Қазақстан Республикасындағы лизингтің құқықтық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2015 в 09:59, курсовая работа

Описание работы

Лизинг – қазіргі кездегі екінші деңгейлі банктердің ең маңызды және тиімді операцияларының бірі. Лизинг Қазақстанның экономикасымен қатар әлемдік экономикаға да маңызды. Шетел ғалымдарының пайымдауынша 50-ші жылдары техниканың дамуына зор ықпал етті. Сондай-ақ елдің экономикасын тұрақтандыру үшін лизинг шарты секілді индустрия, өндірісті инвестициялар арқылы дамудың өте қолайлы жолы болып табылады. Бұл курстық жұмыстың өзектілігін көрсетеді.

Содержание работы

КІРІСПЕ ...................................................................................................................4

1.ЛИЗИНГ РЫНОГЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1.1 Лизингтің пайда болу тарихы мен лизингтің мәні...........................................9
1.2 Қазіргі лизингтің формалары мен түрлері..................................................... 12
1.3 Лизингтік төлемдерді есептеу әдістері........................................................... 23

2.«КАЗАГРОФИНАНС» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ҚАРЖЫ ЛИЗИНГІН ТАЛДАУ

2.1 Қазақстан Республикасындағы лизингтің құқықтық негіздері...................30
2.2 Қазақстан Республикасында лизингтің қалыптасуы және дамуы...............43
2.3 «КазАгроФинанс» акционерлік қоғамының лизингтік қызметін талдау...50


ҚОРЫТЫНДЫ .......................................................................................................67

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................

Файлы: 1 файл

Қазақстан Республикасында лизинг рыногының қалыптасу және даму проблемалары.docx

— 198.11 Кб (Скачать файл)

Лизингтің маңызы - өзіне тиесілі әр саланың дамуына үлесін қосу.  Сонымен қатар мемлекет үшін лизинг жаңа техниканы сатуға көп мүмкіндіктер туғызады.  Лизинг фирмаларды осындай операцияларды қаржыландыруға итермелейді. Ал, фирма қолданушыларға өндірістік қорлардың тұрақты жаңарып тұруына мүмкіндік береді. Қазіргі заманда лизинг – ұлттық экономиканың интенсивті дамуының және оның бәсекеге қабілеттілігін әлемдік нарыққа көтерудің факторы болды. Өндіріс орындарындағы жабдықтың тозуы және моральдік ескіруі, негізгі капиталды жаңартуға қаржылық ресурстардың болмауы Қазақстандағы лизинг бизнесінің дамуының перспективті алаңына айналдырып отыр.

Қазақстан Республикасындағы лизингтің құрылымдардың қалыптасуы 1989 ж. екінші жартысынан бастау алады. Республика көлемінде алғашқы лизингтік кәсіпорындар коммерциялық банктердің және жабдықтаушы ұйымдардың қатысуымен құрылады. Олар кең көлемі қызметтегі акционерлік кәсіпорындар және де олар тек қана сатып алу- сатумен емес, сонымен қатар техникалық құралдарды жалға және лизингке берумен айналысып отырды. Мысалы, 1989 жылы лизингтік операцияларды жүзеге асыру үшін республикадағы алғашқы коммерциялық банктердің бірі  «КРАМДС-Банк» құрылтайшысы болған «КРАМДС-Лизинг» акционерлік кәсіпорыны құрылып, өз жұмысын кіріс етті.

1992 жылдың орталарында  республика экономикасының мемелкеттік  емес секторында 120-дай коммерциялық  банктер мен 20 лизингтік фирмалар  жұмыс істеп отырды. Олардың қатарында  «КРАМДС-Лизинг», «Алма-ата Техлизинг», «ТехникаЛизинг», «ТуранЛизинг» және  тағы басқа,

Қазақстан ауыл шаруашылығында лизингтің дамуын зерттеуші ғалымдардың бірі К.А. Сағадиев лизингтік бизнестің аз ғана даму тарихын 3 кезеңге бөліп көрсетті:

Бірінші кезең (1989-1992 ж.ж.) – республикамызда лизингтік бизнестің басталу кезеңі. Бұл уақыт аралығында лизингтік компаниялар құралыды. Лизингтік фирмалар мен кейбір коммерциялық банктер бір реттік тәртіпте және аз мөлшерде лизингтік операцияларын жүзеге асырып отырды.

Екінші кезең (1992-1994 ж.ж.) – ішкі нарықтағы қолайсыз экономикалық жағдайдың нәтижесінде лизингтік бизнестің дамуының басылу кезеңі.

Үшінші кезең (1995-1997 ж.ж.) – қайта жандану кезеңі, лизингтік бизнеске мемлекет тарапынан қолдау көрестуге бұру.

1992-1994 жылдар Қазақстанда  лизингтік бизнестің дамуына  ең қолайсыз кезең болды. Бұл  аралықта ішкі экономикалық жағдай  қайта құрылған лизингтік фирмалар  мен коммерциялық банклердің  ұзақ мерзімді операцияларды  жүзеге асыруына жағдай жасай  алмады. Бірақ та кейбір компаниялар  лизингке негізделген бір реттік  экспорттық-импорттық  операцияларды  жүзеге асыруды тоқтатпады.

1995 жылдың 29 сәуірінде Қазақстан  Республикасының Үкіметі мемелкеттік  мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік  комитет жанынан лизинг жөніндегі  департамент құру туралы қаулысын  қабылдады. Ол өндіріске ірі мөлшердегі  инвестициялар тарту құралы ретінде  лизингті пайдалану ачсында біртұтас  мемлекеттік саясатты қамтамасыз  ететін атқарушы биліктің орталық  органы болды.  

Қазір Қазақстан аумағында түрлі бағыттағы 16 лизингтік компания жұмыс істейді: олардың 11-і – Алматыда, 4-уі – Астанада және біреуі – Қарағандыда. 2009 жылдың аяғына таман республикда лизинг көлемі 250 миллион долларға жуықтады. Ал ек-үш жылда, Халықаралық қаржы корпорациясының мамандарының бағалауы бойынша, үш есе көбейеді.

Қазақстан Республикасында  80 – жылдардың басында лизинг түсінігі жай ғана ұзақ мерзімді жлдау ретінде ғана емес, жалгерлік қатынас, кепілдік есебімен, несиелік қаржыландыру элементтері, қарыз міндеттемелері бойынша есеп айырысулар және басқа да қаржылық механизмдер қатыстырылған дәстүрлі емес, кеоешекті қаржыландырудың қосымша жүйесі ретінде қарастырылды. Лизингтік операция бүгінгі күні Қазақстандық экономикағы өте қажетті банктік құрылымның өндірісті қаржыландыру бойынша іскерлік ортамен бірлесе қызмет етуіне әсер ететін операция.

Бүкіл әлемде көптеген кәсіпкерлер бизнес үшін қажетті мүліктерді меншікке емес, жалға алғанды жөн көреді. Жалгерлік, бірінші кезекте кепіл есебімен (кепілдік, тапсырыс) несиелеу элементтері, дамыған нарық қатынасына тән ір түрлі қаржылық механизмдер және қарыз міндеттемелері бойынша есеп айырысулар кездесетін келешекті қаржыландырудың арнайы қосымша көзі ретінде енгізіледі.

1998 жылы Оттавада қабылданған  халықаралық қаржылық лизинг  конвенциясында былай деп айтылған: «Халықаралық тәжірибиеде лизинг  үш жақты қатынастар кешенін  білдіреді, мұнда лизинг компаниясы (лизинг беруші) пайдаланушы өтініші  мен нұсқауы бойынша оған өндірістік  жабдықты уақытша пайдалануға  береді, ал келісім мерзімі аяқталған  соң алынған жабдықтың сатып  алушы меншігінде қалдырылуы  мүмкін.»

Қатысушылар құрамына қарай лизингті былай топтастыруға болады:

  • Тура лизинг – бұл кезде мүлік иесі өз еркімен объектіні лизингке өткізеді (екі жақты келісім);
  • Жанама лизинг (үш жақты немесе  көпжақты лизинг), бұл кезде мүлікті беру делдал арқылы жүзеге асырылады.

Тура лизингтің жиі кездесетін түрі – қайтарымды лизинг, лизинг фирмасы иесінен мүлікті сатып алып, оны оған қайта жалға беретін лизинг.

Лизингтік мәмілеге үш жақ қатысады:

  • Лизингберуші – меншігіне лизинг затын алушы және оны лизинг шарты талаптарында Лизингалушыға беруші жақ.
  • Лизингалушы –  кәсіпкерлік мақсаттар үшін лизинг шарты талаптарында лизинг затын қабылдаушы жақ.
  • Сатушы – Лизингберуші лизинг затын алатын жақ.  

Бүгінгі күні лизинг, оның ішінде қаржылық лизингті қолдану экономика мен әлеуметтік саясаттың дамуында көптеген мәселелерді шешуге мүмкіндік берсе де, Қазақстанда сұранысқа ие бола алмай келеді. Негізгі себеп – лизингтік қызметтің отандық рыногында құқықтық, институционалдық және ұйымдастыру – техникалық бағыттағы шешімін таппаған мәселелері бар. Осын-дай факторлар қатарында, бірінші кезекте лизингтік келісім – шарттарды жүзе-ге асырудың заңнамалық базасының әлсіздігі, өйткені «Қаржылық лизинг туралы» Заң Азаматтық Салық және Кедендік Кодекстер нақтылай түсуді қажет етеді. Сонымен қатар қажетті ақпаратты алу шарттарының шектелуін қоса есеп-тегенде лизингтік қызметтер инфрақұрылымының болмауы, халықаралық деңгейде лизингтік операцияларды ұйымдастыру мен өткізу үшін технологиялардың жетіспеушілігі. Қазақстан 1998 жылғы «Қаржылық лизинг туралы» халықаралық конвенцияға әлі енген жоқ. Нарықта жоғары қауіп бар, алғашқы төлем төлеу мен ресурстар құнының жоғары деңгейінде қаржыландыру мерзімі шектелген. Лизингтік инвестициялық жоба тиімділігін оперативті бағалау әдістемесі жоқ. Лизингтік компаниялар әртүрлі өндіруші-лер мен Республика аймақтарындағы құралдар мен технологияларға деген қажеттілікті толық зерттемеген. Ал кіші және орта бизнестің көптеген субъектілерінде пайда мен лизинг перспективтілігі туралы түсінік жоқ. Тәжі-рибе көрсеткендей, лизингтік операциялардың жасалуы көп адамдар үшін зор қиыншылықтар туғызып тұрған сапалы бизнес жоспары болған жағдайда ғана өз қатысушылары үшін тиімді бола алады.Шетелдік  тәжірибеге сенсек, оперативті лизинг дамуы жақсы дамуы керек. Бұл жағдайда лизинг алушы мерзімі аяқталғанда құралды меншік иесіне қайтарып береді, ал лизинг беруші негізгі кірісті құралды екінші реттік нарыққа өткізгенде ғана алады. Лизингтік міндеттемелердің сақтандырылуы, лизнг келісім – шарттары базасында бағалы қағаздар эмиссиясы, тауар жеткізушілер тарапынан үлестік қаржыландыруды ұйымдастыру, сондай – ақ лизингтік операциялар болуы керек. Қауіпті бірнеше банктер арасына бөлу келісім – шарттары мен жақтар міндеттемелерінің қамтамасыз етілуінің сақтандыру принциптерін жасау дұрыс деп табылады. Қазақстанның экономикалық дамуының берілген кезеңінде несиелік және кәсіпкерлік қауіптің алдын алудың оптималды нұсқаларының бірі ретінде лизингтік операциялардың кешенді тауарлы – ақшалы кестесін жүргізу ұсынылады. Мұнда салымшылар ретінде бір мезетте 3 субъект: өндіруші, банк және лизинг алушы болады. Лизинг дамуын оның мемлекеттің әуе және ауылшаруашылығы салаларында қолдануы жоғарлатуы мүмкін. Қазақстан Республикасындағы сәтті дамып келе жатқан «КазАгроФинанс» мемлекеттік акционерлік қоғам мысалында қарастырып көрейік. «КазАгроФинанс» АҚ Қазақстан Республикасында ауылшаруашылық техникасы қаржылық лизинг бойынша 5 жылдан бері қызмет көрсетіп келеді. Машина – тракторлық парктері көнерген республика аймақтарының барлығын қамту мақсатымен 12 облыстық бөлімшелер мен өкілдіктер құрылған. Өзі әрекет ете бастаған мезеттен бастап, қоғам 2009 жылдың 1 қазанындағы жағдайғасәйкес активтер өлшемі 20 млрд тегелен астам Қазақстандағы ең ірі лизингтік компаниялардың біріне айналды. Қоғам республиканың ауылшаруашылығына барлығы 25,2 млрд теңге берген. Аталған мезетте компанияда 700 жалға алушылар мен 1250 – ден астам келісім – шарттар бар, лизингкке ауылшаруашылығы бірліктерінің 5300 астамы берілген.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

  1. Чекмарева Е.Н. Лизинговый бизнес - М.: Издательство «Экономика», 2003 ж., 78б.
  2. Брайчева Т.В. Банковские инновации. – М.: ИНФРА-М, 2003 ж., 65б.
  3. Чекмарёва Е.Н. Особенности лизинговых сделок // Вопросы экономики, №4, 2006 ж., 91б.
  4. Лаврушин А.Б. Банковские услуги и инновации / М.: ИНФРА-М, 2008 ж., 191б.
  5. Кожахметов Н.К. Правовые аспекты лизинга в Казахстане // Рынок ценных бумаг Казахстан, 2003 ж, №12, 34б.
  6. Хамитов Н.Н. Банковское дело: курс лекций // Алматы, Издательство «Экономика» 2007 ж., 218б.
  7. Харитонова Ю.С. Понятие финансовой аренды (лизинга) // Аль-Пари, №5, 2005 ж., 116б.
  8. Закон Республики Казахстан «Об иностранных инвестициях» (с изменениями), 31 желтоқсан 2002 ж.
  9. Закон Республики Казахстан «О финансовом лизинге», 5 шілде 2000 ж., № 78-II.
  10. Сагадиев К.А., Смагулов А.С., Мырзахметов А.И. Лизинг в Казахстане: теория и практика. – Алматы: Агроуниверситет, 2001 ж., 181б.
  11. Кожемяков А. “Лизинг в Центральной и Восточной Европе”, // Финансовый бизнес, - М., № 7, 2006 ж., 41б.
  12. Анвар Сайденов. «Операция Лизинг»», газета «Казахстанская правда», № 209-210, 28 қыркүйек 2007 ж., 6б.
  13. Козлов Д. “Лизинг: новые горизонты предпринимательства”, // Экономика и жизнь, №29, маусым, 2005 ж., 63б.
  14. Адриасова И.В. Лизинг: быть или не быть? //Бизнес и банки, №2, 2005 ж., 19б.
  15. Маслова Н.С. Становление лизингового бизнеса в Республике Казахстан //мат-лы Международной конференции Вторые Рыскуловские чтения, Алматы: 2007 ж., 315б.
  16. К вопросу о содействии развития лизинга в Казахстане и республиках Средней Азии // Эксперт kz., №7, 2008 ж., 19б.
  17. Артёмов А.Б. Лизинг автотранспортных средств как инструмент повышения конкурентоспособности малого бизнеса//мат-лы Международной конференции Вторые Рыскуловские чтения, Алматы: 2007 ж., 197б.
  18. А.Хромков. Проблемы развития лизинга в Казахстане // Эксперт kz, №2, 2009 ж., 19б.
  19. Елубаева Ж.М. Аналитические аспекты рынка лизинга в экономике Казахстана // Состояние и перспективы конкурентоспособности экономики Республики Казахстан – Материалы международной конференции Алматы, КазНТУ, 2008ж., 173б.
  20. Годовой отчёт АО «КазАгрофинанс» за 2007 год // Официальный сайт Национального холдинга «Казагро» //www.nh/kazagro.kz
  21. Среднесрочная фискальная политика Правительства Республики Казахстан на 2008-2010 годы
  22. Гладких Р.А. “Тенденции развития лизинга в условиях глобализации”, // Бизнес и банки,№3, 2009 ж., 29б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Қазақстан Республикасындағы лизингтің құқықтық негіздері