Лекции по "Мемлекет және құқық теориясы: оқу құралы"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Сентября 2013 в 11:10, курс лекций

Описание работы

Мемлекет және құқық теориясы–заң білімдерін беретін жоғары оқу орындарының бірінші курсында оқытылатын күрделі пәндердің бірі. Ол мемлекет пен құқық туралы жалпыланған абсрактілі ережелерден құралған. Оның күрделілігі мынада: студенттер бірінші курста нақты материалдармен– қолданыстағы заңнамамен, заң тәжірибесімен, мемлекет және құқықтың тарихымен таныс болмайды, сол себепті де, бұл оқу құралындағы жалпы теориялық мәселелер салыстырмалы түрде қарапайым қалыпта берілген.
Мемлекет және құқық теориясы студенттерде мемлекет және құқық, құқықтық және саяси мәдениет туралы терең шынайы ғылыми түсініктердің қалыптасуына, олардың әртүрлі тарихи кезеңдердегі мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың дамуының басымдылықтары мен заңдылықтарын түсінуіне жәрдемдеседі.

Содержание работы

КІРІСПЕ
1 тақырып. Мемлекет және құқық теориясына жалпы сипаттама
2 тақырып. Мемлекет және құқық теориясының пәні және әдісі
3 тақырып. Мемлекеттің пайда болуы.
4 тақырып. Мемлекеттің түсінігі және мәні.
5 тақырып. Мемлекеттің функциялары
6 тақырып. Мемлекет механизмі
7 тақырып. Мемлекет нысаны..
8 тақырып. Мемлекет типтері
9 тақырып. Қоғамның саяси жүйесі..
10 тақырып. Құқықтық мемлекет
11 тақырып. Мемлекет және қоғам.
12 тақырып. Құқықтың пайда болуы.
13 тақырып. Құқықтың түсінігі және мәні
14 тақырып. Құқықты түсінудегі қазіргі кезгі бағыттар
15 тақырып. Құқықтың қағидалары және функциялары
16 тақырып. Құқықтың типтері
17 тақырып. Әлеуметтік нормалар жүйесіндегі құқық
18 тақырып. Құқық жүйесі
19 тақырып. Тұлға, құқық, мемлекет
20 тақырып. Құқықтың қайнар көздері
21 тақырып. Құқық нормалары
22 тақырып. Құқықшығармашылық
23 тақырып. Заңнаманы жүйелеу
24 тақырып. Құқықтық қатынастар
25 тақырып. Құқықты жүзеге асыру
26 тақырып. Құқық нормаларын түсіндіру
27 тақырып. Құқықтық мінез-құлық
28 тақырып. Құқықбұзушылық және заңды жауапкершілік
29 тақырып. Құқықтық сана және құқықтық мәдениет
30 тақырып. Заңдылық және құқықтық тәртіп
31 тақырып. Қоғамның құқықтық жүйесі
32 тақырып. Құқықтық реттеу механизмі

Файлы: 1 файл

Теория госуд и права_каз.яз..doc

— 395.00 Кб (Скачать файл)

4) қоғамға аса  қауіптілігі жоқ құқықбұзушылық;

5) казус (жағдай) және т.б.   

 

 

29 тақырып.  ҚҰҚЫҚТЫҚ САНА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ  МӘДЕНИЕТ 

 

1. Құқықтық сананың  түсінігі және функциялары.

2. Құқықтық сананың  құрылымы.

3. Құқықтық сананың  түрлері. 

4. Құқықтық мәдениеттің  түсінігі және құрылымы. 

 

1. Құқықтық сананың  түсінігі және функциялары. Құқықтық  сана– бұл адамдардың құқыққа  деген қатынасын көрсететін түсініктер  мен сезімдердің, көзқарастар  мен эмоциялардың, бағалаулардың  жиынтығы түріндегі қоғамдық  сананың ерекше нысаны. Құқықтық  сана–бұл адамдардың жаңадан қабылданған заңдарға, нормативтік актілердің нақты жобаларына және т.б. деген оң немесе теріс көзқарасы.

Құқықтық сана мынаны білдіреді:

- құқықтың қажеттігін  түсіну және сезіну;

- құқықты бағалау;

- заңнаманың  дамыған жүйесін құру қажеттігін түсіну;

- қолданыстағы  нормативтік актілерге өзгертулер  мен толықтырулар енгізудің қажеттігін  түсіну;

құқықты жүзеге асырудың нәтижелері мен процесін қабылдау.

Құқықтық сананың  ерекшеліктері мыналардан көрінеді:

а) ол өмірдің  шындықтарын әділеттілік, құқықтық, еркіндік тұрғысынан қабылдайды;

ә) жалпыға міндетті жүріс-тұрыс ережелерін орнықтыруды  талап етеді;

б) құқықтық пен  құқықтық еместіктің, құқыққа сәйкестік  пен құқыққа сәйкессіздіктің  шектерін көрсетеді;

в) құқықты қамтамасыз ету үшін заңды шараларды талап етеді.

Құқықтық сананың  рөлі оның функцияларынан көрініс табады:

1) танымдық; бұған  «құқықтық дайындықң түсінігінен  көрініс табатын және ойлану  қызметінің нәтижесі болып табылатын  заң білімдерінің белгілі бір  жиынтығы тән болып келеді;

2) бағалаушылық; бұл тұлғаның құқықтық өмірдің әр түрлі жақтары мен көріністеріне өтіл мен құқықтық тәжірибе негізінде белгілі бір эмоционалдық қатынасын тудырады;

3) реттеуші; ол  құқықтық көзқарастар мен құндылық-құқықтық  бағыттылық арқылы жүзеге асырылады. Көзқарас дегеніміз тұлғаның белгілі бір түрде ақпараттарды, процестерді, құбылыстарды қабылдауға және бағалауға бейімділігін және осы бағалауға сәйкес әрекет етуге дайындығын білдіреді.

Құқықтық бағыттылық–бұл тұлғаның заңды мәні бар жағдайларда  әрекет ету бағдарламасын тікелей қалыптастыратын құқықтық көзқарастарының жиынтығы.  

 

 

 2. Құқықтық сананың  құрылымы екі элементтен құралады: құқықтық психология және құқықтық  идеология. 

Құқықтық психология–бұл, ең алдымен, құқыққа қатысты сезімдердің, көңіл-күйдің, эмоциялардың, көзқарастардың, армандардың жиынтығы. Бұл жерде құқықтық құбылыстарға деген қатынас ерекше деңгейде пайда болып, белгілі бір сезімдер мен эмоцияларды қалыптастыруға тырысады. Құқықтық психология арқылы мыналар жүзеге асырылады: а) құқықтық мәдениетке тән әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер,  тұлғаның мәдениетіне, күнделікті өміріне, әдетіне еніп кеткен барлық элементтер; ә) тұлғаның өзін-өзі бағалауы, яғни, өз жүіс-тұрысын құқық нормаларына сәйкестігі тұрғысынан сындарлы түрде бағалай білу қабілеті.

Құқықтық идеология–бұл  адамдардың құқыққа қатынасын білдіретін құқықтық көзқарастардың, түсініктердің, қағидалардың, сенімдердің, талаптардың  жүйеленген ғылыми көрінісі. Бұл субъектілердің  құқықтық құбылыстарды тереңірек түсінуі; ол құқықтық бағалаудың ерекше деңгейін білдіреді. Құқықтық идеология–құқықтық сананың құрылымындағы басты элемент.   

 

3. Құқықтық сананың  түрлері.  Құқықтық сана мына негіздер бойынша түрлерге бөлінеді:

1) мазмұны бойынша:

- қарапайым  құқықтық сана–бұл тұлғалардың  құқыққа қатысты жалпы көзқарастары, өмірлік тәжірибесінің әсерімен туындайтын көңіл-күйлері;

- кәсіби құқықтық  сана–бұл заңгерлердің заңды  тәжірибесінің негізінде қалыптасатын  сезімдері, сенімдері, көзқарастары, дәстүрлері;

- ғылыми құқықтық  сана–бұл құқықты теориялық игеруді көрсететін идеялар, түсініктер, концепциялар ;

2) субъектілері  бойынша:

жеке құқықтық сана;

топтық құқықтық сана;

қоғамдық құқықтық сана.  

 

4. Құқықтық мәдениеттің  түсінігі және құрылымы. Құқықтық  мәдениет құқықтық санамен тығыз  байланыстылықта болы тұрып, оған сүйенеді. Алайда, құқықтық мәдениет құқықтық санаға қарағанда әлдеқайда кең, себебі, ол психологиялық және идеологиялық элементтермен қатар, заңды мәні бар жүріс-тұрысты да қамтиды. Құқықтық мәдениет мыналарды білдіреді:

1) құқықтық шынлдықты сезімдік қабылдаудың және құқықтық ойланудың белгілі бір деңгейі;

2) халықтың заңдарды  білуінің тиісті дәрежесі;

3) құқық нормаларды, олардың үстемдігін түсінудің  жоғары деңгейі;

4) құқықшығармашылық  және құқықты жүзеге асыру  процестерінің сапалық жағдайы;

5)  құқықтық қызметтің ерекше тәсілдері (құқыққорғау органдарының жұмысы, конституциялық бақылау және т.б.);

6) құқықтық қызметтің  адамдар жасаған рухани және  материалдық игіліктер түріндегі  нәтижелері (заңдар, сот тәжірибесі, заңнама жүйесі және т.б.).

Бұлардың барлығы  жекелік және қоғамдық тұрғысынан қарастырылуы мүмкін.

Тұлғаның құқықтық мәдениеті–бұл құқықты білу және түсіну, соған сәйкес әрекет ету. Тұлғаның құқықтық мәдениеті тұлғаның құқықтық білімділігін білдіреді, оған құқықтық сана, құқықты қолданудың дағдылары мен қабілеті, өз жүріс-тұрысын заң нормаларына бағындыру жатады. Тұлғаның құқықтық мәдениетінің құрылымы мына элементтерден құралады:

1) психологиялық  элемент–құқықтық психология;

2) идеологиялық  элемент–құқықтық идеология;

3) жүріс-тұрыстық элемент–заңды мәні бар жүріс-тұрыс.

Қоғамның құқықтық мәдениеті–бұл қоғамның құқықтық санасының  және құқықтық белсенділігінің деңгейі, заң нормалар мен заң қызметінің дамуының дәрежесі. Қоғамның құқықтық мәдениеті оның жалпы мәдениетінің бөлігі болып табылады және келесі факторлармен сипатталады:

- құқықты шын  мәнінде қажетсіну;

- елдегі заңдылық  пен құқықтық тәртіп жағдайы;

- қоғамдағы  заң ғылымы мен заң білімінің  даму дәрежесі.

Қоғамның құқықтық мәдениетінің құрылымы келесі элементтерден құралады:

1) қоғамның құқықтық  санасы мен құқықтық белсенділігінің  деңгейі;

2) заң нормаларының  даму дәрежесі (құқықтың даму  деңгейі, заң мәтіндерінің мәдениеті  және т.б.);

3) заң қызметінің  даму дәрежесі (құқықшығарушы, құқыққолданушы  және құқыққорғаушы қызметтің мәдениеті).

 

 

30 тақырып.  ЗАҢДЫЛЫҚ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП   

 

1. Заңдылықтың  түсінігі және қағидалары.

2. Заңдылықтың  кепілденуі.

3. Құқықтық тәртіптің  түсінігі.

4. Заңдылық пен  құқықтық тәртіптің арақатынасы

 

1. Заңдылықтың  түсінігі және қағидалары. Заңдылық–бұл  қоғамдық қатынастардың барлық  қатысушыларының құқық нормаларын  қатаң түрде сақтауы. 

Заңдылық үшін екі жақ тән: а) мазмұнды жағы–бұл құқықтық, әділ, ғылыми негізделген  заңдардың болуы; ә) формальды жағы– бұл оларды орындау, себебі, орындаусыз ең кемшіліксіз заңдардың болуының өзі де жеткіліксіз.

Заңдылықтың субъектілері болып қоғамдық қатынастардың барлық қатысушылары табылады, нақты айтқанда: мемлекет және оның органдары; қоғамдық және басқа да ұйымдар; еңбек ұжымдары; лауазымды тұлғалар; азаматтар. Заңдылықтың объектісі болып заңды міндетті тұлғалардың жүріс-тұрысы, олардың санасы, еркі мен әрекеттері табылады.

Заңдылықтың қағидалары–бұл заңдылықтың мазмұнын ашатын негізгі  идеялар, бастамалар. Оларға мыналар жатады:

1) заң үстемдігі–барлық  нормативтік және жеке құқықтық  актілердің заңға бағыныстылығын білдіреді;

2) заңдылықтың  тұтастығы–нормативтік актілерді  түсіну мен қолдану елдің бүкіл  аумағында бірдей болуы тиіс  дегенді білдіреді;

3) заңдылықтың мақсатқа сәйкестігі– құқықшығармашылық және құқықты жүзеге асыру қызметінің қоғамның мақсаттары мен міндеттеріне жауап беретін ең дұрыс түрлерін қатаң түрде заңдардың шегінде таңдау қажеттігін, заңдылық пен мақсатқа сәйкестілікті қарама-қарсы қоюды болдырмауды білдіреді, яғни, мақсатқа сәйкестілікті себеп қылып заңды бұзуға жол берілмейді;        

4) заңдылықтың  шынайылығы–құқықтық ережелердің  барлық қызмет түрлерінде іс  жүзінде орындалуына жетуді және  оларды кез-келген түрде бұзу  міндетті түрде жауапкершілікті көздейтінін білдіреді.                                     

 

2. Заңдылықтың  кепілденуі–бұл заңдар мен заңға  сәйкес актілердің орындалуын, азаматтардың  құқықтарының, қоғам мен  мемлекеттің мүдделерінің ешбір кедергісіз жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін құралдар мен жағдайлар. Заңдылықтың кепілденуінің келесі түрлерін бөліп қарастырады:

1) әлеуметтік-экономикалық–бұл  қоғамның экономикалық дамуының  дәрежесі, оның жағдайының деңгейі,  меншік нысандарының алуан түрлілігі,  экономикалық бостандық және т.б.;

2) саяси–бұл  конституциялық құрылымның қоғамның  саяси жүйесінің демократиялылығының  дәрежесі, саяси плюрализм, көппартиялық, биліктің тармақтарға бөлінуі  және т.б.;

3) ұйымдастырушылық–бұл  заңдар мен заңға сәйкес актілердің  орындалуын бақылайтын арнайы органдардың (прокуратура, сот, полиция және т.б.) қызметі;

4) қоғамдық–бұл  заңнаманы бұзумен күресу мақсатында  қолданылатын алдын алу және  басқа да шараларының мемлекетте  қалыптасқан кешені;

5) идеологиялық–бұл  құқықтық сананың дамуының, азаматтар  арасында заң білімдерінің таралуының, заң талаптарын орындаудың дәрежесі, қоғамдағы адамгершілік тәрбиелеудің деңгейі;

6) арнайы-заңды–бұл  құқықтық талаптарды бұзудың  алдын алу, болдырмау және қудалау  мақсатында қолданыстағы заңнамада бекітілген тәсілдер мен құралдар.   

 

3. Құқықтық тәртіптің  түсінігі. Құқықтық тәртіп–бұл субъектілердің  құқықтық мінез-құлығымен сипатталатын  қоғамдық қатынастар жүйесі; бұл  әлеуметтік байланыстардың реттелу  жағдайы, заңдылықтың шынайы қоғамдық  қатынастарға айналуының нәтижесі.

Құқықтық тәртіптің  ерекшеліктері:

а) ол құқық нормаларында жоспарланған;

ә) осы нормаларды жүзеге асырудың нәтижесінде туындайды;

б) мемлекетпен  қамтамасыз етіледі;

в) қоғамдық қатынастардың  ұйымдастырылуына жағдай жасайды;

г) заңдылықтың  нәтижесі болып табылады.  

 

4. Заңдылық пен  құқықтық тәртіптің арақатынасы.  Заңдылық пен құқықтық тәртіптің  арақатынасы мыналардан көрінеді.

1) құқықтық тәртіп  құқықтық тәртіптің мақсаты болып  табылады; құқықтық тәртіпке жету  үшін заңдар мен басқа да  нормативтік-құқықтық актілер қабылданады, заңнаманы жетілдіру жүзеге асырылады, заңдылықты нығайтуға байланысты шаралар қолданылады;

2) құқықтық реттеуді  жетілдіру мен заңдылықты қамтамасыз  етуден басқа тәсілдермен құқықтық  тәртіпке жету мүмкін емес;

3) заңдылықты нығайту  құқықтық тәртіпті нығайтуға алып келеді;

4) құқықтық тәртіптің  нақты мазмұны заңдылықтың мазмұнына  байланысты болады.  

 

 

31 тақырып.  ҚОҒАМНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖҮЙЕСІ 

 

Құқықтық жүйе–бұл құқықтың құқықтық идеологиямен және сот тәжірибесімен біртұтастықта қарастырылуы. Осы үш элемент: заңдар мен басқа да мемлекетпен танылған қайнар көздерден көрініс тапқан жалпыға міндетті нормалар жүйесі ретіндегі құқық, құқықтық сананың белсенді жағы–құқықтық идеология және сот тәжірибесі құқықтық жүйені құрайды.

«Құқықтық жүйең түсінігінің  белгілі бір мемлекеттегі құқыққа  сипаттама берудегі маңызы зор. Бұл  жағдайда ұлттық құқықтық жүйе жөнінде  сөз болып отыр. Құқықтық жүйенің  құқықпен қатар қай элементінің–не сот тәжірибесінің, не құқықтық идеологияның–ерекше рөлге ие болуына сол мемлекеттегі барлық құқықтық құбылыстар тәуелді болып келеді. Осы белгі бойынша құқықтық жүйенің келесі жанұяларын (құқықтың қайнар көздерінің ортақтығы негізінде бөлінген құқықтық жүйелердің жиынтығы) бөліп қарастырады:

1. Континенталдық Еуропаның  нормативтік-заңнамалық жүйелер  отбасы–бұл романдық-германдық  құқық. Бұл құқықтық жүйелерде  бірінші орынға заң қойылған (Италия, Франция, Германия, Португалия және  т.б.).

2. Нормативтік-соттық, ағылшын-саксондық  құқықтық жүйелер жанұясы–бұл Ұлыбританияның, АҚШ-тың, Канаданың, Австралияның және т.б. елдердің прецеденттік құқығы. Бұл құқықтық жүйелерде басты орынды сот тәжірибесі, заңды прецедент иеленген.

3. Діни-дәстүрлі, идеологиялық  құқықтық жүйелер жанұясы–бұл  мұсылман құқығы (Иран, Ирак, Пәкістан, Судан және т.б.) және кеңестік құқық. Бұл құқықтық жүйелерде ерекше рөлді дін мен партиялық идеология иеленеді.

 

 

31 тақырып.  ҚОҒАМНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖҮЙЕСІ 

 

Құқықтық жүйе–бұл құқықтың құқықтық идеологиямен және сот тәжірибесімен біртұтастықта қарастырылуы. Осы үш элемент: заңдар мен басқа да мемлекетпен танылған қайнар көздерден көрініс тапқан жалпыға міндетті нормалар жүйесі ретіндегі құқық, құқықтық сананың белсенді жағы–құқықтық идеология және сот тәжірибесі құқықтық жүйені құрайды.

«Құқықтық жүйең түсінігінің  белгілі бір мемлекеттегі құқыққа  сипаттама берудегі маңызы зор. Бұл  жағдайда ұлттық құқықтық жүйе жөнінде  сөз болып отыр. Құқықтық жүйенің  құқықпен қатар қай элементінің–не сот тәжірибесінің, не құқықтық идеологияның–ерекше рөлге ие болуына сол мемлекеттегі барлық құқықтық құбылыстар тәуелді болып келеді. Осы белгі бойынша құқықтық жүйенің келесі жанұяларын (құқықтың қайнар көздерінің ортақтығы негізінде бөлінген құқықтық жүйелердің жиынтығы) бөліп қарастырады:

1. Континенталдық Еуропаның  нормативтік-заңнамалық жүйелер  отбасы–бұл романдық-германдық  құқық. Бұл құқықтық жүйелерде  бірінші орынға заң қойылған (Италия, Франция, Германия, Португалия және  т.б.).

2. Нормативтік-соттық, ағылшын-саксондық құқықтық жүйелер жанұясы–бұл Ұлыбританияның, АҚШ-тың, Канаданың, Австралияның және т.б. елдердің прецеденттік құқығы. Бұл құқықтық жүйелерде басты орынды сот тәжірибесі, заңды прецедент иеленген.

3. Діни-дәстүрлі, идеологиялық  құқықтық жүйелер жанұясы–бұл мұсылман құқығы (Иран, Ирак, Пәкістан, Судан және т.б.) және кеңестік құқық. Бұл құқықтық жүйелерде ерекше рөлді дін мен партиялық идеология иеленеді.

Информация о работе Лекции по "Мемлекет және құқық теориясы: оқу құралы"