Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2013 в 11:21, курсовая работа
Салауатты өмір сүрудің, тазалықты сақтаудың белгілі ережелерін білмейтін жан кемде-кем. Тіпті ол мектеп бағдарламасына да енгізілген. Бірақ оған көпшілігіміз күнделікті өмірде аса мән бермейміз. Оның басты себебі, өз бойымызда қалыптасып қалған жалқаулық пен тоғышарлықты жеңетін күш-жігердің әлсіздігі. Әрине, күнде таңертең 30-40 минуттай ертерек тұрып, шама келгенше жүгіріп-секіріп, әр түрлі қимыл-әрекеттік жаттығулар жасауға, соңынан салқын сумен шайынып, шынығуға болады ғой.
Кіріспе......................................................................................................................3
І Дене тәрбиесі және салауатты өмір салты
1.1 Дене тәрбиесін ұйымдастыру формалары және құралдары.........................................5
1.2 Мектептегі салауатты өмір сүруді ұйымдастыру..............12
1.3 Қазақстанда салауатты өмір салтын қалыптастырудағы келеңсіздіктер........................................................................................................15
ІІ Салауатты өмір салтын қалыптастыру педагогикалық процесс
2.1 Оқушылар бойында жеке бас гигиенасын сақтауды дағдыландыру.........21
2.2 Оқушылардың тамақтану мәдениеті мен тәртібі.........................................22
2.3 Оқушылардың жеке басының салауатты өмір сүруі бүгінгі өмір талабы....................................................................................................................24
Қорытынды............................................................................................................29
Қолданылған әдебиеттер тізімі............................................................................31
Есірткіден балаларды қорғау үшін не істеу керек?
Сіздің балаңыз неше жаста болса да, Сіз онымен есірткілер туралы сөйлесуіңіз кажет. Бұл кеңесу ертерек болды демеңіз және ол әңгімені бастау ешқашан да кеш емес. Сіз балаға есірткілердің зияны туралы ойды жеткізуіңіз керек.
Есірткілерді қолданудың алғашқы белгілері туралы ақпарат, мүмкін, Сізге қайғының дер кезінде алдын алуға көмектеседі:
- мектептегі сабақтарға бармау, оқу үлгерімінің төмендеуі
- үйден бағалы заттар мен ақшаның жоғалуы
- себепсіз кенеттен баланың көңіл-күйінің ауытқулары
- ұйқысының бұзылуы (мүлдем ұйықтамау
немесе тым ұзақ ұйықтау)
- тәбеттің бұзылуы (тәбеттің болмауы немесе үйге оралған
соң, оның кенет көтерілуі, шамадан артық шөлдеу)
- сөйлеу мәнерінің өзгеруі («шұбатылған» баяу сөз)
- белгісіз сұйықтар құйылған құтылардың, таблеткалардың,
резеңке бұраулардың, инелердің, шприцтердің болуы
- көздің қарашығы көлемінің өзгеруі (көз қарашығының
кенеттен үлкеюі немесе түйреуіш басының көлеміндей тарылуы)
- денесінің кез келген жерінде, әсіресе білегінде тамырға
жасалған инъекциялар іздерінің болуы
- баланың терісінен және киімдерінен өзгеше иістің шығуы
Балаңызда жоғарыда келтірілген белгілердің болуы Сіздің
назарыңызды аударуы қажет. Негізсіз жала жабудан аулақ болыңыз, дегенмен маман-наркологтан кеңес алғаныңыз дұрыс болады.
Сіздің балаңыз неше жаста болса да, Сіз онымен есірткілер туралы сөйлесуіңіз кажет. Бұл кеңесу ертерек болды демеңіз және ол әңгімені бастау ешқашан да кеш емес. Сіз балаға есірткілердің зияны туралы ойды жеткізуіңіз керек.
ІІ Салауатты өмір салтын қалыптастыру педагогикалық процесс
2.1. Оқушылар бойында жеке бас гигиенасын сақтауды дағдыландыру
Гигиена – сыртқы ортаның денсаулыққа тигізетін әсерін анықтайтын медицина ғылымының бір саласы.
Гигиена ежелден белгілі. Гигиена деген сөз ежелгі грек емшісі және филосовы Әскулаттың қызы, денсаулық құдайы Гигиенның атынан алынған. Ал денсаулықты қалай сақтауды, аурудан сақтану жолдарын көрсетіп, даналық сұрақтар қалдырған.
Балалар гигиенасы – тамақтануды, тынығу, оқуды дұрыс ұйымдастыру туралы нұсқаулар мен ережелерді құрайды. Гигиена және қоғамдық деп бөлінеді. Балалар бойында жеке бас гигиенасын бала кезден бастап дамыту керек. Дәл осы кезде баланың бойында бұл дағдының қалыптасуына немқұрайлы қарау, оның болашақ өміріне зиян келтірмей қоймайды. Сондықтан да бар міндет мұғалімдер мен ата-аналарға артылмақ.
Жеке гигиена – әр адамның денсаулық сақтау ережелері. Өз денеңді, киімінді, аяқ киімінді қалай тазалықта сақтау керек? Мектепте, үйде тазалықты сақтау не үшін керек? Күн тәртібі мен дұрыс тамақтану ережесі қандай болуы керек? Қалай шынығуға және сергектік сақтауға болады?
Жеке гигиенаның ережесі
мен денсаулықты сақтаудың
Бактериялар – жай көзге көрінбейтін тірі жан иелері. Олар жерде де, суда да құжынап жүреді, денеге кір арқылы келіп түседі. Әсіресе саусақ ұштарына көп жиналады.
Жуылмаған көкеніс пен жемісті жеуге болмайды, қол жумай дастархан басына отыруға болмайды. Тырнақты алып, шашты күтіп, тісті тазалау керек. Гигиена заңдарында адамды жалықтыратын «болмайды» мен «қажет» дегендер көп-ақ, оның есесіне олардың денсаулықты сақтауға көп көмегі бар.
Дененің, киім мен астың, біз дем алатын ауаның тазалығы – бәрі де гигиена. ал дәрігердің операция кезінде гигиенаны қалай сақтайтыны туралы айтып кетекйік. Барлық аспаптар күні бұрын стерилизациядан өтеді, яғни қайнатылады немесе микропты өлтіретін арнаулы сұйықпен сүртіледі; медсестралар оларды кіршіксіз пинцеппен әпереді, дәрігерлер мен медсестралар қолына қолғап киіп, ауыз-мұрындарын таза дәкемен тұмшалайды. Сондықтан бактериялар сырқаттың жарасына түсе алмайды. Адам не үшін жуынады? Қазір сен оның маңызын түсінесің. Адамның терісіне тер және май бөлетін бездер болады. Оларды үнемі жуып тазалап отырмасаң тері ластанады. Теріде көптеген микробтар көбейе бастайды. Бұл жағымсыз иістің және түрлі тері ауруларының пайда болуына себепші болады. Ол ешкімге де керегі жоқ.
Терінің таза болуы үшін аптасына бір-екі рет сабындап жуынуы керек. Жуанғаннан кейін таза киім кию керек. Бұған толығырақ тоқталайық.
Бет және мойын. Олар көп күтімді қажет етеді. Бет және мойынды күніне кем дегенде екі рет жуып жүру керек (ертеңгісін және кешке).
Қол. Микробтар қолға ерекше көп жұғады. Сондықтан қолды жиі жуып әрі ұқыпты ұстау керек:
Аяқ. Күніне екі аяғың сен үшін еңбек етеді. Сен де оған ұқыпты қарап, уақыт бол. Аяқты күнделікті ұйықтар алдында сабындап, жылы сумен тұру керек.
Зейін сал! Гигиена бұйымдары (орамал, жөке, тіс щеткасы, тарақ және тағы басқалар) әр адамда жеке болуы керек. Сенен басқа ешкімнің оларды пайдалануына болмайды.
2.2. Оқушылардың тамақтану мәдениеті мен тәртібі
Тағам – организмінің
өсіп-жетілуіне, дене клеткаларының (талшықтардың)
тұрақты түзіліп отыруына аса
қажетті шикізат, әрі қуат көзі. Оны
қабылдаудың мәдениеті мен
Тамақ-тағамның қажетті мөлшері адамның жасына, жұмыстың ауыр-жеңілдігіне, тіпті, тұрған жердің табиғатына да байланысты. Себебі тамақ арқылы адам өзінің жұмсаған күш-қуатының орнын толтырады: бірақ одан асырмаған абзал. Үнемі адам тыныс алып, жүрек қанды тұла бойға жіберіп тұрғанда организм тұрақты жұмыс атақарады. Соған жұмсаған күштің есесін де тамақ толтырады. Көп қимылдамай жұмыс істейтін адамның тәулікте жұмсайтын күш-қуаты не бары 2500-2600 килокалория. Ендеше ішкен астың нәрі мен құнары да адам организмінің табиғи қажетіне сәйкес келгені дұрыс. Мәселе оның тамақты қанша жеуінде емес, сол тағамның құрамындағы организмге нәр беретін белок, аминді қышқылдар, май қышқылдары, витаминдер, минералды тұздар және түрлі микроэлементтер тәрізді қоректік заттардың тиісті мөлшерде болуында. Медицина және биология ғылымының дәлелдеуінше денсаулығы дұрыс адамның тағамының құрамында жетпіске жуық нәрлі-құнарлы заттар болуға тиіс. Алайда бұл сақтала бермейді. Себебі, біреулер картоп жеуді қаламаса, енді біреулер майлы еттен, колбасадан бас тартпайды. Демек, тамақтанудың режимін білудің мәні зор. Айталық, сағатпен емізуге дағдыланған нәресте сол мезгіл жеткенде тынышсызданады. өйткені қалыптасқан шартты рефлекс бойынша сол мезгілде асқазан сөлі бөлініп, тағамға зәрулік шақыра бастайды. Асқазан сөлі жақсы бөлінген кезде емген сүтін нәресте де бойына жақсы сіңіреді. Осындай уақытылы тамақтану тәртібін одан әрі жалғастырған жөн.
Өкінішіне орай, сәби аяғынан жүріп, өз бетінше ойнауға жеткен соң ата-аналардың көбі оны уақытылы және арнайы тамақтандыруға мән бермейді. Балалар ойын арасында жүгіріп келіп, кір қолымен бір жапырақ нанды үзіп алып, жүгіре жөнеледі. Оны тамақ ішпеді-ау деп жатқан ата-ана жоқ. Қалалық транспортта, көшеде, магазинде қолына нан, не алма, конфет ұстап жеп жүрген сәбилерді жиі көреміз. Кір қолымен, кейде қолғабын да шешпей тамақ жейтін балалар жастайынан тамақтану тәртібі мен мәдениетіне үйретіледі дегенге сенбеймін. Мезгілсіз қолына түскенді жиі жеп жүрген сәбилер әдетте толық келеді, ата-анасы оның дені сау деп есептейді. Шын мәнінде мұндай ретсіз тамақтану организмнің зат алмасуын бұзады содан бала толады.
Дұрыс, ретті тамақтану ережесі бойынша күнде белгілі бір уақытта, дастархан басында, ешнәрсеге алаңдамай тамақтану қажет. Онда да қалай нені, қанша жеу тәртібін білген артық емес. Тамақ жеуді адам ашқарақтық сезім басылған соң-ақ бірден тоқтата қойған жөн, алайда көп адамдар қарнын тырсылдатып, ауызы-мұрнынан шыққанда тойдым деп есептейді, артық жегенін сезбейді.
Сол тағамның үстіне асқазанға үш-төрт есе асқазан сөлі құйылады. Осыдан кейінгі жағдайды көз алдыңызға елестетіп көріңіз. Қалыпты жағдайдан асып толып кеткен асқазан көк етті қысып, жүректің жұмысын қиындатады. Адам жүрегі қысылғандай сезінеді, түнде тынышсыз ұйықтайды, жағымсыз түс көріп мазасызданады.
Күніне уақытылы төрт рет тамақтанған дұрыс. Сондықтан таңертең күндік норманың 25-30 бөлігін, түсте сөзсіз ыстық сорпалы және етті тағам жеп, (35-40 бөлігін ), кешке қарай 15-20 бөлігін, ұйқыға жатар алдында бір стакан айран, не сүт ішкен дұрыс. Тамақтанудың аралығындағы үзілістің де мәні зор. Тамақты қомағайлана, әрі асығыс жеудің ауруға апаратыны сөзсіз. Сондай-ақ тағамды әбден шайнап, асықпай жеген жөн. Асықпай жегенде тағамды аздап қабылдап, тез тояттайды. Мұның өзі артық салмақ қоспауға жәрдемдеседі.
Эпидемиологтардың байқауынша толық адамдар тамақты асығып жейді. Ашқарақтық сезім тамақ жей бастағаннан кейін отыз минут өткенде жойылатынын ескерсек, асығыстықтың салдарынан тамақтың көп желініп қойылатыны түсінікті.
Кейбіреулер уақыт жоқ дегенді сылтауратып, асығыс, жүре жүріп қолына түскенді жей салады, не күніне бір, не екі мәрте ғана тамақтанады. Осымен өз денсаулығына үлкен кесел келтіреді, тамақтану тәртібі бұзылған соң ас қортыту жұмысына да нұқсан келеді. Ақырында гастрит, ішек, асқазан жарасы, колит т.б. аурулар пайда болады.
Дастархан мәзірін безендіре әзірлеу көрер көзге ғана емес, тәбет ашуға көмектесетінін ескерген жөн. Ыдысқа көріктендіріп салынған тамақты көрген сәтте-ақ асқазан сөлі бөлініп, тағамды сіңіруге әзір тұрады. Сондықтан өзіміз ғой деп тамақты дастархан үстіне кастрюлімен, табасымен қоя салғаннан гөрі, ыдыстаға бөліп салып, үстін әшкөк, көкеніс, петрушкамен көркемдеп қойған абзал. Тамақты өте ыстық та, өте салқын да емес – ыстығы 50-60, суығы он градустан аспағаны дұрыс, дастархандағы тағамды ретімен ішкен сіңімді. Тамақтану үстінде барлық зейінді тағамға аударып, басқа ойлардан арылып, жұмыс әңгімесін қозғамай, газет-журнал оқымай, жәйімен отырып, ішсе тамақ сіңімді болады.
Тағамды дұрыс сақтай білу де денсаулық кепілі. Мысалы, етті, майды, қаймақты, сүтті, көкеністерді салқын жерде, ең дұрысы – мұздатқышта ұстаған жөн.
Ыдыс-аяқтар мен тағамдық заттарды шаң түспейтін, шыбын қонбайтын, арнаулы шкафтарда сақтау керек. Әзірлейтін, сақтайтын бөлменің терезесі жазға қарай дәке, немесе темір тормен жабық тұруы керек. Ас үйдің таза болуы және тамақты әр уақытта жабық ұстау – шыбынның азаюына негізгі шарт.
Жақсы тамақтану дегенді кеңірдекке жеткенше ішіп-жеу деп түсінбеу қажет. Адамның тәулік тамағының құрамында алты жүзге жуық қоректің нәрі бар заттар, оның ішінде он жеті түрлі витамин және жиырма амин қышқылы болуы тиіс екенін Қазақстан Ғылым академиясының аймақтық тағам проблемасы институтының ғалымдарының ғылыми тұрғыда есептеп шығады. Демек, қарынды қампита тамақ жеу емес, нәрлі де сіңімді тамақтану, оның тәртібі мен мәдениетін сақтау басты мәселе деп білген дұрыс.
2.3 Оқушылардың жеке басының салауатты өмір сүруі бүгінгі өмір талабы
Оқушылардың жеке басының салауатты өмір сүруі мен оны ынталандыру бағдарламасының болуы – бүгінгі өмір талабы ол үшін мұғалімдерге көптеген ғылым саласынан жинақтаған білімдердің болуы шарт: философия, психология, анатомия және физиология, медицина, гигиена, валеология, педагогика, этика, эстетика, экология т.б.
Салауатты өмір салтын құруға қатысты дәрігерлердің берген кеңесін ұсынамын:
2. Таза ауамен демалу.
- таза ауа, ең алдымен,
ол адамның организміне –
- үйде терезенің ашық
көзінде ұйықтауды, таза ауада
дене шынықтыруды әдетке
- киіміңіз дененізге
ауа өткізуді қамтамасыз етсін,
- емдік кислород коктейлін қабылдауды да ұмытпаңыз;
Информация о работе Дене тәрбиесі және салауатты өмәр салтын қалыптастыру курстық жұмыс