Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2014 в 11:46, дипломная работа
Диплом жұмысының негізгі мақсаты–теориялық білімнің негізінде банктің құжаттары мен мәліметтерін пайдалана отырып, оның банк жүйесінің орындалу жүйесіне баға бере отырып, банк жүйесінің ары қарай даму жүйесін жетілдіруге байланысты әр түрлі іс-шараларды қарастыру және нақты ұсыныстар ұсыну болып отыр. Атап айтқанда, диплом жұмысының тақырыбына сәйкес банктің өтімділігін жақсартуға байланысты және оны жетілдіру жолдарын қарастыру болып отыр.
Осы мақсатқа жету үшін келесі басты міндеттерді шешу қажет:
- банктің жалпы даму тарихымен танысу;
- банктің ұйымдастыру және басқару құрылымымен танысу;
- экономикалық көрсеткіштердің өзгеру динамикасын анықтау;
- берілген мәліметтерді өңдеу;
- дұрыс, әрі тиімді теориялық және тәжірбиелік қорытындылар жасау;
- рационалды басқару шешімдерін таңдау, банктің даму перспективаларын көрсету;
Төлем төлеу қабілеттігі бұл банктің қажетті мерзімде және толық сомада өзінің міндеттемесі бойынша жауап беру қабілеті ретінде түсіндіріледі. Қазіргі заманғы әдебиеттерде ликвидтілікті сипаттау үшін екі бағыт бар. Ликвидтілікті қор немесе ағым ретінде түсінуге болады. Қор банк ликвидтілігін белгілі бір сәтке сипаттайды, оның ағымды міндеттемелер бойынша, негізінен талап етуге дейінгі шоттар бойынша жауап беру қабілетін білдіреді. Ағым ретінде ликвидтілік белгілі бір кезеңге немесе болашақтағы ликвидтілікті көрсетеді. Ликвидтілікті ағым ретінде қарастыратын болсақ мұнда төмен ликвидті активтердің ликвидтілігі жоғарыларға айналуына, сонымен қатар қосымша қаражаттардың ағымына көңіл бөлінеді. Осылайша, тек «ағым» - ликвидтілікке баға беріп қана қоймай, сонымен қатар «болжам» ликвидті қарастырамыз. Коммерциялық банктегі жиынтық ликвидтілікті бағалау үшін стационарлық ликвидтілік (қор), ағымды ликвидтілікті (ағым) және келешек ликвидтілікті(«болжам») жүйемен қарастыру керек. Ағымді ликвидтілікті қолдау үшін жеткілікті ликвидті активтер қоры бар банк міндеттемелер ағымының ликвидті активтерге салымдарды ағымынан асып түсуінің салдарынан, уақыт өте келе оны жоғалтады. Болжам-ликвидтілікті бағалау өте күрделі болып табылады, өйткені ол банктің активті операциялар тәуекелік бағалаумен байланысты. Мұндай әдісте ликвидтілікті сипаттау активтер мен пассивтер бойынша қалдықтар туралы банктің баланстың мәліметтерін ғана емес, сонымен қатар көптүрлі басқа да ақпараттарды ескеру керек. Банк мөлшері күн сайын бухгалтерлік балансты құрса да, олардың ликвидтілігі жүргізілмейтін. Бір жағынан ол банк бөлімдері мен мекемелері деңгейінде мүмкін емес болды табыстылық пен ликвидтілік жағдайын жалпы мемлекеттік банк немесе құрылыс банкі бойынша табуға болатын. Басқаша алғанда бұның қажеті жоқ еді, өйткені мемлекеттік банктердің жеке бөлімдері алдында ликвидтілік пен табыстылықты қолдау мәселесі тұрмаған. Коммерциялық банк балансының ликвидтілікті анықтау, оның тәртіпке сәйкестігі, ликвидтілік коэффициенттерінің нақты мәнінің ЖФ АҚ «БТА Банк» белгімен коэфициентпен ауытқуын тудыратын, факторларды анықтау мәселесі тұрады. Ликвидтілікті анықтайтын негізгі сапалық факторлар қатыстырылған депозиттердің түрлері, олардың қайнар көздері және тұрақтылық болып табылады. Пассивті операцияларды салыстырмалы талдау әдістерін қолдана отыра, осы операциялар көлеміндегі өзгерістерді табуға, олардың банк ликвидтілігіне әсерін анықтауға болады. Банк ресурстарында және ағымды шоттар негізгі орын алады. Коммерциялық банктер ресурстарының құрамындағы қатынастармен қаражаттардың үлесіне 76,1% түседі. Қатыстырылған қаражаттар талап ету мерзімі, яғни ликвидтілік дәрежесі бойынша келесідей топтарға бөлінеді:
Баланс ликвидтілігі мен банк ликвидтілігі туралы түсініктері арасындағы өзара байланыс келесілерді білдіреді деген қорытынды жасаймыз. Яғни:
Біріншіден баланс ликвидтілігі белгілі бір мерзімге банк жағдайына банк беруді түсіндіреді, баланс ликвидтігі банк ликвидтілігінің қарама бөлігі болып табылады. .(мәлімет қолданылған әдебиеттер тізімінің 9-да көрсетілген.
Екіншіден, коммерциялық банк балансы банктің жиынтық ликвидтілігін есептеу үшін қолданылатын берілген талдау және жинақтау есебін қамтамасыз етуі тиіс.
Екінші шартта сақталмаған кезде мынадай жағдай пайда болады, яғни белгілі бір кезеңге жеткілікті баланс ликвидтілігіне ие бола отыра, банк толығымен немесе жартылай ликвидті болмайды. Ликвидтілігі тәуекелдігін әдетте банкті белгілі бір сәтке жоғары бағамен қаржы сатып алуға немесе өз активтерінің құнын жоғалтуға мәжбүр етеді. Мұнда банк активтері тек сол жағдайда ликвидті болып саналады, егер де оларды жылдам сатып жіберу мүмкін болса және егер де банк өзінің бәсекелес банктер сатып алатын бағаға тең ставкі бойынша сатып ала алатын болса. Банк ликвидтілігінің дағдарысы немесе күйзелісі жайында сөз қылатын болсақ, онда банк жүйесіндегі дағдарысты құбылыстардың пайда болуына әсер еткен факторларды талдай отыра, олардың үш негізгі себеп-салдар тобына бөлеміз экономикалық, саяси және әлеуметтік.
Ликвидтілікке барлық коэфициенттерді қолдана отыра, жан-жақты баға беру күрделі. Әдетте ликвидтілік коэфициенттері банк іс-әрекетіне оның инвестициялық саясатына баға беру үшін қолданылады.
Ликвидтілік – бұл банк ісінің сенімділігі мен тұрақтылығын куәландыратын, оның маңызды сапалық сипаттамасы. Ликвидтілік қамтамасыз ету үшін банк баланстың құрылымын құруы керек, мұнда активтер пассивтердің талап етуі бойынша өз құнын жоғалтпай, дер кезінде ақшалай қаражаттарға айналады.
Осылайша, активті және пассивті операциялардың құрылымын талдау оның ликвидтілігін бағалау үшін қажетті құрамы бөліп табылады. Мұнымен қатар, ликвидтілік банк табысымен тығыз байланысты, көбінесе жоғары ликвидтілікке қол жеткізу жоғары табыспен қамтамасыз етуге қарама-қайшы болады.
Банк ликвидтілігін талдаудың негізгі мақсаттары:
Банк ликвидтілігі коэффициеттерінің жүйесін толық және дұрыс есептеуді дәлелдеу;
Банк ликвидтілігінің жағдай туралы қорытындылар жасау;
Банк балансы ликвидтілігінің нашарлағандығын куәландыратын нақты немесе потенциалды кері тенденцияларды анықтау;
Кері тенденцияларды тудыратын факторларды талдау;
Банк балансының ликвидтілігін талдау және тексеру нәтижелері бойынша банкке берілетін нұсқауларды анықтау.
Банк балансының ликвидтілігін талдау капитплдың жеткілікті болуын талдауға, оны иммобилизациялауға, оларды жүзеге асыру бойынша активті және пассивті операцияларды зерттеуге, ссудалық және депозиттік операцияларды әртараптандыруға бағытталады.
2. «БТА Банкі» АҚ-ның 2007 – 2008 жж қаржылық жағдайын талдау
2.1 «БТА Банкі» АҚ-ның қаржылық қызметіне жалпы сипаттама
«БТА Банкі» акционерлік қоғамының қалыптасу тарихы 1925 жылғы қазанның 15-інен басталады. Ол кездегі Қазақстан халық шаруашылығы Орталық Кеңесі Президиумының шешімімен республика аумағында Өндірістік банк (Өндірісбанк) бөлімшесі ашылды. Өндіріс Банкі туралы. Уақыт өте келе Өндірістік банктің бөлімшелерінде әртүрлі қайта ұйымдастырулар болды.
1932 жылдың 7 маусымында Республикалық Халық комиссарлары Кеңесінің «Қазақстан аумағында арнайы ұзақ мерзімді салымдар банктерін ұйымдастыру туралы» Қаулысына сәйкес, Алматы қаласында Өнеркәсіпбанкінің базасында КСРО электр шаруашылығын және құрылысты қаржыландыру мақсатында банктің Қазақ өлкелік конторасы құрылды.
1949 жылдың 11 шілдесінде Министрлер Кеңесінің қаулысымен Алматы облысаралық конторасы КСРО Өндірісбанкінің Қазақ республикалық конторасы болып қайта құрылды. Кейіннен КСРО Құрылысбанкінің Қазақ республикалық конторасы болып өзгертілді. 1987 жылдың 17 шілдесінде СОКП ОК мен КСРО Министрлер Кеңесінің «Еліміздегі банктер жүйесін жетілдіру және олардың экономикасының тиімділігін арттыруға жасайтын ықпалын күшейту туралы» №821 бірлескен Қаулысына сәйкес, үш мемлекеттік банктің (КСРО Құрылысбанкі, КСРО Мемлекеттік банкі, Сыртқы сауда банкі) негізінде 6 банк құрылды:
- КСРО Мемлекеттік банкі;
- КСРО Өнеркәсіп-құрылыс банкі;
- КСРО Сыртқы экономика банкі;
- КСРО Агроөнеркәсіп банкі;
- КСРО Тұрғын құрылыс банкі;
- КСРО Жинақ банкі.
1991 жылдың 4 наурызында КСРО Мемлекеттік коммерциялық өнеркәсіп-құрылыс банкінің № 126 Қаулысы бойынша Қазақ республикалық КСРО Өнеркәсіп-құрылыс банкі - «Тұранбанк» Қазақ республикалық Мемлекеттік коммерциялық өндірістік-құрылыс банкі болып өзгертілді.
1991 жылдың 24 шілдесінде ҚазКСР Министрлер Кабинетінің 1991 жылғы 24 шілдедегі №444 Қаулысына сәйкес «Тұранбанк» Қазақ акционерлік банкі болып құрылды. Акционерлер жиналысында «Тұранбанк» ҚАБ-нің Басқарма Төрағасы болып Бейсенов Ораз Мақайұлы тағайындалады. «Тұранбанк» ҚАБ филиалдар желісі 66 филиалдан құралды.
1990 жылдың 23 қаңтарында Қазақ КСР Министрлер Кеңесі мен КСРО Сыртқы экономикалық банкінің арасында жасалған 1989 жылғы 11 желтоқсандағы келісім негізінде, КСРО Сыртқы экономикалық қызмет банкінің бұйрығымен Алматы қаласында КСРО Сыртқы экономикалық банкінің Қазақ республикалық банкі ашылды.
1992 жылдың 14 ақпанында құрылтайшылар жиналысының №3 шешімімен, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылы 28 тамыз айындағы № 710 Қаулысы бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық қызмет банкі «ALEM BANK KAZAKHSTAN» Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық қызмет банкі деп атауын өзгертті. Басқарма Төрағасы болып Ырысов Берлин Кенжетайұлы тағайындалды. "Alem Bank Kazakhstan" Акционерлік банкі бірнеше жылдар қатарынан мемлекеттің кепілдендіруі бойынша шетел несиелерін тартуда Қазақстан Республикасы Үкіметінің агенті болды. "Alem Bank Kazakhstan" АБ-нің филиалдық желісі 20 филиалды қамтыды.
1997 жылдың 15 қаңтарында Қазақстан Республикасы Үкіметінің «ТұранБанк» Қазақ акционерлік банкін және «ӘлемБанкҚазақстан» акционерлік банкін қайта ұйымдастыру туралы 15.01.97 №73 қаулысына сәйкес «ТұранӘлем Банкі» Жабық Акционерлік Қоғамы құрылады. Осы Қаулының негізінде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне «ТұранӘлем Банкінің» акциясын қолдануға және иеленуге рұқсат беріледі. Сондай-ақ, банктің жарғыларын және банк басқарма мүшелерін қалыптастыруға мүмкіндік берілді. Акционерлердің жалпы отырысында «ТұранӘлем Банкі» ЖАҚ-ның Басқарма Төрағасы қызметіне Тәтішев Ержан Нұрілдәйімұлы тағайындалды.
1998 жылдың 1 қазанында «ТұранӘлем Банкі» Жабық Акционерлік Қоғамы «ТұранӘлем Банкі» Ашық Акционерлік Қоғамы болып өзгертілді.
2003 жылдың 26 қыркүйегінде
«ТұранӘлем Банкі» ААҚ қайта тіркелуіне
байланысты «ТұранӘлем Банкі» Акционерлік
Қоғамы болып өзгертілді.
2008 жылғы 7 қараша күні «ТұранӘлем Банкі» АҚ ребрендинг үдерісі басталғаны туралы хабарлады. 2008 жылдың қаңтар айында қайта тіркеу үдерісі аяқталғаннан кейін «ТұранӘлем Банкі» АҚ «БТА Банкі» АҚ деген жаңа ресми атауға ие болды. Қазір банктің өзінде, сонымен қатар банк конгломератына кіретін еншілес компанияларда ренейминг пен ревизуализация жүргізілуде.
ТұранӘлем Банкінің ТМД-дағы жетекші қаржы институты болып және халықаралық нарыққа шығу жаңа стратегиясын қабылдағаннан кейін Банк пен банк конгломератының жаңа бейнесінің қажеттілігі туындады.
10 жыл ішінде «ТұранӘлем» бренді Қазақстан нарығындағы айтарлықтай әйгілі және беделді брендке айналды. Бұған әйгілі әлемдік қаржы басылымдарының көптеген марапаттары дәлел. Солардың кейбіріне тоқтала кетейік. Әйгілі «Итоги» журналы жүргізген ТМД-ның беделді қаржы сарапшыларының сауалдама нәтижесі бойынша ТұранӘлем Банкі 2006 және 2007 жылдардағы «ТМД-дағы жыл банкі» атанды. Ықпалы зор The Banker журналы ТұранӘлем Банкін 2007 жылғы әлемнің 300 үздік банктері рейтингісіне енгізді, ал Euromoney басылымы «Орта Азиядағы үздік банк» атағына лайықты деп тапты.
«ТұранӘлем» атауы посткеңестік банктер арасында бұрыннан танымал. БТА қаржы компаниясы тобы Украинада, Беларусьте, Грузияда, Арменияда, Қырғызстанда жұмыс істейді. 2007 жыл банк үшін халықаралық деңгейге шығумен: ТұранӘлем Банкінің Түркияда стратегиялық серіктестігінің пайда болуымен есте қалды.
Алайда, жалпыұлттықтан халықаралық брендке өзгеру үшін банкке халықаралық кеңістіктегі нарық үлесін қамти алатын әмбебап, түсінікті, сонымен қатар жылы шырайлы және инновациялы бренд қажет болды. Осылайша банк конгломератына кіретін барлық банктерді БТА бірыңғай брендіне біріктіру жөнінде шешім қабылданды. Банктің өзі БТА Банкі деп аталады. Бұл атау тез жатталады, айтуға жеңіл және қысқарма жан-жақты болғандықтан мейлінше тиімді.
БТА-ның жаңа логотипі банктің заманға сай және инновациялы екенін бейнелейді. Ашық жасыл түс – бұл адалдық, сәттілік, сенімділік. Алқызыл түс – бұл күштілік пен қуаттылық. Логотиптің пішіні де тегіннен тегін таңдалмаған. Бір ізбен орналасқан төртбұрыштар сенімділік пен тұрақтылықты, олардың қиылысуы қазіргі заманғы банк жұмысының негізгі сапасының бірі - мөлдірлікті білдіреді. Бұл жағдайда да ТұранӘлем Банкімен сабақтастық сақталады.
Жаңа брендті құрайтындар – бұл инновациялылық, технологиялылық және сарапшылық. Инновациялылық озық өнімдерді енгізуді білдіреді. Сарапшылық жоғары халықаралық рейтингтер мен марапаттарда бейнеленген тұрақтылық пен сенімділік нышаны, банкке деген сенімділік, қызметкерлердің кәсіби шеберлігі мен басшылықтың беделі. Ал бейімділік әрбір нәрсеге мұқияттылықты, нарық өзгерістеріне тез бейімделу қабілетін, оның барлық сұраныстарына икемделе білуін, банктің әлеуметтік жауапкершілігін білдіреді. Бұл компания менеджменті құралатын басты үш қағида.
2008 жылдың 24 қаңтарында «ТұранӘлем Банкі» АҚ ребрендинг жүргізуге байланысты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитетінде қайта тіркеуден өтіп, № 3903-1900-АҚ куәлігін алды және «БТА Банкі» АҚ деп аталатын болды. 2007 жылдың қараша айында банк қолға алған Ребрендингті жүргізудің басты алғышарты табысты банк конгломератын құруға бағытталған жаңа стратегияның қабылдануы болды.
Банктің ұйымдастырылу құрылымы дегеніміз — алдына қойған мақсаттарына жету үшін, оның әртүрлі бөліктері арасында жүзеге асырылатын байланыстарды білдіреді.
Бөлшек бизнестік басқарма, ол:
- жеке тұлалардың ақшаларын
салымға тарту үшін жаңа
- бөлшек өнімдер бизнесін
жүргізу үшін маркетингтік