Қоғам жүйелерінің саяси, экономикалық, әлеуметтік және заңға сүйенген қатынасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Мая 2015 в 22:37, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан халқы егеменді мемлекеттің ұлттық өркендеу процесінің негізін 90-жылдары қалай бастады. Біздің ата-қонысымыз мыңдаған жылдар бойына талай басқыншылықты басынан кешті. Қаншама көне қалалар, мәдени орталықтар қирады, кітаптар өртеліп, жазықсыз жандар кұрбан болып, өлшеусіз қан төгілді. Бірақ қандай қырғын болса да алтын бесік ата-баба жері, атамекен дәл бүгінгідей ойрандалған емес. Жер ананың аялы алақанында аман қалған әрбір от басынан рулы ел тарап, халық қашан да еңсесін көтеріп, ел болып дамып кете беретін.

Содержание работы

Кіріспе 3

1 Құқықтық мемлекет туралы жалпы ілім 6
1.1Құқықтық мемлекеттің түсінігі, мәні 6

1.2 Қазақстанда құқықтық мемлекет құру жолдары 8
2 Құқықтық мемлекеттің негізгі қағидалары 11
2.1 Құқықтық мемлекет құрудың бас қағидалары 11
2.2 Биліктің тармақтарға бөлінуі құқықтық мемлекеттің қағидасы 16
2.3 Мемлекет пен тұлғаның өзара жауапкершілігі 18
3 Қоғам жүйелерінің саяси, экономикалық, әлеуметтік және заңға сүйенген қатынасы 20
3.1 Қоғам жүйелерінің бір бірімен қарым-қатынасы 20
3.2 Азаматтық, қоғамдық бірлестіктері, кәсіподақтар, партиялар, жаппай қозғалыстар, шіркеу, бұқаралық ақпарат құрылдары 25
Қорытынды 28
Қолданылған әдебиеттер тізімі 31

Файлы: 1 файл

кукыктык мемлекет жане азаматтык когам.doc

— 239.00 Кб (Скачать файл)

 

 

2.3 Мемлекет пен тұлғаның өзара жауапкершілігі

 

 

Бұл құқықтық мемлекеттің дербес қағидасы болып табылады. Бұл саяси билікті шектеудің өзінше бір тәсілі, ол сасяи биліктің иесі регіндегі мемлекет пен оны жүзеге асырудың катысушысы ретіндегі азаматтың арасындағы қарым-қатынастардың адамгершілік-заңды басгамаларын корсетеді. Қогам мен тұлғаның бостандыгын заң-шыгарушылық нысанда бекіте отырып, мемлекет өз шешімдері мен эрекеттерінде белгілі бір шектеулерді иеленеді. Заң арқылы ол озінің азаматтармен, қоғамдық ұйымдармен, басқа мемлекеттермен қарым-қатынастарындағы әділегтілік пен теңдікті қамтамасыз ететін міндеттемелерді өз мойнына алуы тиіс. Құқыктық мемлекеттің негізгі кағидалары адамзаттарихын мың жылдық дамуы барысында саяси-кұкыктық ой-пікірде біртіңдеп, эволюциялык жолмен калыптасты. Олардын пайда болуларының ең негізгі себебі - жалпы адамның табиғатына жат бассыздык пен заңсыздықка тосқауыл кою және деспотизммен бір адамның мемлекеттегі шексіз билігін тежеу кажеттігі бол¬ды. Бұл жалпы адам табиғатының сұранысы, бостандык, тендік, бақытты әмір сүруге ұмтылудың негізгі талаптарының бірі. Құқыктық мемлекет ғасырлар бойы қалыптаскан гуманистік ой- сананы, прогрессивтік књкыктык идеяларды қорытындылаудын нәтижесінде арнайы кағидаларды қалыптастырады. Сол кағидалар үстемдік еткен мемлекетте ғана құқықтық мемлекет орнайды. Қазіргі заң әдебиетінде кұкықтық мемлекеттің қағидаларының бөлінуін, олардың канша екенін әр зерттеуші өздерінің тараптарынан баға беруде.

Құқыққа бағына огырып, мемлекеттік органдар ондағы ережелерді бұза алмайды және осы міндеттерді орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылады. Заңның мемлекеттік билік үшін міндеттілігі әкімшіліктік қателіктерді болдырмауға бағыгталған кепілдіктер жүйесімен қамтамасыз етіледі. Оларға үкіметтің өкілдік органдардың алдындагы жауапкершілігі, мемлекеттің кез-келген деңгейдегі лауазымды тұлғаларының нақты бір тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын бұзгандығы, билікті асыра пайдаланғаны, кызметтік жағдайын асыра пайдаланғаны үшін тәртіптік, азаматтық-құқықтық және қылмыстық жауапкершілігі, импичмент және т.б. жатады. Мемлекеттің жеке адам алдында жауаптылығы, адамның мемлекет алдындагы жауаптылығы. Мемлекет пайда болғаннан кейін өсе-өсе, үлкейе келе куатты аппараты бар күшке айналады. Баскару, билік жүргізу барысында мемлекет халыктың бақылауынан шығып, ағылшындардын ірі ойшылы Томас Гобсс айтқандай, ешқандай әрекеттермен шектелмейтін алпауыт күшке айналып, адамдарға үстемдік ететін кұралға айналды. Бірак, адамдар мемлекетті оздерінін омірлерін корғайтын, қауіпсіздіктерін камтамасыз ететін књш ретінде құрғанымен, ол өзінің дегенін істейді, тырп етпей бағынуды талап етеді. Сондықтан мемлекет басқару үшін құрылған саяси жүйе ретінде өзінің заңсыз әрекеттері үшін жеке адам алдында жауап беруі кажет. Айталық, мемлекетгің органдарында қызмет аткаратын лауазым иелері бассыздык пен заңсыздыққа жол бергендері үшің заң аддында міндетті түрде жауапқа тартылулары тиіс. Кљп жағдайда олар жауапка тартылмайды. Мысалы, заңсыз камау, зансыз үкім шығару және т.б адам құкықтарын аяққа таптау сияқты әрекеттер үшін мемлекет қызметкерлері жеке адамнын алдында жауапты болуы тиіс. Ол үшін мемлекеттік биліктің барлык мәртебесі құқыкпен тиімді ретгеліп, жауаптылығы нактылы тетіктермен айкындалулары керек.

Жалпы алып қарағанда мемлекетгің құкыктык негізде құрылуын И.Кант идеялық мағына дәрежесінде ұсынды. Өзінің «Мінездер метафизикасы» деп аталатын ећбегінде «Мемлекет деген кұкықтык заңға бағынған коптеген адамдардын бірігуі», деген тұжырымды алға тартты. Бірақ, И.Кант «Құкықтык мемлекет» деген ұғымды қолданған жоқ. Бірақ, қабылданған зандардың кұқыктық кағидаларға сай келуін талап етуі оны ұлы ойшылдар санатына жатқызады.Құқықтық мемлекет дегеніміз мемлекеттте гуманизм, адамгершілік, теңдік, бостандық идеяларының құқықтық қагидаларга ұласып, құқық үстемдік еткен, бассыздық пен заңсыздыққа жол бермеу ушін биліктің барлык, тармақтарын арнайы тетіктермен тежеу арқылы адам құқықтарының тиімді қорғалуы [11, 45б].

Сонымен катар, жеке адам да өзінің құкыкка сай келмейтін әрекеттері үшін мемлекет алдында кінәсіне карай жауапты. Құқыктық мемлекеттің бұл қағидасының маңызы өте зор және екі жақтың да жауаптылығын күшейту арқылы мемлекетге заңдылыктың орнауын қамтамасыз етеді.

Жалпы тарихка жүгінсек мемлекеттің, билік жүргізушілердің, жеке адамдардың алдындағы жауапкершілігінің міндетті түрде кажет екенін XI ғасырда тұңғыш рет Жүсіп Баласағұн «Кұтты білік» атты шығармасында мына мағынада айтып кеткен:Патшаларда қалың халық қақы бар, Ая хаяықта патіиалардың қақы бар. Қара халық кузетсін де патшасын, Патша елінің  жан мен түнін сақтасын.

Жалпы қауымның мемлекеттік құрылымдардың өз міндеттерін орындауды бақылауының нысандары болып референдумдар, депутаттардың сайлаушылар алдында есеп беруі жэне т.б. табылады [12,58б].

Тұлғаның мемлекет апдындағы жауапкершілігі де дәл осы кұқықтық бастамалар негізделеді. Мемлекеттік мәжбүрлеуді қолдану құқықтық сипатта болуы, ол тұлғаның бостандығын бұзбауы жэне жасалған құкық бұзушылықтың ауырлығына сай болуы тиіс. Сонымен, мемлекет пен тұлғаның арасындағы қарым-қатынастар љзара жауапкершіліктің негізінде жүзеге асырылуы тиіс.

 

3 Азаматтық қоғамның жалпы сипаттамасы

 

 

3.1 Қоғам жүйелерінің саяси, экономикалық, әлеуметтік және заңға сүйенген қатынасы

 

 

Азаматтық қоғам онда болып жатқан процестер мен қатнастардың басты әрекет етуші тұлғасы мен субьектісі ретінде өз қажеттіліктерінің, мүдделері мен құндылықтарының барлық жүйесімен бірге адам болып табылатын қоғам. Бұл ұғым сонымен қатар мемлекет пен оның органдарына тәуелсіз өмір сүретін қоғамдық: саяси экономикалық, мәдени, ұлттық, діни, отбасылық және басқа қатнастардың барлық жиынтығын білдіреді, жеке мүдделердің әр алуандығын көсетеді [13, 29б.].

Азаматтық қоғамның құрылымына мыналар кіреді:

1) мемлекеттік емес, әлеуметгік-экономикалық қатынастар мен институттар (меншік, еңбек, кәсіпкерлік);

2) мемлекеттен тәуелсіз  өндірушілердің жиынтығы (жеке фирмалар  және т.б.);

3) қоғамдық ұйымдар мен  бірлестіктер;

4) саяси партиялар мен  қозғалыстар; 

5) тәрбиелеу мен мемлекеттік  емес білім беру саласы; 

6) мемлекеттік емес бұқаралық  ақпарат құралдарының жүйесі;

7) отбасы;

8) шіркеу және т.б.

Азаматтық қоғамның белгілері:

- адам мен азаматтың  құқықтар мен бостандықтарының  мейлінше толық қамтамасыз етілуі;

- өзін-өзі басқару;

- оның құрылымдары мен  адамдардың әртүрлі топтарының  бәсекелестігі;

- еркін түрде қалыптасатын  қоғамдық көзқарас пен плюрализм;

- жалпы ақпараттану мен адамның ақпаратпен танысу құқығының шын мәнінде жүзеге асырылуы;

- өмір сүру координация  қағидасына негізделеді (мемлекеттік  аппарат кезінде субординация  қағидасы үстемдік құрады);

- экономиканың көпжақтылығы; 

- биліктің заңды және  демократиялық сипаты;

- кұқықтық мемлекет; 

- адамдардың жақсы өмір  сүру жағдайын қамтамасыз ететін  мемлекеттің күшті әлеуметтік  саясаты және т.б.

Адам қоғамы қалыптасады, оның себебтері қандай бұл туралы бір қорытынды пікір жоқ. Бірақ бұл түсінікті ең бірінші ғылымға енгізген Адам Смит, Давид Рикардо, оған саяси сипаттама берген Гегель [14, 82б.].

Адамдар өз тарихын өздері жасайды, деп Маркс, бірақ олар оны өз қалауынша жасай алмайды, қолындағы барлық, бұрыңғыдан қалған мұраны қолдануға мәжбір болады [15, 99б.]. Қоғам демократиялық дамудың белгілі бір сатысында ғана азаматтық болады және елдің экономикалық, халықтың әл ауқатының, мәдениеті мен сана сезімінің өсу шамасына қарай қалыптасады.

Елде азаматтық қоғамды қалыптастыру және демократияны дамыту өзара тығыз байланысты: азаматтық қоғам неғұрлым дамыған болса, мемлекет соғұрлым демократиялық болады.

Азаматтық қоғамды дамытудың алғы шарттары меншіктің алуан түрлі нысаны кезінде азаматтарда экономикалық дербестіктің пайда болуы адам жеке тұлға мәртебесінің артуы болып табылады.

Құқықтық мемлекет және демократия азаматтық қоғамның саяси іргетасы ретінде қызмет етеді, бұлар жеке тұлғаның барлық құқықтары мен

бостандықтарын қамтамасыз ету, қоғамда тұрақтылық, қауыпсіздік, әділеттілік және ынтымақтастық жағдайын құру мақсатында оны дамыту үшін қажет.

Азаматтық қоғамның экономикалық негізін, тең танылуы мен қорғалуының заңнамалық кепілдіктерімен қамтамасыз етілген, меншік нысандарының әралуандылығы мен дара меншік иелерінің егемендігі құрайды.

Азаматтық қоғам өмір сүруінің басты базалық шарттарының бірі тәуелсіз Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қамтамасыз етілетін жариялылық болып табылады.

Демократиялық жағдайда азаматтық қоғам институттары мен мемлекет

ортақ жүйеде әртүрлі, бірақ өзара тәуелді бөліктер ретінде жұмыс істейді. Азаматтық қоғам мемлекеттік құрлымынан тыс қалыптасатын әлеументтік экономикалық және мәдени рухани қоғамдық қатынастардың жиынтығы. Оған қатынасушылардың табиғи және азаматтық құқықтарын, бостандығы мен міндетін автономиялық даму жолы қамтамасыз етеді.

Азаматтық қоғамда үзіліс болмайды, уақыты шектемейді, өлкеге аймаққа бөліндейді, мемлекеттің барлық жерін, барлық халқын біріктіреді.

Азаматтық қоғам мемлекетке тәуелді емес, дербес, ашық, жариялы қоғам. Қазақстанда азаматтық қоғамның қалыптасу ерекшіліктері: кеңістік мейлінше мемлекеттендірілген күйден шығу, қоғам мен мемлекеттің арақатнасын тәуелсіз дербестікке дамыту. Демократиялық мемлекеттің азаматтары дербес бостандық құқығын пайдаланады, бірақ сонымен бір уақытта олар басқа мемлекеттік институттармен бірге болашақты құру жауапкершілігін бөліседі. Азаматтық қоғам демократиялық саяси жүйе жағдайында ғана билік пен азаматтық қоғам арасындағы қатнастар көпшілік келісім негізінде қалыптасатын ең жоғары даму деңгейіне жетеді. Азаматтық қоғамдағы демократиялық рәсімдер билік қызметінің сапасын бұқаралық бағалау құқығына және мүдделері үшін билікке ықпал ету тетіктеріне негізделеді.

 Республика Конституциясы  Қазақстандағы азаматтық қоғамның  барлық даму сатыларын мемлекетке  бағындырмастан (оның айғағы онда Азаматтық қоғам бөлімінің әдейі болмауы) әлеуметтік бағдарлы нарық экономиясы мен жеке адамның автономиясын тұрақты қалыптастыру үшін оған қажетті құқықтық жағдайлардың негізін қалайды қорғалуы [16,201б.].

Оған:

- тең дәрежеде танылатын және қорғалытын мемлекеттік меншік пен жеке меншікті (6-баптың 1-тармағы);

- адам және азамат құқықтарының кең ауқымды және біртұтас кешенің (2 бөлім);

- отбасын, ана мен және баланы мемлекеттің қорғауын (27-бап);

- идеологиялық және саяси әр алуандылықты (5-бап) және тағы басқа жаңа Конституцияда бекітілген Қазақстандық-азаматтық қоғамды ерікті дамытудың алғы шарттарын жатқызуға болады.

Адам қоғамы дамып, қалыптасып, өмірге келген күннен бастап мінтетті түрде оның бағдарламасы, саясаты, биліктің түрі анықталары. Бұл жұмыстармен шұғылданатын қоғамның саяси жүйесі. Ең алдымен қоғамның мүддесі мен мақсаты анықталады. Қоғамдық бағдарламаны жасап, саяси биліктің мазмұның толықтырып, олардың орындалу бағыттарын, жолдарын анықтап, іске асыру механизмін белгілейді.

Азаматтық қоғам мынадай функцияларды жүзеге асырады:

- азаматтық бастамаларды қолдау, дамыту және көтермелеу;

- мүдделерді жақындастыру және белгілі бір мақсаттарға қол жеткізу негізінде адамдарды одақтарға, бірлестіктерге ерікті түрде жағдайлар жасау жөніндегі жұмысқа қатысу;

- азаматтардың жалпы мемлекеттік және жергілікті проблемаларды шешуге қатысуын қамтамасыз ету;

- азаматтардың құқықтарын қорғауға жәрдем көрсету және халықтың түрлі топтарының мүдделерен іске асыру;

- қоғамда жалпы адам нормаларды, құндылықтар мен адамгершілік негіздерін бекіту;

- адамның тәуелсіз өмір сүруін қамтамасыз ететін еңбек өнімділігі үшін жағдай жасауға қатысу;

- әлеуметтік қызметтер көрсету;

- биліктің, бизнестің және қоғамдық институттардың қатнастарын үлестіруге жәрдемдесу, қоғамдық келісім және әлеуметтік жанжалдарды азайту үшін жағдайлар жасау, әлеуметтік және өзге де жанжалдарды жолмен шешу;

- мемлекеттік шешімдер қабылдау процесінде ашықтық пен мөлдірлікке жәрдемдесу;

- әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі аса маңызды қоғамдық функцияларды орындайтын орындайтын кәсіподақтық ұйымдардың қызметін қолдау;

- сөз бостандығын қолдау, Бұқаралық ақпарат құралдары тәуелсіздігін нығайту және ақпараттық кеңістіктің ашықтығын қамтамасыз ету. Саяси жүйенің даму процесінің бірнеше түрі болады. Социалистік типті мемлекеттердің сталиндік саяси жүйе қалыптасты. Оның мазмұны: жеке адамға табынушылық, бір партияның үстемдігінің орнауы, әкімшілік, тоталитарлық басқару жүйенің қалыптасуы, демократияның, бостандықтың, әділеттің арасының шектеулі. Саяси жүйенің түрі дамыған елдерде 20 ғасырдың 60-90жж. Қалыптасқан нарықтық экономика мен либерал-демократиялық мемлекеттердің, ұйымдардың, одақтардың өзара қатынасы мемлекеттің  Конституциясына сәйкес дамуы. Бұл елдерде де толық бостандық әділеттік, теңдік жоқ. Мысалы, таптардың әлеуметтік саяси теңдігінің жоқтығы қорғалуы [17, 97б].

Саяси жүйеге мемлекет, бірлестіктер, ұйымдар, ұжымдар кіреді. Мемлекет саяси жүйеден кейінгі қоғамдағы ең күрделі, ең көлемді, ең жауапты аппарат. Қоғам көлемінде атқаратын жұмыстың басым көпшілігі мемлекеттің құзырында.

       Қоғамның  саяси – экономикалық, мәдени  әлеуметтік жағдай үзіліссіз  деалектикалық даму процесінде  болғандықтан, бұл процесті дұрыс, пайдалы басқару тек мемлекеттің қолынан келеді. Өткені мемлекеттің құзырында барлық материалдық, саяси әлеуметтік, әскери күштер бар. Мемлекеттік билікті іске асыратын құқықтық механизм бар.

Информация о работе Қоғам жүйелерінің саяси, экономикалық, әлеуметтік және заңға сүйенген қатынасы