Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2015 в 21:20, курсовая работа
Елімізде нарықтық экономиканың қалыптасуы мен тұрақты түрде дамуына байланысты бухгалтерлік есеп жүйесіде жаңа сипат пен жаңа бағытқа, халықаралық мазмұны мен мағынаға ауыстырылып келеді.
Қазақстан бүгінгі таңда әлеуметтік - экономикалық жаңару мен саяси демократияландырудың жаңа кезеңіне қадам басқалы тұр.
КІРІСПЕ........................................................................................................................3
1 АҚША ҚАРАЖАТТАР ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ЕСЕПКЕ АЛУДЫҢ МӘНІ
МЕН МАҚСАТЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ АУДИТІ
1.1 Ақша қаражаттарының жалпы түсінігі..........................................................4-10
1.2 Ақша қаражаттар операцияларын есепке алудың мәні мен мақсаты.......11-18
1.3 Ақша қаражаттар қозғалысының ішкі бақылауы және түгендеуі............ 18-20
2 АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ АУДИТІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1 Ақша қаражаттарының қозғалысының аудиті............................................20-25
2.2 Ақшалай қаражаттар аудитінің тексерілу тәртібі.......................................25-30
2.4 Ақшалай қаражаттар қозғалысын ЖШС «Асабаа» мысалында талдау.....................................................................................................................30-33
ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................34-35
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................................35-36
Ақша қаражаттарының аудиті кезінде банк операцияларын тексеруге көп көңіл бөлу керек.
Істегі заңдарға сәйкес шаруашылық субъектілердің ақша қаражаттарын банкте сақтау керек.Банк мекемесімен есептесу ақша қаражатын есеп айырысу , валюталық және тағы басқа шоттарда сақтаумен,ұзақ және кысқа мерзімді кредиттерді алумен,оларды өтеумен және қайта ұйымдастырумен,шоттарда қате жазулар болса банкке кінәрат ұсынумен байланысты болады.Банк мекемесі арқылы есептесу субъектілер арасында қолма-қолсыз ақша қаражаттары негізінде асырылады. [18, 18б.].
Банк шоттарын ашу мен қолма-қолсыз ақша қаражаттармен байланысты операциялар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банктің арнайы нұсқаулық сілтемелермен есептеледі.
Есеп айырысу операцияларына көп көңіл бөлу керек. Ең бірінші тексеру кезіңде банк көшірмесіндегі,бухгалтерлік есеп регистларындағы және есептердегі,ақша қаражаттар шотындағы қалдықтар тексеріледі. (№2 журнал ордері, №2 ведомостісі №2 журнал ордеріне,Бас кітап). Айырмашылықтар болса себептерді анықтау керек.
Есеп айырысу шоты бойынша операция кезінде келесілерге көңіл бөлу керек:
-көшірмелерге бекітілген
-банкке қолма-қол өткізілген ақшаның дұрыс кірістелуін;
-банктің қай мекемесінде есеп айырысу шоты ашылғаны;
-бастапқы құжаттағы сома банк көшірмесіндегі сомаға сәйкес келе ма;
-почта бөлімшесі арқылы
-теңгені айырбастаумен
-бантегі операциялар бойынша
бухгалтерлік проводкалардың
-банк көшірмелері мен
Банк көшірмелерін нақтылы банк құжаттармен қоса тексеру керек. Мұнда аудитор: заңсыз банк операциялары (келісім-шартсыз);төленген материалдық құндылықтарды толық көлемде және уақытында кірістеу; несие алу үшін ұсынылған құжаттардың дұрыстығын;банк кітапшалары арқылы қолма-қолсыз ақша беру және есепте дұрыс көрсетілуін тексеру,олар есепті тұлғаларға қолхат негізінде беріле ме;есепті тұлға чек кітапшаларын пайдаланғаны туралы есеп беруі және тағы басқаларға көңіл бөлу керек.
Аудитор жабдықтаушылардың қарыздарын өтеу үшін аударылған ақша қаражаттарын тексеру керек.Кейбір кезде субъектілер шаруашылыққа құжатта көрсетілген тауардың орнына басқа сортты келген немесе келмеген тауарлар үшін ақша қаражаттары аударылуы мүмкін.Орындалмаған құрылыс-монтаждық жөндеу жұмыстарына және жеткізілмеген техника үшін делдалды «құтқару»мақсатында ақша қаражаттарын аудару жағдайлары да болуы мүмкін.Сондықтан банктегі ақша қаражаттар шоттарын тексергенде кездесу тексерлер мен біржүйелі операция бойынша бастапқы құжаттарды тиянақты тексеру керек.
Валюта шотындағы операцияларының аудиті кезінде келесілерді белгілеу керек:
-банктің қай мекемесінде
-банк көшірмесіндегі сома
-сыртқы экономикалық қызметте шоттар формасы дұрыс қолданды ма;
-ашылған валюталық шотқа
-валюта сату мен сатып алу
операцияларындағы есептің
-курстық айырма есебінің
-№2 журнал ордері мен Бас кітаптағы банк көшірмесіне сәйкесінше жазылған бухгалтерлік проводкалардың дұрыс құрылуы;
-резидент болып саналатын
экспортер-ұйымның валюталық транзиттік
шотына валюталық түсімнің
-экспортердың Қазақстан
-экспортердің жеке валюталық
түсімнің дұрыс қолдануы мен
шетел валютасына сатып
Аудитор ақша қаражаттарының арнайы банк шоттарында дұрыс ұйымдастырылуына ерекше көңіл бөлу керек:
1030 «Банктегі арнаулы шоттардағы ақшалар»:
- «Аккредитивтегі ақшалар»;
- «Чек кітапшаларындағы ақшалар»
- «Банктегі арнаулы шоттардағы ақшалар»;
- «Банктердегі өзге де
Бұл бөлімнің шоттары мемлекет территориясы мен шетелде аккредитив түріндегі ұлттық,шетел валютасындағы ақша қаражаттардың бар болуы мен қозғалысына,ағымдағы,ерекше және өзге де арнайы шоттардағы чек кітапшалары мен төлем құжаттарды анықтайды.
Аудитерге келесілерді тексеру керек:
-келісім-шартта қолданылатын
- аккредитивті жабу бойынша құжаттарды жабу және оларға қатысты құжаттар мен банк көшірмелерінің дұрыстығы;
- чек кітапшаларының чектермен төленген операцияларды құжатпен толтырылуының толық көлемі мен дұрыс болуы;
- ата-аналар мен басқа да
- тұрғылықты орны бойынша
- жеке баланспен бөлінген
- банктен алынған депозиттік сертификаттардың бар болуы;
-банк көшірмелеріндегі
Аудитор шетел және ұлттық валюта түріндегі жолдағы ақшалай қаражаттарды зерттеу керек, яғни бағыты бойынша топтастырылмаған,бірақ банк кассасындағы, почталық бөлімшелердің есеп айырысу және өзге де шоттардағы ақша қаражаттары. 1030 шот бойынша ақшаны кірістеу болып банк мекемесінің, почта бөлімшелерінің квитанциялары банк инкассаторларына түсімді өткізу ілеспе ведомостілердің көшірмесі және тағы басқалары болып табылады [19,15б.].
2.3 Ақшалай қаражаттар қозғалысын ЖШС «Асабаа» мысалында талдау
Бұл есепте кәсіпорынның қаражат көздері анықталып, олардың қалай пайдаланатыны көрсетіледі. Бұл есеп түрі негізгі қызметтен түсетін құралдардың кәсіорынның есепті мерзім үшін ұсталатын ақша құралдарын жабу үшін жеткіліктілігін көрсетеді. Ол пайдаланушыларға операциялық, инвестициялық, қаржылық қызмет тұрғысынан есепті мерзімде ақша құралдарының түсуі немесе кетуі туралы ақпарат беріп, субъектінің қаржылық жағдайындағы өзгерістерді бағалауға мүмкіндік береді. Басқаша айтқанда ақша құралдарының қозғалысы туралы есеп – бұл субъект құралдарды қайдан алып, қалай жұмсалатынын көрсететін құжат.
Кейбір мемлекеттерде бұл есепке ерекше мән беріледі. Инфляция жағдайында бұл есептің ролі басқа есептерді жасауды есептеу әдісі қолданғандықтан өсіп келеді. Демек, бұл есеп түрі әлем тәжірибесінде жаңа, бірақ ол негізу сәтінен бастап жетілдірілген.
Ақша құралдарының қозғалысы туралы есептің негізгі мақсаты – пайдаланушыларды ақша құралдарының түсуі мен кетуі туралы ақпаратпен қамтамасыз ету. Және бұл – есепті мерзім үшін инвестициялық және қаржылық қызметін талдаудың негізгі құралы. Оның басты мақсаты – инвесторларға төмендегіні бағалауда көмек көрсету:
Қызметтің осы түрлерінің барлығы ақша құралдарының түсу мен кету каналдары болып есептеледі. Бухгалтерлік есептің № 4 стандартымен: «ақша құралдарының қозғалысы туралы есеп» олардың түсу және кету канадары тұрғысынан қозғалуын ашу талап етіледі. Мұнда субъект тура немесе жанама әдіс қолданғанын ашып көрсету керек.
Тура әдіс ақша түсімдері мен төлемдері түрлерінің мазмұнын ашуды көздейді. Бұл әдіс әр ақша операциясын талдауға негізделеді. Ол үшін есептің әр статьясын зерттеп, түзетулер жасау керек. Өткерілген өнімнен ақша түсімдерінен бастайды, олардан барлық шығындарды алып тастайды. Қорытындысында операциялық қызметтен түскен ақша құралдарының суммасын шығарады.
Тура әдісті қолдануда операциялық қызмет нәтижесінде пайда болатын ақша құралдарының мысалы, (ақша құралдарының түсуі):
Ақшалай құралдардың кетуі:
Жанама әдіс таза табысты немесе шығындарды өзгертулерді көздейді. Бұл ағымдағы акивтер мен міндеттемелердің және инвестициялық қызмет нәтижесіндегі табыстар мен шығындарға байланысты.
Бұл әдіс негізінде бухгалтерлік баанстың қаржылық-шаруашылық қызметі нәтижесі туралы есеп пен бухгалтерлік баланс туралы ақпарат жатыр. Мұнда қаржылық-шаруашылық қызмет нәтижелері туралы есептің әр статьясына өзгертулер енгізу көзделмейді.
Ақшалай құралдардың түсуі:
Ақшалай құралдардың кетуі:
Кәсіпорынның өз құралдарын қалай алып, қалай пайдаланатыны туралы Баланста, қаржылық-шаруашылық қызмет нәтижелері туралы есеп те қанағаттанарлық түсінік бере алмайды. Кәсіпорынның қызмет тиімділігі мен болашағы бір мерзімде алынған таза табысқа қарағанда, активтер өтімділігін деңгейіне байланысты, яғни ақша құралдары қозғалысында көрсетілген. Ақша қаражаттар көлемін, сапалық құрамы мен қозғалысын шаруашылық субъектінің қаржылық жағдайы, төлем тәртібінің жағдайын сиппаттайды. [20, 21-24бб].
ЖШС «Асабаа» мекемесінің мысалында ақша қаражаттар есебінің қозғалысын төмендегі кестеден көруімізге болады.
Кесте 6.2008-2009 жылдардағы ақшалай қаражаттар қозғалысының есебі (мың, теңге)
Көрсеткіштер |
2008 жыл |
2009 жыл |
Ауытқу (+; -) | |
Ақшалай қаражаттарының түсуі |
2183853 |
1260825 |
-923028 | |
Өнімді өткізу табысы |
1965277 |
1085469 |
-879808 | |
Касса |
24940 |
26500 |
+1560 | |
Дивидендтер |
- |
- |
- | |
Басқа түсімдер |
193636 |
162856 |
-30780 | |
Ақшалай қаражаттарының кетуі |
6091426 |
4525995 |
-1565431 | |
Жеткізушілермен есеп айырысу |
3627 |
2586 |
-1041 | |
Жалақы бойынша есеп айырысу |
7028 |
3635 |
-3393 | |
Әлеуметтік қорғау, зейнетақымен қамтамасыз ету қоры |
2700 |
1580 |
-1120 | |
Кесте 11 жалғасы | ||||
Салықтар |
620 |
660 |
+40 | |
Есеп айырысу шоты |
24940 |
13202 |
-11738 | |
Басқа төлемдер |
6072511 |
4516232 |
-1556279 | |
Қайнар көзі: [16, ЖШС «Асабаа» мекемесінің қаржылық есебінен алынды.] |
Информация о работе Ақшалай қаражаттар қозғалысын ЖШС «Асабаа» мысалында талдау