Еңбек құқығындағы марапаттау шаралары және оларды қолдану тәртіптеріс

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Сентября 2013 в 14:19, курсовая работа

Описание работы

Республикамыздың экономикасының өңдеуші салаларындағы экономикалық тиімділіктің төмен болуы бізді елең еткізбей қоймайды. Бұл мәселені шешу барысында түрлі амал-тәсілдерді қолдануға болады. Соның бірі – еңбекті мотивациялау шаралары. Экономикалық тиімділікті жұмыстың жоғары нәтижелілігіне қызыққан жұмысшының өзін немесе өзгелерді қызметке тартуы арқылы көтеруге болары сөзсіз. Олардың істелген еңбектері сәйкесінше бағалануы да тиіс қой. Мәселен, қосымша төлемдер, сый ақылар және өзге де марапаттау шаралары жұмысшылардың көңілін жай қалдырмайтыны даусыз. Басқаша айтқанда, еңбек мотивациясының жеткілікті деңгейде жүзеге асырылуы, дербес алғанда - кәсіпорынның қызметіне, ал жалпы алғанда – ел экономикасына оңтайлы ықпал етеді. Сайып келгенде, бұл еңбек мотивациясы тақырыбының өзектілігін дәлелдейді.

Содержание работы

Кіріспе 3
1 Еңбекке ынталандыру және марапаттау негіздері 5
1.1 Жұмыскерлерді еңбекке ынталандыру негіздері 5
1.2 Еңбек мотивациясын арттырудағы шетелдік тәжірибе 11
2 Еңбек құқығындағы марапаттау шаралары және оларды қолдану тәртіптері 19
2.1 Еңбек құқығындағы марапаттау шаралары және еңбек үшін мадақтау әдістері 19
2.2 Көтермелеу шаралары жəне оларды қолдану тәртіптері 23
Қорытынды 28
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 30

Файлы: 1 файл

Еңбек құқығындағы марапаттау шаралары және оларды қолдану тәртіптері 30 бет .doc

— 231.00 Кб (Скачать файл)

Қызметкер жазасы мерзімінен бұрын алып тасталса ғана ынталандырылуы мүмкін. Баянхат немесе ұсынысхат ынталандыру шараларын қолдану үшін негіздеме бола алады. Бұл құжатты қызметкердің оны ынталандыру туралы ұсыныс енгізген тікелей басшысы дайындайды. Сондай-ақ ынталандыру туралы ұсынысты тікелей басшы мен мамандар да ұсына алады. Ұсыныста ынталандырылатын тұлғаның тегі, аты-жөні, оның туған жылы, атқаратын лауазымы, құрылымдық бөлімшесі, қызметінің бағалануы, ынталандыру себебі, негіздері және ынталандыру түрлері көрсетілуі тиіс. Ол сыйақы берілетін күнге дейін дайын болуы керек. Қызметкерді ынталандыру туралы шешімді ұйымның басшысы немесе ондағы өзге де өкілетті тұлға қабылдайды, сондықтан мамандармен жұмыс жүргізу бөлімінің қызметкері алынған ақпаратты тексерген соң қызметкерді ынталандыру туралы ұсыныс баяндалған құжатты бірінші басшыға жолдайды. Әдетте оған басшының резолюциясына дейін мамандар қызметінің жетекшісі өз қолын қояды. Бұйрықта ынталандыру себебін көрсету қажет, онда қызметкердің еңбек міндеттерін адал атқаруы, ұйымдағы ұзақ жылдар бойғы жемісі және әділ жұмыс атқарғаны көрсетілуі мүмкін. Мүмкіндігінше құжатта қызметкердің нақты қандай жетістіктері үшін марапатталатынын көрсету керек. Кейін осы бұйрықтың негізінде еңбек кітапшасына ынталандыру туралы мәліметтер енгізілетін болады [14].

Қызметкерге ынталандыру шараларын қолдану туралы бұйрыққа ұйымның бірінші басшысы, осыған қол қоюға тиісті бұйрығы немесе сенімхаты бар өкілетті тұлға қол қояды. Ынталандыру туралы бұйрық қызметкерге қол қою арқылы таныстырылады. Қызметкер бұйрықпен танысқан соң қол қойылған бұйрықтың бірнеше көшірмесін жасап алған жөн: оның бірінші данасы – түпнұсқасы мамандар қызметінде сақталады және құжаттар топтамасына тігіледі, екіншісі бухгалтерияға тапсырылады, ал үшіншісі құрылымдық бөлімшеге жолданады.

Заңнама еңбектегі табысы үшін қызметкерге әртүрлі мадақтау шараларын қолдануға жұмыс берушіге құқық берген. Мадақтаулардың түрлері мен тәртібі жеке еңбек және ұжымдық шарттарда және жұмыс берушінің актілерінде анықталады.

        Бұл құнды заттай сыйлық, ақшалай  сыйлық беру, алғыс жариялау, т.б. болуы мүмкін. Мадақтау туралы жазулар еңбек кітапшасына енгізіледі.

         1999 жылғы 23 шілдедегі "Мемлекеттік  қызмет туралы" Қазақстан Республикасы  Заңыңда адал еңбегі үшін мемлекеттік  қызметкерлерді мадақтау шаралары  көзделген. Мысалы, лауазымдық міңдеттерін үлгілі атқарғаны, мінсіз мемлекеттік қызметі. аса маңызды және күрделі тап-сырмаларды орыңдағаны және жұмыста қол жеткізген басқа да табыстары үшін мемлекеттік қызметкерлерге  мадақтау шаралары қолданылады:

1) жоғары тұрған лауазымды алу арқылы қызмет бойынша көтерілу.

2) ақшалай сыйлық беру [15].

3) ынталандырудың заңнамада  көзделген өзге де түрлері.

         Сондай-ақ Қазақстан Республикасының  заңдарында көзделген көтермелеудің  өзге де нысандары арқылы көтермеленуі  мүмкін және аталған қызметшілер ерекше еңбек сіңіргені үшін Қазақстан республикасының мемлекеттік наградаларымен марапатталады.

          Ішкі еңбек тәртібінің ережелерінде  және тәртіп туралы жарғыларда  көзделген мадақтау шараларымен  катар қыметкерлер сіңірген ерекше еңбегі үшін орден, медальдермен наградтауға, Қазақстан Республикасыньң құрметті атақтарын, наградалары, құрметті грамоталарын беруге жоғары тұрған органдарға ұсынылады.  Білім беру мекемелерінің үздік қызметкерлерін "Қазақстан Республикасының білім беру үздігі" төске тағатын белгісімен наградтау көзделген.

          1995 жылғы 12 желтоқсандағы "Қазақстан  Республикасының мемлекеттік наградалары  туралы" Қазақстан Республикасының  Заңында республиканың жоғары  наградалары берілген азаматтарды  наградтаудың тәртібі және сол наградалар тізімі берілген.

          Мемлекеттік наградалармен республика  алдында сіңірген еңбегі танылған, жемісті мемлекеттік, қоғамдық, шығармашылык  қызмет атқарған, еңбек және әскери  ерлік жасаған Қазақстан Республикасының  азаматтары наградталады. Мемлекеттік наградалармен, сонымен қатар, Қазақстан Республикасы алдында еңбегі сіңген шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар да наградталуы мүмкін.

         Жоғары дәрежелі озаттық белгісі  бар "Алтын Қыран" ордені, "Халық қаһарманы" атағы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа да ордендері мен медальдері, құрметті атақтары мен Құрмет грамоталары мемлекеттік наградалар болып табылады.

"Алтын Қыран"  орденімен наградтау үшін кандидатураларды  Қазақстан Республикасының Президенті  анықтайды, ал баска мемлекеттік наградалармен наградтау үшін кандидатураларды республика Президентіне Парламент, Үкімет, министрліктер, мемлекеттік комитеттер, басқадай орталық және жергілікті атқарушы органдар, шығармашылық одақтар мен басқа ұйымдар ұсынады. Наградтау үшін кандидатураны еңбек ұжымдары да қарап, ұсына алады. Жоғары дәрежелі озаттық белгілерімен, дәрежелері бар наградалардан басқа бір орденмен немесе медальмен бір адам екі қайтара наградталмайды. Құрметті атақтар қайтара берілмейді.

         Көп балалы аналарды наградтауды және ерлік жасаумен, төтенше мән-жайлармен байланысты ерекше жағдайларды есептемегенде,азаматты алдыңғы наградтаудан бес жыл өтпей кезекті наградаға ұсынуға болмайды. Жоғары дәрежелі озаттық белгісімен және бір орденмен немесе бір медальмен бір адам екінші қайтара наградталмайды. Құрметті атақты қайтара беруге де болмайды.

        Мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі, экономиканы, әлеуметтік өрісті, ғылым мен мәдениетті дамытудағы  ерекше еңбегі үшін азаматтар  "Отан" (Отечество) және "Барыс" (Барыс) ордендерімен, "Ерен еңбегі үшін" медальмен наградталуы мүмкін. "Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері" құрметті атағымен сол салада кемінде 10 жыл жұмыс істеген, материалдық өндіріс және әлеуметтік-мәдени өрісінің, бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері, мемлекеттік қызметкерлер наградталуы мүмкін. Қазақстан Республикасының құрмет  грамотасымен азаматтар экономикада, әлеуметгік салады, қоғамдық қызметте қол жеткізген елеулі жетістіктері үшін наградталады. Құрмет грамотасымен халықтар арасындағы мәдени байланысты, достықты және ынтымақтастықты нығайтуға көмегін тигізген гастрольдық сапарларының қорытындысы бойынша шығармашылық ұжымдар да наградталады [16].

        Мемлекеттік награда берілген  азаматтарды тірі кезінде моральдық  мадақтаудың және мәңгі есте қалдырудың тәртібі мен формасын Қазақстан Республикасының Үкіметі, министрліктер, мемлекеттік комитеттер, басқа да орталық және жергілікті атқару (органдары анықтайды.

Мемлекеттік наградалармен  наградталған адамдар үшін заңнамада  тұрғын-үй, зейнетақымен қамтамасыз ету және санитарлық-курорттық емдеу саласында жеңілдіктер белгіленген.

Кәсіпорындардағы, мекемелердегі  және ұйымдардағы еңбек тәртібі  жоғары өнімді дұрыс жұмыс үшін ұйымдық  және экономикалық жағдайлар туғызу, еңбекке саналы қарау, сенім туғызу, тәрбиелеу әдістері, сондай-ақ адал еңбек үшін мадақтау арқылы қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, теріс пиғылда кейбір қызметерлерге қатысты, қажет болған жағдайда, тәртіптік ықпал ету шаралары қолданылады.

2.2 Көтермелеу  шаралары жəне оларды қолдану тәртіптері

 

Заңнамаға сəйкес жеке еңбек  шартының тараптарының бірі болып жұмыс беруші табылады. Əкімшіліктің жəне жұмыс берушінің міндеттерінің шеңбері ҚР Президентінің 1995 жылғы 19 маусымдағы «Мемлекеттік кəсіпорын туралы» Жарлығымен, кəсіпорынның жарғысымен жəне өзге де нормативтік-құқықтық актілермен, соның ішінде, ең бастысы, ҚР «Еңбек туралы» заңымен белгіленген. Жұмыс берушінің негізгі міндеттеріне мыналар жатады:

1. еңбек заңнамасын  жəне еңбекті қорғау ережелерін  сақтау;

2. қызметкерлердің əрқайсысы жеке еңбек шартында көзделген өз мамандығы, біліктілігі жəне лауазымы бойынша жұмыс істей алатындай, əрбір қызметкер қалыпты еңбек жағдайына сай жұмыс орнын иеленетіндей етіп жұмыс барысын дұрыс ұйымдастыру, нақты бұйрықтар мен нұсқаулар беру жəне олардың дəл жəне уақтылы орындалуын тексеру, еңбек қауіпсіздігі мəселелеріне ерекше көңіл бөлу;

3. əкімшілік немесе  жұмыс беруші жұмыс басталғанға  дейін қызметкерді ішкі еңбек тəртібінің ережелерімен, белгіленген мақсаттармен таныстыру;

4. еңбек өнімділігін өсіру үшін жағдайлар жасау, ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерін енгізу, жұмыс орындарын ұйымдастыруды жетілдіру, ауыр жəне күрделі өндірістерді механизациялау жəне т.б.;

5. еңбек жəне өндірістік  тəртіпті қамтамасыз ету;

6. қызметкерлердің қажеттіліктері мен мүдделеріне мұқият бақылау жасау, олардың жұмыс жағдайын жақсарту, жалақыны жəне еңбек демалысын уақтылы беру жəне т.б [17].

Əрине, жұмыс берушінің  де кейбір міндеттері декларативтік  сипатқа ие, мысалы, қызметкерлердің қажеттіліктері мен мүдделеріне мұқият бақылау жасау. Соған қарамастан, жұмыс берушінің еңбек заңдарын, ұжымдық немесе жеке еңбек шартын бұзуы қызметкердің талабы бойынша мерзімді еңбек шартын мерзімінен бұрын бұзуына негіз болып табылды.

Еңбек заңдарын бұзған, ұжымдық  шарт бойынша өз міндеттерін орындамаған жұмыс беруші белгіленген тəртіп бойынша тəртіптік жауапкершілікке тартылуы мүмкін (ҚР Президентінің 1995 жылғы 19 маусымдағы «Мемлекеттік кəсіпорын туралы» заң күшіне ие Жарлығының 8-бабы).

Көтермелеу  шаралары жəне оларды пайдалану. Жоғарыда атап өткеніміздей, еңбек тəртібін сақтау бірнеше əдіспен жүзеге асырылады, солардың арасында моральдық жəне материалдық көтермелеу маңызды орынға ие. Бұл шаралардың мақсаты – еңбек өнімділігінің жəне еңбек тəртібінің жоғары деңгейде болуын, əрбір ұйымдағы тəртіп пен ұйымшылдықтың нығаюын қамтамасыз ету.

Көтермелеу ретінде  қызметкердің еңбектегі жəне ұйымдастырушылық жетістіктерін көпшілік алдында тану, оған басшылық жəне еңбек ұжымы тарапынан құрмет жасау танылады. Көтермелеу шаралары өндірістік жұмыстағы жоғары көрсеткіштері үшін, өнім сапасын арттырғаны үшін, еңбектегі жаңалықтар енгізгені үшін жəне жұмыстағы өзге де жетістіктері үшін қолданылады. Арнайы заң актілерінде, еңбек заңдарында көтермелеу шараларының нақты түрлері көзделмеген.

Əдетте көтермелеу шараларының  нақты түрлері жəне тəртібі ұжымдық, жеке еңбек шарттарында, жұмыс берушінің актілерінде көрсетіледі. Жалпы алғанда, көтермелеу шараларының келесі түрлері белгілі:

1) алғыс жариялау;

2) ақшалай жəне өзге  де сыйақы;

3) бағалы сыйлықпен марапаттау;

4) Құрмет грамотасымен  марапаттау;

5) Құрмет кітабына, құрмет  тақтасына енгізу;

6) орденмен жəне алқалармен  марапаттау;

7) қызметі бойынша  жоғарылату;

8) құрмет атақтарымен  марапаттау (мысалы, білім беру саласындағы қызметкерлер үшін «Қазақстан Республикасының білім беру озаты» құрмет белгісімен марапттау көзделген). Жоғарыда келтірілген тізім үлгілік болып табылады, алайда, жалпылай қарағанда көтермелеу шараларының екі басты түрі бар: жұмыстағы жетістіктері үшін жəне ерен еңбегі үшін көтермелеу. Өндірістің ерекшеліктерін жəне өзгешелігін ескере отырып, көтермелеу шараларының өзге де түрлері арнайы актілерде (жарғыларда немесе тəртіп туралы ережелерде) немесе салалық келісімдерде көрсетілуі мүмкін. Мысалы, қосымша еңбек демалысын беру [18].

Өзінің жұмыстағы міндеттерін  адал орындайтын қызметкерлерге жеңілдіктер немесе артықшылықтар жасалуы мүмкін (мысалы, əлеуметтік-мəдени немесе тұрғын үй-тұрмыстық қызмет көрсету саласында – үздік қызметкерлерге немесе олардың отбасы мүшелерін емдеу немесе жолдаманың ақысы төленуі мүмкін, тұрмыс жағдайын жақсартуға көмек беру жəне т.б.). Озат қызметкерлерді көтермелеу шарасы ретінде қызметі бойынша жоғарылату да қолданылуы мүмкін. Қызметі бойынша жоғарылату ретінде білікті қызметті иеленуге немесе жоғары тұрған лауазымға асуға артықшылық құқық танылады. Аталған артықшылықтар мен жеңілдіктер ұйымның есебінен жұмыс берушінің актілерінде белгіленеді.

Көріп отырғанымыздай, жұмыстағы  жетістіктер үшін көтермелеу шаралары екі топқа бөлінеді: моральдық сипаттағы шаралар жəне материалдық сипаттағы шаралар.

Көтермелеу шараларының  мақсаты болып тек қызметкерді жұмыстағы жетістіктерге ынталандыру емес, сонымен қатар өзге де қызметкерлерді одан да жоғары жетістіктерге ұмтылдыру табылады.

Көтермелеу  шараларын қолданудың тəртібі.

Көтермелеу шаралары əкімшіліктің шешімі бойынша немесе жұмыс берушінің актісінің негізінде қолданылады. Бірнеше көтермелеу шараларын бір мезетте қолдануға да жол беріледі. Мысалы, еңбектегі озат қызметкерге алғыс жариялана отырып, сонымен бір мезетте ақшалай сыйақы немесе өзге де бағалы сыйлық берілуі мүмкін. Көтермелеу шараларын осылайша қолдану кезінде еңбекті моральдық əрі материалдық ынталандыру да қамтамасыз етіледі.

Көтермелеу шаралары бұйрық немесе өкімнің негізінде жарияланады жəне бүкіл еңбек ұжымына жеткізіледі. Көп жағдайда көтермелеу шаралары жөнінде ұжымның жалпы жиналысында жарияланады жəне еңбек кітапшасына енгізіледі.

Егер қызметкерге қатысты  тəртіптік жаза қолданылса, онда осы тəртіптік жазаны қолдану мерзімінде көтермелеу шаралары қолданылмайды. Мұндай жағдайда, тəртіптік жазаны мерзімінен бұрын тоқтатудың өзі көтермелеу шарасы болып табылады.

Информация о работе Еңбек құқығындағы марапаттау шаралары және оларды қолдану тәртіптеріс