Инновациалық менеджменттің теориялық негіздері және инновациялық қызметті мемлекеттік реттеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2014 в 09:09, реферат

Описание работы

Инновациялық менеджмент - дәстүрлі емес басқарушылық шешімдерді құрастыру және жүзеге асыру нәтижесінде өндірісте өнімнің әртүрлі қасиеттерінің (бағдарламалық-өнімдік, технологиялық, ақпараттық, ұйымдастырушылық, басқарушылық және т.б.) жаңа оң сапасына қол жеткізуге бағытталған басқарушылық қызмет.
Инновациалық кәсіпкерлік - техника-технологиялық жаңалықтарды құру және коммерциялық пайдалану процесі.
Инновациялық жоба:
1. Қандай да бір мақсаттарды жүзеге асыруды қамтамасыз ететін қандай да бір әрекеттердің жиынтығын қарастыратын іс, іс-әрекет, шара;
2. Қандай да бір әрекеттерді жүзеге асыруға қажетті

Содержание работы

1-ші Бөлім. Инновациалық менеджменттің теориялық негіздері және инновациялық қызметті мемлекеттік реттеу
1.2. Инновациалық жоба: түсінігі, түзу мен жүзеге асырудың негізгі кезеңдері
1.3. ҚР-да инновациялық қызметті мемлекеттік реттеу

Файлы: 1 файл

Курс жумыс.docx

— 135.74 Кб (Скачать файл)

Инвестициялардың негізгі көздері:

  • өзіндік қаржылық қаражаттары, басқа да актив түрлері (негізгі қорлар, жер телімдері, өнеркәсіптік меншік және т.б.) және тартылған қаражаттар;
  • республикалық, аймақтық және жергілікті бюджеттерден бөлінген қаржылар;
  • біріккен кәсіпорындардың жарғылық қорына қаржылық немесе басқа да формада берілген, шетелдік инвестициялар;
  • әртүрлі формадағы несиелік қаражаттар, соның ішінде, мемлекеттік кредитер, шетел инвесторларының кредиттері.

Инновациялық жобада ұзақ және орта мерзімдік инвестициялар анықтаушы роль атқарады, өйткені инновациялық процесс орта есеппен 3-5 жылға және одан да көпке созылады.  ҚР Ұлттық Банкінің мамандарының бағалауы бойынша инвестициялардың реккордтық ағылуы шетел компанияларынң беретін несиелердің тұрақты жоғары көлемінің сақталуымен де, реинвестициялардың едәуір өсуімен де байланысты. Тікелей инвестициялардың шамамен 70% мұнай және газ өндіру саласына, геологиялық және іздестіру әрекеттеріне жұмсалады [9].

Инвестицияларды тарту әдістері 6-шы суретте көрсетілген.

Сызбадан, жалпы түрде инвестициялар, табыс алу мақсатында, экономиканың әртүрлі салаларына ұзақ мерзімдік қаржы салуды білдіретінін көруге болады.  Жоғарыда аталғандай инновацияларға капитал салуға байланысты инвестициялық әрекетті инновациалық-инвестициалық әрекет деп атауға болады, және оны келесі түрде сыныптауға болады (7-ші сурет). 

Бұл жерден инвестициялардың, экономикалық мәні және мақсаты бойынша, тікелей және портфельдік болып бөлінетінін көруге болады. Тікелей инвестицияларды шетелдік және отандық компаниялар тікелей жер, өндіріс құралдары, материалдық емес және басқа да активтерді сатып алу арқылы жүзеге асырады. Портфельдік инвестициялар – бұл шаруашылық субъектілері мен жеке тұлғалардың әртүрлі эмитенттердің құнды қағаздарын сатып алуы.

Инвестициялық мүмкіндіктерді зерттеу кезеңі келесілерді қарастырады:

  • экспорт пен импортты ескере отырып, өнім мен қызметке деген сұранысты алдын-ала зерттеу;
  • өнімнің (қызметтің) базалық, ағымдық және болжамдық бағаларының деңгейлерін бағалау;

 

 

                        Инновациалық қызмет және и маркетинг



Енгізу             Өсу  Өсудің баяулауы                Төмендеу

                    Сату көлемі



 

 Ғылыми және ғылыми-


техникалық негізділігі                                  Пайда көлемі

 

 

 

     Жаңалықтарды құру

 

 

1-ші кезең  2-ші кезең 3-ші кезеңТ     Инвестициялар

       Инвестициялардың қайту мезеті

 

   ҒЗЖ             ҒЗЖ    ТКЖ

   фунд.          қолданб.               Инновациалық   лаг

Жаңалықтарды коммерциализациялау

4-ші кезең

 

    Бюджеттік

  қаржыландыру                  Қатерлі инвестициялар     Өндіріске инвестиция салу


            Жаңалықтардың өмірлік кезеңі


5-ші сурет. Инновациялық жобаның өмірлік кезеңі

 

  •  жобаны жүзеге асырудың ұйымдастырушылық-құқықтық формалары және қатысушылардың құрамы бойынша ұсыныстарды дайындау;
  • ірілетілген нормативтер бойынша болжанған инвестициялар көлемін бағалау және олардың коммерциялық тиімділігін алдын-ала бағалау;
  • бастапқы рұқсат беруші құжаттарды даярлау;
  • ТЭН-дің бөлімдері бойынша алдын-ала бағалауларды дайындау, соның ішінде жобаның тиімділігін бағалауды;
  • инвестициялық мүмкіндіктерді негіздеудің нәтижелерін бекіту;
  • жобалау-іздестіру жұмыстарына келісімшарттық құжаттарды дайындау.

Инвестициялық мүмкіндіктерді зерттеудің мақсаты – потенциалды инвестор үшін инвестициялық ұсыныстарды дайындау. Егер инвесторларға деген қажеттілік жоқ болса, және барлық жұмыстар өз қаржылары есебінен жүргізілетін болса, онда келісімшартты және және жобаның техника-экономикалық негіздеуін (ТЭН) дайындауды қаржыландыру туралы шешім қабылданады.

Инновациялық жобаны техника-экономикалық негіздеу (ТЭН)  кезеңінде келесі шараларды жүзеге асыру толық көлемде қарастырылады:

  • толық көлемде маркетингтік зерттеулерді жүргізу;
  • өнім шығару (қызмет көрсету) бағдарламасын дайындау;
  • бастапқы рұқсат беру құжаттарын дайындау;
  • техникалық шешімдерді дайындау, соның ішінде бас жоспарды;
  • қала салу, архитектуралық-жоспарлау құрылыс шешімдері;
  • инженерлік қамтамасыз ету;
  • қоршаған ортаны қорғау және азаматтық қорғаныс бойынша шаралар;
  • құрылысты ұйымдастыру сипаттамасы;
  • кәсіпорынды басқару, жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбегін ұйымдастыру жүйесінің сипаттамасы;
  • сметалық-қаржылық құжаттарды қалыптастыру: өндіріс шығындарын бағалау, капиталдық шығындарды есептеу, кәсіпорын қызметінен келіп түсетін жылдық түсімдерді есептеу, айналымдағы капиталға деген қажеттілікті есептеу, жобаны қаржыландырудың жобаланған және ұсынылған көздері (есеп), шетел валютасына деген болжанған қажеттілік, инвестициялау шарттары, нақты инвесторды таңдау, келісмді рәсімдеу;
  • жобаны жүзеге асырумен байланысты қатерлерді бағалау;
  • жобаны жүзеге асыру мерзімін жоспарлау;
  • жобаның коммерциялық тиімділігін бағалау (бюджеттік инвестицияларды пайдаланған жағдайда);
  • жобаны жүзеге асыруды тоқтату шарттарын қалыптастыру.

Жалпы инновациялық жобаны жүзеге асыру кезеңдерін сызба түрінде келесідей көрсетуге болады (8-ші сурет).

 

Нормативтік   Республикалық   Үкімет                        Мемлекеттік


база:          мақсаттық    қаулысы                  инвестициалық

бағдарламалар             бағдарлама


 

Бақылаушы  Ведомстволар - мемле-    Қаржы        Экономика


органдар:            кеттік бағдарламаларға    министрлігі     министрлігі     

         тапсырыс берушілер



    Мемлекеттік емес          Кепілдік                  Мемлекеттік


    инвестициалық               қор                   инвестициалық


қорлар                      қорлар


                      Үкімет агенттері


 



Инвесторлар    Құнды қағаздар          Инвесторлар

эмитенттері

 

 

       кепілдік міндеттемелер               сызбаның ұсынылған


элементтері

       қаржы ағымдары


6-шы сурет. Инвестицияларды тарту сызбасы

 

Инвестициялар           Инвесторлар                           Инфрақұрылым                                                                                                                                                                                                                          

  


                                                                                                                                                                                                           

  Тікелей     Үкіметтік                               Биржалар, қаржылық брокерлер


         және инвестициалық кеңесшілер

 

  Портфельдік   Аймақтық                       Мемлекеттік және


         коммерциялық банктер

 

  Интеллектуалдық  Корпорациялық                    Инвестициалық және қаржылық 


                                                                                                                                 компаниялар

 

  Қаржылық           Жеке                       Депозитарийлер, тіркеушілер,


         трансферт - агенттер

 

  Қатерлі инвестициялар          Шетелдік                     Зейнетақы қорлары және


          сақтандыру компаниялары

 

  Альтернативті           Мемлекетаралық                             Маманданған фирмалар


 

                   БАҚ, баспалар


 

                   Инвестициалық қорлар


 

 

 

7-ші сурет. Инновациялық процесстегі инвестициялар, инвесторлар және инфрақұрылым

 

 

 

 

 

Идея генерациясы

 

Техникалық іске асу мүмкіндігін тексеру

 

 

 

Тәжрибелік үлгі жасау

 

 

 

Кешендік сынау және техникалық сипаттарын жетілдіру

 

 

 

Нарықты тексеру

Кең көлемдегі өндірісті ұйымдастыру

 

 

 

 

Нарық

экспансиясы

 

 

Нарық қажеттілігін талдау

 

 

     Кең көлемдегі

        маркетинг

 


 

 

8-ші сурет. Инновациялық жобаны жүзеге асыру кезеңдері

 

 

 

Сызбадан көрінетіндей, инновациялық жобаны жүзеге асыру 6 сатыдан тұрады. Бұл: идея генерациясы; нарықты талдау; тәжрибелік үлгі жасау; жаңалықты сынау және жетілдіру; нарықты тексерту және кең көлемдегі өндірісті ұйымдастыру; нарық экспансиясын ұйымдастыру.

Жоғарыда келтірілген сатылар бойынша инновациялық жобаны жүзеге асыру мониторингі жаңалықты өндірістік процесске енгізудің қаржылық нәтижелерін талдау арқылы жүргізіледі. Мысал ретінде шығындар мен пайда динамикасын талдау әдісі қолданылуы мүмкін (Миккельсон Х. бойынша). Сызба түрінде мұны былай көрсетуге болады (9-шы сурет).

 

  Пайда                     W



                                   V


 

                                   P


 

  t0          t1             t2          t3      t


 

                                   Q

 

 

9-шы  сурет. Жобаның шығындары мен пайда динамикасын талдау әдісі

бұл жерде:

Q - өнімді өндіру мен сатуға байланысты ағымдағы шығындар;

W – жалпы табыс;

V – таза табыс;

P – пайда;

t – уақыт;

Сызбадан бұл процесстің ерте кезеңдері айқын шығындармен сипатталатынын байқау қиын емес, және шығындар жаңалық нарыққа жақындаған сайын күрт көбейеді (t1 уақыт мезеті). t0-t1 кесіндісі инновациялық процесстің алғашқы төрт кезеңіне сай келеді. Бесінші кезеңнен бастап компания сатудан табыс ала бастайды, ол ары қарай өндіріс көлемі мен сату көлемі кеңейген сайын өседі (t1-t3 кесіндісіндегі W қисығы).

Әрине, бұл тек инновациялық жоба табысты дамыған жағдайда ғана болады. V қисығы дәл осы кесіндіде, t1 уақыт мезетінен бастап, таза табыс алуды сипаттайды. Ол жалпы табыстан W, тауарлық өнім өндіру мен сатуға байланысты, ағымдағы шығындарды Q алып тастау арқылы табылады. t2>t1 қандай да бір уақыт мезетінен бастап таза табыс инновациялық процесстің ерте кезеңдеріндегі шығындарды жабады және ұйым таза пайда ала бастайды (t2-t3 кесіндісіндегі P қисығы).

Таза пайда тауар өнімі бәсекеге қабілетті және тұтынушылардың сұранысына ие болып қала бергенше өседі. Бірақ, өмір көрсеткендей, кәсіпкерлер үшін сәтті бұл кезең ұзаққа созылмайды. Жаңашыл ұйымның артынан, нарықта өз үлесін алғысы келетін көпшілік ереді. Олардың біреулері жаңалықты пайдалануға заңды түрде лицензия алады. Басқалары – алғашқы ұйым құрастырған технологияны немесе жаңа өнімді заңда қарастырылған талаптарды орындамай пайдалану арқылы, қарақшылық әрекет жасайды. Үшіншілері, құрастырушы ұйымның белгісін пайдаланып, төмен сапалы және арзан аналогтар шығару арқылы, жаңалықты жоққа шығарады. Төртіншілері – нарықтағы маңызды бәсекелестер - өз бетінше жаңалықтың тұтынушылық және технологиялық сипаттарын жақсартады, осы жолда елеулі жетістіктерге жетеді, патенттік заңнамалардағы олқылықтарды табады және бірте-бірте нарықтағы жаңа кеңістіктерді өз өнімдерімен толтырады.

Инновациялық жобаның технологиялық жаңалықтары екі жолмен құрастырылуы мүмкін: а) бұйым мен оны жасау технологиясы бойынша ҒЗТКЖ негізінде; б) дербес арнайы технологиялық зерттеулер нәтижесі ретінде.

Бірінші жағдайда, инновациялық жоба жаңа өнімнің және оның ары қарай жақсартылуының конструкциялық және техникалық ерекшеліктеріне тәуелді. Екінші жағдайда – инновация объектісі ретінде нақты бір жаңа өнім емес, технологиялық зерттеулер барысында эволюциялық және революциялық өзгерістерге ұшырайтын, базалық технология болады.

Әр базалық технологияның дамуы, әдетте, S-үлгілі логикалық қисықпен сипатталады. Әр уақыт кезеңінде қисықтың бұрышы мен ауытқу нүктелері технологияның тиімділігі мен технологиялық потенциалды пайдалану деңгейін сипаттайды. Шегіне жақындаған сайын бұл технологияны ары қарай жетілдіру экономикалық тұрғыдан өзінің мәнін жоғалтады (10-шы сурет).

Информация о работе Инновациалық менеджменттің теориялық негіздері және инновациялық қызметті мемлекеттік реттеу