Дене тәрбиесі және салауатты өмәр салтын қалыптастыру курстық жұмыс

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2013 в 11:21, курсовая работа

Описание работы

Салауатты өмір сүрудің, тазалықты сақтаудың белгілі ережелерін білмейтін жан кемде-кем. Тіпті ол мектеп бағдарламасына да енгізілген. Бірақ оған көпшілігіміз күнделікті өмірде аса мән бермейміз. Оның басты себебі, өз бойымызда қалыптасып қалған жалқаулық пен тоғышарлықты жеңетін күш-жігердің әлсіздігі. Әрине, күнде таңертең 30-40 минуттай ертерек тұрып, шама келгенше жүгіріп-секіріп, әр түрлі қимыл-әрекеттік жаттығулар жасауға, соңынан салқын сумен шайынып, шынығуға болады ғой.

Содержание работы

Кіріспе......................................................................................................................3
І Дене тәрбиесі және салауатты өмір салты
1.1 Дене тәрбиесін ұйымдастыру формалары және құралдары.........................................5
1.2 Мектептегі салауатты өмір сүруді ұйымдастыру..............12
1.3 Қазақстанда салауатты өмір салтын қалыптастырудағы келеңсіздіктер........................................................................................................15

ІІ Салауатты өмір салтын қалыптастыру педагогикалық процесс
2.1 Оқушылар бойында жеке бас гигиенасын сақтауды дағдыландыру.........21
2.2 Оқушылардың тамақтану мәдениеті мен тәртібі.........................................22
2.3 Оқушылардың жеке басының салауатты өмір сүруі бүгінгі өмір талабы....................................................................................................................24

Қорытынды............................................................................................................29

Қолданылған әдебиеттер тізімі............................................................................31

Файлы: 1 файл

Дене тәрбиесі және салауатты өмәр салтын қалыптастыру курстық жұмыс.doc

— 177.00 Кб (Скачать файл)

Қазіргі уақыттағы әлеуметтік-экономикалық жағдай, тіршілік деңгейінің құлдырауы және экологиялық қолайсыздық Қазақстан Республикасының бүкіл халқының, әсіресе өскелең ұрпақтың денсаулығына кері әсерін тигізуде.

Ел Президентінің "Қазақстан-2030" жолдамасындығы ұзақ мерзімді басымдықтың бірі - "Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты" тармағында "....азаматтарымыздың өз өмірінің аяғына дейін сау болуы және оларды қоршаған табиғи ортаның таза болуы үшін" азаматтарымызды салауатты өмір салтына әзірлеу қажеттігі көрсетілген. Сондықтан елімізде салауатты өмір салтының пайдасына пәрменді білім беретін және ақпаратты науқан үдетіле түсуі қажет".

Қазақстанда соңғы жылдары  демографиялық көрсеткіштер нашарлап, туу, халықтың табиғи өсімі төмендеп, сырқаттанушылық және өлім-жітім  деңгейі арта түсті. Әсіресе, балалар  мен жастардың денсаулығы қауіп тудыруда. Созылмалы дертпен ауыратын 2 млн. балалар мен жасөспірімдер диспансерлік есепте түр. Алматы қаласындағы мектеп окушыларының денсаулығын зерттегенде, олардың 85 %-ы созылмалы дертпен ауыратыны, ал Өскеменде сырқаттану деңгейінің 91%-ға дейін жеткені анықталды (29).

Ресей Федерациясының балалар  мен жасөспірімдер физиологиясы ғылыми-зерттеу институтының (ҒЗИ) мәліметтеріне  қарағанда 1-сынып оқушыларының денсаулығында 30%-ға дейін физилогиялық ауытқу болған жағдайда, бұл ауытқудың шамасы 10-11-сыныптарда 80-85%-ға жетеді екен (59). Тап осындай зерттеулердің деректері біздің республикамызда да ұқсас болып шықты. Мектеп оқушыларының 67%-ының озбырлық, жабығу, ішкі және сыртқы әсерлерге қайтаратын жауаптарының бүзылуы арқылы білінетін "мектептік абыржу" байқалады. Соған байланысты мектеп оқушылары организмінің ауруға қарсылық қасиеті төмендеп, иммундық жүйеден азап шегеді де балалардың аурушаңдығының артуына себепкер болады .

Тек төменгі сыныпта  оқыту кезінде ғана өсімді-тамырлы  дистониямен (вегетососудистая) ауырған балалар саны 16-18 есеге, сығырмен 10-12 есеге, ішкі секреция аурулары және зат алмасудың бұзылуымен — 5 есеге, асқазан аурулары — 4 есеге, несеп-жыныс жүйесінің ауруы — 2 есеге артады екен.

Темекі тарту, ішімдік  пайдалану, есірткі құмарлық және уытты заттарға әуестік, адамгершілікке жат мінез-құлық, ерте жыныстық қатынас кеңінен таралуда.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары Ұлттық орталығының мәліметтері  бойынша (эксперименттік мектептердің оқушыларына жүргізілген анкета нәтижелері) жасөспірімдердің 40%-дан астамы темекі тартады, 39%-ға дейінгілері ішімдік пайдаланады, 17%-ға дейінгілері есірткілік заттардың дәмін татады, 41%-ға дейінгілері жыныстық қатынасқа ерте тәуелді. Осыған байланысты жіңішке аурулар, соның ішінде ИТИС (СПИД) саны он есе өсті. Кәмілетке толмағандар арасында туу және түсік тастау саны жоғары деңгейде (жылына 9 мыңнан астам түсік) қалып келеді.

Көпбағытты медицина кезінде нарықтық экономикаға көшу жағдайларында сақтандыру шараларын  білу, ісімерлік көрсету және оны бұзбау, салауатты өмір салтын қалыптастыру денсаулықты сақтап, нығайтуда ең маңызды ерекше белгі болып табылады. Бұл көрсеткіштер көкейтесті әлеуметтік мәнділікке ие болады да, балалар мен жасөспірімдердің салауатты өмір салтын қалыптастырудың белсенді стратегиясын, олардың әлеуметтік бейімделуі мен өз денсаулығын сақтау жауапкершілігін арттыруды, пайдалы қажеттіліке уәжділікті талап етеді.

Санитарлық-гигиеналық сауаттылық деңгейін жоғарылатуда, оқушылардың  денсаулығын сақтап, нығайтуда, жастар арасында руханилықты көтеруде тиімділік пен жалпы табыстарға қол жеткізу үшін салауатты өмір салтын қалыптастыруға түбірлі өзгерістер жасау және Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарының оқу жоспарына салауаттану негіздерін енгізу керек. Бұл оқушылардың өз денсаулығын сақтауға жауапкершілігін едәуір дәрежеде арттырады. Академик Н.М.Амосов айтқандай: "Денсаулығың мықты болу үшін тұрақты да, мәнді өз күшің болуы қажет, оны еш нәрсемен ауыстыруға болмайды".

Үздіксіз білім беру жүйесіндегі салауатты өмір салтын қалыптастыру тұжырымдамасының негізгі идеясы жалпы әлем жүйесіндегі әрбір адам өмірінің құндылығын түсіну міндетін шешуге қажетті философиялық, ізеттілік білім берудің маңызды құрамдас белігі болып табылатын өскелең үрпақтың дене және психикалық денсаулығын дамыту міндетін қамтамасыз етеді.

"Салауаттану - денсаулықты  сақтау" тұжырымдамасының өзекті  мәселесі "бірегей біртұтастық"  ұғымы болып табылады, яғни денсаулықты  өзара байланысты бөліктерден  құралатын бүтін дүние ретінде  түсінуге тура келеді. Адам денсаулығы негізгі үш: қүрылымдық-функционалдық, физикалық-химиялық және психикалық-эмоциялық-рухтық қасиеттерден құралып қалыптасады.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру тұжырымдамасының мақсаты — Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарында салауаттану білімі жөнінде кешенді ғылыми зерттеулер жүргізіп, салауатты өмір салтын қалыптастырудың тұжырымдамалық негіздерін жасау.

Бұл мақсат төмендегідей нақты міндеттерді шешу арқылы жүзеге асырылады:

- білім беру ұйымдарында  салауатты өмір салтын қалыптастыруға арналған білім бағдарламасын ендірудегі дүниежүзілік тәжірибені зерттеу;

- Қазақстан Республикасы  білім беру ұйымдарындағы салауатты  өмір салтын қалыптастыру мәселелерінің  жағдайын талдау;

- салауатты өмір салтын  қалыптастыруға арналған қазіргі  бағдарламаларды талдау;

- аурудың пайда болу  факторларының өте таралғыштығын  зерттеу, оқып жүргендер арасындағы  қауіп-қатер тобын айқындау;

- салауатты өмір салтын  қалыптастырудың тұжырымдамалық  негіздерін жасау;

- үздіксіз білім беру  жүйесіндегі салауатты өмір салтын қалыптастырудың стандартын жетілдіру;

- бағдарламалар мен  оқу-әдістемелік кешендерін. жетілдіру,  білім берудің әр деңгейіне  арналған "Салауаттану" оқулықтарын  басып шығару.

Зерттеу барысында әлеуметтік, ақпараттық, статистикалық, т.б. ғылыми білім кешендері пайдаланылды.

Тұжырымдаманың мақсаты, мазмұны және құрылымы ең алдымен  қоғамның әлеуметтік тапсырысына, салауаттану  тұрғысындағы ғылыми білім жүйесіне және әдіснамалық ұстанымдарына, оқушылардың  танымдық мүмкіндіктерінің жас ерекшеліктеріне  сәйкес анықталады.

Балалар мен жастардың  салауатты өмір салтын қалыптастыру тұжырымдамасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі салауаттанудан алған  білімнің көлемін, терөлшемін (критерий), тиімділігін ғылыми негізде анықтауға  мүмкіндік беріледі. Тұжырымдаманың негізгі қағидалары "Салауаттану - денсаулықты сақтау" бағдарламасы негізінде алынды.

Мектеп оқушыларын салауаттандыру және жан-жақты дербес гигиенаға  дағдыландыру арқылы медициналық-гигиеналық білімді арттыруға, аурудың алдын  алып, жарақаттанудан, организмнің  улануынан, сығырлықтан сақтандырып, дене тұрқының бүзылуынан, әр алуан жұқпалы және созылмалы аурулардан сақтандыруға мүмкіндік туады.

Мектеп оқушыларының салауатты өмір салтын қалыптастырудан  алған білімдері Қазақстан Республикасы болашақ азаматтарының денсаулығын сақтап қалуға берік тірек болады. Осы түрғыдан қарағанда, салауатты өмір салтын қалыптастырудың әдіснамалық негізін жасау, салауаттануға арналған бағдарламаларды, оқу-әдістемелік кешендерді жетілдіру ел Президентінің "Қазақстан-2030" Жолдауына үндес алынған маңызды мәселелер және сақтандыру медицинасы мен білім беру жүйесінің ғылыми бағыты болып табылады.

Салауаттанудың негізгі  мақсаты - әрбір жеке адамның және тұтастай қоғамның денсаулығын қамтамасыз ету. Салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізгі мақсаты -балалар мен жастарда жас ерекшеліктеріне, құндылык бағдарларына және имандылық-еріктілігіне сәйкес салауатты өмір салтының ұғымдарын, дағдыларын және уәждерін қалыптастыру.

Бұдан мынандай міндеттер  туындайды:

- оқушыларға салауатты  өмір салтының әдістерін үйрету;

- өз денсаулығына қоғамдық  игілік, қоғамның рухани құндылығы  ретінде жауапкершілікпен қарауға  тәрбиелеу;

- оқушыларды негізгі  гигиеналық дағдыларға төселдіру;

- осы заманғы ауру  түрлерімен және оларды алдын  алу шараларымен таныстыру; 

- Адам денсаулығы, ең  алдымен, өмірлік сара жолға  тәуелді, ал өмір жолы тарихи, ұлттық дәстүрлер мен тұлғалық  бейімділіктер бойынша анықталады.

Денсаулық деген не? Денсаулық  ұғымына берілген анықтамалар өте  көп. Үлкен медициналық энциклопедияда денсаулык. организм мен жүйенің атқаратын қызметін сыртқы орта теңдестіріп, ешқандай ауырсыну өзгерістері байқалмайтын адам күйі ретінде сипатталады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының анықтамасы бойынша "Денсаулық дегеніміз - бұл аурудың немесе дене кемтарлығының жай ғана жоқ болуы емес, денелік, психикалық және әлеуметтік түрғыдан ойдағыдай толық күйі".

Академик Н.М.Амосов адам денсаулығы мүшелердің атқаратын қызмет сапасы толық сақталған кезде  олардың барынша көп енім беретінін  бағалауға болатын мөлшермен  анықталады деп жорамалдайды.

И.И. Брехман денсаулықты "сезімталдық, ауызша айту және құрылымдық үш бірегей ағымдардың мөлшерлік  және сапалық көрсеткіштерінің әртүрлі  өзгерістері жағдайында адамның  жасына сәйкес тұрақтылықты сақтау қабілеті" ретінде анықтайды. Сібірлік ғылыми мектебі ұсынған денсаулық анықтамасы - бұл "денсаулық дегеніміз - физиологиялық қасиеттерді сақтап, дамыту процесі, психологиялық әлеуметтік әлеуеттер, қолайлы еңбекке жарамдылық және әлеуметтік белсенділік кезінде салауатты өмірдің барынша ұзаққа созылу процесі".

Келтірлген денсаулық  анықтамалары негізінен алғанда  денсаулық ұғымын бірдей қамтып көрсетеді, яғни организмнің сыртқы орта (табиғи және әлеуметтік) жағдайлары мен ішкі факторларға (тұқымқуалаушылық, жыныс, жас) бейімделу сапасын айқындайды. Денсаулықтың мынадай: физиологиялық, сезім әрекетіне берілгіштік, зияттдылық, әлеуметтік, тұлғалық негізгі түрлері бар. Ал рухани түрі осыларды бірегей тұтастыққа — денсаулыққа біріктіреді.

Денсаулықтың физиологиялық  түрі организмдегі физиологиялық үрдістерді (процестерді), олардың өзара әрекеттесуін, организмнің коршаған орта әсеріне қайтаратын жауабына бейімделу реакцияларын қамтамасыз ететін морфологиялық және функционалдық сақтамаларды зерттейді.

Зияттылық түр дегеніміз — денсаулық туралы білімнің ақпараттық көзі.

Сезім әрекетіне берілгіштік  түр — жағдайға байланысты өз сезімін бағалай білуді түсініп, сол қалпында айшықтай айта алу. Жағымсыз эмоцияға ұстамдылық жасап, жағымды эмоцияны мадақтау.

Әлеуметтік түр — тұлғаны әлеуметтендіру, өзін қоғамға қажетті мүше екенін аңғару, белсенді өмір сүру.

Тұлғалық түр — өзін тұлға ретінде түсіну, тұлға ретінде анықтау. Өзін іс жүзінде көрсету.

Рухани түр — адам жеке басының біртұтастығын қамтамасыз ететін қоғамның рухани құндылығын көрсетеді.

Қазіргі уақытта денсаулық бірнеше түрлерге және құрамдас бөліктерге бөлінеді:

1. Тән денсаулығы — бұл адам мүшелері мен организм жүйесінің ағымдағы күйі. Мұнын негізі онтогенездік дамудың әр түрлі кезеңдерінде басымдық көрсететін, базалық қажеттіліктерге негізделген жеке дамудың биологиялық бағдарламасынан құралады.

2. Дене денсаулығы - организм мен мүшелерінің өсуі мен дамуының деңгейі. Мұнын негізі бейімделу реакцияларын қамтамасыз ететін морфологиялық және функциялық сақтамалардан құралады.

3. Жан денсаулығы — адамнаң психикалық өріс күйі.

Мұнын негізі мінез-құлыққа  бара-бара реакцияны қамтамасыз ететін жалпы рухани қолайлы күйден құралады.

Рухани тазалық- тіршілік әрекетінің уәжді және ақпаратты-мұқтаждық  өрісі сипаттамасының кешені. Мұнын  негізі жеке тұлғаның қоғамдағы кұндылық жүйесі мен мінез-құлық түрткілерімен және уәждерімен анықталады. Денсаулыққа адамның руханилылығы себепші болады, яғни ол адамзаттың байлығы — мейірімділік, намыс, абырой, махаббат, сүйіспеншілік және әдемілікке негізделеді. (14, 15, 35, 56).

Денсаулықтың негізгі төрөлшемдері мыналар:

• тән және дене күйі үшін — мен істей аламын;

• психикалық күй үшін - мен тілеймін;

• адамгершіліктік күйге  — мен істеуге тиістімін.

Денсаулық белгілері  мыналар:

• зақым келтіретін факторлар  әрекетіне өзіне тән (иммунды) және өзіне тән емес түрақтылық;

• өсу мен даму көрсеткіштері;

• организмнің функционалдық  күйі және сақтамалық мүмкіндігі;

• қандай болса да аурудың  немесе даму кемістігінің болу деңгейі;

• имандылық-еріктілік  және құндылық-уәждік мақсат деңгейі.

Өмір салты мен денсаулық арасындағы өзара байланыс салауатты өмір салты (СӨС) ұғымында толығырақ айтылады.

Осы заманғы ғылым  мен әдістемеде салауатты өмір салты - бұл адамның еңбек әрекетімен, тұрмысымен, материалдық және рухани мұқтаждықтарды қанағаттандыру түрімен, жеке тұлға және қоғамдық мінез-құлық ережелерімен сипатталатын тіршілік әрекетінің белгілі типі туралы түсініктерді кіріктіретін биоәлеуметтік санат. Жеке тұлғаның өмір салты алуан түрлі, бірақ негізінен үш нышанға негізделеді:

- өмір сүру деңгейі;

- өмір сүру сапасы;

Информация о работе Дене тәрбиесі және салауатты өмәр салтын қалыптастыру курстық жұмыс