Дене тәрбиесі және салауатты өмәр салтын қалыптастыру курстық жұмыс

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2013 в 11:21, курсовая работа

Описание работы

Салауатты өмір сүрудің, тазалықты сақтаудың белгілі ережелерін білмейтін жан кемде-кем. Тіпті ол мектеп бағдарламасына да енгізілген. Бірақ оған көпшілігіміз күнделікті өмірде аса мән бермейміз. Оның басты себебі, өз бойымызда қалыптасып қалған жалқаулық пен тоғышарлықты жеңетін күш-жігердің әлсіздігі. Әрине, күнде таңертең 30-40 минуттай ертерек тұрып, шама келгенше жүгіріп-секіріп, әр түрлі қимыл-әрекеттік жаттығулар жасауға, соңынан салқын сумен шайынып, шынығуға болады ғой.

Содержание работы

Кіріспе......................................................................................................................3
І Дене тәрбиесі және салауатты өмір салты
1.1 Дене тәрбиесін ұйымдастыру формалары және құралдары.........................................5
1.2 Мектептегі салауатты өмір сүруді ұйымдастыру..............12
1.3 Қазақстанда салауатты өмір салтын қалыптастырудағы келеңсіздіктер........................................................................................................15

ІІ Салауатты өмір салтын қалыптастыру педагогикалық процесс
2.1 Оқушылар бойында жеке бас гигиенасын сақтауды дағдыландыру.........21
2.2 Оқушылардың тамақтану мәдениеті мен тәртібі.........................................22
2.3 Оқушылардың жеке басының салауатты өмір сүруі бүгінгі өмір талабы....................................................................................................................24

Қорытынды............................................................................................................29

Қолданылған әдебиеттер тізімі............................................................................31

Файлы: 1 файл

Дене тәрбиесі және салауатты өмәр салтын қалыптастыру курстық жұмыс.doc

— 177.00 Кб (Скачать файл)

- тыныс алу жолдарын  жаттықтыруды үнемі пайдаланып  отырыңыз (мүмкін П.С.Брегт бойынша  «әр түрлі тыныс алу», К.П.Бутейко  бойынша «терең тыныс алу» барысында ауаны жібермей басқаша өзгертіп отыру т.с.с.);

- өзінің организміңді  темекі түтінімен улама! Өзіңнің  ортаңда темекінің адам өміріне  зияны жайында белсенді үгіт-насихат  жүргізуді ұмытпа. Ол сенің қоғам  алдыңдағы борышың. 

3. Таза суды пайдалану.

- құрамында суы бар бақша өсімдіктерін, жеміс-жидектерін және шырын сөлін пайдалануды ұмытпа. Бұлақ, күмістелген, магниттелген, тазаланған суларды ғана пайдалан. Оны он бес, отыз минут шамасындай уақытта ас ішер алдында, шөлдеген жағдайда және полиэтилен бутылкасын пайдаланған сусын, шырынмен, сонымен қатар сапасы төмен қызыл шараппен қосып ішкен.

- міндетті түрде денеңе  суды пайдалан: күнделікті таңертеңгілік  суық сумен шайыну, кешкілік ыстық  сумен ванна қабылдау, содан кейін  таза әрі жұмсақ орамалмен  денені ысқылау, денеге суды ақтарып, төгіп құю, табиғи су аттарымен көлдерде, өзендерде шомылуға әдеттен және су асты массаж алуды да ұмытпа.

- су тақырыбына арналған  сурет, өлең, тақпақ, әнді пайдаланып  отыру жүйке тамырларының шаршауын  бәсеңдетуге және оған ем жасау үшін пайдаланудың маңызы зор.

4. Табиғи тамақтану

- егерде М.Киммелдің  сөзіне сенсек «дұрыс тамақтану  – бұл ғылым және көркем  өнер». Ашу, ыза, қорқу, сенімсіздік,  алаңдаушылық – тамақты қалыпты  сіңірудің бірден-бір жауы. Демалыс,  тыныштық, өмірге сүйіспеншілікпен қарау немесе өмірді сүю – тамақтың дұрыс қортылуының ең маңызды жағдайы. Тамақ қабылдау барысында ұрсысу, дауыс көтеру, жүйкені шаршату, реніш білдіру т.с.с. денсаулықтың ең қауіпті жауы.

Сынып жетекшісінің «Салауатты өмір сүру салты» жұмысының бағытында, ата-аналармен балалармен әр түрлі тәрбие жұмысының формаларында және олармен практикалық әрекеттер барысында: мәдени жорық, саяхаттарда ол негізгі тақырыпқа айналуы тиіс.

5. Ашығу. 

П.С.Брегт бойынша ашығудың мақсаты – адамның барлық организімін толық сауығу жағдайына жеткізуді, оның барлық қызметін жандандыруды, жаңартуды көздейді. Себебі, ашығу процесінен кейін қан айналым жақсарады, өмір сүру ұзарады, тамақ жақсы қортылады, ақыл-ой күші мен дене күші қиындыққа төтеп беруге шындалады. Яғни, ашығу – адамның ішкі жан тазалығына апарар жол. Сондықтан, ашығу әдістемесі  мен технологиясы жайында жазылған кітаптарды әркім өзінің сауықтыру бағдарламаларын жасауда алып қолдануы мүмкін (мысалы, «Чудо голодания»).

6. Дене жаттығулары.

Ол көпжақты болып келеді. Бізге дене жаттығуларының емдік қасиеті бұрыннан мәлім және ол дәлелденген: денеге, жан-дүниеге, ақыл-ойға кешенді ықпал етеді – дейді. Олай болса мұғалімдер мен тәрбиешілердің сауықтыру бағдарламасында:

  • жас және дене мүшелерінің ауытқуы немесе дене ерекшеліктеріне қарай өздерінің және балалардың таңертеңгілік, күндізгі және кешкі  «дене жаттығу бағдарламаларын» жасаулары тиіс;
  • спорт клубтарында, кружоктарында, алаңдарында, жорықтарда дене жаттығуларымен жүргізумен машықтану;
  • дене жаттығуларын күн сәулесімен, таза ауамен, таза сумен және табиғат аясында кеңінен үйлестіріп отыру;
  • сабақ барысында «Физкульминут және пауза (үзіліс)» ұйымдастырып отыру. Мектептің өткен тәжірибесі көрсеткендей, жоғарыда аталған үш-бес минут аралығында ұйымдастырылған «дене шынықтыру үзілісінің» оқушылар үшін маңызы ерекше. Ол сабақтар барысында шаршау, шалдығу кезеңдерін болдырмау, сол үшін де қан айналым процесін жандандыруға септігін тигізіп, оқушылардың психикалық процестерін едәуір жандандырады.;
  • сабақ барысында ойын элементтерін, көркем-эстетикалық құралдарын қолданудың да тигізер пайдасы мол. Бұл оқушылардың ақыл-ойы мен әсерленуі, сезім әрекетінің күшейуіне оң ықпал етеді.

7. Жақсы демалас. 

Бұл әркім үшін әр түрлі  сипатта болып келеді. Біреулер толыққанды тыныштықты, біреулер еркіндікті, тағы біреулер өздері сүйетін іспен айналысуды: саяхат жасауды, жорыққа шығуды, би кештеріне қатысуды қалайды. Олар, әсіресе күнделікті отырып жұмыс істеу салтынан айыруға, бір мезгіл қозғалыс жасауға мүмкіндік береді;

  • күнделікті бір мәрте дене шынықтыру, ұйықтап алу, серуен құру т.с.с. қысқа мерзімдік демалалыс жасауды немесе жанұямен аптасына бір рет табиғат аясына шығуды және жылына бір мезгіл демалыс алып өзен, көл жағасында, орман, тоғай ортасында демалысын өткізуді әдетке айналдыру;
  • адамдармен қарым-қатынаста, жанұяда, мектепте, табиғат аясында, мәдени орындарда, өзіннің ішкі жан дүниең мен сыртқы келбетің, шашың, жүріс-тұрысында жақсылық пен әдемілік қатар жүрсін.

Осының бәрі жеке бағдарламада көрініс табуы керек.

8. Жақсы мүсін (хорошая осанка).

- тік жүру, түзу тұру, ешқашан аяқ айқастырып отырмау.  Басты тік алға қарай ұстау,  ішті тарту... бұл тек адамның  сырт көрінісінің эстетикасы  емес, сонымен бірге дене мүшелерінің  – мидың, жауырынның, жүректің, өкпенің,  ішектердің, мойын және арқа омыртқаларының, буындардың қызметінің дұрыс атқаруында маңызды рөл атқарады;

- «Мен адаммын», «Менде  мақтанатын нәрсе бар!», «Менде  бәрі де жақсы...». осындай жақсы  пішін мен мүсінді кімді де  болса қуантары, қуаныш сезіміне  бөлеуі, шаттануына мүмкіндігі болады. Өмір сүруге, сүюге құлшынысы пайда болады. Бұл тәрбиешілер үшін негізгі міндеттердің бірі болуы тиіс.

9. Ақыл-ес.

- бұл салауатты өмір  салтын ынталандыруды қандай  қажеттілікті өтейді деп бір  сәт ойлануыңыз да мүмкін? П.С.Брегт  «Сіздің ойыныз өзіне тарту немесе өзінен кері итеру қабілетін меңгерген нағыз күш, магнит. Жағымды тәсіл, жетістікке қол жеткізеді, жағымсыз – жолы болмауға, қиратуға, бүлдіруге әкеп соғады»- дегендей, өзіңді және оқушылардың нәтижелі рухани интеллектуалдық көңіл-күйін орнықтыруға қамқор болуды әсте естен шығарма. Ол үшін, жағымсыз ойдың жоғары болуына жол бермеу қажет;

- әр түрлі интеллектік  және танымдық әрекеттің формалары  арқылы оқушылардың ойлау өрісін  сабақтан тыс жұмыстары барысында  кеңейту, ақыл-ой күшіне, оқуға жағымды қатынасты қалыптастыру;

- сабақтан тыс жұмыстарда  оқушылармен бірге ақыл-ой еңбегін  ғылыми тұрғыда ұйымдастырудың  жолдарын меңгеру (қалай оқу,  жазу, көшіру, жоспар құру, лекцияны  қалай тыңдау, сабаққа әзірлену  керек т.с.с.);

- күнделікті өзіңнің ақыл-ойынды қызықты танымдық ойындарға бағыттап, соған сай әрекетіңді ұйымдастыр: сөзжұмбақты,викторина сұрақтарын, сөздік ойындарды т.с.с. шешу;

- өзіңнің және балалардың  «қоқыс ақыл-ойдан» аулақ болуын  сақтанып отыр (Г.П.Малахов бойынша). Мүмкін, ақыл-ойы дамытуға қатысты бұдан басқа да жұмыстың түрлері және жаттығулар болуы мүмкін. Ол әркімнің өзінің ынтасы және қызығуына сай жаңадан туындап отырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Қорытынды                                                               

Курстық жұмысымды қорытындылай келе Ел Президентінің "Қазақстан-2030" жолдамасындығы ұзақ мерзімді басымдықтың  бірі - "Қазақстан азаматтарының  денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты" тармағында "....азаматтарымыздың өз өмірінің аяғына дейін сау болуы  және оларды қоршаған табиғи ортаның таза болуы үшін" азаматтарымызды салауатты өмір салтына әзірлеу қажеттігі көрсетілген. Сондықтан елімізде салауатты өмір салтының пайдасына пәрменді білім беретін және ақпаратты науқан үдетіле түсуі қажет". Мектеп оқушыларын салауаттандыру және жан-жақты дербес гигиенаға дағдыландыру арқылы медициналық-гигиеналық білімді арттыруға, аурудың алдын алып, жарақаттанудан, организмнің улануынан, сығырлықтан сақтавдырып, дене түрқының бүзылуынан, өр алуан жұқпалы және созылмалы аурулардан сақтандыруға мүмкіндік туады.

Мектеп оқушыларының салауатты өмір салтын қалыптастырудан  алған білімдері Қазақстан Республикасы болашақ азаматтарының денсаулығын  сақтап қалуға берік тірек болады. Осы тұрғыдан қарағанда, салауатты  өмір салтын қалыптастырудың әдіснамалық негізін жасау, салауаттануға арналған бағдарламаларды, оқу-әдістемелік кешендерді жетілдіру ел Президентінің "Қазақстан-2030" Жолдауына үндес алынған маңызды мәселелер және сақтандыру медицинасы мен білім беру жүйесінің ғылыми бағыты болып табылады.

Салауаттанудың негізгі  мақсаты - әрбір жеке адамның және тұтастай қоғамның денсаулығын қамтамасыз ету. Салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізгі мақсаты -балалар мен жастарда жас ерекшеліктеріне, құндылык бағдарларына және имандылық-еріктілігіне сәйкес салауатты емір салтының ұғымдарын, дағдыларын және уәждерін қалыптастыру.

Бұдан мынандай міндеттер  туындайды:

- оқушыларға салауатты  өмір салтынның әдістерін үйрету;

- өз денсаулығына қоғамдық  игілік, қоғамның рухани қүндылығы  ретінде жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу;

- оқушыларды негізгі  гигиеналық дағдыларға төселдіру;

- осы заманғы ауру  түрлерімен және оларды алдын  алу шараларымен таныстыру 

- Адам денсаулығы, ең  алдымен, өмірлік сара жолға  төуелді, ал өмір жолы тарихи, ұлтгық дәстүрлер мен тұлғалық бейімділіктер бойынша анықталады.

Денсаулық деген не? Денсаулық  ұғымына берілген анықтамалар өте  көп. Үлкен медициналық энциклопедиада денсаулык. организм мен жүйенің  атқаратын қызметін сыртқы орта теңдестіріп, ешқандай ауырсыну өзгерістері байқалмайтын адам күйі ретінде сипатталады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының анықтамасы бойынша "Денсаулық дегеніміз - бұл аурудың немесе дене кем тарльіғының жай ғана жоқ болуы емес, денелік, психикалық және әлеуметтік тұрғыдан ойдағыдай толық күйі". Осы заманғы ғылым мен әдістемеде салауатты өмір салты - бұл адамның еңбек әрекетімен, тұрмысымен, материалдық және рухани мұқтаждықтарды қанағаттандыру түрімен, жеке тұлға және қоғамдық мінез-құлық ережелерімен сипатталатын тіршілік әрекетінің белгілі типі туралы түсініктерді кіріктіретін биоәлеуметтік санат. Жеке тұлғаның өмір салты алуан түрлі, бірақ негізінен үш нышанға негізделеді:

- өмір сүру деңгейі;

- өмір сүру сапасы;

- өмір сүрудің өзіндік  жолы.

Өмір сүру деңгейі — бұл адамның материалдық, рухани және мәдени мұқтаждықтарын қанағаттандыру деңгейін көрсететін әлеуметтік-экономикалық санат.

Өмір сүру сапасы - адам қажеттіліктерін қанағаттандыратын жайлылық дәрежесі. Бұл көбінесе әлеуметтік санатқа жатады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

    1. Әбенбаев С.Ш. «Оқушылардың салауатты өмір салтын ынталандыру», Сынып жетекшісі, 2004, №4;
    2. Брегт П.С. «Чудо голодания», Варшава, 1992;
    3. Бугакова З.М., Ефименко Л.В. и  др. Здоровье детей – в наших руках. – Алматы: ПКФ «Мадлена-ДП», 2002;
    4. Грей М. «Сила жизни», Варшава, 1988;
    5. Еркін қажы «Салауатты өмір салтын қолдайық», Бұқпа, 2001, №5;
    6. Запорожченко В.Г. Образ жизни и вредные привычки. – М.: Медицина, 1984;
    7. Икіманова Г. «Саулық пен сымбат» Парасат, 1995, №4;
    8. Қайназаров Е. «Салауатты өмір сүру үшін», Мәдениет және тұрмыс, 1986, №7;
    9. Локтионова Л.С., Михайлова Т.Г. Методические рекомендации по проблемама формирования здорового образа жизни среди школьников. – Алматы: ИПК ПКСО, 2001;
    10. Мұғалімдердің нашақорлықтың алдын алу мақсатында ата-аналармен жүргізетін жұмыстары, Әдістемелік құрал, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, Алматы, Раритет, 2003;
    11. Руководство для школьных координаторов по проекту «Европейская сеть школ укрепления здоровья»: Национальный центр проблем формирования здорового образа жизни. – Алматы, 2000;
    12. Ізмұхамбетов Т. «Жеке бас гигиенасы», Денсаулық, 1992, №12.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша 1

 

"Салауатты өмір  салты" – анкета

 

1 Жынысы

2 Жасы

3 Кіммен бірге түрасың? (Үйдегілерді атап шық)

4 Сенің денсаулығың? (5 баллмен есептегенде)

5 Бос уақытынды қалай  өткізесің?

6 Салауатты өмір деген  не?

7 Бос уақытынды қалай  өткізгің келеді?

8 Бос уақытыңды солай  өткізуіңе қандай кедергілер  бар?

9 Сенің ойыңша жасөспірімдер  салауатты өмір сүрмейді ме?

10   Спид туралы  не білесің?

11   Үйленуге дейін жыныстық қатынасқа қалай  қарайсың?

12   Қандай венерологиялық  ауруларды білесің?

13   Шылым шегіп  көрдің бе? Неше жасында?

14   Арақ ішіп  көрдің бе? Неше жасыңда?

15   Қандай наркотикті  татып көрдің?

16   Басқа біреудің  көмегінсіз салауатты өмір сүре аласың ба?

 

 

 

 

 

 

 

 

Информация о работе Дене тәрбиесі және салауатты өмәр салтын қалыптастыру курстық жұмыс