Отчет по практике ШЧ-33 “Алматы сигнализация және байланыс дистанция ”

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2013 в 13:24, отчет по практике

Описание работы

Кеңес Одағы кезінде темір жол саласы экономиканың дамуына елеулі рөл атқарған. Тәуелсіз мемлекет болып қалыптасқан кейін де темір жол саласының атқаратын үлесі өте зор. ШЧ-33 “Алматы сигнализация және байланыс дистанция” филиалы Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес құрылған және Директорлар Кеңесі шешімі бойынша қайта тіркеуден өткен. Филиал қызметкерлері мен жұмысшылары байланыс және сигнализация аясында сапалы техникалық қызмет көрсету және өндіріске жаңа технология енгізу арқылы жоғары көрсеткіштерге жету бағытында жұмыс істеуде [5].

Файлы: 1 файл

Ot4et kopiya.docx

— 76.89 Кб (Скачать файл)

Есептеп шығарған еңбек ақыны  әрбір жұмысшының жұмыс істеген  уақытына және оған берілген тарифтік разрядқа сәйкес ұжым мүшелеріне бөлінеді. Оны бөлгенде қосымша еңбек ақының коэффициенттері, коэффициент сағаттар немесе коэффициент күндер пайдаланылады. Қосымша еңбек ақы коэффициентін  анықтағанда ұжым құрамына енетін әрбір  жұмысшының сағаттық немесе күндік төлем  мөлшерін жұмыс істеген уақытына көбейтеді де оның тарифтік мөлшері  бойынша төлемін тауып алады. Содан кейін бүкіл ұжымның  кесімді еңбек ақысын тарифтік төлем  мөлшеріне бөліп, бригаданың еңбек  ақысының орташа коэффициентін табады. Әрбір жұмысшының тарифтік еңбек  ақысын еңбек төлемін қосымша  еңбек ақы коэффициентіне көбейту  арқылы әрбір жұмысшының нақты кесімді  еңбек ақысы анықталады. Сағаттық немесе күндік тарифтік коэффициенттерді қолданғанда да еңбек ақысын бөлу жөніндегі есеп айырысуды осылай жасайды. Жанама кесімді еңбек ақы  жүйесі – мұнда көмекші және басқа  жұмысшылардың еңбек ақысын қызмет көрсетіп отырған учаскенің, цехтың негізгі жұмысшыларының төлеміне шаққан пайызбен анықталады [8].

Жалақыны есептеудің бірыңғай ережесі Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексіне сәйкес әзірленді және орташа жалақыны есептеудің бірыңғай тәртібін айқындайды [4].

Осы Ережеде мынадай негізгі  ұғымдар пайдаланылады:

1) орташа жалақы – қызметкер  жалақысының сақталуына кепілдік  берілетін кезең үшін жұмыс  беруші есептейтін және қызметкерге  төлейтін ақша қаражатының сомасы;

2) орташа күндік (сағаттық) жалақы – уақыт бірлігі (күн,  сағат) үшін есептелген жалақы  сомасы;

3) есеп айырысу кезеңі  – төленуі тиіс ақымен (төлеммен) байланысты оқиғаның алдындағы  ұзақтығы он екі күнтізбелік  айға тең кезең, не қызметкер  жұмыс берушіде күнтізбелік он  екі күнтізбелік айдан кем  жұмыс істеген болса, орташа  жалақыны есептеу үшін пайдаланылатын  нақты жұмыс істеген кезең;

4) оқиға – Еңбек кодексіне  сәйкес орташа жалақының сақталуымен  немесе төленуімен байланысты  жағдайлар.

Тәжірибе жүзінде  еңбекақыны ұйымдастырудың негізгі  екі нысаны – мерзімдік және кесімді  қолданылады.

Мерзімді еңбекақы төлеу жұмыспен өтелген уақыттағы  тарифтік ставкалар немесе қызметкерлер бойынша жүргізіледі.

Кесімді еңбек ақы – жұмысшы қызметкерлердің еңбек өнімділігін өсіруде еңбек уақытын қысқарту мақсатында қолданылады.

Жеке кесімді еңбек  ақы жүйесі. Мұндай жүйеде еңбек ақы әрбір жұмысшылардың нәтижелеріне байланысты. Оны белгіленген бағаны жұмысшының дайындаған бұйымдарының санына көбейту арқылы анықтайды.

         Бригадалық кесімді еңбек ақы жүйесі. Жұмысшылардың еңбек (қосымша 6) ақысын біржүйеде бригада учаске жұмысшының нәтижелері бойынша анықтайды.

Мысал: Құрамында 3-ші, 5-ші, 6-шы разрядты 3 слесарь бар кесімді  еңбекақы алушы жұмысшылар бригадасы  әрқайсысы 8 040,40 теңгеден бағаланған екі машинаны жинады. Рахимов 80 сағат жұмыс істеген (6-разряд), Шегай 60 сағат жұмыс істеген (5-разряд), Петров 70 сағат жұмыс істеген (3-разряд).

  1. Бригаданың жалақысы 8 040,40 х 2 машина = 16 080,80 теңге.
  2. Тариф бойынша жалақы:  Рахимов 80 х 100 = 8000 теңге,

Шегай  60 х 80  = 4 800 теңге, Петров 70 х 56 = 3 920 теңге.

  1. Нақты жалақыны бөлу коэффициенті 16 080,8/(8 000+4 800+3 920)

=0,964 

Айлық жалақы: Рахимов – 8 000 х 0,96 = 7680 теңге, Шегай – 4800 х 0,96

= 4608 теңге, Петров –  3920 х 0,96 = 3000 теңге. Жиыны: 16080,80 теңге.

Жанама – кесімді жүйеде қызмет көрсетуші жұмысшылардың  жалақы мөлшері осы жұмысшылар еңбегінің  түпкілікті нәтижесіне тікелей тәуелді  болады.

Мысал: Жөндеуші жұмысшы  Кимнің жалақысы тариф бойынша – 34400 теңге. Учаске бойынша жоспарланған шығарылым (өндірістік тапсырма) 1000 бірлік. Механикалық цехтың жұмысшысы Ким  қызмет көрсеткен станокта 1200 бірлік  әзірлеген. Жанама – кесімді бағалау  – 34400/1000 = 34,4 теңге. Кимнің жалақысы – 1200 х 34,4 = 41280 теңге.

Мерзімді еңбекақы. Кәсіпорында 100 адам жұмыс істейді, оның 80-і жұмысшы  да 20-сы қызметкерлер. 30 қызметкерге  еңбекақы, олардың мамандығы мен  атқаратын міедеттеріне байланысты белгіленген: 10 адам – 9-разряд; 8 адам – 11- разряд; 4 адам – 14- разряд; 4 адам – 16- разряд; 2 адам – 19- разряд;  адам -  21- разряд.

Әр түрлі разряд бойынша қызметкерлердің  айлық еңбекықларын есептеу үшін мына формуланы қолданамыз:


 

═ ×

 

Ұжымдық келісім бойынша 1-ші разрядтық ставка  18000 теңге  көлемінде бекітілген. Кәсіпорын  жұмыс режимі – аптасына 5 күн, 14-разряд бойынша 3 қызметкер өткен айда 18 күн жұмыс істеген. Сонда өткен  айдың еңбекақысы былайша есептеледі:

9-разряд бойынша = 18000 х  1,78 х 10 = 320400

11-разряд бойынша = 18000 х 2,05 х 8 = 295200

14 разряд бойынша = 18000 х 2,55 х 4 = 45900

14-разряд бойынша 3 адам, ай ішінде толық жұмыс істемеген  сондықтан, олардың еңбекақылары  былайша есептеледі:

14-разряд бойынша =  (18000 х 2,55) х 21 х 18 х 3 = 118028

16-разряд бойынша = 18000 х 2,95 х 4 = 212400

19-разряд бойынша = 18000 х 3,67 х 2 = 132120

21-разряд бойынша = 18000 х 4,24 х 2 = 152640

Қызметкерлердің айлық мерзімді еңбекақысы = 1276688.

Аккордтық жүйе. Қосалқы  өндіріс қызметкерлеріне еңбекақы аккордтық жүйе бойынша есептелінеді. Негізгі өндірістің цех жұмысшыларына  істеген жөндеу жұмытары үшін есептелген еңбекақы 400000 теңге, жұмысты орындауға  жұмсалған барлық уақыт мөлшері 160 адам/сағат, оның 50 адам/сағат-3ағаш шеберінің  жұмсаған уақыты, 40 адам/сағат 6 қыздырушының жұмсаған уақыты, 20 адам/сағат 4 электромонтердтің  жұмсаған уақыты, 40 адам/сағат-15 сылақшылардың  жұмсаған уақыты, 10 адам/сағат 2 жөндеу жұмыстарымен айналысатын жұмысшылардың  жұмсаған уақыты. Демек, орындаған жұмыстары  үшін жұмысшылардың еңбекақысы былайша  есептеледі.

Ағаш шеберінікі: 400000 : 160 х 50 = 125000 теңге, ал бір жұмысшыны  анықтау үшіносы соманы жұмысшылар санына бөлеміз, яғни 125000 : 3 = 41666 теңге, қыздырушылардың барлық еңбекақысы, 400000 : 160 х 40 = 100000 теңге, ал бір қыздырушыға  шаққанда: 100000 : 6 = 16666 теңге.

Электромонтер еңбекақысы: 400000 : 160 х 20 =  50000 теңге, ал бір электромонтердікі: 50000 : 4 = 12500 теңге.

Жөндеушілер еңбекақысы: 400000 : 160 х 10 = 25000 теңге, ал бір жұмысының  еңбекақысы : 25000 : 2 = 12500 теңге.

Сылақшылар еңбекақысы: 400000 : 160 х 40 =  100000 теңге, бірсылақшының  еңбекақысы: 100000 : 15 = 7000 теңге.

Тікелей кесімді жүйе. Негізгі  өндіріс цехының 80 қызметкеріне, белгіленген  келісімді жалақы бойынша, шығарылған 100 дана өнім үшін төлемі 560 теңге көлемінде  белгіленген. Шығарылған өнім есебін, әрбір қызметкер бойынша және шығарылған өніміне сәйкес оның еңбекақысы есептеледі. Ағымдағы айда қызметкер 200000 дана өнім өндіріп, олардың жалпы  еңбекақысы мынаған тең болған: 200000 : 80 х 560 = 1 400 000 теңге.

Жанама кесімді жүйе. Кәсіпорынның негізгі өндірісіне қызмет көрсететін жұмыскерлер еңбекақысы, негізгі  өндіріс қызметкерлері еңбекақысының (12%) (1400000), яғни жанама кесімді жалақы төленді. Сонда негізгі бұл жұмыскерлер  еңбекақысы: 1400000 х 12% = 168000.

Сыйақы мөлшері орындалған  жұмыстың маңыздылығы мен күрделілігіне  қарай кәсіпкер мен жұмысшылардың  топтарына сараланып белгіленеді.

Мысал: сыйақы беру туралы ережеде  жабдықтың тұрып қалуын қысқарту үшін кезекші монтерларға тарифтік ставкасының 20%-ті мөлшерінде сыйақы беру көзделді. Техникалық себептерге байланысты жабдықтардың тұрып қалу нормасы 5% құрайды. Монтер есепті айда 180 сағат жұмыс жасаған. Тарифтік ставка 100%, жабдықтың ай ішінде тұрып қалуы – 3%.

1. Мерзімдік жалақы : 180 х  100 = 18000 теңгеге тең;

2.Жабдықтың тұрып қалуын  төмендетудің әрбір %-ті үшін  сыйақы мөлшері 20% / 5%  = 4%;

3.Жабдықтың тұрып қалуын  қысқарту 5% - 3% = 2%;

4. Сыйақының %-тік мөлшері  4% х 2% = 8%;

5. Сыйақы сомасы: 18000 х  8% = 1440 теңге;

6.Ай ішінде жалақы 18000 + 1440 = 19440 теңге.

Материалдарды үнемдеген  жұмысшыларға сыйақы беруге әрбір жұмыс  орны, бригада учаскесі бойынша нақты  үнемделген материалдар сомасынан  белгілі бір % жұмсалуы мүмкін.

Мысал: мерзімдік ақы алушы жұмысшы 160 сағат жұмыс істеп есепті айда 1200 теңге сомасының материалдарын үнемдеген. Сыйықы беру туралы ережеге сәйкес сыйақы нақты үнемделген материалдардың 35% мөлшерінде есептеледі. Тарифтік ставка 100 (сағатпен):

1.Мерзімдік жалақыны сомасы 180 х 100 = 18000 теңге;

2.Материалдарды үнемдегені  үшін сыйақы 1200 х 35% = 420 теңге;

3.Айдағы жалақы сомасы 18000+420 = 18420 теңге.

Сыйақы цехтардың және бүкіл кәсіпорынның жалпы ұжымдық  жұмыс көрсеткіштері үшін есептелуі  мүмкін. Сыйақы көлемі жалпы кәсіпорын  бойынша белгіленеді.

      Мысал: Цехтың  қол жеткізген жұмыс көрсеткіштері  үшін бйрыққа сәйкес монтер 15% мөлшерінде сыйақы алады. Монтер 160 сағат жұмыс істеген. 

1.Тарифтк жалақы 160 х 100 = 16000 теңге;

2.Сыйақы 16000 х 15% = 2400 теңге;

3.Жалақы сомасы 16000 + 2400 = 18400 теңге. 

Мекеменің шығындарында еңбеккерлердің еңбегіне еңбекақы түрінде өтеу шығындары  ең үлкен бөлігін құрайды.

19- «Қызметкерлерге берілетін  сыйақылар» JAS Халықаралық қаржы  есептілігінің стандартына сәйкес  қызметкерлерге берілетін сыйақы- компанияның қызметкерлерге олар  көрсеткен қызметтің орнына ұсынылатын  сыйақылардың және төлемдердің  барлық түрлері.

Қызметкерлерге берілетін  сыйақыға мыналар жатады:

  • Жұмысшыларға және қызметкерлерге берілетін жалақы және әлеуметтік қамтамасыз етуге арналған жарналар, жыл сайынғы ақы төленетін демалыс және ауруына байланысты ақылы демалыс, пайда және сыйлықақыларға қатысу (егер олар кезең аяқталғаннан кейін 12 ай ішінде төленетін болса), сонымен қоса осы уақытта жұмыспен қамтылған қызметкерлер үшін ақшалай емес нысандағы сыйақылар (медициналық қызметтер, үймен және көлікпен қамтамасыз ету, ақысыз немесе күні белгіленген тауарлар немесе қызметтер) сияқты қызметкерлерге берілетін қысқа мерзімді сыйақылар;
  • Зейнетақы, зейнетке шыққаннан кейін берілетін басқа сыйақылар, еңбек қызметі аяқталған соң өмірді сақтандыру және медициналық қызмет көрсету сияқты еңбек қызметінің аяқталуына байланысты берілетін сыйақы;
  • Жұмыс стажы ұзақ қызметкерлер үшін ақы төленетін шығармашылық демалыс, мерейтойларға арналған, еңбекке жарамсыздығы үшін ұзақ мерзімге берілетін жәрдемақылар, сондай- ақ пайдаға және сыйлықақыға қатысу, егер көрсетілген төлемдер кезең аяқталғаннан кейінгі 12 айдан астам кезеңде жүзеге асырылса, қызметкерлерге берілетін басқа да ұзақ мерзімді өтемдер;
  • Шығу жәрдемақылары және үлестік құралдармен өтемақы төлемдері.

Шығу жәрдемақылары- қызметкерді  зейнеткерлік жасқа толмағанға дейін  мекеменің шешімімен жұмыстан шығарса; не қызметкердің өз еркімен осындай  сыйақыға айырбастауға жұмыстан шығу салдары болып табылатын қызметкерлерге берілетін сыйақылар.

Қызметкерлерге берілетін  сыйақылар: қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді сыйақылар болып екіге  бөлінеді.

Қызметкерлерге берілетін  қысқа мерзімді сыйақылар- бұл қызметкердің тиісті қызмет көрсеткен кезең ішінде кезең аяқталғаннан кейін толық  көлемде 12 ай ішінде төленуге тиісті, қызметкерлерге берілетін сыйақы (шығу жәрдемақылары  және үлестік құралдарға өтемақы төлемдерін қоспағанда) [7].

Еңбек ақының есептелуі және берілуі келесідей корреспондентік  шоттар арқылы көрініс табады:

Жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы есептелінді 

негізгі өндіріс жұмысшыларына:

Дт                         Кт

  1. 3350

қосалқы өндіріс жұмысшыларына:

  Дт                          Кт

  1. 3350

цехтың қызметкерлеріне:

   Дт                          Кт

  1. 3350

 кәсіпорынның басқару  аппараты қызметкерлеріне:

  Дт                            Кт

  1. 3350.

Жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелген еңбекақыдан зейнетақы  қорына ұсталған сома.

Дт                             Кт

  1. 3220

Жеке тұлғаларға есептелген еңбекақыдан ұсталатын табыс  салығы сомасы

Дт                              Кт

  1. 3120

Жұмысшылар мен қызметкерлерге кассадан төленген еңбекақы, сыйақы, жәрдемақы  және зейнетақы сомасына

Дт                              Кт

3350                         1010

Еңбек ақы өнімнің өзіндік  құнының негізгі элементтерінің бірі болып табылады: оның есебін дұрыс  ұйымдастыру еңбек өнімділігінің  өсуіне өнімнің өзіндік құнын  төмендеуіне және халықтың өмір сүру деңгейінің жоғарылауына септігін тигізеді. Әрбір қызметкердің еңбек ақысы  жұмыстың соңғы нәтижелерімен қызметкердің жеке өзінің қосқан үлестерімен анықталуға тиіс және ең көп мөлшерімен шектелмейді.

Информация о работе Отчет по практике ШЧ-33 “Алматы сигнализация және байланыс дистанция ”