Дене тәрбиесі және салауатты өмәр салтын қалыптастыру курстық жұмыс

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2013 в 11:21, курсовая работа

Описание работы

Салауатты өмір сүрудің, тазалықты сақтаудың белгілі ережелерін білмейтін жан кемде-кем. Тіпті ол мектеп бағдарламасына да енгізілген. Бірақ оған көпшілігіміз күнделікті өмірде аса мән бермейміз. Оның басты себебі, өз бойымызда қалыптасып қалған жалқаулық пен тоғышарлықты жеңетін күш-жігердің әлсіздігі. Әрине, күнде таңертең 30-40 минуттай ертерек тұрып, шама келгенше жүгіріп-секіріп, әр түрлі қимыл-әрекеттік жаттығулар жасауға, соңынан салқын сумен шайынып, шынығуға болады ғой.

Содержание работы

Кіріспе......................................................................................................................3
І Дене тәрбиесі және салауатты өмір салты
1.1 Дене тәрбиесін ұйымдастыру формалары және құралдары.........................................5
1.2 Мектептегі салауатты өмір сүруді ұйымдастыру..............12
1.3 Қазақстанда салауатты өмір салтын қалыптастырудағы келеңсіздіктер........................................................................................................15

ІІ Салауатты өмір салтын қалыптастыру педагогикалық процесс
2.1 Оқушылар бойында жеке бас гигиенасын сақтауды дағдыландыру.........21
2.2 Оқушылардың тамақтану мәдениеті мен тәртібі.........................................22
2.3 Оқушылардың жеке басының салауатты өмір сүруі бүгінгі өмір талабы....................................................................................................................24

Қорытынды............................................................................................................29

Қолданылған әдебиеттер тізімі............................................................................31

Файлы: 1 файл

Дене тәрбиесі және салауатты өмәр салтын қалыптастыру курстық жұмыс.doc

— 177.00 Кб (Скачать файл)

Мазмұны

 

Кіріспе......................................................................................................................3

І  Дене тәрбиесі  және салауатты өмір салты

1.1 Дене тәрбиесін ұйымдастыру  формалары және құралдары.........................................5

1.2  Мектептегі салауатты өмір сүруді ұйымдастыру..............12

1.3 Қазақстанда салауатты  өмір салтын қалыптастырудағы  келеңсіздіктер........................................................................................................15

 

ІІ Салауатты өмір салтын қалыптастыру педагогикалық  процесс 

2.1 Оқушылар бойында  жеке бас гигиенасын сақтауды  дағдыландыру.........21

2.2 Оқушылардың тамақтану  мәдениеті мен тәртібі.........................................22

2.3 Оқушылардың жеке басының салауатты өмір сүруі бүгінгі өмір талабы....................................................................................................................24

 

Қорытынды............................................................................................................29

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі............................................................................31

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Салауатты өмір сүрудің, тазалықты сақтаудың белгілі  ережелерін білмейтін жан кемде-кем. Тіпті ол мектеп бағдарламасына да енгізілген. Бірақ оған көпшілігіміз күнделікті өмірде аса мән бермейміз. Оның басты себебі, өз бойымызда қалыптасып қалған жалқаулық пен тоғышарлықты жеңетін күш-жігердің әлсіздігі. Әрине, күнде таңертең 30-40 минуттай ертерек тұрып, шама келгенше жүгіріп-секіріп, әр түрлі қимыл-әрекеттік жаттығулар жасауға, соңынан салқын сумен шайынып, шынығуға болады ғой. Көпшілігіміз жас кезімізде бұл мәселеге көңіл бөлмей, есейген соң жалқаулықтың құрсауынан тағы босай алмай, жасымызға жетпей қартайып, әр түрлі созылмалы ауруларға шалдығып, қайғы-қасірет пен өлім қорқынышынан қалтырап күн өткіземіз. Әрине, уақытысында емделмей, созылмалы болған сырқаттан айыға қою да оңай емес. Соның үшін де, тағы қайталап айтамыз, ауырып ем іздегенше, сау кезінде салауатты өмір сүріп, ауырмаудың жолын іздеген анағұрлым тиімдірек.

Енді сол ауырмаудың жолдарына тоқтала кетейік. Қазір  аурулар жайында әр түрлі кітаптар көп. Әсіресе кез келген кеселге "өз зәріңді іш" деп, ақыл айтқыштар  көбейіп кетті және соны оңды-солды ішіп жүргендерді де білеміз. Дәрігер ретінде менің айтарым: "адамның кіші дәретін тектен-тек "зәр" демегенін ескерген абзал, онда әр түрлі улы заттардың болатынын ұмытпаған жөн. Менің дәрігер ретінде бір байқағаным, әсіресе біздің халықтың, денсаулық жөніндегі сауаты шамалы. Сол себепті де кез келген ақыл-кеңеске сенгіш және содан өзі кейін зардап шегіп жүреді. Осыны ескеріп, жоғары оқу орындарында, бірінші курс студенттеріне, жоспарға енгізіп, "Денсаулық тағылымы" деген сабақ жүргізсе жақсы болар еді. Ол сабақта жастарға, теледидардан көріп жүрген "911"-дегі сияқты, денсаулық жайында сабақ беріп, өмірге қауіпті кезде қандай жедел медициналық көмек көрсету керек екенін үйретуге болады. Рас, бізде аурулар туралы кітаптар баршылық, бірақ денсаулық және салауатты өмір туралы кітап жоқ. Бар кітаптар: дене шынықтыру, диета, аутотренинг (өзін-өзі жаттықтыру), иогтар туралы ақыл-кеңестер береді. Әрине, бұлар аздық етеді. Қазір жасы сексеннен асқан, әйгілі кардиохирург, академик Н.М.Амосов өзінің "Раздумья о здоровье" деген кітабында денсаулық жайында мынадай тоғыз қағида ұсынады.

1 Аурулардың болуына  көбінесе табиғат та, қоғам да  кінәлі емес, тек адамның өзі  ғана кінәлі. Көбінесе ол жалқаулықтан, қомағайлықтан, ал кейде өзінің  қисынсыз қылықтарынан ауырады.

2. Медицинаға сене  бермеңіздер. Ол көптеген ауруларды  жаман емдемейді, бірақ адамды  сауықтырып та жібермейді. Әзірше  ол тіпті адамды сау болуға  да үйрете алмайды. Онын үстіне,дәрігерлердің  қармағына түсіп қалудан сақ  болыңыз! Кейде олар адамның әлсіздігі мен өз ғылымының қуат-күшін көтермелей, әсірелеуге бейім келеді және адамдарға жоқ ауруды таңып, өтеуге мүмкіндік жоқ вексельдер (міндеттемелер) береді.

3. Дені сау болуы  үшін адамның өз басы ұдайы  және айтарлықтай күш жұмсау  керек. Бұларды ештеңемен алмастыруға болмайды. Бақытына қарай, адамның жетілгендігі сонша, ол денсаулығын әрқашан дерлік қалпына келтіре алады. Бірақ қартаю мен аурудың ұлғаюы дәрежесіне қарай, қажетті күш жұмсауда арта түседі.

4. Күш жұмсау мөлшері,  негізінен, ынталандыру арқылы анықталады, ынталандырулар - мақсаттың маңыздылығымен, уақытпен және оған жету мүмкіндігімен анықталады! Әрине, ол әрбір адамның мінезіне де байланысты. Өкінішке қарай, адамның сырқаты асқынып, өлім жақындағанда ғана денсаулық, аса маңызды мақсат ретінде, адамның көз алдына келеді. Алайда әлсіз, баянсыз адамды өлім де ұзақ уақыт үрейлендіре алмайды. 5. Денсаулық мықты болу үшін адамға мынадай төрт шартты бұлжытпай орындау қажет: дене еңбегі, тамақ ішуді, уақытты дұрыс пайдалану, шынығу және демала білу.

Оның бесінші шарты - бақытты өмір сүру! Өкініштісі, алғашқы  шарттарсыз бақыт та денсаулықты  баянды ете алмайды. Егер өмірде бақыт  болмаса, алғашқы төрт шартты орындауға  да құштарлық шамалы болады. Әттеген-айы  осы.

6. Табиғат ана мейірбан  ғой: қимыл-әрекет жасап, біраз алқынып, терлеп-тепшіп, қан тамырыңыз екі есе қатты соғатындай етіп, күніне 20-30 минуттан дене шынықтырумен айналыссаңыз жетіп жатыр.Егер осы уақытты екі есе көбейтсеңіз тіпті жақсы.

7. Адам өзін тамақ  ішуде шектеуі керек. Салмағыңызды бір қалыпты сақтаңыз, ол орта есеппен бойыңыздың ұзындығынан 100 сантиметрді алып тастағандағы санға тең болғаны тиімді.

8. Өзін-өзі босаңсыта  білу де - ғылым, бірақ оған  қосымша, мінез-құлықтың да тәуір  (салмақты) болғаны дұрыс. Егер  солай болса, қандай жақсы десеңізші!

9. Бақытты өмір туралы. Денсаулық отбасында да, жұмыста  да бақытты болуға өз үлесін  қосады, бірақ оны белгілей алмайды.

 

 

 

 

 

 

               Мектепте дене тәрбиесін ұйымдастыру  формаларына дене шынықтыру сабақтары,  сыныптан және мектептен тыс жаппай спорт жұмыстары жатады.

               Сабақ – дене тәрбиесін ұйымдастырудың  негізгі формасы. Дене шынықтыру  сабақтары мемлекеттік оқу бағдарламасына  сәйкес жүргізіледі. Онда жаттығулардың  тізімдері, түрлері, сонымен бірге  сабақта теориялық білімді меңгерудің мазмұны берілген. Дене тәрбиесі сабақтарында оқушылардың қозғалу белсенділігін ақыл – ой іс - әрекетіне сәйкес жүзеге асырудың негізгі педагогикалық талаптары қарастырылған. Сабақтың нәтижелі болуы түрлі жаттығуларды дұрыс іріктеп ала білуге, олардың кезектесіп өтуіне және гигиеналық жағдайларды сақтауға байланысты. Дене тәрбиесі сабақтары тұтас педагогикалық принциптері мен заңдылықтарының талаптарына сәкес құрылады.

                Сыныптан тыс жаппай спорт  жұмыстарында шәкірттер сабақта алған теориялық білімдерін жалғастырады және толықтырады. Сыныптан тыс жұмыстардың барысында оқушылардың жалпы дене спорттық дайындығын жақсарту, спортқа ықыласын дамыту, өз бетімен түрлі дене жаттығуларымен айналысу міндеттері шешіледі.

      Мектептен тыс жаппай спорт жұмыстары оқушылардың тұрғын жерлерінде, балалар және жасөспірімдердің спорт мектептерінде, балалардың туристік станциаларында, мәдениет парктарының балалар секторларында, спорттық базаларда ( стадион, жүзу бассейндері, мұз айдыны т.б.), ерікті спорт қоғамдарында, қала және қаладан тыс лагерьлерінде өткізіледі.

      Дене  тәрбиесінің мазмұны, міндеттері  және формалары әрбір мектептің  өз жағдайына байланысты дене  шынықтыру және сауықтыру жұмыстарының  жүйесін жасауды қажет етеді.

      Дене тәрбиесінің негізгі құралдарына дене жаттығулары, гимнастика, ойын, туризм, спорт, табиғи факторлар жатады.

      Дене  жаттығулары – бұл саналы түрде  орындалатын қимылдар және қозғалтқыш  әрекеттер. Дене жаттығулары бұлшық  ет жүйесін, қан айналымын және тыныс алу мүшелерін дамытады, буын сүйектерін қозғалмалы етеді, жалпы жұмыс қабілетін жақсартады. Дене жаттығулары бүкіл организмнің дамуына, жетілуіне қолайлы ықпал жасайды.

      Оқушылардың  дене тәрбиесінде негізгі гимнастика  үлкен роль атқарады. Осы гимнастика бойынша дене жаттығулары дене  шынықтару бағдарламасының басты бөлімдерін құрайды. Негізгі гимнастика құрастыратын жаттығулар: сапалы қозғалыс жалпы даыту жаттығулары ( әр түрлі бұлшық ет топтары мен буындар қимы-лы), музыка арқылы орындалатын ерәкті  жаттығулар, қимылдың би-леу формалары, қимылдың тұтас табиғи формулалары ( жүру, жүргізу, қарғу, өрмелеу т.б.). Негізгі гимнастика көбінесе дене шынықтыру сабақтарында пайдалынады.

     Ойын балалар  өмірінде үлкен орын алады.  Дене тәрбиесінде қозғалыс орындары пайдаланылады. Қозғалыс ойындары оқушылардың ептілігін, тапқырлығын, өзін - өзі билеушілігін дамытады, қозғалтқыш дағдыларын жетілдіреді.

               Мұндай ойындар оқушыларды жылдамдыққа,  төзімділіке тәрбиелейді. Дене  тәрбиесінде оқу бағдарламасына сәйкес спортың ойындар: футбол, баскетбол, волейбол, қол добы, теннис пайдала-нылады. Оқушылардың әрбір ойынның тәсілдерін зерттеп үйренеді.

               Туризм дене тәрбиесіне серуен, саяхат, туристік жорық түрінде  пайданылады. Туризмге оқушылардың барлығын қатыстыруға болады. Туризм оқушыларды төзімділікке, ұжымшылдыққа, еңбек сүгіштікке және қолайсыз сыртқы жағдайларда кездесетін қиыншылықтарды жеңуге тәрбиелейді.

                Спорт біздің елімізде біріңғай  бағдарлама ережелер бойынша  өткізіледі. Спорттың көптеген түрлерін атауға болады. Олар – жеңіл атлетика, гимнастика, шаңғы спорты, жүзу, туризмнің спорттық түрлері т. б.

    Дене тәрбиесіндегі  маңызды құралдардың бірі –  табиғат факторлары. Күн көз, ауа,  суға шомылу, душ қабылдау сауықтыру ретінде пайдаланылады. Табиғат факторларын балалардың сауықтыру жұмысы кезеңінде пайдалану өте тиімді болады. Қала жағдайында  балалар үшін алаңдар жасалады, парктер, стадиондар, бассейндер, туристік – экскурсиялық базалар пайданылады. Қала сыртында бала-лардың  жақсы демалуы және денсаулығын нығайтуы үшін кәсіподақ, спорттық, туристік, жас техниктер және жас натуралистер лагерьлері ұйымдастырлады. Олар табиғаты қолайлы жерлерге орналастыры-лады.

    Сонымен мектепте  дене тәрбиесі жұмыстарының сыныптан тыс барлық түрлері оқушылардың жас ерекшеліктерін, ал оқыту процесінде әр сыныпқа арналған оқыту бағдарламаларына сәйкес жүргізіледі.

 

 

 

 

 

І Салауатты өмір салты.

 

          1.1  Мектептегі салауатты өмір  сүруді ұйымдастыру 

 

Халык денсаулығының  жағдайы тек қоғамдық дамудың ғана көрсеткіші емес, сонымен бірге қуатты экономикалық, еңбек, қорғаныс және мәдени әлеует болып табылады. Бүгінгі танда балалар мен жастардың денсаулық жағдайы басты назар аударуды талап етіп отыр. Оны жақсартуға салауатты өмір салтын қалыптастыру жаңа ғылым салауаттану ғылымы негізінде қүрылған "Салауаттану - денсаулықты сақтау" бағдарламасы бойынша қол жеткізуге болады.

Салауаттану денсаулықты  сақтау және нығайтудың іргелі зандылықтарын  оқытып-үйретеді; организмнің қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасын және оған әр түрлі табиғи процестерінің, әлеуметтік, психологиялық факторлардың әсерін зерттейді; денсаулықты нығайтуға және сақтауға бағыгталған кұралдар мен әдістерді жасайды. Салауаттану ғылыми мамандық ретінде денсаулықтың ғылыми теориясының дамуына ғана емес, адамның биологиялық, психологиялық, гигиеналық, әлеуметтік, әкологиялық, әтникалық сипаты туралы білімді, адам денсаулығын іс жүзінде қорғауды қамтамасыз етеді.

Осы заманғы әлеуметтік-экономикалық жағдай, тіршілік деңгейінің құлдырауы және экологиялық қолайсыздық Қазақстан Республикасының бүкіл халқының денсаулығына, әсіресе балалар мен жастарға теріс әсерін тигізуде.

Балалардың денсаулық  күйінің нашарлауының негізгі себебі, оқушылардың имандылық-рухани құндылығының күрт төмендеуі, санитарлық мәдениеттің жеткіліксіздігі, қарапайым гигиеналық дағдылардың болмауынан және өз денсаулығына жауапсыз қарағандығынан болып табылады. Балалар мен жасөспірімдерді барлық деңгейде оқытып, тәрбиелеу кезінде тиісті дәрежеде салауаттануды оқытуға, салауатты өмір салтын бұзбауға дағдыландыру болмағандықтан, үйлесімді мінез-құлық уәжділігі кеміген.

Балалар мен жастар арасында аурушаңдық деңгейінің жоғары болуы  салауаттанудан алатын білімді жетілдіру  жөніндегі шараларды, денсаулықка  мұқтаждык уәждеріне төсілдіруді кідіртпеуді талап етеді. Осыған байланысты Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ Білім академиясының Жалпы білім институты, Салауатты өмір салтын калыптастыру проблемаларының Ұлтгық Орталығы, Ақмола мемлекеттік медицина академиясы, Қазақ мемлекеттік медицина университеті, Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті және басқа білім беру ұйымдарының бір топ ғалымдары мен ұстаздары (Х..К. Сатпаева, А.С. Әділханов, Л.З. Тель, Е.Д. Дәленов, АА.Ақанов, К.Ә. Жаңабердиева, З.Г. Брусенко, С.Р. Рахметова, т.б.) "Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесінде салауатты өмір салтын қалыптастыру тұжырымдамасының" жобасын жасады.

Аталған тұжырымдамада  осы бағытта ғылыми зерттеулер жүргізіліп және оны одан әрі дамытуға қажетті  салауатты өмір салтын қалыптастырудың философиялық негіздемесі қамтылып көрсетілген.

Әлем ғалымдары бүгінгі  таңда адам денсаулығына кері әсер тигізетін маңызды биологиялық, әлеуметтік факторларға қам жасап, коғамды сауықтырудың тиімді жолдарын іздестірумен шұғылдануда. Бұл салада салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларын жетілдірсе, осы саладағы басымдықтарды анықтайтын ғылым да, өскелең ұрпақты оқыту, төрбиелеу формалары мен жаңа әдістерді ұсынатын білім де қомақты үлес қоса алады.

Құжаттың қысқартылған нұсқасы басылуда. Авторлар мен редакция жобасымен ғалымдар, ұстаздар, дәрігерлер, тәрбиешілер, ата-аналардың лайықты көңіл қойып танысатынына және өз ескертпелерін, толықтырулары мен ұсыныстарын енгізетіндіктеріне сенеді. Тұжырымдаманың соңғы нұсқасын дайындау кезінде барлық ұсыныстар ескерілетін болады.

Пікірлеріңізді мына мекен-жайға жолдаңыздар:

"Салауаттану - денсаулықты  сақтау" бағдарламасы бойынша  салауатты өмір салтын қалыптастырудың көкейтестілігі

Информация о работе Дене тәрбиесі және салауатты өмәр салтын қалыптастыру курстық жұмыс