Ақшалай қаражаттар қозғалысын ЖШС «Асабаа» мысалында талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2015 в 21:20, курсовая работа

Описание работы

Елімізде нарықтық экономиканың қалыптасуы мен тұрақты түрде дамуына байланысты бухгалтерлік есеп жүйесіде жаңа сипат пен жаңа бағытқа, халықаралық мазмұны мен мағынаға ауыстырылып келеді.
Қазақстан бүгінгі таңда әлеуметтік - экономикалық жаңару мен саяси демократияландырудың жаңа кезеңіне қадам басқалы тұр.

Содержание работы

КІРІСПЕ........................................................................................................................3

1 АҚША ҚАРАЖАТТАР ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ЕСЕПКЕ АЛУДЫҢ МӘНІ
МЕН МАҚСАТЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ АУДИТІ

1.1 Ақша қаражаттарының жалпы түсінігі..........................................................4-10
1.2 Ақша қаражаттар операцияларын есепке алудың мәні мен мақсаты.......11-18
1.3 Ақша қаражаттар қозғалысының ішкі бақылауы және түгендеуі............ 18-20

2 АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ АУДИТІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2.1 Ақша қаражаттарының қозғалысының аудиті............................................20-25
2.2 Ақшалай қаражаттар аудитінің тексерілу тәртібі.......................................25-30
2.4 Ақшалай қаражаттар қозғалысын ЖШС «Асабаа» мысалында талдау.....................................................................................................................30-33


ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................34-35

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................................35-36

Файлы: 1 файл

Акша кар.козг.аудиті курс.раб..doc

— 325.00 Кб (Скачать файл)

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ........................................................................................................................3

   

1 АҚША ҚАРАЖАТТАР ОПЕРАЦИЯЛАРЫН  ЕСЕПКЕ АЛУДЫҢ МӘНІ 

    МЕН МАҚСАТЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ  ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ АУДИТІ

      

1.1 Ақша қаражаттарының жалпы түсінігі..........................................................4-10

1.2 Ақша қаражаттар операцияларын  есепке алудың мәні мен мақсаты.......11-18 

1.3 Ақша қаражаттар қозғалысының ішкі бақылауы және түгендеуі............ 18-20

 

2 АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ АУДИТІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

   

2.1 Ақша қаражаттарының қозғалысының  аудиті............................................20-25

2.2 Ақшалай қаражаттар аудитінің тексерілу тәртібі.......................................25-30

2.4 Ақшалай  қаражаттар қозғалысын  ЖШС «Асабаа» мысалында талдау.....................................................................................................................30-33

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................34-35

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................................35-36

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Елімізде нарықтық экономиканың қалыптасуы мен тұрақты түрде дамуына байланысты бухгалтерлік есеп жүйесіде жаңа сипат пен жаңа бағытқа, халықаралық мазмұны мен мағынаға ауыстырылып келеді.

Қазақстан бүгінгі таңда әлеуметтік - экономикалық жаңару мен саяси демократияландырудың жаңа кезеңіне қадам басқалы тұр.

2009 жылы Ел басы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Республикасының халқына Жолдауында Қазақстанның әлемдік экономикаға ойдағыдай бірігуі - біз Қазақстанның жаһандық экономикалық үрдістерге сәйкес дамып келе жатқан ел болуын қалаймыз деді. Әлемдегі жасалған жаңа мен озық атаулыны бойына сіңірген, дүниежүзілік шаруашылықтан шағын да болса өзіне лайық “орнын” иемденген, әрі жаңа экономикалық жағдайларға жылдам бейімделуге кабілетті ел болуын қалаймыз [1,10б].

Қазақстан 2009 жылды жаңа экономикалық жетістіктермен, жаңарған саяси құрылымымен қарсы алады.Өткен жылдағы экономикамыздың өсу қарқыны 8,5 пайызды құрады.Жалпы алғанда, ел экономикасы 2006 жылдан бастап жылына орта есеппен 10 пайызға өсіп отырды.Бұл өте үлкен де жедел өсу болып саналады.

Курстық жұмыстың өзектілігі: қазіргі таңда ақшалар қозғалысын басқару қаржы нарығының күрделілігіне байланысты маңызды мәселе болып саналып отыр. Бәсекеге қабілеттілігі - кәсіпорындар мен ұйымдардың бүгінгі күннің талабына сай, алдағы уақыттарда дамуына қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуін талап етеді. Ақшалар мен оның баламаларын дұрыс ашып көрсету және жіктеу кәсіпорын қызметінің нәтижесін дұрыс бағалау үшін қажет.

Курстық жұмыстың мақсаты: ақшалай қаражатты сақтау, жұмсау және есептеу тәртібі есеп саясатына сәйкес шаруашылық жүргізуші субъект дербес жасайтын кассалық операцияларды жүгізу ақшалар арқылы есеп айырысу операцияларын толық және уақытылы дер кезінде есептеу; кәсіпорындар мен ұйымдардағы ақшалардың түгелділігін және олардың тиімді пайдаланылуын бақылау; есеп айырысу, төлеу тәртібін бақылау, кәсіпорын ақшаларының кіріске алынуы мен шығыс етілуін дұрыс есептеу.

Курстық жұмыстың міндеті: Ақша қаражаттар  операцияларын есепке алудың мәні мен мақсаты,ақша қаражаты қозғалысының ішкі бақылауы және түгендеуі, ақша қаражаттар қозғалысының есебі және есеп беруді құрастыруға толығымен сипаттама беру.

Ақша қаражаттарының бір бөлігі қызметкерлермен еңбекақы бойынша қолма-қол есеп айырысу үшін, қолма-қол ақшаға құндылықтарды сатқаны үшін есеп беретін адамдар пайдаланады. Мұндай каражаттар кассада сақталып, сол арқылы айналымға түседі. Есеп айырысу операцияларының тиімділігін көбіне ақша қаражаттарының бухгалтерлік есебінің жағдайына тәуелді.

 

 

 

1 АҚША ҚАРАЖАТТАР ОПЕРАЦИЯЛАРЫН  ЕСЕПКЕ АЛУДЫҢ МӘНІ

МЕН МАҚСАТЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ АУДИТІ

1.1 Ақша қаражаттар жалпы түсінігі

 

2009 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР-ның кәсіпорындары ХҚЕС-на сәйкес жасалған қаржы есептілігін тапсыруға міндетті. Бір жағынан алып қарағанда, кәсіпорындардың есепке алу жүйелері мен саясаттарын өзгерту жөніндегі үлкен міндет болса, екінші жағынан, бұл инвесторлармен және кредиторлармен қарым-қатынастың жаңа деңгейін жасаудың мүмкіндігі болып табылады.

Халықаралық қаржылық есеп стандартына көшуге байланысты Қазақстандық бухгалтерлік есеп стандартында көптеген толықтырулар мен өзгертулер енгізілуде. Соған байланысты қаржылық есептіліктің халықаралық стандартына сәйкес қаржылық есептілікті жасайтын ұйымдар үшін бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспарын әзірлу жөніндегі нұсқау бекітілді.

Кәсіпорындар   мен   ұйымдарда   ақшалар   арқылы   есеп айырысу операцияларының бухгалтерлік есебін жүргізгенде мыналарды басшылыққа алу керек:

Ақшалар арқылы есеп айырысу операцияларын толық және уақтылы дер кезінде есептеу, кәсіпорындар мен ұйымдардағы ақшалардың тугелділігін және олардың тиімді пайдаланылуын бақылау; есеп  айырысу,   төлеу тәртібін  бақылау,   кәсіпорын ақшаларының кіріске алынуы мен шығыс етілуін дұрыс есептеу.

Қазіргі танда ақшалар қозғалысын басқару қаржы нарығының күрделілігіне байланысты маңызды мәселе болып саналып отыр. Бәсеке қабілеттілігі - кәсіпорындар мен ұйымдардың бүгінгі күннің талабына сай, алдағы уақыттарда дамуына қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуін талап етеді, Ақшалар мен оның баламаларын дұрыс ашып көрсету және жіктеу кәсіпорын қызметінің нәтижесін дұрыс бағалау үшін қажет.

Ақшалар шоттарында тек қана жедел арада міндеттемелерді өтеу үшін төлем жасауға қабілетті активтер есептеледі. Кәсіпорындар мен ұйымдардың ақшалары олардың кассасындағы, есеп айырысу және валюталық шоттарындағы ақшаларынан, аккредитивтеріндегі ақшаларынан, чектеріндегі ақшаларынан, банктердегі арнаулы шоттарындағы ақшаларынан, сондай-ақ аударылған жолдағы ақшаларынан құралады. Кәсіпорындар мен ұйымдардың бухгалтерлік балансындағы ақшаларының қалдығы деп аталатын бабында осы жоғарыда аталған ақшалар шоттарындағы ақшалардың барлық қалдығының жиынтық сомасы жазылады [2, 102-104б]. 

Ақша қаражаттар - өндіріс және бөлу процесіндегі адамдар арасындағы қатынасты бейнелейтін, тарихи түрде дамып келген экономикалық категория. Ақшалық экономикалық категория ретіндегі мәні, оның мынадай үш касиетінің біртұтастығынан байқалады:

-  жалпыға тікелей айырбасталу  формасы;

-  айырбас құнының дербес  формасы;

- еңбек өлшемінің заттай (материалдану) формасы. Жалпыға тікелей  айырбасталу  формасы, оның кез келген материалдық бағалы затқа айырбасталатынын сипаттайды. Екіншісі тауарларды сатумен байланыссыз. Соңғы қасиеті тауар өндіруге жұмсалған еңбектің ақша көмегімен өлшеуге болатын құнын сипаттайды.

Қағаз ақшалар (қазыналық билеттер) — бюджет тапшылығын жабу мақсатында шығарылатын және металға ауыстырылмайтын, сондай-ақ мемлекет белгілеген өзіндік номиналы бар құнның белгілері.

Қағаз ақшалар тек қана айналыс құралы және төлем құралы қызметін атқарады. Олардың айналыста ұлғаюы мемлекеттің қаржы жетіспеушілігіне байланысты шығаруымен түсіндіріледі. Қағаз ақшалар өзінің табиғаты жағынан тұрақсыз және құнсыздануға тез икемді. Олардың құнсыздану себептеріне: айналысқа басы артық қағаз ақшалардың шығарылуын, эмитентке деген сенімнің төмендеуін және төлем балансының қолайсыздық жағдайын жатқызады.

Несиелік ақшалар — тауар өндірісінің дамуымен, яғни тауарларды сатып алу және сатудын уақытын кешіктіріп төлеуге (несиеге) берілуімен байланысты пайда болған ақшалар.

Несиелік ақшалардың шығуы банктердің несиелеу операцияларымен байланысты. Мұндай ақшалардың басты мақсаты: ақша айналымын икемді ету; нағыз ақшаларды үнемдеу; қолма-қолсыз ақша айналымының дамуына мүмкіндік жасау. Несиелік ақшалардың мынадай түрлері бар: вексель, банкнота және чек.

«Вексель» сөзі ағылшынша bill note — міндеттеме шоты дегенді білдіреді.

Вексель - белгілі бір соманы алдын ала келісілген мерзімде және белгіленген жерде төлейтіндігі туралы борышқордын қарыздық  міндеттемесі.

Вексельдің екі түрі бар: жай және аудармалы.

Вексельдің түрлеріне «ҚР-дағы вексель айналысы туралы» ҚР заңында мынадай түсініктемелер берілген:

-  Жай векселъ (соло) —   вексельді  ұстаушыға вексельде көрсетілген соманы белгілі бір уақытта немесе  талап етуге байланысты төлеу туралы вексель берушінің еш нәрсемен негізделмеген міндеттемесін сипаттайтын вексель.

-  Аудармалы вексель (тратта)  — вексельде көрсетілген соманы білгілі бір уақытта алғашқы вексельді ұстаушыға (ремитентке) төлеу туралы үшінші бір тұлғаға (трассатка) вексель берушінің (трассанттың) еш нәрсемен негізделмеген ұсынысын (бұйрығы) сипаттайтын вексель.

Трассат тратта бойынша төлеуге келісімін бергеннен бастап, борышқор болып табылады. Аудармалы вексель келесі бетіндегі индоссамент (басқа біреуге аударып жазу) кемегімен айналыста жүре береді. Аудару туралы қолдардың көбеюіне байланысты вексель айналысы ұлғая түседі және мұндағы әр индоссант вексель бойынша міндеттемеге бірлесіп жауап береді.

Жай және аудармалы вексель — коммерциялық вексельдің турлері ретінде қарастырылады.

Сонымен   қатар,  экономикалық әдебиеттерде вексельді мынадай түрлерге бөледі: қаржылық, қазыналық, достық, бронзалық.

Қаржылық (банктік) вексель — белгілі бір ақша сомасын қарызға беруден туындайтын қарыздық міндеттеме.

Қазыналық вексель - бюджет тапшылығын жабу мақсатында мемлекет тарапынан шығарылатын оның міндеттемесі. Қазыналық вексель бойынша мемлекет борышқор болып саналады.

Достык векселъ кейіннен банкте оларды есепке алу мақсатында бір-біріне беріледі.

Бронзалық вексель нақты камтамасыз етілмеген қарыздық міндеттемені білдіреді.

Вексельдің мынадай өзіне тән касиеттері бар:

-  дерексіздік, яғни вексельде мәміленің нақты түрінің керсетілмеуі;

-  даусыздық яғни протест туралы актіні нотариуспен жасағаннан   кейін тиісті шара қолданылғанға   дейінгі   қарыздың міндетті түрде төленуге тиістігі;

- айналымдылық яғни басқа бір тұлғаларға аударып жазу арқылы (индоссамент) төлем құралы ретінде вексельдің берілуі.

Қазақстанда жоғарыда аталған заң кабылданға дейін және онан кейін де вексель айналысы дамып келеді.

Классикалық банкнота- бұл банкноталық алғашқы пайда болған формасы ретінде алтынға еркін алмастырылатын, яғни алтынмен қамтамасыз етілген Орталық банктің билеті.

Классикалық банкнотанын қағаз ақшалардан өзіндік айырмашылығы бар:

- жаратылысына қарай- қағаз ақшалар ақшалық айналыс құралы ретіндегі қызметінен туындаса, ал банкнота ақшалық төлем құралы қызметінен пайда болған;

- эмиссиялау әдісі бойынша- қағаз ақшаларды айналысқа қазынашылық шығарса, ал банкнотаны Орталық банк шығарады;

- қайтарылуына қарай- классикалық  банкноттар  вексель мерзімінің аяңталуына байланысты Орталық банкке қайтарылса, ал қағаз ақшалар қайтарылмайды, яғни олар айналыста қала береді;

- ауыстырылуына қарай- классикалық банкноталар банкке кайтуына байланысты алтынға немесе күміске ауыстырылып отырса, қағаз ақшалар қашаннан ауыстырылмайтын болған.

Жай банкнота- бұл казіргі кездегі айналыска шығарылган Орталық банк билеті.Олар металға алмастырылмайды, тек қана Орталық банктің барлық активтерімен қамтамасыз етіледі. Ендеше қазіргі айналыста жүрген орталық банктен шығатын жай банкноталар алтынмен қамтамасыз етілмейді, бірақ олардың белгілі бір дәрежеде тауарлық немесе несиелік негізі сақталған, сондай-ақ олар қағаз-ақша айналысының заңдылықтарына бағынады.

Чек- ағымдағы шот иесінің чекті ұстаушыға белгілі бір ақшалай соманы төлеу туралы немесе басқа ағымдык шотқа аудару туралы өзінің банкісіне берген жазбаша бұйрығы.

Чектің мынадай түрлері бар:

ақшалай чек- банктен қолма-қол ақша алуға арналған төлем құралы;

атаулы чек- аударуға құқысыз белгілі бір тұлғалық атына жазылады;

ордерлі чек- бір тұлғалық атына толтырылған, біраң индоссамент бойынша басқа бір тұлғаға беруге құқық береді;

мәлімдеуші чек- чекті мәлімдеушіге ондағы көрсетілген сомасы төленеді;

есеп айырысу чегі- заңды тұлғалар арасында қолма-қолсыз есеп айырысуларда қолданылады;

жол чегі- туристік сапарларға арналған төлем құралы;

кепілдендірілген чек- банктің чекте көрсетілген соманы телеуге кепілдендіруін сипаттайын төлем құралы.

Чектің экономикалық жаратылысы мынадай:

- біріншіден, ол банктен нақты ақшаны алуға қызмет етеді;

- екіншіден, ол айналыс және  төлем құралы қызметін атқарады;

- үшіншіден, ол қолма-қолсыз ақшамен  есеп айырысу құралы.

Электрондық ақшалар- компьютер торабының ақпараттарды автоматты түрде өндеу құралдарын қолданатын байланыс жүйелері арқылы жүзеге асыратын банктер және олардың, клиенттері, сатушылар мен сатып алушылар арасындағы төлемдер жиынтығы.

Электронды ақшалар пластикалық карточка формасында болады. Олар екі түрлі болып келеді:

Дебеттік (төлем) карточка- банкте арнайы карточкалық қаражаты бар, клиент арасындағы келісімшартка сәйкес шоттағы қаражатты пайдалануға, банкомат арқылы қолма-қол ақша алуға, сондай-ақ тауарлар мен қызметтер үшін төлеуге арналған төлем құралы.

Информация о работе Ақшалай қаражаттар қозғалысын ЖШС «Асабаа» мысалында талдау