Жер салығының мәні

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Июня 2013 в 16:39, курсовая работа

Описание работы

Тек осындай жерді жаппай тиімсіз пайдалану, тасталынған және пайдаланылмай тұрған жерлер бар жағдайында ғана жерді шаруа қожалықтарына, жеке аула, бау-бақша немесе егістіктерге аламын деушілерге жердің жасанды жетіспеуі жағдайы туады, ал осы керек емес құрылыс, қора-қопсылар қала шеңберінде болғанда, ерекше құнды, құнарлы жерлерді алып жатуы мүмкін ғой. Осылайша бұл тақырыптың маңыздылығы өндірістің үш сирек факторларының бірі ретінде қарастыруға негізделеді.

Содержание работы

КІРІСПЕ........................................................................................................
3

1.
ЖЕР САЛЫҒЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ.....................................................................................................

5
1.1.
Жер салығының мәні...................................................................................
5
1.2.
Жер салығының жалпы ережелері.............................................................
8

2.
ЗАҢДЫ ЖӘНЕ ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРҒА САЛЫНАТЫН ЖЕР САЛЫҒЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ............................................................

18
2.1.
Заңды және жеке тұлғалардың жер салығының мәні..............................
18
2.2.
Салықты есептеу тәртібі мен төлеу мерзімдері........................................
34

3.
БЮДЖЕТТІҢ КІРІС БӨЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ЖЕР
САЛЫҒЫНЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ МЕН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ.......

37


ҚОРЫТЫНДЫ.............................................................................................
40

ҚОСЫМШАЛАР........................................................................................
42

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.................................................
48

Файлы: 1 файл

жер салығы.doc

— 453.00 Кб (Скачать файл)

      Осыдан жергілікті бюджетке жер салығы түріндегі түсетін қаражаттар негізінде ауыл шаруашылық өндірісі қажеттіліктеріне шығындалуы керек деген тұжырым жасауға болады. Бірінші кезекте бұған жататындар: жерлердің құнарлылығын, олардың мелиорациясын көтеру, ауылдық жерлерде әлеуметтік және өндірістік инфрақұрылымның дамуы бойынша шараларды жүргізу.

      Соңғы нәтижеде жер салығы түрінде алынған қаржылар халықтың өмірлік деңгейін көтеру, ауыр аграрлық дағдарысты бастан кешіруді қамтамасыз етуі қажет. Н.Суханов осыған байланысты: “Ренталық салу қоғамның және мемлекеттің міндеттерінің бірі, елдің бар халқына жер рентасын тең бөлікпен бөлуді мақсат етуі қажет” - деп белгілеген. Ал тәжірибе жүзінде бұл дегеніміз, жер салығы орталық бюджеттің толықтырылуына кетпей толығымен жергілікті билік органдарының бюджетіне аударылуы қажет дегенді білдіреді.

      “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” кодексінде жер үшін төлемді белгілеу тәртібі мен алуы белгіленген осыған сәйкес жер салығының мөлшері жер иеленушілер мен жер пайдаланушылардың шаруашылық қызметіне байланысты болмай, жыл сайын жер көлемінің бірлігіне бекітілген төлемдер арқылы белгіленеді.

 

1.2. Жер салығының  жалпы ережелері

 

    Жалпы ережелер

    1. Салық салу мақсатында барлық жерлер олардың нысаналы мақсатына және  мынадай санаттарға:

    1) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге;

    2) елді мекендер жерлеріне;

    3) өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы емес мақсаттағы жерлерге (бұдан әрі - өнеркәсіп жерлері);

    4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлеріне, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жерлерге (бұдан әрі - ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлері);

    5) орман қорының жерлеріне;

    6) су қорының жерлеріне;

    7) босалқы жерлерге тиесілігіне қарай қарастырылады.

2. Жердің қандай да болсын санатқа тиесілігі Қазақстан Республикасының жер заңнамасында белгіленеді. Елді мекендер жерлері салық салу мақсаты үшін мынадай екі топқа бөлінген:

    1) тұрғын үй қоры, соның ішінде олардың жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жерлерді қоспағанда, елді мекендер жерлері;

    2) тұрғын үй қоры, соның ішінде олардың жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жерлер.

    3. Жердің мынадай санаттары:

    1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері;

    2) орман қорының жерлері;

    3) су қорының жерлері;

    4) босалқы жерлер салық салуға жатпайды.

Аталған жерлер (босалқы жерлерді қоспағанда) тұрақты жер пайдалануға немесе бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалануға берілген жағдайда, олар осы Кодекстің 385-бабында белгіленген тәртіппен салық салуға жатады.

         4.Жер салығының мөлшері жер иеленушілер мен жер пайдаланушылардың шаруашылық қызметінің нәтижелеріне байланысты болмайды.

    5. Жер салығы:

1) меншік құқығын, тұрақты жер пайдалану құқығын, өтеусіз уақытша жер пайдалану құқығын куәландыратын құжаттар;

2) жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган әр жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша берген жерлердің мемлекеттік сандық және сапалық есебінің деректері негізінде есептеледі.

          Төлеушілер

    1. Мынадай:

    1) жеке меншік құқығындағы;

    2) тұрақты жер пайдалану құқығындағы;

    3) бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалану құқығындағы салық салу объектілері бар жеке және заңды тұлғалар жер салығын төлеушілер болып табылады.

    2.Заңды тұлға өз шешімімен өзінің құрылымдық бөлімшесін жер салығын дербес төлеуші деп тануға құқылы.

    Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, заңды тұлғаның шешімі немесе осындай шешімнің күшін жою осындай шешім қабылдаған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

    Егер жаңадан құрылған құрылымдық бөлімше жер салығын дербес төлеуші деп танылған жағдайда, заңды тұлғаның осындай тану туралы шешімі осы құрылымдық бөлімшенің құрылған күнінен бастап немесе осы құрылымдық бөлімше құрылған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

    3. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе мыналар:

    1) шаруа немесе фермер  қожалықтары  үшін арнаулы салық режимі қолданылатын қызметте пайдаланылатын жер учаскелері бойынша бірыңғай жер салығын төлеушілер;

    2) мемлекеттік мекемелер;

    3) уәкілетті мемлекеттік органның қылмыстық жазаларды атқару саласындағы түзеу мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындары;

    4) Ұлы Отан соғысына қатысушылар және соларға теңестірілген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағы ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағы ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жасынан мүгедектің ата-анасының біpeyі:

тұрғын-үй қоры, соның ішінде, оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жер учаскелері; үй маңындағы жер учаскелері;

өзіндік (қосалқы) үй шаруашылығын жүргізу, бағбандық үшін берілген және құрылыс алып жатқан жерлерді қоса алғанда, саяжай құрылысына арналған жер учаскелері;гаражға арналған жер учаскелері бойынша;

5) «Ардақты ана» атағына  ие болған, «Алтын алқа» алқасымен наградталған көп балалы аналар:тұрғын үй қоры, соның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жер учаскелерi бойынша;үй маңындағы жер учаскелерi бойынша;

   6) жеке тұратын зейнеткерлер:тұрғын үй қоры, соның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жер учаскелерi бойынша;үй маңындағы жер учаскелерi бойынша;

   7) діни бірлестіктер жер салығын төлеушілер болып табылмайды.

   Жекелеген жағдайларда төлеушіні айқындау

   1. Егер жер учаскелерін иелену немесе пайдалану құқығын растайтын құжаттарда немесе тараптардың келісімінде өзгеше көзделмесе, пайлық инвестициялық қор активтерінің құрамына кіретін жер учаскесін қоспағанда, бірнеше тұлғаның ортақ меншігіндегі (пайдалануындағы) жер учаскесі бойынша осы тұлғалардың әрқайсысы жер салығын төлеуші болып табылады.

         Пайлық инвестициялық қор активтерінің құрамына кіретін жер учаскесі бойынша осы пайлық инвестициялық қордың басқарушы компаниясы жер салығын төлеуші болып табылады.

    2. Жер учаскесiне арналған сәйкестендiру құжаттары болмаған жағдайда, пайдаланушының жер учаскесiне қатысты жер салығын төлеушi ретiнде тану үшiн:

         1) жер учаскесi мемлекеттік меншiктен берiлген кезде - жер учаскесiн беру туралы мемлекеттік органдардың актілері;

    2) қалған жағдайларда азаматтық-құқықтық мәмiлелер негiзiнде немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негiздерде осындай учаскенi нақты иеленуi және пайдалануы негiз болып табылады.

 3. Лизинг алушы қаржы лизингінің шартына сәйкес жылжымайтын мүлік объектісімен бірге қаржы лизингіне берілген (алынған) жер учаскесі бойынша жер салығын төлеуші болып табылады.

        Салық салу объектісі

    1. Жер учаскесі (жер учаскесіне ортақ үлестік меншік кезінде - жер үлесі) салық салу объектісі болып табылады.

    2. Мыналар салық салу объектісі болып табылмайды:

    1) елді мекендердің ортақ пайдалануындағы жер учаскелері.

Алаңдар, көшелер, өткелдер, жолдар, жағалаулар, саябақтар, скверлер, гүлзарлар, су айдындары, жағажайлар, зираттар және халықтың мұқтаждарын қанағаттандыруға арналған өзге де объектілер (су құбырлары, жылу құбырлары, электр беру желілері, тазарту құрылғылары, күл-қоқыс құбырлары, жылу трассалары және басқа да ортақ пайдаланудағы инженерлік жүйелер) алып жатқан және соларға арналған жерлер елді мекендердің ортақ пайдалануындағы жерлерге жатады;

     2) ортақ пайдаланудағы мемлекеттік автомобиль жолдарының желісі алып жатқан жер учаскелері.

 Бөлінген белдеудегі ортақ пайдаланудағы мемлекеттік автомобиль жолдарының желісі алып жатқан жерлерге жер алаптары, жол тарамдары, өткерме жолдар, жасанды құрылғылар, жол бойындағы резервтер мен өзге де жол қызметін көрсету жөніндегі құрылғылар, жол қызметінің қызметтік және тұрғын үй-жайлары, қардан қорғайтын және әсемдік екпелер орналасқан жерлер жатады;

3)Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша консервацияланған объектілер орналасқан жер учаскелері;

     4)жалға берілетін үйлерді күтіп-ұстау үшін сатып алынған жер учаскелері.  

    Жекелеген жағдайларда салық салу объектісін айқындау

     1. Темір жолдар, оқшаулау белдеулері, темір жол станциялары, вокзалдар орналасқан жер учаскелерін қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен темір жол көлігі ұйымдарының объектілеріне берілген жер учаскелері темір жол көлігінің ұйымдары үшін салық салу объектісі болып табылады.

      2.Электр беру желілерінің тіректері мен кіші станциялар алып жатқан жер учаскелерін қоса алғанда, балансында электр беру желілері бар энергетика және электрлендіру жүйесінің ұйымдары үшін осы ұйымдарға Қазақстан Республикасының заңнамасында  белгіленген тәртіппен берілген жер учаскелері салық салу объектісі болып табылады.

     3.Мұнай құбырлары, газ құбырлары алып жатқан жер учаскелерін қоса алғанда, балансында мұнай құбырлары, газ құбырлары бар, мұнай мен газ өндіруді, тасымалдауды жүзеге асыратын ұйымдар үшін осы ұйымдарға Қазақстан Республикасының заңнамасында  белгіленген  тәртіппен берілген жер учаскелері салық салу объектісі болып табылады.

     4. Байланыс желілерінің тіректері алып жатқан жер учаскелерін қоса алғанда, балансында радиорелелік, әуе, кабельдік байланыс желілері бар байланыс ұйымдары үшін осы ұйымдарға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен берілген жер учаскелері салық салу объектісі болып табылады. 

   Салық ставкалары

          Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге  салынатын базалық салық ставкалары

   1. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге салынатын жер салығының базалық ставкалары бір гектарға есептеліп белгіленеді және топырақтың сапасы бойынша сараланады.

2. Далалық және қуаң далалық аймақтардың жерлеріне бонитет балына барабар түрде жер салығының базалық салық ставкалары 1-кестеде белгіленеді: 

 

 

 

3.Шөлейтті, шөлді және тау бөктеріндегі шөлді аймақтардың жерлеріне бонитет балына барабар түрде жер салығының базалық салық ставкалары 1-кестеде белгіленеді.

Жеке тұлғаларға берілген ауыл шаруашылығы  мақсатындағы жерлерге салынатын базалық  салық ставкалары

    Жеке тұлғаларға қора-қопсы салынған жерді қоса алғанда, өзіндік (қосалқы) үй шаруашылығын, бағбандық және саяжай құрылысын жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге  базалық салық ставкалары мынадай мөлшерде белгіленеді:

    1) көлемі 0,50 гектарға дейін қоса алғанда - 0,01 гектар үшін 20 теңге;

2) көлемі 0,50 гектардан асатын алаңға - 0,01 гектар үшін 100 теңге.

Ауыл шаруашылығына арналмаған, ауыл шаруашылығы мақсаттары үшін пайдаланылатын жерлерге салынатын салық ставкалары

     Елді мекендер, өнеркәсіп, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар,  орман және су қорлары жерлерінің құрамына кіретін, ауыл шаруашылығы мақсаттарына пайдаланылатын жер учаскелеріне осы Кодекстің 387-бабының 1-тармағының талаптары ескеріле отырып, 378-бабында белгіленген базалық ставкалар бойынша салық салынады.

Елді мекендердің жерлеріне (үй іргесіндегі жер учаскелерін қоспағанда) салынатын базалық  салық ставкалары

Елді мекендердің жерлеріне (үй іргесіндегі жер учаскелерін қоспағанда) салынатын базалық салық ставкалары алаңның бір шаршы метріне шаққанда мынадай мөлшерде белгіленеді 2 кестеде:

          Үй іргесіндегі жер учаскелеріне салынатын базалық  салық ставкалары

     Елді мекендердің тұрғын үйге (тұрғын ғимаратқа) қызмет көрсетуге арналған және тұрғын үй (тұрғын ғимарат), оның ішінде ондағы құрылыстар мен ғимараттар орналаспаған жерлеріне жататын жер учаскесінің бір бөлігі үй іргесіндегі жер учаскесі болып есептеледі.

    Үй іргесіндегі жер учаскелері мынадай базалық салық ставкалары бойынша салық салынуға жатады:

     1) Астана, Алматы қалалары және облыстық маңызы бар қалалар үшін:

көлемі 1000 шаршы метрге дейін қоса алғанда - 1 шаршы метрі үшін    0,20 теңге;көлемі 1000 шаршы метрден асатын алаңға - 1 шаршы метрі үшін         6,00 теңге.

    Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша 1000 шаршы метрден асатын жер учаскелеріне салық ставкалары 1 шаршы метрі үшін 6,0 теңгеден 0,20 теңгеге дейін төмендетілуі мүмкін.

2) қалған елді мекендер үшін:көлемі 5000 шаршы метрге дейін қоса алғанда - 1 шаршы метрі үшін   0,20 теңге;көлемі 5000 шаршы метрден асатын алаңға - 1 шаршы метрі үшін         1,00 теңге.

          Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша 5000 шаршы метрден асатын жер учаскелеріне салық ставкалары 1 шаршы метрі үшін 1,00 теңгеден 0,20 теңгеге дейін төмендетілуі мүмкін.

            Елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлеріне салынатын базалық салық ставкалары

Информация о работе Жер салығының мәні