Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2014 в 11:46, дипломная работа
Диплом жұмысының негізгі мақсаты–теориялық білімнің негізінде банктің құжаттары мен мәліметтерін пайдалана отырып, оның банк жүйесінің орындалу жүйесіне баға бере отырып, банк жүйесінің ары қарай даму жүйесін жетілдіруге байланысты әр түрлі іс-шараларды қарастыру және нақты ұсыныстар ұсыну болып отыр. Атап айтқанда, диплом жұмысының тақырыбына сәйкес банктің өтімділігін жақсартуға байланысты және оны жетілдіру жолдарын қарастыру болып отыр.
Осы мақсатқа жету үшін келесі басты міндеттерді шешу қажет:
- банктің жалпы даму тарихымен танысу;
- банктің ұйымдастыру және басқару құрылымымен танысу;
- экономикалық көрсеткіштердің өзгеру динамикасын анықтау;
- берілген мәліметтерді өңдеу;
- дұрыс, әрі тиімді теориялық және тәжірбиелік қорытындылар жасау;
- рационалды басқару шешімдерін таңдау, банктің даму перспективаларын көрсету;
Баланстан тыс счеттарды банк мекемелеріне сақтауға, инкассоға немесе комиссияға түскен құндылықтар мен құжаттардың қозғалысы көрсетіледі. Мұнда сондай–ақ, мемлекеттік поселинаны төлеу белгілері, қатал есеп беру бланктері, акция бланктері, талап ету бойынша және сақтаудағы акциялар, басқа да құжаттар мен құндылықтар көрсетіледі.
Банк балансын талдау барысында, әсіресе ликвидтілігін анықтауда өз меншігіндегі қаражат көлемін анықтау маңызды орын алады. Өз меншігіндегі қаражат банктің барлық қорларының, коммерциялық тәуекелдің сақтық резервтері, күрделі салымдарды қаржыландыруға арналған өз меншігіндегі қаражат, есеп айырысудағы қаражаттарын қосу арқылы анықталады. Міне, осылайша, банктің өз меншігіндегі қаражат брутто анықталады. Өз меншігіндегі қаражат –брутто өз меншігіндегі қаражат–неттодан кеңірек, өйткені бруттоны есептеуде жұмсалған (капиталданған) қаражатты да қосады. Иммобилизация процесі банк операцияларының табыстылығы мен ликвидтілігін төмендетеді. Сондықтан иммобилизация туғызатын себептер анықталып және жойылуы тиіс.
Банктің өз меншігіндегі ресурстарының көрсеткішін дұрыс анықтау банк балансының ликвидтілігін анықтауда өте маңызды. Себебі, осы көрсеткіш негізінде коммерциялық банктердің қызмет бақылау және реттеу мақсатында орталық банктерде қолданылатын ликвидтілік нормативі бекітіледі.
1.3 Банктің қаржылық жағдайын талдау әдістемесі және оның мақсаттары мен міндеттері
Банктердің баланстық есеп берулері негізінде оның қаржы жағдайына баға беру керек. Ол үшін ең алдымен банк бухгалтерлік балансы мен кірістері мен шығыстары туралы есеп беру мәліметтерініңкешенді талдау жүргізіледі. Кешенді талдау жасау вертикалды және горизонтальды тәсілдермен жүргізіледі. Вертикальды талдауда негізгі көңіл банк пассивінің немесе міндеттемелерінің жалпы көлеміндегі әрбір баптың жалпы соммадағы үлес салмағына бөлінеді. Мысалы , банктің пассивтерінің жалпы сомасында талап етуге дейінгі депозиттердің пайыздағы үлесі қандай және т.с.с
Мұндай талдау счеттар арасында пропорцияны анықтауға, олардың өзгерісіндегі тенденцияны анықтауға және бұл өзгерістердің банктің жалпы пайдасына қалай және қандай әсер тигізетіндігін анықтауға мүмкіндік береді.
Бұл талдаудың мақсаты – зерттеудің көптеген объектілерін банктің табыстылығына басым әсер ететін негізгілеріне қосу және оларды әрі қарай терең қарастыруға дайындау.
Горизонталды талдау әдісінде баланстың пассивінің әрбір бабындағы өзгерістер қарастырылады. Ол үшін іс жүзіндегі мәліметтер өткен жылға, жоспарлы немесе болжамдағы мәліметтермен салыстырылады. Мәндерінің ауытқулары пайызбен көрсетіледі.
Коммерциялық банктердің ерекшелігі болып өз меншігіндегі қаражаттардың үлес салмағының аз болуы және қысқа мерзімді ресурстардың пассивте басым болуы табылады. Әдетте, бойынша өз меншігіндегі және сырттан алынған ресурстар арасына белгілі бір қатынас қойылған жағдайда, коммерциялық банктер өз меншігіндегі қаражатты ең минималды жеткілікті деңгейдегі көлемін ұстайды. Сонымен қатар активті операциялардың негізгі қайнар көзі болып қысқа мерзімді ресурстар табылады. Коммерциялық банктердің активіндегі күрделі салымдарының үлес салмағы үлкен емес.
Горизонталды талдауда негізінен басым ауытқу байқалған счеттарға акцент жасалады. Дәл осы баптар өзгерістің себептерін анықтау мақсатында терең талдауға ұсынылады. Әрі қарай бұл баптар бойынша олардың банк табыстылығына әсерін анықтау іске асырылады.
Банктің балансы комерциялық банктердің ресурсатар жағдайын ақша түрінде мінездейді, олардың қалыптасу көздерін және пайдалану бағыттарын көрсетуі, мен беру басы мен аяғына қарай банктердің қызметтерінің қаржы нәтижелерін көрсетуі. Банктің баланс бухгалтерін есеп жүргізудің негізгі құжатты болып табылады, талдаулық пен жүргізудің барлық жеке шоттардың қалдықтарының сомалары көрсетілуі, олардың номерлері экономикалық белгілері бойынша есептелуі. Баланс мәліметтерінің талдауы белгілі мезгіл бойынша банк қызметінің құрылымдық көрсеткіштерін көрсетеді. Баланс талдауы нақты өзіндік ақшалардың бар болуын көрсетуі, ресурстар көздерінің құрылымында өзгерістерін, активтердің құрамын көрсетуі және т.б. Бұдан басқа баланс негізінде коммерциялау банктің өркендеу, өсу, даму мүмкіндіктері туралы мәлімет алуға болады. Комерциялық банктер заң бойынша жылдық бухгалтерлік баланс мәліметтерін және пайдалар мен шығындар шоттарын көпшілікке жария жасау қажет. Қазақстандық коммерциялық банктердің бірлікпен бухгалтерлердің балансы экономикалық жалпы жағдайын және әртүрлі облыстар мен аймақтардың экономикалық жағдайын көрсетеді. Коммерциялық банктердің баланс мәліметтері ЖФ АҚ «БТА Банкінің» ақша – несиелік саясаттың және банктердіғ қызметтерін реттеудің негізгі бағыттарын әзірлеу үшін негізін көз болып табылады. Бұл баланс мемлекеттік салықтық қызметке де қажет.
Банктердің баланс құрылымының құрамы олардыңқызметтеріне, жүргізу қағидаларына, қолданатын банктік операцияларға байланысты болады.
Банк баланстің шоттары активті және пассивті болып бөлінеді. Активті шоттарда банк кассаларында нақты ақша сомаларының құрамы, құнды қағаздарға салынған салымдар, капитал салымдарын қаржыландыру, инвестицияларды сатып алу, дебиторлық қарыздар, негізгі қаражаттар және т.б. есептелуі.
Пассивтік шоттарда банктің ресурстары қалыптасу көздері көрсетілуі (ағымды және есеп айырысу шоттарының қалдықтары, несиелік қарыздар, бюджет кірістері және т.б)
Қазіргі уақытта коммерциялық банктердің қаржылық есеп беру жүйесі бухгалтерлік есеп жүргізу бойынша Қазақстандардың халықаралық тәжірибе мен стандартарға белгілі бір деңгейге жету болып есептеледі. Халықаралық стандарттардың негізгі мақсаты қаржылық есеп беру пайдаланушылардың талаптарына сәйкес келу қажет болып табылады (банк акционерлері, депозиттер иелері, банк қызметкерлері және т.б.) Барлық пайдаланушыларға банктің нақты қаржылық жағдайы туралы мәліметтер қажет.
Бухгалтерлік есеп жүргізудің халықаралық қағидаларына мыналар жатады: қызметтің үзілмеуі, бухгалтерлік есеп жүргізудің ережелерінің тұрақтылығы, кірістер мен шығындарды, активтер мен пассивтерді нақты көрсету, және т.б.
Коммерциялық банктердің қаржылық есеп беруге баланстік есеп беру пайда мен шығын бойынша есеп беру де кіреді. Барлық есеп берулер коммерциялық банктің нақты қаржылық жағдай бойынша толық мәліметтер береді. Қаржылық есеп беру операциялардың нақты бағасы негізінде жасалады. Бұдан басқа, банктер кірістер мен шығындарды өсіру бойынша қағидаларды ескеруі, есеп беру күніне проценттерді төлеу бойынша төлемдер мерзім келмеген депозиттер несиелерінің және т.б. несиелік ұйымдарды ескереді. Сонымен қаржылап есеп беруде коммерциялық банкпен нақты алынған кірістер ғана көрсетіледі. Барлық күтіліп жатқан міндеттер мен потенциалды шағындар резервте көрсетіледі. Халықаралық пайда мен өздік қаражаттар мағынасына сәйкес еспе беру пайдасы біздің практикадан айырмашылығы бұл коммерциялық банктердің қызметтерінің нақты нәтижелері халықаралық форма бойынша жасалған баланстың есеп беруде активтер мен пассивтер мәні бойынша топталады және талап ету немесе өтімді азайту деңгейі бойынша орналасады. Бұл баланстік есеп беруде коммерциялық банктер мен орталық банктің өзара қарым – қатынастары бөлек көрсетілуі.
Қаржылық есеп беру талдауының міндетіне өткен және ағымды мерзімдер бойынша қаржылық мәліметтерді зерттеу кіреді, бұл банктің қаржылық жағдайына және қаржылық қызметіне баға беру мақсатымен жүргізіледі. Талдаудың негізгі обьектісі болып банк немесе олардың тобы табылады (аймақтық, функционалдық немесе басқа да белгілер бойынша). Талдаудың субьектісі бұл коммерциялық банктер, және олардың келісімдері: ЖФ АҚ «БТА Банкінің», басқа несиелік ұйымдар, аудиторлық фирмалар, жергілікті және орталық билік органдары, клиенттер, жеке және заңды тұлғалар; әрбір субьект талдау үдерісінде өз мақсаттарын қорғайды, сондықтан талдаудың бағыттары мен критерилері әр түрлі болады. Бірақ балансті оқу мен талдау әдістемесі бір болу қажет.
Баланстің талдауы банктік операцияларының кірістік, өтімдік жағдайын анықтайды, өздік және алынған қаражаттар көздерін белгілейді, белгілі бір күнге немесе белгілі мерзімге дейін салынған салымдарды анықтайды және банк қызметінің мамандығын белгілейді.
Банк балансінің негізгі талаптарына мыналар кіреді: баланс өте жеңіл оқыту қажет, өте айқын болу қажет, статьялар экономикалық және қиындық қағидаларымен негізделген болу керек.
Банк балансының талдаудың жұмысы бірнеше кезеңнен тұрады, талдаулық жұмыстардың белгілі бір кезеңінде банк қызметкерлерін қатысуына белгілі талаптар қойылады.
Банк балансының талдауы оның мақсаттарын міндеттерін белгілеуден басталады. Бірінші кезең балансты оқу мен оны талдауға дайындаудан тұрады. Балансты оқу үшін оның статьяларының құрамын қалыптастыру, пассив пен актив статьяларын топтпастыру қажет. Баланстің актив пен пассив статьяларын топтастырғаннан кейін талдауға қажет нормативті және бағалау көрсеткіштерін есептеуге болады, олар жинақталғанын көрсетеді. Банк балансын талдау үшін әртүрлі әдістер қолданылады – олар топтастыру, салыстыру, коэффициенттер әдістері, статистикалық, экономикалық әдістер.
Талдаудың ең кең тараған әдіс бұл топтастыру әдісі. Талдау кезінде баланс шоттарын топастыру қажет. Статьяларды банктік операциялардыңөтімдік, экономикалық мәні бойынша, кіріс деңгейі бойынша (актив), бағасы бойынша (пассив) топтастыруға болады. Банктік операцияларын баланс статьяларында депозитті мен айырысулық, қордың, инвестициялық агенттік, несиелік боп топтастыруға болады. Банк операцияларының экономикалық мінездемесін мәліше субьектілері белгілейді. Берілген критерий бойынша баланс статьяларын топтастыру кезінде операциялар: банктер аралық, банк ішіндегі, клиенттермен операциялар болып жіктеледі.
Баланс статьяларының бөлімдер мен топтары арасындағы сандық өзара байланысты коэфициенттер әдісі көрсетеді. Бұл әдісте белгілі статьяның және салмағы немесе актив пен пассивте статьялар тобының жалпы мөлшері көрсетіледі. Коэфициенттер, салыстыру мен топтастыру әдістері паралелді жүргізіле береді. Балнс талдауын мезгілдік бойынша әркүн сайын, әр апта сайын, айлық, тоқсандық, жылдық және тағы сол сияқты деп жіктесе болады. Зерттелетін сұрақтарға байланысты ол толық және тематикалық болып бөлінеді. Толық талдауда коммерциялық банк жұмыстарының барлық жақтарын зерттейді, яғни оның ішкі және сыртқы байланыстарын көрсетеді. Тематикалық талдауға коммерциялық банк жұмыстарының белгілі бір бөлімі ғана зерттеледі. Зерттеудің мінезі мен мақсаттарын ескере отырып бастапқы, оперативті, қорытынды, болашақты талдау деп бөлінеді. Коммерциялық банк операциялар жасау мүмкіндік жасау үшін шоттардың жағдайын бағалау үшін бастапқы талдау жүргізуі. Оперативті талдауды коммерциялық банктің ағымды жұмыстары кезінде қолданады. Қорытынды талдауда зерттеліп жатқан мезгіл ішінде коммерциялық банк жұмыстарының тиімділігін анықтау үшін пайдаланады. Болашақта талдау күтіліп жатқан нәтижелері болжалау үшін және банктің ақша-несиелік сомасының болашақ бағыттарын белгілеу үшін қажет.
Зерттеу обьектісі бойынша коммерциялық банк балансының талдауы-функционалды, құрылымдық, оперативті-бағалық, шаруашылық болып бөлінеді. Баланстің функциональды талдауы коммерциялық банк қызметінің мамандығын анықтау үшін оның негізгі бағыттарын белгілеу үшін оның қажет және банк пен жүргізіліп жатқан функциялардың тиімділігін мен мақсатты болуын анықтау үшін керек.
Баланстың есеп беру – бұл есеп беруде белгілі бір мезгіл бойынша банктің қаржылық жағдайы туралы мәліметтер көрсетіледі. Оның ішінде банктің экономикалық ресурстары бойынша (активтер), экономикалық міндеттер бойынша (пассивтер), акционерлердің мүлігі бойынша (акционерлік капитал) мәліметтер болады, яғни теңдік орындалады:
Коммерциялық банктің балансі оның есеп берудің негізгі бөлімі болып табылады. Баланс мәліметтері бойынша ақшалық ресурстардың қалыптасу мен пайдалану бойынша, банктік операциялардың жағдайы туралы бақылау жүргізіледі.
Баланс талдау банктердің өтімділігін бақылауға мүмкіндік жасайды. Баланс талдау банктердің өтімділігін бақылауға мүмкіндік жасайды. Баланс талдау негізіне банк басшылығы болашақта стратегиясы мен тактикасы өзгермейді.
Банк балансының ликвидтілігі және банк ликвидтілігі. «Ликвидтілік» және төлем төлеу қабілеттігі сиқты экономикалық терминдер экономикалық қазіргі заманғы әдебиеттерде көбінесе аралас келеді.
Ликвидтілік термині латын сөзінен аударғанда «liguids» - сұйық, ағымдық, жалпы алғанда материалдық құныдылықтарды және басқа да активтерді таратудың, сатудың, олардың ақшалай қаражаттарға айналуының жеңілдігін білдіреді. Банк ликвидтілігін АҚ Қазақстан Республикасының Халық банкінен немесе корреспонденттік – банктерден ұтымды баға бойынша қолма-қол қаражаттарды сатып алу қабілеттілігі ретінде анықтайды. Жалпы банк ликвидтілігі ликвидті активтерді сатуға, акцияларды, облигацияларды депозиттік және жинақ куәліктерін, басқа да қарыз мүмкіндік беруді құралдарын шығарады. Төлем төлеу қабілеттігі термині біршама кең мағынада алынады, ол активтердің жылдам таратылатын активтерге айналу мүмкіндігін ғана емес, сонымен қатар, заңды немесе жеке тұлғалардың дер кезінде және толығымен ақшалай сипаттағы саудалық, несие және басқа да операцияларға байланысты өзінің төлем төлеу міндеттемесін орындау қабілеттігін көрсетеді. Осылайша ликвидтілік – төлем төлеу қабілеттігінің аса қажетті және міндетті шарты ретінде қатысады, бұған тек заңды немесе жеке тұлғанаң өзі ғана емес, сонымен қатар белгілі бір сыртқы бақылау және қадағалау органдары бақылау жүргізеді. Ликвидтілік коммерциялық банк үшін банктің да дер кезінде пассив бойынша ақшалай формадағы міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету қабілеттігі ретінде қатысады. Банк ликвидтілігі банк балансының активтері мен пассивтерінің үйлестігімен , пассивтердің сәйкестік дәрежесімен анықталады. Банк ликвидтілігінің мөлшері баланс активтерінің жеке баптарының барлық сомаға қатынасы ретінде белгіленеді. Банк ликвидтілігі оның төлем төлеу қабілеттігінің негізінде жатыр.