Инновациалық менеджменттің теориялық негіздері және инновациялық қызметті мемлекеттік реттеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2014 в 09:09, реферат

Описание работы

Инновациялық менеджмент - дәстүрлі емес басқарушылық шешімдерді құрастыру және жүзеге асыру нәтижесінде өндірісте өнімнің әртүрлі қасиеттерінің (бағдарламалық-өнімдік, технологиялық, ақпараттық, ұйымдастырушылық, басқарушылық және т.б.) жаңа оң сапасына қол жеткізуге бағытталған басқарушылық қызмет.
Инновациалық кәсіпкерлік - техника-технологиялық жаңалықтарды құру және коммерциялық пайдалану процесі.
Инновациялық жоба:
1. Қандай да бір мақсаттарды жүзеге асыруды қамтамасыз ететін қандай да бір әрекеттердің жиынтығын қарастыратын іс, іс-әрекет, шара;
2. Қандай да бір әрекеттерді жүзеге асыруға қажетті

Содержание работы

1-ші Бөлім. Инновациалық менеджменттің теориялық негіздері және инновациялық қызметті мемлекеттік реттеу
1.2. Инновациалық жоба: түсінігі, түзу мен жүзеге асырудың негізгі кезеңдері
1.3. ҚР-да инновациялық қызметті мемлекеттік реттеу

Файлы: 1 файл

Курс жумыс.docx

— 135.74 Кб (Скачать файл)

Индустрия Министрлігінің жоспары бойынша технопарктердің біреуі Қарағандыда орналасады. Қазір бұл аймақ өнеркәсіптік өсу қарқыны бойынша елде екінші орын алады. Мұнда қуатты тау-кен-металлургия кешені және машина жасау кәсіпорындары орналасқан, бірнеше техникалық жоғары оқу орындары бар. Қарағанды кәсіпорындарында жинақталған, жаңа технологиялар көмегімен өңдеуге болатын, орасан зор қалдықтар да маңызды роль атқарады. Мысалы, Жезқазғанның металлургиялық заводтары Кеңес уақытында тауарлық өнімнің тек 5-6 түрін шығарды (мыс, қорғасын, мырыш және т.б.), ал қалдықтарды өңдеуді ескере отырып олардың санын 17-ге жеткізуге болады. Әрине, бұл Қарағандыдағы технопарктің қызметінің негізгі бағыты болады. Қазірдің өзінде Қазақстандық ғалымдар техногендік шикізатты өңдеудің бірнеше тиімді әдісін ұсына алады.

Екінші парктің орналасу орны – болжаммен Атырау. Оның ерекшелігі, әрине, - мұнай-газ саласына инновациялар. Біздің елде үш ірі мұнай өңдеу зауыты бар. Олардың барлығы отын циклы бойынша жұмыс істейді, яғни бензин, керосин және дизель отынын шығарады. Сонымен қатар, қазақстандық мұнай құрамында ванадий көп – арнайы болаттың негізгі компоненттерінің бірі (мысалы, танк броны). Егер де мұнайдан парафин алуды ұйымдастыруға қол жеткізілсе, онда республика үшін Қытай нарығы ашылар еді, онда бұл өнімге деген сұраныс жоғары.

Технопарк пайда болады деп болжанған үшінші қала Алматы. Бұл мегаполисте ғылыми жетістіктерге негізделген өндірістерді ұйымдастыруға қажетті барлық инфроқұрылымдар бар.

2004 жылдың 1-ші қазанынан бастап Президенттің «Ақпараттық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймақ құру туралы жарлығы күшіне енді. Бұл жобаны энергетика және минералдық ресурстар Министрлігі ұсынды. Бірақ оны ары қарай жүзеге асыру индустрия және сауда Министрлігіне тапсырылды. Өйткені индустрия және сауда Министрлігінің қарамағында Алматыда орналасқан, радиоэлектроника және байланыс Орталығы бар. АЭА-ты құру негізін осы Орталықтың ғылыми потенциалы құрайды. 1993 жылдан бастап Орталық компьютерлік техника және бағдарламалық өнімдер өндіруде, ұлттық спутниктік байланыс және тарату жүйесін құруда үлкен тәжрибе жинақтады. Бұдан басқа жоғары білікті қызметкерлер құрамы қалыптасты, олардың көпшілігі жастар. Соңғы факт өте маңызды, өйткені Қазақстандағы инновациялық қызметтің ең күрделі мәселелерінің бірі - кадрлар.

Қазіргі кезде ақпараттық технологиялар паркін салудың техника-экономикалық негіздеуі жасалып жатыр. Ол Алматы түбіндегі Алатау ауылында 340 гектар аумақта орналасады деп жоспарлануда. Біріншіден оның жарамды инфроқұрылымы бар, соның ішінде аэропорт. Екіншіден, дәл сол жерде ядролық физика Институты бірнеше жылдан бері табысты жұмыс істеуде -  жоғары технологиялардың тағы бір шоғырланған жері. Мамандардың пікірі бойынша «Арнайы экономикалық аймақтар туралы» Заңда қарастырылған жеңілдіктер жаңа паркке бюджеттен тыс көздерден кең көлемде инвестицияларды тартуға мүмкіндік береді.

Барлық салалардың өзара тығыз байланыстылығы жағдайында ақпараттық технологияларды дамыту тек отандық экономиканың топбастарлары – мұнай-газ және металлургия  салаларының ғана емес, биотехнология және кремний өнеркәсібі сияқты,  мүлде жаңа бағыттардың дамуына да ықпал жасайды.

Индустриалды-инновациялық стратегияның бірінші кезеңінің негізгі міндеті – ӘСҰ-на кіру процесін жандандыру. Қазір өнімдерді сапалық жақсартуға, қазақстандық кәсіпкерлер шығаратын тауарлар мен қызметтердің бәсекелестік қабілетін арттыруға бағытталған шаралар қолға алынуда. ҚР тез арада стандарттау және сертификаттау саласында түбегейлі реформаларға кірісуі керек. Олардың нәтижесі отандық кәсіпорындардың халықаралық сапа стандарттарына өтуі және техникалық реттеу саласында әлемдік тәжрибені қолдану болу керек.

Өкінішке орай, қазақстандық компаниылардың көпшілігі әлемдік нарықтарда бәсекелестікке дайын емес, егер, ұзақ уақыт валютаның төмендетілген курсымен, төмен энерготарифтермен, орта әлемдік деңгеймен салытырғанда төмен еңбекақыға кететін шығындармен қорғалып келген, өндірістер импорттық баждарды көтеруді және басқа жеңілдіктерді әлі талап етіп отырса, бұл басқарудың өте төмен тиімділігін және нарық жағдайында өміршеңдігін қамтамасыз ете алмайтындығын білдірсе керек.

Қазақстанның ЭСҰ-на кіру күні жақындаған сайын экономиканың тиімділігі мен өнімнің сапасын арттырудың маңызы артуда. Осыған қарамастан, қазіргі кезде 12 мыңнан астам кәсіпорындардың 116 ғана Мемлекттік сертификаттау жүйесінде өздерінің сапаны басқару жүйелерін сертификаттады, ал 94 кәсіпорында бұл жүйелер әлі құрылуда. Стандарттау, сертификаттау және метрология Комитетінде 13 мыңнан астам халықаралық стандарттар бар. Бүгінгі күнге олардың 288 ғана қолданыс табуда.

Қазір бүкіл әлемде өнімнің бәсекелестік қабілетін арттырудың негізгі факторы сапаны басқарудың ИСО-9000 және – 14000 жүйелері болып отыр. Жарты миллионнан астам компаниялар осы жүйе бойынша жұмыс істейді. Олардың көпшілігі - өз саларындағы әлемдік топбастаушылар, және әрине, олар әлемдік нарықта біздің кәсіпорындардың бәсекелестері. Сондықтан отандық тауар өндірушілер өздерінде халықаралық стандарттарға өту бойынша арнайы қызметтер құруды; халықаралық талаптарға сай стандарттар мен техникалық регламенттерді құруды; жаңа алғы технологиялар мен сапаны басқару жүйелерін енгізуді тез арада қолға алулары керек.

Бұл жерде ең маңызды мәселе қазақстандық заңдарды халықаралық заңдармен үйлестіру болуы керек, әсіресе стандарттау және сапаны басқару саласында.

Эксперттер таяу 12 жылда ҚР шікізат емес салаларын жетілдіру үшін қолайлы экономикалық ахуал сақталады деп есептейді, өйткені мұнай мен газды өндіру қарқынының жоғарылығы басқа салалардың даму қарқынының төмендеуін жауып кетеді.

Бұдан басқа, Қазақстан өнеркәсібінің экспорттық бәсекеге қабілеттілігі халықаралық және аймақтық стандарттарды енгізуге тікелей байланысы, бұл Бағдарламада қарастырылған. Табысты индустриалдық дамуда сыртқы экономикалық саясатты жандандыру үлкен роль атқару керек, соның ішінде ЕврАзЭҚ шеңберінде.

Бағдарламаны жүзеге асыру үшін ең маңызды мәселе – елдегі қолайлы инвестициялық ахуалды сақтап қалу.

Келесі аспект – бәсеклестікті ынталандыру, әсіресе ұлттық компанияларда. Бұл үшін, инновациялық қызмет тұрғысынан ұлттық компаниялардың жоспарларын қайта қарау қажет, өйткені олардың бірқатарлары құрамдас компаниялар құрады және тәжрибеде бәсекелестік ортаның аясын тарылтады. Және мұның қаншалықты маңызды екендігін талдау қажет.

Негізгі макроэкономикалық параметрлер, экономиканың бәсекелестік қабілетке жетуін қамтамасыз ететін, еңбек өнімділігі және капитал өнімділігі көрсеткіштері болып табылады. Бағдарламаны бюджеттен жыл сайын 260 млн. доллар мөлшерінде қаржыландыруды қамтамасыз ету бюджеттік комиссия қызметінің шешуші бағыты болуы керек.

Бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесінде нарыққа тауар ретінде шыға алатын жаңа технологиялар түзіледі, толық көлемді дайындық деңгейі жоғары ғылыми жетістіктерге негізделген өндірістерді құру жобалары дайындалады, олар Қазақстанның даму банкі, екінші деңгейдегі банктер арқылы, отандық немесе шетелдік инвесторларды тарту арқылы, қаржыландыру үшін, өндіріс жобасын, техника-экономикалық негіздеуді немесе бекітілген формадағы бизнес-жоспар түзуді қарастыру керек. Бағдарламаны жүзеге асыру ғылыми зерттеулерге бөлінген қаржылардың нақты қайтарымын арттыруға мүмкіндік береді, және республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Осы дипломдық жұмыс шеңберінде жүргізілген ғылыми зерттеулер келесі қорытындылар мен ұсыныстар жасауға мүмкіндік береді:

1. Инновациалық менеджменттің негізгі  міндеті – ғылым, техника, өндіріс және тұтынудың бірлігін, яғни инновациялық өнімге деген қожамдық қажеттілікті, қамтамасыз ететін, ұйымдастыру және басқару әдістерін қолдану нәтижесінде сандық және сапалық өзгерту арқылы,  инновациялық процесстерді басқару.

2. Қазіргі  уақытта инновациялық кәсіпкерліктің пайда болу қажеттілігін келесілер айқындайды:

- өндірістің  интенсивті факторларының күшеюі, олар ғылыми-техникалық прогрессті  экономикалық әрекеттің барлық  салаларында қолдануға ықпал  жасайды;

- жаңа  техниканы құру мен енгізудің  тиімділігін арттырудағы ғылымның  анықтаушы ролі;

- жаңа  техниканы құру, игеру мерзімін  елеулі қысқарту, өндірістің техникалық  деңгейін жоғарылату, ғалымдар мен  жаңашылдардың шығармашылығын жаппай  дамыту қажеттілігі;

- ғылыми-техникалық  өндірістің ерекшелігі, шығындар  мен нәтиженің белгісіздігі, зерттеудің  айқын көрінетін көп варианттығы, қатер және мүмкін теріс нәтижелер;

- жаңа  өнімді игеру барысында шығындардың  көбеюі және экономикалық көрсеткіштердің  нашарлауы;

- техника  мен технологияның жедел моральдық  ескіруі; жаңа техника мен технологияны  жеделдетіп енгізудің  объективті  қажеттілігі және т.б.

3. ҚР-да инновациялық қызметті дамыту үшін ел басшылығы мемлекеттік индустралдық инновациялық саясаттың негізгі принциптерін, жүзеге асыру бағыттары мен формаларын айқындайтын Қазақстан Республикасының 2007-2015 жылдарда индустриалды-инновациялық даму стратегиясын, оны жүзеге асыру Концепсиясы мен Бағдарламасын қабылдады, сонымен қатар 2006 жылы Қазақстан Республикасының «Инновациялық қызмет туралы»   заңы, 3 шілде 2006 жыл, қабылданды.

4. Жоғарыда келтірілген компанияның 2004-2007 жылдар аралығындағы өндірістік қаржылық қызметін талдаудың материалдары бірқатар қорытындылар жасауға мүмкіндік береді. Барлық есеп кезеңдеріндегі есептелген көрсеткіштердің жиынтығы бойынша компанияның қаржылық жағдайы өтпелі-тұрақты деп есептеледі. Динамикада (уақыт бойында) компанияның ахуалын тұрақты-дамушы деп сипаттауға болады.

Өндірістік-қаржылық тұрғыдан компания үшін ең табысты кезеңдер 2005 жылдың 2-ші және 3-ші тоқсандары болды деген қорытынды жасауға болады, жалпылама түрде ұдайы кіріс ақша ағымдарын өндірудің жылдық циклдарында олардың төмендеу тенденциясы байқалады.

Түсімге байланысты көрсеткіштерді зерттеу - өндірістік өзіндік құн және жалпы қаржылық нәтиже – ең жоғары үлестік көрсеткіштер 2004 жылы алынды деген тұжырым жасауға мүмкіндік береді.

Негізгі қызметпен байланысты емес кіріс-шығыс қызметтерді айқындайтын көрсеткіштерді талдау – бұл дивидендтер, проценттер және басқа да табыстар мен шығывндар – компанияның негізгі қызметке байланысты шығындары 2005 жылдан бастап табыстармен жабылатынын көрсетеді.

2007 жылы компания алатын таза табыстың күрт төмендеу тенденциясы айқын байқала бастады: 2005 жылмен салыстырғанда бірнеше есеге.

5. Қорытынды  қаржылық коэффициенттердің жиынтығы  бойынша келесі тұжырымдамалар  жасауға болады: ағымдық, мерзімдік, абсолюттік және мобілдік өтімділіктер өз мәндері бойынша нормативтік көрсеткіштерден асып түскен (олар инвестициялық компанияның қызметіне сай келеді деп есептеген жағдайда). 2004-2007 жылдар аралығындағы капитал құрылымының коэффициенттер тобы 31.12.2007 жылға компания капиталының құрылымында несиелік қаржылардың жоқтығын көрсетеді, мұны абсолюттік тұрақтылық деп те және компания жұмысындағы белсенділіктің, тәуекелдіктің жоқтығын көрсететін кері факт деп те қарастыруға болады.

Кезең бойында негізгі қаржылардың жаңару коэффициенті нормативтік деңгейден жоғары көтерілмеді. Сонымен қатар 2007 жылы жеделдетілген амортизациялау тенденциясы байқалды, мұны 31.12.2007 жылғы осы көрсеткіштің мәнінен көруге болады - 0,5398.

Кезең бойында қарыздың қамтамасыз етілу коэффициенті нормативтік деңгейден жоғары көтерілмеді.

6. Жүргізілген талдау және «Алекс» компаниясының өндірістік-шаруашылық қызметінің аналитикалық мәліметтері дағдарыстан шығуға және таяу болашақта қаржылық көрсеткіштерді күрт жақсартуға бағытталған бірқатар инновациялық шараларды құрастыруды қажет етеді.

«Алекс» компаниясының баланстары мен қаржылық есептері және олар бойынша қорытындыларды талдау бойынша 2004 және 2005 жылдары басқару шешімдері мен шаралары байыппен жүргізілген, олардың нәтижесі нақты қабылданатын компанияның жағдайлары болды және олар өзінің экономикалық көрсеткіштері бойынша дағдарыстан шыққанға дейін эталон бола алады деген бастапқы тезисті дұрыс деп есептеуге болады.

«Алекс» ЖШС АҚ басқарудың қалыптасқан ұйымдастырушылық құрылымын талдау бұл құрылымның кемшіліктері жеткілікті екенін көрсетті. Ол шектен тыс орталықтандырылған және икемділіктің жоқтығы компания міндеттерін шешуге мүмкіндік бермайді. Қызмететудің жаңа мақсаттарына байланысты пайда болған, ғылыми-өндірістік мәселелерді шешуді талап ететін, жаңа экономикалық жағдайлар бірлестіктің бағдарламаларын жүзеге асыру мерзімдерінің баяулауына әкеліп соқтырды.

Басқарушылық қызметке талдау жасалды, ол жыл сайын еңбеккерлердің қысқаратынын, кадрлар ағымдылығының жоғары екенін көрсетті. Жұмыстан кету, еңбеккерлердің кейбір категориялары бойынша, еңбекақының төмендігіне байланысты. Компанияның қаржылық жағдайының нашарлауы да жалғасуда, кредиторлық қарыз жоғары қарқынмен өсуде. Жалпы компанияның қаржылық-экономикалық ақуалы біршама нашарлағанын атап айтуға болады (осы жұмыстың екінші бөлімінде көрсетілгендей), және бұл белгілі деңгейде қалыптасқан басқарудың ұйымдастырушылық құрылымының жетілмегендігіне байланысты.

7. Ұйымдастырушылық құрылымды жетілдірудің жолдарының бірі ретінде, стратегиялық басқаруға бағытталған, диверсификацияланған ұйым моделі қарастырылды.

Нәтижесінде бас директордың қызметі жеңілдетілді, жоғарғы деңгейдегі басқару функциялары оның орынбасарлары арасында бөлінді, барлық деңгейде қызметті үйлестіру күшейтілді.

Ұсынылған басқару құрылымын енгізу үшін әкімшілік-басқару аппарытын жартылай қысқарту керек. «Алекс» ЖШС АҚ құрамына кіретін барлық бөлімшелер жаңа басқару құрылымы кезінде өндірістің динамикалық өзгеруі мен талаптарына бейімдірек болады.

Информация о работе Инновациалық менеджменттің теориялық негіздері және инновациялық қызметті мемлекеттік реттеу