Инновациалық менеджменттің теориялық негіздері және инновациялық қызметті мемлекеттік реттеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2014 в 09:09, реферат

Описание работы

Инновациялық менеджмент - дәстүрлі емес басқарушылық шешімдерді құрастыру және жүзеге асыру нәтижесінде өндірісте өнімнің әртүрлі қасиеттерінің (бағдарламалық-өнімдік, технологиялық, ақпараттық, ұйымдастырушылық, басқарушылық және т.б.) жаңа оң сапасына қол жеткізуге бағытталған басқарушылық қызмет.
Инновациалық кәсіпкерлік - техника-технологиялық жаңалықтарды құру және коммерциялық пайдалану процесі.
Инновациялық жоба:
1. Қандай да бір мақсаттарды жүзеге асыруды қамтамасыз ететін қандай да бір әрекеттердің жиынтығын қарастыратын іс, іс-әрекет, шара;
2. Қандай да бір әрекеттерді жүзеге асыруға қажетті

Содержание работы

1-ші Бөлім. Инновациалық менеджменттің теориялық негіздері және инновациялық қызметті мемлекеттік реттеу
1.2. Инновациалық жоба: түсінігі, түзу мен жүзеге асырудың негізгі кезеңдері
1.3. ҚР-да инновациялық қызметті мемлекеттік реттеу

Файлы: 1 файл

Курс жумыс.docx

— 135.74 Кб (Скачать файл)

 

нәтиже



                         үзіліс

 

 

                                   жұмсалған күш/инвестициялынған қаржылар


 

10-шы сурет. Технологияның даму қисығы (S-үлгілі)

Қолданылатын технологияның шегін білу артық шығындар шығармауға және уақытылы жаңа технологиялық шешімге дайындалуға мүмкіндік береді. Базалық технологиядан жаңа технологияға өту кезінде технологиялық үзіліс пен жылжу пайда болады, ол өндірісті елеулі қайта құру қажеттілігін туындатады. Әр ұйым жаңа технологияға өтудің өзіндік стратегиясын қалыптастырады.

Ұйымның табыстылығын қамтамасыз ету кезінде қарастырылған инновация түрлерін қолдану ретінде белгілі заңдылық бар: алдымен, әдетте, инновация-өнімдер ең жоғары табыстылық әкеледі, одан кейін – технологиялық инновациялар, және соңғы саты - өнімді модификациялау. Біраз уақыт өткеннен кейін өнімнің жаңа ұрпағына өту кезінде бұл сатылар қайталанады.

Өнімдік және технологиялық инновациялардың өзара байланысын И. Ансоффтың графиктерінен көруге болады [10]. Ол технологиялардың сұраныстың өмірлік кезеңдеріне қатысты өзгермелілігінің үш мүмкін деңгейін бөліп қарастырады: тұрақты, табысты және өзгермелі технологиялар.

 

Сату көлемі

                   Сұраныс


                 


                                       Технология


           


                                 Өнім    


                                


    Уақыт

 

11-ші сурет. Тұрақты технология

Тұрақты технология сұраныстың өмірлік кезеңі барысында өзгермейді. Оның негізінде жасалған және нарықта көптеген бәсекелес ұйымдар ұсынған өнімдер бір-біріне ұқсас және тұрақты технология сапсы және бағасы бойынша ғана ерекшеленеді. Нарықтың қанығуына жету барысында ұйымдар бұйымның жеке параметрлері мен конструкцияларын өзгерту арқылы тұрақты технологияны модификациялауды жүзеге асырады. Бұл кезде технология түпкілікті өзгермейді.

 

Сату көлемі

                                 Сұраныс                  


                                       


                                         Технология


 



                                  Өнім



Уақыт

                       

12-ші сурет. Табысты технология 

Табысты технология да ұзақ уақыт бойында өзгермейді. Бірақ, оның даму процесі көрсеткіштері жақсартылған және пайдалану аясы кеңейтілген, бір-бірін алмастырушы өнім ұрпақтарының кең түрлерін өндіруді қамтамасыз етеді. Өнімнің өмірлік кезеңінің қысқалығы, ие болған нарықтық позициясын ұстап қалу қажеттілігі ұйымның тұрақты инновацияларды игеруге ұмтылысының шарты болып табылады.

 

Сату көлемі

                  

               Сұраныс


                 



 


                                        Технология


 


 

                            


      Уақыт

 

13-ші сурет. Өзгермелі технология

Өзгермелі технология сұраныстың өмірлік кезеңі барысында тек өнімнің жаңа ұрпақтары ғана емес, бір-бірін алмастырушы базалық технологиялырдың да пайда болуын қарастырады. Технология ауыстырудың салдары, өнімді құру мен игеруге қарағанда, тереңірек, өйткені ол барлық алдыңғы ғылыми зерттеулер мен құрастырылымдарға,  ғылыми-техникалық және өндірістік персоналға, жабдықтарға жұмсалған инвестицияларды жоққа шығарады.

Тәжрибе көрсеткендей, жаңа технология ескі технологиядан мүлде өзгеше болған жағдайда, ұйым өте жиі өзінің, нарықта топ бастаған, бұрынғы қызмет сласынан бас тартуға мәжбүр болады.

Қазіргі кезде кез келген тұрақты қызмет істеп тұрған сала ұқсас технологиялардың диверсификациясы есебінен көзді ашып жұмғанша өзгермелі болып кетуі мүмкін. Сұраныстың өмірлік кезеңінің кез келген бөлігінде мұндай оқиғаның ықтималдығы жаңа технологияны пайдаланудың салдарын дұрыс бағалау негізінде басқарушылық шешімдерді қабылдауға қойылатын талаптарды күшейтеді.

 

1.3.  ҚР-да инновациялық іс-әрекетті мемлекеттік реттеу

 

Қазақстан Республикасының экономикалық жүесін реформалаудың алғашқы жылдары қоғамда жеке салаларды таңдамалы қолдау өндірістің төменгі деңгейінің бекіп қалуына және олардың шаруашылық жүргізудің жаңа шарттарына үйлесе алмауына әкеліп соқтыруы мүмкін деген пікір қалыптасты. Сонымен, орныға бастаған нарықтық күштер экономиканы қажетті құрылымдық қайта құруға өзі алып келуі керек еді. Сондықтан индустриалды-инновациалық саясат мемлекеттік кәсіпорындарды жедел жекешелендіру және өнеркәсіптік алпауыттарға шетел инвесторларын тартумен алмастырылды. Осындай стратегияның арқасында өнеркәсіп саласында өз кәсіпорындарының мәселелерін өздері шеше алатын меншік иелерінің жаңа тобы пайда болды. Ал мемлекет олардың қызметіне тікелей араласудан бас тартып, өз мүддесін нарықтық экономикаға тән, жанама реттеу әдістерімен қорғауға көшті.

Шетел инвесторлары, отандық кәсіпорындардың табиғи артықшылықтары бар, шикізат саласына үлкен қызығушылық танытты. Нәтижесінде қомақты инвестициялық ағымдар өнеркәсіпте оң құрылымдық өзгерістерді туындата алмады. Мысалы, 2007 жылы жалпы көлемі $ 4595,7 млн. шетел инвестицияларының $ 2 187,8 млн. тау-кен өндіру саласына, $ 993,7  млн. өңдеу өнеркәсібіне, $ 624,2 млн. металлургия өнерәсібіне, $ 987,1 млн. жылжымайтын мүлікпен операциялар саласына және с.с. бағытталды. [1-ші қосымша].

Әлемдік тәжрибе индустриалды-инновациалық бағдарламаларды құрудың ең кемінде екі жолы бар екенін көрсетеді. Бірінші жолдың мәні экономикалық даму мен құрылымдық өзгерістердің локомотиві бола алатын стратегиялық маңызды салаларды таңдаулы мемлекеттік қолдауға саяды. Өндірушілерге өндірісті жетілдіруге және жаңа өндіріс салаларының пайда болуына ықпал жасайтын өнімді игеру және өндіруді ұлғайту міндеті жүктеледі. Ал мемлекеттің, шаруашылық субъектілердің іскерлік белсенділігіне тікелей ықпал жасайтын, ақша-несиелік, кедендік және тарифтік, сонымен қатар инвестициялық саясаты таңдалған экономика салаларын қолдау бойынша, елдің ұлттық мүддесіне бағындырылады. Әрине, таңдалған саларды қолдауға көп көңіл бөлу тек басымдылықтарды дұрыс анықтауды ғана емес, елеулі әкімшілік күшті де қажет етеді. Сондықтан, мұндай жолмен индустриалды-инновациялық бағдарламаны тиімді жүзеге асыру, тек сауда-экономикалық және өндірістік қатынастарды реттеуде мемлекеттің ролі күшті елдерде ғана мүмкін.

Екінші жолға сәйкес, барлық өндірушілер үшін, өнеркәсіпті инновациялық технологияларға ауыстыруға бағытталған, бірыңғай мемлекеттік қолдау шаралар жүйесі құрастырылады. Онда экономиканың құрылымын жақсартудағы жетекші роль жеке компаниялардың үлесіне тиеді, ал мемлекет нарықтағы кәсіпорындардың әрекетіне ешқандай қысым көрсетпей, қолда бар құралдардың көмегімен бұл процесске қажетті бағыт беріп отырады.

Егер екінші жолды ұстанса, индустриалдық бағдарламаның негізі, инвесторларды жаңа және белгілі деңгейде қатерлі жобаларға қаржы салуға ынталандыратын, преференциялар мен жеңілдіктерді анықтау болады. Бұл оңай міндет емес, өйткені экономиканың жеке салаларында инвестициялық ахуалды жақсартуды қарастырады. Сондықтан құжатты құрастыру кезеңінен бастап ұлттық экономиканың ерекшеліктерін ескере отырып, әр саланың инвестициялық тартымдылығын бағалау қажет. Бұл кезде жалпы жағдайдың жақсаруына қарамастан, өңдеуші өнеркәсіп саласының, әсіресе ғылыми жетістіктерді қажет ететін өндіріс салаларының, тартымдылығы төмен болатынын ескеру қажет. Мұндай жағдайда мемлекеттің қатысуынсыз экономиканы құрылымдық жаңартуда елеулі жетістіктерге жету мүмкін емес. Инвестициялық іс-әрекетті жандандыру шаралары жобаларды іске асыру кезеңінде қатерлердің жеке және мемлекеттік секторлар арасында тең бөлінуін есекеру керек және еш уақытта негізгі қорларды жаңарту және өндірісті инновациялық даму жолына аударуды ынталандыруды төмендетпеу керек.

Қалыптасқан жағдайда Қазақстан Республикасында жаңа индустриалдық саясат – ғылыми жетістіктер негізінде, бәсекелестік қабілеті жоғары өнім өндіруді ынталандыру арқылы өндірістің салалық құрылымындағы өзгерістерді жеделдетуге бағытталған шаралар кешенін - құру қажеттілігі бар. Осы анықтамаға сәйкес, индустриалдық саясатқа дайындық нарық және шаруашылық субъектілері арасында бәсекелестіктің дамуы жағдайында өндірістік секторды мемлекеттік басқарудың негізгі жолдары мен принциптерін анықтаудан басталуы керек.

Осы тұрғыдан ел басшылығы елдің экономикасын инновациялық жолмен дамытуды қамтамасыз ететін бірқатар шараларды қабылдады:

  • 1999 жылы Қазақстан Республикасында  инновациялық қызметті дамыту Концепциясы мақұлданды (Қазақстан Республикасы Үкіметі отырысының № 19 қаулысы. 20 шілде 1999 жыл.);
  • 2001 жылы Қазақстан Республикасының  инновациялық даму Бағдарламасы бекітілді (Қазақстан Республикасы Үкіметінің    №617 қаулысы. 10 мамыр 2001 жыл.), Қазақстан Республикасының «Ғылым туралы»   заңы, 9 шілде 2001 жыл, қабылданды, онда инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы бап бар;
  • 2002 жылы Қазақстан Республикасының «Инновациялық қызмет туралы» заңы, 3 шілде 2002 жыл, қабылданды, ол мемлекеттік инвестициялық саясаттың негізгі принциптері, бағыттары мен жүзеге асыру формаларын анықтады.
  • 2003 жылдың 18 наурызындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің    №263 «2003-2005 жылдарға инновациялық қызметті ғылыми-техникалық қамтамасыз ету Бағдарламасын бекіту туралы» Қаулысы.
  • «Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарда индустриалды-инновациялық даму стратегиясы туралы» ҚР Президентінің Жарлығы,   Астана, 17 мамыр 2003 ж.  № 1096.

Жоғарыда аталған мемлекеттік құжаттарда көрсетілген бағдарламалық міндеттерді жүзеге асыру мақсатында, индустрия және сауда, экономика және бюджеттік жоспарлау Министрлігі 2003 жылы Қазақстанның 2003-2015 жылдарда индустриалды-инновациялық даму және оны ғылыми-техникалық қамтамасыз ету Мемлекеттік бағдарламасын құрастырды.

ҚР Мемлекеттік индустриалды-инновациялық бағдарламасының мақсаты  – ғылыми-техникалық потенциалды дамыту, тиімді орналастыру және пайдалану, оның құрылымын қалыптастыру, ғылым мен техниканың елдің экономикасын дамытудағы, маңызды әлеуметтік мәселелерді іске асырудағы, материалдық өндіріс саласындағы прогрессивті құрылымдық өзгерістерді қамтамасыз етудегі, оның тиімділігі мен бәсекелестік қабілетін арттырудағы, елдің қорғаныс қабілеті мен тұлғаның, қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігін нығайтудағы үлесін арттыру.

Мемлекеттік инновациялық саясаттың міндеттері келесідей:

  • экономиканы құрылымдық қайта құруды жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдардың, шаруашылық және ғылыми ұйымдардың үйлесімді қызметін қамтамасыз ету;
  • халық шаруашылығының дамуының стратегиясын, қарқынын және оның құрылымдық тепе-теңдігін айқындайтын негізгі бағыттарда экономиканың дамуын тұрақтандыру үшін ғылыми-техникалық потенциалды тиімді пайдалануды қамтамасыз ету;
  • ғылыми потенциалды сақтау және «озық» зерттеулерді қамтамасыз ету;
  • экономикалық реформалардың орталығын инновациялық қызмет саласына ойыстыру, шағын және орта бизнестің инновациялық белсенділігін арттыру.

Ғылыми-техникалық қамтамасыз ету Бағдарламасын қаржылық қамтамасыз ету мемлекеттік тапсырыс шеңберінде, 2003-2005 жылдары шараларды жүзеге асыруға қажетті бюджеттік қаржылар көлемінде, Бағдарламаның әкімшілігі республикалық бюджетте сәйкес қаржылық жылдарға қарастырылған қаржылар шеңберінде жүзеге асырылады. Бағдарламаны жүзеге асыруға байланысты, қарастырылған қаржылық шығындар барлығы 507,0 млн. теңгені  құрайды, соның ішінде жылдар бойынша: 2005 жылы - 169,0 млн.теңге; 2006 жылы - 169,0 млн.теңге; 2007 жылы - 169,0 млн. теңге (2004 жылдың 19 шілдесіндегі Республикалық бюджеттік комиссияның мәжілісінің №23 қаулысы).

Мемлекеттік инновациялық саясаттың маңызды принциптері:

  • отандық ғылыми потенциалға және әлемдік прогрессивті тәжрибе мен технологияға сүйену;
  • ғылыми шығармашылықтағы еркіндік, ғылыми саланы демократизациялау, ғылыми саясатты қалыптастыру мен жүзеге асырудағы ашықтық пен жариялылық;
  • фундаменталды ғылыми зерттеулерді дамытуды ынталандыру;
  • ғылым мен техника саласында бәсекелестік пен кәсіпкерліктің дамуына жағдай жасау, инновациялық қызметті ынталандыру және қолдау;
  • ғылым мен білімнің интеграциясы, барлық деңгейдегі білікті ғылыми мамандарды дайындаудың біртұтас жүйесін қалыптастыру;
  • зерттеушілердің, ұйымдардың және мемлекеттің интеллектуалдық меншік құқықтарын қорғау;
  • әртүрлі меншік формасындағы ғылыми-зерттеу және тәжрибелік-конструкторлық мекемелерді дамыту, шағын инновациялық кәсіпкерлікті қолдау;
  • ғылыми еңбектің беделін көтеру, ғалымдар мен мамндардың өмір сүру және жұмыс жағдайларын жақсарту.

Информация о работе Инновациалық менеджменттің теориялық негіздері және инновациялық қызметті мемлекеттік реттеу