Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2013 в 11:21, курсовая работа
Салауатты өмір сүрудің, тазалықты сақтаудың белгілі ережелерін білмейтін жан кемде-кем. Тіпті ол мектеп бағдарламасына да енгізілген. Бірақ оған көпшілігіміз күнделікті өмірде аса мән бермейміз. Оның басты себебі, өз бойымызда қалыптасып қалған жалқаулық пен тоғышарлықты жеңетін күш-жігердің әлсіздігі. Әрине, күнде таңертең 30-40 минуттай ертерек тұрып, шама келгенше жүгіріп-секіріп, әр түрлі қимыл-әрекеттік жаттығулар жасауға, соңынан салқын сумен шайынып, шынығуға болады ғой.
Кіріспе......................................................................................................................3
І Дене тәрбиесі және салауатты өмір салты
1.1 Дене тәрбиесін ұйымдастыру формалары және құралдары.........................................5
1.2 Мектептегі салауатты өмір сүруді ұйымдастыру..............12
1.3 Қазақстанда салауатты өмір салтын қалыптастырудағы келеңсіздіктер........................................................................................................15
ІІ Салауатты өмір салтын қалыптастыру педагогикалық процесс
2.1 Оқушылар бойында жеке бас гигиенасын сақтауды дағдыландыру.........21
2.2 Оқушылардың тамақтану мәдениеті мен тәртібі.........................................22
2.3 Оқушылардың жеке басының салауатты өмір сүруі бүгінгі өмір талабы....................................................................................................................24
Қорытынды............................................................................................................29
Қолданылған әдебиеттер тізімі............................................................................31
- өмір сүрудің өзіндік жолы.
Өмір сүру деңгейі — бұл адамның материалдық, рухани және мәдени мұқтаждықтарын қанағаттандыру деңгейін көрсететін әлеуметтік-экономикалық санат.
Өмір сүру сапасы - адам қажеттіліктерін қанағаттандыратын жайлылық дәрежесі. Бұл көбінесе әлеуметтік санатқа жатады.
Өмір сүрудің өзіндік жолы адам тіршілігінің мінез-құлықтық ерекшеліктерін сипаттайтын әлеуметтік-психологиялық нышан. Бұл - жеке тұлғаның психологиясы және психо-физиологиясы икемделінетін белгілі қалып.
Адам денсаулығы, ең алдымен, өмір сүрудің өзіндік жолына тәуелді. Ол тарихи, ұлттық дәстүрлермен және жеке бас бейімділігімен (кейіпкер) анықталады.
Этнокомпонент салауатты өмір салтында балалардың ақыл-ойын, сезімін және әрекетін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Өмір салты мен денсаулық арасындағы өзара байланыс салауатты өмір салты (СӨС) ұғымында барынша толық айтылады, СӨС-тың негізі салауаттану ғылымы болып табылады. Салауатты өмір салты адамның денсаулығы үшін қолайлы жағдайларда кәсіптік, қоғамдық және тұрмыстық қызметтерін орындауға себепші болатындардың барлығын бірлестіреді. СӨС жеке тұлғаның және қоғамдық денсаулықтың қалыптасуы, сақталуы және нығаюындағы жеке тұлғаның іс-әрекеттеріне бағыт береді. Балаларды өз денсаулығын сақтауға мүмкіндігінше ертерек белсене қатысуға тәрбиелеудің қаншалықты маңызды екені осыдан-ақ көрінеді. Балаларда "денсаулык - табиғаттың адамға сыйлаған ең үлкен байлығы" деген ұғымды қалыптастыру қажет.
СӨС қалыптастырудың негізіне биологиялық та, әлеуметтік те ұстанымдар орныққан. Биологиялық ұстанымдарға: балалардың жас ерекшеліктерін ескеру, салауатты өмір салтының жүйелілігі, ырғақтылығы, бірізділігі және т.б. жатады.
СӨС әлеуметтік ұстанымдарына: эстетикалығы, адамгершілігі,ерікті тәрбиелей білуі, өзін-өзі шектей білуі (нәпсі тыюы) және т.б. жатады. СӨС ұғымы қазіргі заманда мыналарды қамтиды:
- жеке бас гигиенасы;
- дене шынықтыру;
- тиімді тамақтану;
- оңтайлы қимыл тәртібі;
- зиянды дағдылар мен
құмарлықтан (темекі тарту,
- жағымды эмоциялар.
Сонымен «Салауаттану - денсаулықты сақтау» бағдарламасы бойынша салауатты өмір салтын қалыптастыру балалар мен жасөспірімдерде салауатты өмір салтын жүргізуге уәж қалыптастыруға күш салады.
"Салауаттану - денсаулықты сақтау" бағдарламасы бойынша салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізгі ұстанымдары.
Салауатты өмір салтын қалыптастырудың
мазмұны мен ұйымдастыру
- ізгілікті бағытта болу, бұл балалар мен жастардың өз денсаулығына жауапкершілігін тәрбиелеуді көздейді;
- окушылардың жас ерскшеліктері
ескерілетін табиғи
- тек тексерілген,
ғылыми дәлелденген деректерге
негізделген ғылымдылық, салауаттық
өмір салтын ендіруге осы
- экологияландыру - қоршаған
орта факторларының адам
- түпкілікті халықтың
дінін, салт-дәстүрін есепке
- салауатты өмір салтын қалыптастыру -мектепке дейінгі білім беру ұйымдарынан бастап, жоғары оқу орнынан кейінгі қосымша білімге дейінгі үздіксіздігі;
- әлеуметтендіру - әлеуметтік
бейімделу және өзі іске жарату дағдыларын қалыптастару
1.3 Салауатты өмір
салтын қалыптастырудағы
«Салауаттылық», яғни «дененің саулығы» - Бүкіл-әлемдік денсаулықты сақтау ұйымның Жарғысында көрсетілгендей дененің, моральдық және әлеуметтік саулықтың, есендіктің толыққанды түрдегі жағдайы. «Дененің саулығы» - адамның қоршаған ортаға байсалды, теңгерушілік қатынасын білдіретін дене мүшелерін қалыпты жағдайы.
Қоғамның әлеуметтік аман-саулығының деңгейін анықтайтын көрсеткіш болып табылатын халық денсаулығының күйі белгілі бір дәрежеде әкономикалық, әкологиялық және үлкен дәрежеде әлеуметтік факторларды айқындайды. Көп жылдар бойы қалыптасқан халықтың денсаулық күйінің көп өзгере қоймаған көрсеткіштері теріс үрдістерден арыла қойған жоқ. Халықтың өсуі мен бала туу қарқыны төмендеп келеді. Әйелдер мен балалар денсаулығын сипаттайтын көрсеткіштер төмен күйінде қалуда. Бұрынғысынша жалпы өлім-жітімнің көрсеткіші жоғары. Туберкулез, вирустық гепатит бойынша жағдай шиеленісуде, жыныс жолымен берілетін аурулар және СПИД бойынша жағдай бұрынғысынша алаңдатарлықтай.
1970-ші жылдардан бастап
Алайда, бұл көрсеткіштер ДДҰ Европалық аймағындағы 50 елдің ішіндегі ең төмен көрсеткіштердің бірі болатын. Соңғы (1990-1996) жылдары республика халқының алдағы орташа өмір сүру ұзақтығы көрсеткіші: ерлерде 59,7 жасты құрап 4,1 жылға және әйелдерде 70,4 жысты құрап 2,7 жылға күрт төмендеді. Жоғарыда айтылған мәліметтер Қазақстан халқының денсаулығы күйінің қолайлы жағдайда еместігінің куәсі.
ҚР облыстарындағы алдағы орташа өмір сүру көрсеткіші бір-бірінен өзгеше: алдағы орташа өмір сүру ұзақтығының ең төменгі көрсеткіші Қарағанды облысында (61,3) болса, ал ең жоғары көрсеткіші (66,6) Алматы облысында.
Бұл көрсеткіштің ер кісілерде 60 жастан асатыны екі облыста ғана (Алматы - 61,4, Оңтүстік Қазақстан - 61,2).
Қазақстан Республикасы алдағы орташа өмір сүру ұзақтығы бойынша Орталық Азиядағы 5 елдің ішінде Түркменстанның алдындағы соңғы орынды иеленеді. Бұл көрсеткіш Батыс Европа елдерінде Қазақстандағыдан 10-15 жылға артық.
Өлім-жітім мен алдағы орташа өмір сүру ұзақтығының көрсеткіштері жігіт жасындағы ер-азаматтардың бойындағы келеңсіздіктерді көрсетіп отыр. Мұндай жағдай экономикалық, әлеуметтік және адами тұрғыдан үлкен зиян шеккізеді. Сондықтан да салауатты өмір салтын дамытудың саяси стратегиясы қажет.
Стратегияны жасарда осы теріс құбылыстардың ғылыми түсіндірілуіне аяқ тіреу керек.
Созылмалы жұқпалы емес аурулар (бұдан әрі - СЖЕА) бүкіл әлемде өлім-жітім мен мүгедектіктің басты себебі болып табылады. Бүгінгі таңда СЖЕА-дан өлім-жітім деңгейі бойынша - Еуропа елдерінде 100 мың халыққа шаққанда - орта есеппен 300 адам болса, Қазақстан 100 мың халыққа шаққанда 809 адамнан келіп, Орталық Азия, ТМД елдерінің, Орталық және Шығыс Еуропа елдерінің арасында бірінші орын алып отыр.
Барлық СЖЕА арасында аурулардың жалпы құрылымына қосатын үлесі бойынша анағұрлым елеулілері жүрек-қан тамырлары, онкологиялық аурулар, диабет және жалпы өлім-жітім құрылымының 50 процентін құрайтын тыныс алу мүшелерінің тән емес созылмалы аурулары болып табылады.
Қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітім өлім-жітімнің барлық себептері арасында алда тұр.
Қатерлі ісік диагнозы алғаш қойылған науқастар санының 20 проценті аурудың төртінші сатысында-ақ есепке алынады. Сырттан орын алған қатерлі ісіктерді, мысалы, сүт безі рагын кеш диагностикалаудың жоғары проценті ерекше алаңдаушылық туғызып отыр (56,1 проценті). Осының салдарынан, диагнозды белгілегеннен кейінгі бір жылдың ішінде науқастардың 14,7 проценті қайтыс болады, өмірдің 5 жылға ұзаруы 50 процентті құрайды. Мемлекет зор әлеуметтік және экономикалық залалға ұшырайды. Қымбат тұратын емдеуге және мүгедектік бойынша мемлекеттік жәрдемақыларды төлеуге арналған қаражат бір науқасқа 1,5 млн-нан астам теңгені құрайды. 65 жасқа дейінгі ер адамдар арасында рак салдарынан өлім-жітім Орталық Азия өңірінің басқа елдерімен салыстырғанда Қазақстанда өте жоғары.
Өлім-жітім бойынша үшінші орында жарақаттар мен уланулар тұр, алайда, еңбекке қабілетті жастағы (16 - 62,5 жас) ер адамдардың өлім-жітімінің себептері арасында жарақаттар 2-орын алады. Соңғы жылдар ішінде жарақаттарға, улануларға және жазатайым оқиғаларға байланысты өлім-жітімнің өскені байқалады.
Жыл сайын 615 мыңнан астам жарақаттану мен улану оқиғалары тіркеледі.
Ең жоғары көрсеткіштер 15-17 жастағы топ жасөспірімдерінің арасында байқалып отыр.
Бронхиалдық демікпемен, қант диабетімен аурушаңдықтың жыл сайын үздіксіз өсуі Қазақстан үшін өзекті проблема болып қалып отыр.
Соңғы жылдардағы әлеуметтік-экономикалық қиындықтары халықтың өмір сүру деңгейінің айтарлықтай төмендеп кетуіне, қоғамдық теңсіздіктерге және елдегі болып жатқан өзгерістерге психологиялық бейімделудің қиындықтарына әкеліп соқты. Мұның барлығы да халықтың денсаулығына өте кері әсерлерін тигізді.
Өлім-жітімнің негізгі себепшілерін анағұрлым төмен жастағы топтарда кең ауқымда аластатуға болады. Бұл себепшілердің қатер туғызу факторлары да жақсы таныс және де әлемдік зерттеулерде дәлелденген. Олар темекі тарту, маскүнемдікке салыну, дұрыс тамақтанбау (майды көп пайдалану, көкөністер мен жемістерді аз тұтыну), қимылдың аздығы және психикалық-әлеуметтік проблемалар болып табылады. Бұл факторларға экономикалық, әлеуметтік және табиғи айналаны, қолайсыз экологиялық жағдайлар мен кедейлікті қосыңыз
ЖҚТБ/ЖҚТБ-ға қарсы вакцина
- қиял ма әлде шындық па?
Стигма және кемсіту (дискриминация) дегеніміз не?
Стигма («дақ», «таңба») - адамдарға деген көзқарасты анықтайтын жағымсыз сапа стереотипі. Кемсіту (дискриминация) - стигматизацияның салдары, «іс-әрекет арқылы кемсіту». Басшының АҚТҚ-жұқпасы бар адамды жұмыстан шығаруы, мектепте қалған оқушылардың онымен қарым-қатынас жасаудан қашқақтауы- кемсітудің салдары екені анық. Көбінесе олар жалғыз өмір сүруге мәжбүр.
Мыналарды есіңізге сақтаңыз: АҚТҚ - өлімге жетелейтін үкім емес. АҚТҚ-жұқпасы бар адамның өмірінің ұзақтығы мен тіршілік ету сапасы, көбінесе өзіне, уақытылы емделу мүмкіндегіне сондай-ақ оған деген біздің ықыласымыз бен тілектестігімізге байланысты.
Неге біз АҚТҚ/ЖҚТБ туралы білуіміз керек?
Бүгінгі таңда қоғамда АҚТҚ-жұқпасына байланысты соқыр нанымдар таралған. Нақты ақпараттың болмауы АҚТҚ жұқтырған адамдарға қатысты үрей мен кемсітушілік тудырады. Өзіміздің үрейімізбен, елемеуімізбен, кейде тіпті жек көруімізбен біз оларды толыққанды өмір сүру құқығынан айырамыз.
АҚТҚ, АҚТҚ-жұқпасы, ЖҚТБ дегеніміз не?
- бұл адамның қорғанышы
тапшылығының коздырғышы, ол организмнің жұқпалы ауруға қарсы корғанысына жауапты қорғаныш (иммунды) жүйесін зақымдайды.
АҚТҚ-жұқпасы (ВИЧ-инфекция) - адамның қорғаныс тапшылығының қоздырғышын жұқтыру нәтижесінде пайда болады және бірнеше кезеңнен тұрады.
- жұқтырылған қорғаныш
тапшылығының белгісі, АҚТҚ-жұқпасьшың соңғы сатысы.
АҚТҚ-ны жұктыру мен ЖҚТБ-ның пайда болуының аралығы айтарлықтай ұзақ болады (10 жылға дейін және одан астам). Егер тіпті АҚТК-жұқтырған адамдар өздерін бақуат сезініп, сау көрінгенімен, олар бұл ауруды басқаларға жұқтыруы мүмкін.
АҚТҚ төмендегі жолдармен жұғады:
1. Жыныстық қатынас арқылы:
Ауру жұқтырған адаммен қорғанышсыз (мүшеқапсыз) жыныстық қатынас кезінде.
2. Қан арқылы:
АҚТҚ жұқтырған донордың қанын құйғанда немесе мүшелері мен ауыстырып салғанда.
Медициналық манипуляциялар кезінде стерилденбеген құралдарды пайдаланғанда.
Қан тамырына есірткі енгізу үшін ине мен піспектерді бірлесіп пайдаланғанда.
Құлақ тесу, пирсинг пен татуировка үшін зарарсыздандырылмаған құралдарды пайдаланғанда,бөтен адамның ұстарасы мен тіс щеткасын пайдаланғанда.
3. Анадан балаға:
АҚТҚ жұқтырған анадан баласына жүкті болғанда, босанғанда және емізгенде жұғады.
Адам АҚТҚ-жұқпасын жұқтырғанын қалай білуге болады?
АҚТҚ-жұқпасын диагностикалаудың ең кең тараған әдісі -иммундыферменттік /папдау (ИФТ), ол қан сарысуында АҚТҚ карсы антиденелердін барын білу үшін пайдаланылады. Антиденелердің болуы ағзада коздырғыштың барын айкындайды.
АКТҚ қарсы антидене ауру жұққаннан кейін біраз уакыттан кейін ғана (үш аптадан үш айға дейін) білінетіндіктен, кауіпті карым-катынастан кейін дереу тексерістен өту керек, өйткені бірнеше күннен кейін тексерістен өту пайдасыз. Адамдардын 90%-ында АҚТҚ қарсы антиденелер 3 айдан кейін пайда болады.
АҚТҚ төмендегі көрсетілген жағдайларда жұқпайды:
- қол алысқанда, құшақтасқанда;
- гигиена заттары, денеге жағатын немесе киімге себетін иіс-майлар арқылы;
- бассейнге, ваннаға, моншаға барғанда;
- су және ауа арқылы;
- жәндік шаққанда және жануарлармен жанасқанда;
- ойыншықтар, мектепте
күнделікті пайдаланылатын
Организмнің қорганыш қабілетінің төмендеуіне қарай АҚТҚ-жұқпасының мынадай белгілері пайда болуы мүмкін:
- тұрақты қызба
-лимфатүйіндерінің үлкеюі
- терінің зақымдалуы
- тоқтамайтын диарея (іш өту)
-ұзақ уақыт жөтелу
- едәуір салмақ жоғалту (10%-дан астам)
- шаршау, қалжырау.
Нақты ақпараттың болмауы АҚТҚ-жұқпасы
індетін жеңу жолында ең басты
кедергі болып табылады.
Информация о работе Дене тәрбиесі және салауатты өмәр салтын қалыптастыру курстық жұмыс