Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Июня 2013 в 16:39, курсовая работа
Тек осындай жерді жаппай тиімсіз пайдалану, тасталынған және пайдаланылмай тұрған жерлер бар жағдайында ғана жерді шаруа қожалықтарына, жеке аула, бау-бақша немесе егістіктерге аламын деушілерге жердің жасанды жетіспеуі жағдайы туады, ал осы керек емес құрылыс, қора-қопсылар қала шеңберінде болғанда, ерекше құнды, құнарлы жерлерді алып жатуы мүмкін ғой. Осылайша бұл тақырыптың маңыздылығы өндірістің үш сирек факторларының бірі ретінде қарастыруға негізделеді.
КІРІСПЕ........................................................................................................
3
1.
ЖЕР САЛЫҒЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ.....................................................................................................
5
1.1.
Жер салығының мәні...................................................................................
5
1.2.
Жер салығының жалпы ережелері.............................................................
8
2.
ЗАҢДЫ ЖӘНЕ ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРҒА САЛЫНАТЫН ЖЕР САЛЫҒЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ............................................................
18
2.1.
Заңды және жеке тұлғалардың жер салығының мәні..............................
18
2.2.
Салықты есептеу тәртібі мен төлеу мерзімдері........................................
34
3.
БЮДЖЕТТІҢ КІРІС БӨЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ЖЕР
САЛЫҒЫНЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ МЕН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ.......
37
ҚОРЫТЫНДЫ.............................................................................................
40
ҚОСЫМШАЛАР........................................................................................
42
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.................................................
48
- балаларды сауықтыру мекемелері, мемлекеттік табиғи қорықтар (биосфералық қорықтарды қоса алғанда), мемлекеттік табиғи резерваттар, мемлекеттік ұлттық табиғи парктер, мемлекеттік зоологиялық парктер, мемлекеттік ботаникалық бақтар, мемлекеттік дендрологиялық парктер;
- діни бірлестіктермен акционерлік қоғамдар, мекемелер, тұтыну кооперативтерінен басқа коммерциялық емес ұйым мәртебесі бар, өз қызметін қоғамдық мүддені көздеп жүзеге асыратын ұйымдар;
- косметологиялық қызметтерді қоспағанда, медициналық қызмет көрсету, мектепке дейінгі тәрбие және оқыту; бастауыш, негізгі, орта, қосымша, жалпы білім беру, лицензия бойынша қайта даярлау және біліктілікті асыру саласында қызмет көрсету, ғылым, спорт саласындағы қызмет, тарихи, мәдени мұраларды, мұрағаттық құндылықтарды сақтау бойынша, сондай-ақ мүгедектер мен балаларды қорғау және әлеуметтік қамсыздандыру саласында қызмет көрсету, кітапхана қызметін көрсететін әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын ұйымдар;
- қызметінің негізгі түрі ормандардың өртке қарсы құрылғысы, өртке қарсы, орман зиянкестері мен ауруларына қарсы күрес, табиғи биологиялық ресурстарды ұдайы молайту және ормандардың экологиялық әлеуетін арттыру жөніндегі жұмыстарды орындау болып табылатын мемлекеттік кәсіпорындар;
- балықты ұдайы молайту мақсатындағы мемлекеттік кәсіпорындар;
- Ғылыми кадрларды
мемлекеттік аттестаттау
- психоневрологиялық және туберкулез мекемелері жанындағы емдеу өндірістік кәсіпорындар.
Егер осы аталған кәсіпорындар жер учаскесін немесе оның бір бөлігін (ондағы үйлер, құрылыстар, ғимараттармен не оларсыз) жалға, өзге де негіздерге пайдалануға берсе немесе коммерциялық мақсаттарда пайдаланса салықты төлеуде 0,1 коэффициентін қолданбай, жалпыға бірдей тәртіппен есептейді.
Салықты есептеу әрбір жер учаскесі бойынша жеке салық базасына тиісті салық мөлшерлемесін қолдану арқылы жүргізіледі. Егер заңда басқадай көрсетілмесе, жер салығы салық төлеушіге жер берілген айдан кейінгі айдан бастап есептеледі.
Ал жерге иелік немесе пайдалануға құқығы тоқтатылған жағдайда жер салығы нақты іс жүзінде пайдалану кезеңіне белгілінеді. Жергілікті бюджетке жер салығын төлеген кезде жер учаскесінің орналасуы бойынша жүргізіледі.
Салық төлеушілер салық жылы ішінде елді мекенді қоныстың бір санатына екіншісіне ауыстыру кезінде ағымдағы жылғы жер салығы салық төлеушілерден осы елді мекенде қолданылатын салық мөлшерлемелері бойынша, ал келер жылы жаңа қоныста белгіленгендермен алынады.
Елді мекендер таратылған және оның аумақы өзгерген жағдайда, таратылған елді мекеннің аумағына жаңа мөлшерлемелер енгізілгеннен кейінгі жылдан бастап қолданылады.
Салық төлеушілер орналасқан жер учаскелері бонитетінің балдарын анықтау мүмкін болмаған жағдайда, жер салығының мөлшері осы жерлерге шектесіп орналасқан жерлердің бонитет балы негізге ала отырып анықталады.
Кей жағдайларда жер үлестік меншікте болады, онда жер салығы осы жерге әр иесінің үлесінің көлеміне қарай есептеледі.
Қорғаныс қажеті үшін берілген жерлерге салық салу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Жер салығының дұрыс есептелуі мен төленуі жер пайдаланушылар мен жер иеленушілерде жерге құқықты білдіретін нақты құжаттар тізімінің болуына байланысты.
Жерді пайдалануды немесе иелікті куәландыратын құжаттарға келесілер жатады:
- Жерді пайдалану құқығына мемлекеттік акт;
- Жерді тұрақты иелену құқығына мемлекеттік акт;
- Жерді тұрақты пайдалану құқығына мемлекеттік акт;
- Жерді өмір бойы мұралыққа қалдырып иелену құқығын беретін акт.
Бұл көрсетілген құжаттар болмаған жағдайда жер қатынастары мен жерді құру жөніндегі комитеттердің келісімімен бұл құқықтарды куәландыратын алдында мемлекеттік органдар берген құжаттар қолданылады.
Көп жағдайда селитебті және селитебті емес деп бөлінетін елді мекендер шегінде өнеркәсіп орындары орналасуы мүмкін. Осындай жағдайға бір мысал келтіріп өтейік.
Мысалы: А. қаласының шегінде жер көлемі 40 гектарды алып жатқан және 1 шаршы метріне 4 теңге төлейтін өнеркәсіптік кәсіпорын орналасқан, ол егер базалық салық мөлшерлемесі 1 шаршы метріне 4 теңге есебінен төлесе, онда жылдық салық сомасы:
Жер салығы = 40 гектар x 10000 шаршы метр x 4 = 1600 мың теңге.
Бұл жерде, 40 гектар - өнеркәсіптік кәсіпорнының жер пайдалану алаңы;
10000 – жер салығы
мөлшерлемелері белгіленетін
4 теңге – жер салығының А. қаласындағы 1 шаршы метрге шаққандағы базалық мөлшерлемесі.
Егер А. қаласы территориясын селитебті және селитебті емес деп бөлсек, онда бұл кәсіпорын селитебті емес аймақта орналасқан жер салығының мөлшерлемелері бал бонитетке байланысты болады. Жер пайдаланудың бал бонитеті 6-ға тең дейік, бұл жағдайда жер салығының мөлшерлемесі қаладағыдан неғұрлым төмен болады, яғни 1 гектарға 160 теңгені құрайды.
Нәтижеде жер салығының сомасы:
Жер салығы = 40 гектар x 160 теңге = 6,4 мың теңге.
Берілген мысалдан көретіміз, егер жер салығын анықтауда жер санаттары мен оларды пайдаланушылардың әкімшілік-ұйымдастырушылық түрін, кәсібін нақты анықтап алмаған жағдайда әртүрлі келеңсіз жағдайларға тап боламыз.
Егер жер салығы бойынша төленген салық сомасы есептелгеннен артық болса, онда салық қызметкерлері келесідей жасауға құқықтары бар:
1. Артық соманы басқа салық сомалары шотына аударады;
2. Салық төлеушінің келісімі бойынша қалдықты алдыңғы төлемдерге жатқызады.
3. өтініш бойынша салық төлеушіге 20 күндік мерзімде қайтарылады.
Заңды тұлғалардың салықты есептеу тәртіптері мен төлеу мерзімдері. Заңды тұлғалар жер салығы сомаларын салық базасына тиісті салық мөлшерлемелерін қолдану арқылы дербес есептеп, ағымдағы жылдың 1 шілдесінен қалдырмай салық органдарына сәйкес нысандарымен жер салығы декларацияларын тапсырады. Осы тұлғалар салық кезеңі ішінде жер салығы бойынша ағымдағы төлемдерді есептеуге және төлеуге міндетті. Ағымдағы төлемдердің сомалары ағымдағы жылдың 20 ақпанынан, 20 мамырынан, 20 тамызынан, 20 қарашасынан кешіктірілмейтін мерзімде төленуі тиіс. Бірінші төлем ағымдағы төлем сомасының төрттен бірі көлемінен кем болмайтындай төленеді. Ал екінші, үшінші,төртінші төлемдердің сомалары жер салығы бойынша ағымдағы жылдың бірінші төлемдерін негізге ала отырып төленеді де, ол тең үлеспен жасалады.
Жер салығы бойынша төлемдерді бюджетке аудару салық міндеттемелері туындаған күннен кейінгі жоғарыда берілген салық мерзімдері сәйкес келгенде осы ағымдағы бірінші салық мерзімі болып табылады.
Мемлекеттік бюджеттен ғана қаржыландырылатын және қылмыстық жазалау орындарының кәсіпорындары өз иелігіне берілген жер учаскелерін жалға немесе пайдалануға берген кезде берген күнінен кейінгі кезекті мерзім салықтың ағымдағы сомаларын төлеудің бірінші мерзімі болады.
Бүгінгі таңда құнарлылық сапасы жақынан жақсы жерлер кеңістік жақынан шектелген, осының нәтижесінде олардан алынатын өнім аз болғандықтан ауыл шаруашылық өндірісі сондай-ақ қатысы жақынан нашар жерлерде де жүргізіледі. Келе келе бұл фактор (жерлердің шектеулілігі) маңызды рольді атқаруда өйткені урбанизацияның әсерінен ауыл шаруашылық жерлер ауданы қысқаруда.
Адам қолымен өңделген жерлерге аз тер төгілген жоқ; олар үзіліссіз қызмет істеуде және қалыпты жағдайда ұстауына белгілі шығындарды талап етеді. Басқа өндіріс құралдарынан ерекшелігі жер физикалық және материалды тозбайды. Оны рационалды пайдаланса құнарлылығы тек өсе түседі. Өкінішке орай, бұл шарттар біздің елде қолданылмайды да жер тек негізгі қор ғана болып келді, ал қазіргі сыныптама оларға қатысы жоқ.
өзгеріске ұшыраған геосаяси және экономикалық жағдай, Қазақстан Республикасында жер пайдалану мен жерлер құрылысына өз әсерін тигізді.
Жерге салық салудың категориялары мен негізгі түсініктерін қарастыру үшін жердің өзі қандай экономикалық орын алатынын біліп алу қажет.
Зиянды заттардың, микроағзалардың және басқа да топыраққа зиян келтіретін биологиялық заттардың шегінің нормативтері топырақтың жағдайын адамдардың денсаулығы мен қоршаған ортаны қорғау мүддесі үшін белгіленеді.
Мониторинг мәліметтері негізінде республиканың әлеуметтік және экологиялық дамуы бойынша бағдарламаларды жасау кезінде еске алынатын қоршаған ортаны қысқа және орта мерзімді болжауы жүргізіледі.
Табиғи ресурстардың бірыңғай кадастрлері жоқ, өйткені сапалық, сандық сипаты жақынан біркелкі емес және түрлерге бөлінеді. Нәтижеде олардың мемлекеттік есебі әрқайсысына бөлек жүргізіледі. Мемлекеттік жер, су, орман, жануарлар әлемі кадастрлері бар. Тағы да пайдалы қазбалар, ерекше қорғалатын объектілер есебі де жүргізіледі.
Салық төлеушілерге қатысты салық инспекциясы органдары жүргізген тексерулер нәтижесі бойынша салық инспекциясы органдары мен салық бақылау органдарының арасында келіспеушілік пайда болғанда бұл таластар салық қызметі мен салық инспекциясының жоғары тұрған органдарымен шешіледі. Бұл деңгейде талас шешілмесе мәселені Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігі шешеді, ал егер олар шеше алмаса онда іс Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотына беріледі.
ҚР ІІМ органдары мемлекеттік салық органдарына өз қызметін іске асыруда тәжірибелік көмек көрсетуі керек, өз міндетін орындаудан күшпен9 қарсылық білдіген жекелеген тұлғаларды жауапкершілікке тартудағы шараларды іске асыруы қажет.
Жер салығы бойынша тексерулердің нәтижелері. Халықаралық Инвестициялар мен Салықтар жөніндегі Орталықтың батыс экономистерінің пікірі бойынша: “Қазақстанның орталық билік органдары табысты болжауға, анықтауға, ондай талдаудың қажеттілігі болсада керекті көңіл бөлмей отыр” дейді. Салық салудағы болып жатқан өзгерістерді болжамдарды бағалаудың жоқ екндігі байқалады, өйткені облыстық қаржы бөлімдеріне Қазақстан Республикасының Салық Комитетіндегі өзгерістердің қандай салдары болатынын білудің қажеттілігі жоқ.
Қаржы Министрлігінің болжамдарды құрастыруда қолданылатын әдістемедесі келесідей: әр салық түрінің болжамының жалпы сомасының базалық сандары былтырғы жылдың табыстарының ЖІө-ге өзгеріссіз қатынасымен анықталады, яғни былтырғы жылдың табыстары нақты көріністегі ЖІө өсуі мен инфляциялық түзетудің есебінен артады. Қаржы Министрлігінің салықтық түсімдерді құрастыру тәжірибесі социалистік экономикадан бастау алады.
Қаржы органдары бюджетке түсетін төлемдердің өз уақытында, толықымен түсуіне жүйелі бақылау жүргізу керек болатын, нақты түскен түсімдердің жоспарға сай болуын әр ай сайын тексеріп, болған ауытқулар себебін анықтау керек. Бірақ та мұндай толық және жүйелі жұмыс, салық төлеушілерге салықтардың өз уақытында бюджет кірісіне төленуінің маңыздылығы, қарыздардың болуының кері әсері сияқты ұғындыру жұмыстары жүргізілмеді. Қазіргі кезде қаржы органдарынан бөлінген салық органдары аталған жұмыстарды, салықтарды болжаудан басқа, өз еріктерімен атқаруда.
Облыстық, қалалық, аудандық деңгейде салық түсімдерін болжаумен қаржы органдары айналысады. Түсімдерді экономикалық талдау мен болжау бөлімінің функционалдық міндеттеріне кіретіндер:
- Мемлекеттік бюджетке салықтың және табыстардың жылдық түсімін болжау;
- Салықтардың бюджетке түсуін бақылау;
- Бюджет алдындағы міндеттердің орындалуын талдау;
- Бюджеттің кіріс бөлігін ұлғайту бойынша ұсыныстарды дайындау.
Жергілікті жерлердегі салық комитеттері қаржы органдарына қарағанда салық төлеушілермен тікелей жұмыс істейді, салық түсімдерін үзіліссіз талдайды, оперативті есептілікті қабылдайды, салық салынатын тұлғалар бойынша мәліметтер қорын жүргізеді, бір сөзбен айтқанда салық салумен байланысты, яғни бюджет ресурстарының ұлғаюымен байланысты барлық іс әрекеттердің кешенін орындайды.
Бақылау кезінде дәстүрлі экономикалық әдістерде қолданылуы мүмкін: баланстық, эксперттік бағалау, корреляциялық, ранжирлеу, факторлық талдау, хронологиялық қатар.
Кейбір төлемдер бойынша болжамдардың орындалмауы немесе асып кетуі, болжау кезінде шығындардың, болжаудың әдістерінің жеткіліксіздігінің, бақылаудың жоқтығының және болжау кезінде салық органдарының қаржы органдарымен өзара іс әрекетінің куәсі болады.
Бюджетке түсетін түсімдердің көлемін бақылау процесі келесі сатыларда жүреді:
1 саты – соңғы бес жылдағы аймақ экономикасының жағдайының талдауы;
2 саты – салықтар түрлері бойынша салық салынатын контингенттің есебі;
3 саты – қаржы органдарымен келісуі.
Ұсынылып отырған сатылық “жоғарыдан” жүргізіліп жатқан реформалардың аймақтарда қаншалықты терең және дұрыс екенін көрсетеді.
Жер пайдаланушылар мен жер иеленушілерге салық салуды реттеу мәселелері шегінде Қазақстан Республикасының Стратегиялық дамуында Президенті Н.Назарбаевтың 2001 жылы қолдағы бар қаражаттармен өмір сүру – қағидасын ұстана отырып біздің ұзақ мерзімді келешекке бағытталған шешуші бюджет реформаларын жүргізу қажеттілігіне көңіл бөлуіміз керек. Бұл кезде жерге салық салу азаматтардың бөлу механизмінде саналы түрде қатысу нысаны болады. Және Президент “Cалық төлеу қазақстандықтарға үйреншікті нәрсе болып, патриоттық міндетке айналады” - деп айтқандай болатынына біз кәміл сенеміз.