Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2015 в 21:20, курсовая работа
Елімізде нарықтық экономиканың қалыптасуы мен тұрақты түрде дамуына байланысты бухгалтерлік есеп жүйесіде жаңа сипат пен жаңа бағытқа, халықаралық мазмұны мен мағынаға ауыстырылып келеді.
Қазақстан бүгінгі таңда әлеуметтік - экономикалық жаңару мен саяси демократияландырудың жаңа кезеңіне қадам басқалы тұр.
КІРІСПЕ........................................................................................................................3
1 АҚША ҚАРАЖАТТАР ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ЕСЕПКЕ АЛУДЫҢ МӘНІ
МЕН МАҚСАТЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ АУДИТІ
1.1 Ақша қаражаттарының жалпы түсінігі..........................................................4-10
1.2 Ақша қаражаттар операцияларын есепке алудың мәні мен мақсаты.......11-18
1.3 Ақша қаражаттар қозғалысының ішкі бақылауы және түгендеуі............ 18-20
2 АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ АУДИТІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1 Ақша қаражаттарының қозғалысының аудиті............................................20-25
2.2 Ақшалай қаражаттар аудитінің тексерілу тәртібі.......................................25-30
2.4 Ақшалай қаражаттар қозғалысын ЖШС «Асабаа» мысалында талдау.....................................................................................................................30-33
ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................34-35
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................................35-36
Кредиттік карточка- онын эмитенті мен карточка иесі арасындагы келісімшартка сәйкес, несиелік көлемінде тауарлар мен қызметтер үшін төлемді жасауға, не қолма-қол ақша алуға арналған карточка.
Қазакстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктер дебеттік және кредиттік карточкалардың отандық және халықаралық түрлерін кеңінен қолдануда. Оларға «Еurocard», «Мaster Саrd», «Visa», «ALTYN», «Маеstrо» және т.б. жатады. [3, 100-102бб].
Қазіргі кезде жалақы алуға арналған дебеттік карточкалар да кеңінен
Ақшалық қазіргі экономикадағы атқаратын қызметтеріне мыналар жатады:
1) құн өлшемі және баға масштабы;
2) айналыс (айырбас) құралы;
3) төлем құралы;
4) қорлану және қор жинау құралы;
5) дүниежүзілік ақша.
Ақшалық құн өлшемі қызметі. Ақша жалпыға бірдей балама ретінде барлық тауарлардың құнын өлшейді. Ақша құн өлшемі ретінде: «мөлшері жағынан аттас, сапасы жағынан салыстыруға келетін тауарлар құнын бейнелеу үшін тауарлар дүниесіне материал беру» қызметін атқарады. Бірақ та тауарларды өзара өлшейтін ақша емес, тауарлар өндірісіне кеткен қоғамдық қажетті еңбек олардың бірінің біріне өлшенуіне жағдай жасады. Барлық тауарлар қоғамдың еңбек өнімдері, сондықтан олардың құнын өзіндік құны бар нақты ақшалар (алтын және күміс) өлшей алады.
Тауар құнының ақшамен бейнеленуі оның бағасы деп аталады. Баға тауарды өндіруге және сатуға қажетті қоғамдың еңбек шығынымен анықталады. Әрбір елде ақшанын өлшемі ретінде қабылданған және тауарлар бағасын өлшеуге қызмет ететін металдын (алтын) баға белгілеу процесіндегі ақша бірлігіне бекітілетін салмақты саны баға масштабы деп аталады.
Бағалардың негізінде және олардың қозғалысында кұн заңы жатыр. Ақшалық құн өлшемі қызметі мен баға масштабы арасында өзара айырмашылық бар. Құн өлшемі бұл мемлекетке тәуелсіз ақшалық экономикалық қызметін сипаттайды. Құн өлшемі қызметі құн заңына байланысты анықталады. Баға масштабы бұл мемлекетке тәуелді, бірақ тауардың құнын көрсету үшін емес, тек оның бағасын бейнелеу үшін қызмет етеді. Баға масштабы нарық заңына, яғни сұраныс пен ұсынысқа байланысты белгіленеді. Сөйтіп баға масштабы арқылы ойша белгіленетін тауарлар бағасы ұлттық ақша бірлігіндегі көрсетілетін нарықтық бағаға айналады.
Бүгінгі таңда тауарлар алтынға тікелей айырбасталмайды және олардың бағасы алтынмен бейнеленбейді. Ақшалық бұл қызметін алтынның орнында жүретін оның құндық өкілдері немесе қағаз және несиелік ақша белгілері атқарады. Мұндай ақшалардың меншікті құны болмайтындықтан да, оларды толық бағалы емес ақшалар деп атайды. Өйткені, олар тауарлар құнын толық өлшемейді, бірақ өлшеуге қатынасады.
Ақшаның айналыс құралы қызметі. Айналыс құралы қызметінде ақша тауар айналысы процесінде делдалдық рөл атқарады. Тауар айналысы мынадай процестерді қамтиды: тауар сату, яғни оның ақшаға айналуы және тауарды сатып алу, яғни тауардың ақшаға айналуы. Бұл процесті арнайы формулада мынадай түрде беруге болады: Т (тауар) — А (ақша) — Т (тауар).
Ақша айналысының тауар айналысынан айырмашылығы ақша тауарларды біртіндеп айналыстан шығара отырып, өзі айналыста үнемі калып отырады. Ақшалық айналыс құралы ретіндегі қызметінің басты ерекшелігі, біріншіден, бұл қызметті толық бағалы емес құнның белгілері: қағаз және несиелік ақшалар атқарады, екіншіден, нақты және қолма-қолсыз ақшалар атқарады.
Сонымен ақша, айналыс кұралы қызметін атқаратындықтан да олардың саны, яғни айналыска қажетті сатылатын тауарлар массасы және бағасы негізінде анықталады. Ал егер айналыстағы ақша массасы тауар массасынан артық болса, онда ақшалық құнсыздануы инфляцияға жол береді.
Ақшалық, төлем құралы қызметі. Әр түрлі жағдайлардың болуына байланысты тауарлардың тек нақты ақшаға ғана сатылмайтыны белгілі. Себебі әр түрлі тауарларды өндіру кезеңі мен айналыс мерзімінің ұзақтығының бірдей еместігі, сондай-ақ бірқатар тауарлардың өндірісі мен сатылуының маусымдық сипатта болуы шаруашылық субъектісінде қосымша қаражаттардың жетіспеушілігін туғызады. Соның нәтижесінде тауарлардың төлемін кешіктіріп сатып алу және сату, яғни несиеге беру қажеттігі туындайды. Ақша төлем құралы ретінде мынадай ерекше бір қозғалыс формасына ие: Т (тауар)- М (міндеттеме), келісілген мерзімнен кейін: М (міндеттеме)- Т (тауар). [4,56-59бб].
Ақшалық төлем құралы қызметі мен айналыс құралы қызметтері арасында өзара айырмашылық бар. Ақша айналыс құралы ретінде делдалдык релінде жүретін болса, төлем құралы қызметінде ақша мен тауардың бір-біріне қарама-қарсы қозғалысы болмайды, яғни қарыздық міндеттеме арқылы өтеу, сату және сатып алу процесінің аяқталғандығын білдіреді. Тауарлар мен ақша арасындағы уақыттағы алшақтың кредиторға қарыз алушының төлемеу қаупін тудыруы мүмкін.
Ақша телем құралы ретінде тек қана тауар айналысына қызмет етіп қоймай, сол сияқты қаржы және несие қатынастарына да қызмет етеді.
Жалпы барлық ақшалай төлемдерді мынадай түрде топтастыруға болады:
- тауарлар және көрсетілетін
қызметтер бойынша төлем
- мемлекетке қатысты қаржылық міндеттемелер;
- банктік несиелер, мемлекеттік және тұтыну несиелері бойынша қарыздық міндеттемелер;
- сақтандыру міндеттемелері;
- әкімшілік, сот алдындағы және өзге міндеттемелер. Ақшалық төлем құралы қызметін толық бағалы емес, яғни қағаз және несиелік ақшалар атқарады.
Ақшаның қор жинау және қорлану қызметі. Ақша жалпыға бірдей балама ретінде, оның иесіне тауар алуды қамтамасыз етумен қатар, байлықты жинау құралы болып табылады. Сондықтан да адамдар оларды жинақтауға немесе қорлануға тырысады. Қорлану үшін ақша айналыстан алынады, сөйтіп тауарды сату және сатып алу қозғалысы үзіледі.
Ақшалық қор жинау қызметін толық бағалы емес ақшалар атқара алмайды, себебі олардың меншікті құны жоқ. Бұл қызметті атқару қашаннан алтынға жүктелген.
Ал ақшалық қорлану қызметін толық бағалы емес ақшалар атқарады. Тауар өндірісі жағдайында қорлану екі формада жүзеге асырылады десе болады:
1) Кәсіпорындар мен ұйымдардың
ағымдық және жинак (депозиттік)
шоттардағы, сол сиякты банктен
басқа шоттардағы ақшалай
2) Банктердегі халық салымдарында, облигацияларда жинақталған жеке қорлану формасында.
Дүниежүзілік ақша. Сыртқы сауда байланыстары, халықаралық заемдар, сыртқы серіктестерге қызмет көрсету барысы дүниежүзілік ақшалардың пайда болуына себеп болды. Дүниежүзілік ақшалар жалпыға ортак төлем құралы, жалпыға ортаң сатып алынатын құрал және жалпыға ортақ қоғамдық байлықтың материалдану құралы болып табылады. Халықаралық төлем құралы ретінде дүниежүзілік ақшалар халықаралық байланыстардағы есеп айырысуларда қолданылады. Халықаралық сатып алынатын құрал ретінде дүниежүзілік ақшалар елдер арасындагы нақты ақшамен төленетін тауарлар және көрсетілетін қызметтер айырбасындагы тепе-теңдік бұзылған жағдайда қызмет етеді. Жалпыға ортақ қоғамдық байлықты құрау ретінде дүниежүзілік ақшалар бір елдің екінші бір елге займ немесе субсидиялар беруі барысында қызмет етеді.
Ақша баламалары (эквиваленті)- бұл ақшаларға ұқсас, бірақ басқаша жіктелетін активтер болып табылады. Оларға қазыналық вексельдер, коммерциялық қағаздар және депозиітік сертификаттар жатады. Түрлі ұсталымдар мен айыппұлдар ұйымның ақшалары қатарына жатқызылмайды. Сондықтан да оларды (ақша бшіамаларын) кассадағы ақшалар шотында есептемейді. Ақша баламаларын кәсіпорынның есеп айырысу құралдары ретінде қарастырудың қажеттілігі де жоқ. Көп жағдайларда оларды қысқа мерзімді инвестициялар шотында есептейді.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың меншігіндегі пошта маркалары, алынған вексельдер, жұмысшылар мен қызметкерлерге іс сапар шығындары үшін аванс ретінде берілген сомалары, жұмысшылар мен қызметкерлердің басқадай дебиторлық қарыздары ақшалар қатарына жатқызылмайды. Оларды бухгалтерлік есепте дебиторлық борыштар бөлімінде есептейді.
Овердрафт дегеніміз кәсіпорынның иелігіндегі, яғни активті шоттың қалдығындағы сомадан артық сомада төлем төлеу нәтижесінде пайда болған кредиттік қалдық. Бұл сома қысқа мерзімді міндеттеме болып табылады және кредиторлық борыш ретінде есептеледі. Овердрафт кәсіпорындар мен ұйымдардың банк мекемесі арқылы басқаларға төленген қаржысы (сомасы) есеп айырысу шотындағы қалдық сомадан артық болған уақытта ғана пайда болады. Егер овердрафт үлкен келемде болатын болса, онда бұл сома кәсіпорынның балансында немесе өз алдына жасалған түсіндірмелі құжатында бөлек көрсетілуі тиіс.
Мемлекеттік құнды (бағалы) қағаздардың мынадай түрлері бар:
Ұлттық жинақ облигациялары.;
Мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылык, міндеттеме (МЕККАМ);
Мемлекеттік орта мерзімді қазынашылық міндеттеме (МЕОКАМ).
Муниципалдық құнды қағаздар- құнды (бағалы) қағаздардың мүндай түрі жергілікті бюджетпен эмиссияланатын жергілікті атқарушы орғандар шешімімен шығарыладьіу Құнды (бағалы) қағаздардың бұл түрін шығарудағы басты мақсат - құрылыс, яғни ауруханалар салу үшін, бала бақшалар мен мектептер, тұрғын үйлер, жолдардың жағдайларын жақсарту және тағы да басқадай аймақтың өлеуметтік мәселелерді шешу болып табылады.
Корпоративтік құнды қағаздар- кәсіпорындар мен ұйымдардың заң күшіне сүйене отырып өзінің жарғылық капиталын қалыптастыруға немесе шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін шығаратын құнды (бағалы) қағаздарын корпоративтік құнды (бағалы) қағаздар деп атайды. Құнды (бағалы) қағаздардың бұл түрін көп жағдайларда акционерлік коғамдар шығарып және олар эмитент ретінде тіркеледі. [5, 88б.].
1.2 Ақша қаражаттар операцияларын есепке алудың мәнi мен мақсаты
Нарықтық экономикада кәсіпорындар арасында еңбек құралары мен заттарын сатып алу,өнімдерді, жұмыстар мен қызметтерді сату жөніндегі мәліметтер тұрақты түрде жасалып отырады.Есептесу 2 нысанда жүргізіледі:
1.Банк жүйесі арқылы қолма-
2.Қолма- қол ақшамен төлеу түрінде.
Ақшаларды сақтау және қолма-қол ақшасыз есеп айырсуды жүргізу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелері:
1)ҚР Әділет министірлігінде тіркеуден өткен заңды тұлғаларға есеп айырысу шоттарын;
2) Шетелдік валютадағы
3) Бюджеттік мекемеге, олардың бюджеттен тыс қаражаттары бойынша, қоғамдық ұйымдарға, өндірістік,коммерциялық қызметпен айналысатын жеке тұлғаларға ағымдық шоттарды;
4) Республикалық бюджетте тұрған
мекемелерге бюджеттік
5) Ұлттық банк мекемелеріндегі екінші деңгейдегі банктерге корреспонденттік шоттарды ашады.
Ақша қаражаттарының есеп айырысулардың және несие операцияларының бухгалтерлік есебінің міндеттері:
Кәсіпорындар мен ұйымдар өздерінің ақшаларын сақтау үшін өздері қалаған банк мекемелерінен есеп айырысу шотын ашулары тиіс. Кез келген кәсіпорындар үшін әрбір банк мекемесінен бір ғана есеп айырысу шотын ашуына болады.Есеп айырысу шотын ашу үшін кәсіпорындар мен ұйымдар банк мекемесіне мынандай құжаттарды табыс етуі қажет:
Кәсіпорынның басшысы, бас бухгалтері және олардың орынбасарларының қолтанбалары қойылған, сондай-ақ кәсіпорынның мөр таңбасы басылған арнаулы үлгідегі карточка және басқа құжаттар
Қай саладағы кәсіпорындар мен ұйымдар болмасын өз қызметі барысында басқа заңды және жеке тұлғалармен қарым-қатынас жасайтындығы белгілі. Сол уақыттардағы операциялардың барлығы дерлік ақшамен есеп айырысу арқылы жүргізіледі. Ал ақша арқылы есеп айырысу белгілі бір заңға сәйкес жүргізілуді қажет етеді. Біздің елімізде қызмет ететін кәсіпорындар мен ұйымдар ақшалармен есеп айырысу операцияларын Қазақстан Республикасының Ұлттық банк мекемесі белгілеген ережелер мен тәртіпке сәйкес жүргізіп отырады. Кәсіпорындар мен ұйымдарда ақшалар арқылы есеп айырысу операцияларының бухгалтерлік есебін жүргізгенде мы-наларды басшылыққа алу керек:
- ақшалар арқылы есеп айырысу
операцияларын толық және
- кәсіпорындар мен ұйымдардағы акшалардың түгелділігін және олардың тиімді пайдаланылуын бақылау;
- есеп айырысу, төлеу тәртібін
бақылау, кәсіпорын ақшаларының
кіріске алынуы мен шығыс
Қазіргі таңда ақшалар қозғалысын басқару қаржы нарығының күрделілігіне байланысты маңызды мәселе болып саналып отыр. Бәсекеге қабілеттілігі - кәсіпорындар мен ұйымдардың бүгінгі күннің талабына сай, алдағы уақыттарда дамуына қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуін талап етеді. Ақшалар мен оның баламаларын дұрыс ашып көрсету және жіктеу кәсіпорын қызметінің нәтижесін дұрыс бағалау үшін қажет
Ақшалар шоттарында тек қана жедел арада міндеттемелерді өтеу үшін төлем жасауға қабілетті активтер есептеледі. Кәсіпорындар мен ұйымдардың ақшалары олардың кассасындағы, есеп айырысу және валюталық шоттарындағы ақшаларынан, аккредитивтеріндегі ақшаларынан, чектеріндегі ақшаларынан, банктердегі арнаулы шоттарындағы ақшаларынан, сондай-ақ аударылған жолдағы ақшаларынан құралады. Кәсіпорындар мен ұйымдардың бухгалтерлік балансындағы ақшаларының қалдығы деп аталатын бабында осы жоғарыда аталған ақшалар шоттарындағы ақшалардың барлық қалдығының жиынтық сомасы жазылады.
Информация о работе Ақшалай қаражаттар қозғалысын ЖШС «Асабаа» мысалында талдау