Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Июня 2013 в 16:39, курсовая работа
Тек осындай жерді жаппай тиімсіз пайдалану, тасталынған және пайдаланылмай тұрған жерлер бар жағдайында ғана жерді шаруа қожалықтарына, жеке аула, бау-бақша немесе егістіктерге аламын деушілерге жердің жасанды жетіспеуі жағдайы туады, ал осы керек емес құрылыс, қора-қопсылар қала шеңберінде болғанда, ерекше құнды, құнарлы жерлерді алып жатуы мүмкін ғой. Осылайша бұл тақырыптың маңыздылығы өндірістің үш сирек факторларының бірі ретінде қарастыруға негізделеді.
КІРІСПЕ........................................................................................................
3
1.
ЖЕР САЛЫҒЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ.....................................................................................................
5
1.1.
Жер салығының мәні...................................................................................
5
1.2.
Жер салығының жалпы ережелері.............................................................
8
2.
ЗАҢДЫ ЖӘНЕ ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРҒА САЛЫНАТЫН ЖЕР САЛЫҒЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ............................................................
18
2.1.
Заңды және жеке тұлғалардың жер салығының мәні..............................
18
2.2.
Салықты есептеу тәртібі мен төлеу мерзімдері........................................
34
3.
БЮДЖЕТТІҢ КІРІС БӨЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ЖЕР
САЛЫҒЫНЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ МЕН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ.......
37
ҚОРЫТЫНДЫ.............................................................................................
40
ҚОСЫМШАЛАР........................................................................................
42
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.................................................
48
а) шаруа-фермерлік қожалықтарына;
б)шаруашылық жүргізу немесе оперативті басқару құқығында ғимараттар мен құрылыстарға ие тұлғаларға;
в) ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы өндірісін жүргізетін мемлекеттік және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға;
г) заңда көрсетілген басқа да жағдайларда.
Заңның соңғы тармақының мәліметтері бойынша жер бойынша мемлекеттік комитетке көптеген жер пайдаланушыларға жерді тұрақты пайдалану туралы акт беру құқығы берілді. Қазақстан Республикасы Президентінің “Жер туралы” жарлығының 122 тармағын іске арттырғаннан кейін, жерге деген құқықтар өзгерді, оны не меншікке сатып алу, не жалға алуға қайта ресімдеу керек болды, яғни уақытша пайдалануға берілді. Бұл жерде жалдық ақы мөлшері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 мамырдағы №566 қаулысында келісілген шектен аспауы керек. Жалдық ақы бойынша мәселелерді бір жақынан мемлекет немесе мемлекеттік жер пайдаланушы, екінші жағынан жер пайдаланушының арасындағы арнайы келісімде тіркеу керек болды. Бұл жерде жалдық ақының жоғарғы (жер салығының 80%) және төменгі (жер салығының 120%) шектері бар.
2001 жылдың 24 қаңтарынан №152-2 Қазақстан Республикасының “Жер туралы” заңы енгізілді.
Қазіргі кезде жерді пайдалану бойынша мәселелерді шешу жауапкершілігі жер ресурстарын басқару бойынша комитетке және оның жергілікті орындардағы органдарына жүктеледі.
Комитеттің жергілікті органдары әртүрлі жағдайларға байланысты өз қалаулары бойынша мемлекет жеке меншікке берген жерге төлем мөлшерлемесін 2 есеге дейін көтеріп немесе төмендетуге құқық берілген құзырға ие.
1996 жылдың 8 мамырынан Қазақстан Республикасының Үкіметі “Мемлекет жерді жеке меншікке сататын немесе жерді пайдалануға берген кездегі жерге төлем мөлшерлемелерін бекіту туралы” №576 қаулысын қабылдады. Ал 1999 жылдың 12 мамырында осы құжатқа №566 қаулы бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Онда нақты жер учаскесінің құнын анықтаудың ерекшеліктері түпкілікті көрсетілген.
Сонымен қатар №1 қосымшада мемлекет жерлерді сатқандағы жер үшін төлем мөлшерлемелері берілген. Жекелеп айтсақ, Алматы қаласы бойынша 2000 жылы 1 шаршы метрге төлем мөлшерлемесі 727 теңгені құраған. Бұдан басқа сатып алу құнын жоғарылату немесе төмендету мәселелерін келістіру мақсатында, “жерлердің арнайы бағалау кестесі” деп аталатын жер ресурстарын басқару бойынша комитет пен архитектура және қала салу департаменті арасында келісім жасалады. Ол өз кезегінде Алматы қаласының әкімімен, ал одан кейін Алматы қалалық мәслихатымен бекітілуі керек.
Қазақстан барлық ТМД елдері сияқты жаңа қоғамдық-экономикалық және саяси формацияға аяқ басты, нарық экономикасының дамуына және реформаларды, оның ішінде жер реформасын өткізуге бағыт алды.
Қазақстан Республикасында – ТМД мемлекеттері ішінде ең біріншілердің бірі болып жерге жеке меншік конституциялық қолдау тапты.
Елдің негізгі заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар 1995 жылдың 22 желтоқсанындағы жарлығында белгіленген шарттар мен шектерде, және осының негізінде жер мемлекеттік пен бірге жеке меншікте де бола алады.
Ал үшінші саты Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 24 қаңтарынан №152-2 “Жер туралы” қабылдаумен сипатталады.
Алдыңғы заңдар сияқты соңғы “Жер туралы” заңы Қазақстан Республикасының жер қорын жеті категорияға бөліп қарастырады:
Жерді белгілі бір категорияға жатқызу оның мақсатты пайдаланылуын анықтайды. Мақсатты пайдалануы мен категориялық жатуынан шыға келе оларды пайдаланудың құқықтық режимі қорғауы мен нарықтық айналымы белгіленеді.
2-Кестеде көрсетілген мәліметтерді талдай
келе біз жер салығының төлеушілері болып
жер учаскелері меншікке, пайдалануға,
иелікке берілген заңды және жеке тұлғалар
оның ішінде жеке кәсіпкерлерді қосқандағылар
табылатынын көреміз. Бұл жерде жерді
немесе жер учаскесінің өзін пайдаланудың
өзі жер пайдаланушыны салық төлеуші деп
тануға негіз болады. Басқа сөзбен айтқанда
салық төлеушіге міндетті түрде жерді
пайдалануға акт немесе басқа да құжат
беру керек еместігі.
Жер салығының объектісі болып белгіленген
тәртіпте заңды тұлғалар мен азаматтарға
берілген жер учаскелері табылады, оның
ішінде құрылыстар мен құрылғылар, сонымен
қатар бекітілген мөлшерлеме бойынша
осы ғимараттарды қамтамасыз ететін жер
учаскелерін қоса алғанда.
2-Кесте.Жер салығының әртүрлілігінің сыныптамасы4
№ |
Сыныптау белгілері |
Жер салығының түрлері |
1 |
2 |
3 |
1 |
Төлеушісіне қарай |
-заңды тұлға төлейтін
(резидент және резидент емес); -жеке тұлға төлейтін. |
2 |
Жерге төлем түріне қарай |
-жер салығы; -жалдық ақы; -жердің нормативті бағасы. |
3 |
Мақсатты арналуы мен меншігіне қарай |
-ауыл шаруашылық мақсаттағы жерлер; -елді мекендер жерлері; -өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және басқада ауыл шаруашылық мақсатта емес жерлер -ерекше қорғалатын территория жерлері (емдеу, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсатындағы); -орман қоры жерлері. |
4 |
Салық салу мақсатына қарай |
-тұрғын үй қоры, соның ішінде құрылыстар мен құрылғылар алып жатқан жерлерді қоспағандағы елді мекендер жерлері; -тұрғын үй қоры алып жатқан жерлер. |
5 |
Салық салуға жатпайтын жерлер |
-ерекше қорғалатын территориялар жерлері; -орман қоры жерлері; -су қоры жерлері; -запастағы жерлер. |
6 |
Салық салу объектісі болып табылмайтын жерлер |
-жалпы пайдаланудағы
елді мекендердің жер |
3-кестенің жалғасы
7 |
Салық салу объектісі бойынша келесі ұйымдар үшін: мұнай мен газды өндіруді және тасымалды жүзеге асыратын -теміржол көлігі; -энергетика және электрофикация жүйелері; |
-Теміржол тораптары, бөлу сызығы, станциялары мен вокзалдар алып жатқан жерлер; -заңда көрсетілген тәртіпте электр беру желілері мен кіші станциялар тіректері алып жатқан жерлер; -мұнай құбырлары, газ -байланыс желілері тіректері алып жатқан жерлер; -ортақ пайдаланудағы кесіп берілген белдеудегі мемлекеттік жолдар желісі алып жатқан жерлер; -Қазақстан Республикасының Үкіметінің шешімі бойынша консервацияланған объектілер орналасқан жер учаскелері; |
Жер салығын алу мен бекіту негізі жер пайдалану мен иелік етуге құқық берілгенін куәландыратын құжат болады. заңды тұлғалар мен азаматтар үшін жер салығы салық салынатын жер учаскесінің ауданы мен бекітілген жер салығының мөлшерлемелерін еске ала отырып есептелінеді.
Жер салығының мөлшерлемелері әртүрлі бағалы аймақтар бойынша дифференцацияланатын мемлекеттік биліктің жергілікті органдарымен “Салықтар туралы” заңында белгіленген орташа мөлшерлемелерден шыға отырып бекітіледі.
Мөлшерлемелер туралы оларды есептеу кезінде болған қателермен байланысты нақтылықтың жеткіліксіздігін айта кету қажет. Мысалы: 2001 жылға дейінгі 34-нұсқамада “елді мекендер шегінде, бірақ целитебті аймақтан тыс орналасқан өнеркәсіп, көлік, байланыс және басқа да ауыл шаруашылықтық емес мақсаттағы (шахталар, карьерлер және олардың санитарлы-техникалық, басқада аймақтарын қосқандағы) жерлер үшін салық мөлшерлемелерін 70%-ға дейін төмендету” қарастырылған. Бұл нақты мөлшерлеменің төмендегені 30% деген сөз. Жер салығын төлеу бойынша мұндай екі ойлы көзқарастар Салық Кодексінде бар, біздің ойымызша оларды нақтылау керек.
Нарық қатынастарына көшуге байланысты Қазақстанда 1995 жылы жер реформасы жүргізілді, оның негізгі мақсаты жаңа жер иеленушілерді және жер қатынастарын қайта құру мен жер нарықын қалыптастыру. 1999 жылдың 1 қаңтарына мемлекеттік кәсіпорындардың негізінде 502 акционерлік қоғам, 3315 өндірістік кооперативтер, 821 шаруашылық серіктестік, 63966 шаруа қожалықтар құрылған. Олардың үлесіне ауыл шаруашылық жерлердің 99% тиеді.
Қазақстанда жер қорының қайта бөлінуі жүрді, жерде әртүрлі шаруашылық түрлерін қалыптастырудың негізі қаланды. Бұрынғы колхоздар мен совхоздар жерге ұжымдық үлестік меншік түрлері бар кәсіпорындарға қайта құрылды: акционерлік қоғам, шаруашылық серіктестік, кооперативтер. Кіші кәсіпорындар, шаруа қожалықтары және олардың ассоциациялары, мемлекеттік емес ауыл шаруашылық кәсіпорындар 1999 жылдың аяғына қарай жер жақынан үлестік салмағы жақынан 99%, ал жер иеленушілер санынан – 99,8% құрады.
Елді мекендер мен бұрынғы колхоздар, совхоз, бригада, бөлімшелер негізінде, олардың аудандары мен шекараларын өзгертпестен ұжымды сипатта жер пайдалану (жшс, ақ, кооперативтер) құрылды.
Сонымен қатар бұл кәсіпорындардың бір бөлігі ірі шаруа қожалықтарының бөлініп шығуымен бұрынғы совхоздардың негізінде ауданы мен жер пайдаланудың конфигурациясының өзгеруімен құрылды.
Шаруашылық қожалықтардың бір бөлігі жиынтық жер пайдалану негізінде ассоциацияларға біріккен. Ауыл шаруашылық жерлердің 80%-н астамы кооперативтер мен шаруашылық серіктестіктерде, сонымен қатар мемлекеттік емес басқа да кәсіпорындарда жинақталған.
Ал Қазақстан Республикасында жалпы мақсатты пайдаланудағы жер қорының категорияларға бөлінуінің үлесі мынадай:
1. Ауыл шаруашылығы мақсатында, ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруге арналған жерлер(65,7%)
2. Елді мекендердің, елді мекендер шекарасы шегіндегі жерлер (7,1%)
3.өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және басқа да ауыл шаруашылық мақсаттағы емес жерлер (6,4%)
4. Табиғи қорғалатын, емдеу, рекреациялық, тарихи-мәдени бағыттағы жерлер (6,5%)
5. Орман қорының жерлері (4,0%)
6. Су қорының жерлері (0,3%)
7. Мемлекеттік запастағы жерлер (10,3%)
Ал ауыл шаруашылық жерлердің құрамында жайылымдар мен шабындықтар – 81,7, егістік – 18%. Елдегі негізгі жер пайдаланушылар – мемлекеттік емес ауыл шаруашылық кәсіпорындар.
4-кесте.
Қазақстан Республикасында
жерді пайдалануды талдаудың деңгейі5.
Жер пайдаланудың атауы |
2010 жыл |
Үлес салмағы, % |
2011 жыл |
Үлес салмағы, % | |
Ауыл шаруашылық ауданның барлығы Құрлық Егістіктер Жайылымдар |
181,2 161,0 25,8 135,2 |
- 100 16,1 83,9 |
106,0 98,0 19,7 78,3 |
- 100 20,1 79,9 |
Осылайша кестеден көріп отырғанымыздай Қазақстан Республикасында жерді негізінен ауыл шаруашылық қажеттіліктерге заңды тұлғалар пайдаланады, яғни орташа есеппен 80%-н астамы.
Жоғарыда айтып кеткендерге сүйенетін болсақ, біз осы ауыл шаруашылық үшін пайдаланылатын және басқада мақсаттағы жерлердің бағалануын білуіміз керек емес пе. Ал оған тоқталып өтсек бағалаудың негізі қандайда бір топырақ түрінің өнімділік деңгейін көрсететін “шекті өнімділіктің” белгіленген көрсеткіші болады. Жалпыға бірдей белгіленген ереже бойынша ең құнарлы топырақ пен егістік 100 баллға теңеледі. Бұл мәліметтер біздің республикаға өте маңызды болып келеді, өйткені ауыл шаруашылығы экономиканың алдыңғы қатарлы салаларының бірі. Сондықтан Салық кодексінде барлық жерлер бойынша категориялар, оларға сай мөлшерлемелері, негізгі объектілері мен төлеушілері түгелімен көрсетілген. Келесі тарауларда соларға біраз тоқтала кетеміз.
Жердің белгілі бір немесе өзге санатқа жататындығы Қазақстан Республикасының жер туралы заң актілерімен белгіленеді. Елді мекендер жерлері салық салу мақсаты үшін мынадай екі топқа бөлінген:
1. Тұрғын үй қоры, соның ішінде олардың жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жерлерді қоспағанда елді мекендер жерлері;
2. Тұрғын үй қоры, соның ішінде олардың жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жерлер.
Келесідей жер санаттары салық салуға жатпайды:
1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері;
2. Орман қорының жерлері;
3. Су қорының жерлері;
4. Запастағы жерлер.
Бұл жерлер пайдалануға немесе бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалануға берілген жағдайда, оларға Салық кодексінің 336-бабына сай салық салынады.
Қазақстан Республикасында жер салығын төлеушілер болып:
1. Жеке меншік құқығындағы, тұрақты жер пайдалану құқығындағы, бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалану құқығындағы салық салынатын объектілері бар жеке ж„не заңды тұлғалар;
2. Жоғарыда аталған құқықтары бар заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелері табылады;
Ал келесі тұлғалар салық төлеушілер болып табылмайды: бірыңғай жер салығын төлеушілер, мемлекеттік бюджет есебінен ғана қамтылатын ұйымдар, жер қойнауын пайдалану бойынша өнімді бөлу кезінде Қазақстан Республикасының үлесін беруді көздейтін кәсіпорындар, уәкілетті органның қылмыстық жазаларды атқару саласындадағы түзеу мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындары, тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жер учаскелері және үй маңындағы жер учаскелері бойынша - Ұлы Отан соғысына қатысушылар және соларға теңестірілген адамдар, мүгедектер, сондай-ақ мүгедектердің ата-анасының біреуі, тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жер учаскелері және үй маңындағы жер учаскелері бойынша – “Ардақты ана” атағына ие болған, “Алтын алқа” алқасымен наградталған көп балалы аналар, діни бірлестіктер мен ұйымдар.
Егер мемлекеттік бюджеттен қамтылатын ұйымдар, қылмыстық жазалауды атқару орындары мен діни бірлестіктер өз пайдалануындағы жер учаскелерін өзге біреулерге пайдалануға немесе жалға беретін болса, онда заңда көрсетілген тәртіпте салық төлеуден босатылмайды.
Жер салығын төлеушілер үшін жер салығы:
1. Меншік құқығын,тұрақты жер пайдалану құқығын, өтеусіз уақытша жер пайдалану құқығын куәландыратын құжаттар;
2. Жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті орган әр жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша берген жерлердің мемлекеттік сандық және сапалық есебінің деректері негізінде есептеледі.
Егер жер учаскелерін иелену немесе пайдалану құқығын растайтын құжаттарда немесе тараптардың келісімінде өзгеше көзделмесе, бірнеше тұлғалардың меншігі, пайдалануындағы жер учаскесі бойынша осы тұлғалардың әрқайсысы жер салығын төлеушілер болып табылады.