Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Сентября 2013 в 11:10, курс лекций
Мемлекет және құқық теориясы–заң білімдерін беретін жоғары оқу орындарының бірінші курсында оқытылатын күрделі пәндердің бірі. Ол мемлекет пен құқық туралы жалпыланған абсрактілі ережелерден құралған. Оның күрделілігі мынада: студенттер бірінші курста нақты материалдармен– қолданыстағы заңнамамен, заң тәжірибесімен, мемлекет және құқықтың тарихымен таныс болмайды, сол себепті де, бұл оқу құралындағы жалпы теориялық мәселелер салыстырмалы түрде қарапайым қалыпта берілген.
Мемлекет және құқық теориясы студенттерде мемлекет және құқық, құқықтық және саяси мәдениет туралы терең шынайы ғылыми түсініктердің қалыптасуына, олардың әртүрлі тарихи кезеңдердегі мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың дамуының басымдылықтары мен заңдылықтарын түсінуіне жәрдемдеседі.
КІРІСПЕ
1 тақырып. Мемлекет және құқық теориясына жалпы сипаттама
2 тақырып. Мемлекет және құқық теориясының пәні және әдісі
3 тақырып. Мемлекеттің пайда болуы.
4 тақырып. Мемлекеттің түсінігі және мәні.
5 тақырып. Мемлекеттің функциялары
6 тақырып. Мемлекет механизмі
7 тақырып. Мемлекет нысаны..
8 тақырып. Мемлекет типтері
9 тақырып. Қоғамның саяси жүйесі..
10 тақырып. Құқықтық мемлекет
11 тақырып. Мемлекет және қоғам.
12 тақырып. Құқықтың пайда болуы.
13 тақырып. Құқықтың түсінігі және мәні
14 тақырып. Құқықты түсінудегі қазіргі кезгі бағыттар
15 тақырып. Құқықтың қағидалары және функциялары
16 тақырып. Құқықтың типтері
17 тақырып. Әлеуметтік нормалар жүйесіндегі құқық
18 тақырып. Құқық жүйесі
19 тақырып. Тұлға, құқық, мемлекет
20 тақырып. Құқықтың қайнар көздері
21 тақырып. Құқық нормалары
22 тақырып. Құқықшығармашылық
23 тақырып. Заңнаманы жүйелеу
24 тақырып. Құқықтық қатынастар
25 тақырып. Құқықты жүзеге асыру
26 тақырып. Құқық нормаларын түсіндіру
27 тақырып. Құқықтық мінез-құлық
28 тақырып. Құқықбұзушылық және заңды жауапкершілік
29 тақырып. Құқықтық сана және құқықтық мәдениет
30 тақырып. Заңдылық және құқықтық тәртіп
31 тақырып. Қоғамның құқықтық жүйесі
32 тақырып. Құқықтық реттеу механизмі
3. Әлеуметтік ортаны ұйымдастырудың үшінші түрі–аралас түр, ол конвергенция деген атқа ие болды. Конвергенциялық саяси жүйелер бір әлеуметтік ортадан екінші әлеуметтік ортаға өту кезінде пайда болады. Конвергенциялық саяси жүйелерге әртүрлі мақсаттағы және мазмұндағы көптеген саяси институттардың араласуы тән болып келеді.
2. Саяси жүйелердің
түрлері. Саяси жүйелердің
3. Қоғамның саяси
жүйесіндегі мемлекеттің орны
мен рөлі. Мемлекет саяси жүйеге
белгілі бір жекелеген
а) оның аумақтық
шекараларында азаматтық
ә) егемендіктің жалғыз иесі болып табылады;
б) қоғамды басқаруға бағытталған әлеуметтік аппараты болады;
в) қарулы құрылымдары болады;
г) құқықшығармашылыққа қатысты монополияға ие;
д) материалдық құндылықтардың ерекше жиынтығына (мемлекеттік меншік, бюджет, валюта және т.б.) ие.
10 тақырып. ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ
1. Құқықтық мемлекеттің түсінігі және қағидалары.
2. Биліктің тармақтарға бөлінуі құқықтық мемлекеттің қағидасы ретінде.
3. Мемлекет пен
тұлғаның өзара жауапкершілігі.
1. Құқықтық мемлекеттің
түсінігі және қағидалары. Құқықтық
мемлекет–бұл адам мен
Құқықтық мемлекеттің мәнін қарастыруда оның негізгі екі жағын (екі негізгі қағиданы) бөліп қарастыруға болады:
1) мазмұнды жағы– адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын мейлінше толық көлемде қамтамасыз етуден, тұлға үшін құқықтық ынталандыру режимін орнықтырудан көрінеді;
2) формальды-заңды
жағы–мемлекеттік билікті
Сонымен қатар, құқықтық мемлекеттің қағидасына мыналар да жатады:
- билікті заңсыз
пайдалануды болдырмау
- заңның үстемдігі, яғни, биліктің жоғары органымен барлық конституциялық тәртіптерді сақтай отырып қабылданған заң атқарушылық билік актілерімен жоққа шығарылуы, өзгертіліуі және тоқтатылуы мүмкін емес;
- мемлекет пен тұлғаның өзара жауапкершілігі;
- қоғамдағы құқықтық сана мен құқықтық мәдениеттің жоғары деңгейі;
- азаматтық
қоғамның болуы және тарапынан
құқық субъектілерінің
2. Биліктің тармақтарға бөлінуі құқықтық мемлекеттің қағидасы ретінде. Бұл қағиданы алғаш рет Д.Локк пен Ш.Монтескье ұсынған болатын. Қағиданың басты талабы–саяси бостандықты бекіту, заңдылықты қамтамасыз ету және белгілі бір әлеуметтік топтың, мекеменің немесе жеке тұлғаның билікті асыра пайдалануын болдырмау үшін мемлекеттік билікті заң шығарушылық (халық сайлайтын және қоғамды дамытуды заңдар қабылдау жолымен жүзеге асыруға бағытталған), атқарушылық (биліктің өқілдік органы тағайындайтын және заңдар мен оралымдық-шаруашылық қызметті жүзеге асырумен айналысатын) және сот (бұзылған құқықтарды қалпына келтірудің, кінәлілерді әділетті түрде жазалаудың кепілі болып табылатын) биліктері деп бөлу қажет. Және осы әр бір билік түрлері дербес және бір-бірін тежей отырып, өз функцияларын органдардың ерекше жүйесі арқылы және арнайы нысандарда жүзеге асыруы тиіс.
Констиуцияда бекітілген «тепе-теңдік және тежемелік жүйесің заң шығару, атқарушы, сот билігінің нақты бір билік түріне қатысты құқықтық шектеулерінің жиынтығын білдіреді. Мысалы, заң шығару билігіне қатысты тежемелік жүйесінде ерекше рөлді Президент иеленген, ол заң шығарушыға қатысты вето құқығын иеленеді; атқарушы билікке қатысты тежемелік сипатта болып президент өкілеттіктерінің мерзімі, импичмент, сенімсіздік вотумы, атқарушы органдардың жауапты қызметкерлеріне заңшығарушылық құрылымға сайлануға тыйым салу, коммерциялық қызметпен айналысу табылады; сот билігі үшін конституцияда көрініс тапқан құқықшектеуші құралдар болып мыналар табылады: кінәсіздік презумпциясы, қорғану құқығы, азаматтардың заң мен сот алдындағы теңдігі, іс жүргізудің жариялылығы мен жарыспалылығы, соттарға отвод жариялау және т.б.
3. Мемлекет пен
тұлғаның өзара жауапкершілігі.
Бұл құқықтық мемлекеттің
Құқыққа бағына отырып, мемлекеттік органдар ондағы ережелерді бұза алмайды және осы міндеттерді орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылады. Заңның мемлекеттік билік үшін міндеттілігі әкімшіліктік қателіктерді болдырмауға бағытталған кепілдіктер жүйесімен қамтамасыз етіледі. Оларға Үкіметтің өкілдік органдардың алдындағы жауапкершілігі, мемлекеттің кез-келген деңгейдегі лауазымды тұлғаларының нақты бір тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын бұзғандығы, билікті асыра пайдаланғаны, қызметтік жағдайын асыра пайдаланғаны үшін тәртіптік, азаматтық-құқықтық және қылмыстық жауапкершілігі, импичмент және т.б. жатады.
Жалпы қауымның мемлекеттік құрылымдардың өз міндеттерін орындауды бақылауының нысандары болып референдумдар, депуттардың сайлаушылар алдында есеп беруі және т.б. табылады.
Тұлғаның мемлекет алдындағы жауапкершілігі де дәл осы құқықтық бастамалар негізделеді. Мемлекеттік мәжбүрлеуді қолдану құқықтық сипатта болуы, ол тұлғаның бостандығын бұзбауы және жасаллған құқықбұзушылықтың ауырлығына сай болуы тиіс. Сонымен, мемлекет пен тұлғаның арасындағы қарым-қатынастар өзара жауапкершіліктің негізінде жүзеге асырылуы тиіс.
11 тақырып. МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ
1. Мемлекет пен қоғамның өзара қатынасы.
2. Азаматтық
қоғамның түсінігі және
1. Мемлекет пен қоғамның өзара қатынасы. Қоғам–бұл, кең мағынада, адамдардың бірлескен қызметінің тарихи қалыптасқан нысандарының жиынтығы немесе, тар мағынада, әлеуметтік жүйенің тарихи нақты типі, қоғамдық қатынастардың белгілі бір нысаны.
Мемлекет–бұл саяси биліктің саяси-аумақтық, егеменді түрде ұйымдастырылуы. Қоғам мен мемлекет–әртүрлі түсініктер. Біріншісі екіншісіне қарағанда кең болып келеді, себебі, қоғамда мемлекетпен қатар мемлекеттік емес құрылымдар да (саяси партиялар, саяси қозғалыстар, қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер, еңбек ұжымдары және т.б.) болады. Мемлекет қоғамның саяси бөлігі, элементі болып табылады.
Мемлекет қоғамда орталық орынды және басты рөлді иеленген. Мемлекеттің сипаты бойынша бүкіл қоғамға. Оның мәніне сипаттама беруге болады. Мемлекет қоғамға қатысты оның істерін шешу, басқару құралы рөлін атқарады. Қоғам мен мемлекеттің хронологиялық шектері де әртүрлі болып келеді: біріншісі екіншісіне қарағанда ерте пайда болған және бай даму тарихына ие. Дамыған қоғамның негізінде пайда болған мемлекет оған қатысты салыстырмалы түрдегі дербестікті иеленеді.
2. Азаматтық қоғамның
түсінігі және құрылымы. «Азаматтық
қоғамң түсінігін Аристотель, Цицерон,
Гроций, Т.Гоббс, Дж.Локк, Гегель, Маркс
және т.б. ойшылдар
Азаматтық қоғамның құрылымына мыналар кіреді:
1) мемлекеттік емес, әлеуметтік-экономикалық қатынастар мен институттар (меншік, еңбек, кәсіпкерлік);
2) мемлекеттен
тәуелсіз өндірушілердің
3) қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер;
4) саяси партиялар мен қозғалыстар;
5) тәрбиелеу мен мемлекеттік емес білім беру саласы;
6) мемлекеттік
емес бұқаралық ақпарат
7) отбасы;
8) шіркеу және т.б.
Азаматтық қоғамның белгілері:
- адам мен
азаматтың құқықтар мен
- өзін-өзі басқару;
- оның құрылымдары мен адамдардың әртүрлі топтарының бәсекелестігі;
еркін түрде қалыптасатын қоғамдық көзқарас пен плюрализм;
- жалпы ақпараттану мен адамның ақпаратпен танысу құқығының шын мәнінде жүзеге асырылуы;
- өмір сүру
координация қағидасына негізде
- экономиканың көпжақтылығы;
- биліктің заңды және демократиялық сипаты;
- құқықтық мемлекет;
- адамдардың
жақсы өмір сүру жағдайын
12 тақырып. ҚҰҚЫҚТЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ
1. Мемлекетке
дейінгі кезеңдегі нормаларға
жалпы сипаттама. Мемлекетке
Мемлекетке дейінгі кезеңде болған нормалардың белгілері:
1) алғашқы қауымдық қоғамдағы қарым-қатынастар ең алдымен әдет-ғұрып нормаларымен, яғни, ұзақ уақыт бойы қолдану нәтижесінде әдетке айналған, тарихи қалыптасқан жүріс-тұрыс ережелерімен реттелген;
2) жазбаша нысандағы
көрінісі болмастан,
3) әдеттің, сонымен қатар, сендіру және мәжбүрлеу (рудан қуу) шараларымен қамтамасыз етілген;
4) оларда негізгі
реттеу тәсілі болып тыйым
(табулар жүйесі, құқықтар мен
міндеттердің болмауы)
5) олар ру
мен тайпаның барлық
2. Құқықтың пайда
болуының ерекшеліктері. Құқық
әлеуметтік институт ретінде
мемлекетпен бірге пайда
Құқық тарихи тұрғыда таптық құбылыс ретінде пайда болып, ең алдымен, экономикалық үстемдік құрушы таптардың еркі мен мүдделерін білдірді. Егер әдет-ғұрыптар адамдардың санасы мен жүріс-тұрысында бекітілсе, құқықтық нормалар жалпыға мәлім болу мақсатында жазбаша рәсімделе басталды. Құқықтың пайда болуы–әлеуметтік байланыстардың күрделенуінің, қоғамдағы қарама-қайшылықтардың таралуын әлеуметтік нормалардың реттей алмауының салдары.
Құқықтық нормалар негізгі үш жолмен қалыптасты:
1) мононормалардың
(алғашқы қауымдық әдет-
2) құқық нормаларынан
құралған арнайы құжаттарды–
3) сот және
әкімшілік органдарымен
13 тақырып. ҚҰҚЫҚТЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ МӘНІ
1. Құқықтың түсінігі және белгілері.
2. Құқықтың мақсаты.
3. Құқықтың құндылығы.
4. Құқықтың мәні.
5. Құқықтың объективтік және субъективтік мағынадағы түсінігі. Табиғи құқық. Позитивтік құқық. Бұқаралық және жеке құқық.
6. Құқық қоғамдық
қатынастарды мемлекеттік
1. Құқықтың түсінігі
және белгілері. Құқық–бұл
Құқықтың белгілері:
еріктілік сипаты;
жалпыға міндеттілігі;
нормативтілігі;
мемлекетпен байланысы;
формальды анықталғандығы;
жүйелілігі.
2. Құқықтың мақсаты.
Құқықтың қоғамдық жоғарғы
3. Құқықтың құндылығы–бұл
құқықтың азаматтардың және
1) құқық адамдардың
әрекеттеріне
Информация о работе Лекции по "Мемлекет және құқық теориясы: оқу құралы"