Қазақстан Республикасында банктердің қаржылық жағдайының қалыптасу ерекшеліктері және банктің қаржылық есеп беру жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2014 в 11:46, дипломная работа

Описание работы

Диплом жұмысының негізгі мақсаты–теориялық білімнің негізінде банктің құжаттары мен мәліметтерін пайдалана отырып, оның банк жүйесінің орындалу жүйесіне баға бере отырып, банк жүйесінің ары қарай даму жүйесін жетілдіруге байланысты әр түрлі іс-шараларды қарастыру және нақты ұсыныстар ұсыну болып отыр. Атап айтқанда, диплом жұмысының тақырыбына сәйкес банктің өтімділігін жақсартуға байланысты және оны жетілдіру жолдарын қарастыру болып отыр.
Осы мақсатқа жету үшін келесі басты міндеттерді шешу қажет:
- банктің жалпы даму тарихымен танысу;
- банктің ұйымдастыру және басқару құрылымымен танысу;
- экономикалық көрсеткіштердің өзгеру динамикасын анықтау;
- берілген мәліметтерді өңдеу;
- дұрыс, әрі тиімді теориялық және тәжірбиелік қорытындылар жасау;
- рационалды басқару шешімдерін таңдау, банктің даму перспективаларын көрсету;

Файлы: 1 файл

86--www.1Referat.kz.doc

— 642.50 Кб (Скачать файл)

КІРІСПЕ

 

Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі коммерциялық банктер қаржы делдалы ретінде акша капиталын салааралық және аймақаралық кайта бөлуді камтамасыз етіп, маңызды халық шаруашылық қызмет аткарады. Банктің ерекше кәсіпорын ретінде шығаратын өнімі материалдық өндіріс аясының өнімдерінен өзара ажыратылады, ол жай ғана тауар шығармайды, оның тауары ерекше, яғни ақша, төлем құралдары түрінде шығарылады. Қызмет көрсету аясындағы банктің өнеркәсіптік кәсіпорындардан ерекшелігі оның несие берунен байқалады. Оның негізгі өнімі «несие» болғандықтан, банкті «несиелік мекеме» деп атайды. Осыған орай, банк секторын зерттеу қазіргі таңда маңызды, әрі өзекті  мәселелердің бірі болып табылады.

Банктің маңызын қарастыруда оның бастапқы атқарған қызметтерін (валюта айырбасы, несие беру, есеп айырысу) жоққа шығаруға болмайды. Жалпы кез-келген құбылыстың мәнін танып білуде, оның қандай операцияларды орындайтыны немесе орындағандығы туралы сұраққа жауап іздеудің қажеті шамалы, бұл жерде ең бастысы, оның сапасына және басқа институттардан өзара айырмашылығына мән берген дұрыс.

Қаржылық делдалдар осылай қоғамға ақша капиталын салааралық, ауданаралық үлестіру механизімін қамтамасыз ету арқылы маңызды халық шаруашылығы қызметін атқарады.

Банктер нарықтық экономикада басты қаржылық делдалдар болып табылады. Өз қызметінің үрдісінде, олар ақша нарығында тауар болатын, жаңа талаптар мне міндеттемелерді жасады. Клиенттердің салымдарын қабылдау арқылы банк депозит деген жаңа міндеттеме жасаса, ал қарызды беру арқылы қарыз алушыға жаңа талап қояды.

Демек жеке банктердің қызметінен банк секторының қызметінің сапасы айқындалатын болса, жалпы банк секторының сапасы арқылы ел экономикасының жағдайы анықталады деген тұжырым жасауға болады. Осыған байланысты бүгінгі таңда банк қызметін реттеу мен қадағалауды жүргізу, оны жетілдіру мәселесі өзекті мәселелердің бірі. Себебі, үнемі қадағалау жасау арқылы белгілі бір тәуекелдердің алдын алуға болатындығы мәлім.

Диплом жұмысының негізгі мақсаты–теориялық білімнің негізінде банктің құжаттары мен мәліметтерін пайдалана отырып, оның банк жүйесінің орындалу жүйесіне баға бере отырып, банк жүйесінің ары қарай даму жүйесін жетілдіруге байланысты әр түрлі іс-шараларды қарастыру және нақты ұсыныстар ұсыну болып отыр. Атап айтқанда, диплом жұмысының тақырыбына сәйкес банктің өтімділігін жақсартуға байланысты және оны жетілдіру жолдарын қарастыру болып отыр.

Осы мақсатқа жету үшін келесі басты міндеттерді шешу қажет:

- банктің жалпы даму  тарихымен танысу;

- банктің ұйымдастыру  және басқару құрылымымен танысу;

- экономикалық көрсеткіштердің өзгеру динамикасын анықтау;

- берілген мәліметтерді  өңдеу;

- дұрыс, әрі тиімді теориялық  және тәжірбиелік қорытындылар  жасау;

- рационалды басқару шешімдерін  таңдау, банктің даму перспективаларын  көрсету;

Зерттеу объектісі ретінде банк жүйесін зерттеу қазіргі таңда маңызды орын алатындықтан екінші деңгейлі банктердің алды болып саналатын ЖФ АҚ «БТА Банкінің» қаржы жағдайы қарастырылып отыр.

Зерттеу көзі ретінде, банк саясатының мәселелеріне байланысты отандық және ТМД елдері бойынша ғалымдардың, ізденушілердің ғылыми еңбектері; халықаралық және республикалық ғылыми-тәжірбиелік конференцияның мақалалары пайдаланылды. Сондай-ақ мына ғалымдардың пікірлері көрініс тапты: Б.Мақыш., Балабанова И.Т. Сейiтқасымов С. еңбектері қолданылып отыр.

Ғылыми жаңалықтар ретінде банк мекемелеріндегі іс-шаралар бойынша тәжірибелік және әдістемелік ұсыныстарды тиімді жасау болып саналады.

Тәжірибелік мәні ретінде дипломдық жұмыста көрсетілген банк жүйесінің теориялық аспектілері және банктік ресурстар бойынша іс-шараларды оқып-үйренуге байланысты бағдарламалардағы білім ордасының білімгерлері қолданылуы мүмкін.

Диплом жұмысының құқықтық және ақпараттық қамтамасыз етілуі ретінде Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының банктері және банктік қызмет туралы», Заңы және ЖФ АҚ «БТА Банк» консолидирленген есеп берулері қолданылып отыр.

Диплом жұмысының әдістемелік базасы ретінде логикалық, диалектикалық экономикалық талдаудыңәдістері қарастырылды. Жұмыста Microsoft Word 2003, Microsoft Excel 2003 бағдарламасы өнімдері қолданып отыр.

Сонымен қатар, диплом жұмысында қазіргі коммерциялық банктер қаржы делдалы ретінде акша капиталын салааралық және аймақаралық кайта бөлуді камтамасыз етіп, маңызды халық шаруашылық қызмет аткарады. Банктің ерекше кәсіпорын ретінде шығаратын өнімі материалдық өндіріс аясының өнімдерінен өзара ажыратылады, ол жай ғана тауар шығармайды, оның тауары ерекше, яғни ақша, төлем құралдары түрінде шығарылады.

Қызмет көрсету аясындағы банктің өнеркәсіптік кәсіпорындардан ерекшелігі оның несие берунен байқалады. Оның негізгі өнімі «несие» болғандықтан, банкті «несиелік мекеме» деп атайды. Осыған орай, банк секторын зерттеу қазіргі таңда маңызды, әрі өзекті  мәселелердің бірі болып табылатын ерекшеліктері қарастырылып зерттеледі.

Диплом жұмысының тақырыбы «Коммерциялық банктердің қаржылық жағдайын талдау әдістері және олардың тиімділік жолдары» болып отыр. Осыған орай, бұл тақырып бойынша қазіргі кездегі банктердің негізгі мақсаттары, міндеттері, қызметтерінің ерекшеліктер және қазіргі жағдайдағы олардың ролін зерттеу болып отыр. Сонымен қатар, банктердің қаржылық есеп беру жағдайлары, қаржылық жағдайларын талдау әдістемелері кеңінен қарастырылып отыр.

Коммерциялық банктер – нарықтық экономикада несие жүйесінің негізгі буыны. «Коммерциялық банк» термині банк ісінің даму кезінде банктің сауда, тауар айырбасы операциялары мен төлемдеріне қызмет көрсетуі барысында пайда болады. Негізгі клиенттері саудагерлер болған (міне   осында «коммерциялық банк» деген атауға ие болады).

Коммерциялық  банктер нарық экономикада қаржылық операциялар мен қызмет көрсететін несиелік мекемелер тобын білдіреді.

Банктің ерекше кәсіпорны ретінде шығаратын өнімі материалдық өндіріс аясының өнімдерінен  өзара ажыратылады, ол жай ғана тауар шығармайды, оның тауары ерекше, яғни ақша, төлем құралдары түрінде шығады.

Қызмет көрсету аясындағы банктің өнеркәсіптік кәсіпорындардан ерекшелігі оның несие беруінен байқалады. Оның негізгі өнімі «несие» болғандықтан, банкті «несиелік мекеме» деп атаған.

Банкті сауда, делдал кәсіпорны десе болады. Жалпы банктің саудамен ұқсас болуы кездейсоқтық емес. Шынында да, банктер де ресурстарды сатып алып, оларды сатумен айналысады.

Банктік жүйе –нарықтық экономиканы ең маңызды және бір түтас құрылымдарының бірі. Банктердің және тауарлы – ақшалай қарым –қатынастардың дамуы тарихи тұрғыдан қатарлас жүрді және де олар бір – бірімен өзара тығыз байланысты. Банктер халық шаруашылығы қызметінің барлық денгейіндегі басқарумен тікелей байланысты болады. Олар арқылы үдайы өндіріс үрдісіне қатысушылардың экономикалық мүдделерін қанағаттандыру жүзеге асырылады. Осы кезде банктер қаржылық делдал ретінде шаруашылық органдардың капиталдарын, халықтық жинақтарын және шаруашылық қызметтің үрдісінде босаған басқа да бос ақша қаражаттарын тарта отырып, қарыз алушылардың уақытша пайдалануына береді, ақшалай есеп айырысу жүргізеді және экономика үшін басқада көптеген қызмет көрсетеді, соның арқасында өндірістің тиімділігі мен қоғамдық өнімнің айналысына тікелей ықпал етеді.

Диплом жұмысының құрылымы диплом жұмысының тақырып өзектілігі мен негізгі мақсаттары мен міндеттері көрсетілген кіріспеден, жұмыстың тақырыбына сәйкес Қазақстан Республикасындағы банк жүйесін ұйымдастырудың теориялық аспектілерінен, ЖФ АҚ «БТА Банкінің» қаржы-шаруашылық мәліметтерінің негізінде жасалған есеп беруін талдау жағдайынан, сонымен қатар, болашақта осы банк жүйесін дамыту үшін жасалған перспективті іс-шаралар мен нақты ұсыныстар жасалған қорытындыдан тұрады.

 

 

 

 

 

1. Қазақстан Республикасында банктердің қаржылық жағдайының қалыптасу ерекшеліктері және банктің қаржылық есеп беру жүйесі

 

1.1 Коммерциялық банктер: қалыптасуы, мақсаты, міндеттері және  қызметтері

 

Коммерциялық банктер – нарықтық экономикада несие жүйесінің негізгі буыны.  «Коммерциялық банк» термині банк ісінің даму кезінде банктің сауда, тауар айырбасы операциялары мен төлемдеріне қызмет көрсетуі барысында пайда болады. Негізгі клиенттері саудагерлер болған (міне осында «коммерциялық банк» деген атауға ие болады)

Коммерциялық банктер нарық экономикада қаржылық операциялар мен қызмет көрсететін несиелік мекемелер тобын білдіреді.

Бүгінгі коммерциялық  банктер өз клиенттері 200-ге жуық әр алуан өнімдер мен қызмет көрсетуге әзір. Жуық әр алуан өнімдер мен қызмет көрсетуге әзір.  Мұндай кең көлемді  операциялар коммерциялық банктерге өз клиенттерін сақтай отырып, қолайсыз жағдайда өзінде пайдалы жұмыс жасауға септігін тигізеді. Бұл операциялардан болған зиян, екінші бір операцияларын түсетін пайда есебінен жабылады. Нарық экономикасы дамыған барлық елдердің коммерциялық банктері  несие жүйесінің негізгі операциялардың буыны болып қалуы кездейсоқтық емес. Олар өзгермелі ақша –несие нарығының жағдайына көндігетін қабілетінің  барлығын көрсете алады.

Қазіргі коммерциялық  банктер – бұл тікелей кәсіпорындарға, ұйымдарға сондай-ақ халыққа қызмет ететін банктерді білдіреді. «Қазақстан  Республикасы банктер  және банктік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Президентінің заң күші бар жарлығының 1-ші бабына сәйкес «Банк – бұл осы жарғыға сай банктік қызметті жүзеге асыруға құқылы, коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға». Коммерциялық банктер өз клиенттерінің қажеттілігін қанағаттандырады.  Көптеген клиенттер  үшін облигацияға немесе акцияға жұмсағанға қарағанда, мұндай ақшаны сақтау формасы тиімді болып табылады.

Қазіргі коммерциялық банктер туралы сөз қозғағанда, несиелік жүйесінің басқа да буындары сияқты олардың үнемі дамып отырғандығын айта кету керек. Яғни операциялар  формасы, бәсеке әдістері, бақылау және басқару жүйелері өзгеруде. Қазіргі коммерциялық банктер қаржы делдалы ретінде ақша капиталын және аймақаралық қайта бөлуді қамтамасыз етіп, маңызды халық шаруашылық қызмет атқарады. Ұйымдық тұрғыдан коммерциялық банктердің басым көпшілігі акционерлік қоғам формасында құрылған.

Коммерциялық банктердің негізгі атқаратын қызметтері:

Ақша қаражатын шоғырландыру және тарату;

Несие беру;

Шаруашылық есеп және төлем жұмыстарын жүргізу;

Төлем құралдарын шығару;

Бағалы қағаздарды шығаруды және орналастыруды ұйымдастыру;

Клиенттерге кеңес беру;

Коммерциялық банктердің мынадай басты  қызметтері бар: депозиттер қабылдау, ақшалай төлемдерді және есеп  айырысуларды   жүзеге асыру, несие беру.

Коммерциялық банктердің басқа қаржы институттарын айырмашылығы және ерекше бір қабілеті ол ақшаны жасауы мен жанында болып табылады. Бұл әсерде ақша деп, тек қолма-қол ақшалар ғана, емес сондай-ақ талап етуге дейінгі  салымдар түсіндіріледі. Банктердің ақша жасау мүмкіндігі экономика үшін өте маңызды. Ол тиімді несие жүйесін іске асыра отырып, экономиканың өсуіне қажетті жағдай туғызады. Банк несиелерінің жетіспеушілігі және өте жоғары пайыз мөлшерлемесі тұсында өндірісті кеңейту мүмкін емес. Халық шаруашылықтағы осы сияқты іс-тәжірибелер тиімсіз, себептер бір жағынан  мынадай ірі ақша сомасы белгісіз уақытқа  қозғалыссыз жататын болса, екінші жағынан, мұндай ақшалар қажетті емес.

Коммерциялық банктер мұндай сұрақтарды шешуге маңызды роль атқарады. Өздерінің депозитін және несиелік  операциялардың  көмегімен олар уақытша бос ақша қаражаттарын жинақтайды және несие түрінде оларды бере отырып, халық шаруашылық  қажеттілігін қанағаттандырады, яғни жаңа төлем құралдарын жасайды. Клиенттердің банктегі шоттан нақты ақша алған уақытында және екіншіден, несиені қарыз алушының шотының есебінен қайтару барысында мүмкін болады.

Коммерциялық банктер қызметін жүзеге асыру барысында филиалдары, өкілеттігін, сондай-ақ еншілес банктерін ақша алады.

Банк филиалы – бұл бос банктің берген құқықтары шегінде банктін операцияларды жүзеге асыратын банктік мекеме.  Банк филиалы заңды тұлға болып саналмайды, дербес балансы болмайды және өзінің бас банкі берген қаражаттар мен өкілеттер шегінде қызмет етеді.

Банк өкілдігі – депозит тартудан басқа белгілі бір банктік операцияларды орындайтын және өз атынан, банктің тапсырмасымен жұмыс жасайтын заңды тұлға болып табылмайтын құрылымдық бөлімше.

Еншілес банк – жарғылық қордың 50% - нан астамы бас банкіге тиесілі, заңды тұлға болып табылатын банктік мекеме.

Коммерциялық банктің  басқару құрылымына оның жарғылық қорының қалай құрылуы (біртұтас, пайлық және акционерлік) даму дәрежесі тікелей ықпал етеді.

Қазіргі уақытта коммерциялық банктер көбіне акционерлік қоғам формасында құрылатындықтан да, оларды басқару акционерлер қатысады. Ондай формадағы банктің ең жоғары басқару органы банк  акционерлерінің жалпы жиналысы болып табылады. Ол жарғыны, баланс пен есепті бекітеді, банктік саясаттың бағыты мен мақсатын анықтайды, басқарма мүшелерін сайлайды және т.б. яғни банктің стратегиялық міндеттерін шешеді.

Қаржылық делдалдар ақша капиталын қайта бөлудің аймақаралық, салааралық механизмді қоғамға қамтамасыз ете маңызды халық шаруашылық қызметін орындайды.

Информация о работе Қазақстан Республикасында банктердің қаржылық жағдайының қалыптасу ерекшеліктері және банктің қаржылық есеп беру жүйесі