Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Июня 2013 в 16:39, курсовая работа
Тек осындай жерді жаппай тиімсіз пайдалану, тасталынған және пайдаланылмай тұрған жерлер бар жағдайында ғана жерді шаруа қожалықтарына, жеке аула, бау-бақша немесе егістіктерге аламын деушілерге жердің жасанды жетіспеуі жағдайы туады, ал осы керек емес құрылыс, қора-қопсылар қала шеңберінде болғанда, ерекше құнды, құнарлы жерлерді алып жатуы мүмкін ғой. Осылайша бұл тақырыптың маңыздылығы өндірістің үш сирек факторларының бірі ретінде қарастыруға негізделеді.
КІРІСПЕ........................................................................................................
3
1.
ЖЕР САЛЫҒЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ.....................................................................................................
5
1.1.
Жер салығының мәні...................................................................................
5
1.2.
Жер салығының жалпы ережелері.............................................................
8
2.
ЗАҢДЫ ЖӘНЕ ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРҒА САЛЫНАТЫН ЖЕР САЛЫҒЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ............................................................
18
2.1.
Заңды және жеке тұлғалардың жер салығының мәні..............................
18
2.2.
Салықты есептеу тәртібі мен төлеу мерзімдері........................................
34
3.
БЮДЖЕТТІҢ КІРІС БӨЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ЖЕР
САЛЫҒЫНЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ МЕН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ.......
37
ҚОРЫТЫНДЫ.............................................................................................
40
ҚОСЫМШАЛАР........................................................................................
42
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.................................................
48
1. Елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлеріне салынатын базалық салық ставкалары бір гектарға шаққанда бонитет балына барабар мынадай мөлшерде 3-кестеде белгіленеді.
2. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес басқа да жер пайдаланушылар уақытша пайдаланатын жерлерді қоспағанда, қорғаныс мұқтажы үшін берілген жерлер осы баптың 1-тармағында белгіленген ставкалар бойынша салық салуға жатады.
3. Қорғаныс мұқтажы үшін берілген, қорғаныс мұқтажы үшін уақытша пайдаланылмайтын және ауыл шаруашылығы мақсаттары үшін басқа да жер пайдаланушыларға берілген жерлер осы Кодекстің 387-бабы 1-тармағының талаптары ескеріле отырып, 378-бабында белгіленген ставкалар бойынша салық салуға жатады.
4. Магистральды темір жолдарды бойлай қорғаныштық екпе ағаштар алып жатқан темір жол көлігі кәсіпорындарының жерлеріне осы Кодекстің 387-бабы 1-тармағының талаптары ескеріле отырып, 378-бабында белгіленген ставкалар бойынша салық салынады.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, орман қоры мен су қорының жерлеріне салынатын салық ставкалары
1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, орман қоры мен су қорының ауыл шаруашылығы мақсаттарында пайдаланылатын жерлеріне осы Кодекстің 387-бабы 1-тармағының талаптары ескеріле отырып, 378-бабында белгіленген базалық ставкалар бойынша жер салығы салынады.
2. Жеке және заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығы мақсаттарынан басқа өзге де мақсаттарға пайдалануға берілген ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, орман қоры мен су қорының жерлері осы Кодекстің 387-бабы 1-тармағының талаптары ескеріле отырып, 383-бабында белгіленген ставкалар бойынша салық салуға жатады.
Автотұрақтар, (паркингтер) автомобильге май құю станциялары үшін бөлінген, казино орналасқан жер учаскелеріне салынатын салық ставкалары
1. Елді мекендердің автомобильге май құю станциялары үшін бөлінген жерлері осы Кодекстің 381-бабында келтірілген кестенің 3-бағанында белгіленген елді мекендер жерлеріне базалық ставкалар бойынша он есе ұлғайтылған салық салуға жатады.
Автомобильге май құю станциялары үшін бөлінген басқа санаттағы жерлер жақын жатқан елді мекендердің жерлері үшін осы Кодекстің 381-бабында келтірілген кестенің 3-бағанында белгіленген елді мекендер жерлеріне базалық ставкалар бойынша он есе ұлғайтылған салық салуға жатады. Бұл ретте салықты есептеу кезінде жерлеріне базалық ставкалар қолданылатын жақын жатқан елді мекенді жергілікті өкілді орган айқындайды.2
Жергілікті өкілді органның шешімі бойынша салық ставкалары кемітілуі мүмкін, бірақ ол осы Кодекстің 381-бабында белгіленгеннен кем болмауға тиіс.
2. Елді мекендердің казино орналасқан жерлері осы Кодекстің 381-бабында белгіленген елді мекендердің жерлеріне арналған базалық ставкалар бойынша он есе ұлғайтылған салық салуға жатады.
Казино орналасқан басқа да санаттағы жерлер тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жерлерді қоспағанда, жақын жатқан елді мекендердің жерлері үшін осы Кодекстің 381-бабында белгіленген елді мекендердің жерлеріне арналған базалық ставкалар бойынша он есе ұлғайтылған салық салуға жатады.
Елді мекеннің жерлеріне салықты есептеу кезінде қолданылатын базалық ставкаларды жергілікті өкілді орган белгілейді.
Жергілікті өкілді органның
шешімі бойынша салық ставкасы төмендетілуі мүмкін, бірақ
ол осы Кодекстің 381-бабында белгілен
3. Елді мекендердің автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлері осы Кодекстің 381-бабында келтірілген кестенің 3-бағанында белгіленген елді мекендер жерлеріне базалық ставкалар бойынша салық салуға жатады.
Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген басқа санаттағы жерлер жақын жатқан елді мекеннің жерлері үшін осы Кодекстің 381-бабында келтірілген кестенің 3-бағанында елді мекендер жерлеріне белгіленген базалық ставкалар бойынша салық салуға жатады. Бұл ретте салықты есептеу кезінде жерлеріне базалық ставкалар қолданылатын жақын жатқан елді мекенді жергілікті өкілді орган айқындайды.
Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық ставкалары жергілікті өкілді органның шешімі бойынша ұлғайтылуы мүмкін, бірақ ол он еседен артық болмайды. Осы тармақта көзделген ставкаларды ұлғайту жергілікті өкілді орган белгілейтін автотұрақтар (паркингтер) санатына қарай жүргізіледі.
Бұл ретте жекелеген салық төлеушілер үшін жер салығының ставкаларын жеке-дара арттыруға тыйым салынады.
Салықты есептеу мен төлеудің жалпы тәртібі
1. Салықты есептеу әрбір жер учаскесі бойынша жеке салық базасына тиісті салық ставкасын қолдану арқылы жүргізіледі.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер салықты осы Кодекстің 451-бабында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып есептейді.
2. Егер осы тарауда өзгеше белгiленбесе, мемлекет жер учаскесiне меншiк құқығын, тұрақты немесе бастапқы өтеусiз уақытша жер пайдалану құқығын берген кезде, жер салығы салық төлеушiге жер учаскесiне осындай құқықтар берiлген айдан кейiнгi айдан бастап есептеледi.
3. Жер учаскесін иелену құқығы немесе пайдалану құқығы тоқтатылған жағдайда, жер салығы жер учаскесін пайдаланудың нақты кезеңі үшін есептеледі.
4. Бюджетке жер салығын төлеу жер учаскесінің орналасқан жері бойынша жүргізіледі.
5. Салық жылы ішінде елді мекенді қоныстың бір санатынан басқа санатына ауыстыру кезінде салық төлеушілерден ағымдағы жылғы жер салығы - осы елді мекендер үшін бұрын белгіленген ставкалар бойынша, ал келесі жылы қоныстардың жаңа санаты үшін белгіленген ставкалар бойынша алынады.
6. Елді мекен таратылған және оның аумағы басқа елді мекеннің құрамына қосылған кезде, таратылған елді мекеннің аумағында жаңа ставка тарату іске асырылған жылдан кейінгі жылдан бастап қолданылады.
7. Салық төлеушілер орналасқан жер учаскелері бонитетінің балдарын анықтау мүмкін болмаған жағдайда, жер салығының мөлшері шектесіп орналасқан жерлердің бонитет балы негізге алына отырып айқындалады.
8. Ортақ үлестік меншіктегі салық салу объектілері бойынша салық олардың осы жер учаскесіндегі үлесіне барабар есептеледі.
9. Кондоминиум объектісінің бір бөлігі болып табылатын жер учаскесіне кондоминиум объектісінің бір бөлігі болып табылатын жалпы мүлікте үй-жайдың (ғимараттың бір бөлігінің) әрбір меншік иесінің үлесіне барабар жер салығы салынуы тиіс.
Заңды тұлғалардың салықты есептеу тәртібі мен төлеу мерзімдері
1. Заңды тұлғалар жер салығының сомаларын салық базасына тиісті салық ставкасын қолдану арқылы дербес есептейді.
2. Заңды тұлғалар салық кезеңі ішінде жер салығы бойынша ағымдағы төлемдерді есептеуге және төлеуге міндетті.
3. Ағымдағы төлемдердің сомасы ағымдағы жылдың 25 ақпанынан, 25 мамырынан, 25 тамызынан, 25 қарашасынан кешіктірілмей тең үлестермен төленуге жатады.
Жаңа құрылған салық төлеуші құрылған күннен кейінгі кезекті мерзім ағымдағы төлемдерді төлеудің бірінші мерзімі болып табылады.
Ағымдағы төлемдерді төлеудің соңғы мерзімінен кейін құрылған салық төлеушілер ағымдағы салық кезеңі үшін салық сомасын осы баптың 9-тармағында көзделген мерзімдерде төлейді.
4. Ағымдағы төлемдердің мөлшері салық кезеңінің басында болған салық салу объектілері бойынша салық базасына тиісті салық ставкаларын қолдану арқылы айқындалады.
5. Жер салығын төлеу бойынша салық міндеттемелері туындаған күннен кейінгі, осы баптың 3-тармағында белгіленген кезекті мерзім салық міндеттемелері туындаған кезде салық кезеңі ішінде салықтың ағымдағы сомаларын төлеудің бірінші мерзімі болып табылады. 3
6. Ағымдағы төлемдерді төлеудің соңғы мерзімінен кейін салық міндеттемелері туындаған кезде түпкілікті есеп айырысу және салық сомасын төлеу осы баптың 9-тармағында көзделген мерзімдерде жүргізіледі.
Осы Кодекстің 373-бабының 3-тармағының 3) және 7) тармақшаларында аталған заңды тұлғаларға пайдалануға, сенімгерлiкпен басқаруға немесе жалға берілген салық салу объектілері бойынша ағымдағы төлемдерді төлеудің соңғы мерзімінен кейін түпкілікті есеп айырысу мен салық сомасын төлеу осы баптың 9-тармағында көзделген мерзімдерде жүргізіледі.
7. Салық кезеңі ішінде жер салығы бойынша міндеттемелер өзгерген жағдайда, ағымдағы төлемдер салық міндеттемелерінің өзгеру сомасына жер салығын төлеудің алдағы мерзімдері бойынша тең үлестермен түзетіледі.
8. Салық салу объектілеріне құқықтар салық кезеңінің ішінде берілген жағдайда, салық сомасы жер учаскесіне иелік етудің нақты кезеңі үшін есептеледі.
Осы құқықтарды беретін тұлғаның жер учаскесіне іс жүзінде иелік еткен кезеңі үшін төлеуге жататын салық сомасы құқықтарды мемлекеттік тіркеуге дейін немесе тіркеген кезде бюджетке енгізілуге тиіс. Бұл ретте бастапқы төлеуші ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап өзі жер учаскесін беретін айдың басына дейін салық сомасын есептейді. Одан кейінгі төлеуші өзінің жер учаскесіне құқығы пайда болған айдың басынан басталатын кезең үшін салық сомасын есептейді.
Жер учаскесіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу кезінде салықтың жылдық сомасын бюджетке тараптардың бірі (келісім бойынша) енгізуі мүмкін. Жер учаскесіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу кезінде төленген салық сомасы кейіннен қайта төленбейді.
9. Салық төлеуші салық кезеңі үшін декларацияны табыс ету мерзімі басталғаннан кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей түпкілікті есеп айырысуды жүргізіп, жер салығын төлейді
Жекелеген жағдайларда салықты есептеудiң, төлеудiң және салық есептілігiн табыс етудiң ерекшелiктерi
1. Бірнеше салық төлеушiлердiң
пайдалануындағы үйлер,
2. Осы Кодекстiң тармақшаларында аталған заңды тұлғалар үйдiң бір бөлiгiн не ғимараттың бір бөлiгiн пайдалануға, сенімгерлiкпен басқаруға немесе жалға берген кезде жер салығы осы жер учаскесiнде орналасқан барлық үйлердiң, ғимараттардың жалпы алаңындағы пайдалануға, сенімгерлiкпен басқаруға немесе жалға берiлген үйдiң бір бөлiгi не ғимараттың бір бөлiгi алаңының үлес салмағына қарай есептелуге жатады.
3. Тұрғын үй қорының
құрамындағы жылжымайтын
Жеке тұлғалардың салықты есептеу тәртібі және төлеу мерзiмдерi
1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, жеке тұлғалар (осы тармақтың екiншi бөлiгiнде аталған тұлғаларды қоспағанда) төлеуге жататын жер салығын есептеудi салық органдары тиiстi салық ставкалары мен салық базасын негiзге ала отырып, ағымдағы жылдың 1 тамызынан кешіктірмей жүргiзедi.
2. Салық кезеңi iшiнде
салық салу объектілеріне
3. Жеке тұлғалар салық органдары есептеген жер салығын бюджетке ағымдағы жылдың 1 қазанынан кешiктiрмей төлейдi.
4. Салық мiндеттемелерi
ағымдағы жылдың 1 қазанынан кейiн
туындаған кезде, салық
5. Дара кәсiпкерлер
өз қызметiнде пайдаланатын
6. Патент негiзiнде арнаулы салық режимiн қолданатын дара кәсiпкерлер өз қызметiнде пайдаланатын жер учаскелерi бойынша жер салығын осы Кодекстiң 389-бабында белгiленген тәртiппен есептейдi. Бұл ретте, жер салығы салық кезеңi үшiн декларацияны табыс ету мерзiмi басталғаннан кейiн күнтiзбелiк он күннен кешiктiрiлмей төленуге жатады.
7. Осы Кодекстiң 396-бабы 1-тармағында көзделген объектілерді және салық базасы осы Кодекстің 406-бабына сәйкес есептелетін объектілерді қоспағанда, меншік құқығындағы ғимараттар (ғимарат бөліктері) орналасқан жер учаскелері бойынша жеке тұлғалар (оның iшiнде жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар) патент негізіндегі арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер үшін осы бөлімде белгіленген тәртіппен жер салығын есептейді және төлейді.
Жалпыға мәлім болатындай Қазақстан Республикасының Конституциясына сай жер мемлекеттік меншік болып табылады. Осыған байланысты біздің елде жер учаскелерін жекелікке өткізу ақылы түрде жүргізіледі. Алғашқы кезде Қазақстанда жер қатынастарын реттейтін негізгі нормативті құжаттар болып, Қазақстан Республикасы Президентінің №2717, заң күші бар “жер туралы” 1995 жылдың 22 желтоқсанындағы жарлығы табылады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігімен бекітілген 1995 жылдың 27 мамырынан (өзгертулер мен толықтырулары бар) №34 “Жер салығын есептеу мен төлеу тәртібі туралы” нұсқама болды. Осы берілген құжаттарға сай жерді тұрақты пайдалану құқығы келесілерге берілген болатын: