Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2013 в 16:44, дипломная работа
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2008 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында нарықтық экономиканың механизмдерін жетілдіру жолдары көрсетілген. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында жүргізіліп жатқан бухгалтерлік есеп жүйесінің реформасы – қазақстандық кәсіпорындарды халықаралық қоғамдастыққа интеграциялануына бағытталған құрамды, кешенді процесс. Бұл интеграцияның негізгі элементтерінің бірі – қазақстандық кәсіпорынға шетелдік серіктестіктердің сенімділігін арттыру болып табылады.
КІРІСПЕ................................................................................................................. 3
1 ДЕБИТОРЛЫҚ БОРЫШТАР ЕСЕБІНІҢ НЕГІЗГІ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Дебиторлық борыштар анықтамасы және олардың жіктелуі..................... 5
1.2 Дебиторлық борыштар қозғалысының құжатталуы................................... 11
2 ДЕБИТОРЛЫҚ БОРЫШТАР ЕСЕБІ (АҚ «ҚАЗАҚТЕЛЕКОМ» МЫСАЛЫНДА)
2.1 Қысқа мерзімді дебиторлық борыштар есебі.............................................. 34
2.2 Ұзақ мерзімді дебиторлық борыштар есебі................................................. 42
2.3 Дебиторлық борыштар есебінің талдауы..................................................... 51
3 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП СТАНДАРТЫНА КӨШУГЕ БАЙЛАНЫСТЫ ДЕБИТОРЛЫҚ БОРЫШТЫҢ АУДИТІ ЖӘНЕ ОНЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Дебиторлық борыштардың аудитін жетілдіру проблемалары.................. 68
3.2 Халықаралық қаржылық есеп стандартына көшуге байланысты дебиторлық борыштың аудитін жетілдіру жолдары......................................... 76
ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................... 85
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.......................................................... 88
Алынуға тиісті
вексельдер дебиторлық
Кейбір жағдайларда
жабдықтаушы сатып алушыға
Вексель дегеніміз – оның иесінің белгіленген мерзім, яғни уақыт біткен соң қарызгердің ақша төленуін талап ететін құқығын куәландыратын жазбаша қарыздық міндеттемесі. Сатып алу және сату объектісі, сондай-ақ капиталды қысқа мерзімді инвестициялау құралы бола отырып, вексель құнды қағаздардың ерекше бір түрі ретінде қызмет етеді.
Вексель белгіленген қатал нысанында жазылған жазбаша қарызгердік міндеттеме болып саналады. Вексель өзінің иесіне міндеттеменің мерзімі өткеннен кейін немесе мерзімінен бұрын вексельде көрсетілген соманы төлеуді талап етуге даусыз құқық береді. Вексельді толтырушы, яғни ол вексель бойынша төлем жүргізуге міндет алған заңды немесе жеке тұлға вексель беруші деп аталады. Ал вексель бойынша төлем алушы тұлға ремитент болып табылады.
Егер вексель бойынша
есеп айырысу бір жыл мерзім аралығында
жүргізілетін болса, ремитент алынған
вексельді баланстың актив
Бухгалтерлік есепте вексельдер сатылған, вексельге айырбастаған тауарлар және қызметтердің нарықтық құнымен, ақшалай баламасымен немесе барлық ақшалай төлемдердің ағымдағы (дисконтталған) құнымен есептеледі. Жалпы сомасы дегеніміз бұл пайыз (процент) есептелінетін сома болып табылады. Ал вексель бойынша алынған төлемнің осы жалпы сомадан артығы пайыз сомасы болып есептелінеді. Вексельдің атаулы (номиналдық) құны векселде көрсетілген пайыз сомаларын қоспағандағы вексель айналымы мерзімінің соңында төленуге тиісті ақшалардың сомасы болып табылады.
Жасалу үлгісі және қолданылуы бойынша вексельдер жәй және аудармалы деп аталатын екі түрге бөлінеді.
Жай вексель дегеніміз төлем мерзімі келген кезде вексель ұстаушыға белгіленген сомада ақша төлеуді вексельді беруші өзіне ешқандай шарт қоймай-ақ міндеттейтін құжат болып табылады, яғни қарапайым тілмен айтқанда вексель берушінің вексель алушыға ақшалай төлем жасауға міндеттемесін білдіреді. Жай вексель қарызгердің жазбаша міндеттемесі болып саналады. Вексельде оның берілген уақыты, қарызгерлік міндеттеменің сомасы, төленілетін мерзімі мен жері, төлем төлеуге тиісті кредитордың аты көрсетіліп, қарызгердің, яғни вексель берушінің қолы қойылуы керек.
Айналыс үдерісі кезінде вексель бір адамнан екінші адамға арнайы тіркеліп жазылғаннан кейін ғана беріледі. Табыстай жазбасы вексельдің теріс жағында немесе қосымша парағында жазылады.
Аудармалы вексель – (тратта) кредитордың (трассанттың) қарызгерге (трассатқа) белгілі бір соманы үшінші заңды тұлғаға (ремитентке) төлеу жайлы жазбаша өкімі болып саналынады. Яғни оның жәй вексельден ерекшелігі, аударылмалы вексельде вексель ұстаушының төлеушіге вексельде көрсетілген аөша сомасын үшінші бір адамға ремитентке төлеу туралы жазбаша бұйрығын бере алады.
Вексельдерді сонымен қатар пайыздық және пайызсыздық деп екіге бөлуге болады.
Пайыздық вексельдердің атаулы құнында төленетін пайыз сомасы өз алдына бөлек көрсетіледі.
Пайызсыздық вексельдерде пайыздық сома өз алдына бөлек көрсетілмейді, бьірақ ол вексельдің жалпы сомасында қарастырылады.
Вексельдер өздерінің түрлері бойынша коммерциялық, қаржылық және қазыналық болып үш түрге бөлінеді.
Коммерциялық вексельдер өнім өндіруші кәсіпорындар мен ұйымдарға ол өнімді тұтынушы, яғни сатып алушы кәсіпорындар мен ұйымдардың төлем жасау мерзімінің кешіктірілу себебіне байланысты беретін коммерциялық несиесі ретінде рәсімделеді.
Қаржылық вексельдер арқылы тауарлар келісімшарттарға жатпайтын әр түрлі банктер арасындағы борышкерлік қатынастар рәсімделеді.
Қазыналық вексельдер мемлекеттік қазыналық міндеттемеге жатады. Олар мемлекеттің ішкі қарыздарын өтеуіне байланысты шығарылады. Қазыналық вексельдер негізінен дисконтымен бірге номиналынан шегерім жасауды қоса алғандағы бағасы бойынша банктерге және басқа да кәсіпорындар мен ұйымдарға сатылады. Ал оларды кері қарай сатып алу толық атаулы құны бойынша жүргізіледі. Қазыналық вексельдер иелерінің табысын атаулы және сату бағасы арасындағы айырмашылықты құрайды. Жалпы алғанда қазыналық вексельдер банктер үшін қысқа мерзімге капитал салу нысаны болып табылады. Олар банк арқылы ақша рыногында пайдаланылады [7].
- Вексельдер эмитенттер бойынша: қазыналық және жекеше.
- Төлем
түрі бойынша: жай және
-Төлем кепілдігінің барлығына қарай: қамтамасыз етілген және қамтамасыз етілмеген.
- Төлеу тәртібі бойынша: мерзімдік вексель және ұсынушылық вексель болып бөлінеді.
Вексельдерді толтыру мен рәсімдеу белгіленген ережені сақтауды керек етеді. Құжатта міндетті түрде вексельдік таңба, яғни вексель деген жазу жазылып, оның ұсынылған күні мен орны (жері), вексельдің сомасы, пайызы, төлеу мерзімі көрсетілуі қажет. Аударылмалы вексельді трассат (қарызгер) акцептеу керек, ондай болмаған жағдайда транссаттың вексель бойынша ешқандай міндеттемесі болмайды. Вексель берілген уақытынан бастап төлеу мерзіміне дейін жабдықтаушының иелігінде болуы, тауарға төлем төлеу үшін басқа заңды тұлғаға немесе жеке тұлғаға берілуі немесе банк мекемесінен несие алу үшін пайдаланылуы мүмкін. Вексельдің маңызды деректемесі (реквизиті) болып төлем мерзімі саналады. Кәсіпорындар мен ұйымдардың бухгалтерия қызметкерлері вексель бойынша төлем мерзімдерінің сақталуын қадағалап оны бақылап отыруы қажет. Вексельмен есеп айырысу есебі арнайы “Алынған вексельдер” шотында жүргізіледі. Бұл шотта сатушылардың сатып алушылар және тапсырыс берушілермен арадағы олардан алынған вексельдер бойынша есеп айырысу операциялары жайлы ақпараттар жинақталады.
Вексель – қатаң белгіленген түрдегі төлем құжаты, ол бір жақты шартсыз ақшалай міндеттемеден тұрады. Вексельдің негізгі 2 түрі болады: жай және аударым. Жай вексель (соло) – вексель берушінің вексель ұстаушыға талап ету бойынша немесе алдағы белгілі бір уақытта төлейтін вексельде көрсетілген ақша сомасының ешнәрсеге негізделмеген міндеттемесі жазылған вексель. Жай вексельде бастапқыда 2 тұлға қатысады. Оның бірі – вексель беруші, вексель бере отырып, вексельде көрсетілген уақыт ішінде онымен төлем жүргізу міндеттемесін алған тұлға; екіншісі – вексель ұстаушы, ол вексельді ала отырып құжатта көрсетілген уақытта белгіленген соманы төлеуді талап ете алатын тұлға.
Сызба-4 Жай вексельді қолдану арқылы жүргізілген операция
Қайнар көзі: Михалева Е. Бухгалтерский и налоговый учет в Казахстане. – Алматы: БИКО, 2006.-186б. |
Аударым вексель
(тратта) – вексель берушінің
(трассанттың) үшінші тұлғаға
(трассатқа) бірінші вексель
Сызба-5 Аударым вексельді қолдану арқылы жүргізілген операция
тауар
(алдында түсірілген)
Қайнар көзі: Михалева Е. Бухгалтерский и налоговый учет в Казахстане. – Алматы: БИКО, 2006.-186б. |
Жай вексельде
және аударым вексельде
Сызба-6 Вексель қозғалысының операциялары
Вексель алынды |
Қайнар көзі: Михалева Е. Бухгалтерский и налоговый учет в Казахстане. – Алматы: БИКО, 2006.-187б. |
Вексельді өтеу күні – вексель толық төленген күн. Ол вексельде көрсетілуі мүмкін немесе оны вексельде берілген мәлімет бойынша анықтауға болады.
Вексель мерзімі
– вексельдің орындалу
I=NV*IR*T,
мұндағы, I – пайыз сомасы;
NV – номиналды көлемі (қарыз сомасы);
IR – пайыз мөлшерлемесі;
T – уақыт; бөлу ретінде
Осылай, пайыздар = қарыз сомасы*пайыз мөлшерлемесі*уақыт.
Вексельді өтеу сомасы (maturity
value) вексель мен пайыздың
MV=NV+I,
мұнда, MV – вексельді өтеу сомасы.
Яғни: вексельдің аяқталу күніндегі сомасы=вексельдің сомасы+пайыздар.
Сызба-7 Жай вексель
ЖАЙ ВЕКСЕЛЬ 1 000 000 теңге 15 наурыз 200х ж. Сома Мерзім Алынған сома үшін мен үкім бойынша төлеуді міндеттенем: Компания: Бір миллион теңге 00 тиын КК.АА.200х ж.
Жылдық 8%-дан есептелінетін пайызды қосқанда _________________________ |
Қайнар көзі: Михалева Е. Бухгалтерский и налоговый учет в Казахстане. – Алматы: БИКО, 2006 189б. |
Вексель пайыздық немесе пайыздық емес болуы мүмкін. Пайыздық вексельде пайыздық мөлшерлеме вексель сомасына жеке көрсетіледі. Өз кезегінде пайыздық вексельдер ақшалай төлем түрлеріне сәйкес екі категорияға бөлінеді:
Пайыздық емес вексельде пайыз дисконт белгілеу жолымен алдын ала төленеді. Дисконтта нақты пайыздық мөлшерлеме немесе пайыздық табыс деп аталатын пайыздың нормасы жанама түрде көрініс табады. Яғни пайыздық емес вексельде пайыз мөлшерлемесі көрсетілмейді.
Вексель тауармен (өнімдер, қызметтер, жұмыстар) жабдықтау туралы келісім бойынша төлемді мерзімнен ұзарту үшін беріледі. Вексельдік міндеттеме вексель берушінің рәсімделген вексельді беру кезінде пайда болады. Вексельде пайызды төлеу туралы белгілі бір күн белгіленбеген болмаса, ол вексель толтырылған уақыттан бастап есептеледі.
Информация о работе Тақырыбы: ХҚЕС-на сәйкес дебиторлық борыштың есебін ұйымдастыру