Отчет по практике ШЧ-33 “Алматы сигнализация және байланыс дистанция ”

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2013 в 13:24, отчет по практике

Описание работы

Кеңес Одағы кезінде темір жол саласы экономиканың дамуына елеулі рөл атқарған. Тәуелсіз мемлекет болып қалыптасқан кейін де темір жол саласының атқаратын үлесі өте зор. ШЧ-33 “Алматы сигнализация және байланыс дистанция” филиалы Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес құрылған және Директорлар Кеңесі шешімі бойынша қайта тіркеуден өткен. Филиал қызметкерлері мен жұмысшылары байланыс және сигнализация аясында сапалы техникалық қызмет көрсету және өндіріске жаңа технология енгізу арқылы жоғары көрсеткіштерге жету бағытында жұмыс істеуде [5].

Файлы: 1 файл

Ot4et kopiya.docx

— 76.89 Кб (Скачать файл)

      

        Негізгі құралдар субъект балансынан келесі жағдайлар нәтижесінде есептен шығарылды: жою, сату, айырбастау, ақысыз – қайтарусыз беру және т.б.

Кесте 4                          

Негізгі құралдардың есептен  шығарылуы

 

Операциялар мазмұны

Дт

Кт

1

Негізгі құралдарды сату бойынша

7410

2410

 

шығындар болғанда

   
 

Негізгі құралдарды сату бойынша  табыстар болғанда

1210, 1010, 1040

6210

 

Сатып алушыларға  шот  көрсетілген кезде, ал сатып алушылар төлеген кезде

1010, 1020, 1040, 1050, 1070

1210, 1280


 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

      

        Қорындылай келе, мен өндірістік практиканы ШЧ-33 “Алматы байланыс және сигнализация” дистанция филиалында өттім. Кәсіпорында болған бір ай көлемінде мен осы кәсіпорынның бухгалтерия бөлімінде түрлі құжаттармен таныстым. Мысалы: кәсіпорынның бухгалтерлік есеп әдістері, типтік шоттар жоспары, бухгалтерлік  баланс құрамы, дебиторлық қарыздардың есебімен, ведомость, аналитикалық шоттармен, кәсіпорынның есеп айырысу шотының құжаттарымен, жабдықтаушылар мен мердігерлермен есеп айырысу құжаттарымен таныстым.

        Кассадағы ақша қаражаттарын сақтау, пайдалану және есебін жүргізумен қатар кассалық кіріс ордері мен кассалық шығыс ордерін толтырдым. Сонымен қатар, жабдықтаушылар мен мердігерлермен есеп айырысу құжаттары және алғашқы құжаттар, аванстық есеп және т. б. құжаттармен таныстым.

        Тауарлы - материалдық қорлар бойынша ТМҚ есептен шығару актісі, материалдық қорларды бағалау әдісімен, материалдардың ішкі орнын алмастыру накладной парағы, шот-фактураны дұрыс толтыруды үйрендім.

         Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысу құжаттары, мысалы: кезекті демалыс парағы, емдеу мекемесінің жұмысқа жарамсыздық туралы парағы, сыйақы, іс - сапар шығындарын есептеу және еңбекақыдан ұсталынатын зейнетақы салығын дұрыс есептеуін меңгердім. Кәсіпорынның есеп саясатын оқыдым. 

         Мен осы өндірістік практиканы өткен уақыт аралығында теориялық білімімді практикалық тәжірибемен тереңдете түстім.

Қорыта келе, қарастырып отырған кәсіпорынның көлік саласы, соның ішінде темір жол көлігі үшн атқаратын рөлі өте жоғары бағаланады және оның болашағы бар  деп санауға толықтай болады. Нарықтық қатынастарға сәйкес барлық меншік түрін  дамытуа және шаруашылықты жүргізудің экономикалық әдістері мен тәсілдерін таңдауға шаруашылықты басарудың тиімді механизмдерін жасауға біртіндеп  қолайлы жағдай туындап отыр. Сонымен  қатар қазіргі таңда, халықаралық  стандартқа көшу барысында бухгалтерлік есеп және аудит жұмысына қойылатын  талап өте күрделі. Ол шетел тәжірибесін  қолдану,  бухгалтерлік есепті жаңа  талаптарға сай жеделдетіп бір жүйеге келтіру болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

1. ҚР Заңы "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" №235 (28.02.2007ж)

2. Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің «Мемлекеттік мекемелерде кассалық операциялар жүргізу туралы» 2007 жылғы 03 сәуір дегі № 103 бұйрығы

3. Кодекс Республики Казахстан «О налогах и других обязательных платежах в бюджет» с изменениями и дополнениями внесенными законами РК от 30.12.2009г. № 234-IV

4. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексі

5. Пояснительная записка к отчету за год 2008 г. по ШЧ-33.

6. Қ.К. Кеулімжаев, З.Н. Әжібаева, Н.А. Құдайбергенов. Бухгалтерлік есеп принциптері: Оқу құралы-Алматы: Экономик С, 2006 жыл

7. Ә. Әбдіманапов. Бухгалтерлік және қаржылық есеп принциптері (халықаралық стандарт) Алматы 2006 жыл

8. Толпаков Ж.С. «Бухгалтерлік есеп», І том Қарағанды 2009 жыл

9. Ашимова А. А. «Қаржылық есеп» Алматы 2007жыл

10. Баймұханова С. Б. Қаржылық есеп: Оқулық – Алматы, 2007 жыл

11. Р. С. Әбдішүкіров, Б. С. Мырзалиев. Бухгалтерлік есеп, 1 кітап Алматы 2008, жыл

12. А. Ныйқанбаева, Л. Қуанышова. Бухгалтерлік есеп негіздері: Оқу құралы – Астана: «Фолиант», 2008

13. Б.С. Мырзалиев, А.А. Сәтмырзаев, Р.С. Әбдішүкіров «Бухгалтерлік                             есеп теориясы және тәжірибесі», Оқу құралы-Алматы, 2008 жыл

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Отчет по практике ШЧ-33 “Алматы сигнализация және байланыс дистанция ”