Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2015 в 10:35, реферат
Мен диплом алды тәжірибиемді «Қазақстан Халық Банкі» Акционерлік қоғам жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен өттім. Тәжірибені өту кезінде менің жетекшім Сыздықов Талғат Тоқтарұлы мені «Қазақстан Халық Банкі» Акционерлік қоғам ұйымдық құрылымымен, осы құрылымның басқару әкімшілігімен, негізгі құрылымдық бөлімдердің қызметтерімен және олардың арасындағы байланысымен, мекеменің мақсаттары мен міндетттері, жалпы бюджетті қалыптастыру мен атқарудағы орны туралы мәліметтермен және бухгалтерлік есебімен таныстырды.
Кіріспе......................................................................................................................2
1.«Қазақстан Халық Банкі» АҚ ұйымдастырушылық тарихы және қызметтері ...............................................................................................................3
1.1 Ұйымның бухгалтерлік есеп саясаты............................................................8
2. Қысқа мерзімді активтер...............................................................................12
2.1 Ақша қаражаттары және олардың эквиваленттерінің есебі........................12
2.2 Қысқа мерзімді дебиторлық берешектер......................................................14
2.3 Тауарлы - материалдық босалқылар есебі....................................................15
3. Ұзақ мерзімді активтер..................................................................................18
3.1 Инвестиция есебі, негізгі құралдар және материалды емес активтер
есебі........................................................................................................................ 18
3.2 Міндеттемелер есебі........................................................................................22
3.3 Еңбек және оны төлеу есебі............................................................................24
4.Капитал және резервтер есебі........................................................................26
4.1Капитал және резервтер есебі.........................................................................26
5. Кірістер мен шығындар есебі........................................................................28
5.1Кіріс операцияларының есебі........................................................................28
5.2Шығыс операцияларының есебі......................................................................32
Қорытынды..........................................................................................................34 Қолданылған әдебиеттер....................................................................................35
- бекітілуі банктің өзге органдарының құзыретіне жатқызылған құжаттардан басқа, банк қызметін ұйымдастыру мақсатында əзірленген ішкі құжаттарды бекітеді;
- басқарма мүшелерінің арасында міндеттерді, өкілеттілік жəне жауапкершілік аясын бөледі;
- банктің бизнес-жоспарын, күрделі қаржы жұмсалымының жоспарын жəне Банктің белгілі бір мерзімге арналған бюджетін бекітеді.
Басқарма Төрағасы
Басқарма Төрағасын Банктің Директорлар кеңесі сайлайды жəне Банк қызметін күнделікті басқаруды жүзеге асырады.
Басқарма Төрағасы мына функцияларды атқарады:
- банк Басқармасының жұмысын ұйымдастырады;
- банк акционерлерінің жалпы жиналысы мен Директорлар кеңесінің шешімдерінің орындалуын ұйымдастырады;
- үшінші тұлғалармен қарым-катынаста Банк атынан сенімхатсыз əрекет етеді;
- банктің үшінші тұлғалармен карым-қатынасында Банк атынан əрекет етуге сенімхат береді.
2-кесте. Директорлар кеңесінің мүшелеріне, атқарушы орган мүшелеріне жəне басқа да басшы тұлғаларына төленетін сыйақы:
2014 жылғы қазан |
2014 жылғы қараша |
2014жылғы желтоқсан |
2015 жылғы қаңтар |
кейінгі он екі айдың ішінде төленуге тиіс жоспарланған сыйақының жалпы мөлшері | |
Директорлар кеңесі |
2 836 |
6547 |
78153 |
3083 |
30900 |
Банк Басқармасы |
17 732 |
39 379 |
346 615 |
20 940 |
180 325 |
Жиыны |
20 568 |
45 926 |
424 768 |
24 023 |
211 225 |
3-Кесте. Филиалдары мен өкілдіктері қызметкерлерінің жалпы саны
01.10.2014 |
01.11.2014 |
01.12.2014 |
01.01.2015 | |
Барлығы, оның ішінде |
8 724 |
8 153 |
8 320 |
8 358 |
Бас банк, өкілдіктер |
844 |
843 |
1 010 |
899 |
Филиалдар жəне ЕКБ |
7 880 |
7 310 |
7 310 |
7456 |
Банкте тəуекелдер картасы жасалып, сандық тəуекелдердің шамадан тыс пайда болуын шектейтін лимиттер əзірленді.
1.1 Ұйымның бухгалтерлік есеп саясаты
Нарықтық экономикаға өту барлық басқару жүйесін өзгеріске ұшырауына алып келді. Кез – келген басқару жүйесі сәйкесінше белгілі бір мәліметтерге сәйкес орнықтырылады. Ұйымның кез–келген қызмет түрінде мәліметтер жүйесінің негізін бухгалтерлік есеп қалыптастырады.
Ұйымның есеп саясаты - бухгалтерлік есеп принциптері бойынша ұйымның бухгалтерлік есепті жүргізу әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы, яғни алғашқы бақылау, құндық өлшеу, ағымдағы топтау мен шаруашылық (жарғылық және басқа) қызметтің фактілерін жинақтап қорытындылау жолдарын айтады. Есеп саясаты – бұл ұйымның есептік нұсқасын, нұсқалар рұқсат еткен есеп объектілерін бағалаудың, сондай – ақ белгіленген норауылардың талаптарына және ұйым қызметінің ерекшеліктеріне орай бухгалтерлік есепті жүргізу мен ұйымдастырудың техникасының нысандарын таңдау [4].
Ұйымның есеп саясаты жалпылама қабылданған, белгілі бір қағидалар жиынына негізделеді. Ол бас бухгалтермен жасалынып, ұйым басшысымен бекітіледі.
Есеп саясатының басты міндеттері болып мыналар саналады:
- ұйымның қаржы – шаруашылық қызметін объективті көрсету;
- ұйым қызметін тиімді басқару
мақсатында ұйым қызметі
Есеп саясатын қалыптастыру кезеңдері: бухгалтерлік есептің объектілерін анықтау; бухгалтерлік есепті жүргізу тәсілдерін таңдауға әсер ететін факторларды табу, талдау және бағалау; есеп саясатын құрудың бастапқы ережесін таңдау және негіздеу; нақты ұйым үшін бухгалтерлік есепті жүргізу тәсілдерін таңдау; таңдап алынған есеп саясатын рәсімдеу.
Бухгалтерлік есеп нарық қатынастары жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектілерде ерекше маңызды орынға ие. Қазақстан нарық экономикасына түгелімен көшті, оны бүкіл әлемдік қауымдастық та мойындады. Бұндай жағдайда біздің Республикамызда пайдасы жоғары, тұрақты, әлемдік нарықта бәсекелестік қабілеті бар кәсіпорындар неғұрлым көп болса, соғұрлым біздің экономикамыздың деңгейі де жоғарлай береді. Бұл бүгін, ертең, алдыңғы отыз жыл ішінде де ең өзекті мәселелердің бірі болатыны Қазақстан Республикасының Президентінің «Қазақстан — 2030» деген халыққа жолдауында да ерекше аталып кеткен. [5]
Бұл жерде тағы маңызды бір нәрсе — банк мекемесі. Жоғарыдағы айтылып кеткен қарым — қатынастар қолма қолсыз есеп айырысу нысанында жүзеге асырылса банк мекемесі де бұл қатынастарда өз үлесін қосады. Яғни, кәсіпорын банкі мен жабдықтаушы банкі арасындағы қатынастар жүзеге асырылады. Бұл жерде банк қызметімен де жақынырақ танысып, олардың құжаттарының кәсіпорын құжаттарымен қандай байланысы бар екенін көруге болады.
Кассир — материалдық жауапты адам. Ол касса операцияларын жүргізу тәртібімен таныс болуға тиіс. Осыдан кейін ғана оның материалдық толық жеке дара жауапкершілігі туралы онымен шарт жасалынады. Егер еңбек ақы мен басқа да төлемдерді беру үшін субъекті басшысының жазбаша бұйрығы бойынша басқа адамдар тартылатын болса, онда бұлардың материалдық толық жеке дара жауапкершілігі туралы олармен де шарттар жасалынады.
Есеп айырысу операцияларының тиімділігі көбіне ақша қаражаттарының бухгалтерлік есебінің жағдайына байланысты. Ақша қаражаттар бойынша есеп айырысу қолма қол және қолма қолсыз нысанда жүреді. Қолма қолсыз ақшаның есебі есеп айырысу шоты, валюталық шот, банктегі арнайы шоттардағы ақша қаражаттар операцияларының есебі арқылы, ал қолма қол ақшалардың есебі касса операцияларының есебі бойынша жүзеге асады.
Барлық шаруашылық субъектілер ақша қаражаттарын банктердің сәйкес мекемелеріндегі шоттарда сақтайды және міндеттемелер бойынша төлемдерді жүзеге асырады. Көп жағдайда бұл төлемдер қолма-қолсыз есеп айырысу нысанында болады, ал қажетті қолма — қол есеп айырысулар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің нормативті құжаттарымен бекітілген мүлшерде ғана жүзеге асады. Заңды тұлғалар арасындағы төлем 4000 айлық есеп айырысу көрсеткішінен артып кеткен жағдайда, есеп айырысу тек қолма -қолсыз түрде жүзеге асу керек.
Ақша қаражаттарын сақтау және заңды тұлғалармен есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелерінде банктік шоттарды ашады. Банктік шот депозит қабылдаумен, келісім — шартта қарастырылған клиентке банктік қызмет көрсетумен байланысты операцияларды жүзеге асыру бойынша банк пен клиент арасындағы келісім — шарт қатынастарын көрсету амалы. Банктік шоттар теңге мен шетел валютасында жургізілуі мүмкін және есеп айырысу (ағымдағы), жинақ, корреспонденттік шоттар болып блінеді.
Корреспонденттік шоттар — (банктер мен ұйымдардың) банктік операциялардың жеке бір түрлерін ғана жүзеге асыратын банктік шоттары.
Ағымдағы (есеп айырысу) және жинақ шоттары — жеке және заңды тұлғаларға, заңды тұлғалардың ерекше бөлімшелеріне (филиалдар мен -өкілдіктер) ашылатын банктік шоттар.
Есеп айырысу шоты мынадай құжаттардың негізінде ашылады:
- шотты ашу жөніндегі өтініш;
- қойылатын қол таңбалары мен мөр таңбаларының үлгісі бар карточка;
- субъектінің салықтық есепке қойылу фактісін растайтын салық органының анықтамасы;
- мемлекеттік тіркеу туралы кәэліктің көшірмесі;
- жарғы мең құрылтай шартының күшірмесі (егер құрылтайшылар саны 1-ден көп болса).
Есеп айырысу шотын ашқан шаруашылық субъектісі оның иесі болыи табылады. Ол өзіне берілген құқықтардың шегінде осы шоттағы қаражаттардың барлығына иелік жасайды.
Ақшаларды қабылдауды, беруді және аударуды банк мынадай құжаттардың негізінде орындайды:
1. Қолма-.қол ақшаларды;кассадан есеп айырысу шотына енгізген кезде қолма-қол ақша салымының мәлімдемесі ресімделеді.
2. Әртүрлі мақсаттар үшін кассаға алынғанда-чек ресімделеді. Чек ресімделуі — чек берушінің чек алушыға төлем құжатын беру арқылы төлемнің жүзеге асуын білдіреді.[1]
3. Басқа субъектілермен есеп айырысқанда төлем тапсырмасы жазылады. Төлем тапсырма — қызмет көрсететін банкке өз ақшасын тапсырмада көрсетілген сомада бенефициар пайдасына аудару жөнінде төлеушінің тапсырмасы.
4. Субъект босатылған өнімдердің, орындалған жұмыстар мен қызметтердің құнын сатып алушыдан өндіріп алуға тиіс болғанда — төлем талап тапсырмасы жасалады.
Субъектінің шотынан барлық төлемдер есеп айырысу құжаттарының банкке түсуіне қарай күнтізбелік кезек тәртібімен жүзеге асырылады. Банк төлеуге қабілетсіз деп жариялаған міндеттемелер бойынша төлемдердің кезектілігін банк мекемесінің басшылығы белгілейді. Банктер мезгіл- мезгіл немесе күн сайын шоттардың иелеріне жүргізілген операциялар туралы хабарлап, есепке алуға және есептен шығаруға негіз болған құжаттарды оған қоса беріп, оларға есеп айырысу шотынан көшірме жолымен құлақтандыру жасайды. Көшірмеде банк кодтайтың, қатаң түрде белгіленген көрсеткіштер болады. Бухгалтер банктен алынған көшірмені тексереді, құжаттарды таңдап, шоттардың кодын (корреспонденциясын) қояды, ол жекелеген операциялар бойынша есептік тіркелімдерге жазу үшін талдау есебі баптарының кодын қояды.
Банктен акша алғаннан кейін үш күн өткен соң, кассир төлем тізімдемесіне еңбек ақысы бойынша тиесілі сомасын алмаған адамдардың аты-тегінің тұсына мөртабан соғады немесе «Депозитке салынды» деп қолымен жазып белгі соғады, берілмеген сома төленбеген жалақы тізіміне енгізіледі,тізімдемеде нақты төленген сома мен депозитке салынуға тиісті сома жөнінде жазылады.
Мысалы «Астана Континент ЛТД» ЖШС кассалық кіріс ордері бойынша 12 маусымда толтырылған ағымдағы банктік шоттардан алған 100000 тг. қабылданды, берілетін бухгалтерлік жазулар:
Дт 1010 Кт 1030 100000 тг.
Есеп бланкісі операциялар аяқталғанға дейін бір күн бойы жыртылмайды. «Соның ішінде жалақыға» деген жолдың бойында касса бойынша шығысқа есептен шығарылмаған жалақыға арналған төлем тізімдемелері бойынша сомасы да көрсетіледі.
Касса операциялары шағын болса, онда касса есебі 3-5 күнде бір рет жасалуы мүмкін. «Астана Континент ЛТД» ЖШС кішігірім кәсіпорын болғандықтан касса есебі аптасына бір рет жасалады. Касса бойынша операциялардың, яғни 1010 шоттың кредиті мен дебеті есебін кассир жүргізеді. Регистрлерге жазулар бухгалтерияға кассир есебінің түсуіне карай жүргізіледі. Бірыңғай корреспонденцияланған шоттардың сомалары біріктіріледі. Айдың аяғында есепті айдан кейінгі бірінші жұлдызына регистрлердегі қалдық шығарылады, ол кассирдің есебіне және Бас кітаптағы 1010 шоттың калдығына сәйкес келуге тиіс.
Кассаға ақша кірістелген кезде 1010 — «‘Кассадағы ақша қаражаты» шоты дебеттеліп, мына төмендегі шоттары кредиттеледі:
1030- «Ағымдағы банктік шотындағы ақша қаражаты» шоты – кассаға есеп айырысу шотынан алынған сомаға;
1250- «Қызметкерлердің және басқа
да адамдардың қарыздары»
6010 — «Өнімдерді өткізу мен
кызметтер көрсетуден түскен
табыс» шоты материалдар, жұмыстар
ыен кызметтер үшін қолма-кол
ақшамен есеп айырысқан
Кассадан ақша берілген кезде 1010-шоты кредиттеледі және мына төмендегі шоттары дебеттеледі:
3350 — «Еңбекақы төлеу бойынша
қысқа мерзімді берешек» шоты
— кәсіпорын қызметкерлеріне
берілген еңбекақысының
1250 — «Қызметкерлер мен басқа да адамдардың қарыздары» шоты — кәсіпорын қыэметкерлерінің есебіне берілген сомаға;
1030 — «Ағымдағы банктік шотындағы
акша қаражаттары» шоты —