Отчет по практике ШЧ-33 “Алматы сигнализация және байланыс дистанция ”

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2013 в 13:24, отчет по практике

Описание работы

Кеңес Одағы кезінде темір жол саласы экономиканың дамуына елеулі рөл атқарған. Тәуелсіз мемлекет болып қалыптасқан кейін де темір жол саласының атқаратын үлесі өте зор. ШЧ-33 “Алматы сигнализация және байланыс дистанция” филиалы Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес құрылған және Директорлар Кеңесі шешімі бойынша қайта тіркеуден өткен. Филиал қызметкерлері мен жұмысшылары байланыс және сигнализация аясында сапалы техникалық қызмет көрсету және өндіріске жаңа технология енгізу арқылы жоғары көрсеткіштерге жету бағытында жұмыс істеуде [5].

Файлы: 1 файл

Ot4et kopiya.docx

— 76.89 Кб (Скачать файл)

­ шаруашылық қызметінің барлық фактілерін бухгалтерлік есепте толығымен  көрсету

 ­ сақтық жағдайын  ұстау керек, яғни бухгалтерлік  есепте жоғалту (шығыстар) мен  пассивтерді көрсетуге дайын  болуы тиіс, активтер мен табыстарға  қарағанда;

 ­ шаруашылық нысанының  басымдылық мазмұнын, яғни шаруашылық  қызметінің барлық фактілерін  есепте көрсетілуін қамтамасыз  ету керек, демек оның тек  құқықтық негізін ғана емес, сонымен  қатар, пайда болған шаруашылық  ахуалын, оның экономикалық мазмұнын  да қамтуы керек;

 ­ қайшылықсыз деп  әрқилы есеп түрлерінен қалыптасқан  мәліметтердің сәйкестілігін, бухгалтерлік  есеп беру көрсеткіштерінің және  синтетикалық, аналитикалық есеп  мәліметтерінің ұқсастығын айтады;

­ ұйымдылық (рационалдық) кәсіпорынның көлемімен, оның қызмет масштабына лайықты  келетін есепті жүргізудің қолайлылығын білдіреді.

Аталған қағидалар мен  талаптар кез келген кәсіпорынның есептік  саясатын әзірлеу барысында оның негізін қалайды. Егер де олар толығымен  сақталмаса, онда бухгалтерлік есепті жүргізудің дұрыс еместігі ретінде  танылуы және кәсіпорынның мәліметтерінің бұрмалануы мүмкін.   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. ШЧ-33 «Алматы сигнализация және байланыс дистанция » филиалының бухгалтерлік есеп жүйесін жүргізу құрылымы

 

2.1. Ақша қаражаттарының  есебі

 

Мекемелер мен ұйымдар  қаржылық-шаруашылық қызмет жүргізу  барысында жеткізілген және өткізілген тауарлық-материалдық қорлар үшін басқа  мекемелермен – жабдықтаушылармен  және сатып алушылармен ақшалай  есеп айырысу қарым – қатынасқа  кіреді. Мекемелер қаржылық шаруашылық қызметтері барысында қажетті үзіліссіз  өзара есеп айырысу қарым қатынастары  пайда болады, яғни:

  • жабдықтаушылармен олардан сатып алынған тауарлы - материалдық қорлар үшін;
  • сатып алушылармен оларға жөнелтілген (босатылған) материалды - қорлар үшін;
  • көлік мекемелерімен тауарлы - материалдық қорларды жеткізгендері үшін;
  • қаржы органдарымен салықтар және бюджетке төленетін басқа да төлемдер бойынша;
  • басқа да мекемелер, кәсіпорындар, ұйым және тұлғалармен әртүрлі шаруашылық операциялар бойынша;
  • жұмыскерлермен және қызметкерлермен еңбекақы және т.б. бойынша [6].

Ақша қаражаттарын сақтау үшін және заңды тұлғалар арасында есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелерінде банк шоттарын ашады. Банк шоттары- бұл банк пен клиенттер арасындағы келісімшарттың қатынастарын көрсететін әдіс. Банк шоттары теңгемен де, шетелдік валютамен де жүргізіледі және ол ағымдық, жинақтық және корреспонденттік болып бөлінеді.

Корреспонденттік шоттар- банк шоттары банктер мен ұйымдардың кейбір операция түрлерін жүзеге асырады.

Ағымдағы (есеп айырысу) және жинақ шоттары-бұл да банктік  шоттар, бірақ олар жеке және заңды  тұлғалар үшін, сондай- ақ заңды тұлғаның оқшаланған бөлімшелері үшін де ашылады.

Шетелдік валютадағы қаражаттардың  қолда бары мен қозғаласын есептеу  үшін субъектіге арнап ағымдағы (есеп айырысу) шоттар ашылуы мүмкін. Ол сыртқы экономикалық қызметін жүзеге асыратын және өнімін валютаға сататын субъект  үшін ашылады. Аккредитивтер, чек (аванс) кітапшаларының шоттарын және басқаларын субъектілер ақша қаражаттарын оқшаулап сақтау үшін және тиісті операцияларын  жүргізу үшін ашады.

Субъект шоттарындағы қаражат  олардың иелерінің әмірі бойынша  есептен шығарылады. Субъектінің  рұқсатынсыз шоттағы қаражатты  есептен шығаруға соттың, мемлекеттік  салық қызметінің рұқсатымен және қолданылып жүрген заңдарда көзделген басқа  жағдайларда ғана жол берілуі  мүмкін.

Субъектілердің шоттарынан төлем жасау, егер заңдарда өзгеше көзделмесе, субъектінің басшысы белгілеген кезектілікпен жүзеге асады.

Мекемелердің кассаларына қолма – қол есеп айырысулар арқылы тауарларды сату, қызметтер көрсету және  жұмыстарды  орындаудан салт ақшалар түрінде түсімдердің үлкен сомалары кде түседі және жиналады. 

Салт ақшаларды қабылдап алу, сақтау және беру, кассалық құжаттарды рәсімдеу тәртібі Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің «Мемлекеттік мекемелерде кассалық операциялар  жүргізу туралы» 2007 жылғы 03 сәуірдегі  № 103 бұйрығына сәйкес Қазақстанның халық шаруашылығында кассалық операцияларды  жүргізудің тәртібімен белгіленген. Бұл  тәртіпті сақтау жауапкершілігі мекеме басшысы, бас бухгалтерге жүктеледі [2].

Кассалық операцияларды  дайындау кезінде төмендегі құжаттар пайдаланылады:

-кіріс касса ордер;

-шығыс кассалық ордер;

-кіріс және шығыс кассалық ордерлерді тіркеу журналы;

-кассалық кітап.

Кассалық операцияларды  статистика органдары бекіткен үлгі ведомстволық нысандағы құжаттармен  рәсімдейді және меншік түрлері мен  ведомстволық бағыныштылығына қарамастан барлық мекемелерде өзгерусіз қолдануға тиіс [9]

Мекеме кассалары (қосымша 1) салт ақшаларды қабылдауды Кіріс касса ордері (КО – 1 нысаны) бойынша жүргізеді. Ол бухгалтерияда жазылады да, Кіріс және шығыс касса құжаттарын тіркеу журналына (№ КО – 3 нысаны) тіркеледі де, одан кейін бас бухгалтер немесе оған өкілетті тұлға қол қояды.

Тіркеу журналы  кіріс  және шығыс касса ордерлеріне  жеке ашылады. Онда кіріс құжатының  күні мен нөмірі, түскен сомалардың мақсатты берілгені жазылады.

Ақша қаражаттардың (қосымша 2) шығыс етілуі – шығыс кассалық ордерлер арқылы жазылады.

Кассалық операциялар (қосымша 3) бухгалтерлік кітаптарды жүргізу жөнінде алдын ала қарастырылған барлық талаптарға сай келетін кассалық кітапта жазылады. Беттер нөмірленіп, кітап түптеліп, ал ондағы парақтарға басшы мен бас бухгалтердің қолтаңбалары және кәсіпорынның мөрі қойылуы тиіс. кассалық кітаптағы жазулар көшіргіш арқылы 2 данада жазылады.

 Мысалы : Кәсіпорын кассасынан  банктегі есеп  шотына 250 000 теңге аударылды:

Дт 1010          Кт 1030

1) Банктің шотынан қолма-қол ақшалар түсуі:

1) ағымдағы банктік шоттардан теңгемен

 Дт 1010          Кт 1030

2) ағымдағы банктік шоттардан валютамен

Дт 1011          Кт 1031

3) банктердегі басқа да шоттардан

Дт 1010          Кт 1060 «банктердегі басқа да шоттардағы ақша» субшоты

4) шетелдік валютаның теңгеге қатысты бағамының төмендеуінің      нәтижесінде кассалық операциялар бойынша оң бағам айырмасы (табысы) сомасы көрсетілген

Дт 1010, 1011      Кт 6250     

5) түгендеу нәтижесінде кассадағы артық ақшаларды кіріске алу

Дт 1010, 1011       Кт 6280

2) Құрылтайшылардан  жарғылық капиталына қолма –  қол ақшалай        салымдардың түсуі:

  1. серіктестіктерден

 Дт 1010          Кт 5030

  1. акционерлік қоғамнан

Дт 1011          Кт 5110

3) Алдағы кезеңдердің табыстары есебінен әртүрлі төлемдердің қолма – қол ақшалай түсуі:

Дт 1010          Кт 3520

4 ) Тауарлық – материалдық қорларды сатып алушылардан аванс түрінде қолма – қол ақшалардың түсуі:

Дт 1010          Кт 3510, 4410

5) Сатып алушылардан қолма – қол төлемдердің түсуі:

  1. сатылған тауарлық – материалдық қорлар үшін

Дт 1010          Кт 1210

  1. еншілес ұйымдардың қолма – қол ақшалармен қарыздарының түсуі

Дт 1011          Кт 1220

6) Негізгі қызмет  бойынша өткіізілген өнімдер және көрсетілген қызметтер үшін қолма  қол ақшамен табыс түсті:

Дт 1010          Кт 6010

7) Негізгі құралдарды жалға бергеннен қолма қол ақшалай табыс түсті:

Дт 1010         Кт 6130, 6260

  1. Материалдық емес активтерді  өткізуден қолма қол ақшалай табыс түсті:

Дт 1010         Кт 6210

9 ) Кассадан ұлттық  немесе шетелдік валюта түрінде  қолма қол    ақшамен төленді:

  1. келіп түскен негізгі құралдар

Дт 2410         Кт 1010

  1. сатып алынған материалдық емес активтер

Дт 2710 ,2730            Кт 1010

  1. күрделі құрылыс бойынша шығындар

Дт 2930          Кт 1010

  1. еншілес серіктестіктерден сатып алынған акциялар

Дт 2210       Кт 1010    

  1. түскен буып түю, жанар май, майлайтын материалдар, қосалқы бөлшектер, құрылыс және басқа да материалдар

Дт 1350          Кт 1010

10)Қолма-қол ақшалармен  алдағы кезеңдердің шығыстары  төленген:

  1. автокөліктер, активтер және қызметкерлерді сақтандыру бойынша сақтандыру полисін сатып алу

Дт 1620,2920          Кт 1010

  1. келесі кезеңдерге жалгерлік төлем төлеу бойынша

Дт 1260,2160         Кт 1010

  1. газеттер мен журналдар, қызметтік мақсаттар үшінарнайы және анықтама әдебиеттерге жазылу бойынша

Дт 1620          Кт 1010

11) ТМҚ – ды  жеткізу үшін қолма қол ақшалай  аванс берілген:

Дт 1610      Кт 1010    

12)  Жеткізілген  тауарлар мен көрсеткен қызметтері  үшін жабдықтаушылар мен мердігерлердің  шоттары қолма қол ақшалармен  төленген:

Дт 3310       Кт 1010

13) Табиғи апаттан болған ақшалай қаражаттар бойынша өтелмейтін залалдарды есептен шығару:

Дт  7470        Кт 1010

14) Кейбір жалпы  және әкімшілік басқару шығындарын қолма қол  ақшалармен төлеу:

Дт   7210        Кт 1010

 

 

2.2 Дебиторлық берешектің есебі

 

Қазақстан Республикасының  аймағында ақшаны төлеу мен аударуды жүзеге асыруда келесі әдістерді: қолма - қол ақшаны аударуды; төлем тапсырманы ұсынуды; чектерді беруді; вексельдерді немесе олардың индосаменттері арқылы беруді; төлем карточкасын пайдалануды; тікелей дебеттік банкі шоттарына аударуды; тапсырма- талап төлемдерін ұсынуды; республиканың заң актілерімен белгіленген басқа да әдістерін пайдаланады.

Ақшасыз есеп айырысудың негізгі  нысандары: төлем тапсырма; чек; вексель; төлем талап - тапсырма; кеден мен салық қызметінің органдарының инкассалық жарлықтары болып табылады.

Төлеуші мен алушылар өзара  есеп айырысу нысандарын келісім-шарт негізінде анықтайды, сондай - ақ олардың арасында болатын талаптары мен міндеттемелерді зачетқа да жатқыза алады.

Төлем тапсырмаларымен  есеп айырысу. Төлем тапсырмалары (қосымша 4) тапсырмада көрсетілген соманы басқа мекеменің пайдасына оның ақшасын аудару туралы ақша жөнелтушінің қызмет көрсететін алушы - банкке тапсырмасын білдіреді. Қызмет пен жұмысты және тауарлы - материалдық құндылықтарды өтеу үшін есеп айырысу кезінде, сондай- ақ қызмет пен тауарға алдын - ала төлем жасаған кезде, аванстық төлемдер жасаған кезде төлем тапсырмаларын пайдаланады.  Төлем жасаушы банкке белгіленген нысандағы бланкілердегі төлем тапсырманы ұсынады. Тасырмаларға қоса төлем жасаушы банктің талап етуі бойынша салынатын салықтың шот- фактуралары және төлемдердің мақсатын растайтын басқа да құжаттары бірге тапсырылады. Төлем тапсырмалары жазылып берілген күннен бастап 10 күн бойы күшінде болады (жазылған күні есепке алынбайды). Төлем тапсырмалары төлем жасаушының шотында қаражат болғанда ғана орындауға қабылданады. Төлем құжаттарын электрондық түрінде де, қағаз ретінде де ұсынуы мүмкін. Бұл құжаттардың данасын әрбір банк өздері дербес анықтайды. Негізінен алғанда, олар екі дананда толтырылады, біріншісі банкте қалдырылады да, оның электрондық көшірмесі бенефициарға жіберіледі, ал екіншісі иесіне, яғни ақшаны жіберушіге қол қойылып, штамп басылып қайтарылады [6].

Төлем тапсырмасын толтыру  кезінде келесі реквизиттері (көрсеткіштері) көрсетіледі:

      • Төлем тапсырмасының нөмірі;
      • Төлем тапсырмасының жазылған күні;
      • Жеке теңестірілген немесе теңдестірілген (идентификацияланған) коды (ЖТК немесе ИИК);
      • Жіберуші мен бенефициардың банкі шоттарының нөмірі;
      • Бенефициардың коды (БК немесе КБе) және жіберушілердің коды (ЖК немесе КОд) – бұл кодтар екі символдан (белгіден) тұрады: біріншісі – резиденттік белгісін, ал екіншісі – экономиканың секторын көрсетеді;
      • Бенефициар – аудару жасалған ақша кезде қаражатын алушы;
      • Банк- алушы – банк атауы, аударылған ақшада, оның мекен- жайы көрсетіледі;
      • Бенефициар банкісі- бенефициардың пайдасына келіп түскен ақша қаражатын қабылдайтын банк жіберушімен жасалған келісім - шарттың негізінде;
      • Жіберушілердің теңестірілген немесе теңдестірілген (идентификацияланған) банктік коды (ЖТБК немесе ИИК)- филиаларалық айналымдарының коды (ФАК немесе МФО);
      • Төлем арналымының коды – ҚР ҰБ нормативтік - құқықтық актісімен белгіленген және соның негізінде төлемдерді жүзеге асыратын кодтық белгілер, ал ол үш символдан тұрады;
      • Бюджеттік классификацияның (жіктемесінің) коды- салықтарды кері қайтаруда қойылатын код;
      • Валюттелген күні - ақша қаражатын бенефициардың (алушының) банктік шотына ақша қаражатын аударған күні төлем жасаушының ынтасымен анықталады.

Информация о работе Отчет по практике ШЧ-33 “Алматы сигнализация және байланыс дистанция ”