Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2015 в 10:35, реферат
Мен диплом алды тәжірибиемді «Қазақстан Халық Банкі» Акционерлік қоғам жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен өттім. Тәжірибені өту кезінде менің жетекшім Сыздықов Талғат Тоқтарұлы мені «Қазақстан Халық Банкі» Акционерлік қоғам ұйымдық құрылымымен, осы құрылымның басқару әкімшілігімен, негізгі құрылымдық бөлімдердің қызметтерімен және олардың арасындағы байланысымен, мекеменің мақсаттары мен міндетттері, жалпы бюджетті қалыптастыру мен атқарудағы орны туралы мәліметтермен және бухгалтерлік есебімен таныстырды.
Кіріспе......................................................................................................................2
1.«Қазақстан Халық Банкі» АҚ ұйымдастырушылық тарихы және қызметтері ...............................................................................................................3
1.1 Ұйымның бухгалтерлік есеп саясаты............................................................8
2. Қысқа мерзімді активтер...............................................................................12
2.1 Ақша қаражаттары және олардың эквиваленттерінің есебі........................12
2.2 Қысқа мерзімді дебиторлық берешектер......................................................14
2.3 Тауарлы - материалдық босалқылар есебі....................................................15
3. Ұзақ мерзімді активтер..................................................................................18
3.1 Инвестиция есебі, негізгі құралдар және материалды емес активтер
есебі........................................................................................................................ 18
3.2 Міндеттемелер есебі........................................................................................22
3.3 Еңбек және оны төлеу есебі............................................................................24
4.Капитал және резервтер есебі........................................................................26
4.1Капитал және резервтер есебі.........................................................................26
5. Кірістер мен шығындар есебі........................................................................28
5.1Кіріс операцияларының есебі........................................................................28
5.2Шығыс операцияларының есебі......................................................................32
Қорытынды..........................................................................................................34 Қолданылған әдебиеттер....................................................................................35
2856
«Күрделі қаржы салымы бойынша
кредиторлар»;
• амортизацияларды есептеу:
Дт 5788 «Материалдық емес активтер бойынша
амортиза-
циялық аударымдар» Кт 1699 «Материалдық
емес активтерге есептелген аморіизация»;
• есептелген амортизация сомасына материалдық
емес актив-
терді есептен шығару кезінде: .
Дт 1699 «Материалдык емес активтерге есептелген
амортизация» Кт 1659 «Материалдық емес
активтер»;
• қалдық құнға:
Дт 5852 «Негізгі құрал-жабдықтарды жэне
материалдық емес активтерді сату шығыстары»
Кт 1659 «Материалдық емес активтер»
Халыкаралық стандартқа сәйкес материалдық емес активті пайдалануда оның ағымдық, баланстық құны кәсіпорын үшін экономикалық тиімділігін жоғарылатуы мүмкін. Бұндай жағдайда амортизациялық емес қүнды жазу керек және активтің бағамын азайтуды көрсететін шығынды мойындау керек. Сату кезінде айырбастауда немесе материалдық емес активтердің қандаң да басқа жолымен келуі, түсімнен пайданы сипаттай ‘отырып материалдық емес активтің шотымен оның амортизациялык емес қүны жазылу керек.
3.2 Міндеттемелер есебі
Міндеттеме –бұл бір тұлғаның нақты әрекетпен басқа тұлғаның пайдасын көздейтін істі орындау борышы немесе міндеті.
Міндеттемелер-өткен
Ағымдағы міндеттемелерге банктің қысқа мерзімді қарыздары,шаруашылық субьектінің кредиторлық берешегі жатады.Банктің қысқа мерзімді қарыздары бір жылдан аса уақытқа қолданылатын нормативтік құжаттарға сәйкес беріледі,мысалы,жөнелтілген тауарлардың нақтылы құжат айналымы уақытына тең,бірақ 30 күннен аспайды.Қысқа мерзімді кредиттерді алу және өтеумен байланысты есепшоттық-кредиттік операциялар 3010-3020«Қысқа мерзімді қарыздар»және 4010-4020«Ұзақ мерзімді қарыздар»шоттарында есепке алынады
Міндеттемелер есебі қаржы-шаруашылық қызметі бас шоттар кестесінің алтыншы міндеттемелер деп алынатын бөлім шоттарында есептелініп жүргізіледі. Бұл бөлімде 60-«Несиелер», 61-«Алдағы кезең кірістері», 62-«Дивидендтер бойынша есеп айырысу», 63-«Бюджетпен есеп айырысу», 64-«Еншілес (тәуелді) серіктестікпен есеп айырысу», 65-«Бюджеттен тыс төлемдер бойнша есеп айырысу»,66-«Алынған аванстар», 67-«Жабдықтаушы мердігерлермен есеп айырысу», 68-«Басқадай несиелік борыштар бойынша есеп айырысу» -деп аталатын бас шоттарының тиісті бөлімше шоттары орналасқан.
Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу – не тауарлы-материалдық құндылықтарды тиеу жұмысын орындағаннан кейін немесе қызмет көрсеткеннен кейін, не олардың кәсіпорынмен келісуі арқылы бір мезгілде немесе олардың тапсырмасы бойынша , не алдын-ала төлеуі бойынша жүзеге асырылады. Кәсіпорынның келісімінсіз ризалықсыз тәртіппен газды, суды, жылуды, электр энергиясын есептеу шотының көрсеткіштері негізінде және т.б. есептен шығару арқылы олардың босатылуы үшін есеп айырысу құжатымен төленеді. Есеп айырысу, сонымен қатар, инкассо, аккредитивтер, чектер тәртібімен жүзеге асырылады. [17]
Жабдықтаушылармен есеп айырысу есебі бір айға ашылатын №6 журнал-ордердегі төлемді талап ету-тапсырудың әрбір шот-фактура бойынша жүргізіледі. Бұл журнал-ордердегі сәйкесетін шоты бойынша жазудан басқа корреспонденттік шоты қоса көрсетіліп, жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу бойынша дебеттік айналым да көрініс табады.
Жабдықтаушылар мен мердігерлерге тауарлық-материалдық қорларды жеткізушілер немесе әр түрлі қызметтер көрсететін және әр түрлі жұмыстар орындайтын кәсіпорындар мен ұйымдар жатады. Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысулар, әдетте, қолма-қол ақшасыз жолмен жүргізіледі. Еңбек ақының екі түрі болады :негізгі және қосымша.
Негізгі еңбек ақыға атқарылған (жұмысқа) уақытқа және орындалған жұмыстың саны мен сапасы үшін есептелген еңбек ақы: тарифтік ставка, оклад, кесімді бағалау бойынша төлеу, сыйақылар, мерзімнен тыс жұмысқа, түнгі уақытта жұмыс істегені үшін, жұмыскерлер кінәсінің болмаған тұрып қалған уақытқа ақы төлеулер жатады. [18]
Қосымша еңбек ақыға еңбек туралы заңдарда қарастырылған атқарылған уақытқа төленетін төлемдер жатады.
Төлем тапсырмасымен банк мекемелері арқылы алынған және қабылданған тауарлар үшін қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жүргізіледі. Қарыз ресми мәртебесі бар банктерге, мерзім, төлеу және қайтару шарттарын қарастыратын коммерциялық келісім-шарт негізінде кредитті төлеу қабілеті бар ұйымдарға беріледі.
Банк қарызы – бұл банктің клиентке соманы белгілі бір мерзімге сыйақы төлеумен ұсынуы және бөлісуі.
Банктен тыс мекемелерден қарыз алу — «қарыз беруші» жақ «қарыз алушы» жаққа белгілі бір кезеңде қайтару шартымен ақша немее материалдық қорды келісімшарт бойынша қарызға береді.
Банктердің несиелерін есепке алу ұзақ мерзімді несиелерді беру Қазақстан Республикасы Үлттық Банкі бекіткен «ұзақ мерзімді несиелендіруді ұйым-дасіыру ережелеріне» сәйкес жүзеге асырылады.
Несие –бір заңды тұлғаның екінші бір заңды тұлғаға немесе жеке адамның заңды тұлғағаәдетте келісілген мөлшерде пайыз алу үшін белгілі бір уақытқа заттай немесе ақшалай уақытша қаржы беруге байланысты пайда болатын экономикалық қарым-қатынас жүйесі болып табылады.
Нарықтық экономика жағдайында несие коммерциялық және банктік болып екіге бөлінеді.
Коммерциялық несие- бір субъектінің екінші бір субъектіге сатқан тауарының құнынан алынатын төлемнің кейінге қалдырылуына байланысты туындайды.
Банк несиесі- субъектіге ақша қаражаты түрінде өндірісін ұлғайтуға, ағымдағы қызметтерге байланысты қарыздарын төлеу үшін беріледі.
3.3 Еңбек және оны төлеу есебі
Еңбек ақы – бұл еңбек өлшемі мен тұтыну өлшеміне бақылау жасауды жүзеге асыруға көмектестін маңыздық экономикалық құрал. Еңбекақы тұтынушы кіріснің үлкен бөлігін құрайды, сондықтан да сұраныстың мөшеріне, тауардың тұтасына және олардың бағасына елеулі әсер етеді. Еңбек ақының номаиналды және шынай түрлері болады.
Номиналды еңбек ақы дегеніміз -жалдамалы еңбектің қызметкері өзінің күндік, апталық, айлық еңбегі үшін алатын ақша сомасы.
Шынайы еңбек ақы – алған ақшаға сатып алуға болатын өмірлік игіліктер мен қызметтердің жиыны
Жалақыдан ұстап қалу тек заңда көзделген жағдайларда жүргізіледі. Әрбір жалақы төлемі кезінде барлық ұстап қалулардың жалпы мөлшері жалақының 50% - нен аса алмайды. Қызметкердің жалақысынан бухгалтерия ұсталымдарының мынадай түрлерін ұстап қалады: Табыс салығын; Орындаушы қағаздар бойынша; Несие сатып алынған тауарлар үшін тапсырмалар мен міндеттемелер бойынша; Жазбаша тапсырмалар, жеке сақтандыру шарттары бойынша; Егер шаруашылық субъектісі кәсіподақтардың немес тәуелсіз кәсіподақтардың федерация кеңесінде тіркелегн болса, 1% - тік кәсіподақ жарнасы; Жалақы есебінен берілген авансты өтеу; Жеке тұрын – үй құрылысына берілген несиені өтеу есебінен; Жұмысшының жазбаша келісімі бойынша шауашылық субъектісіне тиесілі тұрғын үй үшін пәрет ақы төлеу; Демалыстың өтелмеген күндері үшін; Кәсіпорынға келтірілген зияндыөтеу; Айыппұлдар мен мойнындағы ақша; Ведомстволық мектепке дейінгі мекемелерде балаларды ұстау үшін. Табыс салығын ұстау. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туаралы» ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес (01.01.98 ж. өзгерістерін ескергенде) жылдық оратша кіріс пен шегерімдер арсындағы айырма ретінде есептелген кіріс салық салу объектісі болып табылады.29- бапқа сәйкес табыс салығын есптеу салық жыл ішінде біркелкі (ай сайын) жүргізіледі. Соған байланысты 1.01.97 ж.бастапқы қайта есептеу коэффициенті өндіріледі. Мұның өзі 12 саныны салық салынатын кірістің сомасы анықталатын айлар санына қатынасы юолып табылады. Қаңтар = 12 (12/1), ақпан = 6 (12/2), наурыз = 4 (12/3), желтоқсан = 1 (12/12).
Салық жылы аяқталғанға дейін қызметкер жұмыстан кететін болса, о лалған нақты табысқа орай табыс салығын қайта есептеу керек. Қажет болған жағдайда кірістің есептік сомасынан аванспен ұсталған табыс салығының сомасын қайтару қажет. Халықтың соттың шешіміне, нотариалыд органдардың атқарушы жазуларына, өтем алу туарлы әкімшілік органдардың қаулысына сәйкес берілетін атқауршы қағаздар бойынша ұстап қалу негізгі жалақыдан, тұрақты сипаттағы барлық қалған төлемдерден, соның ішінде сыйақылар мен еңбекке уақытша жарамсыздық жөніндегі жәрдемақыдан жүргізіледі. Келіп тұскен атқарушы қағаздар арнайы тізілімде тіркелуге тиіс. Алименттер есепті айдағы негізгі және қосымшаден табыс салығы ұсталғаннан кейін қалған сомадан ұсталады.
Кәмілетке толмаған балаларды күтуге арналған алимент бір бала үшін жалақының 25% мөлшерінде, екі бала үшін – жалақының 33% - ті, үш және одан да көп балар үшін - 50% - тін құрайды. Белгіленген төлем күнінен кейінгі үш күн ішінде ұсталған алиметтер сомасы алушыға төленуге немесе өтем алушының шотына аударылуы керек. Борышкер кәсіпорыннан кететін болса, шаруашылық субъектісінің бухгалтериясы атқарушы қағазға барлық ұсталған алиметтер туралы белгі қойып, оны мөрмен растайды, егер белгілі болса, оның жаңа жұмыс орыны немесе тұратын жерін көрсетеді. Несиеге сатылған тауарлар үшін ұстап қалу саудаласушы ұйымның жазбаша тапсырмасы, міндеттемесі негізінде жұргізіледі.
4.Капитал және резервтер есебі
4.1Капитал және резервтер есебі
Ұйымның мүлкі оның негізгі құралдары мен айналымындағы қаржыларының құнынан құралады. Оның меншікті капиталының негізгі көздері: жарғылық капитал; төленбеген капитал; сатып алынған меншікті үлес құралдары; эмиссиялық кіріс; резервтер; бөлінбеген пайда болып саналады.
Ұйымның жарғылық капиталының есебі Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарының 5 бөлімінде көрсетілген «Жарғылық капитал» бөлімшесіндегі а) артықшылықты акциялар, б) қарапайым акциялар және в) салымдар мен пайлар болып бөлінетін шоттарда жүргізіледі.
Акционерлердің жалпы жиналысынң шешімі бойынша АҚ жарғылық капиталдың оның жалпы санын қарастыру мақсатында ақцияның бір бөлігін сатып алу жолымен кемітуге құқылы, бірақ заң актілерінде қарастырылған ең аз мөлшерден кем болмауы керек. Акцияны сатып алу, қайта бөлу немесе күшін жою директорлар кеңесінің шешімі бойынша жарғыда қарастырылған басқа себептермен жүзеге асырылады.
АҚ кредит берушілердің барлығына акцияның сатып алынатыны туралы хабарлауы керек. Ал кредит берушілер қоғамнан өз жұмысын азайтуды немесе тоқтатуды, сондай-ақ өздеріне келтірілген залалды жабуды талап етуге құқылы.
АҚ резервтік капитал залалдарды жабуға, облигациясын жабуға, басқа ақша болмағанда акция сатып алуға жұмсалады. Серіктестікте резервтік капиталды пайдалану жарғы бойынша анықталады. Резервтік капитал жыл сайынғы таза табыстан аудару жолымен құрылады.
Резервтік капитал-іс жүзінде заңнамамен құрылтайшы құжаттарға сәйкес болжанбаған шығындарды және инвесторларға осы мақсаттарға арналған табыс көлемі жетпеген жағдайда инвесторларға шығынның орнын жабу үшін құралады. Басқаша айтқанда резервті капитал банктің тоқтаусыз жұмысына және үшінші тұлғалардың мүдделерін сақтауға кепіл болып шығады. Мұндай қаржылық көздердің бір болуы үшін тұлғаларға кәсіпорынның өз міндеттемелерін орындайтындығына сенім арттырады. Резервтік капиталдың пайда болу міндетті және ерікті сипатыта. Алғашқы жағдайда ол ҚР заңнамасына сәйкес ал екінші жағдайда банк құрылтайшы құжаттарында немесе оның есеп саясатында белгіленген тәртіпке сәйкес құрылады. Егер кәсіпорынның құрылтайшы құжаттарында резервтік капитал құру көзделмесе банктің құруға құқығы жоқ, резервті капитал есебі 13 журнал- ордерде жүргізіледі. Аудитор резервті капиталды тексеруде оны құру мен пайдаланудың дұрыстығын баланста көрсетілген резерв капитал бабы бойынша, жыл басы мен соңындағы қалдықтарды 13Журнал ордердің мәлеметтері бойынша бас кітапта келтірілген шот қалдықтары мен сәйкестігін міндетті түрде анықтайды.
Резервтер қаржылық есептілік стандарттарының талаптары мен құрылтайшы құжаттарына сәйкес қалыптастырылады. АҚ резервтік капитал залалдарды жабуға, облигациясын жабуға, басқа ақша болмағанда акция сатып алуға жұмсалады. Серіктестікте резервтік капиталды пайдалану жарғы бойынша анықталады. Резервтік капитал жыл сайынғы таза табыстан аудару жолымен құрылады. [19]
Жалпы кез келген кәсіпорынның құрылғаннан бастап жұмсалмаған (төленбеген, бөлінбеген) таза пайдасы (яғни барлық міндетті есептеулерден кейін қалған) капитал болып есептеледі. Олардың меншікті капиталының жалпы сомасы (активтерінің қосындысынан – міндеттемелерінің қосындысын) жарғылық капитал сомасынан кем болмау керек. Егер кем болса сол ұйым жұмысының тиімділігінің төмен екенін көрсетеді, бұл жағдайда жарғылық қор мөлшерін қайта қарастырады.
5. Кірістер мен шығындар есебі
5.1Кіріс операцияларының есебі
Кірістер дегеніміз қаржының келуі немесе акитвтер құнының өсуі,не болмаса пссивтердің азаюы түріндегі есепті кезеңдегі экономикалық пайданың ұлғаюы болып табылады, бұл акционерлер салымдарының есебінен өсуден басқа жағдайдағы капиталдың өсуіне әкеледі. Кез келген кәсіпкерлік қызметтің ең маңызды мақсаты – табыс табу болып табылады. Сонымен қатар бухгалтерлік есептің ең басты қызметі – осы мақсаттарға жету жолындағы банктің жетістіктері мен сәтсіздіктерін анықтау және есептілікті көрсету. Пайда – шаруашылық қызметті жүргізу нәтижесіндегі капитал өсімі; бұл толық табыстан шығыстарды шегергенге тең. Бірақ бұл анықтамалар әр түрлі қабылдануы мүмкін. [5]
Есепшілер «бөлінбеген немесе таза кіріс» деген терминді қолданғанды жөн көреді.
Таза кіріс =кірістер-шығындар
Кірістер банктің өмір сүру құралы болып саналады. Оларсыз табыс жоқ, табыссыз банк жоқ. Кірістер негізгі және негізгі емес қызметтен болған кірістер болып бөлінеді. Кіріс пен шығынның құрылымы және табыс есебінің реті Ұлттық Банкпен анықталады. Бухгалтерлік есептің қағидалары баптарды субъектінің қаржылық есеп беруіне қосылатын процессін мойындау болып табылады.
Өнімді сату кезінде кірістер мен шығындардың белгілену қағидалары қолданылады, егер де кіріс белгіленсе:
- берілгенге дейін
- берілу кезінде
- берілгеннен кейін
Өнімді бергенге дейінгі белгіленген кіріс
Бұл екі әдіс бойынша жүзеге асырылады: