Кірістер мен шығындар есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2015 в 10:35, реферат

Описание работы

Мен диплом алды тәжірибиемді «Қазақстан Халық Банкі» Акционерлік қоғам жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен өттім. Тәжірибені өту кезінде менің жетекшім Сыздықов Талғат Тоқтарұлы мені «Қазақстан Халық Банкі» Акционерлік қоғам ұйымдық құрылымымен, осы құрылымның басқару әкімшілігімен, негізгі құрылымдық бөлімдердің қызметтерімен және олардың арасындағы байланысымен, мекеменің мақсаттары мен міндетттері, жалпы бюджетті қалыптастыру мен атқарудағы орны туралы мәліметтермен және бухгалтерлік есебімен таныстырды.

Содержание работы

Кіріспе......................................................................................................................2
1.«Қазақстан Халық Банкі» АҚ ұйымдастырушылық тарихы және қызметтері ...............................................................................................................3
1.1 Ұйымның бухгалтерлік есеп саясаты............................................................8
2. Қысқа мерзімді активтер...............................................................................12
2.1 Ақша қаражаттары және олардың эквиваленттерінің есебі........................12
2.2 Қысқа мерзімді дебиторлық берешектер......................................................14
2.3 Тауарлы - материалдық босалқылар есебі....................................................15
3. Ұзақ мерзімді активтер..................................................................................18
3.1 Инвестиция есебі, негізгі құралдар және материалды емес активтер
есебі........................................................................................................................ 18
3.2 Міндеттемелер есебі........................................................................................22
3.3 Еңбек және оны төлеу есебі............................................................................24
4.Капитал және резервтер есебі........................................................................26
4.1Капитал және резервтер есебі.........................................................................26
5. Кірістер мен шығындар есебі........................................................................28
5.1Кіріс операцияларының есебі........................................................................28
5.2Шығыс операцияларының есебі......................................................................32
Қорытынды..........................................................................................................34 Қолданылған әдебиеттер....................................................................................35

Файлы: 1 файл

отчет .docx

— 108.02 Кб (Скачать файл)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Қысқа мерзімді активтер

 

2.1 Ақша қаражаттары және олардың эквиваленттерінің есебі

 

Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі жанындағы «Бухгалтерлік есеп және аудит әдістемесі департаментінің» №4 «Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп» — деп аталатын бухгалтерлік есеп стандартының бірінші бабында: «Кәсіпорындар мен ұйымдардың, яғни субьектілердің ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есебі осы деректі пайдаланушыларды түрлі операциялық және инвестициялық қаржы қызметі бойынша есепті кезеңдегі ақша қаражаттарының келіп түсуі, кірістелуі ол қаржылардың жұмсалуы туралы ақпараттармен қамтамасыз етіп және оларға осы заңды тұлғаның, яғни субъектінің қаржы жағдайындағы өзгерістерін бағалауына мүмкіндік береді» делінген. Ал осы стандарттың екінші бабында:«Заңды тұлғалар, субьектілер (банктер мен бюджеттік мекемелерден басқа) ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепті осы стандарттың талаптарына сай жүргізеді және есепті кезеңдегі қаржы нәтижелері есептемесінің құрамында (яғни сонымен бірге) тапсырады» делінген. [4]

Ақша қаражаттары және оның эквиваленттері  есеп айырысу шотынан және  қысқа мерзімді депозитерден құрайды.

Ақша қаражаты және оның эквиваленттеріне мыналар кіреді:

- ұлттық валютадағы кассадағы  ақша;

- есеп айырысу шотындағы ұлттық  валютадағы ақша;

- валюталық шоттағы ақша;

- депозиттегі ұлттық валютадағы  ақша;

- депозиттегі шетел валютасындағы  ақша;

- басқа ақша қаражаттары және  олардың эквиваленттері.

  “Кассадағы қолма – қол ақша”, “Теңгедегі есеп айырысу шотындағы ақша”, “Валюталық шоттағы ақша қаражаты”, “Қаржылық инвестициялар”, “Жолдағы ақша қаражаты”, “Арнайы шоттағы ақша қаражаттары” баланстың “Ақша қаражаттары және оның эквиваленті” бөлімінде көрініс табады.

Касса операцияларының есебі

Кассирдің міндеттері мынадай:

Кассадағы ақша қаражаттарының кірістелуін, шығысталуын және есебін олардың сақталуын қамтамасыз ететін міндетті ереже бойынша бақыланып жүргізілуін орындау.

Кассадан төленетін барлық төлемдерді тек кәсіпорынның директоры немесе бас бухгалтердің рұқсатымен төлеу. Мысалы: еңбекақы төлеу, іс-сапар шығындары, шаруашылық шығындар және т.б.

Аванстық есеп беру бойынша шығысталған ақша қаражаттарын кірістеу.

Қолма-қол ақша қаражаттарын кірістеу және төлеу үшін банктік құжаттарды рәсімдеу, банкте ақша қаражаттарын қабылдау және төлеу.

Еншілес ұйымдар, жеке тұлғалармен кәсіпорынның тауар өткізу, қызмет көрсету есебін, яғни өзара есеп айырысуларды рәсімдеу.

Кассалық кітапты жүргізу және касса бойынша бухгалтерлік проводка операцияларын жүргізу.

Белгіленген тәртіппен кассадағы барлық құжаттарды рәсімдеу және оларды топтастырып тігу.

Кіріс кассалық ордер:

Кассирмен емес, жеке бухгалтермен шығарылады және бір мезгілде кіріс, шығыс кассалық ордерлер тіркелетін тіркеу журналында кезекпен тәртіптік номерімен тіркеледі.

Бас бухгалтердің қолы қойылады және кәсіпорын кассасына жіберіледі.

Ақша кірістелгеннен соң, кіріс кассалық ордері мен квитанцияға кассирдің қолы қойылып, кәсіпорын мөрі басылады, квитанцияға «ТӨЛЕНДІ» деген штамп басылады.

Квитанция кіріс кассалық ордеріне мөрмен, штамппен және барлық қолдардың үлгілерімен кассирден беріледі. .

Бас бухгалтердің қолы қойылады және кәсіпорын кассасына жіберіледі.

Кассадан ақшаны алған тұлғаның аты-жөні толтырылады.

Ақша-қаражаттарын берген кассирдің қолы қойылып, «АЛЫНДЫ» штампы қойылады.

 Кассалық операциялардың есебі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің 27.07.1993 жылғы кассалық операциялар туралы уақытша тәртібімен жүргізіледі. Кассаға ақшалар әр түрлі шоттар бойынша түседі және кіріс касса ордерімен, ал ақшаның шығуы шығыс касса ордерімен толтырылады.

  Кәсіпорындар мен ұйымдардың, фирмалардың арасында алашақ және берешек операциялар күбіне қолма-қол ақша және қолма-қол ақшасыз түлеу жолы арқылы жүргізіледі. Қолма қол ақшамен есеп айырысу Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк мекемесі белгілеген ережелер мен тәртіпке сәйкес жүргізілуі тиіс. Ақшаларды сақтау және қолма қолсыз ақшасыз есеп айырысуды жүргізу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелері:

-    ҚР   Әділет   министрлігінде   тіркеуден   өткен   заңды   тұлғаларға   есеп айырысу шоттарын;

- шетелдік валютадағы қаражаттардың қолда бары мен қозғалысын есепке алу үшін заңды тұлғаларға валюталық шоттарды;

- бюджеттік мекемелерге, олардың бюджеттен тыс қаражаттары бойынша, қоғамдық ұйымдарға, өндірістік, коммерциялық қызметпен айналысатын жеке тұлғаларға ағымдық шоттарды;

-    Республикалық бюджетте түрған мекемелерге бюджеттік шоттарды;

-   Ұлттық     банк     мекемелеріндегі     екінші     деңгейдегі     банктерге корреспонденттік шоттарды ашады.

 

Ақшалай қаржылармен есеп айырысу операцияларының бухгалтерлік есебін жүргізу мен оны ұйымдастырудың мақсаттары мыналар болып табылады:

-  ақшамен есеп айырысу операцияларын толық және уақтылы дер кезінде есептеу.

-   субьектідегі ақшалай қаржылардың түгелдігін және оларды дұрыс, тиімді пайдалануды бақылау.

-   есеп айырысу, төлеу тәртібін бақылау, кәсіпорынның, ұйымның немесе фирманың ақшалай кірістері мен шығындарын дұрыс есептеу.

Ақша қаражаттарының бухгалтерлік есебінің міндеттері:

-   қолма қолсыз ақша аудару жолымен және қолма қол ақшамен қажетті есеп айырысуларды уақтылы және дүрыс жүргізу.

-   ақша қаражаттарының қолда бары мен қозғалысын және есеп айырысу опрацияларын есептік тіркелімдерде толықтай және жедел түрде кӨрсету.

       -   бұл ілінген    лимиттерге,    қорларға    және    сметаларға    сәйкес    ақша қаражаттарын мақсаты бойынша жұмсаудың қолданыстағы ережелерін сақтау.

 

                     2.2 Қысқа мерзімді дебиторлық берешектер

 

Дебиторлық берешек (ДБ) - ақшалай қаражат, тауар, қызмет алу үшін сатып алушыларға және басқа тұлғаларға қойылатын талап.

ДБ қаржылық есепті (ҚЕ) құру үшін өтпелі (қысқа мерзімді) немесе қайтарымсыз (ұзақ мерзімді) болып сұрыпталады.

          Дебиторлық берешек- сатып алушылардың немесе тапсырыс берушілердің шаруашылық жүргізуші субъект алдындағы өткізілген тауар (жұмыс, көрсетілген қызмет) үшін ақша төлеу бойынша міндеттемелері. Ол ағымдағы және ағымдағы емес болып бөлінеді. Дебиторлық берешек үш топқа бөлінеді: алынуға тиісті шоттар, алынған вексельдер және басқалар.

Күмәнді дебиторлық берешек және оны бағалау, вексельдер есебі.

Күмәнді талаптар – ҚР-ң заңды және жеке кәсіпкерлері – резиденттеріне, сондай-ақ ҚР-да тұрақты мекеме арқылы іс-әрекет жасайтын заңды тұлғалар- резидент еместерге тауар өткізу, жұмыс орындау, қызмет көрсету нәтижесінде пайда болған және талап пайда болған сәттен бастағанда үш жыл ішінде қанағаттандырылмаған талаптар, сонымен  қатар өткізілген тауарлар, орындалған жұмыс, көрсетілген қызметтер бойынша пайда болған және ҚР-ң заңдарына сәйкес салық төлеуші- дебиторды  банкрот деп тануға байланысты қанағаттандырылмаған талаптар да күмәнді деп танылады. [9].

Банк бухгалтериясы дебиторлық борыштар есебін жүргізу барысында мына төменде аталған құжаттарды (есептік тіркемелерді) қолданады:

     - нөмірі 7 Журнал-ордер- «Жұмысшылар мен басқа да тұлғалардың борышы» деп аталатын шотының кредиті бойынша;

      -  нөмірі 8 Журнал- ордер- «Алынуға тиісті қосылған құн салығы, «Есеп пайыздар», «Басқадай дебиторлық борыштар» және «Берілген аванстар» деп аталатын шоттардың кредиті бойынша;

       - нөмірі 9 Журнал-ордерге қосымша тізімдеме – «Берілген аванстар» шотының дебиті бойынша;

        - нөмірі 10 Журнал- ордер- «Күдікті қарыздар бойынша резерв», «Алдағы кезең шығындары» шоттарының несие бойынша;

        - нөмірі 11 Журнал- ордер- «Сатып алушылар және тапсырыс берушілердің борышы» шотының және «Еншілес серіктестіктердің дебиторлық борышы» шотының кредиті бойынша жүргізіледі.

         Есеп беретін  адамдармен және басқа да дебиторлармен  есеп айырысу.

      Субъект қызметкерлеріне  кассадан шаруашылық шығындарына  және іс сапар бойынша шығындарға  берілетін ақшалай аванс есеп  берілетін сома деп аталады. Ақша  бойынша есеп айырысуда қызметкерлердің  іс сапарларына байланысты шығындарды  өтеуін мынадай мөлшерлері белгіленген  Салық кодексінің 93 бап 1 тармағында  басшылыққа алынды:

-  пәтер- тұрақты жалға алуды  төлеу – тиісті құжаттармен  расталған, орын сақтағаны үшін  төлем де кіретін, іс жүзінде  шыққан шығындар бойынша;

-  ҚР шегіндегі іс сапарда  болған әрбір күн үшін тәуліктің  төлеу мөлшері тәулігіне екі  айлық есептік көрсеткіштен аспауы  керек;

-  іс сапар орнына бару мен қайтаруға іс жүзінде шыққан шығындар,  бұған орын сақтағаны үшін төлеу де кіреді – тиісті құжаттармен расталған нақты сомада төленеді;

- ҚР-нан тыс жерлерге іс сапарда болған әрбір күн үшін төленетін тәуліктілікті  төлеу- ҚР Үкіметі белгіленген мөлшерлер шеңберінде.

Қызметкерді іс сапарға жіберу үшін субъект басшысы іс сапардың орны мен мерзімі ескертілетін бұйрық шығарады. Бұйрық негізінде қызметкерлерге іс сапарлық немесе №1а формасымен беріледі және іссапарлық сома есебі жүргізіеді.

 

2.3 Тауарлы - материалдық босалқылар есебі

 

Өндіріс процесінде қажетті бірден-бір жағдай жұмысшылардың еңбек құралы мен еңбек затын қолдана отырып, жаңа өнім, дайын өнім шығару болып табылады. Өнеркәсіп өнімдерін өндіру үшін көптеген еңбек заттары, қосалқы қорлар қажет.

Кәсіпорында тауарлы-материалдық қорлардың есебі 7 “Тауарлы –материалдық қорлардың есебі” Бухгалтерлiк есеп стандартына сәйкес жүргiзiледi.

Тауарлы-материалдық қорлар келесі актив түрлерінде болады: өндірісте пайдалануға немесе жұмыстар мен қызметтерді орындауға арналған шикізат, материалдар, сатып алынған жартылай шикізаттар, құрастырушы бұйымдар, отын, ыдыс және ыдыстық материалдар, қосалқы бөлшектер және басқа материалдар, аяқталмаған өндіріс, субъект қызметі барысында сатуға шығарылған дайын өнім, тауарлар.

Өндіріс процесінде еңбек құралдарымен қатар өндірістік босалқы қорлар, еңбек заттары ретінде қатысады. Еңбек құралдарынан айырмашылығы, еңбек заттары өндіріс процесіне бір-ақ рет қатысады және олардың құны өндірілетін өнімнің материалдық негізін құрай отырып, оның өзіндік құнына кіреді.

Материалдық босалқы қорлардың барлық түрін, есепке алу  «Қорлар» бөлімінің негізгі, активті мүліктік шоттарында жүзеге асады. Бұл бөлімше құрамына төмендегі синтетикалық шоттар кіреді: 1310 «Шикізат және материалдар, 1320 “Дайын өнім”, 1330 “Тауарлар”, 1340”Аяқталмаған өндіріс”, 1350 “Өзге қорлар”, 1360 “Қорлар есептен шығару бойынга резерв”.Шаруашылық жүргізуші субъектілер әрбір шот бойынша материалдарды есепке алатын қажетті аралық шоттар мен талдамалы шоттар аша алады.

     1310 "Шикізат пен материалдар" онда өндірістік процесте одан әрі пайдалануға арналған шикзаттар және материалдар есепке алынады;

     1320 "Дайын өнім”, онда дайын және аяқталмаған өнім есепке алынады;

    1330 “Тауарллар” онда сатып алынған және қайта сатуға сақталған тауарлардың қлзғалысына байланысты операциялар көрсетіледі;

     1340 «Аяқталмаған өндіріс», онда аяқталмаған өндіріс бойынша шығындар есепке алынады;

     1350 «өзге қорлар», онда алдыңғы топтарда көрсетілмеген өзге қорлар есепке алынады;

    1360 «қорларды есептен шығару бойынша резерв», онда қорлардың құнын сатудың таза құнына дейін төмендетуге арналған резервтерді құруға және қозғалысына байланысты немесе моральдық жағынан ескертуге байланысты есепке алуға жататын қосылған құн салығының сомасын есепке алуға арналған.

Материалдық босалқының қозғалысына байланысты барлық операциялар бойынша құжаттар дайындалып, аз данамен шығарылады. Материалдық босалқының жар жабдықтау бөліміне тексеруге және төлеуге қабылдануға беріледі. Бұл жерде оларды келіп түскен жүктерді есепке алатын журналға (ү.М-№1) тіркейді. [11]

Материалдық қозғалысты есепке алу бойынша төмендегідей типтік құжаттар пайдаланады.

Сенімхат (ү.М-№2а) материалдық қорларды қабылдау кезінде лауазымды тұлғалардың, субъектілердің, сенімді өнімдерінің құқысы бар адамға сенімхат рәсімдейді. Сенімхатты бухгалтерия рәсімдеп, алушылардың қолын қойғызып, қолхат алу арқылы береді.

Берілген сенімхаттарды есепке алу журналы (ү.М-№3). Берілген сенімхаттар мен оларды алғандығы туралы қолхаттарды тіркеуге қолданады.

Кіріс ордері (ү.М-№4) жабдықтаушылардан немесе өңделгеннен кейін субъектілерге келіп түсетін материалдық босалқыларды есепке алу барысында қолданады.

Информация о работе Кірістер мен шығындар есебі