Инновациалық менеджменттің теориялық негіздері және инновациялық қызметті мемлекеттік реттеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2014 в 09:09, реферат

Описание работы

Инновациялық менеджмент - дәстүрлі емес басқарушылық шешімдерді құрастыру және жүзеге асыру нәтижесінде өндірісте өнімнің әртүрлі қасиеттерінің (бағдарламалық-өнімдік, технологиялық, ақпараттық, ұйымдастырушылық, басқарушылық және т.б.) жаңа оң сапасына қол жеткізуге бағытталған басқарушылық қызмет.
Инновациалық кәсіпкерлік - техника-технологиялық жаңалықтарды құру және коммерциялық пайдалану процесі.
Инновациялық жоба:
1. Қандай да бір мақсаттарды жүзеге асыруды қамтамасыз ететін қандай да бір әрекеттердің жиынтығын қарастыратын іс, іс-әрекет, шара;
2. Қандай да бір әрекеттерді жүзеге асыруға қажетті

Содержание работы

1-ші Бөлім. Инновациалық менеджменттің теориялық негіздері және инновациялық қызметті мемлекеттік реттеу
1.2. Инновациалық жоба: түсінігі, түзу мен жүзеге асырудың негізгі кезеңдері
1.3. ҚР-да инновациялық қызметті мемлекеттік реттеу

Файлы: 1 файл

Курс жумыс.docx

— 135.74 Кб (Скачать файл)

Кіріспе

 

1-ші Бөлім. Инновациалық менеджменттің теориялық негіздері және инновациялық қызметті мемлекеттік реттеу 

1.2.  Инновациалық жоба: түсінігі, түзу мен жүзеге асырудың негізгі кезеңдері                                                                     

1.3. ҚР-да инновациялық қызметті мемлекеттік реттеу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Анықтамалар

Инновациялық менеджмент - дәстүрлі емес басқарушылық шешімдерді құрастыру және жүзеге асыру нәтижесінде өндірісте өнімнің әртүрлі қасиеттерінің (бағдарламалық-өнімдік, технологиялық, ақпараттық, ұйымдастырушылық, басқарушылық және т.б.) жаңа оң сапасына қол жеткізуге бағытталған басқарушылық қызмет.

Инновациалық кәсіпкерлік - техника-технологиялық жаңалықтарды құру және коммерциялық пайдалану процесі.

Инновациялық жоба:

1. Қандай  да бір мақсаттарды жүзеге  асыруды қамтамасыз ететін қандай  да бір әрекеттердің жиынтығын  қарастыратын іс, іс-әрекет, шара;

2. Қандай  да бір әрекеттерді жүзеге  асыруға қажетті 

Өндірістік кәсіпкерлік – нарықтық экономика субъектілерінің, болашақта тұтынушыларға сатуға арналған тауар өндіру, жұмыстарды атқару және қызмет көрсетуге бағытталған экономикалық белсенді әрекеті.

Инновация – өнімнің жаңа түрлерін, жаңа технологиларды, ұйымдастыру формаларын түзу, құрастыру және таратуға бағытталған әрекет.

Инновацияның диффузиясы – уақыт бойында ол арқылы жаңалық коммуникациялық каналдар арқылы әлеуметтік жүйе мүшелері арасында жеткізілетін процесс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қысқартулар мен белгілер

 

ҚР – Қазақстан Республикасы

ЖҰӨ - жалпы ұлттық өнім

ҒТП – ғылыми-техникалық прогресс

ИП - инновациалық процесс

ЖЕ - жаңалық енгізу

ФЗ - фундаменталды зерттеу

ИСО 9004, ИСО-9000 және 14000 - сапаны басқарудың жүйелері

ТМД – тәуелсіз мемлекеттер достастығы

ӨСБ КЖ - өнімнің сапасын басқарудың кешендік жүйесі

ТЭН - техника-экономикалық негіздеу

ҒЗТКЖ – ғылыми-зерттеу және тәжрибелік-конструкторлық жұмыстар

ӘСҰ - әлемдік сауда ұйымы

АЭА – арнайы экономикалық аймақ

ЕврАзЭҚ – Евразиялық экономикалық қауымдастық

АҚШ – Америка Құрама Штаттары

ТМҚ – тауарлық-материалдық қорлар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Қазақстанда соңғы онжылдықтарда нарықтық механизмдерге негізделген экономикалық қатынастарға өтуге байланысты түпкілікті өзгерістер болды. Бірақ, жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өтудің ғылыми және экономикалық негізделген модельдің жоқтығы және реформаларды жедел жүргізу себебінен, жүргізілген шаралар елдің әлеуметтік экономикалық дамуында толық көлемде күткендей нәтиже бермеді. Мысалы, экономиканың шикізаттық тәуелділігі шикізат бағасының тұрақсыздығы кезеңіндегі белгілі макроэкономикалық эффект арқылы байқалды, яғни шикізат экспортынан түскен ауқымды тұрақты валюта түсімдері ұлттық валютаның жасанды өсуіне әкеліп соқтырады, ал отандық тауар өндірушілердің қарқындап өсуші импортпен бәсекелесуге қауқары жетпейді. Сонымен, соңғы онжылдықта ҚР-да шикізаттық емес салалардың үлесі 3-6 есеге азайды, керісінше орны толмас табиғи ресурстарды өндіру ұлғайды – мұнай, газ бен қара және түсті металл рудаларын. Елдің инвестициялық саясатының шикізаттық бағыты өнеркәсіпте қалыптасқан диспропорцияны одан ары тереңдетті.

Сонымен қатар әлемдік өңделмеген шикізат нарығы тұтынушы нарығы ретінде бағаланады, өйткені сатушы көп те, сатып алушы аз. Мамандардың есептеуі бойынша экспортерлер, орташа есеппен, экспорттаған тауарлар үшін батыс тұтынушысы төлеген соманың 25% ғана алады.

 Бұл  тығырықтан шығу жолы, бастапқы  шикізаттан ондаған және жүздеген  есе қымбат тұратын, жоғары технологиялық  бұйымдарды өндіруді ұйымдастыру.

Бұл үшін өндірістік секторды алғы ғылыми-техникалық жетістіктер негізінде технологиялық жаңарту (модернизациялау) керек.

Сондықтан, экономиканы дивесификациялау мен модернизациялау негізінде елдің тұрақты дамуын қамтамасыз ету, экспортқа бағытталған бәсекеге қабілетті өнімдерді шығаруға жағдай жасау мақсатында ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың бастауымен «2003-2015 ж.ж. елдің  индустриалды-инновациалық даму стратегиясы» қабылданды, оның шеңберінде ЖҰӨ-ді 2015 жылға 3,5 есе өсіру көзделген [2].

Нарық жағдайында өнеркәсіптік кәсіпорындарды жетістіктерді игеруге қомақты қаржыларды салуға мәжбүр ететін негізгі себеп, тіпті нарықта монополиялық жағдайды иемдену мүмкіндігі жоқ болса да, әрине, бәсекелестік болып табылады, онымен кез-келген технология беретін, өнім шығаратын немесе қандай-да бір қызмет көрсететін кәсіпорын бетпе-бет келуге мәжбүр. Кәсіпорындар мен компаниялар өз өнімдерінің бәсекелестік қабілетін сақтауды және табыс алуды өздері ойлауы керек. Яғни, олар нарық жағдайын, негізгі және мүмкін бәсекелестердің іс-әрекетін, қалыптасқан нарықтық тепе-теңдікті өзгертуге қабілетті жаңа ғылыми және технологиялық жетістіктердің пайда болуын қадағалап және болжап отырулары керек. Соңғысы 70-ші жылдардан бастау алатын, қазіргі ҒТП кезеңінде ерекше маңызға ие болды.

Бұл келесі себептерге байланысты:

  • өндірістің техникалық деңгейінің жоғарылауы;
  • жаңа техника және технологияларды құру, игеру мерзімдерін елеулі қысқарту қажеттілігі;
  • экономиканың барлық салаларында ҒТП қолдануға мүмкіндік беретін өндірісті дамытудың интенсивті факторларының күшеюі;
  • жаңа техника және технологияларды құру және енгізудің тиімділігін арттырудағы ғылымның анықтаушылық ролі;
  • жаңа өнімді игеру барысында кәсіпорындардың шығындарының көбеюі және экономикалық көрсеткіштерінің төмендеуі;
  • техника және технологиялардың жедел моральдық ескіруі;
  • жаңа техника және технологияларды өндіріске енгізуді жеделдетудің объективті қажеттілігі және т.б.

Жоғарыда аталған мәселелерді шешудегі приоритет инновациалық менеджмент еншісіне тиеді.

Инновациялық менеджмент дегеніміз дәстүрлі емес басқарушылық шешімдерді құрастыру және жүзеге асыру нәтижесінде өндірісте өнімнің әртүрлі қасиеттерінің (бағдарламалық-өнімдік, технологиялық, ақпараттық, ұйымдастырушылық, басқарушылық және т.б.)жаңа оң сапасына қол жеткізуге бағытталған басқарушылық қызмет.

Инновациалық менеджменттің негізгі міндеті – ғылым, техника, өндіріс және тұтынудың бірлігін, яғни инновациялық өнімге деген қожамдық қажеттілікті, қамтамасыз ететін, ұйымдастыру және басқару әдістерін қолдану нәтижесінде сандық және сапалық өзгерту арқылы,  инновациялық процесстерді басқару.

Бұдан басқа инновациалық менеджменттің негізгі міндеттерінің бірі кәсіпорындар мен компанилардың бәсекелестік қабілетін қамтамасыз ететін жаңалық енгізулерді ұдайы өндіріп және мақсаттық іздестіруді жүзеге асыратын орта қалыптастыру.

Инновациялық ортаның негізгі элементтері:

  • инновациялар, яғни ғылыми және ғылыми-техникалық нәтижелердің немесе интеллектуалдық еңбек өнімдерінің жиынтығы;
  • қандай да бір жаңалықтардың тұтынушысы болып табылатын, бәсекеге қабілетті тауар өндіруші;
  • тауар өндірушіні қажетті жаңалықтармен қамтамасыз етуге байланысты барлық жұмыстар кешенін қаржыландыруды қамтамасыз ететін, инвесторлар;
  • осы процесс барысында туындайтын мәселелерді шешуге мүкіндік беретін, инфроқұрылым (бизнес-инкубаторлар, технопарктер және т.б.).

Ұйымның инновациялық ортасына ерекше көңіл бөлінеді, оны қалыптастыруда, жалпыға танымал бәсекелестік қабілетті қаматамасыз ету құралымен  (маркетингпен) қатар, білімді алу процесін және осы білімді, нарықта сұранысқа ие, өнімге трансформациялау ерекше ролге ие болуда.

Жоғарыда аталғандар кәсіпорындар мен компанияларда, нарық жағдайында шаруашылық субъекттердің жоғары табысты қызметін қамтамасыз ету үшін, басқарудың экономикалық механизмін жақсарту мақсатында инновациялық менеджментті енгізу және жетілдіру мәселесінің актуалдығын айқындайды. Сондықтан аталған мәселе осы дипломдық жұмыстың тақырыбы ретінде таңдалды.

Жұмыста инновациялық менеджмент мәселесі компаниялар мен кәсіпорындар қызметіндегі дағдарыстық құбылыстардың және олардың нәтижесінде пайда болатын өзгеріс процесстерінің алдын алу және дұрыстау әдісі ретінде қарастырылады. Осыған сәйкес, жұмыста инновациялық менеджмент деп нарықтық экономиканың дағдарыс алды, дағдарыс және дағдарыстан кейінгі жағдайларында кәсіпорындар мен компаниялардың қызметінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қаржы- экономикалық және технологиялық сипаттағы шаралар жүесі түсініледі.

Нарықтағы кез келген өзгерістер әр уақытта тұрақты және оптималды жүйеге белгісіздік, айқынсыздық, тұрақсыздық енгізеді, оларды дағдарыстық жағдай деп қарастыру қалыптасқан. Ұзақ уақыт бойында басқару процесінде нарықтағы дағдарыс жағдайына осы жағдай пайда болғаннан кейін, яғни оның алдын алу мүмкін болмаған кезде, көңіл аудара бастайтын. Қазіргі кезде жетекші компаниялардың әрекетінде алдын алу стратегиясының басымдылығы байқалады.

Теориялық та, тәжрибелік те тұрғыдан инновациялық менеджмент объектісіне нақты анықтама беру өте маңызды. Мұндай қажеттілік оның жаңалық енгізуді басқару жүесінің негізгі элементі болғандығымен және, оның құрылымына, функцияларына, басқару әдістері мен құралдарына, сонымен қатар оның тиімділігін бағалау критерийлеріне негізгі әсер ететіндігімен айқындалады.

Бұл жұмыста инновациалық менеджменттің зерттеу объектісі ретінде нарықтың әлеуметтік, экономикалық және техникалық жүйелерінде жаңалықтарды енгізуді және нәтижесінде пайда болған өзгерістерді құрастыру, игеру және тарату мақсаттық бағытталған процесстері түсініледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Инновация туралы түсінік

Инновация – жаңа практикалық әдісті тарату және қолдануды құрудың комлекстік үрдісі немесе ғылыми-техникалық шешімнің, адамдардың, ұсыныстапдың, жаңа идеялардың тәжірибеге енуі, іске асырылуы және де соңында қолданылуы. Инновация туралы осындай көптеген түсініктемелер беруге болады. Инновация ұғымын бірнеше мағынамен түсіндіруге болады, бірақ та ең бастысы “инновация” мен “жаңалық” терминдерін айыра біліп, ол ұғымдардың мағынасын білу керек. Жаңалық қандай да қызмет саласында оның тиімділігін жоғарылату бойынша фундаменталды, қолданбалы, тәжірибелік жұмыстардың рәсімделген  нәтижесі болып табылады. Жаңалық мынадай түрлерде рәсімделеді: жаңалық ашу;  патенттер;  тауар белгісі ; рационализаторлық ұсыныстар;  жаңа немесе өндіріс процесі құжаттары; ұйымдастыру, өндіріс немесе басқа құрылымдар; ноу-хау;  ұғымдар; ғылыми тұрғыдағы принциптер; құжаттар (стандарттар, ұсыныстар, әдістемелер, нұсқаулар және т.б.); маркетингтік зерттеулердің нәтижелері және т.б. жаңалықты жасаудағы инвестиция – жұмыстың жартысы. Ең бастысы — жаңалықты енгізу, жаңалықты инновация формасына айналдыру, яғни инновациялық диффузияны жалғастыруға болады. Жаңалықты жасау үшін маркетингтік зерттеулер жүргізу қажет. Ал, инновация – жаңалықты енгізуде басқару обьектісін өзгерту мақсатында және экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, ғылыми-техникалық немесе басқа тиімділік түрлерінің соңғы нәтижесі. Яғни, жаңалықты ендіріп, іске асырылғанда инновация пайда болады. Қысқаша айтқанда, инновация – жаңалықты енгізудің нәтижесі.

Отандық  және шетелдік экономикалық әдебиеттерде “жаңалық” және “инновация” дегенге әр түрлі категорияларда түсіндірулер кездеседі. Кей жағдайларда бұл түсініктер  синонимдер секілді қолданылады, бірақ айқын айырмашылықтар бар. «Жаңалық»-деген айқын жаңалыққа мінездеме береді, тап мұнда түсінік «ойлап табу» деген ұғымға таяу.

“Жаңалық енгізу”- бұл жаңа техника мен технологияны меңгеру, басқару мен ұйымдастырудың жақсарған әдістері.

Инновация – бұл іздеуге, жасауға және жаңа бұйым түрлерін, технологияларын, таратуға бағытталған қызмет. Оның басқа да анықтамасы бар. Иновация –бұл жаңалық енгізудің жалпы процессі, адамдардың қажеттілігін қанағаттандыру үшін қолданылатын және таратылатын жаңалық , қоғамның даму әсеріне байланысты ауысып отырады.

Фирма жүйесінің “кірісі” сияқты сатушылардың тез енуіне, инновациялық формаға өтуде, өзінің енгізу үшін уақытын күтіп, жай жинақталу жаңалығы болады. Фирманың  “шығысында” тауарлар сияқты тек жаңалық болады. ҒЗТКЖ стратегиялық маркетинг процесі бойынша өндірістің ұйымдастыру – технологиялық дайындығының, жаңалықты рәсімдеу және өндіру, оларды басқа салаларға таратуды (диффузия), инновациялық қызметті айтады.

Инновацияның жіктелуінің негізгі критерийлері болуы қажет:

а) талдау және кодтау үшін ескерілетін классификациялық жинақтаудың кешенділігі;

б) критерийді анықтаудың сандық (сапалық) мүмкіндігі;

в) ұсынылған жіктелу белгілерінің ғылыми жаңалығы;

Инновация және жаңалық портфелін қалыптастыру барысында тауардың бәсекеге қабілеттілігін талдау нәтижесі негізінде ұйымдардың ұйымдастыру, әлеуметтік, техникалық, қаржылық жағдайын, оның бәсекелестік мүмкіндігі ұйымның қызмет және кешенді даму саясаты қалыптасады. Ұйымның саясаты – басты жолы, қандай да бір қызмеи саласында (техникалық, экономикалық, әлеуметтік, сыртқыэкономикалық және т.б.) ұйымдардың басшыларымен өткізілген стратегиялық шама жүйесі болып табылады.Кез-келген саясаттың негізі жаңалығы, яғни инновацияны ендіру болып табылады.  Ұсыныстар бойынша орындалған жұмыс негізінде ұйымның инновация және жаңалық портфелі қалыптасады. Инновация портфелі ұйымда енгізуге жататын (кіргізуге) жеке еңбектер мен сатып алынатын өзінше кешенін жаңалық тізімін көрсетеді. Осылайша, стратегиялық маркетинг ісінің әдістері мен ғылыми тұрғыда келу негізінде тауарлардың бәсекеге қабілеттілігі, нормативтері ұйымдардың жаңалық және инновация портфелінде жасалған.

Инновация жіктелуін қарастыруда жаңалық санын алынатыны және жеке жасалған болу мүмкіндігі айтылған, ал жаңалықты ендіру нәтижесі  сияқты тек ұйымда іс жүзіне асырылуы мүмкін. Инновация сатылмайды, жаңалық инновацияда тұтыну саласында оларды айналдыруүшін сатылады.

Информация о работе Инновациалық менеджменттің теориялық негіздері және инновациялық қызметті мемлекеттік реттеу