Бухгалтерлік есеп және оның маңызы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Мая 2014 в 15:43, реферат

Описание работы

Бухгалтерлік есеп шаруашылық есеп түрлерінің бірі болып табылады. Сондықтан бухгалтерлік есепті оқуға кіріспес бұрын жалпылама түрде шаруашылық есеп түсінігімен танысып алуымыз қажет. Бұл бухгалтерлік есептің ерекшеліктерін жақсы білуге, оны толығымен және тереңірек меңгеруге мүмкіндік береді.
Кең мағынасында алғанда шаруашылық есеп, өзінің аты да көрсетіп тұрғандай, тағамға, киімге, түрғылықты жерге қажеттіліктерді және т.б. қанағаттандыру үшін аса қажет материалдың игіліктерді өндіру және таратуды түсіндіретін өндіріс орнының есебі, халық шаруашылығының шаруашылық қызметінің есебі.

Файлы: 1 файл

Бухучёт курсовой.docx

— 69.95 Кб (Скачать файл)

Осы санаттардың жіктелуі бухгалтерлік есеппен жү-зеге асырылады. Бухгалтерлік есепте көрсеткіштерді жалпылау және топтастыру үшін статистика мен эконо-микалың статистика теорияларында оқытылатын статис-тикалық әдістер пайдаланылады. Дәстүрлі бухгалтерия ереже бойынша орын алган фактілерді зерттейді. Есеп жоспар қүру үшін және оның орындалу барысына бақы-лау жасау үшін ақпаратпен ңамтамасыз етіледі. Демек, жоспарлау да бухгалтерлік есеппен өте тығыз байла-нысты.

Қаржы - экономикалық пән. Ол "бюджет", "қаржы-ландыру", "күрделі салымдар", "салықтар" және т.б. түсініктердің табиғаты мен мәнін ашады. Бүл санаттар бухгалтерлік есеп объектілерін оқуда өз көрінісін табады.

Заң ғылымдары шаруашылың процестерімен шү-ғылданатын түлғалардың қызметтерін бақылаумен, осытүлғалар қабылдаған шешімдердің заңдылығына бақы-лау жасаумен айналысады.

Бухгалтерлік есеп гылым ретінде экономикалық жөне заң ғылымдары арасындағы байланыстырушы буын ре-тінде қызмет атқарады.

Бухгалтерлік есепті зерттеу үшін оның термино-логиясына тереңірек үңілуіміз керек. Бухгалтерлік есеп шаруашыльщ процестері туралы ақпараттар беретін тіл сияқты бір ғажайып қүбылыс. Бухгалтерлік сөз тіркес-терін түсіну үшін тіл білу, филология туралы түсінікте-ріміз болуы керек. Математика - есепті тәжірибе жүзінде жүргізу қүралы, ол бухгалтерге тек қана арифметикалық амалдарды орындау үшін ғана емес, сонымен қатар қан-дай да бір таза бухгалтерлік модельдерді ңүру үшін де ңажет болады. Атақты математик Лука Пачоли бух-галтерлік есепті қолданбалы математиканың жеке бір саласы ретінде қарастырды.

Кездейсоқтыңтар теориясы бухгалтерге өте қажет, өйткені ол фактілерді тіркеуге алу кезінде туындайтын қателіктердің кездейсоқтылығын бағалауға, ғылыми негізде оған таңдаулар жүргізуге мүмкіндік береді.

Кибернетика - басқарудың неғұрлым жалпы заңды-лықтары туралы ғылым. Ол бухгалтерге басқарушылық шешімдер қабылдау мақсатында керек болады.

Бухгалтерлік есеп өзінен туындайтын гылыми пән-дерге тікелей ықпал етеді.

Экономикалық талдау (XX ғ. 20 жж. бухгалтерлік есептен бөлініп шыққан пән) барлық есеп жүмысының логикалық қорытынды жасаушысы болып табылады, ол ең алдымен бухгалтерлік есептің деректері мен мәліметтеріне сүйенеді.

Аудит - бухгалтерлік есепті тексерумен байланысты әдістерді, қолданыстағы заңдылықты сақтауды, шаруа-шылың қызметтің мақсатты бағыттылығы мен тиімділігін зерттейді.

Соттың-бухгалтерлік сараптама - экономикалық-қү-ңықтық бақылау жасау сипатындағы пән, ереже бойын-ша, лауазымды түлғалардың жүмысына сараптама соттың шешімімен және қауіпті тәртіп бүзушылықтар анықталған жағдайда жүргізіледі.

Бухгалтерлік есеп информатикамен де өте тығыз бай-ланысты. Қазіргі заманғы бухгалтерлік есеп есептеу тех-никасынан бөліп қаралмайды, өйткені бухгалтер есептің үйымдастырылу қағидалары мен техниканы пайдалану мүмкіндіктерін толық білуі тиіс.

Өзінің тәжірибелік жүмысында бухгалтер ойлау, психология, библиография, этиканегіздерінбіліп, іскер-лік хат-хабармен жүмыс істей білуі керек. Бухгалтерлік есептің басқа да ғылымдармен байланысы экономикалық қызметтің ойдағыдай үйымдастырылуының алғы шарты болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.9. Бухгалтерлік мамандықтың  сипаттамасы

Қазіргі уаңытта, нарыңтың экономикаға көшу жағ-дайында бухгалтер мамандығы басңа мамандыңтармен салыстырғанда айтарлықтай беделді және жоғары бағаланатын мамандық болып отыр.

Бухгалтер маман экономикалық-математикалық әдіс-терді басқарудың қазіргі заманғы модельдері мен тех-никалың қүралдарын пайдалана білуі керек; мамандық бағыты бойыншаіылыми-зерттеулер жүргізе алуы керек; алынған нәтижелерді жинақтап, талдау жасай білуі керек; экономикалың ақпараттарды іздеудің үтымды жолдары мен тәсілдерін білуі және пайдалана алуы ке-рек. Тәжірибелік дагдылармен үштастыра отырып кәсіби пәндерді терең тану бухгалтердің жоғары біліктілігін қамтамасыз етеді. Аса білгір және тәжірибелі бухгалтер әрңашан экономист, талдау жасаушы, банк ңызметкері және ңаржыгер мамандары ретінде де жемісті еңбек ете алады деп атап өткеніміз жөн.

Бухгалтер бухгалтерлік есеп және аудит, талдау, салың салу, ңаржы-банктік қызмет, азаматтың ңүңық, бухгалтерлік есептің қазаңстандық және халықаралық нормалары мен стандарттары салаларында өзінің көсіби білімділігін жаңартып отыруы тиіс. Ол өзінің кәсіби өкілеттілігі мен дайындығын Қазаңстан Республикасы-ның Кәсіби бухгалтерлер мен аудиторлар институты арңылы кәсіби бухгалтер біліктілігін алуға сертифика-циядан өту жолымен растауына болады.

Бухгалтер келесі моральдық нормалар мен кәсіби этиканы білуі шарт:

• Объективтілік;

• Тәуелсіздік;

• Өкілеттілік және ақиңаттылық.

Бухгалтер объективті түрде барлық туындайтын оңиғалар мен өзінің өкілеттілігі шегіне кіретін сауалдар бойынша наңты фактілерді қарастыруы керек. Ол өзінің жеке басының тарапынан болатын қысымдардың оның қызметінің нәтижесіне әсер етуіне жол бермеуі керек.

Тәуелсіздік бухгалтердің нақты және объективті түрде қызмет етуін білдіреді: қандай да бір жағдайлардан кәсіп-орынның тәуелсіз істерінің шынайы жағдайын көрсету; бухгалтерлік есеп жүргізуді және қаржылық нәтижелер қүруды тек Қазаңстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есеп беру туралы заңына сүйене отырып қана жүргізу.

Өз кызметіндегі өкілеттілігі мен ацицаттылыгы -бүл бухгалтердің кәсіби қызметіндегі жетістіліктің негізі. Егер бухгалтер қандайда бір мәселелерге қатысты өкілетті емеспін деп сезінсе, онда ол көсіпорынның басшылығына бүл жайында жасырмай айтуы керек және осы қызметке көмекке негүрлым өкілетті маманды шақыруы тиіс. Әрбір бухгалтердің өз міндеттеріне мү-қият және қатал қарауы, бекітілген бухгалтерлік стан-дарттарды қадағалауы, өз білімінің әр кезде жогары дең-гейде болуын ңолдауы және өзінің кәсіби шеберлігін үнемі жетілдіруі алдына қойылган ең басты мақсаттар деп айтуға болады.

4. Бухгалтерлік есеп шоттары және екіжақты жазу

4.1. Шоттар, олардың мазмүны  мен құрылуы

Баланс шаруашылық қүралдары мен олардың ңүрылу көздері жағдайының - белгілі бір сәтке жалпы көрінісін береді.

Алайда, бүл жеткіліксіз. Кәсіпорынның шаруашыльщ қызметін оңтайлы басқару және баңылау үшін шаруа-шылық ңүралдары мен олардың құрылу көздерінің жеке топтар бойынша агымдағы егжей-тегжейлі аңпараттары керек.

Әрбір көсіпорында бір айдың ішінде көптеген шаруа-шылық әрекеттері орындалады, сондьщтан шаруашы-льщ процестерінің нәтижелері туралы мәліметтерді алуымыз керек. Ал мүндай деректер күнделікті ңажет болып түрады.

Осындай мәліметтерді бухгалтерлік есепшоттардың көмегімен ңамтамасыз етеді.

Бухгалтерлік шоттар - бүл ағымда есепке алу үшін кәсіпорынның шаруашылық ңүралдарының, олардың ңүрылу көздерінің және шаруашыльщ процестерінің қүрамында болып жататын өзгерістерді ақшалай және заттай бірліктерде әкономикалың жағынан топтастыру әдісі.

Шот - бүл сонымен ңатар есеп беру үшін ақпараттарды жинақтаушы.

Әрбір шоттың атауы онда шаруашылың ңүралдары мен олардың ңүрылу көздерінің қандай топтары есепке алынатындығына байланысты, мысалы: "Касса", "Есеп айырысу шоты", "Жарғылың капитал" және т.б.

Бухгалтерлік шотты сызба түрінде екі жаңты кесте ретінде көрсетуге болады, сол жағын "Дебет" (Дт), ал оң жағын "Кредит" (Кт) деп атайды. Бүл үғымдар тарихи түрде Италияда дүниеге келген (латын тілінен сіеһеі; - ол бересі, сгесііі; - ол сенеді деген мағыналар береді), бірақ есептің дамуымен олар өздерінің бастапңы мағыналарын жоғалтқандықтан, олардың қолданылуы шартты болып табылады. "Дебет" және "Кредит" үғымдары шаруашы-лық әрекеттерін жүргізу барысында әр түрлі бухгалтер-лік есепшоттарының өзара байланыстылығын көрсету үшін пайдаланылады.

Бухгалтерлік есепшоттарында қалдыңтарды белгілеу үшін "Сальдо (қалдық)" (шот ңалдығы) үғымы қолда-нылады.

Бухгалтерлік шоттың нысаны мынадай:

Осы сызбаны пайдалана отырып, шоттарда өрекет-терді жазу үшін оларда тек қана әрекеттердің нөмірі мен сомасын ғана көрсетеміз.

Шоттар шаруашылың қүралдары мен олардың қү-рылу көздерінің жагдайы, яғни қалдығы, кірістелуі мен шығысталуы туралы сипаттама беруге болатындай етіп қүрылады.

Барлық шоттардың қүрылуы бірдей, біраң шоттарда дебет пен кредиттің мағыналары мен жазбалардың мазмүны әр түрлі болып келеді. Ол шоттардың нені есепке алатындығынабайланысты: шаруашылың ңүрал-дары немесе олардың қүрылу көздері.

Балансқа ңатысы бойынша бухгалтерлік есептің бар-лың шоттары активті және пассивті болып бөлінеді. Сөй-тіп, шоттардағы жазбалардың екі сызбасын көрсетуге болады.

Активтік шоттар - бүл шаруашылық қүралдарының қүрамы, орналастырылуы және қүралдардың пайда-ланылуы (қүралдар мен шығындар) көрсетілетін шоттар. Пассивтік шоттар - бүл шаруашылық қүралдарының қүрылу көздері мен ңаражаттардың маңсатты бағыт-талуы көрсетілетін шоттар (қүрылу көздері мен табыс-тар).

Активті шоттардағы жазбалар сызбасы мынадай:

Активтік шоттардың дебетінде қалдығы мен шаруа-шылық қүралдарының көбеюі (немесе шығындар), ал кредитінде - есепке алынатын объектілердің азаюы көрсетіледі. Бухгалтерлік есепшоттарында жазылған өрекеттер сомасы айналым деп аталады. Шоттың дебеті бойынша сомасы тиісінше дебеттік айналым, ал кредиті бойынша сомасы кредиттік айналым деп аталады. Шар-уашылық өрекеттерін жүргізудің соңғы ңалдығы мы-надай формуламен аныңталады:

Сқ = Бқ + Д. айн. -К. айн.,

Мүндағы:

Д. айн. - дебет бойынша айналым;

К. айн. - кредит бойынша айналым.

Активтік шоттағы қалдың тек қана дебеттік немесе нөлге тең болуы мүмкін.

Пассивті шоттағы жазбалар сызбасы:

Пассивтік шот

Шот

Пассивтік шоттардың кредитінде қалдығы мен объек-тілердің көбеюі, ал дебетінде азаюы көрсетіледі. Шаруа-шылың өрекеттерін жүргізудің соңғы қалдығы келесідей формуламен анықталады:

Сқ = Бқ + К. айн. - Д. айн.,

Пассивтік шоттардағы ңалдың тек қана кредиттік немесе нөлге тең болуы мүмкін.

Активтік және пассивтік шоттар бухгалтерлік есеп шоттары жүйесінің негізін ңүрайды.

4.2. Екі жақты жазу

Өзінің экономикалың табиғаты бойынша кез келген шаруашылық өрекеті міндетті түрде екіжақтылығымен және өзара байланыстылығымен сипатталады. Осы қасиеттерін жөне бухгалтерлік есепте шаруашылық өре-кеттерін шоттарда жазуға бақылау жасау жөне сақтау үшін екі жаңты жазу әдісі қолданылады.

Әрбір шаруашылың әрекеті екі жақты жазу әдісінің көмегімен бір шоттың дебеті және екінші шоттың кре-дитінде көрсетілетін екі жақты өзара байланысты өзге-рістерді тудырады. Сондыңтан, өрекеттер жазылған шот-тардың арасында өзара байланыстылық туындайды. Бұл байланыстылық бір гана шаруашылың әрекетін екі өзара байланысқан өзгерістерді көрсете отырып, бір шоттың де-бетімен жөне екінші шоттың кредитімен сәйкестенді-ріледі.

Екі жаңты жазу дегеніміз - әрбір шаруашылық әре-кетін есепке алу нәтижесінде бухгалтерлік есеп шотта-рында екі рет: бірдей сомага бір шоттың дебетінде жөне сонымен бірге өзара байланысты екінші шоттың креди-тінде жазу.

Екі жақты жазу өдісімен шоттар корреспонденциясы және бухгалтерлік жазбалар сияқты үғымдар тығыз бай-ланысты.

Шоттар корреспонденциясы - бұл екі жақты жазу өді-сі кезінде туындайтын шоттар арасындагы өзара тығыз байланыстылық, мысалы: "Кассадағы аңшалар" жөне "Есеп айырысу шотындағы аңша" немесе "Жүмысшы-лармен төлемақы бойынша есеп айырысу" және "Касса-дағы аңша" немесе "Шикізат пен материалдар" мен "Жабдыңтаушылар" жөне т.б.

Корреспонденция өрбір жазбада корреспонденцияла-натын шоттарды жазу жолымен түсіндіріледі. Әрекетті шоттың дебетіне жазу кезінде онымен кредиті бойынша корреспонденцияланатын шоттың атауы белгіленеді. Керісінше, әрекетті шоттың кредитіне жазу кезінде оны-мен дебеті бойынша корреспонденцияланатын шоттың атауы көрсетіледі.

Бухгалтерлік жазба - бүл тіркеуге жататын шаруашы-лың өрекетінің сомасына дебеті мен кредиті бойынша бір мезгілде жазба жасалатын кездегі шоттар корреспон-денцияларын ресімдеу.

Мысалы: Есеп айырысу шотынан кассаға ағымдағы шығындарға 500000 теңге көлемінде ақша келіп түсті.

Осы өрекетті бухгалтерлік есепшоттарында көрсету үшін осы шаруашылық өрекетіне қатысушы шоттар біртіндеп аныңталады. Мұнда өзінің мазмүны бойынша көрініп түрғанындай, екі шот ңатысады: "Кассадағы ақша" және "Есеп айырысу шотындағы ақшалар" шот-тары. Одан кейін шоттардың активтілігі мен пассивтілігі анықталады. "Кассадағы ақша" - активтік шот, касса-дағы ақшалай қаражаттардың бар болуын көрсетеді. "Есеп айырысу шотындағы ақша" - активтік шот, банк-тегі есепшотта ақшалай қаражаттың болуын көрсетеді.

Тиісінше, шаруашылық өрекетін бірдей 500000 теңге сомасында "Кассадағы аңшалар" шотының дебетіне жене "Есеп айырысу шотындағы ақша" шотының кредитіне жазады. Бүл жазба былай болып жазылады:

Дебет - "Кассадағы ақша" шоты. Кредит - "Есеп айырысу шотындағы ақша" шоты -500 000 теңге.

Информация о работе Бухгалтерлік есеп және оның маңызы