Отчет по практике ШЧ-33 “Алматы сигнализация және байланыс дистанция ”

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2013 в 13:24, отчет по практике

Описание работы

Кеңес Одағы кезінде темір жол саласы экономиканың дамуына елеулі рөл атқарған. Тәуелсіз мемлекет болып қалыптасқан кейін де темір жол саласының атқаратын үлесі өте зор. ШЧ-33 “Алматы сигнализация және байланыс дистанция” филиалы Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес құрылған және Директорлар Кеңесі шешімі бойынша қайта тіркеуден өткен. Филиал қызметкерлері мен жұмысшылары байланыс және сигнализация аясында сапалы техникалық қызмет көрсету және өндіріске жаңа технология енгізу арқылы жоғары көрсеткіштерге жету бағытында жұмыс істеуде [5].

Файлы: 1 файл

Ot4et kopiya.docx

— 76.89 Кб (Скачать файл)

Қаржылық – шаруашылық қызметін жүргізу барысында мекемеде сатып алушыларға жөнелтілген тауарлық-материалдық  қорлар үшін олардың негізгі дебиторлық берешегімен қатар , басқа да дебиторлық берешектер туындайды.  Оларға жатқызылады: сатып алынған тауарлық – материалдық  қорлар бойынша қосымша құнға салынатын салық бойынша берешек; есептелген пайыз бойынша дебиторлық берешек; әкімшілік – шаруашылық пен операциялық шығындарына берілген есептесетін сомалар бойынша мекеменің қызметкерлері мен  баса тұлғалардың дебиторлық берешегі.

 

Кесте 1

          

Есеп беруге міндетті тұлғалармен  есеп айырысу бойынша шоттардың  корреспонденциясы

 

Реттік№

Шаруашылық операциялардың мазмұны

Корреспондірлеуші шот

1

2

3

І

1250 «Қызметкерлердің  қысқа мерізімді дебиторлық берешегі»  шотының «Есеп беруге міндетті  тұлғалармен есеп айырысу» субшотының  дебетіне келесі шоттардың кредитінен:

1

Кассадан қызметкерлерге  есеп беруге салт ақшалар берілді: әкімшілік  – шаруашылық және операциялық шығындар мен қызметтік іссапарларға, сондай – ақ аванстық төлемдер бойынша  артық шығындар

1010 «Кассадағы ақша қаражаттары»

2

Іссапардағы есеп беруге міндетті тұлғаларға пошта арқылы ағымдағы банктік  шоттардан аванстар аударылды:

1030 «Ағымдағы банктік  шоттардағы ақша қаражаттары»

ІІ

1250 «Қызметкерлердің  қысқа мерізімді дебиторлық берешегі»  шотының «Есеп беруге міндетті  тұлғалармен есеп айырысу» субшотының  кредиті бойынша келесі шоттардың  дебитіне:

1

Аванстық есеп берулер  мен оларға тіркелген ақталатын  құжаттар негізінде есеп беруге міндетті тұлғалардың жұмсалған сомаларын  есептен  шығару:

 

                                                                                           1 кестенің жалғасы

 
  • ағымдағы шаруашылық қажеттілігі үшін қосымша құнға салынатын салықсыз нақты өзіндік құны бойынша материалдар, отын қосалқы бөлшектер, құрылыс материалдарын сатып алуға

1300 «Қорлар» бөлімшесінің: 1310 «Шикізат пен материалдар»,1311 «Отын»,1312 «Қосалқы бөлшектер»-1320 «Дайын өнім»,1330«Тауарлар»,1350 «Өзге қорлар»

 
  • есеп беруге міндетті тұлғалар төлеп сатып алынған құндылықтар бойынша қосымша құнға салынатын салық сомасына

1420 «Қосылған құн салығы»

 
  • әкімшілік – шаруашылық және операциялық шығындарға

7110 «Өнімдерді сату және  қызметтер көрсету бойынша шығыстар»,7210 «Әкімшілік шығыстар»,8410 «Үстеме  шығыстар»

 
  • Қызметтік іссапарлар шығындары мекеменің шығындарына жатқызыған

7110 «Өнімдерді сату және  қызметтер көрсету бойынша шығыстар»,7210 «Әкімшілік шығыстар»,8410 «Үстеме  шығыстар»

 
  • Көрсетілген шығындар бойынша қосымша құнға салынатын салық сомасына

1420 «Қосылған құн салығы»

 

Есептесетін сомалардың пайдаланбаған  қалдықтарын есеп беруге міндетті тұлға  кассаға өткізді

1010 «Кассадағы ақша қаражаттары»

 

Есептесетін сомалардың қалдығын есеп беруге мндетті тұлғалардың  еңбекақысынан ұстайды

3350 «Еңбекақы төлеу бойынша  қысқа мерізімді берешек»


 

 

 

 

2.3. Міндеттемелердің  есебі

 

Міндеттеме қарыз және іске асыру міндеттілігі немесе кейбір активтерді қайтару арқылы орындау. Міндеттеме шаруашылық субъектінің  барлық қарызы өткен кезеңдердің оқиғаларынан басталады, экономикалық пайданың азаюын көрсетеді. Мекеме қаржылық - шаруашылық қызметін үзіліссіз жүргізу үшін өзінің меншікті қаражаты жетпеген жағдайда, оның банктің несиелеріне объективті қажеттілігі туындайды.

Мекемелерді несиелеу (кредиттеу) Қазақстан Республикасының экономикасын қысқа мерзімді несиелеу ережесіне  сәйкес жүргізіледі.

Банк өзінің ішкі несиелік саясатына және несиелік операцияларды  жүргізудің жалпы шарттарына сәйкес несиелер беруді жүзеге асырады.

Несиелер алу үшін мекемелер  банкке негізделген жазбаша өтініш жасайды, онда көрсетіледі: несиенің мақсатты бағыты, оның сомасы, пайдалану мерзімі, нақты өтеу мерзімдері, сондай –  ақ несиеленетін шаралардың қысқаша  сипаттамасы және оны жүзеге асырудан болатын экономикалық тиімділігі. Өтініш төрт данада толтырылады.

Өтінішпен бірге мекеме несиелерді пайдалану мерзіміне байланыссыз  банкке келесі материалдарды тапсырады:

  • Несиелерді оралым активтерінің қозғалысын және өтелген (сұралған) несиелерді өнімдер мен тауарларды өткізу (сату) мен қызметтер көрсетуден үміттегі түсулер есебінен өтеуді болжаудың техникалық- экономикалық негіздеуді;
  • Қаржылық және статистикалық есеп берулер, кірістер мен шығыстар туралы есеп, кірістер мен мекеменің қаржылық жағдайы мен несиелік қабілеттілігін анықтау үшін басқа деректер туралы декларациясын;
  • Банктің тәжірибеде қабылданған нысандары бойынша несиелерді уақытымен қайтаруды қамтамасыз ету бойынша міндеттемелері (шұғыл міндеттеме, етістік (кепілдік) міндеттеме, кепілдік, сақтандыру куәлігі және басқалар).

Банкпен тұрақты несиелік қарым - қатынастағы, жақсы атағы бар мекемелерге несие алу үшін өткізілетін құжаттардың тізімін (санын) банк қысқарта алады.

Мекеме несиелерді жүйелі түрде пайдаланбаса немесе оны дайын  өнімдер мен тауарларды сатып  алуға, контракттар мен келісім- шарттар бойынша құндылықтарды  төлеуге бір жолғы әдіспен  алған жағдайда, ол банкке конртакттар, келісім - шарттар және басқа да құжаттардың көшірмелерін өткізеді.

Қажет болған жағдайда банк несие алушының қаржылық - шаруашылық қызметінің аудиторлық мекеменің қорытындысын талап ете алады.

Банк несиелік келісім - шарт жасағанша мекемелерден өтініш және жоғарыда аталған қажетті құжаттарды қабылдап алуына қарай несие алушының несие өтеу қабілеттілігін талдап шығуы, несиені өтеуге әкелетін фактрорларды зерттеп білуі, және несиені өтеудің барлық жағдайының болжамы көрсетілуі қажет.

Банк мекеменің несиелерді пайдаланғаны үшін төленетін ақыны  қоса есептеп уақтылы қайтаруды  қамтамасыз ету ретінде дайын  өнімдер мен тауарлар, бағалы қағаздар кепілдігі, басқа да кепілдіктен  бос мүліктер (кәсіпорын, ғимараттар, жабдықтар, мүліктік құқықтар және т.б.) туралы міндеттер (келісім - шарт) берген жағдайда несиелер береді, оларға қолданыстағы заңдарға сәйкес банк өндіріп алуға, сондай- ақ кепілдіктер, несие алушының сақтандыру куәлігі және банктік тәжірибеде қабылданған қамтамасыз етудің басқа түрлеріне көңіл бөлінуі мүмкін.

Банк мүліктерді кепілдікке қабылдаған кезде несие алушының есебінен оларды сақтандыруды талап  етуге құқығы бар, және кепілдіктегі мүліктің жойылған жағдайда банк өзінің талабын сақтандыру өтемдерінен мүліктік қанағаттандыру құқығы бар.

Банкке кепілдікке беілген тауарлы - материалдық қорлар мекемелердің (борышкерлердің) иелігінде қалады. Мекемелер оларды сатуға құқылы, егер сатылғандарды басқа құндылықтармен айырбастаған немесе несиелерді өтеген жағдайда. Кепілдік беруші (несие алушы) салынған тауарлы - материалдық құндылықтардың жеке есебін жүргізуге міндетті.

Несиелерге кепілдікке банк борышкерге тән бағалы қағаздар қабылдай алады. Борышкер кепілдікке ұсынған  өзіне тән бағалы қағаздар несиелік келісім - шартқа, міндеттемеге немесе кепілдік туралы келісім - шартқа қол қойылғаннан кейін тізіммен бірге банкке сақталуға өткізілуге тиіс. Бағалы қағаздарды банк несиелерді толық өтеген және ол бойынша сыйақы төленген күні несие алушыға қайтарып береді [6].

Кепілдікке тек жазып  алу және айналым ережелері басқа  тұлғаға жол беруге немесе беруге рұқсат ететін бағалы қағаздар ғана алынуы керек.

Мекеменің несие беру жөніндегі  өтінішін, несиенің техникалық - экономикалық негізделуін талдау және мүлік кепілдігі туралы келісім - шартты қарағаннан кейін банк несие алушыға несие беру мүмкіндігі туралы қорытынды жасайды. Несие беру банк пен мекеменің арасында жасалған және өзара міндеттемелер мен екі жақтық экономикалық жауапкершіліктерін анықтайтын несиелік келісім - шартпен рәсімделеді. Банк бұл келісім - шартты бір жылға немесе одан да ұзақ мерзімге бекіте алады. Соңғы жағдайда мұндай келісім- шарт жыл сайын несиелік келісімдерді жасаған жақтар анықтап, екі жақ үшін кейбір негізгі мәселелерді нақтылайды.

Несиелік келісім- шартта міндетті түрде мынадай мағлұматтар  болуы керек: несиенің мақсаты, берілетін  несиенің жалпы сомасы, несиелердің  валютасы, несиелерді өтеу мерзімі, несиелерді өтеу тәсілін қамтамасыз ету (түрі, сомасы), сыйақы мөлшері. Келісім - шарттың нақты мазмұны екі жақтың келісуі бойынша анықталады. Банктік несиелеудің көрсетілген қағидаттарынан келіп мынадай қорытынды туындайды, банк несиелерді белгілі бір мақсатқа пайдалану үшін және нақты нысанға (тауарлық қорлар, есеп айырысу құжаттары және т.б. үшін), оны белгіленген мерзімде анықталған төлем (сыйақы) үшін қайтарып беру және берілген несиелер сомасын тауарлық- материалдық құндылықтар және басқа құралдармен қамтамасыз етілген жағдайда береді. Мекемелер несиені белгіленген мезгілде қайтару (өтеу) үшін жеткізушілерден халықтың сұранысы мен ұсынысына сәйкес оларға тек қажетті тауарларды сатып алуы және артық, өтпейтін және сапасыз тауарларды жеткізуге жол бермеуі, тауар оралымының көлеміне, тауарларды сатудан (өткізуден) алынатын түсімдердің (төлемдердің) толық уақтылы түсуіне қатал бақылауды қамтамасыз ету керек.

Несиенің мақсаты белгіленуіне байланысты мекеменің қысқа мерзімді несиелеу нысандары болып табылады:

  • Ағымдағы сатылатын тауарлар мен басқа тауарлы - материалдық қорлардың жиынтығы;
  • Дайын өнімдер мен тауарлардың маусымдық қорлары;
  • Жеке сақталу және есепке алумен қамтамасыз етілген тауарларға берілген басқа мақсатты несиелер (банкпен несие алушының арасындағы келісім - шартпен анықталған тізілімдер мен мерзімдер бойынша белгілі бір кезеңдерде жиналған маусымды өнеркәсіп тауарлары);
  • Табиғи климаттық ерекшеліктерінен, қысқы долсыздық немесе көлік жолдар жүйесінің нашар дамуы (көктемгі және күзгі жолдың езілуі) кезеңдерге мерзімінен бұрын жеткізілген дайын өнімдер мен тауарлар;
  • Несиеге сатылған тауарлар;
  • Жөнелтілген дайын өнімдер мен тауарлар төлеу мерзімі келмеген.

 

Кесте 2                      

Кепілдікке салынған ғимаратты  сатуды

есепке алу бойынша  шоттардың корреспонденциясы

 

Реттік №

Шаруашылық операциялары

Шоттардың корреспонденциясы

дебет

кредит

1

2

3

4

1

 

7410 «Активтердің істен  шығуы бойынша шығыстар» шотының

7411 «Негізгі құралдардың  істен шығуы бойынша шығыстар»

2410 «Негізгі құралдар»

 

 

 

 


2 кестенің жалғасы

   

қосымша шоты

2420 «Негізгі құралдардың амортизациясы»

 

2

Ғимаратты сатқан кезеңге  есептелген амортизация сомасына

 

2410 «Негізгі құралдар»




 

Жоғарыдағы аталған банктерден тыс мекемелерден алынған несиелерді рәсімдеуде міндеттемелерді қамтамасыз ету ретінде несиелік келісім - шарт, кепілдік келісім – шарт, үшінші тұлғаның кепілдігі және басқалар негіз бола алады.

Мекеменің шығындарына еңбеккерлердің еңбегіне еңбекақы түрінде өтеу шығындары  ең үлкен бөлігін құрайды. Нарықтық экономика жағдайында еңбекақы жұмыс  күшінің тауар ретіндегі бағасы болып саналады, еңбек нарығында  жұмыс берушілер мен еңбеккерлердің мүдделерінің үйлестіруін қамтамасыз ету негізінде қалыптасады, жұмыс  күшін белгілі бір уақыт –  сағат, күн және т.б. бойына пайдаланғаны үшін төлейді.

19-«Қызметкерлерге берілетін  сыйақылар» JAS Халықаралық қаржы  есептілігінің стандарттарына сәйкес  қызметкерлдерге берілетін сыйақы-мекеменің  қызметкерлерге олар көрсеткен  қызметтің орнына ұсынылатын  сыйақылардың және төлемдердің  барлық түрлері.

Мекемеде еңбекті, еңбекақыны және еңбеккерлермен есеп айырысуды  есепке алу есеп жұмысының маңызды, жауапты және қиын учаскесі болып  саналады. Мұнда еңбек және еңбекақы бойынша еңбеккерлердің саны, еңбек  өнімділігі және еңбекке ақы төлеу  қоры сияқты маңызды көрсеткіштерге  ерекше бақылау қажет. Еңбек және еңбекке ақы төлеу есебінде мынадай  қатал көрсеткіштер көрсетіледі: еңбеккерлердің саны, олардың кәсіптері, мамандықтары және т.б. бойынша өзгерістер; еңбек уақытының шығындары – еңбек жасалған жұмыс күндерінің саны; еңбек тәртібін сақтау; орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер көлемі; төлемдер түрлері және еңбеккерлердің санаты бойынша еңбекақы төлеу қоры;еңбекке ақы төлеу қорынан тыс төленген сыйлықтар мен басқа да төлемдер; мекемеде қолданылатын еңбекке ақы төлеудің нысандары мен жүйелеріне сәйкес уақытында есептеу және әрбір еңбеккермен есеп айырысу; еңбекақыдан ұстап қалулардың заңдылығы және т.б.

 

 

                                            

 

 

2.4. Еңбекақы есебі

 

Еңбекақы –  қызметкерлердің орындаған  жұмыс  көлемі мен белгілгіленген еңбек  шарты және лауазым нұсқауына  байланысты  төлем.

Барлық қызметкерлер (қосымша 5) санаты жұмыс уақыты пайдалану есебін, жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмыс уақыты режимінің сақталуына бақылау үшін, істелген жұмыс уақыты табелі жасалады. Табельде жұмысқа келмегендігінің себебі, толық емес жұмыс күн туралы, жұмыс уақытынан тыс істелген жұмыс уақыты тағы басқа ауытқулар көрсетіледі [4].

Информация о работе Отчет по практике ШЧ-33 “Алматы сигнализация және байланыс дистанция ”