Жер салығының мәні

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Июня 2013 в 16:39, курсовая работа

Описание работы

Тек осындай жерді жаппай тиімсіз пайдалану, тасталынған және пайдаланылмай тұрған жерлер бар жағдайында ғана жерді шаруа қожалықтарына, жеке аула, бау-бақша немесе егістіктерге аламын деушілерге жердің жасанды жетіспеуі жағдайы туады, ал осы керек емес құрылыс, қора-қопсылар қала шеңберінде болғанда, ерекше құнды, құнарлы жерлерді алып жатуы мүмкін ғой. Осылайша бұл тақырыптың маңыздылығы өндірістің үш сирек факторларының бірі ретінде қарастыруға негізделеді.

Содержание работы

КІРІСПЕ........................................................................................................
3

1.
ЖЕР САЛЫҒЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ.....................................................................................................

5
1.1.
Жер салығының мәні...................................................................................
5
1.2.
Жер салығының жалпы ережелері.............................................................
8

2.
ЗАҢДЫ ЖӘНЕ ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРҒА САЛЫНАТЫН ЖЕР САЛЫҒЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ............................................................

18
2.1.
Заңды және жеке тұлғалардың жер салығының мәні..............................
18
2.2.
Салықты есептеу тәртібі мен төлеу мерзімдері........................................
34

3.
БЮДЖЕТТІҢ КІРІС БӨЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ЖЕР
САЛЫҒЫНЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ МЕН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ.......

37


ҚОРЫТЫНДЫ.............................................................................................
40

ҚОСЫМШАЛАР........................................................................................
42

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.................................................
48

Файлы: 1 файл

жер салығы.doc

— 453.00 Кб (Скачать файл)

  МАЗМҰНЫ

 

 

КІРІСПЕ........................................................................................................

3

     

1.

ЖЕР САЛЫҒЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ.....................................................................................................

 

5

1.1.

Жер салығының мәні...................................................................................

5

1.2.

Жер салығының жалпы  ережелері.............................................................

8

     

2.

ЗАҢДЫ ЖӘНЕ ЖЕКЕ  ТҰЛҒАЛАРҒА САЛЫНАТЫН ЖЕР      САЛЫҒЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ............................................................

 

18

2.1.

Заңды және жеке тұлғалардың  жер салығының мәні..............................

18

2.2.

Салықты есептеу тәртібі  мен төлеу мерзімдері........................................

34

     

3.

БЮДЖЕТТІҢ КІРІС БӨЛІГІН  ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ЖЕР                 

САЛЫҒЫНЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ МЕН  ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ.......

 

37

     
 

ҚОРЫТЫНДЫ.............................................................................................

40

 

ҚОСЫМШАЛАР........................................................................................

42

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.................................................

48


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

  

Барлық деңгейдегі - мемлекеттік, республикалық, жергілікті бюджеттердің қаржылық қамтамасыз етілуі мемлекеттің әртүрлі кірістері есебінен жүргізіледі. Мемлекеттің кірістерінің негізгі түрі болып бізге белгілідей салықтар табылады, өйткені олар мемлекеттік қазынаға түсетін ақша қаражаттарының көп бөлігін құрайды. Нарық экономикасының барлық елдерінде салық бюджеттің кіріс бөлігінің негізгі қайнар көзі болып табылады. Осыған қоса олар экономикаға мемлекеттің әсер етуші тұтқасы ретінде болады.

      Кез-келген мемлекеттің нарықтық дамуы салық саясатын, әсіресе экономиканың жақымсыз реттеушісі ретінде кеңінен пайдалануды болжайды. Нарыққа көшу жағдайында экономикалық реформалардың негізгі міндеттерінің бірі - әр деңгейдегі бюджеттің ұлғаюы мен жекелеген субъектілердің ықпал етуі және экономикалық жалпы дамуы мәселелерін шешуге мүмкіндік беретін тиімді салық механизмін қалыптастыру.

Салықтар өздеріне тән ерекше әдістермен әсер етуді іске асырады. Мемлекет салық мөлшерін көтеріп, жеңілдіктерді тарылтып болашағы жоқ өндірістердің қызметін шектей алады.

Қазақстан Республикасының салық  саясатын салықтық реттеудің құралы ретінде пайдалану барған сайын ашық саяси және әлеуметтік сипатқа ие болуда. Оның дұрыс және тиімді қызмет етуінен тек экономикалық сипаттағы мәселелер ғана емес, сонымен қатар азаматтардың тыныштықтарының сақталуы, саяси тұрақтылық, мемлекеттің егемендігі мен тәуелсіздігінің нығаюы да тәуелді болады.

Салық реформаларын республика халқының тұрмысын жақсарту перспективалары, әсіресе халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына нарыққа көшу кезеңі кезіндегі қиындықтармен байланысқан қандай болмасын қақтығыстарды жоятын жағдай жасаумен байланысты.

      Халықтың меншігіне салынатын салықтар жергілікті, тура нақты салықтарға жатады.

Тақырыптың маңыздылығы. Жер және жер ресурстары экономикада өз мағынасы бойынша терең тамыр мен үлкен мәнге ие.

      Жер кез келген мемлекеттің негізгі байлығы, ал Қазақстан Республикасы жағдайында ол ерекше орын алады. Жерді ақысыз пайдалану оның ауыл шаруашылығында, өнеркәсіп пен құрылыста тиімсіз пайдаланудың бірден бір себебі болуда.

     Тек осындай жерді жаппай тиімсіз пайдалану, тасталынған және пайдаланылмай тұрған жерлер бар жағдайында ғана жерді шаруа қожалықтарына, жеке аула, бау-бақша немесе егістіктерге аламын деушілерге жердің жасанды жетіспеуі жағдайы туады, ал осы керек емес құрылыс, қора-қопсылар қала шеңберінде болғанда, ерекше құнды, құнарлы жерлерді алып жатуы мүмкін ғой. Осылайша бұл тақырыптың маңыздылығы өндірістің үш сирек факторларының бірі ретінде қарастыруға негізделеді.

      Осыған қоса оған төлем немесе оны меншікке беру бұл тек жалғыз бір құқықтық жүйеміздің осалдығын ғана білдірмейді. Сондықтан  бұл мәселені тәжірибе жүзінде салық заңдылығы тұрғысынан қарастыру қызықты болып отыр.

      Жер ауыл шаруашылығында негізгі өндіріс құралы. Онсыз азық-түлік пен шикізат ресурстарын өндіру процесі саласын жүргізу мүмкін емес. Осылайша ол қоғамның материалдық құндылықтарының негізгі көздерінің бірі ретінде көрінеді.

      Жер салығының ауыл шаруашылығында негізгі мәні ретінде болуы оның тікелей өндіріс құралы ретінде пайдалануымен байланысты, басқа салаларда ол тек экономикалық белсенділік болып жатқан кеңістік ретінде ғана болады.

      Жерге салық салу мәселесінің әртүрлі жақтарын қарастыру оның рента теориясында айырмашылығында, өйткені жер салығы теориясының негізі жер рентасы болып табылады. Сондықтан қазіргі Қазақстан Республикасында жерге салық салу мәселелері ең алдымен оның теориялық әзірлемелерімен байланысты. өзімізге белгілі болатындай жер - ол кәсіпкерлер, мемлекет, ірі фирмаларға тапшы өндірістік факторы және одан жалпы экономиканың, әр адамның әлемдік және ұлттық экономикада күн көруі тәуелді болатын өндіріс факторы .

      Егер жер өндіріс факторы ретінде пайдаланылмаса онда қайта өндіру кестесі және осы арқылы өмір сүретін экономика өз қызметін тоқтатады. Міне не үшін бізге жерді тиімді пайдаланып, оны қорғап және оны пайдаланғаны үшін ақы алу керек. Жерге төлемнің тәртібі қандай екенін осы жұмыста қарастыру керек.

      Курстық жұмыстың мақсаты – жалпы жер салығының мәні, оның ішінде заңды тұлғаларға салынатын жер салығының жергілікті бюджетті қалыптастырудағы маңызы мен рөлін кеңінен қарастыру, осыған қоса  оның теория және тәжірибе жүзіндегі дамуын бөліп айту.

      Осы мақсатқа жету үшін келесідей мәселелерді қарастырып  өтеміз:

1. Жерге салық салудың пайда болуы мен Қазақстан және жақын шетелдердегі қазіргі жағдайын;

2. Жер салығының нормативті, құқықтық базасын;

3. Жерге салық салудың мәселелері мен оларды жетілдіру жолдарын.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.ЖЕР САЛЫҒЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ

1.1 Жер салығының мәні

   

       Мемлекеттің қоғамдық пайдасына Жалпы Ішкі өнімнің (ЖІө) белгіленген жарғы түрінде алуы салықтың мәнін құрайды.

      Жарналарды   ЖІӨ-ң негізгі қатысушылары іске асырады:

1. Материалды және материалды емес құндылықтарды өз еңбегін өндіретін және осыдан белгілі табыс алатын жұмыскерлер.

2. Кәсіпкерлік салада қызмет ететін шаруашылық субъектілері, капитал иелері.

      Салық жарналары, алымдар, баждар және басқа да төлемдерден мемлекеттің қаржы ресурстары қалыптасады. Салықтардың экономикалық мазмұны, бір жақынан шаруашылық субъектілер мен азаматтардың, екінші жақынан мемлекеттік қаржыларының қалыптасуы бойынша мемлекетпен өзара қатынасында.

      Салықтар заңды түрде белгіленген мөлшерлеме бойынша азаматтар мен шаруашылық субъектілерін мемлекет алатын міндетті алымдар. Мемлекет пайда болғаннан бері салықтар экономикалық қатынастардың қажетті звеносы болып табылады. Мемлекеттің құрылым түрлерінің дамуы мен өзгеруі ылғи да салық жүйесінде жаңартуларға алғышарт болады. Қазіргі өркениетті қоғамда салықтар - мемлекеттік табыстардың негізгі түрі болып табылады. Бұл өте-мөте қаржылық функциясынан басқа салық механизмі қоғамдық өндіріске, оның динамикасы мен құрылымына, ғылыми Техникалық Прогресстің жағдайына мемлекеттің әсер етуі үшін де пайдаланылады.

      Енді, осы салықтардың ішіндегі жер салығына тоқталайық. Жер салығы - жер рентасы төлемдерінің бір түрі XVIII-ғасырдың аяғы мен XIX-ғасыр бойы дамып келе жатқан саяси экономияның өкілдері жер меншігі уақыт өте табыс әкеле алатыны мүмкін болса, онда ол жалпы мемлекеттің байлықтарының негізі болып табылады деп тұжырымдаған. Елді басқару үшін керек мемлекеттік табыстар осы байлық көзіне салық салу жолымен, яғни жерге салық салудан алынады.

      Бұл салық жер учаскелерін нақты пайдалануды есептеу табысына негізделеді. Жер салығын енгізумен байланысты мәселелер ерекше қиыншылықтарға, ең алдымен, өйткені оны белгілеуге әдістемелік тәжірибенің бір тұтас жүйеге көшу тұрғысынан туып отыр.

      Жер салығын енгізу ең алдымен жерді және басқа да ресурстарды неғұрлым рационалды пайдалану есебінен ауыл шаруашылық өнімдерінің тиімділігін көтеру қажеттіліктерін, нақты антишығындық механизмді құрумен туып отыр.

      Рентаны төлеу жер үлесін пайдалану үшін төлем емес, ол артықшылыққа, ең жақсы жер учаскелерін ұстаудың ерекше пайдалануына монополдік иелік ету үшін төлем. Бұл дегеніміз жерге деген азаматтардың құқықтарын теңестіру құралы.

      ТМД мемлекеттері мен дамыған елдерде қолданылатын жер салықтарының түрін зерттеу негізінде Н.Зенец оның жекелеген элементтерінің нақты әртүрлі мемлекеттерде болатын әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың есебін келесі сыныптамадан ұсынады:

     - жер салығының функциялары - жер салығының кәсіпорындарға, фермерлік шаруашылықтарға нақты әсер ету нысан деңгейі (фискалдық, реттеуші);

     - салық төлеушілердің қайнар көздері - салық төлеушілердің шаруашылық табыстарының ана немесе басқа бөлігі;

    - салық көлемін белгілеу-салық салу ауыртпалықтарын анықтау әдістері;

   - салық салу объектілері-салық салуға жататын жерлердің құрамы;

     - салық салуды анықтау үшін база-мысалы: баға, рента көлемі, жердің бағалық баллы;

     - салықты алушылар - қай бюджетке (республикалық, жергілікті) бұл салықтың түсетіндігі;

     - басқа салықтармен өзара байланысы - салық салудың жалпы жүйесінде жер салығының және басқа салықтардың функцияларын өзара бөлу;

     - жер салығын төлеушілер категориясы-кооперативтік кәсіпорындар, акционерлік қоғамдар және тағы басқалары;

1-Кесте.Жер салығы жүйелерінің талдауы1

Жер салығын сипаттайтын элементтер сыныптамасы

ТМД елдері

Европалық Одақ

1. Салықтың функциясы

+

-

2. Салықтың қайнар көздері

+

-

3. Салық көлемін белгілеу

+

-

4. Салық объектілері

+

+

5. Салықты анықтау базасы

-

+

6. Салықты алушылар

-

-

7. Басқа салықтармен байланысы

+

-

8. Жер салығын төлеушілер категориясы

+

+


Біріншіден, жер салығының функциясы  және оны төлеудің қайнар көздерінің өзара байланысы ТМД елдерінің барлығында жерді рационалды пайдалану функциясы арнайы болып келеді. Сондықтан жер салығын төлеудің қайнар көзі ретінде жер рентасы шығады деп болжануда. Европалық Одақта бұл функция жақсы атқарылатын ауыл шаруашылығы кәсіпкерліктің жанұялық жүйесіндегі жеке меншік жағдайында арнайы ынталандыруды талап етпейді.

      Екіншіден, жер салығы функциясын салық салу жүйесіндегі басқада элементтерінің арасында өзара байланыс бар. Жер салығы жалғыз болған жағдайда, ал қайта бөлуді де қоса алғандағы барлық функцияны орындайтын еді.

          Үшіншіден, жер салығының мөлшерлемелерін анықтау үшін база оның функцияларын және оның жерді ақылы пайдалану жүйесінің дамығандығына байланысты. Жердің бағасы жоқ болғанда салық мөлшерлемері бағалық жер баллымен немесе ренталық көлемімен байланыстырылады. 

      Жер салығының жергілікті бюджетке түсуінің маңызы. Жер салығы түрінде алынған қаржылардың қандай басқару деңгейінде жинақталуындағы мәселе маңызды методологиялық мағынаға ие болады. Теориялық көзқарастар бұл мәселеде екі нұсқа болуы мүмкін деп тұжырымдайды.

       Біріншісі, олардың тікелей мемлекеттік бюджетке түсуі және әртүрлі, ауыл шаруашылығымен тікелей байланысы жоқ мақсаттарға жұмсалуы. Осыған байлпанысты Н.Суханов: Едәуір демократиялық елдердің өзінде жер рентасын “қазынаға беру” келешектегі жалпы мемлекеттік бюджеттің құраушы бөлігіне жер рентасының мемлекеттік жер салығына ауысуы міндетті емес - деп жазған. Бұл тағы да айтып өтетін жәйт, ол “қоғамның қажеттіліктеріне әлеуметтік салымдардың жолымен жер рентасының айналымы” формуласына сай нәтиже болмай отырғандығында.

      Екінші нұсқасы, жер салығы түріндегі жиналған қаражаттардың көп бөлігін жергілікті бюджетке қалдыруы. Келешектегі ренталық салым жүйесі негізінде рентаның неғұрлым көп бөлігі жергілікті жерде қалу принципі жатыр. Осы нұсқаның бірқатар себептер бойынша едәуір ыңғайлы екенін атап өту қажет.

      Біріншіден, ренталық табыстар, жер салықтары жергілікті бюджеттің тұрақталуына әсер етеді, жекелеген территорияларда өзін-өзі басқару процестерінің дамуына маңызды қаржылық тіректі құрайды. Екіншіден, рентаның аймақтық бюджетке түсуі жер салығының негізделу деңгейін анықтауға маңызды құрал болады, өйткені жергілікті жерлерде шаруашылық жағдайының бар айырмашылықтарын жақсы бағалауға мүмкіндік туады.

      Үшіншіден, жер салығы түріндегі жинақталған қаражаттар тікелей сол берілген аймақ шегінде жалпы мемлекеттік қазыналардың жоғалып кетпеуіне, яғни ренталарды алу осы аймақ қажеттіліктеріне жұмсалуы маңызды.

Информация о работе Жер салығының мәні