Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2015 в 21:20, курсовая работа
Елімізде нарықтық экономиканың қалыптасуы мен тұрақты түрде дамуына байланысты бухгалтерлік есеп жүйесіде жаңа сипат пен жаңа бағытқа, халықаралық мазмұны мен мағынаға ауыстырылып келеді.
Қазақстан бүгінгі таңда әлеуметтік - экономикалық жаңару мен саяси демократияландырудың жаңа кезеңіне қадам басқалы тұр.
КІРІСПЕ........................................................................................................................3
1 АҚША ҚАРАЖАТТАР ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ЕСЕПКЕ АЛУДЫҢ МӘНІ
МЕН МАҚСАТЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ АУДИТІ
1.1 Ақша қаражаттарының жалпы түсінігі..........................................................4-10
1.2 Ақша қаражаттар операцияларын есепке алудың мәні мен мақсаты.......11-18
1.3 Ақша қаражаттар қозғалысының ішкі бақылауы және түгендеуі............ 18-20
2 АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ АУДИТІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1 Ақша қаражаттарының қозғалысының аудиті............................................20-25
2.2 Ақшалай қаражаттар аудитінің тексерілу тәртібі.......................................25-30
2.4 Ақшалай қаражаттар қозғалысын ЖШС «Асабаа» мысалында талдау.....................................................................................................................30-33
ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................34-35
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................................35-36
Кесте 3. 1010 шотының кредиті бойынша кассадан төленген ақшалай қаражат сомасы.
№ |
Операциялар мазмұны |
Дебет |
Кредит | ||
1 |
Қолма-қол ақша төленген НҚ, МЕА сатып алынды және кіріске алынды |
2411-2417, 2730 |
1010 | ||
2 |
Кассадан шотқа ақшалай қаражат тапсырылды |
1030 |
1010 | ||
3 |
Кассадан еңбекақы, зейнетақы, жәрдемақы берілді |
3350 |
1010 | ||
4 |
Қолма-қол ақша төленген, өнімді тиеу мен өткізу шығындары |
7110 |
1010 | ||
5 |
Қолма-қол есеп айырысумен алынған акциялар, облигациялар |
1150 |
1010 | ||
6 |
Жабдықтаушылардың шоттарына кассадан қолма-қол ақша төлеу |
3310 |
1010 | ||
7 |
Кассадан есеп берілетін ақша берілді |
1250 |
1010 | ||
8 |
Жалға қолма-кол акшамен төлегенде |
3360 |
1010 | ||
9 |
ТМҚ жабдықталған, орындалған жұмыспен көрсетілген қызмет үшін берілген аванстар сомасы |
1610 |
1010 | ||
10 |
Қарыздарды (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімдік) жеке және заңды тұлғаларға кассадан берілген аванстар сомасы |
3020 |
1010 | ||
11 |
Алынған аванстың қайтарылуы |
3310,3320 |
1010 | ||
12 |
Түгендеу кезінде анықталған кассадагы ақшалай қаражаттың кем шыгуы |
2940 |
1010 | ||
13 |
Анықталған кем шығу кінәліге койылады |
1250 |
2940 | ||
14 |
Кінәлі кем шығуды өтеді |
1010 |
1250 | ||
15 |
Егер кінәлі табылмаса немесе сот өндіруден бас тартса |
7450 |
2940 | ||
16 |
Түсім банкке инкассатор арқылы тапсырылды |
1030 |
1010 | ||
|
1.3 Ақшалай қаражат қозғалысының ішкі бақылауы және түгендеуі.
Ақшалай қаражат қозғалысын ішкі бақылау жүйесі - активтерді қорғау; субъектінің қаржылық саясатына сай болуын қамтамасыз ету; бухгалтерлік шоттарда көрсетілген мәліметтердің күмәнсіз сенімділігін қамтамасыз ету үшін жасалған саясат пен амалдар.
Ақшалай қаражатты оңай жасыруға, тасуға болады, оларда тиістілік белгілері жоқ және олар айырбасталады. Ұрлық тәуекелі кейбір адамдардың есеп жүйесіне қолы жетіп, ақшалай қаражатты күзетуге рұқсат алу мүмкіндігіне тікелей байланысты. Ақшалай каражаттың қозғалысын ішкі бақылау мынандай функцияларды орындауы тиіс:
Кассадағы ақшалай қаражатты кассада деп, саналатына ақшалай қаражаттың бар-жоғын айқындау және қатаң есептегі банктерді парақтау санап шығу жолымен түгендейді. Түгендеу қорытындыларын "Ақшалай каражаттың бар-жоғын түгендеу" актісімен жеке ресімдейді.
Кассаны түгендеу кассалық операцияларды жүргізудің шаруашылық жүргізуші субъектінің басшысы бекіткен және жете дайындалған ережелерге сәйкес өткізіледі. Қатаң есептегі құжаттар мен бланкілер (авиа және теміржол билеттері, бензинге талон және басқалары) кассаларын түгендеу, әдетте кенеттен, кассир мен бас бухгалтердің қатысуымен, кассада сақталатын басқа құндылықтарды тексеріп және қолма-қол актіні түгел парақтап санау арқылы жүргізіледі. Түгендеу басталғанға дейін (бірнеше касса болған жағдайда) олар мөрленіп жабылады. Кассир түгендеу сәтінде кассалық есеп жасап, акшалай каражаттың қалдығын кассалық кітап бойынша шығарады. Кассирден барлық кірістік және кассада кіріске алынбаған және есептен шықпаған сома жоқ деген қолхат алынады. Ақша саналғаннан соң кассадағы ақшалай қаражатты түгендеу актісі жасалады. Алынған түгендеу қорытындысы бухгалтерлік есептің мәліметтерімен кассалық кітап бойынша салыстырылады. Актіде кассирдің табылған бұрмалаулар туралы түсініктемесі мен түгендеу қорытындысы бойынша бұдан былайғы шешімі туралы субъект басшысының қарары (резолюция) жазылады [13, 56 б].76
Акт ұйым кассасында тұрған ақшалай құжаттардың, ақшаның бар-жоғын түгендеу нәтижелерін көрсету үшін қолданылады. Комиссия ұйым кассасындағы тұрған ақшалай құжаттарды, барлық ақшаны түгел қайтадан есептеу жолымен ақшаның бар болуын тексереді. Акт екі дана болып жасалады және түгендеу, комиссиясы мен материалдарға жауапты адам қол қояды. Бір данасы ұйым бухгалтериясына беріледі, екіншісі материалдың жауапкершілікті адамда қалады. Түгендеу басталғанға дейін ақша, ақшалай қаражаттардың сақталуы үшін жауап беретін материалдарға жауапты адамнан қолхат алынады. Қолхат форманың тақырыптық бөлігіне кірген. Материалдарға жауапкер адам құжаттарды тапсырған материалдарға жауапты (қолма-қол ақшаны, ақшалай қаражаттарды тапсырған материалдарға жауапты адамға, ақшаны, ақшалай қаражаттарды қабылдаған материалдарға жауапты адамға және бухгалтерияға).
Түгендеуді өткізгенде мыналарды тексеру қажет: кассирмен толық материалдық жауапкершілік туралы шарт жасалды ма немесе одан "Кассирдің міндетемесі" алынды ма. Кассаны жарақтандырылуы сейф кілтінің көшірмелері сақталатын талаптарға сай ма?
Мысалы кассаны түгендегенде 150 теңге мөлшерінде артық шығу табылды, бұл жағдайда кірістік кассалық ордер жазылады және олар мынандай жазбалармен рәсімделеді.
1010 "Кассадағы ұлттық валютадағы қолма-қол ақша" шот дебеті
6280 "Негізгі емес қызметтен түскен басқа да табыс" шот кредиті 150 теңге
Егер кассаны түгендеу кезінде 5000 теңге кем шығу табылса, мұндай жағдайда:
• анықталған кем шығу сомасына шығындық кассалық ордер жазылады 2180 "Кем шығу, құндылықты бүлдіру" шот дебеті
1010 "Кассадағы ұлттық валютадағы қолма-қол ақша" шот кредиті 5000 тенге[14, 13-14бб.].
Кәсіпорындар мен ұйымдардағы ақшалардың қозғалысын ішкі бақылаудың қажеттігі:
Кәсіпорындар мен ұйымдарда ақшаларға ішкі бақылау жасау мынандай функцияларды жүзеге асыруы, яғни атқаруы қажет:
2 АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ
2.1 Ақша қаражаттарының
Ақша құралдарының қозғалысы туралы есептің негізгі мақсаты – пайдаланушыларды ақша құралдарының түсуі мен кетуі туралы ақпаратпен қамтамасыз ету. Және бұл – есепті мерзім үшін инвестициялық және қаржылық қызметін талдаудың негізгі құралы. Оның басты мақсаты – инвесторларға төмендегіні бағалауда көмек көрсету:
- субъектінің
ақша құралдарының алдағы
- таза табыс пен ақша
- қолма-қол және ақшасыз ақша ағымдарының барлық аспектілерні, субъектілердің инвестициялық, қаржылық қызметіне олардың қозғалысы.
Шаруашылық субъектілерінің қызмет ерекшеліктерінің бірі – бүкіл кәсіпкерлік қызмет өндіріс түріне және қызмет көрсету саласына қарамай былай бөлінеді:
- табыс алумен байланысты операциялық (негізгі) қызмет;
- инвестицялық-құралдарды акциялар және басқа да құнды қағаздарға салу, күрделі салым немесе ұзақ мерзімді активтерді құру немесе алу нәтижесіндегі ақша құралдарының қозғалысы;
- қаржылық-алынған дивидендтер, проценттер есебі. Жеке капитал мен қарыз құралдарының құрамы мен өлшеміндегі өзгерістер субъектінің қызмет нәтижесі болып табылады.
Субъект қызметін түріне қарай топтастыру қаржылық жағдайына олардың әрқайсысының ықпал етуін бағалауға мүмкіндік береді.
Қызметтің осы түрлерінің барлығы ақша құралдарының түсу мен кету каналдары болып есептеледі. Бухгалтерлік есептің № 4 стандартымен: «ақша құралдарының қозғалысы туралы есеп» олардың түсу және кету канадары тұрғысынан қозғалуын ашу талап етіледі. Мұнда субъект тура немесе жанама әдіс қолданғанын ашып көрсету керек.
Тура әдіс ақша түсімдері мен төлемдері түрлерінің мазмұнын ашуды көздейді. Бұл әдіс әр ақша операциясын талдауға негізделеді. Ол үшін есептің әр статьясын зерттеп, түзетулер жасау керек. Өткерілген өнімнен ақша түсімдерінен бастайды, олардан барлық шығындарды алып тастайды. Қорытындысында операциялық қызметтен түскен ақша құралдарының соммасын шығарады. [15, 212-214б].
Тура әдісті қолдануда операциялық қызмет нәтижесінде пайда болатын ақша құралдарының мысалы, (ақша құралдарының түсуі):
Ақша құралдарының кетуі:
- жеткізушілермен, мердігерлермен тауар жеткізу, қызмет көрсету үшін есеп айырысу;
-тауарлы-материалдық запастард
-еңбеақы төлеу, басқа да төлемдер;
-бюджетпен, зейнетақымен қамтамасыз ететін органдарымен, әлеуметтік қорғау органдарымен, бюджеттен тыс қорлармен есеп айырысу;
-дивидендтер төлеу;
-басқа да төлемдер.
Бұл есепте кәсіпорынның қаражат көздері анықталып, олардың қалай пайдаланатыны көрсетіледі. Бұл есеп түрі негізгі қызметтен түсетін құралдардың кәсіорынның есепті мерзім үшін ұсталатын ақша құралдарын жабу үшін жеткіліктілігін көрсетеді. Ол пайдаланушыларға операциялық, инвестициялық, қаржылық қызмет тұрғысынан есепті мерзімде ақша құралдарының түсуі немесе кетуі туралы ақпарат беріп, субъектінің қаржылық жағдайындағы өзгерістерді бағалауға мүмкіндік береді. Басқаша айтқанда ақша құралдарының қозғалысы туралы есеп – бұл субъект құралдарды қайдан алып, қалай жұмсалатынын көрсететін құжат.
Кейбір мемлекеттерде бұл есепке ерекше мән беріледі. Инфляция жағдайында бұл есептің ролі басқа есептерді жасауды есептеу әдісі қолданғандықтан өсіп келеді. Демек, бұл есеп түрі әлем тәжірибесінде жаңа, бірақ ол негізу сәтінен бастап жетілдірілген.
Жанам әдіс таза табысты немесе шығындарды өзгертулерді көздейді. Бұл ағымдағы акивтер мен міндеттемелердің және инвестициялық қызмет нәтижесіндегі табыстар мен шығындарға байланысты.
Бұл әдіс негізінде бухгалтерлік баанстың қаржылық-шаруашылық қызметі нәтижесі туралы есеп пен бухгалтерлік баланс туралы ақпарат жатыр. Мұнда қаржылық-шаруашылық қызмет нәтижелері туралы есептің әр статьясына өзгертулер енгізу көзделмейді.
Операциялық қызметтен түсетін ақша құралдарының келіп түсу негізі болып таза табыс алынады.
Ақша құралдарының түсу және кету негізгі каналдарының бірі – инвестициялық қызмет.
Инвестициялық қызмет нәтижесінде болатын ақша құралдарының қозғалыс мысалдары:
-материалдық емес активтерді, негізгі
құралдарды, қаржылық инвестицияларда
және бассқа ұзақ мерзімд
Информация о работе Ақшалай қаражаттар қозғалысын ЖШС «Асабаа» мысалында талдау