемлекет барлық саяси партиялар, ұйымдар, ұжымдар заңдылықты, құқықтық тәртіпті қатаң сақтап, қорғайды. Қоғамдық заңдылық қоғамдық дамытудың негізгі бағытын анықтайды, кездейсоқтың біразын қамти отырып, заңдылық өзіне қажеттілікпен жол табады. Қоғамдық заңдылық абсолюттік идея түрінде қоғамға сырттан табылмайды, адам қызметі және оның әлеуметтік жағдайлары: өндіргіш күштер, өндірістік қатнастар, өндіріс өнімдері т.б. рухани мәдениет қосындысынан туады қорғалуы [20, 81б].

        Адамдар  заңның құлы болмайынша құқықтық  тәрпіп те, демократия да жақсы  дамуға тиіс емес. Бұл туралы  тәжірибесінен қалыптасқан мынадай  өсиет сөз бар:

- заң – мемлекеттің ақылы;

- сот – мемлекеттің тәртібі;

- мәдениет – мемлекеттің тәртібі;

          Міне, осы үш қағидалы өсиет  өзара бірігіп қалыптасып және  мемлекеттің ішкі заңдары көпшілік  таныған халық аралық құқықтық  нормалар мен принциптерге сәйкес  келсе елімізге мемлекет орнайды.

Сонымен жүйенің даму заңдылықтары дегеніміз – қоғам өмірінің әр кезеңінде саяси - әлеуметтік құбылыстардың бірлесіп саяси жүйесінің обьективтік, тұрақты даму процесінің заңдылықтарына айналуы қорғалуы [21, 77б].

 

 

3.2 Азаматтық қоғамдық бірлестіктер, кәсіподақтар, партиялар, жаппай қозғалыстар, шіркеу, бұқаралық ақпарат құралдары

 

      

          Азаматтық қоғам институттарына  саяси партиялар, жергілікті қоғамдастықтар, кәсіптік одақтар, діни бірлестіктер, шығармашылық, қоғамдық және ғылыми одақтар мен бірлестіктер, шіркеу, бұқаралық ақпарат құралдары, сондай – ақ қоғам үшін тірлі қызмет пен көрсетулердің кең ауқымын іске асыратын, қызметтің алуан түрін жүзеге асыратын мемлекеттік емес қорлар, коммерциялық емес мекемелер, заңды тұлғалар одақтары (қауымдастықтары), қоғамдық пайдалы міндеттерді шешетін басқа да ұйымдар мен бастамашыл топтар түрінде құрылған мемлекеттік емес ұйымдар жатады.

         Саяси партия – мемлекеттік  биліктің, жергілікті өзін - өзі басқарудың  өкілетті және атқарушы органдарында азаматтардың, түрлі әлеуметтік топтардың мүдделерін білдіру және оларды қалыптастыруға қатысу мақсатында олардың саяси білдіретін Қазақстан Республикасы азаматтарының ерікті [22, 29б]. 

        Қоғамдық  бірлестіктер – саяси партиялар, кәсіптік одақтар және азаматтардың ортақ. Мақсаттарға қол жеткізуі үшін ерікті негізде құрылған, заңнамаға қайшы келмейтін басқа да бірлестіктері. Қоғамдық бірлестіктер коммерциялық ұйымдар болып табылады.

        Мемлекет  өзінің билігін саяси партияларға, қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктерге, еңбек ұжымдарына, жергілікті өзін - өзі басқару ұйымдарына, азаматтарға сүйене отырып іске асырады. Ннді осы байланыстарға қысқаша тоқтап өтейік.

         Мемлекет және саяси партиялар  – бұл екеуі бірігіп қоғамды  басқарудағы ең шешуші күш. Басқарудың сапалы немесе сапасыз болуы осы екі бірлестіктің қызметіне байланысты. Сондықтан олардың іс - әрекеті халықтың, үкметтің үнемі бақылауында болады.

        Нәтижесінде  елде  Қазақстанның халық конгрессі, Алаш партиялары, Қазақстанның социал – демократиялық партиясы [КСДП], Қазақстанның социалистік партиясы, Қазқстанның Республикалық партиясы, Лад Республикалық славян қозғалысы және Азат Қазақстанның азаматтық қозғалысы, Мемориал қоғамдық – ағарту қоғамның филиалы, Алматы – Хельсин тобы, Бірлік қозғаласы, Әділет тарихи – ағарту қоғамы, Поколение зейнеткерлер қозғалысы және басқалары пайда болды.

      1990 жылдардың  басында Әлеуметтік қорғау құрылды, оның аясына қоғамдық өткір  проблемаларды талқылау, оларды  шоғырланған  негізінде шешудің тетіктерін іздестіру жолымен еңсеру жөнінде бірлескен жұмыс үшін 28 түрлі ұйымдар, партиялар, қозғалыстар бірікті.

       Партиялар  мен қозғалыстардың құрылуы мен  жұмыс істеуі және тиісінше, елдің  партиялық жүйесінің одан әрі  дамуы үшін құқықтық өріс құруға 1995 жылы Қазақстан Республикасының Конституциясы мен 1996 жылы Қазақстан Республикасының Қоғамдық бірлестіктер туралы және Свяси партиялар туралы заңдарының қабылдануы  ықпал етті. Бұдан басқа, Қазақстан халықтары Ассамблеясына біріккен ұлттық мәдени орталықтар белсенді дами бастады. Этносаралық келісім елде реформалар жүргізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін іргетасқа айналды [23, 12б].

      1990 жылдың  аяғы азаматтық институттар қызметінің  кәсібиленуімен ерекшеленді, мұның  өзі олардың қоғамдық проблемалардың, қажеттіліктер мен мұқтаждытардың түрлі ауқымын шешу жөніндегі жұмысының тиімділігін көтеруіне мүмкіндік береді.

      Мемлекет  пен азаматтар мемлекеттің жұмысына  тікелей қатысып немесе өздерінің  өкілдері арқылы өз ой –  пікірлерін білдіріп отыруға құқықтары бар және ақпарат, радио, теледидар да өздерінің тілектерін, талаптарын, сын – пікірлерін айтуға құзіреті бар. Мемлекеттік орындар көмек көрсетіп, толық бостандық беруге міндетті. Егерде бұл іс - әрекет екі жақты сапалы жүргізілсе қоғамға, халыққа тиетін жақсылығы көп болады деуге болады.

        1998 жылғы 7 қазанда ел Парламентінің Қазақстан  Республикасының Конституциясына  елдің сайлау жүйесіне партиялық  тізімдер бойынша сайлау енгізуді  көздейтін өзгерістермен толықтырулар  енгізуі партиялық құрылыс процестерін жеделдетті. Сөйтіп, 1998 жылғы желтоқсаннан бастап 1999 жылғы тамыз айынын қоса алғанда, Қазақстанның азаматтақ партиясы [ҚАП], Қазақстанның Республикалық халықтың партиясы [ҚРХП], Азамат демократиялық партиясы, Қазақстанның аграрлық партиясы, Отан Республикалық саяси партиясы, Қазақстан әйелдерінің демократиялық партиясы, Руханият партиясы, Алаш Қазақстанның ұлттық партиясы құрылды. Парламентте партиялық фракциялар пайда болды.      2002 жылғы шілдеде қабылданған және күшіне енген Саяси партиялар туралы Қазақстан Республикасының Заңы елдің партиялық жүйесіндегі одан арғы сапалық құрылымдық өзгерістерге алып келді.

        2003 жылы  ел Үкіметі үкметтік емес ұйымдардың  мемлекеттік қолданудың 2003 – 2005 жылдарға  арналған бағдарламасын бекітті, срған облыстық бағдарламалар әзірленді.

        Сол  жылдың өзінде – ақ Әлемдік  және дәстүрлі діндер лидерлерінің  бірінші съезі өткізіліп, оған  көптеген көрнекті дін қайраткерлері, әртүрлі конгрессиялық өкілдері  қатысты, Бейбітшілік пен келісімге декларациясы қабылданылып, Бейбітшілік пен тұрақтылық форумы құрылды.

        Әлеуметтік  қажеттілікке, елдегі партиялық  құрылыс баяу қарқынмен жүруде, партиялардың ролі өкілеттігі  шектеулі. Партиялардың көпшілігінде  қажетті қаржылық және материалдық  ресурстар, саяси партияларды тіркеу үшін қол жинау мәселелері жөнінде нақты ережелер мен регламент жоқ. Партияларды қайта ұйымдастыру, біріктіру және қосу мәселелерді заңнамалық реттеуді қажет етеді. Саяси партиялардың сайлау комиссияларын құруға қатысу тетігі жетілдірілмеген.

       Қазақстандық  қоғамда дінге байланысты әртүрлі  оқиғаларды хабарлауда, бұқаралық  ақпарат құралдарына сенушілердің  діни сезімін және діни бірлестіктер  атағын қорлайтын материалдарға  дініне қарамастан, жол берілмеуі  тиіс. Бұқаралық ақпарат құралы – мерзімді баспа сөз басылымы, радио – және теледидар бағдарламасы, киноқұжаттама, дыбыс – бейне жазбасы және көпшілік қол жеткізе алатын телекоммуникациялық желілердегі (интернет және басқалары) WEB – сайттарды қоса алғанды, бұқаралық ақпаратты мезімді немесе үздіксіз жария таратудың басқа да нысаны. Бұқаралық ақпарат құралдарының, баспа кәсіпорындарының мемлекет иелігінен шығу, сондай ақ БАҚ – тың мемлекеттік қаржыландыру мен дотациялау жүйесінен мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізуге арналған мемлекеттік тапсырысқа көшу процесіне байланысты массмедия нарығында сапалық өзгерістер болады.

        Отандық  Бұқаралық ақпарат құрлымы бәсекеге  қабілеттілігінің дамуы нормативтік  – құқықтық және экономикалық  ынталандыру болғандықтан тежеліп  отыр. Көптеген  БАҚ – тың материалдық – техникалық базасы жеткіліксіз және қаржылық қаражаты шектеулі, сондай – ақ мемлекеттік ақпараттық саясат бағдарламалары шеңберінде бюджет қаражатына қол жеткізе алмайды. БАҚ аккредиттеу, мемлекеттік  органдардан ақпара, өз хаттары мен өтініштеріне жауап алу кезінде қиыншылық көруде. Журналистер мен БАҚ – тық құқықтық қорғалу деңгейінің төмендігі Қазақстандағы сөз бостандығының шектелуіне әкеледі [24, 89б].

        БАҚ  басшылары мен журналистер діни  бірлестіктер теңдігінің заңдық ұстамын ескертіп, осыған байланысты оларға құралдарында шығуға тең мүмкіндік беруі тиіс.

        БАҚ  қызметкерлерінің дін тану және  құқықтық мәдениеті деңгейіе  көтеру үшін мәдениет пен ақпарат  саласындағы мемлекеттік органдар  діни бірлестіктер, дін мамандарын, мемлекеттік қызметкерлерін тартып, журналистерге семинарлар, жаттығулар өтізу тиіс. 

Информация о работе Қоғам жүйелерінің саяси, экономикалық, әлеуметтік және заңға сүйенген қатынасы