Отчет по практике ШЧ-33 “Алматы сигнализация және байланыс дистанция ”

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2013 в 13:24, отчет по практике

Описание работы

Кеңес Одағы кезінде темір жол саласы экономиканың дамуына елеулі рөл атқарған. Тәуелсіз мемлекет болып қалыптасқан кейін де темір жол саласының атқаратын үлесі өте зор. ШЧ-33 “Алматы сигнализация және байланыс дистанция” филиалы Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес құрылған және Директорлар Кеңесі шешімі бойынша қайта тіркеуден өткен. Филиал қызметкерлері мен жұмысшылары байланыс және сигнализация аясында сапалы техникалық қызмет көрсету және өндіріске жаңа технология енгізу арқылы жоғары көрсеткіштерге жету бағытында жұмыс істеуде [5].

Файлы: 1 файл

Ot4et kopiya.docx

— 76.89 Кб (Скачать файл)

 

 

2.5. Тауарлы- материалдық  қорлардың есебі

 

Тауарларды өндіру мен  жеткізуде бір қалыптылық жоқ  жағдайында үзіліссіз сауданы қамтамасыз ету үшін сауда мекемелері мен  кәсіпорында қажетті тауар қорлары  болуы қажет.

28.01.2007 жылы 27 ҚР Қаржы  Министрлігінің бұйрығымен бекітілген  өзгерістер мен толықтыруларға  сәйкес, тауарлы – материалдық  қорлар – бұл:

- шикізат қатары, материалдар,  сатып алатын жартылай фабрикаттар  және құрамдық заттар, конструкциялар  мен тетіктер, отын, ыдыстық заттар, қосалқы бөлшектер, өндірісті  пайдалануға немесе тұрмыстар  мен қызметтер үшін пайдалануға  арнарған өзге материалдар;

- аяқталмаған өндіріс,  жұмыстар, қызметтер орындау;

- ұйымдардың қызметі барысында  сатуға арналған дайын өнімдер  мен тауарлар түріндегі активтер.

Соған сәйкес тауарлы –  материалдық қорлардың келесідей  топтарды бөліп көрсететін, олардың  экономикалық жіктеуі материалдардың есебін дұрыс ұйымдастырудың маңызды  жағдайларының бірі болып болып  табылады:

- шикізаттар мен материалдар  – өнімнің материалдық негізін  құрайды.            Осыған орай, негізінен, ауылшаруашылығы  мен өндіруші өнеркәсіп өнімін  – шикізат деп, ал өндеуші  өнеркәсіп өнімін – материалдар  деп атайды. Өнеркәсіптің кейбір  салаларында шикізат және материалдар  негізгі және көмекші болып  бөлінеді, дегенмен, бұлай бөлу, шартты  болып саналмайды, өйткені ол  өнімдердің әр түріне материалдардың  сол бір түрін қолдану санына, технологиялық процесстің сипатына  қатысты болады. Мысалға, наубайхана  өндірісінде негізгі шикізат  және материалдарға ұн, тұз, ашытқы  және су жатқызылады. Көмекші  шикізат және материалдар өнімдердің  сапасын жақсартуға әсерін тигізеді, олар белгілі бір тұтыну қасиеттерін  береді.

- сатып алынатын жартылай  фабрикаттар – өндеудің белгілі  бір сатысынан өткен, бірақ  әлі де дайын өнім блып саналмайтын  шикізат және материалдар. Яғни, материалдық негізін құрайды.

- отын – өндірістегі  өзінің тағайындалу және пайдалану  жағдайлары бойынша энергетикалық,  технологиялық, двигательдік (жанар,  тағар май) және шаруашылық  мұқтаждықтары үшін (ғимараттар  мен үй жылытулары үшін) отын  болып бөлінеді.

- ыдыс және ыдыстық  заттар – бұл әртүрлі материалдар  мен дайын өнімдерді орау, буып-түю,  тасымалдау және сақтау үшін  пайдаланатын заттар.

- қосалқы бөлшектер машиналар  мен құрал- жабдықтардың тозған  бөлшектерін жөндеу және ауыстыру  үшін қызмет етеді.

- өзге де материалдар  өзіне аталмыш ұйымда материалдар,  отын немесе қосалқы бөлшектер  ретінде, пайдалана алатын, негізгі  құралдардың шығарылып тасталуынан  алынған материалдарды, өндіріс  қалдықтарын, түзетуге келмейтін  ақшаларды енгізеді.

- басқа жаққа қайта  өңдеуге берілген материалдар  – бұл сырт ұйымдардың өңдеуіне  тартылған және одан кейін  одан алынған өнімдердің өзіндік  құнына қосылатын материалдар.

- құрылыс материалдары  – құрылыс салушы ұйымдар есепке  алынатын, құрылыс бөлшектерін жасау,  ғимараттар мен құрылыстардың  бөліктерін және конструкцияларын  бөлу және көтеру үшін тікелей  құрылыс және монтаж жэұмыстары  процесінде пайдаланатын материалдарды,  сондай-ақ құрылыс мұқтаждықтары  үшін қажетті өзге де тауарлы-материалдық  қорларды білдіреді.Өндірістік қорлар  есебін дұрыс ұйымдастыру үшін  оларды негізді бағалай білудің үлкен маңызы бар [12].

Материалдардың бір ғана түрінің алу бағасы есептік кезең  барысында әртүрлі болуы мүмкін, сондықтан оларды дұрыс анықтау  үшін, №2 Қорлар ҚХЕС қарастырылған 2 әдістің бірін қолданамыз:

- арнайы (идентификациялау) әдісі

- орташа өлшемді әдіс 

Сатылып алынған материалдардың құны кассадан(қолма- қол ақшамен) төленді.

Дт     Кт

    1. 1010, 1020

Заңды тұлғалар мен жеке адамдардан өтеусіз келіп түскен материал

Дт                                           Кт

    1. 6280

Негізгі құралдарды бұзғаннан, істен шығарғаннан алынған материалдық  құндылықтар

Дт                                        Кт

    1. 6210

Алынған материалдар және олар үшін кеткен шығындар арнайы банктердегі шоттардан төленеді

Дт                                          Кт

    1. 1070

Материалдық құндылықтарды дайындайтын жұмыскерлерге есептелінген еңбекақы

Дт                                           Кт

    1. 3350

Салынып жатқан (аяқталмаған) құрылысқа жіберу мақсатымен есептен шығарылған материалдар

Дт                                             Кт

2930                              1310, 1315, 1317.

Материалдар кәсіпорында  №ФМУ6 актісі арқылы кіріске алынады. Бұл актіге қоса шот – фактура және талаптама беріледі. Қоймашы материалдардың әрбір номенклатуралық номері бойынша бөлек үлгілі түрі М – 17 карточкасын ашады. Бұл карточкада материалдық қорлардың аты, мөлшері, көлемі, сорты, өлшем бірлігі, номенклатуралық нөмірі және есептеу бағасы көрсетіледі.бұл карточканы жаңадан кіріске алынған материалға кәсіпорынның бухгалтериясы дайындап, одан кейін кіріс ету ордерімен бірге қоймаға беріледі. Қойма қызметкері немесе қойма меңгерушісі алынған карточкаға материалдық қорлардың қай жерде сақталып тұрғаны жайлы деректер толтырады.

Шот-фактура (қосымша 7) барлық қосылған құн салығын төлеушілер үшін міндетті құжат болып табылады. Қосылған құн салынатын тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) өткізуді жүзеге асыратын қосылған құн салығын көрсететін шот-фактураны беруге міндетті. Қосылған құн салығын есепке жатқызу үшін негіздеме болып табылатын шот-фактурада:

1) шот-фактураның реттік  нөмірі, толтырылған күні;

2) тауарларды беруші мен  алушының тегі, аты, мекен-жайы  және тіркеу нөмірі, сондай-ақ  өнім берушінің қосылған құн  салығы бойынша есепке қойылғаны  туралы куәліктің нөмірі;

3) өткізілетін тауардың  атауы;

4) салық салынатын айнылымның  мөлшері;

5) қосылған құн салығының  ставкасы;

6) қосылған құн салығының  сомасы;

7) қосылған құн салығы  ескерілген тауарлар құны көрсетілуі тиіс [2].

Қоймашы белгіленген тәртіп бойынша толтырылған алғашқы  құжаттардың негізінде материалдардың кіріске алынуын және есептен  шығару операцияларын, олардың іске асырылған күнін қойманың есеп карточкасына жазып, онда материалдық құндылықтардың сол күннің соңындағы қалдығын шығарып  отыруы керек.

Материалдарды немесе жүктерді  алу  үшін кәсіпорыннан тағайындалған  экспедиторға немесе жүкті алатын басқа  адамға үлгілі түрі М-2 немесе М-2А сенімхаты  беріледі. М-2 түрлі сенімхаты (қосымша 10) лауазымды адамның материалдық  қорларды қабылдап алуға ұйымның  сенімді адамы ретііде қатысу құқығын ресімдеу үшін беріледі.

        Жабдықтаушы  ұйым (қосымша 11) тауарлық  - материалдық  қорларды автомобиль көлігі арқылы  жеткізіп беретін жағдайда жіберілетін  материалдарға 4 (төрт) дана етіліп  «Тауар-көлік жүкқұжаты»(накладной)  толтырылады. Оның бірінші данасы  жіберілген материалдарды есептен  шығару үшін материалдарды жіберушіе  қалдырылады: екінші, үшінші және  төртінші даналары материалдарды  жіберуші (босатушы) ұйымның мөрі  (мөртаңбасы) және лауазымды адамдардың қолымен расталып, сондай-ақ  жүкті қабылдап алғаны жайлы көлікті жүргізушінің қолы қойылып жүргізушіге тапсырылады.

 

 

2.6. Негізгі құралдардың есебі

 

Мекеменің қалыпты өндіріс  – шаруашылық қызметін қамтамасыз ету үшін негізгі құралдар қажет. Олардың саны әр өндіріс бойынша  жоспарлы тапсырмаларға сәйкес өндірісті  ұйымдастыру мен басқарудың озық прогрессивті түрлерін, еңбек құралдарын тиімді пайдалануды ескере отырып белгіленеді. Бірнеше жыл бойы мекеменің өндірістік – шаруашылық ісіне қызмет көрсетуші  еңбек құралдары мен басқа  мүліктің құны «негізгі құралдар» деген  экономикалық түсінікті құрайды.

16 «Негізгі құралдар»  ІAS Халықаралық қаржы есептілігінің  стандарттарына сәйкес негізгі  құралдар-бұл тауарлар мен қызмет көрсетулерді өндіруде немесе жеткізуде пайдалануға, үшінші тұлғаларға жалға өткізуге, немесе әкімшілік мақсаттарға арналған және бір кезеңнен астам уақыттың ішінде пайдалану көзделетін материалдық активтерді білдіреді [13].

Олар өзінің табиғи –  заттық түрі мен бөлшектерін өзгертпей-ақ көптеген өндірістік циклдарға қатысады, жаңадан жасалынған өнімге өз құнын  ауыстырады. Оларға үйлер, ғимараттар, беру құралдары, машиналар мен жабдықтар, көлік құралдары, есептеу техникасы, саймандар мен ұзақ уақыт қолданылатын мүліктер және т.б. жатады. 

Ұзақ пайдалану процесінде негізгі құралдар өзгереді: олар мекемеге түсіп, пайдалануға беріледі, пайдалану  процесінде тозады, жөндеу жолымен  қалпына келтіріледі, мекеме ішінде жылжытылады (цехтан цехқа),одан әрі  пайдалануға жарамсыздығы, сондай-ақ басқа мекемлерге беру салдарынан есептен  шығарылады. Барлық аталған өзгерістер бухгалтерлік есепте көрініс табады.

Мекемедегі негізгі құралдардың  бухгалтерлік есебінің міндеттері:

  • Негізгі құралдарды пайдаланылған жері бойынша дұрыс есепке алу және оның сақталуын бақылау;
  • Негізгі құралдардың түсу есебін, олардың ішкі қозғаласын, шығысын және жойылуын құжаттармен рәсімдеу және дер кезінде есепте көрсету;
  • Негізгі құралдардың амортизациясын дер кезінде есептеу мен есепте көрсету және амортизацияны өндіріс пен айналым шығындарының құрамына енгізу;
  • Негізгі құралдарды жөндеу, реконструкциялау және жаңартуға шығындардың дұрыс жұмсалуын бақылау;
  • Жоюдың нәтижесін дәл анықтау, сондай-ақ негізгі құралдардың толық амортизацияланбаған нысандарын есептен шығару;
  • Мүлікке салынатын салық, қосымша құнға салынатын салық сомаларын негізгі өндірістік құралдардың (көліктен басқа) теңгерімдік (баланстық) құнынан белгіленген мөлшерде дұрыс анықтау.

Қазіргі уақытта, нарықтық экономика  жағдайында мекемелер негізгі құралдарын басқа кәсіпорындарға тегін беруге, сатуға, айырбастауға және жалға беруге, уақытша пайдалануға тегін беруге, сондай-ақ, егер олар тозса немесе моралдық жағынан ескірсе, толық амортизацияланды ма, жоқ па, соған қарамастан теңгерімнен  шығаруға құқылы. Осы жағдайда негізгі  құралдардың түсуін, дұрыс пайдалануын  және сақталуын бақылайтын құрал  ретінде бухгалтерлік есептің ақпараттық функциясы арта түседі [10].

Негізгі құралдар кәсіпорынға мынадай жағдайда түседі: күрделі қаржы (жаңа ғимараттар, құрылыстар); жабдықтарды сатып алу және орнату;заңды және жеке тұлғалардан, сондай-ақ ұсталған негізгі құралдар объектілерін сатып алу; ұзақ мерзімді жалға беру шартымен негізгі құралдардың түсуі. Кәсіпорынға түскен негізгі құралдар объектілерін кәсіпорын басшысының өкімімен құрылған арнайы комиссия қабылдайды, комиссия құрамына кәсіпорынның бас инженері, техникалық бөлімінің инженері, объекті пайдалануға берілетін цех немесе бөлім бастығы енеді. Негізгі құралдардың (қосымша 12) түсуі комиссия жасайтын «негізгі құралдарды қабылдап – алу актісімен» рәсімделеді [11].  

 

Кесте 3 

Негізгі құралдардың келіп  түсуі

 

Операциялар мазмұны

Дт

Кт

1

Үлес қосушылардан жарғылық қорды толтыру  мақсатында кіріске  алынған негізгі құралдар

2410,2930

5020

2

Заңды және жеке тұлғалардан  алынған негізгі құралдар

2410, 2930

1010, 1070, 3310, 3390, 4110, 4170

3

Заңды тұлғалармен жеке адамдардан ақысыз қайтарусыз алынған негізгі  құралдарды кіріске алу

2410, 2930

6220

4

Басқа да атқарушы органдардан  субсидия ретінде келіп түскен негізгі  құралдар

2410, 2930

6230

5

Құрылыс салушылардың құрылысқа  шығарылған нақтылы шығыны жабдықтарды  сатып алуға шығарылған шығыны

2930

1010, 1020, 1040, 1050, 1070, 3310, 1310, 1330

6

Түгендеу нәтижесінде  артық шыққан негізгі құралдарды кіріске алу

2410, 2930

6280

7

Берілген аванстар есебінен негізгі құралдар алу

2410, 2930

1610

Информация о работе Отчет по практике ШЧ-33 “Алматы сигнализация және байланыс дистанция ”