Қоғам жүйелерінің саяси, экономикалық, әлеуметтік және заңға сүйенген қатынасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Мая 2015 в 22:37, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан халқы егеменді мемлекеттің ұлттық өркендеу процесінің негізін 90-жылдары қалай бастады. Біздің ата-қонысымыз мыңдаған жылдар бойына талай басқыншылықты басынан кешті. Қаншама көне қалалар, мәдени орталықтар қирады, кітаптар өртеліп, жазықсыз жандар кұрбан болып, өлшеусіз қан төгілді. Бірақ қандай қырғын болса да алтын бесік ата-баба жері, атамекен дәл бүгінгідей ойрандалған емес. Жер ананың аялы алақанында аман қалған әрбір от басынан рулы ел тарап, халық қашан да еңсесін көтеріп, ел болып дамып кете беретін.

Содержание работы

Кіріспе 3

1 Құқықтық мемлекет туралы жалпы ілім 6
1.1Құқықтық мемлекеттің түсінігі, мәні 6

1.2 Қазақстанда құқықтық мемлекет құру жолдары 8
2 Құқықтық мемлекеттің негізгі қағидалары 11
2.1 Құқықтық мемлекет құрудың бас қағидалары 11
2.2 Биліктің тармақтарға бөлінуі құқықтық мемлекеттің қағидасы 16
2.3 Мемлекет пен тұлғаның өзара жауапкершілігі 18
3 Қоғам жүйелерінің саяси, экономикалық, әлеуметтік және заңға сүйенген қатынасы 20
3.1 Қоғам жүйелерінің бір бірімен қарым-қатынасы 20
3.2 Азаматтық, қоғамдық бірлестіктері, кәсіподақтар, партиялар, жаппай қозғалыстар, шіркеу, бұқаралық ақпарат құрылдары 25
Қорытынды 28
Қолданылған әдебиеттер тізімі 31

Файлы: 1 файл

кукыктык мемлекет жане азаматтык когам.doc

— 239.00 Кб (Скачать файл)

 

 

Қорытынды

 

 

Азаматтық қоғамды дамыту демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет құрудың маңызды шарты болып табылады. Қоғамдық прогресс, демократиялық даму, экономикалық өрлеу азаматтардың қоғам тыныс – тіршілігінің барлық маңызды салаларына белсенді қатысқан жағдайда ғана мүмкін болады.

Осы азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдасын іске асыру елдің адами, әр адамның өз тағдыры мен ел тағдырына деген жеке жауапкершілігін арттыру, билік қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуге, жемқорлық пен озбырлықты, мемлекеттік бюрократияның билікті асыра пайдалану көріністерін түбірімен жою үшін жағдай жасауға, елдің әр азаматының өмір сүруінің жоғарғы деңгейіне жедел қол жеткізуге, азаматтардың Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепілдік берілген құқықтары мен бостандықтарын сақтауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Қоғам тарапынан билікке деген сенім құрмет әлеуметтік татулық пен келісімнің, саяси тұрақтылықтың және тиісінше Отанымызды тұрақты дамытудың берік іргетасы болып табылады. Өзінің күрделі де жарқын тарихымен, әлемдік қоғадастыққа лайықты кіруге ұмтылысымен Қазақстан азаматтық қоғамның ұсынылып отырған моделін іске асыруға әзір.

Қоғамдық сана құқыққа және өмір шындығының жалпы қоғамда қалыптасқан құбылыстарына көзқарасты бейнелейді. Қоғамдық құқықтық санада қоғамда жеке адамның бостандығына және меншікке ешкімнің тиіспеушілігіне кепілдік бере алатын теңдесі жоқ әлеуметтік құндылық ретінде құқық түсінігі орнығады. Құқық болмайынша, оның екеуі де жоқ.

Тыйым салушы нормалар мен қызметтік көзқарастың басым болуы оған бүлдірушілік ықпал етеді. Соның салдарынан қоғамдық құқықтық санада құқықтың мәнін қажеттіліктің пен әділеттіктің шоғырланған көрінісі ретінде емес, қайта күштеу ретінде қабылдау мен түсіну сақталып келеді.

Сондықтан да құқық нормаларын сақтауға азаматтан гөрі, мемлекет көбірек мүдделі деген пікір таралып кеткен. Халық өзі дауыс беріп қабылдаған заңын әрдайым әділ деп есептейді. Заңға құрмет болмайынша, оны қастерлеу ішкі қажеттілікке айналмайынша, заңның құдіреті шамалы болады. Конституция мәртебелі болуы үшін, оның принциптері, қағидалары қоғам, мемлекет, халық өкіметінің туы, қазығы, мәні болуға тиіс. Заң жақсы жұмыс істеуі үшін, оны бұлжытпай орындау азаматтардың күнделікті дағдысына, үйреншікті әдетіне айналуға тиіс. Әртүрлі амал-айламен заңды айналып өтуге тырысушылық өркениетті елдің мәдениетіне жатпайды. Бізде қылмыс, ұрлық-қарлық, жемқорлық көп. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заң бекерден-бекерге шығып отырған жоқ. Бұл қылмыстың дәрежесі қоғамға, мемлекетімізге, едәуір қауіп төндіріп, алға басуымызғ бөгет бола бастады.  Заңды қабылдағаннан соң оны мүлтіксіз орындау қажет. Қалың көпшіліктің заңды жаппай мойындауын, іштей түйсініп сезінуін, өз өмірінің басты ережесіне айналдыруын қамтамасыз ету оңай шаруа емес. Заң беделге, мансапқа, лауазымға, ақшаға, байлыққа сатылмай, тек ақиқатқа бас иеді. Біз де келешекте осыған жетуіміз керек. Құқықтық мемлекет құру мен қоғамды демократияландыру – қайшылықты, ұзақ та күрделі процесс. Бұл біздің жас мемлекетіміздің аяғынан қаз тұру жолынан да жақсы байқалады. Тоталитарлық жүйеден демократиялық қоғам өміріне өту қажеттілігі айқын болған күннен бастап-ақ Қазақстан тұрғындарының алдында ең алдымен Қазақстан мемлекетінің егемендігі мен тәуелсіздігін қорғау міндеті тұрады.

Бұл орайда демократияны дамыту – меншік қатынастарын реформалау мен нарықтық экономикаға өту экономиканы тығырықтан алып шығудың, ұлттық мемлекеттің қалыптасуына қолайлы жағдай туғызудың толассыз жолы. Саяси саладағы басты мақсат – жас егеменді мемлекетті қуатты президентті республика етіп қалыптастыру. Біздің мемлекетімізде барлық азаматтардың теңдігі барлығының заң алдындағы бірдей жауапкершілігі, кімнің қай ұлтқа жататындығына қарамастан, бірдей екендігі әуелден-ақ нақты көрсетілген. Әрине, кейбір жағдайда жергілікті ұлт – қазақтардың мүддесі ерекше ескеріледі. Мұндай жағдайға ұлттық мәдениетті, тілді өркендету, қазақ диаспорасының рухани-мәдени және басқа да байланыстарын қалпына келтіру, олардың өз Отанына қайтып оралуына қолайлы жағдайлар туғызу жатады [25, 6б]. Басқа елдер деңгейімен салыстырмалы түрде алғандағы экономикалық байлыққа қол жеткізудің алғышарты – бүкіл қоғамдық өмірді демократияландырған тұрақты құқықтық мемлекет құру болып саналады. Құқықтық демократиялық мемлекетте Конституция, яғни біздің қоғам өмірінің Негізгі Заңы аса жоғары мәнге ие. Конституция жобасы Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан бастап жасалына бастады. Конституция қабылдаудан бұрын бүкілхалықтық талқылаудан өтті. Біздің Конституциямыз бойынша Қазақстан халқы егемендіктің иесі, республикадағы мемлекетік биліктің жалғыз қайнар көзі болып табылады. Республикада тек қазақтар ғана емес, басқа ұлт өкілдері де тұрады. Сондықтан саяси ымыраға келу қажет болғандықтан қазақ халқы өз қамын күйттеумен қатар, жас мемлекетіміздің тыныштығын, оны одан әрі нығайтуды ойлауы керек.

Құқықтық мемлекет құру, қоғамдық өмірді демократияландыру, жалпыұлттық келісім мен ынтымақ Қазақстан Республикасының әлемдік қауымдастықтың лайықты толық мүшесі болып енуінің басты шарты болып табылады.

Біздің Негізгі Заң дүние жүзіндегі ең жас Конституциялардың бірі. Нағыз сәби шағы. Оған өзгерістер енгізуге кейде ұсыныстар болады. Бұлай өзгерістер енгізе беру Конституцияның беделін көтермейді. Уақыты келгенде, пісуі жеткенде ғана өзгерістер енгізген жөн. Қазақстан бүгінгі таңда әлеуметтік-экономикалық жаңару мен саяси демократияландырудың жаңа кезеңіне қадам басқалы тұр. Мен өзіміздің әлемдік рейтинг кестесінің жоғары бөлігіне іліккен елдер тобының ішінен орын алуымызға мүмкіндік беретін басты негіздер мыналар деп білемін.

Біріншіден, өркенді де өршіл дамып келе жатқан қоғамның іргетасы тек қана осы заманғы, бәсекеге қабілетті және бір ғана шикізат секторының шеңберімен шектеліп қалмайтын ашық нарық экономикасы бола алады. Бұл — жеке меншік институты мен келісім-шарттық қатынастарды құрметтеу мен қорғауға, қоғамның барлық мүшелерінің бастамашылығы мен іскерлігіне негізделген экономика.

Екіншіден, біз аға ұрпақты, ана мен баланы, жастарды қамқорлық пен ілтипатқа бөлейтін әлеуметтік бағдарланған қоғам, ел халқының барлық топтары тұрмысының жоғары сапасы мен алдыңғы қатарлы әлеуметтік стандарттарын қамтамасыз ететін қоғам құрудамыз.

Үшіншіден, біз еркін, ашық әрі демократиялық қоғам орнатудамыз.

Төртіншіден, біз дәйекті түрде саяситежемелік пен тепе-теңдіктің үйлестірілген жүйесіне негізделген құқықтық мемлекет құрып, оны нығайта береміз.

Бесіншіден, біз барлық діндердің тең құқылығына кепілдік береміз және Қазақстанда конфессияаралық келісімді қамтамасыз етеміз. Біз Исламның, басқа да әлемдік және дәстүрлі діндердің озық үрдістерін құрметтеп әрі дамыта отырып, осы заманғы зайырлы мемлекет орнатамыз.

Алтыншыдан, біз қазақ халқының санғасырлық дәстүрін, тілі мен мәдениетін сақтап, түлете береміз. Сонымен қатар ұлтаралық және мәдениетаралық келісімді, біртұтас Қазақстан халқының ілгері дамуын қамтамасыз етеміз.

Жетіншіден, біз өз елімізді халықаралық қоғамдастықтың толық құқылы және жауапты мүшесі ретінде қарастырамыз, ал мұның өзі біздің аса маңызды басымдықтарымыздың бірі. Қазақстан мұнда геосаяси тұрақтылықты және өңірдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде маңызды міндеттер атқарып отыр. Бүгін, cіздерге, құрметті қазақстандықтар, өзімнің жыл сайынғы Жолдауымды арнай отырып, мен Қазақстанның әлемнің бәсекеге барынша қабілетті әрі серпінді дамып келе жатқан мемлекеттерінің қатарына қарай қадам басуы жолындағы негізгі басымдықтарды ұсынғым келеді. Адам, қоғам, заң бір-бірімен тығыз байланыста. Адам туылғаннан бастап өлгенге дейін құқықтық қабілетті, оның заңнан қашып құтылуы мүмкін емес, сол себепті адам Заңды жете білуі керек. Себебі мемлекеттің дамуына орай қоғамымыз оған лайықты өсіп өркендеуі керек. Қазақстанда құқықтық мемлекет құру азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаумен байланысты арнайы институттарды одан әрі жетілдіруді талап етеді. Бұл жерде тек құқық қорғау органдары, сот саласы ғана емес барлық салалар жетіліп, жаңаруы қажет- деп мақала мәтіні аяқталған

Конституция Қазақстанның демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде дамуына қолайлы жағдай жасайды. Заңда белгіленген барлық тұжырым, қағидалар өмірдің барлық салаларын өркениетті заң жүзінде басқаруға жағдай жасап отыр.

Еліміздің бұл Негізгі Заңы бірінші рет Қазақстан Республикасын президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет деп жария етті. Бұл мемлекеттің құзырына өз аумағының тұтастығын, сырттан қол сұғылмауын және бөлінбеуін қамтамасыз ету толығымен жатқызылады.

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

 

1 Казақстан республикасының Конституциясы. Алматы 1995 ж.

2 Нысанбаев Ә. “Жалпы ұлттық келісім және демократиялық даму”. Егеменді  Қазақстан газеті. 1997 жыл. 25-26 наурыз.

3 Қалмырзаев Ә. Халықтың қуаты бірлікте. “Ата-заң арналары”. Егеменді Қазақстан газеті. 1998 жыл. 27-тамыз.

4 Нерсесянц В С. Общая теория права и государства. М., 1999. 4-бет.

5 СапаргалиевҒ., ИбраеваА. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, 1998. 16-бет.

6 Жоламан К.Л-, Мухтарова А.Қ., Тђуекелов А.Н. Мемлекет және кұкык теориясы. Алматы, 1998. 5-бет.

7 Ағдарбеков Т. Кұқык және мемлекет теориясы. Караганды, 2002. 10-бет.

8 Кудайбергенов УД. Теория государства и права. Алматы, 1999. 3-бет.

9 Сапарғалиев Ғ.ҚР Конституциялық құқығы: Академиялық курс. Өңделіп,  толықтырылған, 2- басылымы.- Алматы: Жеті жарғы, 2004.-480бет.

10 ҚР-ның Конституциясы- Астана: Елорда,2008.-56б.

11 Азаматтық кодекс-Астана: ЮВ,2010.

12 О положении в стране и основных направлениях внутренней и внешней по¬литики на 1997 г.// Казахстанская правда, 1996 жылгы 8 казан. Послание Президента страны народу Казахстана Казахстан—2030: процветание, безопасность, улучшение благосостояния всех казахстанцев", Алматы, 1997.

13 Д.А. Булгакова. Мемлекет және құқық теориясы. Оқу құралы. Алматы 2005.

14 Ғ.С.Сапарғалиев, А.С.Ибраева. Мемлекет және құқық теориясы. – Астана. Фолиант, 2007.

15 Жоламан Қ.Д. Мемлекет және құқық теориясы.  Оқулық Нур-пресс –Алматы 2007.

16 Сапарғалиев Ғ.С. Мемлекет және құқық теориясы. – Алматы: Жеті жарғы, 1998.

17 Ибраева А. Ибраева Н. Теория государства и права. Учебное пособие. –Алматы 2001.

18  Баянов Е. Мемлекет және құқық негіздері, Алматы.: 2001ж.

19  Дулатбеков Н. Мемлекет және құқық негіздері. Астана., 2001ж.

20 Спиридонов Л.И., Теория государства и права. М., 1995

21 Храпанюк В.Н. Теория государства и права. – М. : Бек, 1996.

22 Ағдарбеков  Т. . Мемлекет және құқық теориясының проблемалары. Оқу құралы. – Алматы, 2006.

23 Мамени Н.С. Правонарушение: понятие причины, ответственность. М., 1985 г.

24 Малаш Т.А. Принцип неотвратимости юридической ответственности. Учебное пособие. М., 1999 г.

25 Спиридонов Л.И., Теория государства и права. М., 1995

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Қоғам жүйелерінің саяси, экономикалық, әлеуметтік және заңға сүйенген қатынасы