Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Сентября 2013 в 11:10, курс лекций
Мемлекет және құқық теориясы–заң білімдерін беретін жоғары оқу орындарының бірінші курсында оқытылатын күрделі пәндердің бірі. Ол мемлекет пен құқық туралы жалпыланған абсрактілі ережелерден құралған. Оның күрделілігі мынада: студенттер бірінші курста нақты материалдармен– қолданыстағы заңнамамен, заң тәжірибесімен, мемлекет және құқықтың тарихымен таныс болмайды, сол себепті де, бұл оқу құралындағы жалпы теориялық мәселелер салыстырмалы түрде қарапайым қалыпта берілген.
Мемлекет және құқық теориясы студенттерде мемлекет және құқық, құқықтық және саяси мәдениет туралы терең шынайы ғылыми түсініктердің қалыптасуына, олардың әртүрлі тарихи кезеңдердегі мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың дамуының басымдылықтары мен заңдылықтарын түсінуіне жәрдемдеседі.
КІРІСПЕ
1 тақырып. Мемлекет және құқық теориясына жалпы сипаттама
2 тақырып. Мемлекет және құқық теориясының пәні және әдісі
3 тақырып. Мемлекеттің пайда болуы.
4 тақырып. Мемлекеттің түсінігі және мәні.
5 тақырып. Мемлекеттің функциялары
6 тақырып. Мемлекет механизмі
7 тақырып. Мемлекет нысаны..
8 тақырып. Мемлекет типтері
9 тақырып. Қоғамның саяси жүйесі..
10 тақырып. Құқықтық мемлекет
11 тақырып. Мемлекет және қоғам.
12 тақырып. Құқықтың пайда болуы.
13 тақырып. Құқықтың түсінігі және мәні
14 тақырып. Құқықты түсінудегі қазіргі кезгі бағыттар
15 тақырып. Құқықтың қағидалары және функциялары
16 тақырып. Құқықтың типтері
17 тақырып. Әлеуметтік нормалар жүйесіндегі құқық
18 тақырып. Құқық жүйесі
19 тақырып. Тұлға, құқық, мемлекет
20 тақырып. Құқықтың қайнар көздері
21 тақырып. Құқық нормалары
22 тақырып. Құқықшығармашылық
23 тақырып. Заңнаманы жүйелеу
24 тақырып. Құқықтық қатынастар
25 тақырып. Құқықты жүзеге асыру
26 тақырып. Құқық нормаларын түсіндіру
27 тақырып. Құқықтық мінез-құлық
28 тақырып. Құқықбұзушылық және заңды жауапкершілік
29 тақырып. Құқықтық сана және құқықтық мәдениет
30 тақырып. Заңдылық және құқықтық тәртіп
31 тақырып. Қоғамның құқықтық жүйесі
32 тақырып. Құқықтық реттеу механизмі
6) мемлекет құқықтың
әлеуметтік кеңістікке
Құқықтың мемлекетке әсері мыналардан көрініс табады:
1) құқық мемлекеттің
халықпен, жекелеген тұлғамен өзара
қарым-қатынастарына әсер
2) құқық мемлекеттің
қызметін заңдастырады, мемлекеттің
қорғау және мәжбүрлеу
3) құқық арқылы
мемлекеттің қызметінің
4) құқық ұлттардың
ерекше мүдделерін қамтамасыз
етеді, осы арқылы мемлекеттік
биліктің ұлттармен қарым-
5) құқықтық нысан
мемлекеттік аппараттың
6) құқық басқа мемлекеттермен, жалпы әлемдік қауымдастықпен байланыс тілі рөлін атқарады.
3. Экономика,
саясат пен құқықтың
Аталған түсініктердің өзара арақатынасына қатысты екі негізгі бағыт бар. Бірінші бағытқа сәйкес, бұл түсініктердің арасында ешқайсысы артықшылық сипатты иеленбейді. Қоғамдық қатынастардың, оның ішінде өндірістік, құқықтық және саяси қатынастардың, дамуы мен әрекет етуінің алғашқы факторлары болып адамдардың мүдделері табылады. Бұл жерде құқықтың экономикадан басымдығы туралы айтуға болады. Мысалы, буржуазиялық революциялар дәуірінде Батыс Еуропада алдымен заңдар қабылданатын, содан кейін барып олардың негізінде жаңа экономикалық қатынастар қалыптасатын. Алайда, кейбір кездері керісінше да болады: алдымен мүдделер жаңа өндірістік қатынастарда жүзеге асырылып, содан кейін барып құқықта бекітілуі мүмкін. Бұл жерде экономиканың құқықтан басымдығы жөнінде айтуға болады. Ал саясат аталған екі құбылысты байланыстырушы болып табылады.
Екінші бағытқа сәйкес, экономика құқық пен саясатты анықтайды. Құқық пен саясат базиске тәуелді болып келеді. Алайда, бұл басымдық рөл тек ақыр соңында ғана байқалады, себебі, құқық пен саясат экономикаға негізделе отырып, өндірістік қатынастардың дамуын ынталандыру немесе оларға кедергі жасау арқылы оған кері әсер етуі де мүмкін. Саясат бұл жерде де құқық пен экономиканы байланыстырушы болып табылады.
20 тақырып. ҚҰҚЫҚТЫҢ ҚАЙНАР КӨЗДЕРІ
1. Құқықтың қайнар
көздерінің түсінігі және
2. Нормативтік актілердің түсінігі жән түрлері.
3. Заңдардың түсінігі, белгілері және түрлері.
4. Нормативтік актілердің күші.
1. Құқықтың қайнар
көздерінің түсінігі және
Құқықтың қайнар көздері–бұл құқық нормаларының бекітілу және көрініс табуының мемлекет шығарған немесе ол таныған ресми-құжаттық нысандары, оларға заңды, жалпыға міндетті мағына беру.
Құқықтың қайнар
көздеріне ресми сипат тән, оларды
мемлекет таниды; бұлар ондағы нормаларды
мемлекеттің қолдаудын
1) құқықшығарсашылық
жолы арқылы; бұл жағдайда нормативтік
құжаттарды құзіретті
2) санкциялау жолы арқылы; бұл жағдайда мемлекетік органдар белгілі бір түрде әлеуметтік нормаларды (әдет-ғұрып, корпоративтік нормалар) қолдап, оларға заңды күш береді.
Құқықтың қайнар көздерінің түрлері:
1. Нормативтік
заң актілері– бұл құзіретті
мемлекеттік орган қабылдайтын,
2. Санкцияланған
әдет нормалары–бұл адамдардың
санасынан орын алған және
көп рет қолданылуының
3. Заңды прецедент–
бұл ұқсас істерді шешуде
4. Нормативтік шарт–бұл екі немесе одан да көп субъектілердің жалпыға міндетті заң нормаларынан құралған кеілісімі.
5. Құқықтың жалпы
қағидалары–бұл құқықтық
6. Діни мәтіндер–бұлар, әсіресе, мұсылмандық құқыққа тән. Ең алдымен, бұл Құран мен Сүннет. Құран–бұл Алланың сөздері, өсиеттері және ақылдарының жиынтығы түріндегі қасиетті кітап; Сүннет–бұл Мұхаммед Пайғамбардың өмірін сипаттайтын жинақ.
2. Нормативтік
актілердің түсінігі және
Заң–бұл заң шығарушы билік органы немесе референдум арқылы ерекше тәртіпте қабылданған, халықтың еркін білдіретін, жоғары заң күшіне ие және маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін нормативтік акт.
Заңға сәйкес актілер–бұл заң нормаларынан құралған, заңдардың негізінде және оларды орындау мақсатында қабылданған актілер. Оларға мыналар жатады:
1) Президенттің құзіреті шегінде қабылданған жарлықтар мен өкімдер;
2) Парламенттің құзіреті шегінде қаабылданған қаулылар мен өкімдер;
3) мемлекеттік
аумақтық және жергілікті
4) ведомстволық актілер–белгілі бір органның құзіреті шегінде қабылданады және осы ұжымның мүшелеріне ғана таралады.
3. Заңдардың түсінігі, белгілері және түрлері. Заң–бұл заң шығарушы билік органы немесе референдум арқылы ерекше тәртіпте қабылданған, халықтың еркін білдіретін, жоғары заң күшіне ие және маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін нормативтік акт.
Заңның белгілері:
1. Заң–бұл құқықтық
жүйеге заң нормаларын енгізуге
2. Заң–бұл мемлекеттік
биліктің қатаң анықталған
3. Заң жоғары
заң күшіне ие. Бұл мынаны білдіреді:
а) қалған барлық құқықтық
4. Заң–бұл құқықтық
жүйеде бұрын болмаған және
қоғамдық өмірдің маңызды
Заңның түрлері:
1) Конституция–бұл
басқарудың және мемлекеттік
құрылымның нысанын, сот
2) конституциялық
заңдар–Конституциямен
3) жай заңдар–бұл қоғамдық өмірдің экономикалық, саяси, әлеуметтік, рухани жақтарына арналған ағымдағы заңнама актілері.
4. Нормативтік актілердің күші. Нормативтік актілер әрекет етудің уақыттық, кеңістіктік және субъектілік шектеріне ие:
1. Нормативтік актілердің уақыттағы күші олардың күшіне енген сәтінен бастап қүшін жоғалтқан сәтіне дейін таралады. Актілер не оларды қабылдаған сәттен бастап, не нормативтік актінің өзінде немесе оның күшіне енуі туралы арнайы актіде көрсетілген уақыттан бастап, немесе оларды жариялаған сәттен бастап белгілі бір мерзім өткеннен кейін күшіне енеді. Актілер оларды қабылдауда көрсетілген әрекет ету уақыты өткеннен кейін,не олардың орнына жаңа акт қабылданған жағдайда, не нақты бір органның осы актінің күшін жою туралы тікелей нұсқауы негізінде өз күштерін жояды.
Нормативтік актілердің уақыттағы күшіне байланысты жалпы ережелердің ішінде екі ерекше ереже бар:
а) заңның кері күші–жаңадан қабылданған нормативтік актінің өз күшін бұл акт заңды күшіне енгенге дейінгі қатынастарға таратуы. Жалпы ереже бойынша, заңның кері күші болмайды, алайда, заңның кері күшті иеленуі екі жағдайда мүмкін: егер заңның өзінде бұл аталып өтсе немесе заң жауапкершілікті жеңілдетсе немесе жойса;
ә)жаңа заңдағы арнайы көрсету бойынша өз күшін жойған заңның жекелеген мәселелерге қатысты күшін сақтап қалуы.
2. Нормативтік
актілердің кеңістіктегі күші
олар таралатын аумақпен
3. Заңның тұлғалар шеңбері бойынша күші нормативтік талаптардың белгілі бір актінің әрекет ету аумағындағы барлық тұлғаларға таралуын білдіреді. Алайда, бұл ережеден де ауытқушылықтар бар:
а) мемлекеттер
мен үкіметтердің басшылары, елшілік
және консулдық өкілдіктердің
ә) кейбір нормативтік актілер, мысалы, қылмыстық жауапкершілікті көздейтін актілер, азаматтарға, олардың қай жерде жүргеніне және олардың шетелдік заңнама нормаларына сәйкес жазаны өтегеніне қарамастан, таралады;
б) мемлекет аумағында өмір сүруші шетелдік тұлғалар мен азаматтығы жоқ тұлғалар құқықтар мен міндеттердің кең шеңберін пайдаланатынына қарамастан, кейбір жағдайларда құқықтар мен міндеттерді иелене алмайды. Мысалы, олар қарулы күштер қатарында борышын өтемейді, мемлекеттік билік органдарына сайлана алмайды және сайлауғақатыса алмайды.
21 тақырып. ҚҰҚЫҚ НОРМАЛАРЫ
1. Құқық нормаларының түсінігі және белгілері.
2. Құқық нормаларының түрлері.
3. Құқық нормаларының құрылымы.
4. Құқық нормасы мен нормативтік акт бабының арақатынасы.
1. Құқық нормаларының
түсінігі және белгілері.
Заң нормасы–құқықтың алғашқы буыны, оның жүйесінің элементі. Сол себепті, бұл нормаға ерекше әлеуметтік құбылыс ретіндегі құқықтың негізгі белгілерінің тән болуы заңды да. Алайд, бұл «құқықң және «құқық нормасың түсініктерінің бір екенін білдірмейді. Олар бір-бірімен бүтін мен оның бөлігі ретінде байланысқа түседі.
Құқық нормасының белгілері:
1) жалпыға міндеттілігі–ол
адамдардың мүмкін және
2) формальды
анықталғандығы–ол жазбаша
3) мемлекетпен
байланысы–оны мемлекеттік
4) ұсынушылық-міндеттемелік
сипат– ол бір субъектілерге
құқықтар берсе, келесі
2. Құқық нормаларының
түрлері. Заң нормаларының
1) реттеуші және құқыққорғаушы; 2) құқық беруші, тыйым салушы және міндеттеуші; 3) императивтік және диспозитивтік.
Реттеуші норма–бұл субъектінің субъективтік құқықтары мен міндеттерін, олардың пайда болу және әрекет ету жағдайларын анықтайтын норма,
Құқыққорғаушы норма–бұл субъектіге мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолданудың жағдайларын, осы шаралардың сипаты мен мазмұнын анықтайтын норма.
Құқық беруші норма–бұл субъектіге белгілі бір әрекеттерді жүзеге асыруға байланысты құқықтарды беретін норма.
Информация о работе Лекции по "Мемлекет және құқық теориясы: оқу құралы"