Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Сентября 2013 в 11:10, курс лекций
Мемлекет және құқық теориясы–заң білімдерін беретін жоғары оқу орындарының бірінші курсында оқытылатын күрделі пәндердің бірі. Ол мемлекет пен құқық туралы жалпыланған абсрактілі ережелерден құралған. Оның күрделілігі мынада: студенттер бірінші курста нақты материалдармен– қолданыстағы заңнамамен, заң тәжірибесімен, мемлекет және құқықтың тарихымен таныс болмайды, сол себепті де, бұл оқу құралындағы жалпы теориялық мәселелер салыстырмалы түрде қарапайым қалыпта берілген.
Мемлекет және құқық теориясы студенттерде мемлекет және құқық, құқықтық және саяси мәдениет туралы терең шынайы ғылыми түсініктердің қалыптасуына, олардың әртүрлі тарихи кезеңдердегі мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың дамуының басымдылықтары мен заңдылықтарын түсінуіне жәрдемдеседі.
КІРІСПЕ
1 тақырып. Мемлекет және құқық теориясына жалпы сипаттама
2 тақырып. Мемлекет және құқық теориясының пәні және әдісі
3 тақырып. Мемлекеттің пайда болуы.
4 тақырып. Мемлекеттің түсінігі және мәні.
5 тақырып. Мемлекеттің функциялары
6 тақырып. Мемлекет механизмі
7 тақырып. Мемлекет нысаны..
8 тақырып. Мемлекет типтері
9 тақырып. Қоғамның саяси жүйесі..
10 тақырып. Құқықтық мемлекет
11 тақырып. Мемлекет және қоғам.
12 тақырып. Құқықтың пайда болуы.
13 тақырып. Құқықтың түсінігі және мәні
14 тақырып. Құқықты түсінудегі қазіргі кезгі бағыттар
15 тақырып. Құқықтың қағидалары және функциялары
16 тақырып. Құқықтың типтері
17 тақырып. Әлеуметтік нормалар жүйесіндегі құқық
18 тақырып. Құқық жүйесі
19 тақырып. Тұлға, құқық, мемлекет
20 тақырып. Құқықтың қайнар көздері
21 тақырып. Құқық нормалары
22 тақырып. Құқықшығармашылық
23 тақырып. Заңнаманы жүйелеу
24 тақырып. Құқықтық қатынастар
25 тақырып. Құқықты жүзеге асыру
26 тақырып. Құқық нормаларын түсіндіру
27 тақырып. Құқықтық мінез-құлық
28 тақырып. Құқықбұзушылық және заңды жауапкершілік
29 тақырып. Құқықтық сана және құқықтық мәдениет
30 тақырып. Заңдылық және құқықтық тәртіп
31 тақырып. Қоғамның құқықтық жүйесі
32 тақырып. Құқықтық реттеу механизмі
2. Ұжымдық субъектілер; бұларға мыналар жатады: мемлекет (ол басқа мемлекеттермен халықаралық-құқықтық қатынастарға түскен жағдайда); мемлекеттік ұйымдар; мемлекеттік емес ұйымдар (жеке фирмалар, коммерциялық банкілер, қоғамдық бірлестіктер және т.б.).
6. Құқық субъектілерінің құқыққабілеттігі және әрекетқабілеттігі. Құқықсубъектілік. Құқықтық қатынастардың субъектілері болу үшін тұлғалар құқыққабілеттік пен әрекетқабілеттікті иеленуі тиіс.
Құқыққабілеттік–бұл тұлғаның құқықтар мен міндеттерді иелену қабілеті. Әрекетқабілеттік–бұл тұлғаның өз әрекеттері арқылы осы құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру қабілеті. Әрекетқабілеттіктің келес түрлері болады: толық–18 жастан басталады; жартылай–14 пен 18 жас аралығында болады.
Әрекетқабілеттік шектелуі мүмкін. Конституцияда бекітілгендей, азаматтардың құқықтары мен міндеттері заңмен ғана және конституциялық құрылымды, адамгершілікті, басқа тұлғалардың құқықтары мен міндеттерін, денсаулығын қорғау, елдің қорғанысы мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсаттарында қажет болған шамада ғана шектелуі мүмкін.
Құқыққабілеттік
пен әрекетқабілеттік бір-бірінен
ажыратылмайды және көп жағдайда
бір мезетте пайда болады. Азаматтық
құқықтан басқа көптеген салаларда
осындай жағдай орын алған. Азаматтық
құқықтағы құқыққабілеттік пен
әрекетқабілеттіктің ажыратылуы
а) мүліктік қатынастар олардың жасына, еркінің жағдайына қарамастан барлық азаматтар үшін қажет;
ә) мүліктік құқықтық қатынастар саласында құқыққабілеттігі бар, алайда әрекетке қабілетсіз тұлғаның орнына оның заңды өкілі қатыса алады.
Құқықсубъектілік–бұл
тұлғаны құқық субъектісі ретінде
сипаттайтын құқыққабілеттік
7. Құқықтық қатынастардың
объектілері–бұл құқықтық
- олардың біріншісіне
сәйкес, құқықтық қатынастың объектісі
болып тек субъектілердің
- екінші көзқарасты көптеген ғалымдар жақтайды, оған сәйкес, объектілердің түрлері өте көп, олар:
1) материалдық игіліктер (заттар, құндылықтар, мүлік және т.б.);
2) материалдық емес игіліктер (өмір, денсаулық, қадір-қасиет, абырой және т.б.);
3) рухани шығармашылық өнімдері (әдебиет, өнер, музыка, ғылым туындылары және т.б.);
4) құқықтық қатынастар
қатысушыларының әрекеттерінің
нәтижелері (мысалы, тасымалдау шартының,
мердігерлік шартының
5)бағалы қағаздар мен құжаттар (ақша, акциялар, диплом және т.б.).
8. Субъективтік
құқықтар және заңды міндеттер.
Субъективтік құқық–бұл субъектінің өз мүдделерін қанағаттандыруға мүмкіндік беретін заңды мүмкін жүріс-тұрыс шамасы.
Заңды міндет–бұл заңды қажет жүріс-тұрыс шамасы. Міндет–бұл субъективтік құқықтың жүзеге асырылуының кепілі.
Субъективтік құқық пен заңды міндеттің арасындағы айырмашылықтар:
- егер субъективтік құқық тұлғаның өз мүдделерін қанағаттандыруға бағытталса, заңды міндет бөтен мүдделерді (мысалы, мемлекеттің, басқа тұлғалардың) қанағаттандыруға бағытталған;
- егер субъективтік
құқық заңды мүмкін жүріс-
9. Заңды фактілер–бұл
белгілі бір құқықтық
Заңды фактілерді әр түрлі негіздер бойынша түрлерге бөлуге болады:
1. Туындайтын салдардың сипаты бойынша:
құқықтудырушы (мысалы, жоғары оқу орнына түсу);
құқықөзгертуші (мысалы, күндізгі оқу бөлімінен сыртқы бөлімге ауысу);
құқықтоқтатушы (мысалы, жоғары оқу орнын аяқтау).
2. Құқықтық қатынастар
субъектілерінің еркімен
- оқиғалар–бұл
субъектілердің еркіне
- әрекеттер–бұл
құқықтық қатынастар
Көп жағдайда құқықтық қатынастардың пайда болуы үшін бір заңды факт жеткіліксіз болып, олардың жиынтығы–заңды құрам қажет болатын жағдайлар туындайды. Мысалы, кәрілігіне байланысты зейнетақы алу үшін зейнеткерлік жасына жету, белгілі бір еңбек өтілінің болу, зейнетақыны тағайындау туралы шешімінің болуы тиіс. Заңды құрамдардың екі түрі болады: а) оның барлық элементтері көрсетіліп, заңмен нақты анықталған болуы мүмкін (мысалы, зейнетақыны тағайындау мәселесі); ә) ол жалпы белгілермен сипатталуы мүмкін (мысалы, некені бұзудың негіздері).
25 тақырып. ҚҰҚЫҚТЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ
1. Құқықты жүзеге
асырудың түсінігі және
2. Құқық нормаларын қолданудың түсінігі, белгілері және кезеңдері.
3. Заңды коллизиялар.
4. Құқықтағы олқылықтар.
5. Құқықтық нормаларды қолдану актілері.
1. Құқықты жүзеге
асырудың түсінігі және
Құқықтық нормаларды жүзеге асыру–құқықтық нормалардың ережелері көрініс тапқан адамдардың жүріс-тұрысы, олардың құқықтарды жүзеге асыру мен заңды міндеттерді орындаумен байланысты тәжірибелік қызметі. Субъектілердің әрекеттеінің сипатына қарай құқықты жүзеге асырудың төрт нысанын бөліп қарастырады:
1) сақтау–қолданыстағы құқықпен тыйым салынған әрекеттерден бас тарту;
2) орындау–оң
мазмұнды заңды міндеттерді
3) пайдалану–олар
арқылы тұлғаның өз мүддесін
қанағаттандырылатын
4) қолдану–құзіретті органдардың нақты бір заңды істі шешуге байланысты биліктік қызметі, нәтижесінде сәйкес жеке ак қабылданады.
2. Құқық нормаларын
қолданудың түсінігі, белгілері
және кезеңдері.Құқықты
- құқықты тек
осыған өкілетті құзіретті
- биліктік сипатқа ие;
- іс жүргізушілік нысанда жүзеге асырылады,
- сәйкес жеке, биліктік (құқыққолданушы) актіні қолданумен байланысты;
- үш кезеңнен құралады:
1) істің іс
жүзіндегі негізін анықтау;
2) істің заңды
негізін анықтау; бұл кезде
құқыққолданушы осы қоғамдық
қатынасты реттейтін құқықтың
саласын, институтын және
3) істі шешу;
бұл кезде құқық нормасының
негізінде ресми мағынадағы
3. Заңды қарама-қайшылықтар. Екінші кезеңде, яғни, нақты құқық нормасын таңдауда, нормалардың қарам-қайшылығы және құқықтағы олқылықтар сияқты құбылыстарды кездестіруге болады.
Заңды қарама-қайшылықтар–бұл бір қоғамдық қатынастарды реттеуші құқықтық актілер арасындағы қарама-қайшылықтар. Олар құқықтық жүйеге келіспеушіліктерді, кемшіліктерді әкеледі, құқыққолану тәжірибесінде ыңғайсыздықтар туғызады, заңнаманы қолдануды қиындатады.
Қарама-қайшылықтардың түрлері:
1) Конситуция
мен басқа барлық актілер
2) заңдар мен заңға сәйкес актілер арасындағы: заңдарға басымдылық беріледі;
3) бір органның
актілері арасындағы: уақыты бойынша
кейін қабылданған актіге
4) әр түрлі органдар қабылдаған актілер арасындағы: жоғары тұрған органның актісіне басымдылық беріледі.
4. Құқықтағы олқылықтар–бұл қолданыстағы заңнамада қажетті заң нормаларының толығымен немесе жартылай болмауы.
Олқылықты жаңа құқық нормасын қабылдау арқылы құқықшығармашылық процесінің көмегімен жоюға болады.
Олқылықтарды құқыққолдану процессі арқылы жеңуге болады , себебі, бұл кезде ешбір жаңа нормалар қабылданбайды: не құқық ұқсастығы, не заң ұқсастығы қолданылады.
Заң ұқсастығы–бұл нақты бір заңды істі осыған ұқсас істі шешуге бағытталған құқықтық норманың негізінде шешу.
Құқық ұқсастығы–бұл нақты заңды істі құқықтың жалпы қағидалары мен мәні негізінде шешу. Құқықтағы олқылықтарды жеңудің бұл әдісі ұқсас істі шешуге байланысты осы құқық саласында , ұқсас құқық саласында да нақты нормалар болмаған жағдайда ғана қолданылады.
5. Құқықтық нормаларды қолдану актілері. Құқықты қолдану актісі–бұл нақты бір заңды істі шешу нәтижесінде құзіретті орган шығаратын, жеке биліктік ережеден құралған құқықтық акт. Оның мынадай ерекшеліктері болады:
- құзіретті орган шығарады;
- мемлекеттік-биліктік сипатқа ие;
- нормативтік емес, жеке сипатқа ие, себебі, нақты субъектілерге бағытталған;
- заңмен анықталған өзіне тән нысанға ие.
Құқыққолдану актілерін келесі негіздер бойынша түрлерге бөлуге болады:
1) нысаны бойынша–жарлықтар, үкімдер, шешімдер, бұйрықтар және т.б.;
2) оларды қабылдайтын субъектілерге байланысты–мемлекеттік және мемлекеттік емес органдардың (мысалығ муниципалды органдардың) актілері;
3) құқықтың функциялары бойынша–реттеуші (мысалы, қызметтік бұйрықтар) және қорғаушы (мысалы, қылмыстық істі қозғау туралы қаулы);
4) заңды табиғаты бойынша–негізгі және көмекші; негізгі актілер заңды істің соңғы шешімін көрсетеді (мысалы, үкім), ал көмекші актілер негзгі актілерді шығаруға жәрдемдеседі (мысалы, тұлғаны айыпкер ретінде жауапқа тарту туралы қаулы).
5) құқықтық реттеу
пәні бойынша–қылмыстық-
6) сипаты бойынша–
материалдық және іс
26 тақырып. ҚҰҚЫҚ НОРМАЛАРЫН ТҮСІНДІРУ
1. Түсіндірудің түсінігі.
2. Түсіндіру тәсілдері.
3. Субъектілер бойынша түсіндіру түрлері.
4. Көлемі бойынша түсіндіру түрлері.
5. Құқықты түсіндіру актілері.
1. Түсіндірудің түсінігі. Құқық нормаларын түсіндіру–бұл мемлекеттің, лауазымды тұлғалардың, қоғамдық ұйымдардың, жекелеген азаматтардың құқық нормаларының мазмұнын түсіндіруге, оларда көрініс тапқан билік басында тұрған әлеуметтік күштердің еркін ашуға бағытталған қызметі. Түсіндіру процесінде нормативтік ереженің мәні, оның негізгі мақсаты мен әлеуметтік бағыттылығы, түсіндіріліп отырған актінің мүмкін салдары, оның құқықтық реттеу жүйесіндегі орны және т.б. анықталады.
Түсіндірудің мақсаты– заңшығарушының не айтқысы келгенін емес, оның қалыптастырған ережесінің мәнін анықтау. Түсіндіру қолданыстағы заңнамаға өзгертулер мен толықтырулар енгізбейді және енгізе алмайды да, ол заңдағы ережелерді түсіндіруге және нақтылауға бағытталған. Түсіндіру екі жақтан құралады:
норманың мәні мен оны түсіндіруді түсіну (өзі үшін);
норманың мазмұнын түсіндіру (өзгелер үшін).
2. Түсіндіру тәсілдері–бұл құқықтық нормалардың мазмұнын анықтауға бағытталған тәсілдер мен бағыттардың жиынтығы. Түсіндіру тәсілдерінің мынадай түрлері бар:
1) грамматикалық–тіл
құралдарының, грамматика ержелерінің,
орфографияның және т.б.
2) логикалық–логика заңдарының және ережелерінің көмегімен түсіндіру;
3) жүйелік–заң
нормасының басқа нормалармен
жүйелік байланысын, нақты жүріс-тұрыстың
құқық жүйесіндегі орны мен
рөлін талдау арқылы түсіндіру;
4) тарихи-саяси–құқықтық
норманы қабылдаудың нақты-
5) телеологиялық
(мақсатты)–нормативтік актіні
6) арнайы-заңды–заңнамада
қолданылатын заң
3. Субъектілер бойынша түсіндіру түрлері. Субъектілеріне байланысты түсіндірудің мынадай түрлері болады:
- ресми; мұндай
түсіндіруді өкілетті
- бейресми; мұндай түсіндірудің заңды міндетті мәні болмайды және биліктік күші жоқ.
Ресми түсіндіру нормативтік (тұлғалар мен жағдайлардың кең шеңберіне таралады) және казуалды (тек нақты бір жағдай үшін міндетті болып табылады) болып екіге бөлінеді. Нормативтік түсіндіру, өз кезегінде, аутентикалық (нормативтік актіні қабылдаған органмен беріледі) және легалды (өкілетті субъектілер береді) болып екіге бөлінеді.
4. Көлемі бойынша
түсіндіру түрлері.
Информация о работе Лекции по "Мемлекет және құқық теориясы: оқу құралы"