Бухгалтерлік есеп және оның маңызы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Мая 2014 в 15:43, реферат

Описание работы

Бухгалтерлік есеп шаруашылық есеп түрлерінің бірі болып табылады. Сондықтан бухгалтерлік есепті оқуға кіріспес бұрын жалпылама түрде шаруашылық есеп түсінігімен танысып алуымыз қажет. Бұл бухгалтерлік есептің ерекшеліктерін жақсы білуге, оны толығымен және тереңірек меңгеруге мүмкіндік береді.
Кең мағынасында алғанда шаруашылық есеп, өзінің аты да көрсетіп тұрғандай, тағамға, киімге, түрғылықты жерге қажеттіліктерді және т.б. қанағаттандыру үшін аса қажет материалдың игіліктерді өндіру және таратуды түсіндіретін өндіріс орнының есебі, халық шаруашылығының шаруашылық қызметінің есебі.

Файлы: 1 файл

Бухучёт курсовой.docx

— 69.95 Кб (Скачать файл)

Бухгалтерлік есеп және оның маңызы

1.1. Шаруашылық есеп туралы  жалпы түсінік

Бухгалтерлік есеп шаруашылық есеп түрлерінің бірі болып табылады. Сондықтан бухгалтерлік есепті оқуға кіріспес бұрын жалпылама түрде шаруашылық есеп түсінігімен танысып алуымыз қажет. Бұл бухгалтерлік есептің ерекшеліктерін жақсы білуге, оны толығымен және тереңірек меңгеруге мүмкіндік береді.

Кең мағынасында алғанда шаруашылық есеп, өзінің аты да көрсетіп тұрғандай, тағамға, киімге, түрғылықты жерге қажеттіліктерді және т.б. қанағаттандыру үшін аса қажет материалдың игіліктерді өндіру және таратуды түсіндіретін өндіріс орнының есебі, халық шаруашылығының шаруашылық қызметінің есебі.

Шаруашылық есеп әр түрлі елде шаруашылық жүйесіне байланысты сан алуан сипатқа ие.

Есептің сипаты шаруашылықтың жүйесіне байланысты болғандықтан, халық шаруашылығы туралы кейбір жалпы үғымдармен алдын ала танысып алуымыз керек.

Халық шаруашылығының негізінде шаруашылықтың жүйесі және өндіріс құралдарына деген меншік үғымы жатыр.

Халық шаруашылығы өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, сауда, көлік сияқты салалардан тұрады.

Әрбір сала жеке шаруашылық кәсіпорындарынан түрады. Оларға зауыт, фабрика, кен орындары, шахталар, ауылшаруашылық, көлік, сауда және т.б. кәсіпорындары жатады. Әрбір кәсіпорын халық шаруашылығының бір бөлігі бола отырып, өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес шаруашылық қызметті жүзеге асырады, яғни белгілі бір шаруашылық жұмысты жүзеге асырады. Мысалы, фабрикалар мен зауыттар өнеркәсіп өнімдерін өндіреді, ал сауда ұйымдары өнімдермен жабдықтайды және т.б.

Шаруашылық қызметті жүзеге асыру үшін әрбір кәсіпорынның өз қарамағында қажетті шаруашылық құралдары болады. Оларға ғимарат, машиналар, материалдар, тауарлар, ақша қаражаттары және т.б. жатады.

Шаруашылық құралдарымен қоса еңбек шаруашылық қызметтің негізгі шарты болып табылады. Еңбек шығындары материалдық шығындарымен және өндіріс құралдарымен бірге өндірілетін өнімнің құнына кіреді, олардың заттық негізін құрайды.

Кәсіпорындардың шаруашылық қызметтері шаруашылық процестерінен тұрады, олар өз кезегінде жеке шаруашылық әрекеттеріне бөлінеді.Мысалы, өнеркәсіп кәсіпорнына дайындау процесін құрайтын материалдарды сатып алу әрекеттері, өндіріс процесін құрайтын материалдардан өнімдер дайындау әрекеттері, сату процесінің құрамына кіретін өндірілген өнімдерді сату әрекеттері тән болып келеді.

Әрбір кәсіпорын шаруашылық қызметтерін бизнес-жоспарға сәйкес жүргізеді. Онда кәсіпорынның шаруашылық қызметінің бағыты, мазмұны мен көлемі айқындалады.

Шаруашылық қызметінің нәтижесі - табыс, оның қайнар көзі - еңбек болып табылады.

Енді халық шаруашылығы туралы жалпы түсінігіміздің бар екенін пайдалана отырып, шаруашылық есептің мәнін қысқаша анықтай аламыз - ол не үшін қажет, қалай жүзеге асырылады және қандай анықтама беруге болады?

Шаруашылық қызметі басқару мен бақылауды қажет етеді. Шаруашылық жұмысты дұрыс жүргізу үшін, әрбір кәсіпорынға және бүкіл халық шаруашылығына бақылау мен басқаруды іске асыру үшін, әрдайым олардың жағдайы қалай екен және оларда қандай өзгерістер болып жатыр екен деген мәселелерден хабардар болуымыз керек.

Әрбір кәсіпорынның шаруашылық қызметі жайлы деректер қажет - оның құралдары мен қаражатының мөлшері мен құрамы қандай, ол өз жоспарын қалай орындайды, шаруашылық әрекеттерін қалай іске асырады және т.б. Сонымен қатар бүкіл халық шаруашылығының жағдайы мен дамуы жайлы да - жоспар қалай орындалып жатыр, халық шаруашылығының салалары қалай даму үстінде, республикамыздың қоғамдық байлығы мен қуаты қалай өсу үстінде деген сияқты мәселелерден түсінігіміз болуы қажет.Осындай мәліметтердің барлығы дерлік тек есептің көмегімен ғана алынатыны баршаға аян.Тиісінше, есеп басқару мен бақылау үшін қажет, кәсіпорындардың шаруашылық қызметтері және халық шаруашылығының даму жағдайы туралы мәліметтер беру үшін керек.

Шаруашылық есептің жүзеге асырылуы кезекті екі процеске бөлінуі мүмкін:

1) Алғашқы мәліметтерді алу;

2) Осы алынған мәліметтерді  өңдеу.

Алғашқы мәліметтерді алу әрекеттерді бақылау, өлшеу және тіркеудің көмегімен жүзеге асырылады.

Бақылаудың нәтижесінде әрекеттің сипаты мен мәні бекітіледі.

Белгілі бір сандық көрсеткіштермен өлшеудің нәтижесінде (санмен, өлшеумен, салмағымен, теңгемен және т.б.) әрекеттердің сандық бейнесі есептеліп анықталады.Әрекеттерді тіркеудің нәтижесінде әрекеттер олардың аяқталғанын, мазмұны мен сандық көрсетілуін растайтын құжаттарда бейнеленеді.

Есептік өңдеудің нәтижесінде жекелеген әрекеттер туралы әр түрлі мәліметтерден әрбір шаруашылық процесі және кәсіпорынның жалпы шаруашылық қызметі бойынша жинақталған жалпылама мәліметтер алынады.

Кәсіпорындардың көрсеткіштерін жинақтап, қорытындылай келе аудандар, салалар және барлық халық шаруашылығы бойынша жалпылама деректер аламыз.Бұл арада ескеретін бір жайт - есеп арқылы берілетін сандық көрсеткіштер келешекте арнайы оқып, меңгеруге және талдауға ұшырайды және олармен көрсетілетін әрекеттер мен процестерді сапалы бағалаудың негізі болып табылады.

Кейбір жағдайларда сандық көрсеткіштер сапалық көрсеткіштер де болып табылады. Мысалы, кірпіш зауыты қанша I және II сортты кірпіштер қанша өндіретіні және қанша өндіріс ақаулары болғаны жайлы мәліметтер бергенде, есеп тек сандық ғана емес, сонымен қатар өндірілген өнімдердің сапалық (жарамдылығы, сорттылығы) көрсеткіштерін де көрсетеді.Яғни, ол барлық сандық көрсеткіштерде көрсетілетін процестердің сапалық бағалануының да кейбір элементтерін көрсете алады. Сондықтан, есеп жалпы түрде шаруашылық қызметті сандық-сапалық көрсеткіштермен көрсетеді.

Сонымен, қорыта келгенде, шаруашылық есеп дегеніміз не деген сауалға мынадай қысқаша жауап беруге болады:

Шаруашылық есеп - кәсіпорындар мен халық шаруашылығының шаруашылық қызметтерін басқару және бақылау мақсатында сандық-сапалық көрсеткіштермен есептеу және көрсету.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2. Шаруашылық есептің  пайда болуы және бухгалтерлік  есептің дамуы

Шаруашылық есептің даму тарихы 6000 жылға жуық. Алайда, есептің пайда болған күнін нақты көрсету мүмкін емес. Есеп біртіндеп, ұзақ уақыт бойы және белгісіз жағдайда дүниеге келді. Есеп болмаған және оның өмір сүре бастаған дәуірлері белгілі,бірақ оларды шектеу қиын әрі ойлауға болмайтын жайт.

Шаруашылық есеп қоғамымызда аса қажеттіліктен барып пайда болды: шаруашылықты өлшемсіз (салмағы және саны), кірістер мен шығыстарды салыстырмай, біріншісінің екіншісінен асып түсуіне қол жеткізбей жүргізу мүмкін емес.

Шаруашылық туралы барлық деректерді бір адам ғана еркін меңгеріп алатын болған, бірақ бұл сол адамның жадына сақтау қабілетінің жоғары дәрежеде дамуынан емес, шаруашылықтың шағын және ол жайлы мәліметтердің аз болуынан ғана орын алған құбылыс.

Жазудың және арифметиканың дамуы есептің дамуына үлкен жол ашып берді, шаруашылық қызметі оның кеңінен таралуына ықпал етті.

Шаруашылық қызметтер фактілерін жаппай және жүйелі түрде қадағалау және көрсету қарапайым бухгалтерияны дүниеге әкелді.Қарапайым бухгалтерия кәсіпорынның барлық материалдық және ақшалай, сонымен қатар есеп айырысуларын бақылауға алуға мүмкіндік берді. Есепті заттық есептеумен, ал есеп айырысуларды - ақшалай бірліктермен жүргізді. Ретке келтірілген есеп тіркегіштері - кітаптар, "кіріс-шығыс", "инвентарь" сияқты ұғымдар пайда болды. Есеп алғашында тіркеу сипатында ғана болды.

Есептің дамуындағы жаңа кезең екі жақты немесе қосарлы бухгалтерияның пайда болуымен сипатталады.

Ең алғаш екі жақты бухгалтерияның тәжірибелі есеп кітаптары Италияда басылды. Екі жақты бухгалтерия жайлы жазған авторлар көпес Бенедитто Контрульи, және атақты итальян математигі Лука Пачоли болып табылады.Лука Пачолидің шығармашылығындағы ең басты мәселе болып екі жақты жазу туралы жазбасы саналады. Онда Пачоли постулаты деген атауға ие болған екі негізгі ережесі жазылған:

- Барлық дебеттік айналымдардың  сомасы сол шоттар жүйесіндегі  кредиттік айналымдардың сомасына  тең;

- Дебеттік қалдықтың сомасы  әрқашан сол шоттар жүйесіндегі кредиттік қалдықтардың сомасына тең.

Постулаттарының мағынасы өте маңызды, өйткені олар шын мәнінде кәсіпорындардың шаруашылық өмірінің фактілерін қазір де тіркеу үшін кеңінен қолданылатын жазбалардың әмбебап сипатын нақты көрсетеді.

"Бухгалтер" термині XV ғ. Австрияда өмірге келді. Ең  алғаш бухгалтер атағын алған лауазымды тұлға Инсбрукесеп палатасының іс жүргізушісі Христофор Штехер болып табылады. Осы оқиға жайлы Вена мемлекеттік мұражайында әлі күнге дейін сақтаулы император I Максимилианның 1498ж. 13 ақпандағы бұйрығы куә. Осы уақытқа дейін мұны ақылы есеп жазбаларымен айналысатын "кезбе жазушылар" жүзеге асырып келді. Жоғарыда келтірілген күн "бухгалтер" және "бухгалтерия" үғымдарының таралуының бастамасы болып саналады. Сол кезде бухгалтер мамандығына өте жоғары адамгершілік талаптар қойылатын. Кейбір елдерде бух-галтердің адамгершілік қасиеттеріне қарап, оны қазіргі уақытқа дейін шіркеу қызметкерінен кейінгі екінші орынға қояды.

Экономикалық теорияда бухгалтерлік есептің даму кезеңін төрт негізгі кезеңге бөліп қарастырады:

I. Тауарлы-ақшалай қатынастарының пайда болуынан бастап XVIII ғ. аяғына дейін;

II. XVIII ғ. аяғынан XIX ғ. дейін;

III. XIX ғ. соңы -XX ғ. басы;

IV. XX ғ. бастап бүгінгі  күнге дейін.

Бухгалтерлік есептің алғашқы даму кезеңіне екі жақты жазу әдісінің кеңінен таралуы тән болып табылады.

Екінші кезеңнің тарихи маңыздылығына келсек, онда "есептеу" ғылымының басты бағыттары анықталған, ал бұдан кейін оның одан әрі дамуы сипат алды. Осы кезеңде есептеу нысандары бойынша жұмыстардың көптеген саласы шығады, есептеудің сан алуан теориялары туындайды: Францияда - заңдық, Италияда -материалистік, Германияда - камералдық.

Үшінші кезең, өз мәні бойынша, бухгалтерлік есептің ғылыми ілімдердің бір саласы ретінде қалыптасқан кезеңі болып саналады. Осы жылдары бухгалтерлік есептің бірқатар анықтамалары мен мақсаттары қалыптастырылды.Есептеуге ғылыми анықтама беруге алғашқылардың бірі болып күш салған итальян мектебінің оқымыстылары саналады. Мәселен, Франческо Вилла (1801-1884) есептеу кітап жүргізу өнеріне қажет экономикалық және әкімшілік ілімдерден тұрады деп есептеді. Осы кезеңде әр түрлі ғалымдар айтқан бухгалтерлік есептің анықтамалары бухгалтерлік есепті тәжірибелік қызметтің нысандарының бірі деген көзқарастан бас тартуға мүмкіндік берді, оның ең басты мақсаты кәсіпорын меншігіндегі мүліктерге бақылау жасау болып табылады.

Бухгалтерлік есептің төртінші даму кезеңі сыртқы нарықтық орта жағдайында қазіргі бухгалтерлік есептің басты мақсаттарының айқындалуымен сипатталады.

Есептің ерекше маңыздылығын қуаттай отырып, 1946ж. бухгалтерлердің халықаралық конгресі француз оқымыстысы Ж.Б.Дюмарше ұсынған күннен, таразыдан және Бернулли қисығынан тұратын әрі "Ғылым, сенім, тәуелсіздік" ұраны сызылған бухгалтерлердің елтаңбасын бекітті. Онда көрсетілген күн бухгалтерлік есептің шаруашылық қызметтің қаржысымен сәулеленіп тұрғанын, таразы - балансты, яғни тепе-теңдікті, ал Бернулли қисыры бір кезде жасалған есеп мәңгі өмір сүреді деген мағыналарды білдіреді.

Қазіргі бухгалтерлік есептің мақсаты - басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін қажет ақпараттармен белгілі бір пайдаланушыларды қамтамасыз ету болып табылады. Әлемдік тәжірибеде бухгалтерлік ақпараттар жалпыға бірдей сипаттағы негізгі басшылық қағидалардың базасында қалыптастырылып қабылданған. Бухгалтерлік есеп жүйесінің осындай мысалы ретінде бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттарын, сонымен қатар Европалық экономикалық қауымдастықтың бухгалтерлік есеп бойынша Директивасын алуға болады. "Бухгалтерлік есеп" ғылымында жинақталған көптеген құндылықтар объективті сипатқа ие және біздің өмірімізде толығымен пайдаланылуы мүмкін.

Қазақстан Республикасында 2006 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық ұйымдар бухгалтерлік есепті Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес жүргізеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.3. Шаруашылық есепте  қолданылатын есеп өлшегіштері

Шаруашылық есеппен бақыланатын барлық объектілер сандық көрсеткіштердің көмегімен көрсетіледі. Шаруашылық есепте заттық, еңбек және ақшалай өлшегіштер пайдаланылады.

Заттай өлшегіштер есептеу, салмақтау, санау мәліметтерін алу үшін қолданылады. Мұндай өлшегіштер болып ұзындық өлшегіштері (метр, сантиметр), салмағы (килограмм, тонна), көлемі (литр, текше метр) және т.б. өлшегіштер жатады. Оларды таңдау есепке алынатын объектілердің ерекшеліктеріне байланысты. Сонымен, тоқыма фабрикасы шығарған өнімдерді өлшеу үшін метрлерді пайдаланады, ал металлургиялық зауыттарда тоннамен өлшенеді, дайындалатын ағаштарды текше метрмен және т.б. өлшейді.

Заттай өлшегіштер ең алдымен материалдық құндылықтардың санын есепке алу үшін қолданылады. Олардың меншікті сақтау ісінде алатын орны ерекше. Материалдық құндылықтарды әр түрлі сорттар, атаулары және т.б. бойынша есепке алу үшін олардың қолданылуы тек сандық көрсеткіштерді алуға ғана емес, сонымен қатар осы бағалықтардың сапалық сипаттамаларын да алуға мүмкіндік береді.

Информация о работе Бухгалтерлік есеп және оның маңызы