ҚР президенті Н.Ә. Назарбаевтың публицистикасындағы ғылым, білім, мәдениет және ақпараттық саясат мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Марта 2014 в 12:35, дипломная работа

Описание работы

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Бұл зерттеу жұмысында Н.Ә.Назарбаевтың публицистикасына талдау жасалады, сондай-ақ тұңғыш елбасының ішкі және сыртқы саясаттағы ұстанымдары қазақ және шетел публицистерінің көзімен қалай бағаланатындығы баспасөз беттерінде жарық көрген материалдар негізінде айқындалады.
Тақырыптың өзектілігі. Н.Назарбаев публицистикасы тәуелсіз қазақ елінің тарихын түзуде, егемен елдің тәуелсіз тарихына баға беруде таптырмас дерек көзі. Назарбаев публицистикасы ғылыми түрде сараланбағанын ескерсек, бұл тақырып автордың жеке еңбектері мен Елбасының саяси ұстанымдары жайында жарияланған БАҚ материалдарын ғылыми тұрғыдан талдауымен өзекті.

Содержание работы

КІРІСПЕ.......................................................................................................................3

І ТАРАУ. ХХ ҒАСЫР АЯҒЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ САЯСИ ЭЛИТАСЫ
1.1. БАҚ: Н.Ә. Назарбаевтың қайта құру жылдарындағы саяси-әлеуметтік қызметі..........................................................................................................................9
1.2. Баспасөз Н.Ә. Назарбаевтың экономиканы, жаңа тұрпаттағы халықтық демократияны реформалау қадамдары...................................................................12
1.3. Ұлттық ғылым және мәдениет мәселелері Н.Ә. Назарбаев көсемсөзінде...............................................................................................................22

ІІ ТАРАУ. ПРЕЗИДЕНТ НАЗАРБАЕВТЫҢ САЯСИ ЖӘНЕ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ ҰСТАНЫМЫ
2.1 Қазақстан және шетел баспасөзі президент Н.Ә. Назарбаевтың
ішкі саясаты жайында................................................................................................26
2.2 Н. Ә. Назарбаевтың сыртқы саясатындағы шет елдермен қарым-қатынас парадигмалары............................................................................................................41
2.3 Н.Ә. Назарбаевтың еңбектеріндегі тәуелсіздік стратегиясы...........................54

ҚОРЫТЫНДЫ.........................................................................................................64

СІЛТЕМЕЛЕР ТІЗІМІ............................................................................................67

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.............................. ..........................................69

Файлы: 1 файл

Үмбетәлі Меймеш.doc

— 450.00 Кб (Скачать файл)

«Біріншіден, мынаны атап айту қажет: Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде орнықты, бейнелеп айтқанда, дүние жүзінің саяси картасынан өз орнын алды;

Екіншіден, 1995 жылы тамызда жаңа Конституцияның қабылдануымен елеміздің мемлекеттік құрылымының іргетасы қаланды. Сонымен бірге мемлекеттік құрылыстың бірінші кезеңі аяқталды;

Үшіншіжен, мемлекеттілікті нығайту мен күшейту мәселелерін шеше отырып, біз ұлтаралық келісімге, саяси тұрақтылыққа, демократиялық үрдістердің дамуына, жаңа саяси институттардың қалыптасуына ерекше маңыз бердік және береміз. Елімізде әу бастан-ақ азаматтық құқықтар мен адам бостандығына басымдылық берілген:

Төртіншіден, реформаларды жүзеге асыруға және экономикалық дербестікке жетуге байланысты экономикадағы қаулаған бейберекет және көбіне дағдарысты үрдістің кезеңі аяқталды. Ол анағұрлым ақылға қонымды және басқарылатын арнаға түсті, дайындалған нақты бағдарламалар мен жоспарлар бойынша әрекет етуге жағдай туғызады, яғни оқиғалардан кейін қалмауға, қайта олардың дамуын алдын-ала болжауға мүмкіндік береді.

Ақыр-соңында, бесіншіден, біз әлеуметтік проблемаларды шешуге тікелей кірісе алдық. Зейнетақы мөлшерін көтере бастадық, зейнеткерлер алдындағы борышымызды өтедік, бюджеттік салада жалақы өсіріле бастады. Ауылға нақты қолқабыс жасала бастады» деп баяндалған еді Президенттің «Реформаның табысты болуы оған аймақтардың белсене қатысуына байланысты» атты сөйлеген сөзінде. 

Сол жылдарда жүргізілген реформалар турасында Президент былай деп еске алады: «Жұрттың көбі аталған міндеттер орындалмайды деп санағаны құпия емес. Қарама-қарсы пікірлер де аз болмады, бірақ таңдап алған бағытпен жүру және реформаны аяғына дейін жеткізу керек болды. Менің терең сенімім бойынша, жұмыс істейтін нарыққа көшуде бұл көшу қандай нұсқада жүзеге асырылатынын, қандай нақты және өзара байланысты шаралар қолданатынын, қандай мерзімге және қандай дәйектілікпен орындалатынын анықтап алу өте маңызды болды» [26, 2 б].

Елбасы 1997 жылдың 10 қазанында Қазақстан халқына арналған ең алғашқы «Қазақстан – 2030. Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» атты жыл сайынғы жолдауын арнады. 1997 жылы дамудың ұзақ мерзімді басым мақсаттары айқындалып, оларды іске асыру стратегиясы жасалды. Даму стратегиясында халықтың өсіп-өркендеуін, қауіпсіздігін және әл-ауқатының артуын қамтамасыз ету үшін ұзақ мерзімді жеті басымдықты іске асыру қажет болды: Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігі, ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы, халқымыздың денсаулығы мен әл-ауқаты, энергетика ресурстары, инфрақұрылым, әсіресе көлік және байланыс, кәсіби мемлекет.

Белгілі қоғам қайраткері Ә. Кекілбайдың пікірінше: «Елбасы дамуымыздың 2030 жылға дейінгі стратегиясы Қазақстан халқының көңіліне сенім ұялатты. Президентіміз Н. Назарбаевтың әрбір пайымдаулары мен парасатты ой-толғамы азаматтардың жеке әрекеттеріне терең серпіліс пен өзгеріс әкелгенін айта кеткеніміз жөн. Бұл Жолдаудан басты туындайтын түйін халықтың әлеуметтік жағдайы жақсаруы тиіс. Өтпелі кезеңнің қиындықтарын тілге тиек етсек те, берілген тапсырмаларды орындауда салғырттық қажет болмады. Орта Азияның Барысы атану да оңай емес екені де белгілі. Экономикалық жағдай түзелсе, ол әлеуметтік салаға да оң әсерін тигізеді.

Мемлекет басшысының халыққа үндеу Жолдауында таң қаларлық ештеңе жоқ, бұл саяси іс-әрекеттің бірі ғана. Қазақстанның ұзақ мерзімді даму стратегиясы бұған дейін жүргізілген сан салалы жұмыстың шын мәніндегі нәтижесі болып табылады. Сондықтан болар, Президенттің жаңа саяси бастамасын қоғамымыздың соншалықты зор ынтамен қолдағанын осы жағдайлармен түсіндіруге болады» [27, 12 б].

Қазақстанның қазіргі жетістігінің асқары да, бастауы да осыдан бірнеше жыл бұрын айқындалған «Қазақстан – 2030» стратегиясы еді. Сол жылдардың бейберекет қиындығы өз алдына, келешекті ойлау да мүмкін болмайтын. Ілгерідегі осындай жағдайларды еске ала сөйлеген Мемлекет басшысы сол жылдар кезеңіне һәм стратегиялық құжатта қамтылып, мерзімінен бұрын орындалған дүниелерге де тоқталды.

 «1997 жыл естеріңізде  ме? Парламентте мен сөз сөйлегеннен  кейін абдырау мен абыржу болды. Көпшілік: «Бұл не: насихат па? Әлде  аспаннан түскен нәрсе ме?»  – деп сауал қойып жатты. Сол кезде алға қойған міндеттер соншалықты асқақ болып көрінетін. Дегенмен «көз қорқақ, қол батыр» дейді ғой. Біздің алдымызда оқиғалар барысына өзгеріс енгізу сияқты ауқымды міндет тұрды. Жаңа елдің іргесін қалау керек болды. Ол міндетті шешу үшін  біз үш бірдей жаңғырту жүргізуге тиіс едік: мемлекеттің іргесін қалау мен нарықтық экономикада серпіліс жасау, әлеуметтік мемлекеттің негіздерін қалау, қоғамдық сананы қайта өзгерту. Біз өзіндік  жолымызды айқындауға тиіс едік. Бұл жол «Қазақстан – 2030» стратегиясында белгіленген болатын», – дей келе Нұрсұлтан Әбішұлы сол  стратегияның  жеті бағыты бойынша атқарылған шараларға тоқталды. Оның біріншісі – ұлттық қауіпсіздік. «Біздің алдымызда Қазақстанның тұтастығын сақтай отырып, дамыту міндеті тұрды. Біз жоспарлағаннан да асыра орындадық.Тұңғыш рет тарихта біздің  мемлекет  халықаралық дәрежеде танылған нақты шекарасын белгіледі. 14 мың шақырым мемлекеттік шекара межеленді. Қазақстан  Каспий теңізінің айдынындағы  ахуалды сенімді бақылауда ұстайды. Болашақта  кез келген аумақтық  даулардың туындау қаупі қазір сейілген. Біз ұрпақтарымызға  көршілермен  даулы аумақтар қалдырған жоқпыз. Біз  адамның, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін күшті, заманауи, қорғанысқа қабілетті әскерді, пәрменді құқық қорғау жүйесін құрдық», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

 Елбасы тоқталған екінші  басымдық – ішкі саяси тұрақтылық  пен ұлттық бірлік. Бұл бағытта  Қазақстанның өзінің саясатын  нығайтып қана қоймай, әлемдік  қауымдастыққа үлгі ел ретінде саналатыны да бекер емес. Қазақстан бүгінде  мәдениетаралық және конфессияаралық үнқатысудың халықаралық орталығына айналғаны белгілі. Әлемдік және  дәстүрлі діндердің алғашқы төрт съезі  нақ біздің елімізде  өтті. Осы ретте Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы «ХХІ ғасырда Қазақстан Шығыс пен Батыстың үнқатысуы мен өзара іс-қимылының  көпірі болуға тиіс» – деп атап өтті. «Қазақстан – 2030» стратегиясында  басты назар экономикалық өсуге аударылған болатын. Нәтижесінде, 15 жыл ішінде ұлттық экономиканың көлемі  1997  жылғы 1,7 триллион теңгеден 2011 жылы  28 триллион теңгеге  өсті. Елдің ЖІӨ  16  еседен астам өсті.  1999 жылдан бастап Қазақстанның ЖІӨ-нің жыл сайынғы  өсуі  7,6%-ды құрап,  алдыңғы қатарлы  елдерді басып озды. Жан басына шаққанда ЖІӨ 1998 жылғы 1500 доллардан 2012 жылы 12 мың долларға жетіп, 7 еседен астам өсті. Стратегиядағы тағы бір басымдық – ел азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқатын арттыру болатын. Мұнда да атқарылған жұмыстың нәтижесі көзге бірден түседі. Мәселен, орташа  айлық жалақы 9,3  есе өсті. Зейнетақы төлемдерінің  орташа мөлшері 10 есе ұлғайды.  Халықтың нақтылы ақшалай кірістері  16  есе өскен. Соңғы 15 жылда халықтың санының  14 млн-нан 17 млн адамға дейінгі өсімі де соның айғағы.

Ж.Жанділдин: «Мемлекет басшысы «Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасының алғашқы 10 жылдығын табиғи шикізат қорының экспортын дамыту арқылы тұрғындардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартып, ұлттық қор жинауға арнады. Бүгінгі күн биігінен қарасақ, жоспар мерзімінен бұрын және асыра орындалған. Стратегиялық бағдарламаның екінші кезеңін еліміздің экономикасын инновациялық индустриямен сапалық жаңа деңгейге көтеру ісіне арнамақшы. Бұл кезеңнің алғашқы жылы да сәтті аяқталды. Енді біз 1996 жылғы жан басына шаққанда 700 долларлық жылдық ішкі жалпы өнім өндіретін елден 2010 жылы 9 мың долларлық жылдық ішкі жалпы өнім өндірген қарқынды дамушы, қуатты мемлекетке айналдық. Өсім – 12 еседен артық. Мұндайды егемендігін бізбен бірге жариялаған мемлекеттердің бірде-бірі жасай алған жоқ. Экономиканың экстенсивтіліктен интенсивтілікке көшуі түптеп келгенде бұқараның жағдайын жақсартушы болып қана қоймай, сонымен бірге ұлттық сапаны да жоғары деңгейге шығаратын экономикалық фактор», – деп атап өтеді[28, 26 б].

«Дүниені өзгерткің келсе – өзіңнен баста» деген қанатты сөзді басшылыққа ала отырып, біздің әрқайсымыз бәсекеге түсуге және жеңіп шығуға үйренуіміз керек. Ал біздің жалпы бәсекеге қабілеттігіміз, түпкі нәтижеде, халықтың жақсы тұрмысына жеткізуі тиіс. Мен бұл арада жаңағы айтылғандардың мағынасына неғұрлым тереңірек тоқталғым келеді,  – деп ой сабақтайды автор, – Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігі ұлттың тек материалдық қана емес, рухани баюына да әкелуі тиіс. Экономиканың өркендеуімен бірге, соның ізінше мәдениет пен өнердің, қазақ тілінің, халқымыздың дәстүрлері мен өмірлік философиясының гүлденуі жүруге тиіс.

Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі – бұл оның әрбір өкілінің бәсекеге қабілеттілігі, оның әзірлік деңгейі, білімі мен жеке басының дамуы. Ал елдің бәсекеге қабілеттілігі – бұл халықтың жақсы тұрмысы және оның әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі» [28,1, 38 б].

Қазақстан «Қазақстан – 2030» Стратегиясын негізге ала отырып, өзінің алдына 10 жыл ішінде әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру жөнінде өршіл мақсат қойды. Ол биік мақсат бірдіндеп еңсеріліп келеді де.

Жолдауда: «Біз қатаң бәсекеге әзір тұрып, оны өз мүддемізге пайдалана білуіміз керек. Қазақстан көптарапты халықаралық экономикалық жобаларға белсене қатыса алады, қатысуыға тиіс те өйткені олар біздің жаһандық экономикаға кірігуімізге жәрдемдеседі әрі сол арқылы экономикалық-географиялық жағдайымызға және қолымыздағы ресурстарымызға сүйенеді.

Мемлекет өз тарапынан іскерлік бастамашылықтың жолындағы заңнамалық, әкімшілік және бюрократиялық кедергілерді ысырып тастауға, жеке меншік капиталдың келешегі үлкен кемел бастамаларына тікелей қолдау көрсетуге міндетті» делінген.. 

Қазақстан бірінші болып поскеңестік кеңістікте нарықтық экономиканың институттарын құрумен қатар, мемлекеттік басқару және реттеу секілді әлемдік тәжірибеде мойындалған стратегиялық жоспарлауды таңдап алды. Аталмыш құжаттар тек дамудың негізгі кезеңдері мен басымдықтарын айқындап қана қоймады, олар дағдарыстар мен бейберекеттіктің аумалы-төкпелі уақытында біздің жолымызды сызып берді және зәру де болса жеңіл-желпі мәселелерге бой алдырып, адасып кетуге мүмкіндік бермеді.

«Қол босай қалғанда, үш стратегиялық құжаттың әрқайсысын жиі қайталап оықп шығамын. Олардың қай-қайсысы да біздің қоғамда болып өткен оқиғалардың айнасы тәрізді. Оларды сол уақыттың жиынтық рухы бар –қайсысын ашып қалсаң да, Қазақстанда нендей оқиғалар, қандай проблемалар болғаны бірден түсінікті болады. «Қазақстанның егемен мемлекет ретіндегі қалыптасуы  мен дамуының стартегиясы» мен «Президент Меморандумы» сол кезеңде елімізде болған дағдарыстың мән-мағынасын және барлық өткір жақтарын көрсетеді. Ал Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясы» Қазақстан табысындағы сенім мен оптимизмнің сәулесі болды. Ол халықтың өзіне деген сеніміне, мемлекеттен қайыр күтпей, өз тағдырын өзі шешуіне көмектеседі.

Сол уақытта «стратегия» деген сөз жұрттың көбінің құлағына түрпідей тиді. Мен 1997 жылы «Қазақстан – 2030»-ды жария еткенімде, еліміз өзінің дағдарыс жүйесінен енді-енді шыға бастаған, ал Оңтүстік-Шығыс Азия мен Ресейде қаржы дағдарысы әлдеқашан белең алған кез еді. Осымен бір мезгілде біз әлемдік экономиканың бүкіл тарихында мұнай бағасының болып көрмеген рекордтық төмендеуі салдарынан кейін ысырып тасталдық. Алайда бұл біз үшін торығудың себебі бола алмады ... әлемнің бірде-бір елі өзінің алдына дәл осындай қысқа мерзімде өршіл міндет қойған емес. Алайда күндердің күнінде дәл осының біздің жол деп атайтынына мен сенемін.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары Қазақстан қарсыдан соққан жел мен жауған жаңбырға, өзінің шаршап-шалдыққаны мен қорқынышына, айнала-сындағы әр түрлі қиын жағдайларға қарамастан, тау асуларымен тайсалмай жүріп келе жатқан жолаушының жағдайын көзге елестетеді», – деп ой тұжыр-ымдайды Елбасы өзінің «Қазақстан жолы» атты еңбегінде [29, 17 б].

Автор сөз соңында жастарға үндеу тастаған. Елімізге жауапкершілікті өз мойындарына толық ала алатын, экономикалық және технологиялық жағдайлардың өзгерістеріне бейімделіп, кез келген жағдайды өз мүдделеріне пайдалана алатын жас толқын керек екендігін тағы бір мәрте қайталай келе, ел болашағының кепілі – мықты білім мен қажырлы еңбекке шақырады. «Мықты әрі өркениетті мемлекетке ай­налып, тұрақты даму жолына түсу үшін біз еліміздің интеллектуалды элита, жоғары технология, ғылыми потенциалына назар аударуымыз керек. Еліміз әлемдегі өзіне лайық орнын тек интел-лектуалды потенциалы арқылы көрсетпек. Сондықтан сендердің – біздің жас-тардың алдында үлкен жауапкершілік жатыр» деген.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев халқымыздың 2050 жылға дейінгі бағыт-бағдарын айқындайтын тарихи құжат – «Қазақстан-2050» Стратегиясын жария етті. Бұл тарихи маңызы зор құжат алдыңғы стратегиялық құжаттардың заңды жалғасы ғана емес, сонымен қатар болашаққа жасалған бағдар іспетті де.

Жоспарлау көкжиегін кеңейтіп, алыс болашаққа көз тастаған Елбасы жаңа дәуірдің талаптарына сай болу үшін Қазақстан халқы қандай қатерлерге қарсы тұруға дайын болуы қажеттігін, қандай сынақтардан сүрінбей өтіп, қандай мақсаттарға қол жеткізуі керектігін қолмен қойғандай етіп нақтылап, жіліктей отырып, өз ойын елдің ендігі жердегі даму көгіндегі темірқазығына айналар «Қазақстан – 2050» Стратегиясына сыйғызды. «Кеше кім едік, бүгін кім болдық, ертең кімге айналамыз?» деген сауалдардың барлығына нақты жауап берілді.

«Қазақстан – 2030» Стратегиясы «біз боламыз ба, әлде бордай тозамыз ба?» деген жолайрықта тұрған шақта, айсыз түндегі темірқазықтай жолбасшымыз болды, барар бағытымызды белгілеп, жүрер жолымызды айқындады. Ол тәуелсіздіктің тұғырын бекітіп, мемлекеттілікті нығайтудың, бірнеше ондаған жылға болашақты болжап, соған сәйкес қарекет қылудың нағыз ғылымы болды. Көз жетпес көкжиектен арғыны, алысты көздеген «Қазақстан – 2030» елімізді соқтықпалы, соқпақсыз сүрлеуден сүріндірмей алып өтіп, дамудың даңғылына жетеледі. Нәтижесіне дүйім дүние куә: аз ғана жылда мемлекет пен қоғам қайта құрудың ұлы бетбұрысын жасады, дамудың ұлы жолын жүріп өтті.

Қазақстан осыдан 15 жыл бұрын тәуелсіздігін тұғырлы етіп, мемлекет-тілігін нығайта түсу үшін қабылдаған стратегияның бағдарламасын мерзімінен бұрын орындап шықты. Бізбен деңгейлес тәуелсіздігін алған елдер о баста даму соқпағын таңдағанда «Қазақстан жолына», яғни стратегиялық жоспарлау жолына түсу керек болғанын мойындауда. Стратегиялық жоспарлау біздің тәуелсіздік жылдарындағы өмірлік заңымызға айналды. Алға стратегиялық мақсат қою – біздің бүгінгі және болашақ ұлттық қауіпсіздігіміздің кепілі болды. Ендеше, біз осы жолдан айнымауымыз керек. Елбасы соңғы Жолдау-ында осы ұстанымға алдағы уақытта да берік болуымыз қажеттігін атап көрсетті.

Информация о работе ҚР президенті Н.Ә. Назарбаевтың публицистикасындағы ғылым, білім, мәдениет және ақпараттық саясат мәселелері